Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері


- Қазақстан Республикасындағы оқушылардың өмір сүру сапасынының өзекті мәселелері
- Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
- Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
1. 4 Оқу жүктемесінің оқушылар денсаулығына және функционалдық жағдайына әсері
Кіріспе
Өзектілігі. Қазіргі таңдағы білім беру үдерісі білім алушының шығармашылықпен өзіндік дамуы, өзіндік оқуы және өздігінен жұмыс істеуімен қатар жүретін әлемдік интеграциялық технологиясына жаһандану жағдайында жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1-ші наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды ќұралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсетті[1] .
Қазіргі жағдайларда білім беру дүние жүзінің көптеген елдерінің негізгі мемлекеттік приоритеттерінің қатарына кіреді. Қазақстан үшін ғылымның, білім берудің дамуы экономикалық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін көтерудің үздіксіз шарты, аймақтық және әлемдік деңгейдегі жоғары орын алудың, мемлекеттілікті нығайтудың және ұлттық мүдделерді дамытудың тәсілі болды. 2005-2010 жылдарына Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологиялар мен білім беру жүйелеріне жаңа оқыту технологияларын енгізу алға қойылған міндет болып отыр. [2] .
Әр түрлі елдердің білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы интеграциялық үрдістер оқытудың тепе-тең және эквивалентті құралдары мен өлшемдерін құру және пайдалану қажеттілігін өмірге әкелді. Олар бар ұлттық білім беру жүйесінің халықаралық түссіздігіне қол жеткізуге бағытталған.
Қазақстан Респуликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі « . . . осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа оқыту технологияларды пайдалану оқу сапасын көтеруге басты себеп болатын, «инновациялық экономиканы дамыту» - деп атап көрсетілген, сондықтан да еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптарға сай оқушылардың белсенділік пен дербестік қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оның әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда. [3]
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек - оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Егер көптеген жұмыскерлердің ақыл-ой іс-әрекеті әр қилы өндірістік және ғылыми міндеттерді шешкен кездегі интеллектуалдық қабілеттіліктерді жүзеге асырумен көрінсе, онда оқушыларда ол оқыту үрдісімен анықталады және оқу материалының өсіп келе жатқан көлемін игеруде, яғни білім толықтыру мен интеллектуалды-эмоционалды сфераны дамытумен негізделеді. Ақыл-ой еңбегі, жүйке-эмоционалды ширығуды тудыратын, клиникаға дейіңгі түрлерде денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтыратын жүрек-қан тамыр, эндокриндік, жүйке жүйелерінің іс-әрекеттеріндегі қызметтік өзгерістермен бірге жүретіні белгілі. Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен жағдайлары мектеппен салыстырғанда күрделеніп отырады [4] .
Сонымен, еңбек шығындарына емес, білім беру бағдарламаларын игерудің жоспарланып отырған нәтижелерін бағалауға бағдарланған жүйелер әлдеқайда тартымды болып көрінеді. Олар үздіксіз білім беру мен кәсіби толық жетілдіруді ұйымдастырған кезде әмбебап және ыңғайлы болуы керек.
Жалпы оқушылардың ағзасын кешенді зерттеу әр түрлі деңгейде жан-жақты тәрбиелеу, жұмысқа қабілеттілігінің әрбір кезеңінде және спорттық жаттығулардың әртүрлі кезеңінде зерттеулер жүргізу көптеген зерттеушілердің назарын аударды. Бірақта оқушылар ағзасындағы жүктемелердің жеке түрлерін орындауда және бұлшықеттердің локальді жұмыс істеу барысындағы өзгерістер сипаты және тест-бағдарламалар толық зерттелмеген[5] .
Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайтуда, тіршілік ету ортасының гигиеналық толыққанды болуы, қоршаған ортаның көріктенуі, оқу мекемесінің санитарлық жағдайының жақсы болуы маңызды мәнге ие болады. . Балалар денсаулығына әсер ететін факторлардың ішінде 20 пайызын мектеп ішілік орта жағдайы құрайды (9) . Мектепішілік ортаның жағдайында маңызды рөл атқаратын оқу орындарына микроклиматтық жағдайы[6] .
Оқу-тәрбие процесінің қарқындылығы ағза функционалдық жағдайының қарқыдылығына жоғары талапты қажет етеді .
Соңғы жылдары өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайының айтарлықтай нашарлауы мамандардың алаңдаушылықтарын туғызып отыр. Оқушылар арасында 20 миллионнан астам балаларда әртүрлі аурулардың кеңінен етек алуы байқалуда, әсіресе қанайналу жүйесінің, жүрек-қантамырлар жүйесінің, жүйке, асқорыту жүйелерінің аурулары, эндокриндік, зат алмасу процесстерінің бұзылулары анықталды.
Соңғы 10 жылдарда оқушылар денсаулығының төмендеуінің тұрақты тенденциясы байқалады, көру өткірлігінің бұзылуы, тұлғаның қисаюы, ас қорыту жүйелерінің аурулары, жүйке-психикалық бұзылулар және ЛОР патологиялар. Осыған байланысты, балалар мен жасөспірімдердің патологиясының әртүрлі түрлерінің даму мүмкіндігде мектептің рөлі ерекше екендігі айдан анық [7] .
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсерін зерттеу қазіргі таңда өте қажет, соның көмегімен тек қана оқушылардың өмір тіршілік жағдайларының субъективті сипаттамалары, физиологиялық, гигиеналық, медициналық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық - педагогикалық көрсеткіштері ғана емес, олардың объективті көрсеткіштер арасындағы байланыс дәрежесін анықтау. Оқушылардың өмір сүру сапасына физиологиялық-гигиеналық баға беруге арналған көптеген ғылыми жұмыстардың нәтижелері, мектеп оқушылары денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған әдістемелік-ұйымдастырылған іс-шаралар кешенін жасап шығаруды талап етеді.
Қазіргі заманауи оқу орындарында оқитын жастарда, көптеген ғылыми мәліметтер бойынша күн санап өсіп келе жатқан гипокинезия тән, физикалық жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі, төзімділіктің әлсіздігі, аурудың күн санап өсуі, денсаулық жағдайының күрт төмендеуі және патологияның қалыптасуы байқалады [8] .
Қазіргі медицинаның маңызды мақсаты сенімді дәрісіз заттармен, яғни іс-шаралармен әртүрлі генездік қажуға әкеліп соқтыратын ауыртпалықтар салдарын ескерту және түзету болып табылады.
Эмоционалдық ауыртпалық өмір ырғағының қарқындап өсуімен байланысты, экологиялық апат, урбанизация, ақпараттық жүктеулердің көбеюі тікелей тұрғындардың функционалдық жағдайына әсер етеді, сонымен қатар психосоматикалық аурулардың туындауының белгілері болып табылады. Бұл мәселеде әсіресе жалпы мектеп оқушыларына ерекше назар аудару қажет.
- Қазақстан Республикасындағы оқушылардың өмір сүру сапасынының өзекті мәселелері
Қазіргі XXI ғасырда оқушы жастардың мәселелерін зерттеу өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесі бойынша осы сұрақтарды зерттеу гигиеналық, медико-биологиялық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық зерттеу тұрғысын талап етеді. Оқушылардың денсаулығына өмір тіршілігі барысының негізгі факторларының әсері және олардың репрезентативтік көрсеткіштеріне кешенді баға беру бүгінгі таңның ең өзекті мәселесі деп айтуға болады[9] .
Өмір сүрудің жан-жақты әртүрлілігін сипаттайтын бірден бір көрсеткіш- бұл өмір сапасы.
Соңғы он жылдықта клиникалық медицинада емделуге баға беру жүйесі бойынша «өмір сүру сапасы концепциясы» алдыңғы қатарда тұр, бірақ физиологияда, профилактикалық медицинада, гигиенада, сонымен қатар жасөспірімдер және балалар гигиенасында әлі өз орнын ала қойған жоқ.
Балалардың өмір сүру сапасы - бұл медициналық-әлеуметтік көрініс өз кезегінде балалардың соматикалық және психофизиологиялық денсаулығын қамтитын және олардың өмірлік құндылығын, сонымен қатар қоғамның экономикалық даму деңгейін көрсетеді. Өмір сүру сапасы - бұл физикалық, психикалық, әлеуметтік саулықты білдіретін және өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін, өмір сүруді қамтамасыз ету мен денсаулық жағдайының үйлесімділігін көрсететін категория. Көптеген әдебиеттердегі авторлардың көзқарастары бойынша ӨС түсінігі едәуір әртүрлі болғандықтарымен, көптеген авторлардың анықтайтын компоненттері бір-біріне ұқсайды, яғни барлығының зерттеулері денсаулық және жеке тұлғалардың өз өмірлеріне қанағаттану дәрежелерін анықтау болып табылады[10] .
Ағзаның иммундық жүйесінің қызметін жақсарту және алдын-алу мақсатында соңғы жылдары дене шынықтыру рөлін кеңінен насихаттайды.
Рационалдық қозғалыс белсенділігі және физикалық жаттығулар белсенді демалыс құралы ғана емес, сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, ағзаның функционалдық және бейімделушілік мүмкіндіктерін арттыратын құрал болып табылады. Сонымен физикалық ауыртпалық дәрежесін таңдауда адам жеке көңіл бөлу қажеттігі маңызды сәт болып табылады. Өйткені шамадан тыс физикалық жаттығу арқылы ағзаға күш түсіру денсаулығы мықты адамның өзіне де зиянын тигізеді, тікелей тірек-қимыл аппаратына әсері және кейбір функционалдық жүйелерге: жүрек-қантамырлар, тыныс алу, жүйке-бұлшықет және т. б. Осыған байланысты ағзаның функционалдық мүмкіндіктеріне ауқымды баға беру, бұлшық ет іс-әрекеті кезінде ауыртпалықтың түсуінің әрі қарай жалғасуы мен қарқындылығын негіздеу, физиологиялық рұқсатты шектеуден шыға ағзаға күш түсіру, қазіргі заманауи даму кезеңінде маңызды ғылыми-тәжірбиелік мәнге ие болады [11] .
Физикалық ауыртпалық кезінде ағзаның функционалдық жағдайы негізінен физикалық жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші кардиореспираторлық және гемодинамикалық жүйелер жағдайына негізделген. Қозғалу белсенділігіне шектеу қоюды жалғастыру қанайналу жұмысының реттелу механизмін бұзады, синокардиалдық рефлекстердің күйзелістік жағдайын туғызады.
Қазақстан қалаларының орта мектепте оқитын оқушылар ағзасына қатер төндіретін бірнеше негізгі факторлардың жоғарғы деңгейі байқалды:
Оқу және демалыстың, тамақтану сапасы және режимінің бұзылуы, қимыл-қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі, шылым тарту және алкоголь ішімдіктерін жиі қолдану, есірткі қолдану және жанұядағы микроклиматтың нашарлауы сияқты бірнеше факторлар байқалды. Жасөспірімдер мен балалардың салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін физиологиялық-гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жалпы білім беру мекемелерінде қолға алынуы туралы ұсыныстар ұсынылды[12] .
Жасөспірімдер денсаулығының жағдайы қоғамның және болашақтың негізгі жетістіктері. Қазіргі заманауи кезеңде жасөспірімдер денсаулығы- бұл қоғамның негізгі потенциялы, терең және жан- жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе. Және биологиялық, гигиеналық және әлеуметтік факторлар әсерімен негізгі тенденцияларға көңіл бөле отырып, оларды жақсарту мәселелерін алға қоюға болады.
Жасөспірімдік кезең психологиялық және әлеуметтік тұрғыда қалыптасуын сипаттайтын адам өміріндегі қиын кезеңнің бірі. Жасөспірімдік кезеңге тән, дәл осы кезеңде ағза қоршаған ортаның әртүрлі әсерлерінен қорғалмаған және аса әлсіз кезінде анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу өте қажетті болып табылады. Сонымен қатар тұқым қуалау арқылы берілетін және патологиялық ауытқушылықтар осы жасөспірімдік кезеңде айқын байқала бастайды. 1960-2000жж аралығында денсаулығы мықты балалардың саны едәуір азайды және функционалдық, созылмалы ауруға ұшыраған балалалар саны айтарлықтай өсті. Кейбір денсаулықты сипаттайтын тұрақты көрсеткіштер 70-80 жылдарға қарағанда 90-жылдары денсаулық жағдайының нашарлауын көрсетті. Ғасырдың соңында балалар денсаулығының көрсеткіштері мүлдем төмендеп кетті. Қазір Орталық Қазақстан мектептерінде дені сау балалар 2-5% ғана құрайды, ал созылмалы ауруы бар балалар саны үздіксіз өсуде және мектепті бітіргенше олардың саны 70%-ды құрайды. 60%дан жоғары бітіруші түлектер әр түрлі психикалық бұзылулуарға ұшырайды. 80%-ға жуығы кәсіп таңдауда денсаулық жағдайына байланысты шектеледі, 40%- дан аса ұлдар денсаулық жағдайына байланысты әскерге қызмет етуге бара алмайды. Патологиялық бұзылулар талдамалары соңғы 3-4 жылда аурулардың күрт өсіп кеткендігін көрсетеді. Қазіргі уақытта жалпы патологиялық бұзылулар мектеп оқушылары арасында 23%-ға өскендігін көрсетеді. Қазіргі таңда функционалдық ауытқушылықтар және созылмалы аурулар өте жиі кездеседі: жүйкелік, сүйек-бұлшықет жүйелерінің және асқазан- ішек бұзылулары, әсіресе бірінші орында аллергиялық аурулар жиі кездеседі[13] .
Аурулардың туындауына әлеуметтік және экономикалық себептермен қатар тіршілік әрекетіндегі кейбір негізгі қатерлі факторлар: шылым тарту, алкогольдік ішімдік және наркотик қолдану, еңбек және демалыс режимінің бұзылулары, сонымен қатар тамақтану тәртібінің бұзылуы, физикалық белсенділіктің бұзылуы және эмоцияналдық күйзеліс.
Осы аталған факторлар балалар және жсаөспірімдер ортасында ерекше орын алды. Мемлекеттің әлеуметтік саясат саласына жеткіліксіз көңіл бөлуі көптеген мысалы, темекі және ішімдік заттарының бақылаусыз жарнамалануы Бұқаралық Ақпараттар Құралдарында жиі жариялануы осы өнімдердің мемлекетте сатылуына кеңінен жол ашты, тек соңғы кезде ғана заң жүзінде адам ағзасына зиян келтіретін өнімдердің жарнамаларына заң жүзінде шектеу қою қолға алынып жатыр. Одан басқа комерцияланған спорттық ұйымдарға жасөспірімдер мен балалардың қолжетімсіздігі салдарынан физикалық дамуы жағынан артта қалуына себепші болып отыр. Бұл жағдайда жасөспірімдердің салауатты өмір сүруін қалыптастыру, гигиеналық біліктілікті, зиянды әдеттерге қарсы тұра білуді, қоршаған ортаның психологиялық әсеріне бейімделу - профилактикалық медицинада келешек ұрпақтың денсаулығын қорғау мақсатында ең маңызды мәселе болып отыр[14] .
Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, ересектердің көптеген аурулары бала кезіндегі аурудың өршуі салдарынан болған, әсіресе мектептегі қалыптасу баланың тікелей денсаулығына әсер ететіндігін ерекше аталып өтіледі.
Көптеген отандық және шетелдік мамандар мен сарапшылар дені сау ұрпақ тәрбиесінде физиологиялық-гигиеналық білім беру және тәрбиелеу ісін алға қойып, білім жүйесінде оның маңыздылығын алға қоя отырып, оқу процесіне енгізуді талап етеді. Гигиеналық білім беру және тәрбиелеу әдістерін біріктіре отырып, оқушылардың өмір сүру жағдайының дәрежесіне байланысты гигиеналық мәдениетті қалыптастыру қажет. Көптеген оқушылардан сұрақнама алғанда олар салауатты өмір салты туралы ақпараттанғандығы жайлы айтады, бірақта теориялық білімдері мен іс әрекеттері сәйкес келмейді. Денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған телебағдарламалар арқылы алған білімі, салауатты өмір салты туралы ақпараттық негізгі көздер олардың іс- әрекеттеріне жеткілікті түрде әсер етуге қауқарсыз. Сонымен қатар жанұяда баланың іс-әрекетінің жақсы қалыптасуына жеткілікті әсер ете алмайды, мүмкін ересектер арасында салауатты өмір салты туралы біліктіліктің болмауы және зиянды әдеттердің кеңінен таралуына да байланысты болса керек. Медициналық қызметкерлер мен оқытушылар, оқушыларда салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруда алатын ролі жеткіліксіз[15] .
Ағзаға қауіп төндіретін және ауру тудыратын факторларды ескертетін, гигиеналық режимде адамды белсенді тәрбиелеу денсаулықты сақтау тұрғысында аса тиімді болып табылады. Гигиеналық біліктіліктер мен әдеттерді, денсаулыққа ерекше көңіл бөлу, жеке және жалпы қауіпсіздік жасөспірімдер үшін мектепте оқу езінде балалардың денсаулығын нығайту және денсаулық сапасын жақсарту оқу мекемесі үшін негізгі міндет болып табылады.
Бұл мәселені шешу өскелең ұрпақтың денсаулық сапасын жақсартуда осы XXI ғасырдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.
Салуатты өмір салтына және тәрбиеге қазіргі замануи талап баланың 6-7 жасынан бастап оның іс-әрекетіне және денсаулық жағдайына көңіл бөле отырып балалар санасына гигиеналық біліктіліктерді сіңіру қажет, және осы даму кезеңінде ересектер тарапынан балаларға бақылау жасау қажет. Өзінің іс-әрекетін және денсаулығының жеке салдарын әрбір 11 жастағы оқушы бақылауда ұстауды білуі қажет. Үнемі үйрету жағдайында және санитарлық гигиеналық нормаларға сай іс-әрекет ету осы жастағы балаларда, жеке гигиена біліктіліктерін білу толық қалыптасуы қажет, күн тәртібі, оқу мен демалыс тәртібі ересектердің азда болса бақылауында болуы қажет. 13 жастағы оқушы денсаулығы іс-әрекеті салдары туралы толық білуі тиіс және денсаулыққа қауіп төндіретін бір төтенше жағдай болған кезде дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс. Мектепті бітіру кезінде (16-17жас) жасөспірімдерде өзінің денсаулығына және қоршаған орта денсаулығына толық жауапкершілік, денсаулықты сақтау және нығайту үшін салауатты өмір салты туралы түсінігі болуы толық қалыптасуы қажет[16] .
Осы көрсеткіштерге жету үшін оқушыларда гигиеналық сауаттылық гигиеналық білім беру және тәрбиенің негізгі принциптерін сақтағанда ғана қол жеткізуі мүмкін: жүйелілік, дифференциалдылық, алған білімін іс жүзінде көрсете білушілік, білім беруде қазіргі замануи әдістерді қолдану. Бұл талаптар таза және қауіпсіз мектеп мекемелерін қамтамасыз ету; оқушыларда адекватты медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Олардың денсаулығына үнемі бақылау жасауды қамтамасыз ету; оқушыларды гигиеналық тәрбиелеу бағдарламаларын жақсы жоспарлау, мектеп білім интеграцияланған бағдарламасы гигиеналық білім беру және тәрбиелеу мектептік бағдарламасы мен мектептік медициналық қамтамасыз ету жүйесі арасындағы байланыс; негізгі өмір сүру аспектілеріне қатысты ( тамақтану, қозғалыс белсенділігі, темекі шегу, алкогольдік ішімдік және наркотикалық затты пайдалану) нақты анықталған мектеп заңдылықтары болуы қажет; мектепте балалардың рационалды тамақтану ұйымдастыру; мектепте дене шынықтыру сабағында және сабақтан тыс уақытта қозғалыс тәртібі ұйымдастыру; балалардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында мектепте жағдайлар жасау медициналық қамтамасыз ету және педагогтар тарапынан салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізу; оқушылар арасында гигиеналық білім беру және тәрбие жұмысы бойынша замануи әдістерді қолдану; оқушылар арасында гигиеналық білім беру және тәрбиені беретін оқытушыларды кәсіби дайындықтан өткізу; балалардың және жасөспірімдер денсаулығын нығайту мақсатында жанұя мен мектеп арасындағы байланыс; мектеп пен қоғам арасындағы байланыс[17] .
Жоғарыда айтылған нәтижелерге қарап оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы тәжірбиелік жұмыстар, олардың гигиеналық білім алуы және тәрбиеленуі былай жүзеге асуы қажет: әрбір жалпы білім беру мекемесінде оқитын түлек тұрақты білім алуы, өзінің денсаулықты сақтауға және қоршаған ортаның денсаулығын сақтауға негізгі бағытталған біліктіліктер мен іс-әрекеттерді білуі тиіс[18] .
Әлеуметтік қайта құру кезінде біздің мемлекетімізде қазіргі кезде әртүрлі қоғам ортасында өмір сүру және сол ортаға бейімделу жасқа, жынысқа, білім деңгейіне байланысты, әлеуметтік статусқа, психологиялық ерекщелктерге және адамның жеке басының мінез құлқына байланысты бейімделуі өте күрделі жүреді. Қазіргі кездегі экономикалық қиындықтар, оқу процессінің қарқындылығы, оқу процессі кезіндегі сенсорлық жүйеге жоғары дәрежеде ауыртпалықтың түсуі, ақпарат көлемінің ұлғаюы, гиподинамия, демалыстың пассивті түрі, жас маманының кәсіби дайындығының сапасына жоғарғы талаптар, профилактикалық бағытқа және денсаулық сақтауға қаржыландырудың толықтай тоқтатылуы аурудың, мүгедектіктің және студент жастардың өлімінің өсуіне әкеліп соғады. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың замануи мемлекеттік жағдайларына әлеуметтік бейімделуінің нашарлығын көрсетеді [19] .
Қазақстан интелектуалдық потенциалы және өндірістік күші болып табылытын контингент бұл жастар, сонымен қатар оқушылар, олардың денсаулығын сақтау және нығайту, қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселе қазіргі таңда стратегиялық мәнге ие болып отыр, өйткені жалпы алғанда жастар денсаулығы соңғы кезде күннен күнге нашарлап бара жатыр. Оқушылардың денсаулығы нашарлауы жоғары оқу орнына келген кезде одан әрі төмендеуін көрсетеді. Бұл туралы мәліметтер жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын зерттегенде: 10% денсаулығы жақсы; 45-50% айтарлықтай морфофункционалдық ауытқушылықтарға ұшырағандар; 45% созылмалы аурулармен ауырады.
Әрбір оқушы жасөспірімнің 2/1 бірнеше созылмалы ауруларға және сонымен қатар әртүрлі ағза жүйелерінің және ағза іс-әрекеттерінің функционалдық бұзылысына ұшырауына әкеп соғады және ағзаның қорғаныстық қабілетін едәуір төмендетеді.
Сонымен қатар 60%-дан жоғары бітіруші түлектер әр түрлі психикалық бұзылулуарға ұшырайды. 80%-ға жуығы кәсіп таңдауда денсаулық жағдайына байланысты шектеледі, 40%- дан аса ұлдар денсаулық жағдайына байланысты әскерге қызмет етуге бара алмайды. 90% талапкерлердің денсаулық жағдайында ауытқушылықтар байқалады, ал 50%-да созылмалы аурулар қалыптасқандығы жөнінде деректер алынды[20] .
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер студенттердің денсаулығы бұзылуы көбінесе мектеп кезеңіндегі өмірінен бастау алатындығын көрсетеді. Мектепте оқу кезеңінде оқушылардың арасында созылмалы аурулар мен функционалдық бұзылулардың өсетіндігі туралы ғылыми зерттеулерде көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz