Аударманың грамматикалық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ақтау шетел тілдер колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Аударма теориясы

Тақырыбы: «Аударманың грамматикалық ерекшеліктері»

Орындаған: Нұргелді С.

Тобы: АІ-12-1

Тексерген: Дәулетнияз Т. Б.

Ақтау - 2015 ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 5

1. 1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру . . . 5

1. 2. Аударманың мәселелері . . . 7

1. 3. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер . . . 12

ІІ. АУДАРМАДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК . . . 18

2. 1. Грамматикалық сәйкестік ұғымы . . . 18

2. 2. Заңды сәйкестіктер теориясы . . . 19

2. 3. Бірлік және көптік сәйкестіктер . . . 21

ІІІ БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 24 3. 1. Герундий мен герундиялық айналымдардың ауларылу жолдары . . . 24

3. 2. Артикльдердің қолданылуы . . . 26

3. 3. Ырықсыз етістіктің аударылуы . . . 28

3. 4. Ағылшын тіліндегі модаль етістіктері, модальді конструкциялар мен демеулік шылаулар . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.

Аударманың мақсаты - тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.

Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу . Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі «қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты» деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты «Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой», «Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой» деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.

Өйткені бір тілдегі қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер көшіріп, сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізуге келе бермейді. Басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлде қайда қиын. Ал онсыз көркемдік ой-сезімнің әсерлілігі де толымды болмайды. Сондықтан аударма түпнұскаға мағынасы қағидалық жақын келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Түгелдей алғанда, қандай аударма болсын творчестволық сипат алады, бастан аяқ сөзбе-сөз тәржімалау емес, сөздердің мағынасын, көркемдік қуат, бейнелілік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Көркем аударманың қасиетін арттырып түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын, қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық жұмысының мақсаты - қазақ тіл біліміндегі аударманың грамматикалық трансформациясын зерттеу болып табылады. Осы мәселелер бойынша зерттеу жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:

  • аудармадағы грамматикалық мәселелерді зерттеу;
  • тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясын анықтау;
  • аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау;
  • аудармадағы грамматикалық трансформацияның рөлін анықтау үшін аудармадағы грамматикалық трансформацияның үрдістерін зерттеу,
  • аудармадағы грамматикалық трансформацияның мәніне толық жету үшін бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты ашу және т. б. міндеттер қойылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. АУДАРМАНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру

Аударма практикасында грамматикалық ауыстырылымдар әдетте лексикалық ауыстырылымдар мен бірігіп жатады. Көп жағдайларда сөйлемнің конструкциясын өзгерту грамматикалық себептерге емес, лексикалық себептерге байланысты болып жатады.

Сөйлемнің коммуникативтік мақсаты бәрінен бұрын сөзді немесе бірнеше сөздерді мұқият таңдауды талап ететіндіктен, аудармада сөйлемнің дәл және дұрыс бейнесін беру үшін аудармалық міндетті шешу сонымен бірге сөздердің формасын, яғни оның грамматикалық категориясын дұрыс таңдауға да байланысты болады, ағылшын тілінің зат есімін қазақ тілінің етістігімен ауыстыру аудармада бүкіл сөйлем құрылысын өзгертуге алып келуі мүмкін.

Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін.

Қазақ тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады1.

Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан гөрі жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді.

Көп жағдайларда ағылшын тілі мен қазақ тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және қазақ тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады.

Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті -(бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылшын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің қазақ тілінде синтактикалық конструктураларын аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды.

Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді.

Грамматикалық трансформация - сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері.

Сөйлемді мүшелерге бөлу аудару тәсілі - оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді:

The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers.

Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде жұмысшылар арасында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арасында талқыланатын.

Сөйлемдерді біріктіру тәсілі - оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару:

That was a long time ago. It seemed like fifty years ago.

Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді.

1. 2. Аударманың мәселелері

Әрбір тілдің даму заңдылықтарына байланысты грамматикалық құбылыстары, жалпы алғанда, басқа тілдің грамматикалық құбылыстарынан өзгеше болады, кейбір жеке жағдайлар бойынша ұқсастықтар да болуы мүмкін (мысалы, сөз таптарына бөлу; сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді ажырату кез келген тілдің грамматикаларында кездеседі) .

Осыдан аударманың грамматикалық қиындықтары морфология немесе синтаксис саласында болмасын туындайды. Сондықтан аударманы зерттеуде тілдердің грамматикалық құрылымдарының айырмашылығын анықтаудың маңызы өте зор. Бұл айырмашылықтар әр тілдің ішкі ерекшеліктерінің нәтижесінде пайда болады.

Аударма түпнұсқаның грамматикалық құрылымын дәл жеткізуді мақсат етпесе де, кей жағдайларда түпнұсқаның жеке грамматикалық ерекшеліктері, мысалы, оның ықшамдылығы, сөз тіркестердің немесе сөйлемдердің құрылымындағы параллельдігі, қандай да бір сөз табының жиірек қолданылуы - осындай деректер нақты бір стилистикалық мақсатпен берілсе, аудармашының міндеті - осы белгілердің (ерекшеліктердің) қызметіне қарай аударылатын тілде сай келетін тілдік құралдарды іздеп табу.

Бұл тұста мына жағдайларды ескеру қажет:

1) әр тілдің өзіндік грамматикалық ерекшеліктері әрдайым шектеулі;

2) мұндай құбылыстарды аударғанда белгілі бір тұрақты ереже жоқ, сондықтан бірнеше аударма мүмкіндіктерінің ішінен ізденуге болады; аударма нұсқасын таңдау түпнұсқадағы сөйлемнің көрші сөйлемдермен арақатынасы, аударылатын мәтіннің жанры, түрі, стиліне байланысты.

Грамматикалық қалыптарды дәл сақтай отырып аударманы жүзеге асыру көбінесе мүмкін емес, өйткені көп жағдайда сәйкестіктер болмайды, көбіне олар сөздердің тіркесу ережелеріне және әдеби тілдің талаптарына сай келмейді, ал бірқатар жағдайда стильдік ерекшеліктерді сақтау мүмкін емес. Әсіресе түпнұсқа және аударма мәтіндегі грамматикалық категориялар, жайылма сөйлемнің құрамындағы сөздердің орын тәртібінің сай келуі, олардың саны, сөздіктерде берілген мағыналары дәлме-дәл болуы - өте сирек кездесетін құбылыс.

Түпнұсқа мен аударма нұсқаның тілінде бірнеше грамматикалық айырмашылықтар болуы мүмкін.

1. Бастапқы тілде (түпнұсқада) аударма тілінде сәйкестігі жоқ элемент кездеседі (бірқатар роман, герман тілдерінде артикль категориясының болуы, анықталған (белгілі) анықталмаған (белгісіз) артикльдердің арасындағы айырмашылық; жоғарыда аталған тілдерде шақ категориясының күрделі формаларының кездесуі және басқа тілдерде мұндай формалардың болмауы, т. т. ) .

Мысалы, белгілі америка жазушысы Драйзер Т-нің шығармасы ағылшын тілінде An Amerіcan Tragedy деп аталады (бұл жерде белгісіз артикльдің мағынасы - осы сияқты көп кездесетін трагедиялардың бірі, қалыпты жағдай; белгілі француз жазушы Ги де Мопассанның романы Une vіe аудармасы Өмір; дұрысы Бір өмірдің хиқаясы болуы керек еді) .

2. Аударма тілінде бастапқы тілге сай келмейтін формалар бар, бірақ солай бола тұрса да олар үнемі белгіленген формаларда аудармада қолданылады (мысалы, қазақ тіліндегі етістіктің түр формасы, есімшенің өткен шақтағы актив формасы және осы шақтағы пассив формасы - бұл белгілердің бәрі роман, герман тілдерінде кездеспейді) .

Егер қазақ тілінің грамматикалық жүйелерін салыстыратын болсақ, бірнеше айырмашылықтарды анықтауға болады, мысалы:

Қазақ тілінде грамматикалық родтың элементтері тек қана жанды зат есімдерге тән, ал ағылшын тілде жанды, жансыз зат есімдерде де болады.

- қазақ тілінде сан есімдердің ішінде ерекше топ бар, бұл - топтау сан есім.

Топтау сан есімдердің дәл баламасы ағылшын тілде жоқ болса да, аудару барысында бұл грамматикалық форма жалғау және сан есім тіркес арқылы беріледі.

- қазақ тілінде шақ категориясы өте көлемді болса (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, ауыспалы өткен шақ, болжамды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ), ағылшын тілде шақ категориясы үшке (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) бөлінеді.

Сәйкестіктің 3 типі бөгде тілдің бейнелі бірліктері калькилендіру жолымен жасалады.

Бұл типтегі сәйкестікті қолдану тек қана мынадай жағдайда және оның аудармасы аударма қабылдаушысына берілетін ауыспалы мағынаны түсінуге мүмкіндік берген жағдайда қолданылады, мысалы, қазақша түсінікті арбаны жылқының алдына қою бір істі кері, дұрыс жасамау дегенді білдіреді.

Егер оригиналда фразеологиялық қолданылса, яғни тура мағына мен ауыспалы мағынаның байланысы жеткілікті мөлшерде түсінікті болмаса, онда бейнелі колкирование фразеологиялық бірліктердің мағыналарын бұзады.

Мұндай жағдайларда жиі фразеологиялық сәйкестіктерді қолданудан бас тартуға тура келеді және аударылатын тіркестің негізгі, яғни ауыспалы мағыналарын зерттеу арқылы беруге болады, мысалы, to dine with Duke Humphrey-аш болып жүру, түскі ассыз қалу.

Қазіргі таңдағы аударма теориясына жан-жақты ерекшелік тән, өйткені аударма көп жақты құбылыс, оның кейбір бөлімдері жеке бір ғылымның нысаны болуы мүмкін. Соның ішінде негізгі орынды аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін лингвистикалық аударматану алады. Дегенмен лингвистика көптеген экстралингвистикалық аспектілерді қамтиды. Лингвистикалық аударматану өзінің пайда болғанынан бастап ұзақ даму жолынан өтті.

Аударманы коммуникативті тұрғыдан қарастыру - қазіргі аударма теориясының негізгі қағидасы. Осыған байланысты, егер түп нұсқаға коммуникативті әсердің арқасында қол жеткізілсе, онда ол өте сәтті аударма болады және оған түп нұсқаға коммуникативті тең келетін аударылатын тілдегі мәтін тудыратын тілдік делдал түрі деп анықтама беріледі.

Коммуникативті тең келетін мәтіндер сол хабарламаның пайда болу формасы болып келеді де, коммуникация процесінде бүтін бір мәтінге біріктіріледі. Кез келген мәтіннің үш өлшемі: қызметі, мазмұны және құрылымы болса, мәтіннің коммуникативті теңдігі қабылдаушының аударманы түп нұсқаның қызметіне, мазмұнына және құрылымына қарай біріктіруінен көрінеді.

Адекваттық және баламалық ұғымдарын ажыратып көрсету үшін «аударманың дәлдігі» ұғымын кірістіру қажет. Әрине, аударма дәл болу керек дегенмен келіспеу мүмкін емес, ал оның анықтамасы төмендегідей: «Дәлдік - бұл аударма жасау барысында түп нұсқаның мазмұнымен қоса, оның түрін аудармада берілетін тілдің барлық тілдік нормасын сақтай отырып аудару».

Сөзбе-сөз аударма дәлме дәл аударма бола алмайды, көп жағдайда ол аударылатын тілдің тілдік нормасын бұрмалауға әкеліп соғады.

Дәлме дәл аударма - адекватты (толық қанды) аудармаға грамматикалық, лексика-фразеологиялық және стилистикалық ауыстырулар арқылы қол жеткізе алу. Осы ауыстыруларды тиімді пайдалану - аудармашының кәсіби біліктілігі болып табылады. Сонымен, кез келген авторды толық қанды аудару үш компоненті құрайды:

  • Дәлме-дәл және толық (түп нұсқаның мазмұны) берілуі;
  • Түп нұсқаның тілдік формасының берілуі;
  • Аударма тілінің нормасының сақталуы.

Әр түрлі лингвистердің анықтамаларын қарастыра келе Комиссаров В. Н. еңбегінде мынадай қорытынды жасайды: адекватты аударма эквиваленттіліктің белгілі бір деңгейін қамтиды, бірақ, эквивалентті аударма толыққанды аударма бола алмайды. Сонымен, эквиваленттік аударма - эквиваленттік деңгейдің бірінде орындалған аударма болса, толыққанды аударма - бұл прагматикалық жағынан эквиваленттік деңгейдің дұрыс таңдалуы, басқаша айтсақ, түп нұсқаның коммуникативтік мәнін сақтаған дәлме дәлдік. Адекватты немесе сапалы аударма ұғымымен «аударма инварианты» тығыз байланысты.

Аударма технoлогиясы қазіргі заманда барынша ақпараттық және тілдік даму құбылысымен байланысып отырған күрделі тәсілдер жинағы.

Аударма үрдісі қаншалықты күрделі де қиын екенін тек қана осы іспен айналысқан адамдар ғана біледі. Бүгінгі аударма қызметінің кеңеюіне, қажеттілігіне қарай төмендегідей маңызды міндеттер анықталды:

1. Ұлттық мәдениеттің өзінің қайталанбас төлтума тұрпатын сырт елдерге таныту;

2. Сыртқы мәдениеттердің құндылықтарын жеткізу арқылы жасаң мәдениеттерді жаңғыртып, жаңартып, тың даму үрдісін жасау.

3. Елдердің өзара байланысында тіларалық жаңа ұғымдар мен түсініктерді бейнелеуге бейім сөздерін іздестіруге, саралауға бейімді етіп, тілді жаңартып, жасандыру.

4. Ана тіліндегі төл ұғымға жаңа заман тілдесімінің қондырғысы болу.

5. Сөйлем құрылымында еш өзгеріс болмаса да, грамматика-лингвистикалық стиліне толықтырулар жасап, өзгеріс енгізуіне себепші болу.

Аударманы салыстырмалы талдау, яғни аударма мәтінінің формасы мен мазмұнын түпнұсқаның формасы мен мазмұнымен салыстыра отырып талдау аударма лингвистикасында зерттеудің маңызды әдісі болады. Бұл ретте мәтіндер байқауға және талдауға жататын объективті деректер.

Аударма үрдісі түрлі тілдердегі екі мәтіннің (түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтіні) арасындағы белгілі ара қатынасты белгілейді. Мұндай мәтіндерді салыстыра отырып, аударманың ішкі механизмін ашуға, эквивалентті бірліктерді анықтауға, сол сияқты түпнұсқа бірліктерін аударма мәтінінің соған эквивалентті бірлігімен алмастыру кезінде болатын форма мен мазмұн өзгерістерін табуға болады. Мұндайда бір түпнұсқаның екі немесе бірнеше нұсқаларын салыстыру да мүмкін.

Аударма нұсқаларын салыстырмалы талдау тілдердің әрқайсысының ерекшелігіне байланысты аударманың типтік қиыншылықтарының қалай еңсерілетінін, сол сияқты түпнұсқаның қандай элементтерінің аудармада берілмей қалғанын анықтауға мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде нақты үрдіс сипатын беретін аудармашылық фактілерді сипаттау шығады.

Аудармаларды салыстыра талдау лингвоаудармашылық зерттеулердің әдісі ретінде белгілі хронологиялық кезеңде жасалған аудармалар жиынтығының аударма теориясы мен практикасы дамуының толық кешенін оңтайлы шешу нәтижесі ретінде қаралу мүмкіндігіне негізделенеді.

Аудармаларды салыстыра талдау әдісін қолдану аударма үрдісі нәтижесінің оның мазмұнын танытады дегенді де білдіреді. Білім алушының сөйлеу актісінің нәтижесі болып табылатын кез келген сөз бөлігі кез келген аудармада субъективті болып табылады. Аударма нұсқасын таңдау белгілі дәрежеде білім алушының біліктілігі мен жеке басының қабілетіне байланысты. Алайда, аударманың субъективтілігі түпнұсқа мәтінінің мазмұнын мүмкіндігінше толығырақ жеткізу қажеттілігімен шектеледі, ал мұндай жеткізу мүмкіндігі объективті түрде және үйренушіге қатысы жоқ екі тіл жүйесі қызметінің ерекшеліктерінің арасындағы қатынасқа тәуелді.

1. 3. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер

Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер бөлек морфологиялық формалар (герундилар) және сөз табы (артикль), синтаксистік структуралар (абсолюттік конструкциялар) бола алады. Ұқсастықтар сияқты, эквивалентсіз бірліктер жұптың анализ жасалатын тек қана біреуінде анықталады. Шет тілдік бірліктер, эквивалентсіз аударылатын тілге қарай, басқа тілдік бірліктерде жиі ұқсастықтар болуы мүмкін.

Эквивалентсіз бірліктердің болуы, олардың мағыналары аудармада берілуі, тура сәйкестіктері бар, немесе олар бірліктерге қарағанда сәйкестіктері аз деп санауға болмайды. Біз өзіміз байқағандай, сәйкестіктер мағынасына қарай аударылатын бірліктер тек қана бөлек сәйкеседі және аударма кезінде констектуальдық өзгерістер жиі сәйкестіктер бар болуынын өзінде қолданылады. Эквивалентсіз аударма кезінде, аудармашы бір тәсілмен окказионалдық сәйкестік тудырады. Аударма өзегінде эквивалентсіз лексика келесі окказионалдық сәйкестіктерде қолданылады:

Сәйкестік-сұрау, аударушы тілде: tribalism - трацбализм, know - how - ноу-хау, impeachment-импичмент. Осындай сәйкестіктер аудармашылық транскрипциялау немесе транслитерациялау келесі бөлімде көрсетіледі. Көп жағдайда окказионалдық сәйкестіктер аударушы тілінде үнемденіп кетуі мүмкін және жиі қолданылуы мүмкін.

Эквивалиентсіз бірліктердің бар болуы олардың мазмұны тікелей сәйкестіктері бар бірліктерден қарағанда аударымда жеткізілдірмеуіне немесе олардың нақты аударылмауына білдірмейді.

Сәйкестіктер аударымдағы бірліктің мағынасымен тек жарым-жарты ұқсастықтары болады, аударым кезінде констекстуалдық айырбастар қолданылады.

Аналогиялық түрде эквивалиентсіз бірліктерді аудару кезінде аудармашы окказионалды сәйкестіктер тудырады. Эквивалиентсіз лексиканы аудару саласында келесі окказионалды сәйкестіктердің типтері қолданылады.

Эквивалиентсіз сөздерді аудару үшін сипаттау қолданылады, жазылған сөзтіркестері көмегімен эквивалиентсіз сөздердің мағынасын ашады; landslide - дауыстың басымдығымен сайлауда жеңу, brinkmanship- соғыс шегінде саясатты жүргізу, coroner - қинап немесе басқада жағдайда қайтыс болғанда анықтауды жүргізетін, тергеуші. Транскрипцияны немесе калькиді эквивалиетсіз сөздерді аударуға қолдану осы сөзді сипаттаумен іргелес жүреді. Бұл транскриптеу және калькилендіруге тән қасиетті біріктіру оказионалды сәйкестіктерді түсінуді қамтамасыз етеді.

Аударымның рецепторы. Аударымдағы бірліктің мағынасын, аудармашы келесі жолы да транскрипцияны немесе калькиді түсіндірмесіз қолдана алады. Эквивалиентсіз сөздің мағынасы нақты контекстерде көрсетілген тәсілдермен жеткізуге болады.

Грамматикалық тәсілдер морфемадан бастап фразадан жоғары бірліктерге дейін, бастапқы мәтіннің стандартты түрде тәуелсіз кез-келген грамматикалық құрылымы аударма мәтінінің объектісі болған жағдайында қолданылады. Аудармашы үшін лексикалық мәселелермен салыстырғанда бұл мәселелер онша көп қиындық тудырмайды. Бірақ, өзіндік даралығы болғандықтан белгілі бір тәсілдерді қолдануды талап етеді. Мәселен, ағылшын тілінде көп қолданылатын есімшені қазақ тіліне аударуда сөйлемнің грамматикалық құрылымының қайта құрылуын талап етеді:

The work having been done, everybody felt a relief.

Жұмыс біткен кезде, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.

Жұмысты бітіріп, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Мектепте шет тілін грамматикалық-аудармалық әдіс бойынша оқыту
Поэзия аудармасының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz