Оқытуды ұйымдастырудың формасы
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
I. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... . 5.6
1.2. Сабақ . оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ... ... ... ... ... ... ... ... . 7.10
1.3. Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары ... ... ... ... ... ... .11.12
1.4. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.15
1.5. Сабақтың типтері, түрлері, олардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.20
II. ОҚУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ..21
2.1. Сабақтағы оқушылардың жұмыс істеу формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.22
2.2. Сабаққа қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.26
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.28
VI. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігін оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларда шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизатциялау мен гуманитаризатциялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. Бастауыш мектеп педагогикасы – кіші оқу жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап, ұсынушы ғылым. Қай дәрежеде болмасын тәрбие, біліммен оқу-оқыту мәселелерімен әрбір адам-мейлі ол ата-ана, оқушы, оқытушы, мұғалім, мектеп ұйымдастырушылары мен басшылары болсын, міндетті түрде айналыспай қала алмайды. Педагогикалық ептіліктер мен дағдыларды меңгерту күнделікті тұрмыста да, кәсіби қызметте де әрбір адам үшін әбден қажет. Ал бастауыш мектеп маманының бұл салаларды тереңдей теориялық тұрғыдан игеріп алғаны-оның тиімді педагогикалық қызметтің мызғымас кепілі.Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік білім стандартына» сәйкес жоғары мектеп түрлерін дайындауда назарға алынуы тиіс міндетті білім деңгейі мен мазмұнына орайласқан отандық және шет елдік жаңашыл педагогикалық тұжырымдамалар негізінде жинақталды.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Коменский Я.А Великая дидактика. Избр. Пед. Соч.,1955.
2. Онищук В.А. Урок в современной школе. 2 – е изд. М., 1985.
3. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. 2 – е изд. М., 1984.
4. Махмутов М.И Современной урок. 2 – е изд. М., 1985.
5. Кириллова Г.И. Теория и практика урок в условиях развивающеге обучения. М., 1980.
6. Дидактика средней школы (Под ред. М.Н. Скаткина), 2 – е изд. М., 1982.
7. Педагогикалық ізденіс. Алматы, ˝ Рауан ˝ . 1989.
8. Амонашвили Ш.А Воспитательная и образовательная функция оценки учениия школьников. М., ˝Педагогика˝, 1984.
9. Сабыров Т.С. Оқушылардық оқу белсенділігін арттыру жолдары. ˝Мектеп˝, Алматы, 1978.
10. Буратовой И.Д., Зязин Б.П. О критериях оценки результатов труда учителей и учащихся. Алма – Ата, ˝Мектеп˝, 1985.
11. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000ж.
12. Савин Н.В. Педагогика. Алматы, ˝Мектеп˝, 1975ж
13. Сабыров Т.С. Оқыту тероиясының негіздері. Алматы, 1993ж.
14. Айтмамбетова Б.Р. Оқыту процесін ұйымдастыру . Алматы, 1991ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Қазіргі Заман Болашақ Академиясының колледжі
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Тексерген: Абдыхалыкова С
Дайындаған: Балхожаева
Тобы: Ноо-10
Ақтау - 2014 ж.
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
I. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5-6
1.2. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ... ... ... ... ... ... ... ... . 7-10
1.3. Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары ... ... ... ... ... ... .1 1-12 1.4. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...13-15
1.5. Сабақтың типтері, түрлері, олардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-20
II. ОҚУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ..21
2.1. Сабақтағы оқушылардың жұмыс істеу формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1-22
2.2. Сабаққа қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-26
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-28
VI. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігін оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларда шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизатциялау мен гуманитаризатциялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. Бастауыш мектеп педагогикасы - кіші оқу жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап, ұсынушы ғылым. Қай дәрежеде болмасын тәрбие, біліммен оқу-оқыту мәселелерімен әрбір адам-мейлі ол ата-ана, оқушы, оқытушы, мұғалім, мектеп ұйымдастырушылары мен басшылары болсын, міндетті түрде айналыспай қала алмайды. Педагогикалық ептіліктер мен дағдыларды меңгерту күнделікті тұрмыста да, кәсіби қызметте де әрбір адам үшін әбден қажет. Ал бастауыш мектеп маманының бұл салаларды тереңдей теориялық тұрғыдан игеріп алғаны-оның тиімді педагогикалық қызметтің мызғымас кепілі.Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандартына сәйкес жоғары мектеп түрлерін дайындауда назарға алынуы тиіс міндетті білім деңгейі мен мазмұнына орайласқан отандық және шет елдік жаңашыл педагогикалық тұжырымдамалар негізінде жинақталды. Сонымен бірге, өткен жарты ғасырдан астам дәуірімізде жалпы педагогикалық көзқарастар мен жаппай мектеп тәжірибесінде орын алған елеулі кемшіліктер және олардың саяси-әлеуметтік себептері сын сарабына салынып, тарқатылды.
Оқу құралының мазмұндық негізіне бүгінгі балғын жас, болашақ тұлғаның біртұтас педагогикалық үдерісте жан-жақты дамуын қамтамасыз етуші ізгілікті-гуманистік педагогика (табиғи сәйкестік, қызметтестік, ықпалдастық, тұлғалық бағытты және т.б.) тұжырымдамалары алынды.
Оқулық мазмұнын игеруді жеңілдету үшін бағдарламалық әрбір тақырып бірнеше дербез сұрақтар күйінде бөлектей берілген. Тақырыптар тізбегі оқырман үшін жаңалықты ақпараттар тобын қабылдау қисынын ескеру мен дәстүрлі педагогикада қалыптасқан, сонымен бірге мемлекеттік білім стандарты белгіленген жаңа талаптарды арқау етумен құрылды. Әрбір тақырып мазмұнын қабылдап, игеруді жеңілдету үшін студентке тірек конспект-сөздік ұсынылады. Мұндағы өзекті терминдер түсінігі, есте сақталуы тиіс анықтамалар, тұжырымдар, қысқаша пікір- қорытулар симинарлар барысында, емтихан алдындағы дайындықта жәрдем болар деп сенеміз. Тақырыптар мәтіні ізімен өзіндік бақылауға арналған көлемді сұрақтар тобы беріліді, ал барша материалдар соңында әрқайсысы өз алдына қазақ және орыс тілінде жарық көрген әдебиеттерді ауқымды тізімі қосымша тіркелген. Ұсынылған оқу құралын тиянақты көзден өткізіп, ндағы мазмұнға зер салумен бүгінгі бастауыш мектептегі мұғалім, сондай-ақ, ертеңгі оның орнын басар студент педагогикалық теориямен тәжірибеде болып жатқан өзгерістердің түпкілікті мәнін түсініп, өз қызметінің мән-мағынасын гуманистік педагогика талаптарына сай бағыттап, оқушыға тек сауат беруші емес, оның ұлағатты ұстаз-досы, мейірлі қамқор-тәжірибесі болса екен. Сонда ғана біздің мектебімізде тәрбие алып жатқан сәби болашақ қоғамымыздың жарқын тұлғасы, шығармашыл да жасампаз өндіргіш күш, сондай-ақ адамгершілігі мол ұрпақ жалғастырушы болып жетілуі сөзсіз.
І. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте - бірте мұғалім мен оқушының іс - әрекетінің, өнер - кәсіптік, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми - техникасының өзгеруіне байланысты болады. Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін - дворяндар үйелмендерінде сақталды. Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке топтық формалары шығып дамыды. Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды. Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойылды. Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туды. Оқытудың мұндай формасы XVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің (Львов,Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталады.
XVII ғ. Я.А.Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің Великая дидактика кітабында сынып сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді: оқу материялдарын баяндау; жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материялдарын сұрау. Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптер) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сынып оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып сабақ формасы деп аталады. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын декурион жүргізеді. Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында XIX ғ. басында Англияда пайда болды,оны оқытудың белль - ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған дін қызыметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600 - ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушылармен оқуда мониторлар - топ басқарушылары жүргізеді. Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың үдемелі педагогтары А.Дистервектің, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек, оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды. XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтары АҚШ - тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі формаларымен (дальтон - план,иена - план т.б) танысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды. Мысалы; Дальтон - план (АҚШ,Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон - план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон - планның мәні: оқушы өз бетімен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады, келесі тапсырманы орындайды. Демек, консультанттар балалармен дербес оқытуды дербес жүргізеді. Дальтон - планның негізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу.
Сонымен, сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әр түрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып,мектептерде қолдануы, біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуіне,екіншіден,оқушылардың ғылыми негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды. 1930жылдан бастап мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды.
1.2 Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
XX ғасырдың бас кезінде америка философы - идеалист АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған Джон Дьюи (1859 - 1952) келешекте мектеп болмайды дене болжау айтқан.Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақта жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады, керісінше сабақ бүкіл дүние жүзі елдеріндегі мектептерде бірте - бірте дамуда және заман тілектеріне сәйкес өзгеруде.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой - өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты - тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік - бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементерінің ішкі
өзара байланыс заңдылығы. Мысалы; қайталау - қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтірілді; екіншіден, білімділігі, іскерліктегі, дағдыдағы кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материялдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншңден, жаңа мен ескі салыстырылады, жаңа мысалдар ойластырылады, жаңа мідеттер шешіледі.
Психологиялық бірлік оқушылардың танымдық іс - әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы. Танымдық іс - әрекеті түйсік, қабылдау ,ойлау, зейін сияқты психикалық процеспен байланысты психологиялық бірлік - бұл іс - әрекетінің мотвтерін жасау. Мысалы, тікелей талаптандыру, перспективті талаптандыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын.
Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес - типологиялық ерекшеліктері. Ұйымдастару бірлігі - бұл сабақта алдын ала жабдықтарды және оларды рет - ретімен пайдалану, бүкіл сабақ бойында оқшыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру. Сабақта оқушылар үшін тиімді және қызықты етіп өткізу үшін не керек? Сабақта осы сияқты талаптарға сәйкес өткізу үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М.Н.Скаткин, М.И.Махмутов, В.Ф.Шаталов, Е.И.Ильин т.б) белгілі жағдайлар керек дейді. Біріншіден, әлеуметтік - педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайықты жабдықталу. Екіншіден, дидактикалық жағдай - бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің әс - тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізеді.
Мектепте сабақ қайдай дидактикалық талаптарға жауап беру тиіс? Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын кейбір талаптарды қарастырайық.
1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы. Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты - жеке адамгершілік қасиеттері қалыптастыру. Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
2. Оқу материялдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидиатикалық мақсатына сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні - тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу мұғалім мен оқушылардың іздену іс - әрекетінің нәтижесіне байланысты.
4. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың кезеңіндегі оқу материялының мазмұнына сәйкестігі.
Сабақ типі
Сабақ кезеңдері
Оқыту әдістері
Жаңа білімді игеру
сабағы
І - кезең баяндау
ІІ - кезең алғашқы бекіту
ІІІ - кезең үйге тапсырма беру консультациясы
Лекция, әңгіме, әңгімелеу, кітаппен немесе басқа әдебиеттермен жұмыс. Әңгіме, жазба жұмыс, есеп шығару,оқыту машинасымен жұмыс. Оқулықты, қосымша әдебиеттерді пайдалану, тапсырманы орындау әдістері.
1.Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды, әсіресе ЭВМ, компьютерлерді, бағдарламалап оқыту машиналарын қолдану. Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттыру, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңідетеді. 1. Оқушылардың білімді терең ұғыну, сонымен бірге сабақта олардың зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап есепке алу.
2.Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастап, сабақ уақытын тиімді, нәтижелі пайдалану.
Сонымен, негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру - оқыту процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шарттарының бірі. Осы талаптардың негізінде қарастырсақ. САБАҚ - бұл бір - бірімен өзара баланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материялын ашу деңгейі, қолданылатын әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б.
Сабақ құрылымындағы басты элементтердің бірі - жалпы дидактикалық мақсат. Оны үшке бөлуге болады:
а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру; ә) даму - оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың дидиактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту; б) тәрбие - ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге орайлық көзқарасын қалыптастыру. Сонымен сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол тәрбиелеуші міндеттерін де атқарады.
1.3 Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары
Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрі формалаында ұжымдық, тотық, жұп және дербес формалары жатады. Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын - балалар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс - әрекетіне қарастырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңдегі. Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді, ал әрбір бала жолдастарымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді. Оқудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалыс) жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Бұл жерде оқушылар бір - бірінен әншейін жұптасып қана қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әр бала кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады. Бұл жағдай сабақ кезінде қалай іске асырылады? Әрбір минут сайын балалардың ішінен біреуі тез жан - жақты қарап бір оқушыны табады, серігімен жұмысты аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп, жұмысты жалғастырады. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталовтың тізбек және десант әдістерін тиімді қолдануға болады.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта қолданылады, бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4 - 5 оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Мысалы: а) талдауды және материялды салыстыруды қажет ететін тапсырмалар; ә) жаттығуды қажет ететін тапсырмалар; б) теориялық материял негізінде есептер шығару. Барлық тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін әрбір оқушы топтық тапсырманың бөлігін өз бетімен орындайды. Әрбір топтың жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды. Сабақта жұмыстың мұндай формасы оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық айтыс, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу, оқышулардың тұйық мінезділігін, тұйық оңашалануын, бөлектенуін болдырмау. Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлері: тіл сабағында жаттығулар, математика, физика, химия сабақтарында есеп шығару, оқу кабинеттерінде тәжірибе жасау, оқу - тәрбие учаскесінде жеке оқу тапсырмаларын орындау, үйірмелер сабақтарында дербес жұмыстарды, саяхат жеке тапсырмаларды, үйге оқу тапсырмаларын орындау т.б. Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі бағдарламалап және компьютерлі оқыту. Жоғары сыныпта әрбір оқушыға дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады. Бұл өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материялдарды, құралдарын пайдаланып, тапсырманы жоспарға сәйкес орындайды. Олардың негізінде оқушы семинарларда сөйлеп, өзінің пікірін айтады. Оқушылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы білімді терең және берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке адамның құнды қасиеттерін - өзін - өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материялының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты.
Оқыту процесіндегі ең басты тұлға - бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса,онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық балалар жұмыс істей білуді, ойлауды сүйеді, қуаныш етеді.
1.4 Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастыруды бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т.б. Саяхат пәндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұйымдастыру үшін түрлі обьектілер пайдаланылады. Оларға музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады. Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін әске асырады, оқушылардың техникалық ой - өрісін кеңейтеді, өсімдіктер дүниесін, тірі организмдерді зерттеуге мүмкіндік туғызыады, танымдық ынтасын дамытады. Оқу саяхатының түрлері: а) кіріспе саяхат - жаңа тақырып (оқу материялдарын) түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы; ә) кезектегі саяхат - ұзақ мерзімде оқушылардың үлкен тақырыппен жұмыс істеуі, кейбір мәселелерді иллюстрациялау; б) қорытынды саяхат курстың белгілі тарауы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Мақсаты: сыныпта өткізілген оқу материялдарын тереңдету және бекіту. Саяхатты өткізу үшін жоспар жасалады, онда мынадай мәселелер бейнеленеді: 1.Саяхаттың мақсаты мен обьектісі. 2.Оқушылармен алдын - ала обьектіге байланысты түрлі жұмыстар жүргізіледі: әңгіме, бақылау, тәжірибе т.б. 3.Саяхат барысында істелетін жұмыстар: бақылау, өлшеу, сурет салу, есептеу, жазып алу, обьектіні толық қарау. 4.Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға нақты тапсырмалар беру. Мысалы; бірінші топ - бақылау, өлшеу, екінші топ - сурет салу, сызу, үшінші топ - есептеу, жазып алу жұмыстарын орындайды. 5. Кіріспе сабақта мұғалім оқушыларды саяхат жоспарымен таныстырады, олармен ұйымдастыру мәселелерін талқылайды. Саяхат біткеннен кейін оқушылармен оқу конференцисы өткізіледі.Онда оқушылар алған тапсырмалары бойынша баяндама жасап, сөз сөйлейді. Конференцияны бірнеше қатар сыныптар оқушылармен өткізу өте тиімді болады. Ең соңында конференция жұмысын жетекші мұғалім қорытындылайды. Семинар сабағы - бұл жоғары сыныптарда тарих, әдебиет,жалпы биология т.б. пәндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі,онда 2 - 3 мәселелер қарастырылады.Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір мәселе бойынша материял жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді. Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді: зерттелген материялдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады. Практикудар - курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабораториялық жұмыстарды оқушылар топ - топ болып дербес орындайды,эксперименттік есептер шығарады. Мұғалім оқу бағдарламасының материялдарын және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың есебінен практикумдарды өткізуге 6 - 8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Лабораториялық жұмыстар негізінен химия, физика, биология пәндері өткізіледі. Факультатифтік сабақтар - оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми - теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығырмашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Факультатив сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5 - ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал, тереңдете оқуға арналған типтік оқу жоспары бойынша 8 - ші сыныптан басталады. Үй оқу жұмысы - бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, қиыншылықтармен күресуге үйретеді. Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады. Бірақ, үй оқу жұмысын орындауда балаларға шамадан тыс күш түседі. Мәселен, әр түрлі пәндер бойынша оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Оның бір күндік көлемі орта есеппен алғанда 4 - 5 сағаттан кем болмайды. Егер осы сағат санына оқушының мектептегі күнделікті оқитын 5 - 6 сабағына қоссақ, оның жұмыс күні ең кем дегенде 9 - 11 сағатқа созылады. Бұл балалар үшін ауыр. Сондықтан олардың денсаулығын қорғау және сақтау үшін, жұмыс қабілетін арттыру үшін барлық мұғалімдерді ойландыратын, жете зерттеуді қажет ететін және кезек күттірмейтін паоблемаларының бірі - үй оқу жұмысы. Осыған байланысты, мұғалімдердің мына мәселелерді ескергені жөн: бірінші, әрбір мұғалім сабақ үстінде оқушылардың оқу материялын толық игеруін қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді, екінші, жаңашыл мұғалімдердің іс - тәжірибесін терең оқып шығармашылықпен пайдалану әрбір сабақтың теориялық және практикалық дәрежесін көтереді.
Міне, осы жағдайда үй оқу жұмысының көлемі бірте - бірте азайып, оқушылардың бос уақытында мүмкіндік туады. Бұл пікір экспериментшіл - мұғалімдердің Бала күнінің жартысы деген идеясын толық қуаттайды. Үйге оқу жұмысы бойынша тапсырма беруге әр түрлі қарама - қарсы пікірлер баспа беттерінде жазылып жүр. Осыған байланысты: Егер оқушылар сабақ үстінде оқу материалдарын толық игерсе, онда үйге тапсырма берудің қажеті бар ма? деген сұрақ туады. Әрине, қажеті жоқ деп бір мағыналы жауап беруге болады. Бірақ кейін қайсыбір оқушылардың ұғымын өткен сабақтың материялдары бойынша байқау немесе анықтау үшін оқу тапсырмасын тексеру артық болмайды, қайта, бұл оқушылардың жауапкершілік сезімдерін арттырады. Дегенмен, экспериментшіл - жаңашыл мұғалімдердің іс - тәжірибесін сүйеніп, келешекте бірте - бірте үй оқу тапсырмасын мейлінше азайту және қысқарту үшін екі жағдайды еске алған жөн: бірінші, мұғалімнің білмдарлығы, педагогикалық шеберлігі, екінші, бірінші жағдайдың негізінде оқушылардың сабақ материялын терең және сапалы игере білуі. Міне, осындай жағдайда ғана оқушылар мектептен кейінгі уақыттарын, яғни күннің жартысын өздеріне қажетті іс - әрекеттерін толық пайдалануына мүмкіндік алады.
1.5 Сабақтың типтер, түрлері, олардың құрылымы
Сабақтың типологиясы әрі қиын әрі күрделі мәселе. Бұл жөнінде көптеген авторлардың еңбектері жарық көреді. Олардың қатарына С.В.Ивановтың Типы и структура урока, 1952, Н.В.Казанцевтың Урок в советской школе, 1956, М.А.Данилов пен Б.П.Есиповтың Дидактика, 1957. Педагогика, Курслекций. Под общей редакцией Г.И.Шукиной, Е.Я.Голанта и др. 1966, Основы дидактики. Под ред. Б.П.Есипова, 1967, Педагогика школы, под ред. Г.И.Шукиной, 1977 т.б. жатады. Сабақтың типологиясы мен құрылымы туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Бірақ, біріңғай жалпы танылған сабақ типологиясы әлі жасалған жоқ. Мұны қалай түсіндіруге болады? Дидактикалық тұрғыдан қарастырсақ, оның себептері: а) оқыту процесі өте күрделі дидактикалық процесс, онда сабақтың ұйымдастыру формасы, оқыту әдістері мен тәсілдері жаңа түрлері пайда болды; ә) мектептің әр түрлі даму кезеңдерінде оқытудың мақсаты мен мазмұны өзгерді; б) сабақты жіктеу принциптерін анықтауда әрбір автордың көзқарасы әр түрлі болады.
И.Н.Казанцев сабақтарын жіктеу үшін үш принципті басшылыққа алады: а) мазмұны бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz