«Оралоблгаз» Ақ-да есеп-қаржы жұмыстарының ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы және ұйымдастырылуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 5

I Тарау. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп

айырысудың экономикалық мәні және қазіргі жағдайда

оларды есепке алуды жетілдіру мәселелері . . . 8

1. 1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қол есептесу нысандары . . . 8

1. 2. Ғалымдар мен практиктердің еңбектеріндегі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебін жетілдіру мәселелері . . . 11

ІІ тарау. «Оралоблгаз» АҚ-да есеп-қаржы жұмыстарының ұйымдастырушылық -экономикалық сипаттамасы және ұйымдастырылуы . . . 18

2. 1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы . . . 18

2. 2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік, салық есептерінің және ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы . . . 25

ІІІ тарау. «Оралоблгаз» АҚ жабдықтаушылармен және мердігерлермен

есеп айырысудың есебі . . . 29

3. 1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды есепке алу . . . 29

3. 2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық ресімдеудің ерекшеліктері . . . 34

3. 3. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды

автоматтандыру және жетілдіру . . . 38

Қорытынды және ұсыныстар . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56

КІРІСПЕ

Қазақстандық бухгалтерлік есептің ХҚЕС көшуіне байланысты қазіргі шаруашылық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады. Қазіргі кезде, жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есептесуге көңіл бөлінеді. Бұл жағдай үнемі шаруашылық құралдардың айналымы түрлі есептеулердің үзіліссіз жанарып тұруына ықпал етеді. Ең таралған есептеу түрі-жабдықтаушылармен шикізатқа, материалдарға, тауарлар және де т. б. құнды заттарға есеп айырысу түрі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы «Оралоблгаз» АҚ -да мысал негізінде «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы және оның аудиті» жұмысымның тақырыбын таңдауға себепші болды.

Курстық жұмыстың мақсаты - жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды және аудиттің қазіргі тәжірибесін зерделеу негізінде оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу.

Бұл жұмыста көзделген келесі мақсаттарды шешу қажет:

- жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу түрін және

мәнін ашу;

- есептесу құжаттардың ресімделуін зеттеу;

- жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың

синтетикалық есептің ерекшеліктерін көрсету;

- жабдықтаушылар мен мердігерлермен автоматтандырылған есеп

айырысудың ерекшелігін көрсету;

- дебиторлық және кредиторлық берешек ұғымын ашу, және

экономикалық талдаудың мағынасы мен мақсатын шешу;

- дебиторлық және кредиторлық берешектің құрылымы мен

құрамын талдау;

- дебиторлық және кредиторлық берешектің айналымдылығын

талдау жасау, сонымен қатар уақыт айналымының факторлық

талдауын өткізу;

- дебиторлық және кредиторлық берешектің есеп айырысуна талдау

жасап салыстыру.

«Оралоблгаз» АҚ -да қызметі бақылау және салыстыру тәсілдері арқылы жүргізіледі. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуын талдау барысында экономикалық талдаудың келесі әдістері қолданылады:

  • абсолюттік, салыстырмалы, орташа әдісі
  • ауыстырмалы әдіс
  • баланстық әдіс т. б.

Кәсіпорынның есебін зерттеуде осы «Оралоблгаз» АҚ -да -нің бухгалтерлік есеп мәліметтері және нұсқаулық материалдар қолданылған.

I Тарау. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп

айырысудың экономикалық мәні және қазіргі жағдайда

оларды есепке алуды жетілдіру мәселелері.

1. 1. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың мәні және қолма-қол есептесу нысандары.

Кәсіпорындар және жеке тұлғалар есеп айырысуды қолма-қол және қолма-қол емес түрде жүзеге асырады. Ақшасыз есептесудің жүйесі Қазақстан Республикасында банктік операциясына сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта қолма-қолсыз есеп айырысудың келесі түрлері бар:

1) төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

2) аккредиттік есеп айырысу түрі;

3) төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу;

4) чектермен есеп айырысу;

5) вексельарқылы есеп айырысу;

Ақшасыз есеп айырысу түрін тандар кезінде кәсіпорын, жабдықтаушылармен және мердігерлер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер арасында есеп айырысудың барынша тездету мүмкіншілігі ескертіледі. Банк мекемесі есептесудің қандай түрін тандау негізін қадағалайды. Жабдықтаушылармен және сатып алушының банк мекемесінің орналасуына байланысты есеп айырысулар қалалық және қалааралық болады. Қалааралық - бөлек банктермен қызмет көрсетілетін, әр түрлі қоныстанған пунктілерде орналасқан кәсіорындардың арасындағы есеп айырысулар. Олардың есептесудің басты түрі- тапсырма-талаптармен төлеуі, аккредитивтер, ерекше шоттардан, ақша аударымы. Қалалық - бір немесе екі банктермен қызмет көрсетілетін, бір қоныстанған пунктінде орналасқан кәсіпорындардың арасындағы есептесулер. Олар есеп айырысудың түрі - жоспарлық төлем ретіндегі, тапсырма-талаптармен төлеуі, төлем тапсырмаларымен және чектермен.

Ақшасыз есептесудің көп таралған түрі-төлем тапсырмасы. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Онда міндетті түрде аударылатын ақшаның сомасы көрсетілу тиіс. Қызмет пен жұмысты және тауарлы- материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай- ақ қызмет пен тауарға алдын ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады. Төлем тапсырмаларының есептесудің жедел, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін. Жедел төлемдер: аванстық төлемдер, яғни тауар тиелгенге дейін; яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер. Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Төлем тапсырмасымен тауарлы және тауарсыз операциялар арқылы есептесуді іске асырады. Тауарлы операциялар: шикізатты, құралдарды сату және сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауы. Тауарсыз операцияларға коммуналды мекемелермен, ғылыми-зерттеу т. б. ұйымдармен есептесулер жатады.

Аккредитивтік түрі екі жағдайда қолданылады: келісім-шартпен анықталған жағдайда; жабдықтаушы сатып алушыға, өндіріс-техникалық тағайындау өнімдеріне және халықтық тұтыну тауарларын аударғанда.

Есептесудің аккредиттік түрінің ерекшелігі төлем құжаттарынын ақы төлеуі жабдықтаушының тұрған орнында лезде өнім түскеннен кейін іске асырылады.

Аккредитив-бұл сатып алушы банктің бөлімшесінің, жабдықтаушы банк бөлімшесіне әдейі аккредитивті шот ашуға тапсырмасы, жедел жабдықтаушы төлеуге аккредитивтік арызда қарастырылған және арызда көрсетілген сомаға сәйкес төлеуі. Акредитивтермен төлеуі жабдықтаушы банкісінде мерзім ішінде толық аккредитивте немесе жартылай жабдықтаушымен ұсынылған шот тізімдеріне қарсы және көлік немесе тауарларды түсіруін куәландыратын қабылдау-тапсыру құжаттар арқылы жүзеге асады.

Төлем талап - тапсырмалармен есеп айырысу. Есепетесудің бұл түрінде құралдарды сатып алушыға қызмет көрсететін банкке есеп айырысатын құжатты ұсынуы қажет. Бұл құжатта алушыға төлемді банк арқылы ТМҚ-ға белгілі соманы алу, жасалған жұмыстар және көрсетілген қызметі үшін төлеушіге қойылған талаптары көрсетілген. Төлем талап - тапсырмалармен төлеуі акцеппен және акцепсіз жүзеге асырылады. Акцепт есеп айырысуда төлеушінің төлемге келіскенін білдіреді. Төлеушінің акцепт шотынан толық сомада, жабдықтаушымен түсірілген өнім заңсыз, сапасыз, стандартсыз болған жағдайда бас тартуға құқы бар. Жабдықтаушымен баға, жеңілдіктер бұзылғанда, тапсырыс берілмеген заттын бөлшегі түскенде, өнімдер сапасыз болғанда т. б. жағдайларда акцептен жартылай бас тартуға болады.

Чектермен есеп айырысу. Шот иесіні қызмет көрсететін банкте чекте көрсетілген соманы чек алушының шотына аударарда, жазбаша тапсырмасы есеп айырысатын чек болып табылады. Есептесудің түрі қалалық есеп айырысуда қолданады.

Мердігерлермен және тапсырыс берушілер арасында тұрақты, шаруашылық қарым-қатынас орнаған уақытта өзара есептесе алады.

Бұл түрдің маңызы, тапсырыс беруші болашақ құрылыс өнімін келісіммен анықталған мерзімінде тең сомамен төлейді.

Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. .

Аударма және жай вексель болады.

Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі.

Ақшасыз есептесудің қолдануы қолма-қол ақшаның қажеттілігін қысқартады, ақша айналымының шығындарын төмендетеді, банктегі азат ақшалы құралдарға көздеуіне жағдай жасайды, олардың сенімді сақтауын қамсыздандырады.

1. 2. Ғалымдардың еңбегіндегі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың толық жетілдіру сұрақтары.

«Қазақстан аудит орталығы» тәуелсіз аудиторлық компаниясының директоры В. В. Радостовецтың ойы бойынша, жабдықтаушы мен тапсырыс берушінің арасындағы есептесуде басты проблемасы талапқа көну келісім-шартын бұрыс құруда деп есептейді. Талапқа көну келісім-шарты, кейде «цессия келісім-шарты» деп аталатын, төлемсіз шешу пробемаларында кең қолданылатын нормативті-заңды құрал болып табылады. Цессия келісім-шарты бойынша бір заңды тұлға қайтару негізінде өз міндеттерінің құқығын атқару талабын басқа заңды тұлғаға толық немесе жартылай мөлшерде тапсырады. «Бастысы, кез-келген цессия келісім-шарт мәтініндегі тиісті болуы - ескіден жаңа кредиторға құқығының негізін және ретін тапсыруы. Бұл жерде, цессия келісім-шартында екі жақта, мысалға: тек, тапсырылған қарыз ақшаның саны немесе тауардың сапасы, басқа тұлғаға берілу талаптары көрсетілуі керек емес, сонымен қатар міндетті түрде, айқын жағдайлардың туындауына негіз болған нақты құжаттарды атауы қажет. Бұл құжаттардың көшірмелері куәландырылып, цессия келісім-шартының қосымшалары болуы тиіс».

Цессия келісім-шартына отырғанда заң шығарумен анықталған шек қоюларды да ескеру жөн. Сонымен қатар, басқа тұлғаға алимент төлеу талап құқығын және өмірге немесе денсаулыққа зиян келтіруге жол беруге болмайды.

Тәуелсіз аудитор З. П. Дружининнің ойы бойынша, жабдықтаушылармен есептесуде өте жие кездесетін проблема - жабдықтаушыға ұсынылған шот - фактураға сәйкес алдын-ала төлеуде бухгалтерлік операциялық жазуларының қате жазылуы. «Тауарды алған кезде мынадай жағдай анықталған, жабдықтаушы ұсынылған есеп-шотта тауар бірлігінің қате бағасын көрсеткен -өз нақты бағасынан төмен, осының бәрі тауардың жалпы бағасының төмендеуіне әкеледі. Сатып алушы жабдықтаушыға жетпеген соманы қолма-қол ақшамен төлеп, жабдықтаушыдан касса чегін алады.

Жеке заңгерлік агенттігінің директоры Р. А. Маметовтың ойынша, тәжірибеде таластардың бәрі Заңды және нормативті актілерді қолдану жөнінде туындауы мүмкін. Бір заңдарда және ережелерде баяндалған ерекшеліктерде тәжірибе кезінде, кәсіптік қызметке бөгет болатын және уәкіл етілген органдармен жағымсыз қағысуда проблемалар туындайды.

Мысалға, шот - фактура дайындап ҚҚС төлеу кезінде ҚР «Салық және басқа да бюджетке төленетін қажетті төлемдер жөнінде» және «Шот-фактура дайындау, қолдану және ҚҚС төлеу ережелері» Заңының 65 бабы жөнінде талай таластар туындайды.

ҚҚС есептеу кезінде жабдықтаушының мөрі көрсетілуі қажет (ҚР «Салық және басқа да бюджетке төленетін қажетті төлемдер жөнінде» Заңының 65 бап), РҚ мемлекеттік табыстар министірлігімен ҚР қаржы Министірлігімен келісім бойынша және ҚР статистика жөніндегі агенттігімен өнделген: «Шот-фактура жабдықтаушымен 2 данада жасалады, бастық пен бас бухгалтері, сонымен қатар басқа да тауарларға жауапты тұлға қол қоя алады және жабдықтаушы мөр коюы қажет».

Сонымен, ҚР «Салық және басқа да бюджетке төленетін қажетті төлемдер жөнінде» Заңымен тап осы заңды өндеуге арналған ережелерінің арасында қайшылық анықталады.

1) Егер, Заң шот - фактураны мөрмен куәландыру мүмкіндігін нақты қарастырса, онда ережелер тек мөрді кесімді түрде қажеттілік етеді.

2) Шот-фактура берілгенде жабдықтаушының бастығының қолы қажет, деген заңда айтылмаған, ал ереженің жайларында бухгалтермен тауарларға жауапты тұлғадан басқа жабдықтаушы бастығының қол қойюы қажет деген.

Біз білгенімізше, жабдықтаушылармен және мердігерлер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есептесуі кәсіпорын мүлігінің үлкен бөлігін құрайтын өндіріс қормен байланысты, ал заттық қордың шығындары кейбір салаларда өнімнің өзқұндылығы 90 және оданда көп %-дейін жетеді.

Сондықтан, есеп айырысу операцияларын есептеуінің үлкен маңызы бар, олардың қалпын бақылауы, дұрыс бағалауы кәсіпорынның рентабельділігіне және қаржы жағдайына үлкен ықпал көрсетеді.

Тенге курсының азат жүзу бағытына ауысқанда, біздің республикамыздағы көптеген кәсіпорындар өнім қорларының бағасын үнемі өсіріп тұрады. Осыған байланысты ғалымдар мен белгілі кәсіпорындарының мамандары бағаға және жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу сұрақтарын толық жетілдіруге қатысты көптеген мақалалар жазған. Солардың бірін толық қарастырайық:

«Хегай и К» ЖШС директоры И. М. Хегай өз мақаласында «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуы» бухгалтерлік есепте қорлардын қайта бағалауда қателіктерін қарастырған, ұсынылған 543 шотын «Басқа да активтерді қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 727 «Негізгі емес қызметтен түсетін басқа да табыстар» қаржының нәтижесіне және салық салынатын табысқа әсер етеді. Оның ойынша, егер кәсіпорын қорлардың бағалауын жасаса және 727 «Негізгі емес қызметтен түсетін басқа да табыстар» шотына тіркесе, онда оның табыстары ағымдағы жылдың есептілігінде көрінеді, ал шығындар қорлардың алынуы бойынша көрінеді. Соңында кәсіпорын бухгалтерлік есептен дұрыс емес нәтижеге келеді. Бағалау жылдық табысқа кіруіне қарамастан, салық салынатын табыс қате анықталады.

Жоғарыда айтылғандарға қортынды шығарғанда, И. М. Хегай кәсіпорындарға бухгалтерлік есепте нормативті актілермен жұмыс жасауды ұсынады, сонда қаржы нәтижесі дұрыс болып, қаржы заңнамасы сақталады.

Экономика ғылымдарының кандидаты Ф. С. Сейдахметова өзінің «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуы кезіндегі қателіктері» еңбегінде, есеп айырысу операцияларымен байланысты ең кең тараған бухгалтерлік қателікті, яғни операцияларды дұрыс бағаламаулықты ашып көрсетеді. Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар негізгі және айналым қаражаттарының арасындағы шекараны анықтамай, пайда табу мақсатында өздерінің қорларын сатуға кіріскен. Ф. С. Сейдахметова кейбір кәсіпорындар өздерінің жарғыларында пайдаға асыруға келмейтін немесе ескірген өндіріс қорларымен келісім жүргізу туралы тарауларды көрсетпегендігін қателік деп санайды. Осыдан келіп, өндірістік қорлар көптеген жылдар ішінде пайда табу мақсатында сатылады. Бұл жағдайда келісім шарттар жарамсыз деп танылып және салық органдарының тексеруі кезінде осы пайдалар бюджетке түсуі мүмкін. Сондықтан Ф. С. Сейдахметова айыппұлдардан аулақ болу үшін құрылтайшылдық құжаттардың ішінде басшының құқығы дайын өнімді сату оның тек бір ғана құқығы деп көрсетуді ұсынады.

Қаржы академиясының доценті Е. Л. Шуремовөзінің «Қорларды бағалау тәсілдері» атты еңбегінде бухгалтерлік есепті дамытуының маңызды тапсырмаларының бірі сатылған қорларының, көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнының есебін, яғни ТМҚ-ң, қызметтерінің әртүрлі жабдықтаушылардан әртүрлі бағамен келіп түсуіне және кең көлемді өндіріске енгізілуін ашып көрсетеді.

Ал, профессор Кеулимжанов өзінің «ҚР - дағы бухгалтерлік есепті әрі қарай дамытуының кейбір сұрақтары» атты еңбегінде басқалай шығындарының есебі туралы сұрақты қарастырады. Қорлардың өзіндік құны өзіне оны сатып алуға кеткен, яғни пошлиналарды, комиссиондық сыйақыларды, транспорттық және басқа да тікелей шығындарды қосады.

Егер сатып алу құны нақты материалдық өзіндік құнына тікелей жолмен қосылатын болса, онда бір партияда тауардың, қызметтің бірнеше түрі жеткізіледі. Сондықтан оның ойынша, басқалай шығындарды жеке бухгалтерлік шотта қарастыры керек дейді.

«Диасс Аудит» ЖШС-нің бас маманы Одинцов А. М. көптеген кәсіпорындарда аудит жүргізе отырып, олардың қорларының нақты инфляция деңгейімен салыстырылмайтындығын байқаған. Ал туралы ҚР Мемлекеттік комитеті жиілетіп айтып отырады. Одинцов кәсіпорындарға аудиттік тексерістерді жие жүргізіп, көптеген есептік түзету жасалынып, соңында оларға айналым қаражаттарын үлкен сомаларға үнемдеп, оларды өндірісті жаңартуға және қосымша материалдар сатып алуға бағыттауын айтады.

II Тарау. «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының ұйымдық - экономикалық сипаттамасы және есеп-қаржы жұмысын ұйымдастыру.

2. 1 Кәсіпорының ұйымдық - экономикалық сипаттамасы.

Қазақ Совет ССР - нің 26. 05. 1960 жылы №942 және Қазақ коммуналдық шаруашылық ССР - нің министрлігінің № 145 04. 04. 1960 жылғы жарлығы бойынша 1960 жылы «Оралоблгаз» қоғамының негізі қаланды. Бұл кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттары болып тұрғындарды газбен қамтамасыз ету, ал болашақта табиға газды қолдануды кеңейту болып табылды.

16 қаңтарда 1999 жылы «Оралоблгаз» АҚ ҚР-ның реестрінде №АО-357-4926 жеке меншік формасында шауашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген. «Оралоблгаз» АҚ заңды тұлға және ол ҚР-ның заңдылықтары мен өзінің Жарғысы бойынша жұмыс істейді. АҚ - ның өзіндік балансы, банкте есеп шоты, қазақ-орыс тілдерінде аты жазылған мөрі бар. АҚ-ның мақсаты - акционерлердің мүддесіне сай пайда алу болып табылады.

Жұмыс істеуінің құралы ретінде мыналар табылады:

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және газ өндіру, газды тасымалдау, тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ету, сауда делдалдық қызмет.

Кәсіпорын заңды тұлға болып саналады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және өзінің жарғысына сәйкес орындайды.

«Оралоблгаз» акционерлік қоғамының қызметтінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғындарды газбен қамтамасыз ету арқылы пайда табу.

Негізгі қызмет түрлері болып:

- Ауыл тұрғындарына, мекемелерге, табиғи газ өткізу үшін құбырларды жүргізу.

- Газбен камтамасыз ету мақсатында құбырларды, жылу беретін орындарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;

- Қазақстан Республикасының заңдарына қатысуы келмейтін басқа да қызмет түрлерін көрсету.

Кәсіпорынның негізгі іс-әрекет көрсеткіштерін төмендегі бірінші кестеден көруге болады;

Кесте 1

«Оралоблгаз» акционерлік қоғамының көлемі (мың теңге)

Көрсеткіштер
Жылдар
Өсу қарқыны (%)
2004
2005
2006
№: 1
Көрсеткіштер: Жарғылық қор
Жылдар: 6 480
Өсу қарқыны (%): 6 480
97 206
1500, 1
№: 2
Көрсеткіштер: Негізгі қорлар құны
Жылдар: 392380
Өсу қарқыны (%): 529046
570750
145, 5
№: 3
Көрсеткіштер: Жұмысшылар саны
Жылдар: 363
Өсу қарқыны (%): 510
627
122, 9
№: 4
Көрсеткіштер: Таза табыс
Жылдар: -1565
Өсу қарқыны (%): 97051
1122271
7174

Жоғарыда келтірілген кестеден қорытында шығаратын болсақ, онда мынадай тұжырымға келуге болады, яғни «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының жарғылық қоры құрылған кезден бастап 15 есеге дейін жоғарлаған. Негізгі құралдардың көлемі тозу, сатылу себебінен 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 178370 мың теңгеге немесе 45, 5 есеге көбейген.

Жұмысшылар саны жыл сайын өсіп отыр. Оның себебі кәсіпорының қызмет көлемінің жалпы өндірістің ұлғаюы себептерінен, жаңа жұмыс орындарының барынан деп түсінуге болады.

«Оралоблгаз» акционерлік қоғамы 2004-2006 жылдары өзінің шаруашылық қызметін пайдамен аяқтағанда, ал таза табыс 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 71, 7есеге көбейген .

Ендігі жерде тұрған мәселе, ол кәсіпорының қызмет көлемін ұлғайтып, ал экономикалық - өндірістік қатынастарда болатын партнерлар санын көбейту, сөйтіп ішкі нарықта өз қызметтеріне сұранысты ұлғайтып, ұзақ шаруашылық қызмет атқару болып табылады.

«Оралоблгаз» акционерлік қоғамының негізгі қызметі газ құбырларын өткізу, жөндеу болғандықтан, оның негізгі құралдарының көлемі мен құрылымына сипаттама беріп өту қажет.

Кесте 2

Кәсіпорынның негізгі құралдар көлемі мен құрылымы (мың теңге)

Негізгі құралдардың түрлері
Жылдар
2004
2005
2006
Өсу қарқыны
Мың тг.

Құрылымы

(%)

Мың тг.

Құрылымы

(%)

Мың тг.

Құрылымы

(%)

Негізгі құралдардың түрлері: Ғимарат-тар мен құрылыс
Жылдар: 213281
54, 4
287481
54, 3
296150
51, 9
138, 9
Негізгі құралдардың түрлері: Машина-лар мен құрылымдар
Жылдар: 152939
39
213800
40, 4
243702
42, 7
159, 3
Негізгі құралдардың түрлері: Басқалай негізгі құралдар
Жылдар: 26160
6, 6
27765
5, 2
30898
5, 4
118, 1
Негізгі құралдардың түрлері: Барлығы
Жылдар: 392380
100
529046
100
570750
100
145, 5

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, «Оралоблгаз» АҚ -ның негізгі құралдар көлемі мен құрылымы берілген. Кестені талдай келе кәсіпорын бойынша негізгі құралдардың жалпы көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 45, 5 % немесе 178370 мың теңгеге құны көбейген.

Мысалы ғимараттар мен құрылыс жайлар 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 82869 мың теңгеге немесе 38, 9%, машиналар мен құрылымдар 90763 мың теңгеге немесе 59, 3 %, ал басқалай негізгі қорлар көлемі 4738 мың теңгеге немесе 18, 1% көбейген. Кез келген шаруашылық қызметпен айналысатын экономиқалық субъектілердің негізгі мақсаты ол пайда табу болып табылды. Сондықтан олар өз қызметтері барысында шығынды неғұрлым аз жұмсап, соғұрлым табыс деңгейін жоғарылатуға тырысады.

«Оралоблгаз» акционерлік қоғамының мамандану деңгейін білу үшін, оның тауарлы өнім көлемі мен құрылымына талдау жасап өтейік.

Төмендегі 3 кестеден қорытынды шығарсақ, онда мынадай тұжырымға келуге болады, яғни кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі 2005 - 2006 жылдары 2004 жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғарлаған.

Кесте 3

«Оралоблгаз» АҚ-ның тауарлы өнім көлемі мен құрылымы (мың теңге)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Қазпошта АҚ ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Көлік бөлімінің басшысы
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Жобаны басқару. Құрылыс фирмасын басқару тиімділігін арттыру құралы ретінде мәселелері және оны шешу жолдары
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
Ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу
Банктің толық ресми атауы Хоум Кредит энд Финанс Банк акционерлік қоғамының еншілес банкі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz