Математика сабақтарында есеп шығаруға қызығушылығын дамытуда жеке оқушыға бағытталған оқыту технологияларын пайдалану әдістемесі



Мазмұны

Кіріспе 5
1 Математикалық білім берудің әдістемелік жүйесін оқыту технологиялар арқылы жаңарту мәселесі 7
1.1 Математикалық білім беруде оқытудың технологияларын қолданудың бүгінгі жағдайы 7
1.2 Математикалық білім берудегі оқытудың негізгі ұстанымдары 15
1.3 Математиканы оқыту әдістері және оның түрлері 20
2 Оқыту технологияларын қолдану және оның қазіргі кездегі жағдайы 24

2.1 Оқушылардың білім сапасын арттырудағы оқыту технологиялары және олардың түрлері 24
2.2 Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ой.өрісін дамыту 39
2.3 Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында сабақты модульдік жүйе бойынша өткізу 42
2.4 Топқа бөліп оқыту әдісін ұйымдастыру 44
2.5 Денгейлік оқытуға арналған сабақ жоспарлары
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 58
Қосымша 61
Кіріспе

Бүгінгі күнде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге негізделген білім беру жүйесін жаңалау, оның мазмұны жаңа концептуальды өзгерістермен, ақпаратты қолдану қабілеттерін дамыту, ғылыми мәселелерді шығармашылықпен шешу жолдарын, білім беру бағдарламаларын нарықтық практика тұрғысынан қайта қарау әдістерін жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл процесс педагогикалық теория мен оқу-тәрбие үрдісінің практикасына маңызды өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Жеке тұлғаның рухани дамуына ерекше мән беріліп, қоғамдық білім деңгейіне сәйкес келетін педагогикалық технологиялар ролі артады.
ХХІ ғасыр технологиялар ғасырыз, олай болса білім беру жүйесін түрлі технологиялармен, ғылыми-техникалық даму жетістіктерімен, қоғамның ақпараттануы мен білім беру жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Қазіргі қоғамның сипаты мен талабы – оқытудың технологияларын саралау және білім беру ориентациясын таңдау мүмкіндігі, оқушы мен оқытушының әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен формаларын өзгерту.
Мектеп білімін қайта құру – бүкілхалықтық маңызды іс. Орта білімнің дамымалы концепциясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының талаптарына сәйкес болу керек. Мектепте оқушылардың алған білімдері, біліктері мен дағдылары олардың сенімдерінің негізі болу керек және болашақ қоғам мүшелерінің еңбекке, ұжымға, өзінің қоғамдық міндеттеріне деген қатынасында байқалу керек.
Жалпы алғанда, қазіргі жас өспірімдер мектептен осы талаптарды қанағаттандыратындай білімдерді, біліктерді және дағдыларды алып шықпайды. Көптеген оқушылардың математикадан білімі үстіртін, үзінділі, формалды, берік емес.
Мектептегі оқыту мәселесін жан-жақты шешу үшін оқушылардың жан-жақты қызығушылығы мен бейімделуін, олардың болашақ қызметтерімен, қоғамдағы өмір жағдайымен, білімді әрі қарай жалғастыру мүмкіндігімен байланысты өмірлік жоспарының ерекшелегін ескере алатын жалпы орта білімнің жаңа концепциясын жасау керек болды.
Көп уақыт бойы білім беру органы мектеп бағдарламасының, оқулығының, оқыту формалары мен әдістерінің, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын, оқу мүмкіндігін есепке алмай, олардың білімдеріне қойылатын талаптардың міндетті түрде бірдейлігін түсінген. Осы мектеп бірлігін бұрмалап түсінгендігінің салдарынан оқуға қызығушылықтары және оқушылардың білім сапасы төмендеді. Оларды әр пәннің бір жүйеге байланбаған жарамсыз қосалқы бөлшекті информация ағыны есеңкіретіп жібереді. Мектептегі оқыту үрдісі мен қоршаған орта туралы білім алу көптеген жас өспірімдер үшін оқулық мазмұнының формалдылығымен негізделген қинамалы міндетке айналды.
Біздің ойымызша, оқушылардың ауыртпашылық және олардың оқуға қызығушылығын арттыру мәселесін шешу үшін білім деңгейін төмендету емес, оқытудың жаңашыл технологияларын енгізу керек.
Математиканы оқытуда қолданылатын технологиялар оқыту деңгейі және меңгеретін білім мен қалыптасатын дағдылардың деңгейі әр категориялы оқушылардың мүмкіншілігіне, қызығушылығына, қабілеттеріне сәйкес әртүрлі болуы мүмкін.
Оқушылардың білімі мен біліктерін тексеру математиканы оқыту үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқу жұмысының тиімділігі осы тексерудің қалай ұйымдастырылғанына және неге бағытталғанына байланысты болады. Сондықтан мектепте бақылауды ұйымдастыру тәсілдеріне оның мазмұнына көп көңіл бөледі. Көптеген әдіскерлер мен мұғалімдер тексеру әдісі мен түрлерін толық жетілдіру үшін үлкен жұмыстар атқарады. Осы жұмыстар мектептегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асыруға бағытталған, ол математиканы оқыту жүйесінде болып тұратын өзгерістерді қамтып көрсетеді.
Кемелденген қоғамға жоғары білімді, сенімді, белсенді, демократия жағдайында өмір сүре алатын және жұмыс істеуге қабілетті, қарқынды нарық дамуына ілесе алатын, өзіне әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін адамды дайындау үшін, мемлекет жаңа педагогикалық технологиялар тудыруды талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып математиканы оқытудың тиімді жолдарын анықтап, олардың оқыту үдерісіндегі орындарын анықтау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін біз келесі міндеттерді қойдық:
- педагогикалық технологиялар туралы түсініктер беру және осы технологиялар арқылы оқытудың тиімділіктерін анықтау;
- әр оқыту технологияларының ерекшеліктерін қарастырып салыстыру;
- оқыту технологияларын қолдану критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау.
Зерттеу пәні – орта мектепте математиканы оқыту үдерісіндегі оқыту технологиялары.
Жұмыстың болжамы: Егер оқыту үрдісінде оқыту технологияларымен жұмыс жасау арқылы оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлері ұйымдастырылса және осыған орай қойылған мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда оқушылар өзін-өзі басқарып, өзіне-өзі баға беріп, логикалық ойлау қабілеті жақсы дамиды, тіл байлығы зор, саналы оқу дәрежесіне жетеді, сол арқылы оқушылардың математиканы меңгеру сапасы көтеріледі.
Жұмысты орындау барысында әдебиеттерге шолу және талдау жасау, бақылау, салыстыру, әлеуметтік, логикалық, сипаттау әдістері қолданылды.
Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Махмутов М.И. Теория и практика проблемного обучения. . – М.: Педагогика, 1975. – 368 с.
2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007. – 144 б.
3. Жұматаева Е.Ө., Қадысова Р.Ж. Қазақстан республикасындағы білім жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асыру. Павлодар, 2008. – 306 б.
4. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. – М.: Знание, 1990. – 210 с.
5. Лернер И.Я. Скаткин М.Н. Задачи и содержание общего и политехнического образования // В кн.: Дидактика ср. школы / под ред. М.Н. Скаткина. – М.: Просвещение, 1992. – С. 90-127.
6. Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. – М.: Педагогика, 1991. – 206 с.
7. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы: учеб.-метод. пособие. – М.: Высш. шк., 1990. – 368 с.
8. Каган В.М., Сычеников И.А. Основы оптимизации процесса обучения в высшей школе: (Единая методическая система института: теория и практика): науч.-метод. пособие. – М.: Высш. шк., 1987. – 143 с.
9. Иовайша Л.К. К концепции личности педагога социалистического общества // Формирование пед. направленности студентов в ун-тах. – Вильнюс, 1987. – С. 4-14.
10. Талызина Н.Ф. Методика составления обучающих программ: учеб. пособие. – М.: Изд-во МГУ, 1989. – 46 с.
11. Талызина Н.Ф., Печенюк Н.Г., Хихловский Л.Б. Пути разработки профиля специалистов / под ред. чл.-кор. АПН СССР Н.Ф. Талызиной. – Саратов: Саратов. ун-т, 1987. – 174 с.
12. Загвязинский В.И. Дидактика высшей школы: Текст лекций. – Челябинск: ЧПИ, 1990. – 184 с.
13. Леднев В.С. Содержание образования: сущность, структура, перспективы. – М.: Высш. шк., 1991. – 224 с.
14. Субетто А.И. Проблемы фундаментализации и источников содержания высшего образования. – Кострома; М., 1995. – 332 с.
15. Кудрявцев Л.Д. Современная математика и её преподавание. – М.: Наука, 1985. – 176 с.
16. Боголюбов В.И. Введение в педагогическую технологию. – Пятигорск, 1994. – 34 с.
17. Ағанина Қ. Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жаңарту /оқу құралы/. – Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА Республикалық баспа кабинеті, 1999ж. –99 бет.
18. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
19. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
20. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық /Б. Баймұханов және т.б. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
21. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. –Алматы, 2004. – 218 бет.
22. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. –Алматы: Білім, 2005. – 272 б.
23. Башарин В.Ф. Педагогическая технология: что это такое? //Специалист. – 1993. – № 9. – С. 25 – 27.
24. Қаниев С. Орта мектепте математиканы саралап оқыту. – Алматы: РБК, 1991. – 76 б.
25. Мүбараков А.М. Математиканы оқытудағы сабақтастық. – Павлодар, 1999. - 230 бет.
26. Оқытудағы иннавациялық технологияларын математика сабағында қолдану /Математика – Физика: Ғылыми әдістемелік журнал. - №1. – Алматы, 2005.
27. Оқытудағы топтық, блоктық және деңгейлік жүйелерді үйлестіру /Математика – Физика: Ғылыми әдістемелік журнал. - №1. – Алматы, 2003.
28. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі /Математика – Физика: Ғылыми әдістемелік журнал. - №1. – Алматы, 2005.
29. Алдамұратова Т.А. Математика. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2001.
30. Әбілқасымова А, Көбесов А, Рахымбеков Д, Кеніш Ә. Математиканы оқытудың таориясы мен әдістемесі. Алматы Білім 1998.
31. Г.К Селевко «Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования УВД»; Нородное образование, 2000г.
32. Әбілқасымова A. Е. Математикадан дидактикалық тапсырмалар жинағы. Студенттер мен мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті баспасы, 1991.-74 б.
33. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе активизации, интенсификации и эффективного управления УВП. –М.: НИИ школьных технологий, 2005. – 288 с.
34. Тұяқов Е.А., Мүбараков А.М. Математика сабағында оқушылардың өзіндік оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру /«II Сәтбаев оқулары» атты жас ғылымдар, студенттер және оқушылардың ғылыми конференциясының материалдары. – Павлодар, 2002. –Т.2.
35. Хасенова Қ. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту //Ғылыми әдістемелік журнал «Математика және Физика», 2006. - №1.
36. Едресова М.Е. Оқушылардың танымдылығы мен шығармашылық белсенділігін дамытуда дидактикалық ойындардың ролі /«Шоқан тағылымы-8» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2003. –Т.3.
37. Жүкенова А. Оқушылардың білімдерін жүйелеп қорытындылау //Ғылыми әдістемелік журнал «Математика және Физика», 2006. - №1.
38. Керімбаева Р. Дидактикалық ойындар //Ғылыми әдістемелік журнал «Қазақстан мектебі», 2006. - №1.
39. Қаңлыбаев Қ. Математикадан кластан тыс жұмыстар. –Алматы: Мектеп, 1983. – 160 бет.
40. Мухина В. XXI-ғасыр көшбасшысы //Ғылыми әдістемелік журнал «Математика және Физика», 2004. - №4.
41. Омаров Қ. Ұлттық ойындар – асыл қазына //Ғылыми әдістемелік журнал «Қазақстан мектебі», 2004. - №11.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы

Математика сабақтарында есеп шығаруға қызығушылығын дамытуда
жеке оқушыға бағытталған оқыту технологияларын
пайдалану әдістемесі

титул

Мазмұны

Кіріспе
5
1
Математикалық білім берудің әдістемелік жүйесін оқыту технологиялар арқылы жаңарту мәселесі
7
1.1
Математикалық білім беруде оқытудың технологияларын қолданудың бүгінгі жағдайы
7
1.2
Математикалық білім берудегі оқытудың негізгі ұстанымдары
15
1.3
Математиканы оқыту әдістері және оның түрлері
20
2
Оқыту технологияларын қолдану және оның қазіргі кездегі жағдайы
24

2.1
Оқушылардың білім сапасын арттырудағы оқыту технологиялары және олардың түрлері
24
2.2
Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
39
2.3
Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында сабақты модульдік жүйе бойынша өткізу
42
2.4
Топқа бөліп оқыту әдісін ұйымдастыру
44
2.5
Денгейлік оқытуға арналған сабақ жоспарлары

Қорытынды
56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
58
Қосымша
61

Кіріспе

Бүгінгі күнде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге негізделген білім беру жүйесін жаңалау, оның мазмұны жаңа концептуальды өзгерістермен, ақпаратты қолдану қабілеттерін дамыту, ғылыми мәселелерді шығармашылықпен шешу жолдарын, білім беру бағдарламаларын нарықтық практика тұрғысынан қайта қарау әдістерін жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл процесс педагогикалық теория мен оқу-тәрбие үрдісінің практикасына маңызды өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Жеке тұлғаның рухани дамуына ерекше мән беріліп, қоғамдық білім деңгейіне сәйкес келетін педагогикалық технологиялар ролі артады.
ХХІ ғасыр технологиялар ғасырыз, олай болса білім беру жүйесін түрлі технологиялармен, ғылыми-техникалық даму жетістіктерімен, қоғамның ақпараттануы мен білім беру жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Қазіргі қоғамның сипаты мен талабы - оқытудың технологияларын саралау және білім беру ориентациясын таңдау мүмкіндігі, оқушы мен оқытушының әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен формаларын өзгерту.
Мектеп білімін қайта құру - бүкілхалықтық маңызды іс. Орта білімнің дамымалы концепциясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының талаптарына сәйкес болу керек. Мектепте оқушылардың алған білімдері, біліктері мен дағдылары олардың сенімдерінің негізі болу керек және болашақ қоғам мүшелерінің еңбекке, ұжымға, өзінің қоғамдық міндеттеріне деген қатынасында байқалу керек.
Жалпы алғанда, қазіргі жас өспірімдер мектептен осы талаптарды қанағаттандыратындай білімдерді, біліктерді және дағдыларды алып шықпайды. Көптеген оқушылардың математикадан білімі үстіртін, үзінділі, формалды, берік емес.
Мектептегі оқыту мәселесін жан-жақты шешу үшін оқушылардың жан-жақты қызығушылығы мен бейімделуін, олардың болашақ қызметтерімен, қоғамдағы өмір жағдайымен, білімді әрі қарай жалғастыру мүмкіндігімен байланысты өмірлік жоспарының ерекшелегін ескере алатын жалпы орта білімнің жаңа концепциясын жасау керек болды.
Көп уақыт бойы білім беру органы мектеп бағдарламасының, оқулығының, оқыту формалары мен әдістерінің, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын, оқу мүмкіндігін есепке алмай, олардың білімдеріне қойылатын талаптардың міндетті түрде бірдейлігін түсінген. Осы мектеп бірлігін бұрмалап түсінгендігінің салдарынан оқуға қызығушылықтары және оқушылардың білім сапасы төмендеді. Оларды әр пәннің бір жүйеге байланбаған жарамсыз қосалқы бөлшекті информация ағыны есеңкіретіп жібереді. Мектептегі оқыту үрдісі мен қоршаған орта туралы білім алу көптеген жас өспірімдер үшін оқулық мазмұнының формалдылығымен негізделген қинамалы міндетке айналды.
Біздің ойымызша, оқушылардың ауыртпашылық және олардың оқуға қызығушылығын арттыру мәселесін шешу үшін білім деңгейін төмендету емес, оқытудың жаңашыл технологияларын енгізу керек.
Математиканы оқытуда қолданылатын технологиялар оқыту деңгейі және меңгеретін білім мен қалыптасатын дағдылардың деңгейі әр категориялы оқушылардың мүмкіншілігіне, қызығушылығына, қабілеттеріне сәйкес әртүрлі болуы мүмкін.
Оқушылардың білімі мен біліктерін тексеру математиканы оқыту үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқу жұмысының тиімділігі осы тексерудің қалай ұйымдастырылғанына және неге бағытталғанына байланысты болады. Сондықтан мектепте бақылауды ұйымдастыру тәсілдеріне оның мазмұнына көп көңіл бөледі. Көптеген әдіскерлер мен мұғалімдер тексеру әдісі мен түрлерін толық жетілдіру үшін үлкен жұмыстар атқарады. Осы жұмыстар мектептегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асыруға бағытталған, ол математиканы оқыту жүйесінде болып тұратын өзгерістерді қамтып көрсетеді.
Кемелденген қоғамға жоғары білімді, сенімді, белсенді, демократия жағдайында өмір сүре алатын және жұмыс істеуге қабілетті, қарқынды нарық дамуына ілесе алатын, өзіне әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін адамды дайындау үшін, мемлекет жаңа педагогикалық технологиялар тудыруды талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып математиканы оқытудың тиімді жолдарын анықтап, олардың оқыту үдерісіндегі орындарын анықтау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін біз келесі міндеттерді қойдық:
- педагогикалық технологиялар туралы түсініктер беру және осы технологиялар арқылы оқытудың тиімділіктерін анықтау;
- әр оқыту технологияларының ерекшеліктерін қарастырып салыстыру;
- оқыту технологияларын қолдану критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау.
Зерттеу пәні - орта мектепте математиканы оқыту үдерісіндегі оқыту технологиялары.
Жұмыстың болжамы: Егер оқыту үрдісінде оқыту технологияларымен жұмыс жасау арқылы оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлері ұйымдастырылса және осыған орай қойылған мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда оқушылар өзін-өзі басқарып, өзіне-өзі баға беріп, логикалық ойлау қабілеті жақсы дамиды, тіл байлығы зор, саналы оқу дәрежесіне жетеді, сол арқылы оқушылардың математиканы меңгеру сапасы көтеріледі.
Жұмысты орындау барысында әдебиеттерге шолу және талдау жасау, бақылау, салыстыру, әлеуметтік, логикалық, сипаттау әдістері қолданылды.
Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Математикалық білім берудің әдістемелік жүйесін оқыту технологиялар арқылы жаңарту мәселесі

1.1 Математикалық білім беруде оқытудың технологияларын қолданудың бүгінгі жағдайы

Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы - осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлде қайда өзгеше. Қоғамымыздың қазіргі даму сатысында мектептің негізгі міндетімен қатар, жас ұрпаққа қажетті, қоғамдық мәні бар адамдық қасиеттерді білім беру негізінде қалыптастыру міндеті қойылып отыр.
Демек, мектепте оқытылатын әрбір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар. Осы мәселеде математика пәнінің орны үлкен. Математиканы оқытуда білім берудегі әдеттегі ақпараттық түсіндіру тәсілінен гөрі білімді игерумен қатар оны меңгерудің әдіс-тәсіліне, ойлаудың пікір қорытудың және белсенді іс-әрекет етудің түрлері мен әдіс тәсілдерін үйренуге, оқушының танып білу қабілеті мен шығармашылық әлеуметін дамытуға арналған белсенді іс-әрекетті жиі қолдану қажет болып отыр.
Математиканы оқыту мазмұнын құрудың экстенсивті тәсілінен интенсивті тәсіліне көшуде де осы іс-әрекет тәсілін қолдану қолайлы. Өйткені, іс-әрекет тәсілін қолдану арқылы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімді меңгерудегі жүктемені оқу және оны игеру үрдісінің негізгі тәсілдерін меңгерумен ауыстыруға болады. Іс-әрекеттік тәсілді қолдана отырып әрбір оқушының қандай да бір қызмет етуінің барысында табысқа жетуін қамтамасыз етуге болады. Ал белгілі бір табысқа жету оқушыны ынталандырудың ең негізгі жолы.
Математиканы оқытуда іс-әрекеттік тәсілді кеңінен қолдануға мүмкіндік зор, себебі әрбір есеп шығару барысында оқушы белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға мәжбүр болады. Математиканы оқытуды қайта құруды жеке-даралап немесе топқа бөліп оқыту формасын жүзеге асыру негізгі қажеттіліктің бірі болып отыр. Оқытудың мұндай формасында оқушылардың қандай да бір ерекшеліктеріне математикаға деген ынтасына, оқыту қорытындысы бойынша қойылатын талапқа, оқу мазмұнына немесе формасына қарай тұрақты немесе уақытша топтарға бөліп, оларға сәйкесті оқыту мазмұны мен тәсілін, қойылатын талап деңгейі мен мөлшерін, оқыту формасы және т.б. анықтайды.
Бұл оқыту тәсілі - оқушылардың жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен қабілетін толықтай ескеруге мүмкіншілік береді. Әрбір оқушы математика курсын белгіленген (негізгі) дәрежеде меңгеруге міндетті, ал оны әрі қарай жалғастыру, одан әрі тереңдету немесе сол деңгейде ғана қалып қою әрбір оқушының өзі шешуге құқы бар. Бұл принципті іске асыру математиканы оқыту барысында адамгершілік принциптерін орындау болып табылады.
Соңғы жылдары жүргізілген дидактикалық және әдістемелік зерттеу жұмыстарына талдау жасау - оқушылардың білімі мен дағдыларына қойылатын талаптың оқу процесіне, оның мақсатын анықтай отырып, ұйымдастырушылық әсері бар екенін көрсетті.
Талап оқытумен ғана шектелмейді. Осы талап оқушыны дамыту мен тәрбиелеуде олардың нақты нәтижелерге жетуі үшін мұғалімдерді мақсатқа қарай қарай бағыттап отырады. Оқушыларда қорытынды білімдердің қалыптасуының нақты бір өлшемі ретінде болатын оқу пәні алдына қойылған мақсатына қарай осы талаптар болжаушы ретінде көрсететіндігі маңызды болып табылады.
А.В. Кузнецованың пікірі бойынша білім мен дағдыларға қойылатын талаптар ретінде оқушылардың нені және қалай меңгеруі тиіс екендігін, іс-әрекеттің қандай түрінде қандай да бір білім мен дағдылар байқалуы қажеттілігін, оқушыларда қандай қасиеттер болу керектігін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаты түсіндіріледі.
Көбінесе оқуға дайындық талаптары оқытудың нақтылауының белгілі кезеңі болып табылатын оқыту мақсаттарымен анықталады. Әр-түрлі деңгейде берілетін білім мазмұнының мақсаты да оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасын көрсетеді. Талаптар оқу-тәрбие үрдісіндегі нәтижелерді жоспарлаудың маңызды кезеңі бола отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды, білім мазмұнының құрамымен байланысты, оқытудың түрлері мен әдістерін таңдауға ықпал етеді; оқыту үрдісінің барысын оның нәтижелерін тексеруді ұйымдастырып, бағыттап отырады. Соңғы кездері математика пәні бойынша бағдарламада "Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар" бөлімі математика курсын оқытудың арнайы мақсатын және оқушылардың меңгеруі міндетті білім мен дағдыларды дамыту деңгейін анықтайды, басқаша айтқанда математика курсын меңгеру талаптарында қажетті міндет білім мен дағдылардың белгілі бір көлемімен бірге әр оқушыға міндетті дайындықтың минимальды деңгейі де көрсетілген.
Оқушылардың білімі, дағды іскерліктері қандай болуы тиіс деген мәселе шешімін қарастыратын, оқытудың маңызды мәселелерінің бірлігін қамтамасыз ететін ресми құжаттардың бірі оқу бағдарламасы болып табылатыны белгілі. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын анықтаумен шектелмейді, сонымен бірге оқыту үрдісін және оның нәтижелерін реттеп отырады.
Әр түрлі пәндер бойынша бағдарламаларды талдау - оқушылар меңгеруі тиіс білім көлемін белгілеу қасиеттілігі "Талаптарда" мазмұнды тіркеуге әкелетіндігін көрсетеді. Ал, негізінен білім мен дағдыларға қойылатын талаптар оқытудың нәтижелерімен тығыз байланыста болады. Тек сол нәтижелер ғана оқушылардың білім мен дағдыларын бағалаудың көрсеткіштері ретінде бола алады. Педагогикада қабылданған оқытуды іс-әрекет ретінде қарастыру оқушылардың дербестігі мен танымдық әрекет мәселесі ұғымын, дамыта оқыту идеясын анықтады. Мұндай ұғым оқушылардың білім мен дағдыларына қойылатын талаптарды оқу іс-әрекетін сипаттау қажеттілігін де түсіндіруге мүмкіндік береді.
Әр оқушының даму мәселесін қарастыруда іс-әрекет ұғымына көп мән беріледі. Іс-әрекет тұрғысынан қарау оқытуда оқушының белсенділігін арттырады, танымдық әрекеттердің негізін меңгеруде маңызы зор, сондай-ақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасында оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі. Біріншісі міндетті дайындық деңгейі. Бұл деңгейде оқушылардың барлығы меңгеруі тиіс екендігін сипаттайды және математика пәні бойынша білім нәтижесінің мүмкін төменгі шегін анықтайды. Оқушылар үшін міндетті дайындық деңгейінің анықталуы және оның нақты формада берілуі мұғалімдерге оқушылардың осы деңгейге жетуі бойынша оқу жұмысының мазмұнын іріктеуге бағдар беріп отырады, яғни жұмыстың мақсатқа қарай бағытталуына мүмкіндік береді. Екінші математиканы меңгерудің мүмкін деңгейі.
Оқытудың нәтижесінде барлық оқушылар дайындықтың міндетті деңгейінде көрсетілген білім дағдыларды меңгеруі тиіс екендігі бағдарламада атап көрсетілген.
Ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, орта мектепті бітірушілерге қазіргі кездегі қойылып отырған жаңа талаптарға байланысты, оқушының математикаға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады. Ал математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Математикалық білім мен дағдылар молайып мазмұны тереңдеп ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйрену мәселелері де өзгеріп, күделеніп береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе - іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұқият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне, күш-қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:
а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуымен оның техникалық - экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;
ә) ғылымның (математиканың) үздік дамуы, онда жаңа салалар пәндер, пайда болуы;
б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе тусуі, сәбилер мен жасөспірімдердің таным қабілетінің жаңа мүмкіндіктері мен қырлары ашылуы;
в) педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік мектептердегі алдыңғы қатарлы оқыту тәрбиесін пайдалануы.
Математика пәнінде қандай ақпараттар беру керек, нені оқыту қажет деген мәселені шешумен қарбалас, оларды қандай ретпен оқыту, тәртіппен оқыту, яғни оқу курсын барынша тиімді түрде, жекізу проблемасы шешуін табу керек. Бұл үшін отандық және шетелдік психолог, педагог және әдіскерлердің жаңа зерттеулерінің нәтижелері есепке алынады.
Математика пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу қажет :
1) пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;
2) курстын мазмұнын құрайтын мәселелер арасындағы барлық ішкі байланысты ескеру;
3) бұл мәселелердің мектепте математикалық білім берудегі мәнін анықтау;
4) материалды дидактикалық өндеу, талдау, оның ұғымдылығын, қонымдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.
Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаңа әдістерді пайдалануын талап етеді. Оның үстіне оқытудың ежелгі дәстүрлі әдістері әрқашанда ойдағыдай нәтижеге жеткізе бермейді. Сондықтан соңғы кездерде сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне негізделген оқыту әдістері кең қолданылуда. Солардың біріне жылдар бойына сабақ жүргізу нәтижесіндегі тәжірибелерді жинақтап, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыса түсуіне, олардың пәнге қызығушылығының деңгейі артып, тынымсыз еңбегінің нәтижесін көруге, бірсарындылықтан құтылуға, жан-жақтылыққа ұмтылдыруға, дамытуға әсер ететін оқытудың топтық, блоктық және деңгейлік әдістерін жатқызуға болады.
Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арыттырады. Оқушылар әдеттегіше оқу барысында алдымен білім алады, ал сонан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі.
Тәжірибе барысында ауыл мектептерінде де қазіргі талаптарға сай біз көптеген инновациялық технологиялардың ең тиімдісін және олардың элементтерін қолданамыз. Бұл білім сапасының, оқушылардың қызығуының артуына көп септігін тигізуде. Біздің тәжірибемізде математика пәнінде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолданамыз.
Бұл жаңа бағыт педагогикалық құрылымның тиімді түрін құрастырып, алға қойылған оқыту мақсаттарына жету жолын қамтамасыз етеді. 1960 жылдардың аяғында көптеген батыс, АҚШ, Япония елдерінде оқытудың жаңа технологиясын жасау басталды, яғни оқыту технологиясы термин пайда бола бастады. Көптеген әдіскер ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей педагогикалық технологияның теорияларының әртүрлі негіздеулері болады екенін көрсетеді. Атап айтсақ, проблемалық оқыту теориясы, бағдарламалық оқыту теориясы дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту, тұлғалық-іс-әрекеттік оқыту, дербес - саралап оқыту, белсенді оқыту, ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту және т.б..
Педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі негіздерге байланысты жасалған әдістердің әр түрлі жіктемелері, оқу әдістемесі ұғымына әр түрлі көзқарастар бар екендігі. Оқу әдістемесін орынды таңдап алу, оларды ары қарай дамыту, білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы әрдайым оқыту әдістері де жетіліп келеді. Оқытудың негізгі типтерінің (түсіндіру, проблема қою) дамуы және онымен байланысты оқытудың әр түрлі әдістерінің әрқайсысы: біріншіден, алдыңғы типті жояды; екіншіден, алдыңғы типтің жеке ұнамды белгілерін сақтайды; үшіншіден, оқудың құрылымдық компенентерін сапалы деңгейге көтеруі мүмкін.
Мысалы, М.И. Махмутов [1] проблемалық оқыту тақыр жерде пайда болған жоқ, ол озат педагогикалық тәжірбиелерді жалпылаудың және оны теориялық түрде тиянақтаудың негізінде дамыды деп айтқан.
Оқытудың үйлескен дидактикалық әдістерін таңдап алып, оларды студенттердің танымдылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқыту әдістерін ұтымды пайдалану, оқытушының әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Соңғы жылдары оқыту әдістері мен түрлеріне және оқыту құралдарына байланысты пролемаларға басқаша тұрғыдан қарау орын алып келеді.
М.И. Махмутов бастаған ғалымдар оқыту әдістерін таңдауда жалпыдан жекеге, Г.А. Варковецкая жекеден жалпыға жүруді жөн көреді. Осы тұрғыдан қарасақ кез келген педагогикалық қызмет болжамдық функциямен сипатталады. Онда оқу компененттерін ұтымды саралап таңдап алу обьективті және субьективті факторларды ескере отырып, педагогикалық болжау негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі педагогикада білім берудің технологиясы деген ұғым жиі қолданылып жүр. Білім берудің технологиясына оқытудың техникалық құралдарын, білім беруге қолданылатын ақпараттық технологияларын жатқызуда [20]. Бірақ оқыту әдістемесіне қарағанда білім берудің технологиясы ұғымы тар болып келеді. Себебі, пәнді оқытудың әдістемесін жүйе ретінде қарастырады. Оған - білім берудің мақсаты, мазмұны, оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері, түрлері, құралдары, оқыту тәсілдері кіреді. Ал технология - белгілі мақсат және оған жетудің жолдары нақты болғанда ғана іске асады.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейін орын алады. Оқытудың технологиясын қолданбалы дидактика десе де болады [2]. В.П. Беспалько [3] педагогикалық технология әдіснамасының бастау көздерін педагогикалық жүйені дидактиканың мәселесі, берілген мәселені шешудің технологиясы деп тұжырымдаған.
Оқыту мазмұнының мәселесіне педагогикалық әдебиеттерде көптеген зерттеушілер - И.Я. Лернер [4], М.Н. Скаткин [5], [6] және тағы басқалары үлкен мән береді. Жоғары оқу орнындағы оқыту мазмұнының мәселесін С.И.Архангельский [7]ашып көрсеткен. Жоғары мектепте болашақ, дамушы өндіріс мамандары даярланатынын ескеру керек. Бұл оқыту мерзімі көлемінде оқытудың болжамдық мазмұнын ғана таңдап алмай, сонымен бірге мамандардың жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі үздіксіз әрі қарай даму жүйесін де қамтиды.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты зерттеушілер В.М. Каган және И.А.Сычеников [8] жоғары мектепте оқыту мазмұнының жалпы-дидактикалық үш ұстанымын ұсынады: маманның өзіндік қалыптасуына оқу мазмұнының сәйкес келу ұстанымы; оқыту мазмұнының жоғары оқу орнында маман дайындаудың тұтастық жүйесін құру талаптарымен сәйкес келу ұстанымы; оқыту мазмұнының ғылыми-педагогикалық талаптарға сай келу ұстанымы.
Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес жеке жіктеп оқытуға байланысты.
Оқу материалдарын құрылымдаудың әртүрлі әдістері белгілі: дидактикалық матрицалар әдісі (В.П. Беспалько), графтар теориясы (А.М. Сохор), дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.М. Эрдниев), модульді құрастыру әдісі (П. Юцявичене), білімнің құрылымдық және жүйелілік бірлігін ерекшелеу әдісі (Б.И. Коротяев).
Оқыту міндет кез келген оқу пәні мазмұнының негізгі құрамдық бірлігі болып табылады. Білім алушы үшін ол теорияны көрнекі түрде көрсетуге, тәжірибелік жағдайды шешуге, кейбір әдістердің шешімін табуға, оқу-танымдық іс-әрекеттің қорытындысын шығарып, оны бағалауға әсер етеді.
Міндет өзінің мәні жағынан, егер ол оқушыға қажетті игерілген білім деңгейімен, кейбір оған әлі таныс емес білім мөлшерінің өзара қатысына байланысты жағдайдың туындауы қосылса ғана маңызды болып есептелінеді.
Оқыту үдерісі белсенді ету оны ұтымды басқару болып табылады. Студенттердің оқу іс-әрекеттерін басқару тәсілдері олардың ойдағыдай оқуына әсер етеді.
Л.К. Иовайша [9] Басқару - педагогикалық үдерістің негізі. Басқару - жеке адамның, не ұжымның алдына мақсат қойып, жұмысты жоспарлап, ұйымдастыруы деп көрсеткен. Ал Н.Ф. Талызина [0] оқыту үдерісінде басқару - оқыту мәселесіне кері әсерін тигізетін әдістерді тану, немесе кері әсер ету емес, қайта оқыту үдерісінің негізін танып, әрбір әрекетті үйлесімді түрде қолдана білу деген.
Оқыту үдерісі - әлеуметтік үдеріс, онда ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде әрекет етеді. Педагогикалық үдерісті басқару кезінде басқару нысанын нақты анықтап алу қажет. Н.Ф. Талызина [10] педагогика танымдық іс-әрекеттің нәтижелерін ғана емес, оның тұтас бақылау жолдарын көрсету керек деп әрекеттің әртүрлі болжамды түрлерінің даму негіздеріне сүйене отырып, педагогикалық үдерісті басқару жолдарын құрастырады.
Көптеген психологиялық-педагогикалық, дидактикалық зерттеулерде оқу іс-әрекетін басқарудың түрліше нұсқалары талданып, қолдануға ұсынылған. Сонымен, Н.Ф. Талызина, В.П. Беспалько, С.И. Архангельский оқу үдерісін басқарудың жалпы кибернетикалық жүйесін негізге алады. Кибернетикада басқаруды, қойылған мақсатқа, нысанның жағдайына, оның сипатына келетін, көптеген мүмкін болатын әсер етушілер жиынынан таңдап алынған, сол нысанның қалыптасып, дамуын жақсартатын әсер етуші деп түсінеді.
С.И.Архангельский жалпы жағдайда кибернетикалық басқару мынандай ұстанымдар негізіндегі қолданысты талап етеді: басқару мақсаттарын көрсету; қойылған мақсатқа жету бағаларының белгілерін тұжырымдау; басқарылмалы жүйенің бастапқы қалпын белгілеу; жүйенің негізгі өтпелі күйін ескеретін, басқарылмалы үдерістің ерекшелігімен және жүйенің бастапқы қалпымен, басқару мақсатымен анықталатын әсер ету бағдарламаларын жасау; басқарудың әрбір сәтінде жүйенің жағдайын (кері байланыс) сипаттайтын, таңдап алынған параметрлер жүйесі бойынша мәліметтерді өңдеу және жинау; түзетуші әрекетті ендіру [7].
Бірақ та, нақты адамды нысан ретінде ала отырып, оқытуды басқару ретінде қарастыруда, көптеген авторлардың ойынша кибернетикалық әдіспен біржақты әуестену және оқытудың психологиялық жағына немқұрайлы қарау - оқу үдерісіне ерекшеліктер әкеледі, яғни басқаларға сипаттамалы, күрделігі шамалы үдерістердің енуіне әкеліп соқтырады [11]. Мұның өзі дидактикалық үдерістің шын бейнесін бұрмалап, қате көрсететін болады.
Біз Ю.К. Бабанскийдің, оқыту үдерісін басқару мен өзін-өзі басқару арасындағы байланыстың тиімді жүзеге асырылған кезде, белсенді болады деген пікірін толық қолдаймыз. Басқарудың иерархиялық құрылым ұстанымына сүйенсек, жүйенің әрекет етуінде басқарушы функциялардың оның жоғарғы бөліктері, ал жекелеген басқару әрекетін - төменгі бөліктері орындауы керек. Оқыту үдерісінде басқарудың иерархиялық жоғарғы бөлігі- педагог, ал төменгі бөлігі-оқытушы мен бақылаушы құрылғылар, оқушылардың өзін-өзі басқару әрекеті.
Нақты айтқанда, жоғары білім жүйесінде білім берудің бастапқы кезеңінде оның кәсіби-қолданбалы бағыттарын шешуді қамтамасыз етіп, алған теориялық білімге негізделген біліктер мен дағдылары дамытылады және әлеуметті-қатынасты дағдылар орнатылып, болашақ маманның әлемдік көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады.
Білім берудегі іргелі кезеңнің маңыздылығы В.И. Загвязинский [12], В.С.Леднев [13], А.И. Субетто [14] жұмыстарында көрсетілген. Әдеби деректер бойынша қазіргі білім берудің мағыналы заңдылықтары - оның іргелігі, ол гуманитарлық мамандықтардың табиғи ғылымилық іргелі дайындықтарын және инженерлік мамандықтардың гуманитарлық іргелі дайындықтарын күшейту жолымен жүзеге асырылады [14].
Білім беру жүйесінде математика пәнінің мазмұны іргелі ғылымдардың мазмұнымен ара қатынаста болады. Сондықтан іргелі ғылымның орнын ғылыми білімнің құрылымында айқындаймыз. Іргелі ғылымдар әлемді жан-жақты танып білу, іргелі заңдылықтарын тану негізінде құбылыстарды болжау, ойлау, елестету және түсіндіру мақсаттарына ие.
Қазіргі уақытта математика таза және қолданбалы математикалардың бірігуі деп айтылады. Л.Д. Кудрявцев, теориялық математика немесе таза математика - ғылым, мұнда элементтерінің арасындағы анықталған қатынастар суреттелетін математика құрылымының арнайы логикалық құрылымдары оқылады. Математикалық құрылымның кейбірі, нақты құбылыстардың пішіндері болып табылуы, басқалары нақты құбылыстармен логикалық құрылым және ұғымдар тізбегі арқылы байланысуы мүмкін [15]. Қолданбалы математикада ғылым болып табылады, мұнда математикалық әдістермен нақты нысандар оқылады. Ол математикалық пішіндеуден, математикалық пішінді сапалы және санды зерттеуден, алгоритмдер теориясынан, ЭЕМ математикалық қамтамасыз етуден тұрады [15].
Математикалық пішіндер физикалық, химикалық, биологиялық, экономикалық, географиялық, әлеуметтік үдерістерді зерттеуде әмбебап құрал қызметін атқарады. Сонымен бірге, бір математикалық пішін әртүрлі нақтылы құбылыстарға толық сәйкестенуі, нысандардың айқын мазмұндары бойынша бір-бірінен алыс қасиеттерін жүйелеп түсіндіруі мүмкін. Математикалық құрылымның жан-жақтылығы оның абстрактылығымен айқындалады - осы ғылымның айқын және ерекше белгісі. Пәннің осындай түсіндірмесіне математиканың барлық жинақталған аксиоматикалық-пәндік білім байлығы жатады: геометрия жүйелердің формаларын, функциялар теориясы - жүйе компоненттерінің өзара байланысты типтерін, математикалық логика - компоненттердің логикалық байланысын зерттейді.
Бір жағынан, математиканың абстрактылығы оған жан-жақтылық пен жалпылық енгізеді. Басқаша айтқанда, математиканың абстрактылығы оның онымен байланысты нақтылы айқын құбылыстарды немесе нысаналарды бейнелеуде және зерттеу есептерін шығаруда іске асыруда қиындықтар туғызады.
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде технологияландырудың теориялық және практикалық тәжірибелері шоғырлануда: мақсаттар, мазмұнды елестету, ақпараттарды игеру үдерістері, ықпал ету және іс-әрекеттер тәсілдері, берілген нәтижелердің жетістіктерін бақылау және бағалау.
Білім берудегі технология ұғымынан білім беру технологиясы ұғымына көшуге болды. Мұнда педагогикалық үдерістің ғылыми бейнеленуі (әдістер және тәсілдер жиынтығы) жобалана бастады. Көшудің осындай теориялық базасы - бағдарламалап оқыту идеясы болды, сол арқылы сипаттамалық белгілері, оқу мақсаттарының нақтылы баяндалуы және олардың жетістіктерінің тізбекті тәртібі болып табылады.
1970-жылдары жаңа техникалық құралдар және педагогика ғылымының жаңа бөлімдері оқытудың психологиясы, оқу-танымдық іс-әрекеттерін басқару теорияларымен сипатталды. Осы кезеңде оқу үдерісінің технологиясы жүйелік тұрғыдан қарау негізінде жасалып, ал педагогикалық технологияны ғылымның және техниканың жаңа жетістіктері негізінде оқу үдерісін оңтайландыру ұстанымдарын талдау, өңдеу және қолдану деп түсінеді [16].
1990 - жылдар жаңа техникалық құралдар ретінде компьютерлер мен дисплейлік сыныптарды қолданумен ғана емес, сонымен қатар соның негізінде интерактивтік технологияларды қолданумен ерекшеленеді.
В.И. Боголюбов [16] педагогикалық технология ұғымы туралы өзінің үш көзқарасын ұсынады:
- қазіргі заманғы техникалық құралдар кешені;
- қатынас (байланыс) үдерісі;
- оқыту үдерісі және құралдары;
Технология термині білім беруде оқыту технологияларының белгісін қалыптастыру үдерісінің белгісіне, білім беру мақсаттарын тікелей жүзеге асыратын бағытқа бет алды. Ол психологиялық-педагогикалық және басқару және техникалық құралдары, әдістері және түрлерінің арнасымен қамтамасыз етіледі.
Оқыту технологиясының бірден-бір мәселесіне оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесін шешудің негізінде оқытудың әдістері мен түрлерінің дидактикалық жүйелерін құру жатады.

1.2 Математикалық білім берудегі оқытудың негізгі ұстанымдары

Жалпы-дидактикалық ұстанымдар оқытудың барлық сатыларында қолданылатын жалпы жағдайлардан тұрады.
Олардың кейбіреулері өз бастауын Я.А. Коменский мен И.Г. Песталоцци еңбектерінен орын алады. Қоғамның дамып, өзгеруіне байланысты оқыту ұстанымдар және оның жүйесі де дамып, өзгереді.
Сондықтан, дидактика деп аталатын педагогика бөлімінде немесе басқа оқу пәніне байланысты жағдайлары жинақталып, әмбебапты ерекшеліктері көрсетілген.
Осындай жинақтаудың нәтижесінде кез келген пәнді оқытуда, әсіресе математиканы оқытуда, қалыптасқан әдістемелік бірыңғай талаптарды қанағаттандырарлық оқытудың дидактикалық ұстанымдары жасалды.
Сондықтан кез-келген курсты оқытуда әдістерді, оқыту түрлерін, оқыту мазмұнын дұрыс таңдау маңызды. Педагогикада пәнді оқытуға қойылатын дидактикалық ұстанымдар бар. Ұстаным сөзі (латынның principium - негіз, бастама, түпкі) басқарушы идея, негізгі ереже, бекітілген ғылыми заңдылықтан туындайтын іс-әрекетке және мінез-құлыққа қойылатын негізгі талаптар деген мән береді.
Оқытудың ұстанымдары оның ғылыми заңдылықтарын айқындайды, озық тәжірибені сұрыптайды. Дидактика өткен тарихымыздың, ғұлама даналарымыздың ғаламдық кеңестіктегі ең озық жетістіктерін меңгерудің нәтижесінде дамып келеді.
Дидактика (грек тілінде ұғындыру деген мағынаны білдіреді) оқытудың немесе оқу пәніне байланысты жағдайларды жинақтап, пәндердің жалпы ережелерін, заңдылықтарын, ұстанымдарын оқыту тұрғысынан қарастырады.
Жоғарыда айтылғандай кез келген пәнді оқытуда, әсіресе математиканы оқытуда, қалыптасқан ұстанымдары бар. Олар:
- мақсаттылық ұстанымы;
- ғылымилық ұстанымы;
- тәрбиелік ұстанымы;
- қызығушылық және белсенділік ұстанымы;
- білімнің сапалы берік болу ұстанымы
- көрнекілік;
- жүйелілік және реттілік;
- түсініктілік;
- оқытудағы даралап оқыту.
Жалпы-дидактикалық ұстанымдар оқуды ұйымдастыруда сүйенетін бастапқы негіз болып табылады. Олар қандай бір жағдайда қолайлы болатындай етіп педагогикалық ережелергесәйкес нақтыланып отырылады.
Осы дидактикалық ұстанымдарға және математиканы оқытудың негізгі ұстанымдарына тоқталайық.
1. Оқытудың мақсаты - пәнді квалификациялы ғылыми негізде меңгеру, cәйкес біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, оқу материалын толық игерту.
Тікелей мақсаты - оқушытердің интеллектуалды-рухани деңгейін олардың ішкі қозғаушы рухының қуат алу өрісіне бағыттау, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқыту сарынын анықтау, ғылыми - квалификациясының пайымын дамыту.
Оқытудағы мақсаттылық оның нақты мақсатын айқындауды талап ететін, оқытудың мақсатын айқындап қана қоймай, оны оқушытің терең сезінуін, оқыту мақсаттарын оқу мақсаттарына көтеруге әсер ететін саналылықты қажет ететін ұстаным.
2. Білімнің ғылымилығы - қазіргі ғылым деңгейіне сай болу ұстанымы. Бұл негізінен, біріншіден, білім мазмұнының бүгінгі ғылым деңгейіне сай; екіншіден, таным әдісінің дұрыстығына білім алушының сенімін қамтамасыз ету; үшіншіден, таным үдерісінің маңызды заңдылықтарын көрсету.
Білімнің ғылыми белгісі - оқушының біліктер мен қабілетін ғылыми негізде жетілдіріп, кемелдендірудің кепілі. Осы бағытта оқушының біліктері мен дағдылары дамиды. Педагогикада біліктілік түсіну деңгейінде беки түседі. Жинақталған білім мен біліктерді ең ұтымдысы оқушытің есте сақтау қабілетін дамытады.
Ғылым жетістіктерін дәйекті дәрежеде жіктеп, ұғымдарға түсініктемелер беріп, теориялық пайым жасап, заңдылықтар мен ұстанымларды фактілерге отырып сүйене дәлелдей алады. Меңгерген ұғым-түсініктері мен тұжырым пайымдарын реттейтін ішкі бақылауы кемелденген (интериоризация) ғалымдардың қорытынды пайымдарымен өз ойы мүддесі қабысады, білімді жүйелі де ауқымды тұрғыда жинақтай алады, өзінің іс-қимылын саналы деңгейде жүзеге асырады. Негізгі ғылым салалары мен осындай ынтымақтастық оқыту қажеттіліктерін іргелі мағлұматтармен қамтамасыз етеді.
Осы теориялық материалдар жоғары деңгейде анықталып, ұғымдар мен тұжырымдар осы пәндердің мазмұнын толық ашып бере алатындай дұрыс жүйелі түрде баяндалып көрсетілсе, ғылымилық ұстанымы жүзеге асады.
Ғылыми ұғымдар негізінде заңдар мен теориялар жасалатыны белгілі. Жалпы, ұғым - бұл ойлау формасы. Сондықтан оқыту үдерісінде ұғымның анықтамасын дәл беріліп, нақты сұрақтардың көмегімен формалды логикамен саналы меңгертіледі. Кез келген ұғымды бірден түсініп меңгеру қиын, әдетте оның мазмұнын, көлемін және басқа ұғымдармен қатынасын біртіндеп түсіндіріледі.
Міне, бұдан біз ұғымның мазмұнын, нақты белгілерін және барлық нысандардың осы ұғымды қалыптастыратын көлемін айыра білу қажет екендігін көруге болады. Ұғымның нақты белгілері сол ұғымды қалыптастыратын барлық нысандардың көлемімен анықталады. Мысалы, туынды, интеграл, шама, сан, теңдеу, график, мәндес деген математикалық ұғымдар дифференциалдық теңдеулерде қолданылады.
Негізгі ұғымдар ғылыми көзқарас қалыптастырады, пәнішілік байланыстарды, қолданбалы және практикалық бағыттарды, пәнаралық байланыстарды жүзеге асырады.
3. Тәрбиелік ұстанымы. Тәрбие мен біліктілік арасында заңды байланыс бар. Мұның өзі оқыту және даму үдерістері сияқты жұптық сапаның көрсеткішінен тұрады.
Бүгінгі қоғамның негізгі талабы − жоғары оқу орындарында, мектептерде тек білім беріп қана қоймай, оқыту мақсатына сай тәрбие беру. Әл-Фараби Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы дегендей, оқушытердің ғылыми дүниетанымын қалыптастырып жетілдіруде, ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, эстетикалық тәрбие беруде, саналы тәртіп, жоғары белсенділік, адалдық, жауапкершілік, қиындықты жеңе білу сияқты саналарды қалыптастыруда жан-жақты жұмыс жүргізілуі тиіс.
4 Қызығушылық пен белсенділік ұстанымы. Білімнің бағалылығын сезіну үшін оның сипаттамасының сапалы белгілерін білу қажет. Сол арқылы білім алушылар ғылым мен техника, мәдениет пен өнер салаларында білімін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін сезінеді керек. Осы тұрғыда қызығушылық пен белсенділік негізгі қасиет болып табылады. Білімді үздіксіз жетілдіріп, тереңдету үшін оқу үдерісі барысында қызығушылық пен белсенділікке баса көңіл бөлінеді. Орындалған ми қызметіне қарай оқушы мен бүгін көп нәрсе білдім, мен бүгін көп нәрсеге үйрендім деген қорытындыға келсе, бұдан оның осы сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Оқушының жүзеге асырған әр жұмысын математикалық іс-әркетін оқиға ретінде қабылдауы түсінудің эстетикалық элемент ретінде қабылдауы тиіс. Эстетикалық элемент қызығушылыққа әкеледі. Қызығушылықтан белсенділік туындайтыны белгілі.
Қызығушылық пен белсенділік ұстанымы математикалық нысандардың жүйелі түрде топтастыру және оларды салыстыру біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ұстаным білім алушының алға қарай дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттырады. Белсенділікті жүзеге асыру үшiн сабақтар жүйесінде келесi ұстанымдарды сақтау қажет: мүмкіндігінше қайталау; мiндеттi түрде негiзгiнi бөлiп алу; әрқашан оқушытің шындық сезiмiн, берiлгендердi шамалау, шамаларға бейiмделу iскерлiктерiн дамыту; қарапайым амалдар мен жаттығуларды орындау iскерлiктерiн мiндеттi түрде қалыптастыру; әр сабаққа оқушытің өз бетiмен жасайтын жұмыстарын енгiзу; тексерiс жасау.
5. Білімнің сапалы берік болу ұстанымы. Математиканы оқытуда бұл негізгі ұстанымдардың бірі болғандықтан шәкіртке оқу бағдарламаларының көлеміне сай, көрсетілген стандарт бойынша алған білімді жүйелі түрде меңгертіп және оның берік болуы үшін оқытушы, біріншіден, білім мен дағдыларына бақылау жасау, екіншіден, өткен материалдарды меңгертіп қайталау үшін берілген тапсырмаларды, есептерді жүйелеп оның берілуіне мән беріп отыру қажет.
6. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыру мақсатында оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқылатын материалдардың мазмұнына сәйкес қосымша құрал ретінде графикалық суреттерді, геометриялық модельдерді, тартымдылығы жоғары, тез есте қалатын символдар мен терминдерді пайдалану тиімді. Көрнекілік - тек ғана ұғымдар мен көркем суреттер жиынтығы ғана емес, идея мен болжам негізгі. Көрнекілік - математикалық амалдарды есте сақтаудың жалпыға бірдей түрі. Қазіргі кезде көзбен шолып ойлау (визуальное мышление) термині көп қолданылып жүр.
7. Жүйелілік және реттілік ұстанымы. Білім алуды жалғастыруда білім берудің жүйелілігіне мән берілуі тиіс.
Ой жұмысының ғылыми ұйымдастырылуының элементтері бір жүйе құрайды. Жүйе негізгі ғылыми ұғымдар мен теориялардың белгілі бір тәртіппен біртіндеп меңгеруді көздейді. Бұл әсіресе, математикалық мамандықтар үшін өте қатаң тәртіппен берілуі тиіс. Жалпы математика логика мен түйсікті реттеп дамытатын жалғыз оқу пәні болып табылады. Себебі математиканы оқып үйренуді дәлелдеу, негіздеу, тексеру негізгі әрекеттер болғандықтан, олар ретімен, ептілікпен, белгілі бір логикамен, дәлдікпен жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, уақытты үнемдеп дұрыс орындап және, ой жұмысының гигенасымен толық таныс болу да міндетті. Адамның ой жұмысының жоғары мәдениеті адамның білім алу мүмкіндігін жетілдіреді. Себебі, математиканы қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге, білімнен біліктілікке қарай реттілік ұстанымы арқылы оқытамыз. Математика ғылымының өзі де осы даму барысында осы ұстаныммен алға қарай дамыған. Математика ғылым ретінде және оқу пәні ретінде бір-бірінен көп айырмашылығы жоқ екеніне тарих куә. Функцияны, оның туындысын және интегралдау әдісін білмей дифференциалдық теңдеуді шеше алмаймыз. Сондықтан білім беру, пәнді оқыту бір жүйемен қатаң реттілікпен жүзеге асырылады. Берілген және айқындалған жүйе үнемі тәртіпке келтіріліп (онда қамтылған алгоритм анықталып), оқыту материалдарының көлемі, олардың берілу шарты, біліктіліктер мен ғылыми қабілеттіліктер қамтылған дағдыларыды алдын-ала үйлестіріп отыруға ықпалын тигізеді. В.Т.Петрова өзінің докторлық диссертациясында, жете түсіну реттілігі ұстанымын қарастырады. Бұл ұстанымды болашақ математика маманының білімімен үйлесім табатын ұстаным ретінде ұсынуға болады.
8. Түсініктілік ұстанымы. Оқудың құндылығын арттыруды көздейтін кез-келген мамандық иесі алған білімінің түсінікті және нақты болуына назар аударады. Баяндалған материалды түсінікті болуы математикаға деген оқушытің қызығушылығын қарқынды түрде көтереді. Сол арқылы оқуға деген ынтасын артады. Білімге деген ынта таза болуы үшін оның жеңіл және түсінікті болуы тиіс. Білім түсініксіз болса, білім алушы жұмыс істегенді қаламайды, тіптен кейде оқуды тоқтатады. Кейде алған білімі түсінікті болғанымен күмән тудыратын жәйт та кездеседі. Түсініктілік алған білімінің беріктігін, ұзақ уақытқа дейін есте сақталуын, басқа математикалық бөлімдермен байланысын қамтамасыз етеді.
Ойлау әрекетінің түсініктілік ұстанымы - сөзсіз білімнің бағасы деп Е.П.Ильин түсініктілік ұғымына баға берген. Себебі түсініктілік ұғымы ойдың барынша дәл, нақты болуына, өз ісіне нәзіктікпен талдау жасауға, кез келген жалған және логикалық емес ойларға қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Түсініктілік ұстанымы оқушытің орындаған ой іс әректіне сүйсіну сезімін тудырады, тапсырманы орындауға деген ынтаны арттырады, есепті шешудің ыңғайлы жолын табуға итермелейді.
9. Даралап оқыту ұстанымы. Білімнің пайдалылығын арттыру мақсатында таным мен ынтаның әртүрлілігіне байланысты өз бетімен білім алушының деңгейіне қарай даралап оқыту ұстанымын пайдаланған жөн. Оқу материалы даралап оқытуда пәннің мазмұнына, күрделілік дәрежесіне, оқыту үдерісінің кезеңдеріне, білім алушының білім деңгейіне байланысты таңдалады.
Оқытудың дамытушылық функциясы барлық бағыттар арқылы жүзеге асады: білім алушының тілі дамытылады, сөйлеу біліктері ыңғайына қарай ширатылады, ойлау қабілетін деңгейлік сапаға бағыттайды, ішкі ой сезімдерін іске қосу, байқау амалдары арқылы ішкі болмысына оңтайлы, жағымды ықпал етеді. Тұлғаның даралық болмысы үнемі өзгерісті бағытқа ынталы болып келеді.
А.Г. Мордкович кәсіби-педагогикалық бағытта оқыту тұжырым-дамасында төрт негізгі ұстанымдарды ұсынады: 1) іргелілік; 2) бинарлық; 3) жетекші идеялар; 4) үздіксіздік ұстанымдары. Оқытудың ұстанымдарын бір-бірімен байланысты десек, жүйелілік пен көрнекілік ұстанымдарының мәні де осы түсініктілік ұстанымымен бірге ұштасып жатады. Іргелілік ұстанымы мен жетекші идея ұстанымдары оқытудың мазмұнын таңдауда, бинарлық ұстанымы оқыту әдістемесін таңдауда, үздіксіздік ұстанымына оқытудың түрі мен құралын таңдауда басымдылық беріледі.
Десек те іргелілік ұстанымы жөнінде ресей ғалымы М.И. Шабунин келесі талаптарды ерекше айтып кеткен:
- математикалық ұғымды және есеп шығару әдісін жеткілікті деңгейде дамытып, оның қолданысын мүмкіндігінше кеңейту;
- математикалық ұғымды пайдаланып анықтамалардың мазмұнын толық беру, негізгі тұжырымдар міндетті түрде дәлелденген болуы тиіс;
- баяндалатын материалдар логикалық қатаң тәртіппен берілуі, оны ары қарай зерттелуі-аралас пәндерді оқытуға пайдаланылуы тиіс;
- математикалық курстар қолданбалы сипаттағы есептерді шығаруға бағытталған шығармашылық негізде берілуі тиіс.
Соңғы жылдары оқу үдерісінің мазмұны оқытушы мен білім алушының сабақ беру және оқу өзара әрекеттері арқылы жүзеге асатын бинарлық әдіс көрсетілуде. Осы дидактикалық ұстанымдар математика пәнін оқытуда және сонымен тәрбиелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
3 - сынып оқушыларының математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамытуға модульдік оқытудың әсері
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Пәндер