Графиктік режимге көшу адаптері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
1. Графиктік режимге көшу адаптері . . . 4-6
2. GRT Модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкүндіктері . . . 7-12
3. Графикалық процедуралар мен функциялар . . . 13-17
4. Геометриалық обьектілерді құру процедуралары . . . 18-24
5. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары . . . 25-26
Қортынды және ұсыныстар . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Қазіргі заманда компьютерсіз өмір сүру және жалпы барлық дәрежедегі жұмыстарды жүргізу мүмкін емес жағдайға жеткен қоғам осы компьютерсіз қазіргі таңда да, алдағы уақытта да ешқандай мәселе тынбайтынын түсінген сияқты.
Компьютер барлық жағдайларда адамға ең керектісі, яғни жұмыс жасауына байланысты керекті құрылғы болып отыр.
Программалар компьютердің негізі, компьютерде жұмыс жасауға деген негізгісі болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Графикалық режімдегі процедуралар мен функциялар қолдану» деп аталады.
Бұл бағдарлама графикалық режімде процедуралар мен функцияларды қолдану үшін қажет. Компьютерлік бағдарламалар бір-бірімен тығыз логикалық байланыста бола тұрып, компьютерлердің жұмысының тұрақты әрі бір жүйелі болуына көмектеседі.
Қазіргі жаңа технологиялардың жоғарғы сипатта жылдам дамуы
компьютерлік бағдарламалардың жалпы жұмыс атқаруы күрделі, ал қолданушыға жеңіл болатындай болуда.
Менің курстық жұмысым жүйелі түрде осы аталған бағдарламаны, сондай-ақ жалпы графикалық режімдегі процедуралар мен функциялар туралы түсінік беруге арналған.
1. Графикалық режимге көшу адаптерлері.
Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль-бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей-мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Адамның көзі бейнелердің мұндай жиілікпен ауысуын байқай алмайды да, мониторда сол бейне қозғалмай тұрғандай болып көрінеді. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады. Графикалық режимде экран тік төрт бұрышты пиксельдержиынынан құрылады да, мұнда оның кез келген пикселінің түсін әр түрлі етуге мүмкүндік бар.
Экран бетіндегі қатарлар саны және бір қатардағы нүктелердің саны пайдаланылатын бейне адаптерлердің жұмыс режіміне байланысты болады Бейнеадаптер-экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп атайды. Графикалық бейненің экранда айқын көрсетілу сапасы адаптер типіне қарай әр түрлі бола береді. Әдетте, монитор мен адаптер бірге жұмыс атқарады. Адаптер шағын электрондық тақташа бөлек орналасады, кейде ол жүйелік тақташамен бірге де жасалады.
Жалпы бейнеадаптер екі бөліктен-электрондық-сәулелік түтікше контроллерінен және бейне буферден тұрады. Жетілдірілген қазіргі кездегі адаптерлер бұлардан басқа графика контроллерімен де жабдықталады.
IBM PC тәрізді компютерлерде адаптерлердің бірнеше стандарты пайдаланылады, алғашқыда тек қарапайым ақ-қара түсті мәтіндік ақпараттарды өндеуге арналған адаптерлер қолданылған болатын, олар 25 жолдан тұратын 40 немесе 80 символдық мәтіндермен ғана жұмыс істейтін. 1982 жылы Hercules фирмасы Hercules Graphics Card адаптерін шығарды, оның мәтіндік ақпараттардан өзге 720*350 нүктеден тұратын графикалық көріністі бейнелеуге мүмкүндігі болды. Кейіннен түрлі түсті және жетілдірілген графикалық адаптер шықты. Соңғы кезде VGA және SVGA типіндегі адаптерлер кең пайдаланылып келеді. Қазіргі кезде адаптерлердің жетілдірілген оннан астам түрі бар. Олар бір-бірінен экран бетіне шығатын нүктелер санымен және экранның жұмыс режимінен немесе түрлі түсті санымен ғана ерекшеленеді. Дисплейлердің негізгілерінің сипаттамалары.
VGA(Video Graphics
Array)
SVGA(Super Video
Graphics Array)
Қажетті драйверлерді қолдану арқылы кез келген адаптерді графикалық режимде пайдалануға болады. Драйверлер деп дербес компютерлердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программаны айтады. Графикалық драйвер Турба Паскальдің функциялары мен процедураларын дисплейдегі нақты адаптермен үйлестіре отырып, оның графикалық режиміндегі жұысын басқарады. Графикалық драйверлер, негізінен, барлық адаптерлер үшін жасалған, олар файл атының типі. BGI-фирмасының графикалық интерфейсі болып дискіде сақталады. Мысалы, CGA. BGI-CGA-ға арналған драйвер, EGAVGA. BGI т. б.
2. GRT Модуліндегі адаптердегі мәтіндік мүмкүндіктері.
Турбо Паскальдің мәтіндерді енгізіп-шығаруды жетілдіретінбірнеше стандартты функциялары мен процедуралары бар, олар кітапханалық GRT модуліндежинақталған.
Мәтіндік режимде адаптерлер экранға 40 немесе 80 жолдан тұратын 25, 43 тіпті 50 жолдық мәтін шығара алады. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен CRT модулін іске қосу керек. Ол үшін программа тақырыбынан кейінарнайы жол жазылуы тиіс:
PROGRAM <программа аты>;
USES CRT;
CRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін де өзгертуге болады.
Сонымен бірге экранда терезе жасауға, оны өшіруге, курсорды автоматты түрде жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орнын анықтауға, жолдарды өшіруге және жалғастыруға тағы басқа көптеген әрекеттер істеу мүмкүндігі бар. Олрды орындайтын программалар пройедура түрінде берілген. Біз олардың негізгілерін қарастырайық. Мәтіндік режімді орнату мынадай стандартты процедура арқылы жүргізіледі:
Text Mode (Mode: Word) ;
Мұндағы Мode-мәтіндік режім коды, оның мүмкүн мәндері астағы кестеде көрсетілген. Мән тұрақты (BW40, CO40, …) немесе режім реттілігі (0, 1, . . . ) түрінде беріледі.
Компютердің стандартты мәтіндік режімдері
CRT кітапханасында Mode мәні үшін төмендегі тұрақтылардың біреуі пайдаланылады.
BW 40=0; ақ-қара түс, 40х25
CO 40=1; түрлі түсті, 40х25
BW 80=2; ақ-қара, 80х25
CO 80=3; түрлі түсті, 80х25
Мысалы: Text Mode (CO80) ;
Text Mode (2) ;
CRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның да түсін өзгертуге болады.
Мәтіндік режімде символдар 16 түстің біріне экран реңі 8 түстің біріне бояла алады. Монохромды диспаей үшін екі ғана түс пайдаланылғанымен, оларда символдың ақшылдығын өзгерту, қара экранға ақ символ немесе ақэкранға қара символ шығару, кейбір символдарды жыпылықтатып қою мүмкүндіктері бар.
Экранға шығарылатын символдың түсін
Text Color (Color: Byte) ;
Процедура арқылы өзгертеді, мұндағы Color-түс нөмірі.
Экранның түсін өзгерту үшін
Text Background (Color: Byte) ;
Процедурасы пайдаланылады. Color айнымалысының мәні ретінде түс аты немесенөмірі алынады.
Турбо паскаль тіліндегі түс атаулары және олардың нөмірлері
Мысалы:
Text Color (Yellow) ;
Text Back Ground (Red) ;
Write (‘Қызыл экранға сары символдар шығарылады’) ;
Text Color (Yellow-Blink) ;
Write (‘Жыпылықтайтын сары символдаршығарылады’) ;
Text Color (6) ;
Write (‘Экранға қоңыр символдар шығарылады’) ;
Экран түсі мен символ түсі бірдей болса, мәтін көрінбей кетеді. Төмендегі программа әр түрлі түстерді пайдалану мүмкүндіктерін көрсетеді.
Program sdet;
Uses Crt;
Const col: array [1 . . . 15] of string [12] = (‘қара көк’, ’қою жасыл’, ’көгілдір’, ’қызыл’, ’күлгін’, ’қоңыр’, ’боз’, ’сұр’, ’көк’, ’көкшіл’, ’көгілдір’, ’қызғылт’, ’ашық қызыл’, ’сары’, ’ақ’) ;
Var
K: byte; I: integer;
Begin
For k: =1 to 15 do
Begin
Text color (k) ;
Writeln (k, ’-түс с «, »-«, col[k] ) ;
End;
Text Color (light Gray) ;
Writeln;
End.
Бұл программа орындалғанда экранға түстің нөмірі және оған сәйкес түс аттары өз түстерімен боялып шығады.
Енді экранды тазалайтын бірнеше процедуралар қарастырайық.
ClrScr-экранды немесе терезені тазалап, курсорды экранның сол жақ жоғарғы бұрышына көшіреді, текмәтіндік режімдежұмыс атқарады;
ClrEol-курсордан жол соңына дейінгі символдарды өшіреді;
DelLine-курсор орналасқан жолдағы символдар түгел өшіріледі де, төмендегі жолдар бір қатар жоғары көтеріледі;
InsLine-курсор орналасқан позиция жаңа жол енгізіледі де, төменгі символдар бір қатарға төмен түседі.
Турбо Паскаль тілінде курсорды басқаратын және оны кез келген экран нүктесіне орналастыратын процедуралар да қарастырылған.
Goto XY(X, Y: byte) ; -курсорды кординаталары X, Y болып келетін экран нүктесіне көшіреді. X сол жақ шеттен оң жаққа қарай, ал Y жоғарыдан төмен қарай берілген қашықтықтар бірлігін көрсетеді. Егер экран толық ашылған терезе деп қарастырылса, онда 25 жолдан және әр жол 80 символдан тұратын дисплей адаптерінің мәтіндік режімінде Х=1. . 80, ал Ү=1. . 25 мәндеріне сәйкес келеді. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышы кординаталары-(1, 1), оң жақ төменгі бұрыш үшін-(80, 25) болып келеді.
Мысалы:
ClrScr; {Экранды тазарту}
GoTo X Y (33, 4) ; {Курсорды 4-жол ортасына көшіру}
Write (‘’) ;
Сонымен бірге экранда терезе жасау мүмкүндігі бар. Оны орындайтын программалар да процедура түрінде берілген.
Window (XI, Y1, X2, Y2: Byte) ; -экранда терезе құру процедурасы, XI, Y1, X2, Y2-терезе төртбұрышының сло жақ жлғарғы және оң жақ төменгі төбелерінің кординаталары. Ең кішк терезе бір символды ғана қоршаса, ең үлкен терезе (1, 1, 80, 25) мөлшеріндебүкіл экранды алып тұрады, Мысалы:
Window (1, 1, 80, 25) ; {Толық экранды терезе}
Window (19, 7, 59, 16) ; {Экран ортасындағы терезе}
Терезені пайдалану жолын төмендегі программадан көруге болады.
Program tereze;
Uses crt;
Var k: integer;
Begin
Text Background (5) ;
Window (4, 3, 36, 18) ; text color (14) ;
For k: =1 to 100 do writeln;
Goto XY (8, 8) ; writeln (‘ENTER ПЕРНЕСІН БАСЫНДАР’) ;
Readln;
Text Background (12) ; text color (15) ;
Window (39, 3, 71, 18) ;
For k: =1 to 100 do writeln;
Gobo XY (3, 8) ; {курсорды жаңа орынға көшіру}
Writeln (‘ЖАҚСЫ, ENTER ПЕРНЕСІН БАСЫНДАР’) ;
Readln;
Text mode (Co80) {Барлық графикалық нұсқауларды өшіру*}
End.
Бұл программа орындалғанда экранның сол жақ бөлігіндекүлгін түсте ішінде сары түспен жазылған ‘ЖАҚСЫ, ENTER ПЕРНЕСІН БАСЫНДАР’ сөзі бар екінші терезе пайда болады.
Дисплей экранға нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әр бір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International вирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
3. Графикалық процедуралар мен функциялар
Қазіргі компютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Турбо Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланады. Бұл графикалық процедураларды IBM PC тәрізді дербез компютерлерде пайдалануға болады. Турбо Паскаль тілінің нұсқаларындағы нөмірінің өсуіне қарай 4. 0, 5. 0, 7. 0 графикалық процедуралардың мүмкүндіктері де өсіп отырады. Ол процедуралар, негізінен, GRT кітапханасында жинақталған.
Біз бұл оқулықта CRT және GRAPH кітапханалардағы процедураларды пайдаланамыз. Компютер экраны, әдетте символдық режімде болады. GRAPH модулінде орналасқан кітапханадағы процедуралар мен функцияларды пайдалану үшін программа элементтерін сипаттау бөлігінде
USES GRAPH;
Түиінді сөзін пайдалану керек. График сызуда CRT кітапханасындағы процедураларды пайдалану қажет болса, онда
USES GRAPH CRT
Жолы қолданылады.
Жалпы дисплей адаптерлері графикалық режімде 200, 350тіпті 600 нүктеден тұратын экран жолдарының әрқайсысында 640, 720, 800 нүкте тізбегін бейнелей алады. Мұндағы нүкте деп отырғанымыз-өлшемі 0, 8х1 мм 2 (CGA үшін) болып келген кішкентай тіктөртбұрыш яғни пиксель. Әрбір нүктенің кординаталары екі бүтін санмен (Х, Ү) анықталады. Дисплей экранның график салу үшін оның нүктелерінің координаталарын көрсету қажет. Координаталар басы (0, 0) болып экранның сло жақ жоғарғы бұрышы есептеледі. Х координаталары солдан оңға қарай, ал Ү мәндері жоғарыдан төмен қарай өсіп отырады. Мысалы, EGA адаптершнің EGAHI режімінде экран бұрыштарының координаталарын Х=0. . 639, Ү=0. . 199аралығында көрсету қажет. Экранда Х өсі солдан оңға қарай, Ү өсі жоғарыдан төмен қарай бағытталған. Олардың ең жоғарғы мәндері пайдаланылған адаптерге тәуелді болады, яғни (0, 0) -(320х200), (0, 0) -(640х200), (0, 0) -(800х600) аралықтарындатағы басқа болуы мүмкүн. Сонымен, графикалық режімде экрандағы кез келген объект көрініп тұрған нүктелер тобынан тұрады. Мәтіндік режімінен графикалық режімге көшкенде экран тазартылады. Графикалық режімде экраннан курсор көрінбейді. Дисплей экранның бетіне нүкте, түзу немесе қисық сызық шеңбер, эллипс және кез келген тұйық сызық сызып шығуға болады. Сонымен қатар тұйық сызықтардың ішін әр түрлі түске бояп қоюға да болады. Сызықтарды жылжыту, айналдыру және басқа орынға көшіру арқылы көрнекі бейнелер мен мультфильм жасауға болады. Графи тұрғызу үшін оны шығару немесе бастау нүктесін көрсету қажет. Мәтіндік режімде ол курсор позициясы болып саналады, ал графикалық режімде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ экранды көрінбейтін курсор тәрізді сілтеме белгі СР бар. Негізінде, оны да курсор деп қабылдауға болады.
Графикалық режімде жұмыстарды атқаратын Турбо Паскальдің 7. 0 нұсқасында графикалық процедуралар мен функциялар өте көп, енді біз солардың негізгілеріне тоқталып өтеміз.
GRAPH модулінің процедуралары мен функциялары. Графикалық режімді іске қосу.
Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режімін орнату керек. Турбо паскаль тілінде алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әр қайсысы үш түрлі режімнің бірінде жұмыс істей алады. Драйвер типі мен оның режімі санмен немесе тұрақты түрде белгіленеді.
Графиктік режімдерді анықтайтын тұрақтылар мен оларға сәйкес адаптерлер типі астағы кестеде берілген.
GRAPH модулі іске қосылысымен оныңішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.
Графикалық режімді алғашқы рет іске қосу үшін Init Graph процедурасы қолданылады, оның жазылуы:
Init Graph(Driver Var, Mode Var: integer, Gol: string) ;
Мұндағы Driver Var, Mode Var деп аталатын бүтін типтегі екі айнымалы драйверді және жұмыс режімін анықтайды. Мысалы:
Driver Var:=VGA; Mode Var:=VGALO;
Алғашқы параметр тұрақты түрінде немесе нөмірменде беріле береді, мысалы, төмендегі операторлар бідей болып саналады:
Driver Var: =VGA; Driver Var: =9;
Егер дисплейтипін көрсеткіміз келмесе немесе оны білмесек, стандартты Detect тұрақтысын қолданамыз. Сонда Init Graph процедурасы көмегімендрайвер автоматты түрде таңдалып алынады да, оның тиімді режімі де өзінен өзі орнатылады. Процкдураның Gol деп аталғанүшінші параметрі Graph модулінің маршрутын, яғни жолын көрсетеді. Егер ол модуль ағымдағы каталогта немесе бумада болса, онда оның орнына екі апостроф қойылады. Сонымен, осы айтқандарымызды программаның бас жағына мынадай жолдар арқылы жаза аламыз:
Uses Grt, Graph;
Var Driver Var, Mode Var: integer;
Begin
Driver Var: =Detect;
Init Graph (Driver Var, Mode Var, ’\TP\GRAPH’) ;
Мұндағы Driver Var-графикалық адаптердің типі; Mode Var-оның жұмыс режімі; ‘\TP\GRAPH’-графикалық адаптердің орналасқан орны, яғни жазылған бумасы, егер ол ағымдағы каталогнемесе бума болса, онда тек ‘’белгілері ғана жазылады. Адаптерді автоматты түрде таңдап алу үшін Driver Var:=Detect; деп көрсетіледі. Кез келген программада осындай жолдар орындалғаннан кейінграфикалық мүмкүндіктер пайдалана бастайды.
Графикалық режімнен шығу үшін параметрсізжазылатын Close Graphпроцедурасы пайдаланылады. Бұл процедура орындалғанда барлық графикалық режімдер алынып тасталадыжәне бейнелер буфері босатылады.
Get Graph Mode: Integer; функциясы адаптерінің, яғни графикалық драйвердің ағымдағы режімінің мәнің береді.
Set Graph Mode-бұл процедура графикалық режім орнатады да, экранды тазартады, мұндағы Mode-орнатылатын режімнің коды. Мысалы осы процедура арқылы графикалық режімнен мәтіндік режімге шығуға және кері ауысуға болады.
Program reg;
Uses graph;
Var f, g: integer;
Begin
F: =detect; initgraph (f, g, ‘’) ;
Writeln (‘гарфикалық режім’) ;
Writeln (‘Enter-ді басыңдар’) ;
Readln;
Restore CRT Mode; Writeln (‘мәтіндіік режім’) ;
Readln;
Close Graph
End.
Бұл программа графикалық режімнен мәтіндік режімге көшуге және кері көшуге арналған.
Move To -курсорды көрсетілген мәндері бойынша жаңа кординаталарға жылжыту.
Move Rel - курсорды тұрған нүктесінен әрі қарай DX білігіне көлденең, DY бірлігіне тікебірлікке орын ауыстыру.
Restore GRT Mode процедурасы графикалық режімнің алдындағы режімді қалпына келтіреді. Оның Close Graph процедурасынан өзгешілігі-қойылған графикалық режімдерді өшірмейді, буферді тазаламайды.
GetX: Integer функциясы Х кординатасының ағымдағы мәнін береді.
GetY: integer функциясы Ү кординатасының ағымдағы мәнін береді.
4. Геометриялық обектілердіқұру процедурасы
Нүкте салу операторы. Экранның кез келген жеріне нүкте салуға болады, GRAPH модулінде нүкте Put Pixel процедурасы арқылы салынады, оның пішімі
Put Pixel (Х, Ү:integer; color: word) ;
Мұндағы Х, Ү-нүкте кординаталары, color оның түсін анықтайды. Мысалы, for i:=1 to 60 do Put Pixel(I, 1, Red) ; операторы бірінші қатарға 60 қызыл нүктеден тұратынсызық салады. Экран бетіндегі бұрын салынған нүктенің орнын анықтау үшін:
Get Pixel(X, Y: integer) : word;
Функциясы қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz