Мектеп жасындағы балалардың девианттық мінез-құлық мәселелері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Оқушы жастардың девианттық мінез-құлқының алдын алуды зерттеудің теориялық алғы шарттары .
1. 1"Девианттық мінез-құлық" ұғымы . . . 6
1. 2Қоғамдық нормадан ауытқыған мінез-құлық əлеуметтік мəселе ретінде . . . 20
2 Мектеп оқушылары қылмыстылығының алдын алу шаралары.
2. 1 Мектептік жастағылардың мінез-құлқы қалыптасуының əлеуметтік-психологиялық сипаттамалары . . . 32
2. 2 Оқушы жастарды девианттық мінез-құлықтан арылту шаралары . . . 43
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымшалар . . . 60
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс мектеп жасындағы балалардың қылмыстылығының алдын-алу мәселелерін жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысынды құқық бұзуға бейім оқушылардың қылмысты жасау себептері, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстық жасаудың алдын алу мәселелерін жетілдіру жолдары қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі. Жаңа нарықтық қоғамдық қатынастар жүйесінде бұрындары қалыптасқан экономиклық-өндірістік жүйе тоқырап елімізде жұмыссыздық, осыған байланысты туындаған жоқшылық көп қиындықтар тудырды. Жұмыс істеп босқан жастар тарапынан құқық бұзушылық-ұрлық көбейді. Міне осының бәрі жинақтала келіп жастарды адамгершілік-құқық тұрғыдан әлеуметтендіріп, қоғам өміріне өз құқықтарын қорғап қана қоймай, заңды міндеттерін түсінетін, құқық бұзушылық жасаса, ол үшін заң алдында жауап беретіндігін сезінетін, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына үнемі медделік танытып жүретін құқықтық мінез-құлықтары үлгілі жас азаматтар етіп қосу қажеттілігін маңызды етіп отыр.
Қоғамда қылмыстық мінез-құлық адамның әлеуметтік жағдайына байланысты пайда болуымен сипатталады. Әртүрлі әлеуметтік-теориялық құрылымдар тұлға мен мемлекет қайшылығын еңсеру қажеттігін негіздейді. Адам құқықтары мен бостандықтарына артықшылық беру қағидаттарын жария ету «адам-мемлекет» мәселесіне құрсаулық жүйе тұрғысынан түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартуды білдіреді. Қоғамдағы әрбір қылмыс жасаушы адамның өзгеше мінез-құлқы болады. Әлеуметтік институт ретінде құқық нормларының жүйесі, оның бұрмалануы іс жүзінде адамгершілік санат бола отырып, құқықтық санатқа айналады және қоғам мүшелерінің баршасы үшін кері әсер тигізеді.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. ҚР Конституциясының II-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияныың 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», -деп жарияланған. Осыған орай ҚР барлық құқық салалары, оның ішінде қылмыстық құқық адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары; бостандықтары мен заңды мүдделін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. ҚР барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің I тарауы жеке адамдарға қарсы қылмыстарға арналған.
Соңғы жылдары елімізде де қылмыстылықтың, оның ішінде оқушы жастар жасайтын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстың түрлері орын алуда.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қылмыстық девианттық мінез-құлықтың мәнін және оның алдын алу шараларын әлеуметтану ғылымының классикалық өкілдері Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Дж. Мид негіздей берді.
Отандық әлеуметтанушылар Қ. Ғ. Ғабдуллина, Ш. Е. Жаманбалаева, Г. Е. Қазымбетова қылмыстық девианттық мінез- құлықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастырды. Дегенмен, заң ғылымы мен құқық социологиясы қилысында жас ұрпақты адамгершілік - құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелерін біршама екшелеген ғалымдардың қатарында Америка Құрама Штаттарынан - Ж. Гурвичті, К. Мертонды, Т. Парсонсты, Р. Паундты, П. Сорокинді; Германиядан - Р. фон Иерингті, Е. Эрлихті; Франциядан - М. Гравитцті, Ж. Карбоньені, Р. Пэнтоны; Ресейден - С. С. Алексеевті, Б. К. Бабаевты, Ю. И. Гревцовті, В. П. Казимирчукті, В. Н. Кудрявцевті, В. В. Лапаеваны; Қазақстаннан - Т. А. Ағдарбековті, М. Т. Баймахановты, Қ. А. Жиреншинді, А. С. Ибраеваны, М. Х. Матаеваны, М. С. Нәрікбаевты, Ғ. С. Сапарғалиевті, С. А. Табановты т. б. атаған орынды.
Сонымен қатар жастар арасында жиі бой көрсетіп қалатын девианттық мінез - құлық, криминологиялық - қылмыстық істердің алдын алу мәселелерін зерттеулермен айналысатын ғалымдардың мысалы, ресейліктер - B. C. Афанасьевтің, Г. А. Аванесовтың, Я. И. Гилинскийдің, К. Е. Игошевтің, Г. М. Миньковскийдің, М. Д. Шаргородскийдің; Қазақстаннан- А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, М. С. Бейбітовтың, Ю. В. Герасименконың, Е. І. Қайыржановтың, Ғ. М. Мукашевтың, Р. Т. Нұртаевтың, Б. М. Нұрғалиевтың, М. О. Нүкеновтың, Е. Ә. Оңғарбаевтың, Р. А. Подопригораның, И. И. Роговтың, Г. Р. Рүстемованың, С. Ф. Ударцевтің, А. И. Худяковтің т. б. еңбектеріяде оқушы жастардың бойында қалыптасқан девианттық мінез-құлықтан арылту және оларды құқықтық тұрғыдан әлеуметттендіру қажет деп айтылғанымен, олардың ешқайсысы да бұл мәселені жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, екшелемеген. Міне, осының өзі - ақ оқушы-жастар қылмыстылығының мән - мағынасын зерделеп, саралаудың маңыздылығын негіздеп беріп отыр десек, артық айтқандықбола қоймас.
Жұмыстың зерттеу нысаны. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде орнықтырған елімізде адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең кымбат казынасы болып табылады. Осы тұрғыда тұлғаның мәртебесі, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы олардың заңсыз шектелмеуі, абсолютті деп танылуы, әркімге тумысынан тиісті болуы оны олардан ешкім айыра алмайтындығына негізделе берді. Осы орайда қылмыс жасаушы топ ретінде оқушы жастарды девианттық мінез-кұлықтан арылту және алдын алу зерттеу осы дипломды жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеу пәні. Жастарды адамгершілік-құқықытық тұрғыдан тәрбиелеудегі мектептің және басқада мемелекеттік және қоғамдық әлеуметтендіру институттарының оқушы жастардың тәртіп бұзушылығының алдын алудың, тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру.
Жұмыстың мақсаты. Қылмыстық мінез-құлықтьң заңдылықты және оны қолдану тәжіриесін жетілдіру үшін осы тақырыпқа байланысты практикалық және мәселелерді екшелеу Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттер шешілу тиіс.
- Қылмыстық девианттық мінез-құлықтың жалпы сипаттамасын бере отырып, нақты мазмұнын ашып көрсету;
- Оқушы жастардың девианттық мінез-құлықтарының әлеуметтік астарларын бағымдау
- Нақты социологиялық зерттеу мәліметтерін талдау арқылы оқушыларды девианттық мінез-құлықтан арылту жолдарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы. Оқушы жастардың қылмыстылығын алдын алуға тікелей ықпал ететін мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтендіру институттарының тәртіп бұзушылықтың алдын алу, құқықты насихаттаудың оқыту мен ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау.
Зерттеудің теориялық негіздері ретінде әлемдік әлеуметтану ойшылдарының және Қазақстандық социологтардың, практикалық мазмұны (материалы ) ретінде өзім жүргізген нақты-социологиялық зерттеу мәліметтері алынды.
Зерттеу кіріспеден, негізгі бөлімнен және бөлімшелерден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Оқушы жастардың девианттық мінез-кұлқының алдын алуды зерттеудің теориялық алғы шарттары.
1. 1. "Девианттық мінез-кұлық" ұғымы.
Адам әлеуметтік организм, оның құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық ретіндегі идеяларды жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі-табиғи құқық тұжырымдамасының Конституцияда бекітілуімен сәйкес келуі. Бұл тұжырымның мағынасы адамға құқықтар мен бостандықтар мемлекет тарапынан берілмейді, ол адами қасиет ретінде оған туылғаннан тән.
Адамзат қоғамы әртүрлі кезеңдерде жастар проблемаларын шешуге қатысты болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Бұл проблеманың өзектілігі қоғам жастар арқылы биологиялық тұрғыда рухани жаңғырып отырады.
Жастар дегеніміз - 14-29 жас аралығын құрайтын әлеуметтік-демографиялық топ. Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшеліктері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық қатынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда жас сәбидің де, сонымен қатар үлкендердің де рөлін толық құқықты тасымалдаушы болып табыла алмайтын топ санайды. Батыстық социологтар жастарды оқушы, студент, жұмыс істеуші жастар деп бөледі.
Жастардың социологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық шақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» деген ұғымдар жоқ. Демография да бір даму кезеңінің бір уақытында туған адамдардың жиынтығын ұрпақ деп санайды. Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л. Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығындағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.
Социолог В. Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі - әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В. Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кіргізеді.
Көптеген социологтар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады [1. 78 б] .
Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамның өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты көрсетілген, онда ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.
Қоғам өмірінің барлық жақтарында терең де түбірлі реформалар жүргізілуіне байланысты қазіргі қазақ қоғамы бастан кешіріп отырған жағдайда ел тұрғындарының қайсы бір бөлігінің, әсіресе, жастардың бойына жұққан ауытқымалы (девианттық) мінез - құлық нышандары жұртшылықты кәдімгідей алаңдатып отыр. Ескі әлеуметтік - экономикалық формациядан жаңасына өту кезеңінде барлық қоғамдарда орын алатын қылмыстық іс - әрекеттердің көбеюі, нашақорлық, жезөкшелік, маскүнемдік сияқты кесапатты көріністердің қоғамымызда кең таралуы бұл пәлекеттен құтылудың жолдарын көп болып іздестірудің қажеттілігін алға тартты. [2. 83 б] .
Девианттық мінез - құлықтың мән - мағынасын танып білудің түп тамыры тым ұзақта жатыр. Десек те, бұл тақырыпқа жазылған құқықтық, психологиялық, педагогикалық және социологиялық сипаттағы ғылыми еңбектердің көптігіне қарамастан, бұл құбылыстың мәнін ашуда жалпыға мәлім әлі де болса біртұтас ұғым - түсінік қалыптаса қойған жоқ. Тек ауытқымалы мінез - кұлықтың мән - мағынасын талдаудың теориялық - методологиялық негіздері ғана түзілді.
Сонымен қатар ауытқымалы мінез - құлықтың мәнін айқындауда қолда бар, бірақ бір - біріне кереғар зерттеулер белгілі бір қоғамда тұрақтанып, орныққан «стандартты» мінез - құлық шеңберіне сыймайтын жағымсыз қылықтарды барынша қамыта алмай отыр.
Батыстың гуманитарлық ғылымда «девианттық» термині қоғамдық өмірде бар барлық қылмыс атаулыны, нашақорлықты, жезөкшелікті, гомосексуализмді, психикалық ауытқуларды, суицидті және басқа да көптеген жағымсыз көріністерді қамтиды. Бұл арада сөз тұтас қоғам, жекелеген адамдар, индивидтер бойындағы ауытқымалы мінез - құлықтар жөнінде болып отыр. Оларды ұғындырып - түсіндірудің маңыздылығы қоғам үшін де, жеке адамдар үшін де қажеттілігімен негізделеді. Бұл проблеманы ден қойып зерттеушілердің пікірлерінше ауытқымалы мінез - құлықтың мәнін ұғынып - түсіну оның нақтылы көріністік түрлерін тауып, бағымдауды, қылмыстық, жұғымсыздық мәнін айқындауды, сондай - ақ әлеумегтік нормалардан ауытқулардың жалпылама концепциясын негіздеуді қажетсінеді.
Девианттық мінез - құлықтың мәнін ұғынып - түсінуде оны тудыратын жағдаяттар мен құбылыстардың мәнін зерделеу маңызды орын алады. Бұл жағдайда, Я. И. Гилинский атап көрсеткендей, девианттық мінез - құлық социологиясы «өтпелі» теорияға жататынын ескеру қажет [2. 73 б] .
Ал, В. Н. Кудрявцев айтқандай, бұл мәселе бойынша зерттеу көлемінің өзіндік жүйелі мазмұны болуы тиіс. Девианттық мінез - құлық мәселелерін зерттеулермен айналысып жүрген заңгер ғалымдардың мұндай тұжырымдық тұғырымдарымен келіспеу мүмкін емес.
Десек те, қазіргі таңда девианттық мінез - құлыққа ықпал ететін әлеуметтік факторларды комплексті зерттеудің әзірше тұрақтанған методологиялық негіздері жоқ. Бұл, біріншіден, девианттық мінез-құлықтың көп формалылығына, күрделілігіне куә бола алады. Екіншіден, девианттық мінез - құлықтың әртүрлі формаларына әсер ететін жекелеген факторлардың ықпалды әсері қаншалықты болатындығы, мысалы, белгілі бір елді мекеннің тәртіп қорғау органдарында тіркелген қылмыстардың ауытқымалылығы сол тұрғылықты тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіптік құрылымдарындағы, құқық қорғау органдарының қызметіндегі өзгерістермен, адамдардың әлеуметтік белсенділігінің артуымен, не төмендеуімен т. т. түсіндіріледі. Ал, егер қылмыстың қоғам дамуына тигізетін кері ықпалын ескерер болсақ, олардың әрқайсының рөлін айқындап отыру аса күрделі, кей жағдайда мүмкін де емес. Үшіншіден, бұл факторлардың рөлі мен ықпалын бірқалыпты деуге болмайды. Айталық қазіргі кезде әлеуметтік жағдайға едәуір ықпалын тигізіп келген олардың кейбіреулері мүлдем жойылуы, немесе едәуір бөлігі залалсыздандырылуы мүмкін ғой [3. 18 б] .
Девианттық мінез - құлықты туындататын факторлар жиынтығы - өндіріс күштерінің төменгі даму деңгейі, қоғамдық қатынастардың тым жұтаңдығы, әлеуметтік институттар мен мекемелер жұмысының мардымсыздығы, сондай -ақ адамдардың мақсаткерлік қызметінің мазмұны мен бағытына тәуелді болатын өзге де қоғамдық жұтаң көріністер. Міне, сондықтан да болар ауытқымалы мінез -құлықты зерттеу тарихи белгілі бір жағдайға тән объективті және субъективті, материалдық және рухани, ішкі және сыртқы жағдайлардың ерекшеленуінен туындайды. Мұндай құбылыс, көрініс қоғамның қазіргі даму кезеңінде шешуші рөл атқаратын адамдар қызметіне ықпал ететін факторлардың барлық жиынтығын зерттеуге бағыт ұстатады.
Осы тұрғыдан алып қарастырғанда ауытқымалы мінез - құлықтың мән-мағынасын зерттеулерде қылмыс пен оның себептері мен салдарларын ұғындырып түсіндіруге ниеттенген әртүрлі теориялар мен концепциялар ішінде, әсіресе, психологиялық, социологиялық және құқықтық зерттеулер айырықша мәнге ие болып келеді.
"Девианттық мінез - құлық" ұғым - түсінігінің өзін көптеген ғалымдар өздерінің зерттеу салалары тұрғысынан түсіндіреді. "Ауытқымалы девианттық мінез - құлық" ұғымның табиғатын түсіндірудің негізінде адам мен оның мінез-құлқының қалыптасып, дамуының өзегі табиғи, биологиялық және әлеуметтік негіздерден құралады деген пікір жатыр. Бұл қағидалық принцип девианттық мінез - құлықтың мәнін психологиялық тұрғыдан түсіндіргенде бірден аңғарылады. Себебі, жеке адамның психикасы мен мінез -құлқының өзгерісі түсінікті қалыптан девианттыққа бейімделгенде оған қоршаған нақты ортасының ықпалы күшті болады. XX ғасырдың басында, онан кейін оның орта шенінде кең тараған биоәлеуметтік түсіндірмелер жеке адамдар мен әлеуметтік қауымдастықтардың мінез - құлқын әртүрлі биологиялық факторлардың ықпалдығы деп түсіндірді. Мысалы, дене бітіміне, адамның нәсілдік өзгешелігіне, түр - түсіне (У. Х. Шелдон), жыныстық хромосомдардың өзгешеліктеріне (Ч. Прайс) және т. с. с. қарай [4. 158 б] .
Девианттық мінез - құлықтың мәнін ұғындырып - түсіндірудің қазіргі психологиялық теориялары негізінен адамның биологиялық табиғатына байланысты инстинкті әрекеттердің және адамдар арасындағы қарым -қатынастардың бастапқы себебі жеке адамдардың мотивациялық бейімділігінде дейтін 3. Фрейдтің психоаналитикалық талдауынан бастау алады.
3. Фрейдтің бұл теориясы өз экволюциясын К. Хорнидің, Э. Фроммның және неофрейдшілдік өзге де ғалымдардың идеяларында көрініс тапты. Олар З. Фрейдтің психоталдауын негізге ала отырып, мәдени (К. Хорни), немесе, әлеуметтік детерминизм (Э. Фромм) принциптерін бір-біріне сәйкестендіріп өз зерттеулерінде индивидтердің өз мінез-құлықтарын жаңа жағдайларға бейімдеулерін негіздеулерге арнады. Сонымен қатар, олар мінез-құлық өзгерістерінің мәліметтерін жеке адамдар арасындағы қарым - қатынастардың мазмұнымен байланысты қарастырды, ал олардың міндетті қалыптан ауытқуларын (мысалы невроздар) қалыпты мінез - құлықтың ауытқушылығы ретінде түсіндірді [2. 16 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz