Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы



Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Ақша және ақша жүйесі.
1.1 Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Ақша айналымы және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Инфляцияның себептері, мәні және оның экономикалық . әлеуметтік салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ. Жалпы экономикалық тепе . теңдік және оның бұзылуы.
2.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ... ... ... ..23
2.3 1993 ж Қазақстандағы ақша реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ІІІ. ҚР инфляцияны реттеу және тұрақтандыру саясатын жүргізу мәселелері.
3.1 Қазақстандағы инфляцияның процесін болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.2 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде — тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны блдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшыларының тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
2. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
3. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
4. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
5. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
6. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
7. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
9. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
10. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
11. Қазақстан ұлттық банкі. 2000ж.
12. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
13. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2005.
14. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
16. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.
17. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
18. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Ақша және ақша жүйесі.
1.1 Ақшаның қажеттілігі, мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Ақша айналымы және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Инфляцияның себептері, мәні және оның экономикалық - әлеуметтік
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ. Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы.
2.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық
ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .17
2.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік
зардаптары ... ... ... ... ..23
2.3 1993 ж Қазақстандағы ақша
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 28

ІІІ. ҚР инфляцияны реттеу және тұрақтандыру саясатын жүргізу
мәселелері.
3.1 Қазақстандағы инфляцияның процесін
болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..32
3.2 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .38

Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
"Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну)
ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың
Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің")
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-
ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал
бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде —
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы
ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп,
осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы
инфляцияны блдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік.
Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз
ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз доллардың
екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшыларының тұрмыс
жағдайына зардапты ықпалын тигізеді.
І. Ақша және ақша жүйесі.
1.1 Ақшаның қажеттілігі, мәні және түрлері.
Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін
түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті
ақшаның нарық тілі деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің
тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті
негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан
туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты
болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге
айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін
туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т1 сызбасы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу - сатуда делдал ретінде
әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу
керек және осы сомаға басқа тауарды (Т1) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ
балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта
сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы
мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен
ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен
айналысының өнімі, олардың айрықша тауар жөніндегі мәселелерді тақырыптың
келесі тарауларында сөз етеміз.
Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы
процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына
қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға
қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының
маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында
маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол
тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс
аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл
тауар әлемінең ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді
және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол
жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер
арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі
жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен
еңбекақы орналасқан.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету
мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс
деп есептедік. Бұл сызба Деньги, банковское дело и денежно-кредитная
политика кітабында (Мәскеу-Ленинград, 1991 ж., 13-бет) келтірілген.

1 сызба. Тауарлар мен қызметтер ағымының сызбасы

Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй
шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғалар) айырбастайды,
бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы
ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі
бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы
бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары)
және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның
төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығындағы фирмалар өз өндірістері
үшін қажетті ресурстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды
сатып алады.
Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл
шаруашылықтар сәйкес ақша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни
төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрді қабылдайды.
Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық аймалымдағы ұлттық табыс пен
ресурстар қозғалысы көрсетілген.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол
шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша
еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша
еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені
материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны
мен сапасына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан
туындайды:
- шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес,
сонымен қатар құндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;
- меншік нысандарының әр түрлі болуымен және оларға сәйкес
өндірістік қатынастардың болуымен, олар тауар-ақша қатынастарына
негізделген коммерциялық есеп негізінде шаруашылық қызметтің
ұйымдастырылуын және жүргізілуін алдын ала болжайды.
2005-2007жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы
Көрсеткіштер 2005 2006 2007
Инфляция жылына орташа, % 4-6 4-6 3-5
жылына орташа
Қайта қаржыландыру 6-7 5-6,5 4,5-6
жылдың соңына
Алтын-валюта резерві
млн АҚШ доллары 3355 3541 3673
өзгерістер, % 11,5 5,5 3,7
Ақша базасы
млрд теңге 237 268 304
өзгерістер, % 14,8 12,9 13,9
Ақша массасы
млрд теңге 865 1008 1168
өзгерістер, % 22,4 16,6 15,9
Банк жүйесіндегі резиденттердің
депозиттері
млрд теңге 671 788 910
өзгерістер, % 23,3 17,4 15,5
Экономикаға беретін банктің несиелері
млрд теңге 571 718 866
өзгерістер, % 30,1 25,7 20,8
Халықтың теңгедегі мерзімді 11,0 9,0 7,5
депозиттерінің орташа өлшенген
мөлшерлемесі, %
Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі 16 15 13,5
несиенің орташа өлшенген
мөлшерлемесі, %

1.2 Ақша айналымы және оның құрылымы
Әр елдің өзінің калыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің
елдегі экономикадағы рөлін өзінің аткаратын негізгі қызметтері аркылы
орындайды.
Телем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі
қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — "ақша айналымы" деп аталады.
Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің заңды бекітілген формасында
жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымынын болуы
("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен
ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер");
ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен
бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты
"қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалык
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
коймай, сол сияқты қаржы және несие катынастарына да қызмет етеді.
Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында
бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің
дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толык бағалы) ақшалар және
құндык белгілер (толык бағалы емес акшалар).
Қағаз ақшалар (қазыналык билеттер) - бюджет тапшылығы жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгілеген бағамы бар кұнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек кана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады. Олардың айналыста үлғаюы мемлекеттің каржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің
төмендеуі және төлем балансының колайсыздык жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін аткаруымен
де байланысты келеді. Бұл акшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; колма-колсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Сонымен, нағыз акшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен накты
құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы металл ақшалар
мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі
формасы - бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардын, пайда болуы IX
- X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс
монеталар да коса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ.екінші
жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды,
өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және
алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі
мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай
бірігетіндігі, сақталғыштығы арқасьшда толық бағалы ақшалар барлық бес
кызметті де бірдей атқарады.
Ал, алтын айналысы тұсында кұнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған. Алтын өндірісі тауар өндірісі
артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық
өтей алмады.
Жоғары кұнды алтын акшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымы
ынталандырмады.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері
болған:
• металл акшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни казынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық
құрамын төмендету барысында булінуі;
• бағалы металдарды өндірудің қағаз акшаларды шығаруға карағанда өте
қымбатқа түсуі;
• эмиссиондык табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың
құны арасындағы айырма) алу мақсатында казынаның қағаз ақшаларды
шығаруы;
Жай банкнота - бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылатын Орталық
банктің билеттерін білдіреді. Бірақ та олар металлға алмастырылмайды, яғни
өз кезегінде банктің активтерімен ғана қамтамасыз етіледі.
Қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын банкноталар
алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірак олардың белгілі бір дәрежеде
тауарлык немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ак олар қағаз-ақша
айналысының заңдылыктарына бағынады.
Қазіргі кезде банкноталардың эмиссиялануының келесідей үш жолын бөліп
көрсетуге болады:
1. шаруашылықты банктік несиелеу жолымен;
мемлекетті банктік несиелеу, яғни мемлекеттік
қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында;
активті төлем балансы бар елдерде (Германияда, Жапония және т.б.) ресми
валюталық резервтерінің өсуі жолымен.
Бюджет тапшылығын жабу максатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Сонымен,
алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы
елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін
шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға
бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) - номинальдық құны накты
құнынан, яғни олардын, өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
• құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді:
• қағаз ақшаларға
• несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз акшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта
олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде
пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті
мүмкіндігі, олардын айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне
байланысты болды.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: векселъ банкнота, чектер, және
несиелік карточкалар.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі болады:
жай вексель
аудармалы вексель.
Жай вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі ал аудармалы вексель (тратта) - вексель берушінің
(трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген
мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығынан білдіреді.
Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы
туралы қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардын
көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант, вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай вексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері болып
табылады.
Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель - белгілі бір соманы қарызға беруден туындайтын қарыздық
міндеттеме.
Қазыналық вексель — бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық
вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель - кейіннен банкте оларды есепке алу максатында бір біріне
беріледі.
Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
2. абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі көрсетілмейді;
даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті
шара қолданылған дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
айналымдық, яғни баска бір тұлғаларға аударып жазу арқылы
(индоссамент) төлем кұралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік
міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды,

1.3 Инфляцияның себептері, мәні және оның экономикалық - әлеуметтік
салдары.
Инфляция-жалпы баға деңгейі мен ақша белгілерінің нақты активтерге
қатынасы бойынша өсуі мен құнсыздануы арқылы көрінетін көп факторлы
құбылыс.Жеке тауарларға кез келген баға өзгерісі инфляция болып табыла
бермейді.Ол өнімнің сапасының жақсаруына,сыртқы саудаға,басқа факторларға
байланысты өзгерген болуы мүмкін.Баға мен шығындардың жалпы төмендеуін
инфляцияға қарама-қарсы дефляция деп атайды.Яғни инфляция қарқынын
төмендетуге арналған процес.Баға өсуінің баяулауы дезинфляция деп аталады.
70-80 жылдардағы баға өсуі үздіксіздігі,жалпыламалығы,бір қалыпсыздығы
мен ерекшеленеді.
Экономикалық әдебиеттерде инфляцияны келесі түрлерге бөледі, мұны
келесі сурет №1 көрсетіледі.

Сурет №1
Инфляцияның түрлері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің "тереңдігіне", антиинфляция саясаты
құралдарына байланысты инфляция айқын және басыңқы формаларда жүреді.Айқын
немесе ашық формадағы инфляция процесі баға өсуімен ұлттық волюталық
курсының төмендеуімен көрінеді.Басыңқы немесе жасырын инфляция жасырын
түрде және өнім сапсының оның ассортимент құрылымының өзгеруі,экономикада
дефицит артып,кезектер көбеюімен белгілі болады.
Зерттеу объектісіне байланысты ұлттық,аймақтық және әлемдік
инфляцияға бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта зерттеу объектісі болып
көтерме және бөлшек сауда динамикасы,елдербірлестіктері деңгейінде
халықаралық нарықта (мысалы:Евро Одақ) қандай да бір елдегі ЖҰӨ дефляторы
болып табылады.
Жүйеге қатынасы бойынша ішкі және сыртқы факторлар әсерімен болған
инфляция қарқынына байланысты импорттық және экспорттық инфляцияға
бөлінеді.Елдегі қатаң волюталық курс ұсталған жағдайда импорттық тауарларға
кез келген бағаның көтерілуі елдің ішіне импорттық инфляцияны
әкеледі.Елдегі инфляциялық процестің дамуына бұл фактордың маңызды ЖҰӨ-ң
жалпы көлеміндегі сыртқы сауда үлесіне тәуелді.Ол жоғары болған сайын
"импорт" инфляцияның эффект тиімділігі соншалықты жоғары.
Бағаның өсу қарқынына байланысты:жылына 10%-қалыпты немесе баяу
инфляция.Жылына 200%-"галопирлік" немесе "латындық" инфляция деп
бөлінеді.200%-тен жоғары-"гиперинфляция" (Амерыкалық экономист Ф.Кеганның
есептеуі бойынша-айына 50%-тен жоғары).
Инфляцияның қандай типі болып жатқанын анықтау үшін баға өсу қарқынының
қоғамдық ұдайы өндірістің параметрлерінің өзгеруіне байланысты анықтауға
болады.Баяу инфляция ұдайы өндіріс процесінде теріс әсерін қатты тигізе
қоймайды.Ал "галоперлік" инфляцияның юолуы экономика құрылымындағы
диспропорцияның пайда болуы туралы мәлімдейді."Гиперинфляция" ұдайы өндіріс
пропорцияның шындап бұзылғанын,экономиканың тоқырау алдында тұрғанын
білдіреді.
Экономикалық баға өсу қарқынына бейімделуіне байланысты инфляцияны
балансталған және балансталмаған деп бөледі.Бірінші жағдайда бағалар баяу
және тұрақты өседі.Қалған макроэкономикалық көрсеткіштер іс жүзінде бірдей
өзгереді.
Ал баланстанбаған йнфляция кезінде тауарға бағалар бірден жоғары
көтеріліп кетеді де,экономика өзгерген жағдайларға бейімделіп үлгермей
қалады.
Инфляциялық процеске мемлекеттің әсер ету қабілетіне байланысты
бақыланған және басқарусыз инфляция болып бөлінеді.Бірінші жағдайда-
мемлекет орташа мерзімде бағаның өсу қарқынын азайта немесе арттыра
алады.Екінші жағдайда-инфляция деңгейін тоқтататын нақты шаралар жоқ.
Экономикада сұраныстың өсуі жағдайында ЖҰӨ көрсеткішінің өзгеруіне
байланысты шынайы және жалпы инфляция болып бөлінеді.Жалпы инфляция кезінде
бағаның өсуінен асып түсетін нақты өндіріс көлемінің артуы (ЖҰӨ көлемінің
өсуі). Екінші кезеңде сұраныс қысымының артуына байланысты шығындардың
өсуі,ақша айналымының бұзылуы өндіріс стагациясы (номиналдық ЖҰӨ көлемінің
өсуі) пайда болады.
Болашақ бағаның өсу қарқынын және оған бейімделу дәрежесін анықтайтын
шаруашылық агенттерінің болжауының қаншалықты дәлдігіне байланысты
болжанған және болжанбаған инфляция деп бөлінеді.
Инфляциялық процесті тудыратын және өрбітетін факторларға байланысты
сұраныс және шығындар инфляциясын бөледі.
Осылайша инфляция- қоғамдағы жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын көрсетеді.Айналымдағы ақшаның мөлшерінің
немесе олардың айналым жылдамдығының артуы жиынтық сұранысты өсіреді және
керісінше.Жиынтық сұраныстың өсуіне әкелетін айналымдағы ақша массасының
өсуі түрлі себептермен болуы мүмкін:экспансиялық қаржылай
саясатқа,мемлекеттік саясатқа,"баспа станогының" көмегімен бюджет дефицитін
жабу,несиені ұлғайту режимі инвестициалық бум тұтынушылардың талғамының
өзгеруі және т.б.Сұраныс тудырған инфляция дамуына схема бойынша
бөменлегідуй болады.
Инфляция процесінің дамуының бұл түрі сұраныс инфляциясы деген атау
алады. Сұраныс инфляциясы деңгейі жиынтық ұсыныс қисығының формасына
тәуелді және келесі факторлармен анықталады:
- экономиканың өсуінің орташа жылдық қарқынымен.
- еңбек нарығындағы жағдаймен және толық жұмысбастылық деңгейімен.
- жиынтық сұраныс компоненттерінің өсу динамикасы қарқынымен.
- шаруашылық агенттерінің болашақтағы баға өсуін болжай алу қабілетімен
байланысты.

Сурет №2
Сұраныс инфлияциясының өсуі.

Нақты өндіріс көлемі

Экономикада инфляция жиынтық ұсыныстың өзгеруімен болуы да
мүмкін.Схемада бұл жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай қозғалысын
көрсетеді.Нақты өндіріс көлемі төмендеп,бағалар көтеріледі.
Экономикада сұраныстың өсуі бағаның,еңбекақының,жұмысбастылықты ң нақты
көлемінің өсуіне әкеледі.Бұл процес шығындар инфляциясы ретінде көрінеді.Іс
жүзінде инфляцияның екі түрі де бір мезгілде жүреді және өзара әсер атеді.

ІІ. Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы.
2.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір
пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша
қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе
қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық тал-дау
мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі
экономикалық мектептің "монетарлық және кейнстік макроэкономикалық
үлгілердің пайда болғанын керсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық
дәстүрлерге сүйеніп, XVIII ғасырда пайда болды. Бүл теория экономика
ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30 - 40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген
ақшаның сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің
негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары. Д. Юм, Дж. Милль, А.
Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И. Фишер,
шведтік Г. Кассель мен Б. Хансеи. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа
варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50—60-жылдардағы еңбектерінен
көрінеді" (М. Фридмен, К. Брунчер, А. X. Мельтцер).
Монетаристер экономиканы дамытуда ақшаның рөліне үлкен мән береді.
Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының
маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны — ақшаның маңызы бар ал
көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды. Кейінірек қазіргі
монетаристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі
ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің
айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық варианттың сандық
теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі постулаты (жорамалы)
мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының - ұсынысымен
анықталады. Басқаша айтқанда, акшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі
жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі
деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А.
Пигу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:
М-S = KRY
Мүнда M-S— ақшаның номиналды саны: k — номиналды табыс пен қажетті
ақша калдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы
пропорция Р — бағаның абсолютті деңгейі, Ү—нақты табыс.
Егер К мен Ү — өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есеп-тесек, онда
ақшаның номиналды саньшың өзгеруі M-S бағаның абсолютті деңгейінің
де өзгеруіне әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің "Ақшаның сатып алу күші" (1911)
деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп
шығарды: М-SV = РҮ мұндағы V — ақша айналымының жылдамдығы. Осындай
жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда козғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге белсек, мына формуланы aламыз:
Демек, V мөлшері кембрвдж формуласыңдағы k мөлшеріне кері әсері
бар. Бүл қисын былай гүтіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарын
сақтаса (k — төмен) онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының
жылдамдығын арттыру керек (V жоғары) .
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теориясы математикалық тұрғыдан үш
тендік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз
байланыста (толығыра қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990;).
Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша калдығына сұранысты суреттейді:
М2 = KRY
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды:МS = М-S
Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді:
МS = МД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-
теңдігін сақтайтындай жоспарланған ұсынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, неоклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық
үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс
дәрежесінің қызметі ( РҮ), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни
ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.
График түрінде бұл үлгіні былай көрсетуге болады.
МSМS — ақшаны ұсыну қисық сызығы.
ОМД — ақшаға сұраныстың қисық сызығы.

Р Mд
РА
Мs

РВ

0 МS1 МS М

Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р)
бейнеленген. Баға дәрежесі өскен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға
сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық
жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген
сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс
қисық сызығының көп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныстың қисық
сызығы МsМs тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.
Баға РA — деңгейінде тағайындалғанда ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың
қисық сызығы қиылысқан нүктесінде ақша рыногының неоклассикалық үлгісі
теңдік жағдайда болады. Егер баға жалпы деңгейлік РА көлеміне дейін
төмендесе, онда тең Мs = Мs , артық ақша ұсынғысы шығады.
Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар өсіп РА деңгейіне
жақындайды. Сөйтіп, рынокта автоматты теңдік орнату тенденциясы көрінеді.
Кейнсиандық теория ақшаға сұранысты түсіндіргенде неоклассиктерден
мүлдем алшақтайды. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы
теориясы" деген еңбегінде адамдардың ақшалай (өтімді) түрде жинақ сақтауға
ұмытылуының үш психологиялық себебін ұсынды: трансакциондық, алыпсатарлық
және сақтық.
Трансакциондық (ағылшынның trancaction — іс жасау) қалдық қаржыларды
белгілі бір ақша табысының деңгейін ұстап тұру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ТРЕНИНГТЕРДІҢ РӨЛІ
Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы
Нарық тепе-теңдiгi және оған қолжеткiзу механизмдерi
Макроэкономикалық тепе-теңдіктер
«Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялық сұраныс және тауарлы нарықтағы бағалар теңдігі
Нарықтық тепе-теңдік
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Пәндер