Қазақ хандығы – мемлекеті қалай құрылған?



Жоспар
Негізгі бөлім
1.Қазақ жеріндегі тайпалар
2. Этникалық топтың құрылуы
3. Қазақ хандығының алғашқы жоспарларының орындалуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ұлтжанды азамат, қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауин ағамыз: «Еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келеді»1 – дегенде осы бабалар тарихындағы бұрында әр түрлі құйтырқы саясатқа негізделіп, ұрпақтан әдейі жасырылып, айтылмай, жазылмай жазылса шынайы тарих бұрмаланып берілген оқиғалар бүгінде қалпына келтірілуі тиіс екендігі туралы айтқан болар.
Өткен тарихымыздың қалпына келтірілуі бүгінгі таңда әлемдік халықаралық қауымдастықтағы ҚАЗАҚ елінің беделінің одан сайын артуына ықпал етіп, мемлекеттілігінің бастауы кейбіреулер айтып жүргендей кеше ғана құрылмаған бірнеше ғасырларға созылған тарих екендігін, оны мекендеген қазақтар байырғы халықтар қатарына жататындығын айғақтайды. Мемлекетіміздің құрылуын бұлай ерекшелеп атап өту, қазақтар осы өңірдің АБОРИГЕНДЕРІ – белгілі бір елдің немесе жердің байырғы тұрғыны екендігін жоққа шығаратындардың күмәндарын сейілтетіні сөзсіз. Бұлардың жаңа қоныстанғандардан айырмасы – аборигендер өз жерін атам заманынан бері мекендеп келетіндігі.
Шыңғысхан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты, Дешті Қыпшақ даласы мен Орталық Азия өңірінде пайда болған ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тағына таласқан хандар мен сұлтандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымсыз өзара соғыстарынан қанжілік болған халық бұқарасы бұл қырқыстарды тиятын, аласапыранды тоқтататын бір тұтас мемлекетті арман етті. Бұл сол кездегі өз алдына бейбіт өмір сүруді аңсаған қазақ халқының көкейтесті тілегі еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мағауин М.”Қазақ тарихының әлппесі”, Алматы-1995, 9-бет
2. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1-том, 364-442-448-бб
3.. Иванов П.П. «Орта Азия тарихының очерктері» 20-21беттер.
4. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1983.2-том, 192-бет.
5. Масғұд ибн Осман Коhстани «Тарихи Әбілқайыр хан» 312-480 беттер
6. «Қазақ ССР тарихы», Алматы,1983.2-том, 190-бет
7. Юдин В.Т «Моғолстандағы моғолдардың тайпалық құрамы», 28-38 беттер
8. «Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1983. 2-том, 255-256-беттер
9. Мұқанов М. «Орта Жүз қазақтарының этникалық құрамы», 28-38 –беттер
10. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», 7-22-34-беттер
11. «Шай банинама»,56-бет. «Тарих-и-Рашиди», 45-48 беттер
12. «Тауарих ғұзидаин нұсыратнама», 5-7-98-беттер
13. «Раузат» ас‒Сафы», «Тарих-и-Рашиди», 23 бет
14. «Қазақ ССР тарихы», Алматы,1983. 2-том, 257-бет
15. «Қазақ совет энциклопедиясы», 8-том, 664-бет.
16. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-бет, «Қазақ хандығы
тарихының материалдары», 95-бет
17. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-бет, «Қазақ хандығы
тарихының материалдары», 95-бет
18. Мағауин М.”Қазақ тарихының әлппесі”, Алматы-1995, 12-бет
19. «Қазақ совет энциклопедиясы», 6-том, 384-385-беттер.
20. «Қазақ совет энциклопедиясы», 6-том, 384-бет.
21. Мағауин М.”Қазақ тарихының әлппесі”, Алматы-1995, 14-бет
22. Сонда, 16-бет
23. Сонда, 16-бет
24. Сонда, 16-бет
25. Сонда, 15 бет
26.«Бақыр ал-асырар», 1326-1336-беттер.
27. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-174 бб.
28. «Тауарих ғұзидаин нұсыратнама»,В 96-бет, «Шайбанинама» А4, В 4-б.
29. «Қазақ совет энциклопедиясы», 8-том, 235-б.
30.«Қазақ совет энциклопедиясы», 8-том, 225-б.
31. Пищулина К.А. «Қазақ хандығы»,«Қазақ совет энциклопедиясы», 4-т.,385-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Негізгі бөлім
1.Қазақ жеріндегі тайпалар
2. Этникалық топтың құрылуы
3. Қазақ хандығының алғашқы жоспарларының орындалуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ұлтжанды азамат, қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауин ағамыз: Еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келеді1 - дегенде осы бабалар тарихындағы бұрында әр түрлі құйтырқы саясатқа негізделіп, ұрпақтан әдейі жасырылып, айтылмай, жазылмай жазылса шынайы тарих бұрмаланып берілген оқиғалар бүгінде қалпына келтірілуі тиіс екендігі туралы айтқан болар.
Өткен тарихымыздың қалпына келтірілуі бүгінгі таңда әлемдік халықаралық қауымдастықтағы ҚАЗАҚ елінің беделінің одан сайын артуына ықпал етіп, мемлекеттілігінің бастауы кейбіреулер айтып жүргендей кеше ғана құрылмаған бірнеше ғасырларға созылған тарих екендігін, оны мекендеген қазақтар байырғы халықтар қатарына жататындығын айғақтайды. Мемлекетіміздің құрылуын бұлай ерекшелеп атап өту, қазақтар осы өңірдің АБОРИГЕНДЕРІ - белгілі бір елдің немесе жердің байырғы тұрғыны екендігін жоққа шығаратындардың күмәндарын сейілтетіні сөзсіз. Бұлардың жаңа қоныстанғандардан айырмасы - аборигендер өз жерін атам заманынан бері мекендеп келетіндігі.
Шыңғысхан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты, Дешті Қыпшақ даласы мен Орталық Азия өңірінде пайда болған ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тағына таласқан хандар мен сұлтандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымсыз өзара соғыстарынан қанжілік болған халық бұқарасы бұл қырқыстарды тиятын, аласапыранды тоқтататын бір тұтас мемлекетті арман етті. Бұл сол кездегі өз алдына бейбіт өмір сүруді аңсаған қазақ халқының көкейтесті тілегі еді.

Негізгі бөлім
Осы Орталық Азияда, Дешті Қыпшақта, соның ішінде оның шығыс еуропалық бөлігінде, Еділ бойында, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда шаруашылық-әлеуметтік, саяси, мәдени-тарихи даму деңгейі де әртүрлі болды. Бұл өңірлерді біріктірген моңғол ұлыстарының экономикалық жағдайының тұрақтылығы да берік болмады. Әртектес этникалық тайпалар мекендеген олар уақыт өте келе тарихи жағынан байланысты, шаруашылық және этникалық негізі бар саяси құрылымдарға бөлшектеніп кетті. Бұл бөлшектенуге қоғамдық қатынастар дамуындағы белгілі бір өзгерістер, этникалық процесстердегі топтасушылық факторлар ықпал етті.
Қазақ хандығының құрылу қарсаңында (XIV-XV ғасырларда) Қазақ тайпалары Сібірден Сыр бойына, Ертістен Жайық жағасына дейінгі жалпақ өңірге жайылып қоныстанған болатын. Осы дәуірді баяндайтын орта ғасырлық тарихшылардың шығармаларында қазақ даласының негізгі тұрғындары ретінде қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, үйсін, найман, керей, қоңырат, маңғыт тағы басқа тайпалар аталады. Бұлар қазақ даласының ежелгі тұрғындары, сондай ақ бұдан бұрын осы өңірлерде құрылған Ақ Орда, Моғолстан, тағы басқа хандықтардың халқын құраған этникалық топтар еді. Бұл тайпалар ішінде қыпшақтардың орны өзгеше болды, XIII ғасырдың деректерінде Алтын Орда хандары Қыпшақ патшалары2 деп аталды. Қыпшақтар XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбани ұлыстарын мекендеген Ақ Орда халқының, ал кейіннен Әбілхайыр хандығы халқының да едәуір бөлігін құрады.3
Батыс Сібір тайпаларымен көрші болып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізгі ұйытқысы қыпшақтар еді. Ертіс өңірінің Торғай, Есіл далаларының қыпшақтары: құлан қыпшақ, қытай қыпшақ, сағал қыпшақ, торайғыр қыпшақ және мажар (мадияр) қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді.
Тобылдың төменгі бойынан Ұлытау мен Сырдарияға дейінгі территорияда басқа тайпалардың едәуір бөлігі олардың ішінде наймандар, керейлер, меркіттер мен оңғыттар қоныс тепті.4
XV ғасырда Ақ Орда орнына құрылған Әбілхайыр хандығының (1428‒1468) халқы арасында қарлұқ, қоңырат, үйсін, найман, өкіреш найман, қият, маңғыт, шынбай, итжан, тапғұт, дұрман, тұбай, таймас, күшті, отаршы, шап, қытай, барақ, ұйғыр, күрлеуіт, ишкі, ишкі-маңғыт, тұман т.б. тайпалардың болғандығы мәлім.5
Ноғай ордасының құрамында маңғыт, найман, арғын, қоңырат, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгрес, қарлық, алаш, тама т.б. тайпалар болды.6 Моғолстанға қарсты Жетісу тайпалары: дулат, қаңлы, (бекчик) қарлық, керей, арғынот, күрлеуіт, күшші, барлас, шорас, көңші, қалушы, бұлғаш т.б. еді.7
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында, әрбір қазақ тайпасының өріс-қоныстары ұлан-байтақ территорияны алып жатты:
Наймандар XV-XIV ғасырларда Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандардың көпшілігін қоныстанды.
Қоңырат XV-XIV ғасырларда Түркістан мен Қаратау аудандарын мекен етті.
Арғындар XV-XIV-ғасырларда Ертістен батысқа қарай орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны және батыс Жетісуды мекендеді.8
Керейлер XV-XIV-ғасырларда Жетісуда және Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрді.9
Дулаттар XV-XIV ғасырларда Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Ыстықкөлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ оңтүстік Қазақстанда Отырар жасыл алқабын мекендеді.10
Қаңлылар Қаратау баурайы, орта Сырдария және батыс Жетісудағы өзендерінің ежелгі мекенінде болды.11
Үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені Жетісу өңірін қоныстанды. Тарихи деректердің айтуынша, Әбілхайыр хандығында да үйсіндер болған.12
Тарих-и-Рашиди мен Раузат ас-сафаның дерегіне қарағанда, XV-XIV -ғасырларда Іленің сол жағасында және Янги (Тараз) ауданында керейттер (керейлер), Шу өзенінің оң жағасында арғындар мекендеген. 13
Жалайырлар Қаратау баурайын, орта Сырдария өңірі мен Жетісуді қоныстанған.14
XV ғасырдың ақыры мен XVI ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтардың мемлекеттік бірлестігі халықтың бірігу барысын жеделдете түсті. Әбілқайыр мен Ақ Орда хандықтарына қарағанда Қазақ хандығының ерекшелігі-оның анағұрлым кең де берік этникалық негізі-қалыптасқан қазақ халқы болды15. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы осы өңірдегі этникалық жағдайдың жоғарыда аталғандай орналасуы Қазақ хандығының құрылуына өз ықпалын тигізді. Ал Қазақ хандығының құрылуы осы ұлан-байтақ өңірді қоныстанған қазақ тайпаларының және қазақтың этникалық территориясын біріктірді. Қазақтың өз алдына халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай Ордасы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен билеген Ақ Орда территориясы - шығыс Дешті Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468) үстемдік етті. Әбілқайыр хан құрған бұл мемлекет "Көшпелі өзбектер мемлекеті" деп те аталды. Әбілқайыр (1412-1468 жж) Жошының бесінші баласы Шайбаннан тарайды. Мемлекеттің территориясы XV ғасырдың орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатты. Әбілқайыр жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің "Тарих-и-Рашиди" атты шығармасында: "Әбілқайыр хан бүкіл Дешті-Қыпшақты билеп, төстеді. Жошы ұрпақтарының кейбір сұлтандары Әбілқайырдан арамдық әрекеттер мен соғыс құмарлығының иісі аңқып тұрғанын біліп, мұны болғызбауға талпынды[16][ ]деп жазады.
XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығындағы толассыз болған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдеп, феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді.
Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыранқылық салдарынан Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың әділетсіз үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті. Ақ Орданың ақырғы ханы Ұрыс (Орыс) ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек бұл жағдайды өз мақсаттары үшін пайдаланды да, Әбілхайыр ханның қанаушылығына қарсы күрескен, болашақта қазақ деп аталған жұртты құраған тайпаларға басшылық жасады. Осы қазақ атанған қалың тайпаларды бастап батыс Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде 1434-1462 жылдары Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға бұл қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Бұлар батыс Жетісуды мекен ете отырып, қазақ хандығын құрды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи-и-Рашиди атты еңбегінде: Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп кетті. Есенбұға хан оларды қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Ол көшіп келген өзбектерді қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады... деген мәлімет қалтырған.[17]
1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар, Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болатын. Ал қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген түрік тектес тайпалардың басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бір жолата қалыптасуында аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған.Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған ерекше оқиға - қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің дүниеге келген мезгіл болды.
Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, тіпті, бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды. 1465-1470 жылдар - хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана[18][ ] - деген Мағауиннің тұжырымы сол кездегі тарихи оқиғаларды зерттеген өзге де тарихшы-ғалымдардың пікірлерімен үндес.
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алқабы еді. Міне нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет Қазақтар деген атау қолданылған (Уасифи, 16-ғасыр),[19]ежелден осы алқапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуі бұзылған судай ағылып Қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50 жылдарының ортасынан 70 жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды.[20]
1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті.
Жазушы-ғалым Мұхтар Мағауиннің осы ретте: Көне Түрік қағандығы - біздің түп тамыр, әуелгі ұлы мемлекетіміз, Алтын Орда - одан соңғы бабаларымыз орнатқан даңқты ұлысымыз, Көк Орда - қазақ жұртының этникалық бірлігіне жол ашып, мемлекеттік жүйесін қалыптастырған кезең десек, Қазақ Ордасы біздің өз атауымызбен аталған, халқымызды этнос ретінде біржола орнықтырған құрылым болды[21]-деп берген бағасы ғылыми негізделген тұжырым болып табылады. Қазақ хандығының құрылуы ежелгі түрік тайпаларының бір бөлігін ата мекенге ұлыс етіп ұйыстырумен қатар, олардың біртұтас халық-ұлт ретінде сақталуына мүмкіндік жасады. Бұл кезде өткендегі Алтын Орда қарамағындағы басқа түрік тектес тайпалар қырылып-жойылып жатқанда, қазақ туын көтерген қауым өзінің елдігін сақтады, ұлан-байтақ жерін ұрпағына мирас етіп қалдырды.
Бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өткен заманымыздың қай кезеңіндегі тарихымыз болмасын қымбат, сұрапыл-сағаттарда ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да ардақты. Бұрыңғы-соңғы тарихта орны ерекше тұлғалар да болған. Олар - Қазақ Ордасының негізін салған тұңғыш хандарымыз - Керей мен Жәнібек. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған дара ұлдары. Олардың ата жөнін таратар болсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Арғы бабалары - Шыңғыс хан, одан Жошы хан, одан Тоқай-Темір, одан Өз-темір, одан Қожа, одан Бәдіғұл, оның ұлы атақты Ұрыс (Орыс) хан. Ұрыс ханның жеті ұлының үлкені Тоқтақия хан, ортаншысы - Құйыршық хан. Тоқтақия ханнан Болат туады, Болаттан қазақтың Керей ханы.Құйыршық ханнан атақты Барақ хан туады, Барақтың ұлы - қазақтың Жәнібек ханы. Яғни, Қазақ Ордасының негізін салушы Керей мен Жәнібек хандар үшінші атадан табысады. Көк Орданы көркейткен Ұрыс ханның шөберелері.
Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей ақ киізге хан көтеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен секілді. Тарихшы Махмұд ибн Уәли, Керей мен Жәнібек сыртқы саяси істер мен байланыстарда өз беттерінше қимыл жасаған хандар, ерекше мемлекеттік саясат жүргізе білген билеуші болғандығы туралы мәлімет қалдырған: Есенбұға ханның тірі кезінде, оған жоғарыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шайбанилық Әбілқайыр хан
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығы туралы ақпарат
«Түркі» этносы және этнонимі
Қазақ хандығының тарихы
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ хандығына 550 жыл
«Түрік» этносы және этнонимі
Пәндер