Педагогикалық практикадан есеп


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Биология - география факультеті
5В060700 - «Биология»
Педагогикалық іс - тәжірибе бойынша
есеп
Орындаған:, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,
Тексерген:, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,
Қарағанды, 2015 жыл
Биология - география факультетінің IV курс, , ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, , тобының студенті
,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, , , ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, , , ,, ,, ,, ,, , ның, ,, ,, ,, ,, , қаласының жалпы білім беретін №,, , жалпы білім беретін орта мектебінде өткен педагогикалық практикадан
ЕСЕБІ
Пән мұғалімі: ,, ,, ,, ,, ,,
Сынып жетекшісі: ,, ,, ,, ,, ,, ,
Іс-тәжірибе кезінде 6-шы сыныптың сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім. Бір апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Биология сабағын 6-шы сыныпта аптасына 2 реттен 12 сабақ, соның ішінде 1 ашық сабақ өткіздім. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.
Мектептегі іс-шараларға қатысып, биологияны таңдаған 11 - сынып оқушыларымен ҰБТ дайындау жұмыстарын жүргіздім. Биологияға қатысты білетіндерімді оқушыларға көрсетіп, үйреттім.
Жалпы өзіме бекітілген осы 6«А» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының биология пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Және де осы уақыт аралығында 6«А» сыныбында сынып жетекшінің көмекшілік қызметін атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Жалпы 6 сағат тәрбие жұмысын өткіздім. Атап айтқанда жоспар бойынша «Ауғанстан, сен жадымыздасың», «Ана - күннің шуағы» «Денсаулық - зор байлық», «Ауғаныстан - жүректегі жара» «Мен туған елімді сүйемін» «Табиғатты аялай білейік» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткіздім. 6 сыныптарында «Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі. Қырықбуынтәріздес өсімдіктер бөлімі», «Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі», «Жабық тұқымды өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөліну», «Көкнәр, алабота тұқымдастары», «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар», «Құлқайыргүлділер тұқымдастары», «Қосжарнақтылар класы. Раушангүлдер тұқымдасы», «Ашық тұқымды өсімдіктер», «Бұршақ тұқымдастары», «Күрделігүлділер тұқымдастары», «Лалагүлділер тұқымдасы» тақырыптары бойынша сабақ өткіздім.
Сабақ жоспарын, іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында пән мұғалімдерінен ақыл-кеңес алып, өзіме қажетті қосымша мәліметтерді жинай алдым. Мектеп мұғалімдері тарапынан жақсы қолдау көрсетілді.
Сабақ жоспарларын әзірлеу мен өткізу барысында оқушыларды қызықтыратын мәселелерді қозғап, сабақтардың қызықты әрі сапалы өтуіне ерекше мән бердім.
Практиканың соңғы аптасында 7 - наурыз күні мектеп ұжымы мен жетекшілерім - пән мұғалімі және сынып жетекшім менің өткізген педагогикалық іс-тәжірибемізді бағалап қорытындылады. Онда мұғалімдер жалпы педагогикалық іс-тәжірибемізді өте жақсы деп бағалап, жұмыстарыма алғыстарын білдіріп жатты. Мен де сынып жетекшім және пән мұғаліміме, сондай-ақ мектеп ұжымына және оқушылармен осы іс-тәжірибемнің қызықты болғанын айтып алғысымды білдірдім. Бұл педагогикалық іс-тәжірибе маған көп нәрсе үйретті. Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды, сабақ жоспарларын жазуды, мектеп журналымен және басқа да құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Болашақта өз мамандығымды әрі қарай ұштап, мектепті көркейтіп, оқушыларға жақсы білім беремін деген мақсатым бар.
Ұстаздық жұмысымның нәтижесіне қанағаттандым. Ұстаздық ету мен өз мамандығыма деген қызығушылық пен құрмет, осы мерзім аралығында өтілген педагогикалық іс-тәжірибенің арқасында арта түсті.
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Теміртау қаласы, № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің 6 «А» сыныбы.
Сыныпта барлығы 26 оқушы бар. Олардың 12 - сі қыз балалар және 14 ұл балалар. Сынып жетекшісі:, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, . Сынып басшысы, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, . Сыныпта үздік оқитын оқушылар А,, ,, ,, ,, ,, Н,, ,, ,, , Т,, ,, ,, ,, А,, ,, ,, ,, А,, ,, ,, А,, ,, ,, ,, А,, ,, ,, , Н,, ,, , . Сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары. Оқушылар бір-бірімен жақсы тіл табысады. Бірін-біріне сыпайы, сыйластықпен қарайды. Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым - қатынас жақсы. Сынып әр мәселені ақылдасып, барлығы бірге шешім қабылдайды.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен сонымен қатар басқа сыныптың оқушыларымен де өте жақсы араласады. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады. Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға, циркке, саябаққа барады. Мысалы, 8 - наурыз күні қыздар мерекесіне байланысты сыныптың ұлдар ұжымы қыздарға мерекелік концерт ұйымдастырды.
Сабаққа келетін болсам, сабаққа балалар барлығы бірдей атсалысып отырады. Сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары. Сынып басшысын барлығы бірдей тындайды. Сынып сағаттарына қосымша әкеліп тиянақты дайындалып келеді. Әр сенбі сайын сынып сағаттары өтіледі. Балалар сынып сағаттарына тиянақты дайындалып келеді. Балалар үлкен ізденіс жасап келеді Жалпы қорытындылай келсек: Сыныптың балалары маған өте ұнады. Балалар белсенді, жауапкершілігі мол балалар. Әрі ұйымшыл, оқуға деген талпыныстары жоғары. Берілген тапсырмаларды тиянақты, жауапкершілікпен істейді.
Жалпы сынып ұжымымен жұмыс жасау маған қызықты болды.
Сынып жетекшісі:
Әдіскер психолог:
№, орта мектеп
6 А сынып оқушысы
Т,, ,, ,, ,, ,, А,, ,, ,, ,, Ж,, ,, ,, ,, ,, , қызы
Күн:07. 03. 2015 жыл
МІНЕЗДЕМЕІ. Жалпы мәліметтер:
Т,, ,, ,, ,, ,, А,, ,, ,, ,, Ж,, ,, ,, ,, ,, , қызы ақпанның тоғызында 2003жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.
Ата-анасы:
Анасы: - Т,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, , А,, ,, ,, ,, ,, әкесі - Т,, ,, ,, ,, ,, ,, Ж,, ,, ,, ,, ,, ,,
Ұлты: Қазақ
Жанұядағы тұрмыстық жағдайлары жақсы отбасы. Отбасында 2бала. Анасында мейрімділік қасиеті ерекше, кез келген мәселеде анасымен ақылдасып бір шешімін табады. . Жанұядағы тәрбиенің, түсіністіктің жоғарлығы Асемнің жеке қасиеттерінен байқалады.
ІІ. Ұжыммен өзара қарым-қатынасы және мектепке деген қатынасы:
- Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы бір қалыпты. Сыныпта - сынып басшысы. Сабақты өте жақсы оқиды. Сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Мұғалімді жақсы тындайды, мектеп формасын жақсы сақтайды.
- Сыныптастары арасында ақкөңіл, адамдармен тез тіл табыса алады, белсенді. Кез-келген нәрсеге қызығушылығы жоғары. Бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді.
с) А,, ,, ,, , нің сыныптағы достары - Д,, ,, ,, А,, ,, ,, А,, ,, , . Барлық сыныптастарымен ортақ тіл табыса біледі. Мұғалімдерді сыйлайды, қарым-қатынасы өте жақсы. Әсіресе қазақ тілі пәнін сүйіп оқиды. Әр жұмыстытиянақты әрі ұқыпты орындайды.
ІІІ. Оқу әрекеті:
- Үлгерімі өтежақсы
- Ой-өрісі кең.
- Қазақ тілі, ағылшын тілі пәндеріне қызығушылығы ерекше.
IV. Тұлғаның бағыттылығы. өзінің анасын үлгі тұтады және оны өте қатты жақсы көреді.
V. Ақыл-ой өрісі.
а) Терең ойлы, шапшаң жауап қайтарады, сабақ үстінде ұқыпты, зейіні тұрақты
б) Материалды есте сақтау қабілеті, жазу сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті жақсы дамыған.
А,, ,, ,, нің өз-өзіне деген сенімі мол, сондықтан келешекте ол өзінің арманы мен мақсатына жетеді деген сенімдемін!
Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды
Мемлекеттік Университетінің
биология - география факультетінің
IV курс, , ,, ,, ,, , тобының студенті
,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,,
педагогикалық
Мінездеме
,, ,, ,, ,, ,, ,, аты-жөні,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, , 19. 01. 15. - 8. 03. 2015ж. аралығында Теміртау қаласының №,, , жалпы білім беретін орта мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезеңінде 6 «А» сыныбына жетекшілік міндетін атқарды.
А,, ,, ,, ,, ,, ,, алғашқы мектеп келген күннен бастап өзін осы мамандыққа лайық екендігін бірден байқатты. Сол кезеңде оқушылармен тіл табыса отырып, көптеген жұмыстар атқарды. 6 - сыныптар арасында биология пәнінен сабақ жүргізді. Әр сабағына талапқа сай, тыңғылықты дайындалды. «Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ беру кезінде электронды оқулық, соның ішіндегі интерактивті, деңгейлік тапсырмаларды оқушыларға аса үлкен қызығушылықпен жеткізді. Сабақ тақырыбына байланысты макеттер, зертханалық жұмыстар кезінде гербарий, микроскоп қолдану арқылы балалардың ғылымға деген құлшынысын оята біліп, оқушыларға қатаң талап қойды. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, дебат өткізе білуімен балаларды өзіне тарта білді.
Өз сабағымен қатар, 6 «А» сыныбына жетекшілік жұмысты да атқарды. Әр сенбі сайын тәрбие сағатын өткізді. Әрбір тәрбие сағаттары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. «Менің денсаулығым - менің байлығым», «Ауғанстан, сен жадымыздасың», «Абай - ғұлама » секілді тақырыптар бойынша сынып сағаттарын өткізді. 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік бағдарлама жүргізді. Тәрбие сағаттарын ұйымдастыра отырып, оқушыларды игі істерге жұмылдырып, мәдениеттілікке, шығармашылыққа баулыды. Оқушылардың психологиялық жағдайларын дұрыстау мақсатында ата - аналар арасында «Гүлдің оянуы» атты тренинг өткізді.
Ақбота ұжым арасында беделді, өз мамандығын жақсы меңгерген, заманауи талапқа сай, жаңа технологияларды меңгере білетін білімді ұстаз болатынына сенімдімін. Педогогикалық іс - тәжірбиесін “үздік” бағамен бағалайды.
Мектеп директоры:
Биология пәнінің мұғалімі:
Сынып жетекшiсi:
«№,, ,, жалпы білім беретін орта мектебі»
базалық паспорты
Ұйымның аталуы: «№,, , жалпы білім беретін орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұйымның жетекшісі: ,, ,, ,, ,, ,,
Оқу жұмысы бойынша жетекшінің меңгерушісі:,, ,, ,, ,, ,, ,,
Тәрбие жұмысы бойынша жетекшінің меңгерушісі:, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,,
Ашылған жылы: 2011 жылы 1 қыркүйек
Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі:
- Үлгісі: бастауыш, негізгі орта білім және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру
- Түрі: орта білім беретін мектеп
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Теміртау қаласының әкімдігі
Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы: «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Теміртау қаласы, , ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,
Телефоны ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,,
Жалпы көлемі: 5817, 3 м²
Қызмет аумағы: 3495, 3 м²
Жерінің аумағы: 1, 4997 га
Оқушылардың орын саны: 1320 оқушы
Сынып топтамасының саны: 42 сынып
Мектеп қызметкерлерінің саны: 75 мұғалім
Оқыту тілі - қазақ
Мектеп мақсаты - ақыл-ойы дамыған, өз тағдырын өзі шешуші, өзін-өзі тани алатын білім алушылардың қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдай туғызу.
Мектептің оқу-тәрбие үрдісін жіктеу жүйесі:
- Бейінді оқыту (10-11 сыныптар) ; қоғамдық-гуманитарлық бағыт пен жаратылыстану-математикалық бағыт;
- Негізгі орта білім беру (5-9сыныптар) стандарттық және түрлі пәндерден авторлық бағдарламаларды қолдану, оның ішінде факультативтер, таңдау бойынша курстар: логика, сөз өнері, елтану, информатика, қаржылық сауаттылық негіздері;
- Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар) стандарттық бағдарламалар негізінде, оның ішінде факультативтер: ағылшын тілі, информатика, тіл дамыту, қызықты математика.
Тәрбие бағдарламалардың жүзеге асырылуы:
- Білім алушылардың елжандылық, азаматтық сезімін қалыптастыруға (полицияға қолма-қол көмек беру тобы мен жол қозғалыстың жас инспекторлары, «Мен - Азаматпын!» жобасы) ;
- Білім алушыларды толерантты, адамгершілігі жоғары деңгейдегі тұлға болуға тірбиелеу («Ақниет», «Қамқор», «Мектепке жол» акциялары) ;
- Білім алушылардың жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға арналған бағыттар арқылы: саяси және құқықтық бағыт; рухани-адамгершілік тәрбиесі; нашақорлықтың бастапқы алдын алу; салауатты өмір салтын ұстану;
- Жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне қарай қабілеттіліктерін дамытуға арналған дара және топтап ұйымдасқан сабақтары: вокал, қолданбалы өнер, интернетке кіріспе, хореография;
- Білім алушыларға қосымша білім беруін ұйымдастыру: Ғ. Жұбанова атындағы балалар музыкалық мектебі (домбыра, фортепиано), «Ассоль» атты білім беру орталығы (ағылшын тілі, спорттық және классикалық билері, таэквон-до үйірмесі.
05. 02. 2015 ж.
Пәні: Биология
Сыныбы: 6А
Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер
Мақсаты:
Білімділік
: Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру.
Дамытушылық
: Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білімдерін дамыту.
Тәрбиелік
: Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта, слайдтар, компьютер
Қолданылған модульдер:
- Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану;
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
- Сын тұрғысынан ойлау.
Стратегиялар: «Топтастыру», «Қызығушылығын ояту», «Сергіту»
Сабақ жоспары:
Әр топқа сұрақтар қоя отырып сабақтың тақырыбын ашуға тырысамын.
♦ Тұқым дегеніміз не?
♦ Бір үйлі өсімдік дегеніміз не?
♦ Екі үйлі өсімдік дегеніміз не?
♦ Тұқым қандай жағдайларда өнеді?
Жаңа тақырыпты айтып, оқушыларға негізге мәліметтерді айтып өтемін. Оларға конспект жазғызамын. Тақтамен жұмыс жасаймын.
• Өткен тақырыптарда споралы өсімдіктер жайлы өттік. Бүгін тұқымды өсімдіктер туралы сабақты бастаймыз.
Тұқымды өсімдіктер
Ашық Жабық
Ашық тұқымды өсімдіктер - тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқан өсімдіктер. Олар тұқыммен көбейеді. Бұл өсімдіктердің барлығы - сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар.
Бұл өсімдіктердің гүлі жоқ, жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп тарағандары қылқан жапырақтылар. Қылқан жапырақтылар дейтін себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейбіреулерінде ұшы үшкір болады.
Осыларды жазғызып, әр топқа тапсырмаларын бөліп беремін.
Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Әр топқа тақырыпты мәтін бойынша бөліп беремін.
1-топ. Кәдімгі қарағайдың құрылысы және маңызы туралы.
2-топ. Кәдімгі қарағайдың аталық бүрі туралы.
3-топ. Кәдімгі қарағайдың аналық бүрі туралы.
4-топ. Кәдімгі қарағайдың тозаңданып, ұрықтануы және көбейіп таралуы туралы.
Әр топ бірін-бірі бағалау.
Бағалау үшін қолдарын көтереді. Егер топтың жұмысы ұнаса келесі топтың төрағасы қолын көтереді және неліктен бағалағанын айтып өтеді.
Оқушылардың бағалағанын қорытындылай отырып, қорытынды бағалауымды айтамын.
Бағалау парағы
05. 03. 2015 ж.
Пәні: Биология
Сыныбы: 6А
Тақырыбы: Лалагүлділер тұқымдасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің түрлерін, жемісі мен гүлінің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру. Олардың тағамдық, дәрілік және сәндік мақсатта өсірілетін түрлерін ажырата білуді үйрету.
Тәрбиелілігі : дәрілік мақсатқа өсімдіктің қандай бөліктері алынатынын білу. Темекі құрамындағы никотиннің адам ағзасына келтіретін зиянын, одан пайда болатын ауру түрлерін атап көрсету.
Дамытушылығы : бақшада өсірілетін лалагүл тұқымдастарын өсіруге қойылатын талаптарды үйрету. Олардың санын көбейту ерекшеліктерін түсіндіру.
Көрнекіліг і: интерактивті тақта, кесте
Түрі: аралас сабақ
Қолданылған модульдер:
- Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану;
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
- Сын тұрғысынан ойлау,
Стратегиялар: «Қызығушылығын ояту», «Ыстық орындық»
Сабақ жоспары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz