Дислалия және оны түзету жолдары


Жоспар:
- КіріспеДислалия туралы түсінікДислалияның түрлері
- Негізгі бөлім
- Дислалияны түзетудің жолдары
- С, з, ц дыбыстарды айтудағы кемшіліктер және түзету жолдары
- Ш, ж, щ, ч дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары
- Р және р’ дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары
- Л және л’ дыбыстарын айтудың кемшіліктері және түзету жолдары
- Үнді дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету жолдары
- К, к', г, . г', х, х'/й/-дыбыстарын айтудағы кемшіліктер және түзету жолдары
- Ы дыбысын айтудың кемшіліктері және түзету жолдары
- Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және оларды түзетудің кейбір жолдары
- Қорытынды
Дислалия гректің dis - бұзылу; logos- сөйлеу деген сөздерінен құралған.
Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және функционалдық болып екі түрге бөлінеді.
Механикалық дислалия, оның себептері
Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме- дәл қиюласып түйіскенде тістену дұрыс болып шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше түрлері болады.
Кемиек (прогнатия) - үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді.
Опырауыз (прогения) - астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады.
Тістенудің қабыспауы- үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тәстенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады.
Азу тістердің қабыспауы- сол жақтың, оң жақтың және екі жақтың болуы мүмкін.
Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады.
Стоматолог- дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді.
Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.
Функционалды дислалия, оның себептері
Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен айтқанда- ешқандай органикалық негіз жоқ.
Функционалдық дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып сөйлесетін болады. Қорытындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қатысып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалануына жиі еліктейді, балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін быдық, кейде тіпті жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудың да ерекше зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Балалардың дыбыс айту кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің себебінен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді, өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір- біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы, ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда. Қорытындысында, дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін, ал егер олай болса, қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.
Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды.
Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10%- не дейінгілерінің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды бөлшектеп мүшелегенде байқалады.
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл- ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл- ойы кеміс балалардың 55%- тен көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі.
Дислалияның түрлері
Сөйлеу тілі мүшелерінің күрделі қимылдарын және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін м, н, т, п дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез келгені жиі бұзылып айтылатындығы байқалады.
Әсіресе сөйлеу тілі мүшелерінің қиын айтылатын р, л тіл дыбыстары, ысқырық /с, з, ц/ және ызың /ш, ж, ч, щ/ дыбыстары жиі бұзылады.
Әдетте қатаң және ұяң дауыссыздар сыңарларымен қоса бірдей бұзылады. Мысалы, бала с, з дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда олардың жіңішке сыңарлары көбінесе дұрыс айтылады, өйткені бұл дыбыстардың жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мүшелерінің ыңғайына қарай келіп тұрады.
Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы түрліше болады, мысалы, кез келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бірі оларды бұрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін.
Бұзылудың осы түрлерін жеке- жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Мчсалы, ракета- акета, тарақ- таақ, батыр- баты.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарады. Мысалы, Р дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілдеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тербеліп, көмейден ырылдаған тұрпайы р дыбысы, тілін шайнап с дыбысын, тілін бұрап бір езуін ш дыбысын, еріндерін үрлеп л дыбысын шығарады.
Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырылып айтылады. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
- жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл арты қ түзелмелі /шұғыл/ дыбыстарын тіл алды т, д шұғыл дыбыстарына алмастырады. /Кәмила- Тәмила, гүл- дүл/.
- сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды с дыбысы тіл алды т дыбысына алмастырылады. /сабын- табын/.
- жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар с дыбысына алмастырылады. Мысалы, Самат- Фамат.
- сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы мен жасалу жолдары ұқсас дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы, ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады. /болат- полат, қозы- қосы/.
- жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырылады. / пяз- паз, өрік- өрық/.
Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым, ал одан көп болса күрделі дислалия дейді.
Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы /мысалы, ысқырықтар/ дыбыситарда болса, оларды мономорфиялық дислалия дейді. Егер бұндай ақаулықтар дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бірнеше топтардағы / мысалы, ротацизм, сигматизм және ламбдацизм/ дыбыстарда болса, оларды полиморфиялық дислалия дейді.
Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай түрлерге бөлінеді:
- Сигматизм - гректің сигма деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық /с, с', з, з' ц/ және ызың /ш, щ, ч, ж/ дыбыстардың айтылу мүкістіктерін білдіреді. Мүкістіктер- сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы ең көп тараған түрлері.
- Ротацизм- гректің ро деген әрпі р дыбысын білдіреді, /р, р'/ дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.
- Ламбдацизм- гректің ламбда деген әрпі л дыбысын білдіреді, л, л' дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.
- сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының ақаулықтары:каппацизм- к, к’ дыбыстарыгаммацизм- г, г’ дыбыстарыхитизм- х, х' дыбыстарыйотацизм- й дыбысы.
/гректің капп, гамма, хи, йота деген әріптері қ, г, х, й дыбыстарын білдіреді/
- ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы- сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтар. Бұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар сыңарларымен орын алмастырады: в- п, д- т, в- ф, з- с, ж- ш, г- ғ, к- қ.
Бұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі.
- жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ақаулықтары. : д’-д, п’-п, к’-к, р’-р.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz