Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Жоспар
Кіріспе
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ . ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Тулғаның экологиялық білімі мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Тулғаның оқу . тәрбие үрдісіндегі экологиялық іс . әрекеттерінің
ерекшеліктері.
Тулғаға экологиялық тәрбие берудің әдіс.тәсілдері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатнастың қарама – қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жұйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.
Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатнастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп – жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
ҚР Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресустар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.
Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы « ҚР жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы « ҚР білім беру туралы » заңында, 1996 жылғы « ҚР эколгиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында » көрсетілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Экологиялық білім бағдарламасы. Алматы, 1999, 65 – б.
2. ДерябоС.Д. Ясвин В.А. Экологическая педагогика и психология. Ростов на Дону:Феникс, 1996, 480с.
3. Миронов А.В. Содержание экологического образавания учителя. Изд. Казанског университета. 1989,220с.
4. Рапацевич Е.С. Современный словарь по педагогике. – Мн: « Современное слово», 2001.
5. Орысша – қазақша сөздік.ІІ – том \\ Ғ.Ғ. Мұсабаев, Н.Т. Сауранбаев. – Алматы: Қаз. совет энциклоп. Бас редак. 1981.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы: Дарын, 2004.
7. Манкеш А.Е. Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары. \\ Халықаралық ғылыми – практикалық конф. матер. Абай атын. АлМУ. – Алматы, 2003.
8. Лихачев Б.Т. Педагогика: курс лекций. – 4-е изд., М.;2003
9. Сарманова К., Перкас Н.К. Экологиялық білім бағдарламасы. « Қаз. мектебі» № 8, 1993.
10. П.Жұмағұлова. Экологиялық тәрбие берудің қазіргі кездегі маңызы. \\ Қазақстан мектебі № 9, 2005.
11. З. Қазмағамбетов. Экологиялық тәрбие беру. \\ Тәрбие құралы, 2005,№6.
12. И.Бодықова. Жеке тұлғаның экологиялық іс - әрекетінің кейбір ерекшеліктері. \\ Тәрбие құралы №2, 2005
13. К. Исламова. Оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдары. \\ Бастауыш мектеп, № 3, 2003.
14. Ш. Жанұзақова. Мектеп оқушыларының табиғатпен қарым – қатнасы \\ Қазақ. мектебі, № 2, 2004.

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми – техникалық
прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым –
қатнастың қарама – қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жұйенің өзін-өзі реттеп отыру
ырқынан шығып кетті.
Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір
сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатнастың
үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп – жетілуіне
ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды
мәселелердің бірі болып отыр.
ҚР Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресустар мемлекеттің
меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.
Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа
экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір
қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы ҚР жалпы білім беретін
мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы ҚР білім беру туралы
заңында, 1996 жылғы ҚР эколгиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында
көрсетілген.
Сонымен қатар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 89 –
бабының әрқайсысы еліміздің болашағын, экологиялық жағынан қаматамасыз
етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге
тиісті міндеттер белгіленіп, эологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға
бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына
себепші – адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш
болашақ бомайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі
иелеріне бүгінгі күннен бастап, табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын
жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.
Ғылымда экология деген ұғымды алғаш айтқан адам – Эрнест Геккель.
Ол экология деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің
табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген экология сөзін дәлме
– дәл аударғанда үй туралы ілім, тұрақ ( мекен) туралы ғылым деген грек
сөзінен шыққан.
Келесі бір экологиялық сөздікте экология (гректің ойкос үй, тұрақ,
мекен және логос– білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған)
қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, олардың өзара қатнастарының, табиғи орта мен байланыстарын
зерттейтін ғылым деп сипаттаған.
Осы тұрғыда Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам –
табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы дейді.
Фрацуз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде
Баланы табиғатпен байланысты тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен
бұрын бала болғанын қалайды деп жазды.
Ал психологтар Л.С.Выготский, С.А. Рубинштейн, И.С. Кан,
Е.М.Кудрявцева, Қ. Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық
білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған орта мен қарым – қатнаста
психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген
тұжырым айтады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің негізі, жас ұрпақ үшін
маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық қатынас, экологиялық
аспектідегі адамгершілік қатынас қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғалым –
эколог И.Д. Зверев Педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық
оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар
қажетдейді. Сондай – ақ, ол пәндерді экологяландыру басты мәселе деп
қарайды.
І. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1.Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Экологиялық тәрбие – жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті
өмірлік мәселеге айналып отыр. Мұның мәні – адамдардың бойында табиғатты
қорғау белсенділігін қалыптастырып, қажетті білім және икемділіктермен
қаруландыру деген сөз.
Қазіргі кездегі мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсаты – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын
үнемді пайдаланудың орасан маңызды мәселе екенін ұғындыру, табиғатқа дұрыс
қарым - қатынас жасау жөніндегі біліммен және дағдылармен қаруландыру.
Табиғатқа ұқыпты қарауға жеке және жауапкершілік сезімі сәбилік кезден
бастап тәрбиеленуі тиіс. Бұл жұмыс неғұрлым ерте басталса, оның
педагогикалық тиімділігі соғұрлым жоғары болмақ.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды.
Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия
ғалымы Чарльз Дарвин. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша тіршілік үшін күресу
ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын
көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға
қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға
ықпалы.
Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін
және өзара қатнасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен
өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу
жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал
соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа
көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның
байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған
байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер
бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы,
рақымсыз іс - әрекетінің нәтжесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын,
сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптер
( химия, мұнай, көмір,АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы
заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары
шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының
қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы
тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға
бастайды.
Соңғы жылдары экологиялық тәрбиеге қалам тартқан Кеңес Одағының
педагог – ғалымдары: И.В.Зверев, А.Н.Захлебный, И.Т. Суравегина,
Ю.К.Бабанский А.П., Сидельниковский, В.П. Иоганзен, В.А.Курбановтвр
экологиялық тәрбиенің психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтап,
экологиялық білім берудің мазмұнын толықтырды.
Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім – тәрбие беру
республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Д. Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.
Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Р.Айтмамбетова,
А.А.Бейсенбеава, т.б. еңбектерінде зерттелінді.
Экологиялық тәрбиенің бағыт - бағдарын, оның әдістемелік жүйелерін
айқындаған қазақстандақ педагог – ғалымдар : А.Бейсенова, Р.Байсекеева,
Н.Нұғыманов, К.Жүнісова, Д.Жангельдина, К.Бұзаубақова, А.Ш.Икрамова Н.С.
Сарыбеков, , А.Тұрдықұлов және т.б.өздерінің зерттеу жұмыстарында
оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін арттырудың педагогикалық тәсілдерін
дамытып, нақтылы әдістемелік жолдар, практикалық ұсыныстар енгізді.
Оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің
мақсаттары мен міндеттері анықталынады.
Оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге
байланысты биологиядан Ә. Қарамергенов, Л.П.Салеев, Т.В.Машарова, физикадан
Э.А.Тұрдықұлов, М.К. Хакимова, табиғаттанудан М.Н. Сарыбеков, Д.І.
Жангельдина, геогафиядан І. Есназарова, қазақ тілі мен әдебиетінен
Ө.Танабаевтар айналысты.
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас
ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатындығы туралы
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов
еңбектерінде де көп көңіл бөлінеді.
Мәселен, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай өз өлеңдерінде табиғат
пен адам өмірін, тұрмыс – тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға
келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады.
Сондай – ақ С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, С.
Торайғыров сияқты қазақ әдебиетінің негізін салушылар да тамаша табиғат
әсемдігін ашатын лирикалық шығармалар қалдырды.
Табиғат әсемдігі, әсіресе жануарлар дүниесі қазақ композиторлары
Д.Нұрпейісова, А.Жұбанов, С.Кәрімбаев, Қ. Сағырбаев шығармаларында музыка
арқылы енеді.
Жоғарыдағы ғұламалардың асыл ойларын, ғалым – педагогтардың ұсыныс
тұжырымдарын ескеріп, экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты ғылым
салаларын саралап құндылық нормативтік көзқарастарын айқындап табиғатты
аялауды, оны тиімді мөлшерде ғана пайдалануды насихаттау жолдарының ұлттық
тәрбие тұрғысында өлкелік принціпке негізделіп, үш мәселені қамтуы тиіс:
бірінші, оқушы, ата – ана, оқу орны, қоғамдық бірлестігімен ұштастырылып
экологиялық тәрбие жұмыстарының ұлттық, тәлімдік тағылымға негізделіп
қарастырылуы; екінші, табиғат өнімдерін тиімді пайдалану шараларын, оның
көптүрлілігін, зат алмасу заңдылықтарын, тепе – теңдік қасиетін және қайта
қалпына келу мүмкіндігін пайымдау; үшінші, адам өміріне, оның денсаулығына
қауіп төндіретін жағдайларды анықтап, олардан сақтану жолдарын қарастыру
және туған өлке табиғатының өсімдіктер әлемін аялап, қорғап – еселендіруде
экологиялық біліктілік, ұлтжандылық, табандылық таныту.
Адамзат қоғамының даму сатысында өзі туып - өскен ортасын сақтау,
қорғау, аялау мақсат – міндеттеріне жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі
күнделікті өмірде өз орнын табуда. Оған дәлелді мысал ретінде атақты ғұлама
ғалым Әл – Фарабидің дүние құбылыстарын философиялық тұрғыдан негіздеп,
соның ішіндегі табиғаттың адам өмірімен байланысын ашып, этикалық (
экологиялық) және заң нормаларымен байланыстырып, қоршаған ортаны қорғауды
мінез – құлық нормаларына айналдырып, жастардың рухани адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелеуге нұсқаулар беруі.
Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Хас Баласағұни, Мұхаммед Әл –Қашқари,
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы және де басқа ғұламалар өздерінің шығармаларында
жаратылыс табиғат, жер, адамдарды жаратушы күш – Тәңір жайлы ойларын
түйіндей келе табиғатпен (дүниемен) тілдесіп, онымен адамша сұхбат
жасаған. Ал, дүние болса - әрбір адам болмысы, ғұмыры. Сондықтан да
адам баласы басқа адамдармен табиғатпен етене бірлікте болып
шапағатты мейірімділікпен, кісілік – қасиеттермен қарым – қатнас жасап
отыруы керек.
Ақын – жыраулар (Қорқыт - ата, Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал, Дұлат,
Ақтамберді, т.б.) поэзиялық еңбектерінде қазақ халқының өмір бойы
табиғатпен байланыста болып, жеке адамның сана - сезіміне ақыл –ойын
тәрбиелеуде оның сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген.
Қазақ зиялылары: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет
Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев,
Мұқтар Әуезовтер асыл туындылары арқылы табиғатты аялап, қорғаудағы ұлттық
дәстүрлерді дәріптеп, жастарды білімді, іскер, парасатты, арлы, ұятты
табиғатқа шын мәнінде жанашыр азамат етіп тәрбиелеуде баға жетпес үлестерін
қосты.
Өркениетті елдердің экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғаудың
жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, соған байланысты іс – шараны үйлестіріп
отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет ( ЮНЕСКО)
жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Сол себепті ЮНЕСКО
–ның Бас директоры Ф. Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына
өзек ете отырып, оны мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу
орындарына дейін жүргізу, мұғалімдер мен басқару аппаратын осы бағытта
дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп
есептейді. Оның: Біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымыз
бен өзендерімізді, егістік пен орманымызды жанымыздай сүйе білуге тиіспіз,
осы қарапайым қағиданы әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіре білмесек, онда
қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жадағай
түсінік болып қала береді, - деген болатын.
Алғаш рет әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп
көрсеткен профессор В.Н. Скалон: Гүлденген табиғат арман емес, бұл –
шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу
іскерлігімізге байланысты дей келіп, Баланы жастайынан тірі затты
аяушылыққа дағдыландыруға тиістіміз, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол
өсімдік болсын - деген еді.
Ал көрнекті ағартушы М.Жұмабаев Балалық шақта алынған әсер ер
жеткенде адамның ақылының, ой – пікірінің hәм мінезінің қандай дәрежеде
болуына негіз салады деді. Балаға кішкене кезінде табиғат әсері күшті
болатындығына ерекше мән беріп, жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар.
Бала бұлақтың былдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін,
теңіздің гүрілдегенін естісін, жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатырды,
түрлі – түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс
сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Осылайша балада сұлулық
сезімдері еріксіз оянады - деген тұжырым жасайды. Әрине, жас кезінен
табиғат сұлулығынан әсер алып өскен баланың оны аялай білу сезімі де қатар
дамитындығына шек келтіруге болмайды деп жазды.
Ағартушы айтып отырған мұндай сезімдер мектепке дейінгі мекемелер мен
баланы мектеп алды дайындау сыныптарынан басталып, әрі қарай жалғасын
тапқанда ғана нәтижелі болары сөзсіз. Сонда ғана бала бойындағы табиғаттан
алған әсерлі сезімі есейе келе оның қоршаған ортаны қадірлеуімен, оған
деген қамқорлық сезіммен ұштасуына, сөйтіп экологиялық тәрбиенің алғашқы
нышанының қалыптасуына жетелейді.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді жеке адамды қалыптастырудың басқа
салаларынан, бәрінен бұрын қоғамдық саяси салаларынан бөліп алмау керек.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатнасы көп жағдайда дүниетанымдық
мәселе болып табылады.
Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан табиғатты
бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп қамқорлық
көрсетудің маңызы зор. Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі
өміріне де игі әсерін тигізеді. Табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы
рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады, оны табиғатқа қатыгездік
әрекеттерден сақтандырады.
Өзі табиғатпен үйлесімді бірлікті сақтамайтын адам бойында жарасымды
қасиет те болмайды. Үйлесімді адам деген түсінікке, әрине адамның туған
табиғатпен жарасымдылық табуы туралы ұғым жатқызылады. Бұл үйлесімділік
оның табиғатпен етене араласуына, шынайы қарым – қатнасына қарамастан, туа
біткен қасиет емес. Ол қасиет тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Табиғат
үйлесімділігі мен сұлулығын тану адамның өз - өзімен, өзге адамдармен толық
келісім табуына жәрдемдеседі.
Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезімімен ғана емес, олардың
біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де
адамдар экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және
жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс - әрекеті осы
заңға сәйкес жүргізілсе ғана осы кезге дейін жиі болып тұрғандай адамның
табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып
табылады.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік
іс - әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны
әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және
өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында әр
түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік
еңбек арқылы іске асырылады.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында
пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй
мүліктерін, киім – кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заңдарын қалай
пайдаланумен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі
іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму
кезеңінде фенологиялық бақылау жүргізу; мектеп қоғамдық мүлікті
ұқыптылықпен күту; тұрмыста электроэнегияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен
қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып
отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге
негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс -
әрекетінің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін.
Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналастыруға аймақ
табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу
талап етіледі.
Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман – тоғай шаруашылығын,
мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы
аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады.
Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс
болуы қажет: жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды
игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық
заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке
алып отыру.
Сонымен, оқулардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру, табиғатты
қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану, экологиялық мәдениет негізінде
дұрыс тану көзқарасын қалыптастыру.
Қазіргі кездегі мектеп міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың экологиялық
білімі мен көзқарасын қалыптастыру, табиғатты қорғауға, табиғи қорларды
тиімді пайдалануға дайын білікті азамат ретінде тәрбиелеу.
Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің тәуелсіз
мемлекетіміздің оқу жүйесінде экологиялық білім берудің ғылыми
бағдарламасын жасау қажеттігі туындады. Ол бағдарлама 1999 жылы
жасалынды. Жалпы алғанда үздіксіз экологиялық білім берудегі ғылыми –
теориялық және әдістемелік – педагогикалық негіздерін жасауда ұлы
ағартушылардың, соның ішінде қазақ ағартушыларының еңбектері
басшылыққа алынады. Мысалы, А.Құнанбаев, Ш.уалиханов, Ы.Алтынсарин,
М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, І.Жансүгіров, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллиннің
еңбектерінде үздіксіз экологиялық тәрбие және білім беру қағидалары
айтылды.
В.И.Вернадский өзінің әлемге әйгілі философиялық ғылыми
еңбектерінде адамзат баласының биосферамен тікелей қарым – қатынаста
өмір сүретіні және биосферамен қорғау қажеттігі туралы қоғамдық
пікірдің ғылыми – теориялық, педагогикалық – психологиялық негізін
қалаған. Ал, кейінгі жылдары экологиялық білім беру мен тәрбие
беруде В.И.Вернадский идеялары басқадай ғалым педагогтардың И.Т.
Суравегинаның, Н.Д.Зверевтің, А.Н.Захлебныйдың ғылыми- педагогикалық
еңбектерінде көп айтылады.
Экологиялық білім берудің қазіргі замандағы тұжырымдамасы –
ғылыми теориялық негіздері оларды жүзеге асыру проблемалары мен
бағдарламалары 1968 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы және
ЮНЕСКО комитетінің үйлесімділік халықаралық симпозиумдары мен
конференцияларында жан – жақты талқыланып белгілі түрде шешімдер
қабылдады. 1970 жылы Стокгольм, 1972 жылы Тбилиси қаласында
экологиялық білім беру туралы халықаралық ғылыми симпозиумдар мен
конференциялар өткізілді. 1992 жылы әлемге әйгілі болған Рио – До –
Жанейро қаласында өткізілген. Бүкіл дүниежүзілік экологиялық білім
беру мен тәрбие берудің ғылыми – теориялық конференциялары да
өткізілді. Мұнда экологиялық білім беру мен тәрбие беру
проблемаларын қайтадан қарап, бірнеше қосымшалар енгізілді. Оның
негізгі қағидалары үш бағытта жүретінін айқындап берді.
1. Биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экология бойынша ғылыми –
педагогикалық жүйені құру;
2. Экологиялық білім беру мен тәрбие беру жүйесінің ғылыми –
педагогикалық әдістемелерін құрып, оларды іске асыру, экологиялық
тәрбие және білім беруді ғылыми практикалық жолға қою;
3. Халық арасында экологиялық үгіт насихат жұмыстарын кең көлемде
жүргізу.
Бүгінде Қазақстан Республикасы бойынша география ғылымдарының
докторы, профессор Ә.С.Бейсенова жасаған Мектептерде оқушыларға
эологиялық білім беру және тәрбие беру концепциясы(1987), Қазақстан
Республикасында эколог мамандарды даярлау концепциясы (1987),
Қазақстан Республикасында экологиялық білім беру мен тәрбие берудің
ұлттық стратегиясы (1998), және Қазақстан Республикасы Білім және
Ғылым министрлігі бекіткен, Экологиялық білім беру бағдарламасы (1999),
сонымен бірге Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Алматы,
Орал, Петропавл) өткізілген экологиялық білім беруді жақсарту
проблемалары атты ғылыми – педагогикалық конференциялардың ғылыми –
практикалық шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасында жас
жеткіншектерге және халыққа үздіксіз экологиялық білім беру мен
тәрбие берудің ғылыми – педагогикалық негіздерін жасауға мол ғылыми
деректер жинақталып, экологиялық білім беру мен тәрбие беру
проблемалары жақсара түсті.
Экологиялық білім беру мен тәрбие берудің конституциялық
функциялары жарыққа шықты. Қазақстан Республикасы Конституциясы, оның
ішінде 30-31 баптарына Қазақ мемлекеті адамзат баласының тіршілік
өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап , адам баласының
айналасын қоршаған табиғи сыртқы ортасы, оларды қорғау мақсатын
көздейді деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының 15.07.1997ж.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 73 – 74 баптарында экологиялық
білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы
қарастырылған. Сондай – ақ, басшыларды аттестациялау уақытында олардың
кәсіби экологиялық әзірлігін есепке алу керек екендігі айтылған.
Мұндай қағидалар мен ережелер Қазақстан Республикасының Білім туралы
зыңында да жазылған.
Бүгінде Қазақстан Республикасында көпшілікке және жас
жеткіншектерге экологиялық білім беру мен тәрбие берудің құқылық
негіздері жедел түрде жасалынып іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Жарлығымен қабылданған Қазақстан
Республикасының стретагиялық тұрақты даму проблемаларына арналған 2030
бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздігін сақтау концепциясы (1997), Қазақстан Республикасында
экологиялық білім беру мен тәрбие берудің стратегиясы (1998),
Экологиялық білім бағдарламасы (1999), т.б. заң актілері. Бұлардың
ғылыми – теориялық , ғылыми - педагогикалық маңызы орасан зор.
Оқушылардың табиғатқа, қоғамға дұрыс дүниетанымының қалыптасуы –
оларға экологиялық тәрбие берудің іргетасы. Экологиялық тәрбие жайлы білім
берудің бөлшегі ретінде қалыптасуына бағыт алған.
Туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті неғұрлым ерте кезден
отбасында, балалар бақшасында, оқудың алғашқы күндерінен – ақ тәрбиелеу
қажет.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
1. Өмірде және нақты еңбек іс - әрекетінде экологиялық білімді қолдана
білу, іскерліккке төселу;
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық
пайдалы еңбекке қосу;
3. Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.
Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын
қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді
жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық
жұмыстың орталығына айналдыру.
4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты
жерде экологиялық штабтар құрады, жорық, саяхат ұйымдастырады.
Оқушыларға тәрбие беру барысында маңызды мәселелердің бірі ретінде
қоршаған ортаның таза болуына көңіл бөлуіміз қажет.
Оқушыларға бұл мәселелер үшін, әрқайсысына өздерінің үй іргесінің,
ауласының, сыныбының, мектеп төңірегінің тазалығын сақтау қажет екендігін
түсіндіруден бастаймыз. Тазалықты сақтауды ескерте отырып, оның орындалуын
да талап етеміз. Мұның нәтижесінде, біріншіден, арнайы тәрбие сағаттарын
өткізу көзделеді. Тәрбие сабақтарының тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін.
Мысалы:
- Туған ауылым тамаша;
- Таза ауа – денге дауа ;
- Тазалық – денсаулық кепілі, т.б.
Екіншідден, арнайы апталық, айлықтар өткізіледі, оған барлығы толық белсене
қатысып отырады. Бұл кезде ауқымды жұмыстар орындалады. Мәселен, көше
бойындағы арықтар тазартылады, аулалардан қоқыстар шығарылады, ағаш
отырғызылып, ауылды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлеріне тоқталар болсақ:
1. Ауыл мектептерінің оқу – тәжірибе үлескесіндегі бағалы ағаштар
тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді
көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттің орман шаруашылығына үнемі көмек
көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі.
Сонымен бірге орманды қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да
белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарының түрлері
көшет материалдарын өсіру, ағаш отырғызу, оларды күту, өрттен,
ұрылардан қорғау, орман – тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу,
дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ, т.б. жемістерді
жинау, пайдалы хайуандарды қорғау және олардың есебін алып отыру,
фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе
жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдардың
басшылығымен жүргізіледі.
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай іс – шаралар
ұйымдастырылады. Олар: кеш, дәріс, әңгіме, көрме, сайыс,
оқушылардың шығармашыық рефератттары, баяндамалары, табиғатты
қорғау тақырыптарына арналған плакаттар, т.б. Осылардың бәрі
оқушылардың табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін
өте қажетті құралды.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру барысында маңызды мәселенің бірі
ретінде табиғатты қорғауға атсалысып, күресуді айта кетуге болады. Бұл
мәселе мынадай іс – шаралар арқылы жүзеге асырылады:
а) Табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күресу;
ә) Қорықтық ережелерді бұзушыларды анықтау;
б) Экологиялық сананы жете түсіну, қолдану ережесін бұзушыларды
әшкерелеу.
Табиғатты қорғау - өз алдына жеке іс, дара мақсат емес. Табиғат
қорғау – Отанын қорғау, адамды қорғау. Оның қазіргісі мен
келешегін қорғау, өзімізден кейінгі ұрпақтардың өміріне қамқорлық
жасау.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру кезінде олардың табиғатқа
сүйіспеншілігін, мейірімділігін, оң көзқарасын қалыптастыру үшін, туған
өлке табиғатымен таныстыру керек. Ол үшін, жас ерекшеліктеріне сай мектеп
оқушыларымен: тарихи орындарға, мұражайларға, өзен – бұлақтарға, ежелгі
тарихи ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz