Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы


КІРІСПЕ3
1. ЖАПОНИЯ МЕМЛЕКЕТІ4
2. ЖАПОНИЯНЫҢ 1945 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗІРГІ КЕЗГЕ ДЕЙІНГІ5
САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАРИХЫ5
2. 1 ЖАПОНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ - САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ9
ҚОРЫТЫНДЫ11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ12
Таңғажайып ел - Жапония. Ұзақ уақыт бойы кедей аграрлық мемлекет болып, XX ғасырдың екiншi жартысына қарай әлемнiң техникалық жетекшілерінің бiрiне айналды.
Бұл ғылыми жобаның тақырыбы: «Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуының перспективалары» деп таңдаған себебіміз, әлемдегі екінші экономикалық держава болып табылатын Жапония мемлекетінің мемлекеттік шешімдерін қабылдауы мен оларды қабылдайтын органдардың, аппараттарының ерекшеліктеріне, жүйесіне экономикалық және саяси жағдайларына талдау жасау болды. Азия құрлығындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі дамыған капиталистік мемелекет болып қалыптасқан Жапония өткен ХХ ғасырдан бастап бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлемдік - экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты. Осы тақырып негізінде Жапонияның 1945 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі өткен саяси - экономикалық құлдырауы мен даму жағдайларын қарастырамыз.
Жұмыстың өзектілігі: Жапония еліне басқа елдердің қызығушылығы сөнбей керісінше, біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманында немесе нарықтық экономика мен саясатындағы өтпелі кезеңде өсуде. Жапония бүкіл әлемдегі өзінің аз уақытта ғана экономикалық қарқынды дамуының тенденциясымен таң қалдырып келеді. Қазіргі уақытта Жапония экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау ұмтылысын туғызып, оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай мүмкіндігінше пайдалану мүмкіндігі тақырыптың өзектілігін құрайды.
Жұмыстың мақсаты: Жапония мемлекетінің 1945жылдан қазіргі кезге дейінгі экономикалық және саяси жағдайына талдау жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- Жапония мемлекетінің 1945 жылдан қазіргі кезге дейінгі экономикалық саяси жағдайларын кесте арқылы көрсету;
- Жапония мемлекетінің 1945 жылдан қазіргі кезге дейін жүргізілген ішкі және сыртқы саясаты туралы ақпарат жинақтау;
- Жапония мен Қазақстанның экономикалық - саяси ынтымақтастығына тоқталу;
Жұмыста қоданылған әдіс-тәсілдер: жинақтау, талдау, саралау, кестелеу, салыстыру.
Жұмыс құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- ЖАПОНИЯ МЕМЛЕКЕТІ
Жапония - демократиялық ел. Негізгі заңы - Конституция. Ол елдегі басқа да заңнамалық құжаттардың бастауы болып табылады және елдің дамуы мен халықтың қорғалуына кепілдік береді. Жапония - конституциялы монархияны сақтаған ел. Мемлекетті император билейді. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император - “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Император - бұл елде ең жоғарғы лауазым, барша халықтың басын біріктіретін алтын қазық. Қазіргі Жапония императоры - Акихито, императрициясы - Митико. Конституцияға сәйкес мемлекеттік басқарудың негізгі концепциясы ретінде құқықтық мемлекет және классикалық демократия принциптері, яғни, биліктің бөлу принципі: заң шығарушы, атқарушы, сот негізінде алынды. Елде бірінші рет формальды парламент заңдарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесі пайда болды. Парламентті «жоғарғы мемлекеттік билік органы» деп жариялады. Елдегі ең жоғарғы билік органы парламент. Ол екі палатадан: өкілдер палатасынан және кеңесшілер палатасынан тұрады. Өкілдер палатасы 4 жылға сайланатын 480депутаттан тұрады, ал жоғарғы - кеңесшілер палатасы 6 жылға сайланатын 242 депутатты құрайды. Сайлауға 20-ға толған азаматтар дауыс беруге құқылы. Парламент палаталарының ең жоғарғы лауазымдарының бірі - палата спикерлері. Олар жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Депутат заң шығару иницативасына ие, оның заң жобасын жоғарғы палатадан - 10 депутат, төменгі палатадан - 20 депутат қолдау керек. Төменгі палата депутаттарының өкілеттілік мерзімі - 4 жыл, ал жоғарғы палата депутаттарының өкілеттік мерзімі - 6 жыл. Партиялар өздерінің артықшылықтарын көрсету үшін халық арасында белсенді жұмыс жүргізеді. Елде екі звенолы иерархиялық аймақтық - административті басқару жүйесі құрылды: жоғарғы звено - префектуралар, төменгілер - муниципалитеттер (қала, аудар, ауылдар) . Елде 47 префектура, ерекше префектураға бөлінген 3 қала: Токио, Осака, Киота. 3200-ден аса муниципалитеттер бар. Жоғарғы атқарушы орған - Үкімет танылады. Оны премьер-министр басқарады. Бұл уәкілетті парламенттің ұсынуымен император тағайындайды. Елдің ішкі және сыртқы саясатына премьер-министр жауапты. Елдегі сот билігі - тәуелсіз. Жергілікті атқарушы органдар мемлекетті 47 префектураға (облысқа) бөліп басқарады.
- ЖАПОНИЯНЫҢ 1945 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗІРГІ КЕЗГЕ ДЕЙІНГІ
САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАРИХЫ
1945 жылы Хиросима-Нагасаки жарылысынан кейін 14 тамызда Жапонияның капитуляциясы туралы хабарлады. Сол кезде Жапонияны күштеп оккупациялады. Бірақ 1952 жылы оккупациялану аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елде американдық әскери администрация билік етті, сондықтан демократияландыру және тәуелсіздендіру шаралары көп жүргізілді. Осы процестер шарасында 1946 жылдың қазанында Жапония елінің жаңа конституциясы қабылданды.
1947 жылдың 3 мамырда Жапонияның негізгі Конституциясы қабылданды.
1947 ж. Конституцияға сәйкес Кадрлық палата құрылды.
1946 - 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемлекеттік аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды.
1951 жылы Сан-Францискодағы «Бейбітшілік конференциясына» қатысты.
1956 жылы Жапония БҰҰ құрамына мүше болып кірді. Сонымен қатыр БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. Үлкен сегіздік мүшесі ретінде өзінің әлемдік қарым - қатынастарын реттеуде үлкен мүмкіндікке ие болды.
1945-1960 жылдары Жапония экономикасы түбегейлі өзгерді.
1946ж наурызда Сидэхара үкіметі «Экономика мен қаржы» саласындағы төтенше шаралар жөніндегі заң қабылданып, көне ақшаларды алмастыру жарияланды.
1945-1947 жж аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсті. 1950 жылдардың ортасынан бастап Жапония экономикасы қарқынды дамыды. Ос кезден бастап «Жапондық ғажап» кезеңі басталды.
1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді.
1950 жылға дейін өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру, жеңіл өнеркәсібінің өсуін озу жағдайында жүрді. Бұл кезде елдің экономикалық дамуының үшкір мәселесі - инфляцияның өсуі. Ол тек шаруашылықты қалпына келтірудің кедергісі ғана болмай, сонымен жұмысшы және демократиялық қозғалыстары мен әлеуметтік толқындардың күшеюінің маңызды себебі болды.
1955ж. қаңтар айында «1956-1960ж. ж. экономикалық өзін - өзі қамтуының бес жылдық жоспары» жарияланды. Осы жылдарда алда тұрған басты мәселелері болған экономикалық өзін - өзі қамтуын және халықты толық жұмыспен қамтамасз ету қаралды.
1960 жылдарда әлеуметтік өзгерістер болды. Жапонияның осы жылдардағы экономикалық табыстары ел тарихында елеулі орын алады. Өйткені, оның жетістіктері ол кездері тек Жапонияға ғана емес, бүкіл әлемге байқалды. Тіпті Жапонияның экономикасындағы ғажайып деген сияқты терминдер де айтылып жатты.
1960 ж 23 шілдеде Жапония АҚШ мемлекетімен әскери келісім шартқа қол қойды. Осы келісім шарт Жапонияға үлкен зиян келтірді, Азияда орналасқан мемлекеттермен саяси-экономикалық байланысын нашарлатты.
1960 ж 2 сәуірде АҚШ-пен өзара сауда және су жолдарын ортақ пайдалану туралы келісімге келді.
1960 ж Жапония Жедел 10 жыл аралығында экономикалық даму реформасын қабылдады. Жоба 10 жыл аралығында жүйелі түрде іске асырылды.
1970 жылы Жапония Қытай елімен бірге бейбітшілік және ынтымақтастық келісіміне қол қойды
1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды иеленді.
1958-1962ж. ж «Экономиканың дамуының бес жылдық жоспары» қабылданды. Негізгі мақсаты: халықты толық жұмыспен қамту, төлеу балансын нығайту, жеткілікті ішкі капиталды салу.
1960ж. Аяғында экономикалық саласында едәуір үлкен жетістіктерге жетті.
1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі жағынан Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие болды. Ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты. Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етті:
- электорника және технология салаларын толықтай игеру;
- экономиканы реттеуші мемлекет рөлінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтауы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;
1970-1980 жж аралығында Жапонияда «неолиберализм» саясаты жүргізілді.
1972 жылы білім саласын жақсарту мақсатында «Вакон Есай» реформасы қабылданды.
1970 жылы мемлекеттік экологиялық заңнаманы өтіп, 1971 жылы қоршаған ортаны қорғау басқармасы құрылды.
1900 жылдың ақпан айында жаңа сайлау заңы бекітілді. Бұл төменгі палата мүшелерінің саны көбейіп, 300-ден 369-ға жетті.
1991-1996ж. ж. арасында Жапония мен Орта Азия арасындағы қарым - қатынас қалыптасу кезеңі болды. Осыған байланысты сыртқы стратегияда келесі міндеттер белгіленді:
- Орта Азия мемлекеттерінің тәуелсіздіктерін мойындау, дипломатиялық қарым - қатынас орнату;
- Орталық Азия елдеріне «дамушы елдер» мәртебесін беру және оларға «Дамуға ресми көмек» бағдарламасы арқылы қолдау көрсету;
- Жаппай қырып жою қаруын иемденуден және оны таратудан бас тартуды бекіту.
1991ж. 28желтоқсанда Жапония барлық жаңа тәуелсіз Орталық Азия мемлекеттер егемендігін мойындайтындығы туралы жариялады.
2000-2004 жылдары қарастырылған тоқырауға қарсы шаралар:
-салық ставкаларын реттеу;
-қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік инфрақұрылымға мемлекеттік инвестициялар;
- мемлекеттік институттарды несиелендіру және нақты сектор кәсіпорындары үшін несиені кепілдеу;
- шағын және орта бизнесті қолдау;
- Жапон Банкімен проценттік ставканы төмендету;
2014 жылдың шілдесінде Қырғызстанда «Орталық Азия + Жапония» сұхбаттастығы аясында Сыртқы істер министрлігінің 5-ші отырысы өткізілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде ең терең циклдік және құрылымдық кезең 1974 - 1975 ж. ж. дағдарыс Жапон экономиканың өсудің жоғарғы қарқынның «Алтын ғасырының» аяқталуын белгілеген өтпелі кезең болып табылды.
1970 - 1980 ж. ж. аралығында Жапонияның ғылыми - техникалық потенциалының синтетикалық көрсеткіштері бойынша позициялары едәуір жақсарып, оны АҚШ - тың басты бақталасына айналдырды. Егер АҚШ - тың техникалық дәреженің көрсеткіші 100 % деп алсақ онда 1980- ші жылдарда бұл көрсеткіш Жапония үшін 45, 5 %, Батыс Германия - 47, 5 Франция - 35, 9 және Ұлыбритания - 22, 4 % құрады.
1970-1980ж. ж., ”велосипедті” экономика термині пайда болды. Оның негізгі мақсаты, бұл айналымы күрт тоқтаған кезде тепе - теңдікті жоғалтпай алға жылжуы үшін Жапония осы “велосипедтің” экономикалық педалін күшпен айналдырып отырды. Нәтижесінде Жапония 1970 - 1980ж. жалпы және жан басқа шаққандағы ішкі ұлттық өнімінің өсуі бойынша әлемде рекордты жоғарғы қарқынға жетті.
1980ж. Жапония ішкі ұлттық өнімінің өсуінің орта жылдық қарқыны 4, 4 %, - АҚШ - 3, 4 % ЕЭС елдері - 3, 1 % құрады, яғни Жапония осы экономикалық өсудің көрсеткіші бойынша алдыңғы капиталистік елдерді озып тұрды.
1970-1980 жж аралығы «Тұтынушылық ғасыры» деп аталды.
1987-1988ж. ж Жапонияның салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелетін салық реформасы жүргізілді
Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1989ж 1 сәуірде іске қосылды.
2001 ж бастап Тұтынуға салынатын салық енгізілді.
2004 ж ІІ жартысында Жапония тоқыраудан шықты.
2006-2007 жж Жапония Азиялық дағдарыстан өтті. 2007ж. «Жан-жақты экономикалық шаралар бағдарламасы» қабылданды. Ал осы жобаларды жүзеге асыру барысындағы шығыс сомасы - 17 трлн. иенді құраған.
2013 жылдың алғашқы үш айында ел экономикасы 0, 9%-ға өсті.
Қазіргі кезде Жапония машина жасау өнеркәсібінің бір қатар салалары капиталистік әлемде ең бақталаса алатын елдердің біріне айналды.
Екі жақсы саяси диалогтың бастамасы 1992 жылдың мамырында басталды. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1994 жылы Жапонияға жасаған сапарында Біріккен мәлімдеме қабылданды, Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы шарттар мен келісімдерді мойындау туралы ноталармен алмасу жүзеге асырылды. 1999 жылы тағы бір сапарында достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. 2008 жылы екі ел арасындағы кездесу нәтижесі стратегиялық әріптестікті нығайтуға септігін тигізді. Сапар негізінде Император Акихито екі жақты қарым - қатынас пен жолдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Н. Назарбаевқа Жапонияның ең жоғарғы мемлекеттік наградасы - «Үлкен лентадағы Хризантема орденімен» және «Алтын Қыран» ордерімен марапатталды.
Жапониямен қарым - қатынаста экономикалық ынтымақтастық алдыңғы қатарға шықты. Қазақстандық экспортты негізінен металлдар, соның ішінде сирек кездесетін металлдар, импортты машина жасау, өндірістік және медициналық құрал жабдықтар, көлік құралдары құрайды. Ал, Жапонияда жер асты қазба байлығы да, жер үстінде өсетін техникалық дақылдар да жоқтын қасы. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2011жылғы Жапонияның Қазақстанға құйған жалпы жиынтық инвестициялары 4млрд. доллардан асты. Сауда - экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында 2009 жылы Экономикалық ынтымақтастық жөнінде Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторларының біріккен комиссиясы құрылды. Энергетикалық әріптестікті дамыту үшін 2010жылы 2 наурызда Токиода Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Екі жақты сауда - саттықтың өсіп келе жатқан қарқынын да атап өту керек. Егер 1996 жылы тауар айналымының 105 млн. доллар болса, бұл көрсеткіш 1999 жылы 145 млн. жуық долларды құрады. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Жапон үкіметінің «Дамуға ресми көмек» бағдарламасының негізінде 88, 8 миллиард иен несие берілсе, 4, 5 миллиард иен гранттық көмек көрсетілген. Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды. 1999 жылдан бастап, Жапониия Үкіметі Қазақстан Республикасына Алматы қаласы ауданындағы сейсмикалық қорғау мен сейсмикалық қауіптілікті бағалау үшін сейсмомониторингті жалғастыру және жетілдіру саласында техникалық көмектер көрсетіп келеді. 2014жылдың 24 наурызында Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалды. Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында екі елдің арасында технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне де назар аударды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz