Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Бөлім. Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1. Информатиканы оқытудың Мемлекттік білім беру стандарты ... ...
1.2. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Паскаль тіліндегі жай және күрделі құрылымдық типтер ... ... ... ...

2.Бөлім. Паскаль бағдарламалау тіліндегі күрделі құрылымдық типті оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. «Массивтер» тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. «Жолдар»тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. «Жиындар» тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. «Жазулар» тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5. «Файлдар» тақырыбын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды
Әдебиеттер
Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың қазіргі жағдайы.
Программалау тілдерін оқыту «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының негізгі бір бөлігі болып есептеледі. ЭЕМ-ді адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалаық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі мектеп информатикасында негізінен оқытылатыны – Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттылық пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика курсы бойынша өтетін халықаралық олимпиадаларда программалауға таңдалынып жүрген тілдердің бірі – Паскаль тілі.
Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.
Бұл оқу құралының мақсаты оқырмандарды Паскаль алгоритмдік тілімен таныстыру және оны пайдаланып, дербес компьютерлерге арналған программалар құру жолдарын үйрету. Сондықтан кітапта берілген теориялық және практикалық материалдар қарапайым мәселелерден басталады да, бірте-бірте күрделіленеді. Оқу құралының бұл ерекшелігі оны ек студенттер, оқушылар және мұғалімдер ғана пайдаланып қоймай, өз бетінше Паскаль тілін үйренушілердің пайдалануына да мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған Паскаль тілін 1970 жылдарда Цюрих (Швецария) қаласының жоғарғы техникалық училищесінің профессоры Никлаус Вирт ұсынған. Ол бұл тілді дүние жүзінде алғаш есептеу машинасын жасаған ұлы француз ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Пасклаь деп атаған. 1979 жылы қабылдаған стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Бурин Е.А. «Программирование на языке Турбо-Паскаль» Алматы, 2000г.
2. Омарова Н.Ы., Тұрмағанбетова К.У., Нұриденова К.Н. «Паскаль тілінде бағдарламалау негіздері» Алматы «Білім» 1996ж.
3. Нақысбекова Б.Қ., Балапанов Е.Қ., Халықова К.З., Дәулетқұлов А.Б. «Паскаль тілінің негіздері» Алматы «Рауан» 1998ж.
4. Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі» Алматы «Білімі», 2000ж.
5. Немнюгин С.А. «Turbo Pascal». Санкт-Петербург. 2000г.
6. «Информатика физика математика» журналы №1. 1999ж.
7. «Информатика и образование» журнал №2. 1998г.
8. «Информатика и образование» журнал №5. 1999г.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1-Бөлім. Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

1. Информатиканы оқытудың Мемлекттік білім беру стандарты ... ...
2. Алгоритмдеу және бағдарламалау
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3. Паскаль тіліндегі жай және күрделі құрылымдық типтер ... ... ... ...

2-Бөлім. Паскаль бағдарламалау тіліндегі күрделі құрылымдық типті оқыту
әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.1. Массивтер тақырыбын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Жолдартақырыбын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Жиындар тақырыбын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Жазулар тақырыбын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Файлдар тақырыбын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе

Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың қазіргі
жағдайы.
Программалау тілдерін оқыту Информатика және есептеуіш техника
негіздері курсының негізгі бір бөлігі болып есептеледі. ЭЕМ-ді адам
қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру
және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалаық қамтамасыз
етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау
тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі мектеп информатикасында
негізінен оқытылатыны – Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттылық пен
программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Сонымен қатар,
соңғы жылдары информатика курсы бойынша өтетін халықаралық олимпиадаларда
программалауға таңдалынып жүрген тілдердің бірі – Паскаль тілі.
Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің
бірі болып табылады.
Бұл оқу құралының мақсаты оқырмандарды Паскаль алгоритмдік тілімен
таныстыру және оны пайдаланып, дербес компьютерлерге арналған программалар
құру жолдарын үйрету. Сондықтан кітапта берілген теориялық және
практикалық материалдар қарапайым мәселелерден басталады да, бірте-бірте
күрделіленеді. Оқу құралының бұл ерекшелігі оны ек студенттер, оқушылар
және мұғалімдер ғана пайдаланып қоймай, өз бетінше Паскаль тілін
үйренушілердің пайдалануына да мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған Паскаль тілін 1970 жылдарда Цюрих (Швецария)
қаласының жоғарғы техникалық училищесінің профессоры Никлаус Вирт ұсынған.
Ол бұл тілді дүние жүзінде алғаш есептеу машинасын жасаған ұлы француз
ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Пасклаь деп атаған. 1979 жылы қабылдаған
стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген.
Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо
Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше
нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7.0 нұсқасы болып табылады,
бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5.5 нұсқасынан бастап үйренген
дұрыс.
Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі
есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты
программалау тіліне айналды.
Дипломдық жұмыста: Паскаль тілінде программалаудың негізгі
принциптері, программ құрылымы, тілдің негізгі элементтері мен
операторлары қарастырылған. Сонымен қатар, Паскаль тілінде қосалқы
программалар құру, күрделі құрылымдық типтер (жолдар, жиындар, жазулар,
массивтер және файлдық типтер) қарастырылған.
Информатиканы оқытудағы басты мақсат оқушылардың ақпаратпен дұрыс
жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманда ол
ЭЕМ-нің көмегінсіз еш мүмкін емес.
Сол себепті оқушылардың компьютерлік сауатты жұмыс істей алуы қажет.
Бұл заман талабына сәйкес пайда болған ұғымға ғалымдар қысқаша
ақпараттық мәдениет және компьютерлі сауаттылық деген ат берді.
Компьютерлік сауаттылық дегеніміз – компьютердің мүмкіндігін біліп,
онда кең тараған және жиі қолданылатын бағдарламалармен жұмыс істеу
қабілеті. Ол үшін оқытылатын курс қолданушылар курсы немесе
компьютерлер курсы деген атпен соңғы кезде кең таралып жүр.
Курста операциялық жүйелер, текстік және графикалық редакторлар,
электрондық таблицалар, деректер қоры және қолданбалы дайын пакет тік
бағдарламалар қамтылуда, кейде аталған бағдарламалардың кейбіреуі
қойылады:
1. ЭЕМ-де жұмыс істеу;
2. Ақпараттық жаңа технологиялардан хабардар болу;
3. Алгоритмдеу негіздерін білу;
4. бағдарламалау негіздерін білу;
5. ЭЕМ-де есеп шығару;
6. ЭЕМ негіздерін білу.

Әр пәннің оқыту әдістемесі мен оқу жоспары оқылатын пәннің ғылыми
негіздеріне сүйенуі қажет. Информатика ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу,
жинап сақтау және жіберу әдістерін зерттейтін ғылым ретінде қалыптасуда.
Яғни информатка пәнінің мазмұны да осыған сәйкес ақпараттың түрлерін,
қасиеттерін, ЭЕМ-де сипатталуы оқытумен қатар, ақпаратты ЭЕМ-де сақтау,
өңдеу және жіберудің бағдарламалық құралдарын, теориялық негіздерін қамтуы
керек.
Сонымен қатар ЭЕМ-нің негіздері ақпаратмен жұмыстың техникалық құралы
ретінде оқытылады.
Информатика пәнінің мазмұнын төмендегі кесте бойынша көрсетуге
болады.
Информатика
Сақтау Өңдеу Жіберу
Деректер қоры Құрылымдық және логикалық ЭЕМ желісімен жұмыс
Эксперттік жүйелер бағдарламалау, деректер істеу
қорын басқару жүйелері,
электрондық таблицалар

Сонымен курстың мазмұнына ақпаратты жинау құралы ретінде деректер
қоры және эксперименттік жүйелер түсінігі кіреді. Екіншіден, ақпаратты
өңдеу құралдары ретінде құрылымдық және логикалық бағдарламалары
негіздері кіреді. Және де ақпараттар массивтеріне өңдеу құралдары ретінде
деректер қорын басқару жүйелері және электрондық таблицалармен жұмыс
істеу принциптері қамтылады. Үшіншіден, ақпаратты жіберу, тарату құралы
ретінде ЭЕМ желілерімен жұмыс, олардың құрылымы туралы түсініктер де
қарастырылады. Ең соңында ақпаратпен жұмыс істеудің техникалық негізгі
құралы ретінде ЭЕМ-нің өзі оқытылады.
Оның жұмыс істеу принциптері, құрылымы, даму перспективасы, қолданылуы
информатика курсы мазмұнының толық циклін аяқтайды.
Информатика курсын оқытуда машинасыз және машиналы варианттары
қалыптасқан. Машинасыз вариантта ЭЕМ жөнінде теориялық мағлұматтар,
ақпараттар жөнінде информатика ғылымы жөнінде жалпы түсінік, алгоритмдеу
және бағдарламалау негіздері оқытылады.
Информатика курсында қолданылатын ең негізгі тілдің бірі – Паскаль
тілі.
Күрделі құрылымдық типтерді оқытудың әдістемесін қарастыратын қазіргі
уақытта барлық орта мектепте Паскаль тілі оқытылады. Көпшілік жағдайда
мұғалімдер Паскаль тілінің 1-ші бөлімін оқытумен шектеледі. Құрылымдық
типтерін оқытуға арналған әдістемелік құралдар өте аз. Осы проблеманы шешу
мақсатында дипломдық жұмысым осы құрылымдық типтерді оқытуға арналады.
Информатиканы оқытудың Мемлекеттік білім беру стандартына 10-11
сыныптарда бағдарлы курста Паскаль тілі оқытылады. Стандартта Паскаль
баңдарламалау тілін тереңдету, курсы бойынша массивтер тақырыбын оқытуға
15 сағат, жолдық мәліметтер типіне 10 сағат бөлінген. Файл, жазу, жиынды
оқытудың сағаты көрсетілмеген. Ал олимпиадаға қатысу үшін Паскаль тілін
оқушы толық білуі тиіс. Сол себепті аталған тақырыптарды сағатқа бөліп
оқытудың әдістімесін жасадым.
Массивке – 6 сағат, жолыдқ мәліметтер типіне – 4 сағат, жиындарға – 3
сағат, жазуға – 6 сағат, файлға – 6 сағат бөлдім.

1. Бөлім. Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының
мазмұны.
1.1. Информатиканы оқытудың Мемлекттік білім беру стандарты (жоба).
Орта мектептің сатылары бойынша Информатика курсын оқыту 2 кезеңге
бөліп қарастырылады.
1-кезең. (7-9 сыныптар) – негізгі (базалық) курс, ол информтаика пәні
бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, негізгі алгоритмдік құрылымдар
процедура, тармақталу, цикл) бағдарламалау тілдері, оны алгоритмді жазуға
және қолданбалы есептерді шешуге пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері
туралы мағлұматтар алады.
2-кезең. (10-11 сыныптар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік
бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушының сұранысына, қабілетіне және
қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік
мамандық деңгейіне дейінгі дәрежесінде білім береді.
Мемлекеттік білім беру стандарты 7-сыныптан бастап информатика пәнін
оқытуды қамтамасыз етеді.
Стандарт орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік
бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сай жасақталған. Стандарттың
негізгі мақсаты – оқушыларды әлемдік ақпараттық өмірге дайындау.
Стандарттың барлық варианттарында оқушылардың жас ерекшеліктері мен
математикадан және жалпы білім беруді қалыптастыру деңгейлері ескерілген.
Информатика пәнінен білім беру стандартының
- дүниетанымдық;
- компьютерді пайдаланушылар;
- алгоритмдеу мен бағдарламалау;
- мамандыққа баулу курстары бойынша техникалық және мамандандырылған
сияқты аспектілерінің біреуі тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдер
сәйкестендіріліп ұсынылады.
10-11 сыныптарда мамандық бойынша информатиканың аспектілерін таңдап,
тереңдетіп оқытылуына мүмкіндік береді.
Берілген стандартта мамандыққа баулу ретінде төмендегі курстар
ұсынылады:
1. Дербес компьютерді пайдаланушы;
2. Компьютр және іс-қағаздарды жүргізуші;
3. Паскаль бағдарламалау тілін тереңдету;
4. Basic6 Visual of Application бағдарламалау тілдерін тереңдету

1 және 2 курстар бойынша оқушылар мамандыққа дейінгі бағыттар жөнінде
мағлұмат алса, ал 10-11 сыныптарда таңдаған мамандықтарына сай осы
курсты аяқтау емтиханын тапсырып, куәлік алады.
3 және 4 курстар политехникалық бағыт бойынша бағдарламалауды
тереңдетіп оқытуға негізделген.
4 курста бағдарламалау тілдероінің объектілі – бағдарламалау негіздерін
үйрету жоспарланған.
Паскаль тілі бағдарламасын тереңдетіп оқыту курсы
1. Курс бағдарламасы.
- Бағдарламалау жүйесі: топтау, төменгі және жоғарғы деңгейдегі тілдер.
Интерпретаторлар және компиляторлар.
- Құрылымдық және модульдық бағдарламалау әдістері.
- Берілгендердің негізгі тәсілдері және оның түрлері.
- Айнымалы типтері.
- Бағдарламалау тілінің негізгі операторлары мен құрылымдары.
- Тармақталу бағдарламасын енгізу мен шығаруды ұйымдастыру. Циклді
ұйымдастыру. Массивтер: екі өлшемді массив түсінігі.
- Жиын. Текстер мен массивтерді өңдеуге жиынды пайдалану.
- Машиналық графика. Графиктің негізгі функциялары мен процедуралары.
- Дыбыстық құбылыстарды бағдарламалау.
- Сандық әдістерде алгоритм мен бағдарламалауды іске асыру.

1.Оқушыларға қойылатын талаптар.
Курстың негізі мақсаты – бағдарламалау тілін тереңдетіп оқыту арқылы
оқушыларды олимпиадаға, жоғарғы оқу орындарына осы мамандық негізінде
түсуге дайындау.
Оқушы нені білуі керек.
- бағдарламалау тілдерінің өзгешелігін;
- файлдар құрылымын;
- бағдарламалау тілінің алгоритмдік құрылымын;
- құрылымдық және модульдік бағдарламалау түсінігін;

Оқушы нені үйренуі керек
- үйренуші, бақылаушы және ойын бағдарламаларын құрастыруды;
- алгоритмдік құрылымды бағдарламалау тіліне аударуды;
- көмекші алгоритмді шақырып өңдеуді;
- белгілі бір тәсілмен бір өлшемді массивті өңдеуді;
- екі өлшемді массивті жазуды;
- әр түрлі тәсілдермен екі өлшемді массивті өңдеуді;
- есептерді шешуде сандық әдістерді пайдалауды;

2. Тақырыптық жоспар үлгілері.
Дүниетанымдық көзқарас аспектісі.
1) Кіріспе. Техника қауіпсіздігі – 2 сағат.
2) Арнаулы компьютер үшін бағдарламалау жүйесі. Бағдарламалау тілдері
және оларды топтау – 1 сағат.
3) Жиын түсінігі. Жиындарды пайдалаун – 4 сағат.
4) Ақпараттық модельдерді құру – 10 сағат.
5) Сандық тәсілдер. Негізгі сандық тәсілдерді тарату – 10 сағат.
6) Бағдарламалаудың құрылымы, модулі, объекті – бағдарлау тралы түсінік –
1 сағат.
Барлығы – 28 сағат.
Алгоритмдеу және бағдарламалау
1) Интерпретаторлар және компиляторлар. Бағдарламаны компиляциялау және
редакторлеу – 52 сағат.
2) Бағдарламаның құрылымы. Бағдарламаны жазудың стилі. Тілдің алфабиті –
1 сағат.
3) Берілгендер типтері: сандық, логикалық, символдық және жолдық.
Стандартты функциялары – 2 сағат.
4) Айнымалылар және оларға сипаттамалар. Арифметикалық өрнектер және
меншіктеу операторлары – 2 сағат.
5) Бағдарламаны енгізу мен шығаруды ұйымдастыру. Есептер шығару.
Операторлардың форматтары – 2 сағат.
6) Тармақталу алгоритмін пайдаланып есептер шығару. Шартты операторлар.
Таңдау операторлары. Операторлардың форматтары – 5 сағат.
7) Циклдік алгоритмді бағдарламалауда есептер шығару. Операторлардың
форматтары. Циклді ұйымдастыру тәсілдері – 8 сағат.
8) Мәліметтер типтерінің құрылымдары. Жай және құрылымдық мәліметтер
типтерімен жұмыс жасау. Массивтер: элементтер типтері, шекаралар,
индекстер. Екі өлшемді массив туралы түсінік. Символдарды және оларды
өңдеудің массивтері. Тіркестірілген циклдар. Символдық айнымалылар
және функциялармен жұмыс. Есептер шығару – 15 сағат.
9) Жолдық мәліметтер типі: стандартты функцияларды пайдаланып, анықталған
шарттары бойынша жолдарды табу, алмастыру элементтерін экранға шығару
– 10 сағат.
10) Көмекші алгоритмдер түсінігі. Ішкі бағдарлама. Есептер шығару – 12
сағат.
11) Машиналық графиканың негізі. Негізгі графиктік процедуралар және
функциялар, тұрақтылар, айнымалылар – 14 сағат.
12) Текстік режиммен жұмыс. Терезелер құру – 4 сағат.
13) Дыбыстық эффектілер. Дыбыстық файлдарды құру – 3 сағат.
14) Шығармашылық жұмыс жазу және қорғау. Оқыту, бақылау және ойын
бағдарламаларын құру – 14 сағат.
15) Сынақтар. Бақылау жұмыстары – 14 сағат.
Барлығы – 108 сағат.
Курс бойынша барлығы – 136 сағат.

1.2. Алгоритм - бағдарламалау негіздері
Қазіргі замандық, жаңарған мектептердің оқу бағдарламаларында,
сабақтарында ғылыми-талпыныстық ізденістері мен тәлім-тағылымдық жұмыстары
жүйесінде алгоритм, эвритсика деген ғылыми атауыштар және солардан
туындап тараған: алгоритм тілі, эвристикалық есеп, т.с.с әр алуан
анықтамалық тіркестер жиі қолданылып жүр. Оны айтылғандармен байланысты
Алгоритм тану деп аталатын жаңа ғылыми саласы өмірге келді.
Алгоритм сөзінің ұғымы мағынасы, оның жасалуы мен жаңарып таралуы
туралы тарихи деректер Информатика және есептегіш техника негіздері
пәнінің сабақтарында кеңінен талданып оқытылады.анықтама: Алгоритм деп,
орындаушыға (адамға, компьютерге) ұғынықты тілмен, қандай да бір есептер
класына (тобына) кіретін белгілі бір есепті шешуге болатындай етіп айтылған
яғни жазылған саны арқылы командалар тізбегін айтады.
Анықтамадан алгоритм ұғымының басты анықтағыш белгілері айқындалады.
Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады:
1) басты берілімдері болады
2) атқарушыға ұғынықты (түсінікті) болуы керек
3) әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт
4) соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс
5) алгоритмдік нұсқау – ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас
есептер жинағының баршасына жарамды болуы керек.
Қолданыстағы әрбір даяр алгоритм орындаушыға ол ұға алатындай белгілі
бір алгоритмдік тіл арқылы жеткізіледі. Компьютердің алгоритмдік тілі
машиналық бағдарлама болып табылады. Алгоритмді орындау қызметін адам
атқарған жағдай да алгоритмдік тіл, сөйлеу тіліміздің сөздері бола алады.
Мұнда тарихи тәжірибеден немесе оқытуға қалыптасқан: есептеу ережесі, салу
ережесі, атқару ережесі және дәлелдеу ережесі т.с.с математикалық,
логикалық – пайымдық ойлау қағидалары мен режелерінің баршасы алгоритмдік
нұсқаулар қатпарына жатады.
Бағдарламалық басқарылатын есептегіш техника тапсырманың шешімі
бағдарлама құру арқылы іске асады. Есептегіш машинаға арналған
бағдарламаның негізін берілген тапсырманы шешудің алгоритмі, яғни нәтижені
алуға қажетті әрекеттердің жиынтығын құрайды. Алгоритм бағдарламаға
қарағанда неғұрлым жалпылама машинаға жарамды түрдегі алгоритмнің
жазылуы. Бұдан бағдарламалық басқарылатын техниканың көмегімен есепті
шешу процесінің негізгі бөлігі дегеніміз осы есептің шешімінің
алгоритмдерінің өнімі. Есептің алгоритмі айқын болғанда, ол көп
қиындықсыз бағдарламалау тіліне аударылады. Басқаша айтқанда,
бағдарламалық басқарылатын машиналарда есепті шешудің негізі –
алгоритмдеу, яғни алгоритмнің жазылуы.
Егер есепті шешу процесін жалпылама қарастырсақ, онда есептегіш
машиналары үшін алгоритмнің құрылуы ЭЕМ-де есептің толық шешілуін
қамтамасыз ететін күрделі процесстің тек құрамдас бөлігі болып табылады.
Жалпы жағдайда алгоритмдеудің кезеңі тек қана есептің қойылуы түсінікті
болғанда ғана басталады. Бұл тұрғыдан алғанда ЭЕМ-де есепті шешу процесі
төмендегідей негізгі кезеңдерден тұрады.
1. Есептің берілуі.
2. математикалық модельдеу.
3. алгоритмді өңдеу.
4. бағдарлама құру.
5. ЭЕМ-де бағдарламаны реализациялау.
6. нәтижелерді сараптау.
Алгоритмдеу адам мен бағдарламалық басқарылатын техникалық өзара
байланысына сүйенетін тәсіл ретінде қазіргі заманда неғұрлым кең ауқымды
қолданыста. Алгоритмдеу модельдеу секілді кибернетикалық жалпы тәсілі.
Анықталған алгоритмдерді үйлестіруге әртүрлі жүйелерде басқару
процесстеріне тән. алгоритмдердің құрылуы қарапайым автоматты
құрылғылардың жасалуымен, автоматтандырылған басқару жүйелерінің күшті
өндірістік процестерін өңдеумен, оқытудың автоматтандырылған жүйесін
құрумен байланысты. Алгоритмдеудің бастауы қазіргі математикалық теорияның
аймағының тереңдігіне, әйткенмен ол анықталған тәжірибелік тәсілдердің
жиынтығы ретінде көрінеді.

1.3. Паскаль тіліндегі жай және күрделі құрылымдық типтер.
Бағдарламалау тілдерінде ең бір негізгі де маңызды ұғымдардың біріне
тип ұғымы жатады. Компьютерде өңделетін әртүрлі мәліметтер (бүтін сандар,
нақты сандар, символдар, ...) 0 және 1 екілік цифрлар тізбегі түрінде
өрнектеледі. Мәліметтердің түрлеріне байланысты, олардың компьютердің
жадында орналастыру және оларға қолданылатын амалдардың түрлері мен
орындалу тәсілдері әртүрлі болады. Бағдарламалау тілінде осы сәйкестік
мәліметтердің типтері арқылы көрсетіледі. Яғни, тип объектілердің қабылдай
алатын мәтіндерінің жиынын және оларға қолданылатын амалдардың түрлері мен
орындалу жолдарын анықтайды.
Паскальда бағдарламаны құру жолдарын жеңілдету және көрнекілігін
арттыру мақсатымен өңделетін мәліметтерді белгілі бір жүйеге жинақтап,
тұтасымен қарастыру жолдары ойластырылған. Осындай күрделі мәліметтің типі
сол жүйеге кіретін элементтердің қабылдайтын мәндерінің түрін және
жинақталу тәсілін көрсетеді де, күрделі тип құрайды. Егер мәліметтер жеке-
дара қарастырылса, онда олар жай типті мәліметтерге жатады. Жай тип
стандартты және жасанды болып бөлінеді. Стандартты жай типтерге бүтін
(integer), нақты (real), байттық (byte), логикалық (boolean ), символдық
(char) типтері енеді. Жасанды типтерді қолданушының өзі құрастырады,
олардың екі түрі бар: аралық және атап өту. Күрделі типтер жай типтерге
негізделіп құрастырылып, төмендегідей бөлінеді: массивтік (array), жолдық
(string), жиындық (set), жазу (recort), файылдық (file).

2-Бөлім. Паскаль бағдарламалау тілінде күрделі
құрлымдық типті оқыту әдісі.
2.1. Массивтер тақырыбын оқыту.

Массивтер тақырыбы төмендегі құрылым бойынша қарастырылады:
1) Массив элементінің бейнеленуі:
Type типтің аты ═ array [ индекстердің типі ] of
элементтердің типі
Var айнымалылар: типтің аты
немесе var айнымалылар array [ индекстердің типі ] of
элементтердің типі

2) Маcсив элементінің енгізілуі:
FOR I ═ 1 TO N DO
READ (A[I]);

3) Массив элементтеріне амалдар қолдану:
Мысалы:
A[3]:= C[4]+5
S:=S+X[K];
P:= X[3*I+1]; және т.с.с.

4) Массивті элемменттерін шығару:
FOR I:= 1 TO N DO
Write(A[I], ‘’);
Іздеу, алмастыру, іріктеуге арналған есептер шығару.

Паскаль тілінде жеке-дара мәліметтермен қатар қандай да бір жүйеде
жинастырылған олардың топтарын да қарастыруға болады.
Осындай топтардың бірі – массив. Массив дегеніміз бір типті шамалардың
реттелген, белгілі бір тобы. Массивке кіретін айнымалыларды массивтік
элементтері дейді, олардың санын сипаттауда анықталады да, бағдарламаның
орындалу барысында өзгермейді.
Массивтің элементтерінің типі, файлдан басқа, кез келген ( бүтін,
нақты, символдық, жолдық, массивтік т.б.) тип бола алады. Яғни Паскальдa
жолдар массивін т.с.с. қарастыруға болады. Массив элементтерінің типін
массивтің негізгі (базалық) типі деп атайды.
Массив тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекс
арқылы көрсетіледі. Индекс массивтің идентификаторынан соң тік жақшаға
алынып жазылады ([1], х [1,1], ...). Индекстің типі массив элементтерінің
ретінің өзгеру аралығын көрсетеді де, шектелген жай типтердің (байттық,
логикалық, аралық, атау) бірімен беріледі. Массивтің типін анықтау үшін
array, of қызметші сөздері қолданылады. Массивтің типі алдын ала тип
тарауында жарияланып, айнымалылар тарауында сол типпен немесе бірден
сипатталады.
Кез келген өлшемді массивтерді сипаттауға болады. Паскальда массивтің
өлшеміне шек қойылмаған, ол тек пайдаланатын компьютер жадынынң
сыйымдылығына байланысты.
Іс жүзінде, бір және екі өлшемді массивтер жиі қолданылады. Жалпы бір
өлшемді массив математикадағы вектор, ал екі өлшемді массив матрица
ұғымдарымен пара-пар.
Массивтердің бағдарламада қолдану тәсілдерін көрсету мақсатымен бірнеше
мысалдар келтірдім.
1-мысал. Жиырма нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын
табатын бағдарлама құру керек.
20 нақты сандар тобын а массиві деп қарастырсақ, массивтің элементтері
а [1], а[2], ..., а[20], нақты сандар болады.
Program M1;
Var a:array[1..20] of real;
I: integer;
Begin
For i:=1 to 20 do read([i]);
S:=0
For I:=1 to10 do S:= S +4[i];
S:=S20;
Write (S);
End.

2-мысал. Берілген Х1, Х2, ... , Хn сандық массивті өспелі етіп
реттейтін бағдарлама құру керек.
Бағдарлма құру үшін таңдау әдісімен реттеу алгоритмін қолданамын.
Бұл алгоритмде біртіндеп жылжыту арқылы массивтің ең кіші элементін
бірінші орынға шығарып, қалғандарының iшiнен тағы да ең кіші элементін
екінші орынға шығарамын, т.с.с. осы әрекетті соңғы элeментке дейін
қайталаймын.
Осы алгоритмнің 5 элементі массивпен орындалу схемасын келтірейік:

i=1 i=2
i=3 i=4

X[1]=5 3 3 3 3 3
3 3 3 3

X[2]=45 45 45 21 5 5 5
5 5 5

X[3]=21 21 21 45 45 45 21
17 17 17

X[4]=3 5 5 5 21 21
45 45 45 21

X[5]=17 17 17 17 17 17 17
21 21 45

Program M2
Const n=5
Var i,k: Integer;
X: Array [1..n] of Integer;
Begin
{*Массивтің элеметтерін көрнекті түрде енгізу* }

{* ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...* }

For i:=1 to n do

Begin

Write ( ‘x[’ , I,’]= ‘);

End;

{* ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .* }
{* Массивтің элементтерін біртіндеп салыстырап алмастыру* }
{* ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..*}

For i: =1 to n do
Begin
For j:=i+1 to n do
If x [j] x [i] Then
Begin min: =x[j]; x[i]; x[i]:=min End;
Write (x[i], ‘ ‘);

End;
{* ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...*}

End.

3-мысал. Aрнайы белгілеулер енгізу арқылы бейнеленген шахмат кестесін
алғашқы позициясын экранға шығаратын бағдарлама жазу керек.

A B C D E F G H

8 ҚЛ ҚА ҚС ҚФ ҚК ҚС ҚА ҚЛ

7 ҚП ҚП ҚП ҚП ҚП ҚП ҚП ҚП

6 . . . . . . . . . . . . .
. . .

5 . . . . . . . . . . . . .
. . .

4 . . . . . . . . . . . . .
. . .

3 . . . . . . . . . . . . .
. . .

2 АП АП АП АП АП АП АП АП

1 АЛ АА АС АФ АК АС АА АА

Program M3;

Type
F=(‘ҚП’ , ‘ ҚЛ’, ‘ҚА’ , ‘ҚС’ , ‘ҚФ’ , ‘ҚК’, ‘АП’, ‘AЛ’, ‘АА’, ‘АС’ , ‘АФ’,
‘АК’);
Var tt: array [‘a’.. ‘h’,’1’..’8’] of f;
I:= integer; c: char
Begin
{*2 және 7 жолдарының фигураларын орналастырамыз* }
For c:=’a’ to ‘h’ do

Begin
tt [c, 7]:=’ ҚП’;
tt [c, 2]:=’ АП’;
End.
{*басқа фигураларды рналастырамыз*}

tt [‘a’, 8]:= ‘ҚЛ’; tt [‘a’, 1]:= ‘АЛ’;
tt [‘b’, 8]:= ‘ҚА’; tt [‘b’, 1]:= ‘АА’;
tt [‘c’, 8]:= ‘ҚС’; tt [‘c’, 1]:= ‘АС’;
tt [‘d’, 8]:= ‘ҚФ’; tt [‘d’, 1]:= ‘АФ’;
tt [‘e’, 8]:= ‘ҚК’; tt [‘e’, 1]:= ‘АК’;
tt [‘f’, 8]:= ‘ҚС’; tt[‘f’, 1]:= ‘АС’;
tt [‘g’, 8]= ‘ҚА’; tt[‘g’, 1]:= ‘АА’;
tt [‘h’, 8]= ‘ҚЛ’; tt[‘h’, 1]:= ‘АЛ’;

{*бос орындар*}
For i:=6 down to 3 do

For c:=’a’ to ‘h’ do tt [c,1]: =’ ..’’ ,
{*Тақтаны экранға шығарамыз*}
For c:=’A’ to ‘h’ do write (c:4);
Writeln
For i:=8 town to 1 do
Begin
Write (1:2);
For c:=’a’ to ‘H’ do write (tt[c,1]);
Writeln;
End;
End.

Бұл мысалда массив элементтерінің индекстерінің аралығы символдық
тұрақтылармен көрсетілген, ал элементтерінің типі аталу типімен берілген.

4-мысал. Жолды бағаналы А матрицасы берілген. Екі бір өлшемді массив
шығару керек. Біреуіне матрицаның жұп элементтері, екіншісіне тақ
элементтері жіберілсін.
Program M4
Const n=3; m=9;
Var i, j: integer;
S: array [1..n, 1..n] of integer;
t, g: array [1..n] of integer;
1, 11: integer;
begin
writeln (‘массив элементтерін енгізу’);
for i:=1 to n do
for j:=to n do
read (S[i, j]);
writeln
1:=0, 11:=0;
for i:=1 to n do
for j:=1 to n do
begin
if odd s[I, j] then begin i:=i+1; t[i]:=S[i, j]; end;
else begin 11:=11+1; g[i]:=s[I, j]; end;
end;
writeln (‘тақ сандар’);
for i:=1 to n do
writeln ( t[i] );
writeln (‘жұп сандар’);
for i:=1 to 11 do
writeln (g[i]);
end.
5-мысал. – анықталатын массив құру, мұндағы xі+ih, x[x0,
xm].
Program M5;
Const
m=0
var
x1, x0, xm, h, p, s: Real;
m1, ni, k: integer;
y=array [1..m] of real;
begin
read (x0, xm, h, n);
x:=x0;
m1=trurc ( (xm-x0 h)+1;
for i:=1 to m1 do
degin
p:=1;
s:=0;
for k:=1 to n do
begin
p:=p*k;
s:=s+xp;
end;
y[1]:=s;
end;
y[1]:=s;
x:=x+h;
end;
for i:=1 to m1 do
write (y[i],’’);
end.

6-мысал. А (mxn), B(nx1) матрицаларының көбейтіндісін табу. Алгоритм:
, яғни с(m,1) табу керек.
Program M6;
Const
m=4, n=3, 1=2;
Var
j: 1..m;
j: 1..1;
k:1..n;
s, x : integer;
a: array [1..m, 1..n] of integer;
b: array [1..n, 1..1] of integer;
s: array [1..M, 1..1] of integer;
begin
(*А массивін енгізу*);
For i:=1 to m do
begin
for k:=1 to n do
begin
read (x);
a [i, k]:=x
end;
end;
(*В массивін енгізу*);
for k:=1 to n do
begin
for j:=1 to 1do
begin

read(x);
a[k, j]:=x
end;
end;

(*A*B анықтау*);
for i:=1 to m do
begin
for j:= 1 to 1 do
begin
s:=0;
for k:=1 to n do
s:=s+a[I, k]*b[k, j];
c[I, j]:=s;
write(s,’’);
end;
end.

7-мысал. Өз цифрларының факториалдарының қосындысына тең 3 орынды
санды табу керек.
Program m7;
Var f: array [0..6] of integer;
A, b, c, i: shortInt; x0, x:integer;
Begin

F[0]=1
For i:=1 to 6 do f[i]:=f[i-1]*I;
{1-ден 6-ға дейінгі цифрлардың факторлары}
For a:=1 to 6 do
Begin
X0:=100*a-f[a];
For b:=0 to 6 do
Begin
X:=x0+10*b-f[b];
For c:=0 to 6 do if x+c-f[c]=0 then
Write ((10*a+b)*10+c);
End;
End;
7!=5040-төрт орынды сан болғандықтан, ізделінді сандағы максимал цифр 6
екенін ескере кетейік. Бағдарламада Х және Х0 аралық айнымалылары
қолданылады, ал 100а+10b+c=a!+b!+c! шарты (100a-a!)+(10b-b!)+c-c!=0

8-мысал. Егер(aab)2 cсbdb болса, f, b, c, d сандарын табу керек.
Program M8;
USES Crt;
Var a, c, b, i:short Int; x, y: long Int;
Const b: array[1..3] of long Int-(1, 5, 6);
Begin
For i:=1 to 3 do
For a:=3 to 9 do
Begin
X:= sqr(110*a+b[i]+101*bb[i];
For c:= 1 to 9 do
Begin
Y:=110000*bc;
For b:=0 to 9 do
If x=y=1010*d then Write(‘a=’:25, a, ‘b=’ , b[i], ‘c=c’ , d=’ ,d);
End;
End;
End.

3 орынды санның квадраты - 6 орынды сан, сол үш орынды сан сияқты
сондай цифрмен аяқталады, сондықтан 1,5 және 6 мәндерін қабылдайды. а3,
Сондықтан және оң жағындағы сан 6 орынды болмайды. Алынған теңдеуді
(110a+b)2=110000c+1010d+101b немесе (110a+b)2-
101b=110000c+1010d. Аралық шама х соңғы шамасын сақтайды. Шарт х+1010 d
түрінде тексеріледі. 1, 5, 6 цифрлары - массив элементтері тұрақтылар.
Цифрлардың ізделінді шамалары: a=8, b=1, c=7, d=6 яғни 8812=776161.

9-мысал. N қала бар. Әр қаладан қандай да бір басқа қалаға автобус
қатынайды. Бұл туралы мәліметтер N натурал саннан тұратын массив түрінде
берілген. 1-ші элемент - қала , онда i-ші қаланың автобусымен бара аламыз.
Анықтау қажет: осы санды бере отырып, осындай саяхатты бастауға
болатын қалаларды тексеруге болатын мысал :N=17, массив
[7, 8, 6, 6, 2, 16, 6, 15, 10, 4, 12, 14, 4, 5, 11, 9, 3]
Жауабы: Қалалардың максимал саны 7, саяхатты мына қалалардан кез
келген бастауға болады - 1, 2, 5, 8, 11, 12, 14, 15, 17.
Program M9;
Const N=17;
Const D: array [1..N] of integer -
(7,8,6,6,2,16,6,15,10,4,12,14,4,5,1 1,9,3);
Functіon kol (From integer); integer;
Var I, k, len. Now, Now1: integer;
Begin
Now:=From
For i:=1 to N-1 do begin
Now i:=d[Now];
If Now= from then begin kol:=I; exit; end;
End;
Len:=kol(Now);
Now:= From: Now1:= From; for i:=1 to len do

Now 1: = D [Now];
K: = Len;
Repeat inc (k); Now: = D [Now]; Now 1: = D [Now 1];
Until Now = Now 1
kol: = k;
end;
var I, k, max : integer;
begin
writeln;
for i: = 1 to N do write (1;3); writeln;
for I: = 1 to N do write (D [I] : 3); writeln;
max: = 0;
for I: = 1 to N do begin k : = kol (I); if k max then
max : = k; end;
writeln ('ответ:', max);
for I: = 1 to N do if kol (I) = max write (I:3);
end.

Жаттығулар.
1. Берілген а, ... ,а бүтін сандарының ішінде бір рет қана
кездесетін сандарды табу керек.
2. Берілген а, ... ,а бүтін сандарының модульдерінің
ең үлкенін табу керек. Осы бүтін сандар массивінің і -
элементінің абсолюттік шамасы табылған санға тең болса, ол
элементті нольмен алмастырып, тең болмаса бірмен алмастырып жаңа
массив құру керек.
3. Эратосфен торын пайдалана отырып, n - нан кіші барлық жай
сандарды табу керек. Келесі алгоритм эратосфен торы деп аталады.
2- ден n-ге дейінгі барлық бүтін сандарды ретімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Оқытудың интерактивті технологиялары
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет
Пәндер