Балуанның техникалық дайындығының міндеті, әдісі, тәсілдері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. БАЛУАННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІ,
ӘДІСІ, ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Балуандық өнердің пайда болуы, дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Балуандардың техникалық, тактикалық дайындықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Балуандарды жаттықтырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2. ҚАЗАҚША КҮРЕС ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢ СПОРТ ... ... ... ...14
2.1 Қазақ күресінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қазақша күрестің кеңес дәуіріне дейінгі дәстүрлі белдесу түрі ... ... ... ... ... .16
2.3 Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Қазақстанда балуандық өнердің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор.
Жұмыстың мақсаты. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.
Балуандық өнерінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Жұмыстың міндеті. Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.
Зерттеу объектісі. Балуандық өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді – Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ.
Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын ауылда ә дегеннен шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.
Теориялық негіздері. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді-енді парақтап ашып ауылда жүруі әбден мүмкін. Бірақ олардың өздігінен үйреніп талпынуы мүлде жеткіліксіз. Бұл қиындықтан құтылудың бір жолы – күрес өнерін үйренем деген жастарға таңдау курстары ашылып, өз пайдасын тигізеді. Сондықтан бұл таңдау курсы арқылы жастар күрес әлеміне жол ашылары сөзсіз [1].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. – Алматы, 2000-74 б.
2. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары.-Алматы «Рауан»,1991-
41 б.
3. Қазақ энциклопедиясы. Алматы: Рауан, 2005-680 б.
4. Мұқышова М, Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.Алматы, № 3, 2009 – 6 б.
5. С.Тайжанов, С.І.Қасымбекова. Қазақтың ұлттық ойындары.-Алматы, 2004-32 б.
6. Дене тәрбиесі. М. Тұрыскелдина. Алматы: Атамұра, 2003-112 б.
7. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. –Алматы, 2000-74 б.
8. Е.Қ. Уаңбаев «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі» оқу құралы. Өскемен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы 2006 -16 б.
9. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары.-Алматы «Рауан»,1991-
41 б.
10. С.Тайжанов, С.І.Қасымбекова. Қазақтың ұлттық ойындары.-Алматы, 2004-32 б.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. БАЛУАННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІ,
ӘДІСІ, ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Балуандық өнердің пайда болуы, дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Балуандардың техникалық, тактикалық дайындықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Балуандарды жаттықтырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. ҚАЗАҚША КҮРЕС ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢ СПОРТ ... ... ... ...14
2.1 Қазақ күресінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақша күрестің кеңес дәуіріне дейінгі дәстүрлі белдесу түрі ... ... ... ... ... .16
2.3 Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Қазақстанда балуандық өнердің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор.
Жұмыстың мақсаты. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.
Балуандық өнерінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Жұмыстың міндеті. Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.
Зерттеу объектісі. Балуандық өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді - Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ.
Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын ауылда ә дегеннен шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.
Теориялық негіздері. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді-енді парақтап ашып ауылда жүруі әбден мүмкін. Бірақ олардың өздігінен үйреніп талпынуы мүлде жеткіліксіз. Бұл қиындықтан құтылудың бір жолы - күрес өнерін үйренем деген жастарға таңдау курстары ашылып, өз пайдасын тигізеді. Сондықтан бұл таңдау курсы арқылы жастар күрес әлеміне жол ашылары сөзсіз [1].

1. БАЛУАННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІ,
ӘДІСІ, ТӘСІЛДЕРІ

1.1 Балуандық өнердің пайда болуы, дамуы

Ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын күш - олардың тарих толқынында жүріп өткен жолындағы жинақтаған салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, тілі саналады.
Қазақ халқы тәуелсіздік алған күннен бастап отаршылдық кесірінен жоғалған, еріксіз өзгертілген ұлттық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жолында үлкен жұмыстар атқаруда.
Ел арасында Балуан атану үлкен дәреже, абырой болып саналған. Қазақ халқы ақын, сері, әнші, күйші, биші, ұста, деген сияқты атақтарды өз өнерлерімен елді мойындатқан адамдарға ғана берген. Кітапта балуандық өнердің ерекшелігі, даму сатылары зерттеліп тұжырымдар жасалған. Әрине, бұл кітапта келтірілген деректер - балуандық өнерді зерттеудің аз бөлігі.
Ұлттық күресіміздің ұмыт болған түрлерін қайта өмірге әкелу арқылы, болашақ ұрпаққа көне мәдениетіміздің, ұлттық құндылықтарымыздың бай екендігін көрсету, халқын, отанын сүюге тәрбиелеу.
Ел арасындағы күш-қайраты мол адамдарды балуандық өнерге тарту, талантты балуандарды табу, оларды ұлттық күрес арқылы тәрбиелеп, үлкен спортқа жол ашу.
Қазақ күресін үйрету-жаттықтыру жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ескеріп, қазіргі спорт мектептерінде қалыптасқан жаттығу жұмыстарына өзгерістер енгізу.
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы, ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады [2].
Қазақтар күш иесін алып, толағай, балуан деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған.
Күрес - өнер, ол ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.
Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды.
Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, этнографиялық жазбаларда, тарихи және көркем шығармалармен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі. Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жауынан қорғану мақсатында олар өзара жекпе-жекке түсіп отырған. Бұрын да, қазіргі уақытта да балуандық өнер түрлері жас ұрпақтың дене тәрбиесін дамытуға, батылдық жігерін арттыруға, жерін, халқын қорғауға ар дайым дайын болуға тәрбиелеу құралы ретинде кеңінен пайдаланылады.
Күрес онері халықтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі ретінде дами отырып, кейіннен жеке спорт турлеріне айналады, үлкен-үлкен жарыстар ұйымдастыратын болды. Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын көреміз. Осыдан 18 ғасыр бұрын 371- 381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдындағы патша)өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той- жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс,балуан күресі,садақ ату,найза лақтыру, аударыспақ ,теңге алу, т.б. түрлерін откізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр - хүреш , Ат - хүреш, Ланса - хүреш (ланса - қазақша найза), Шабарман - хүреш, Жебе - хүреш, т.б.Ээр - ер күшті мағнасында, Хүреш - балуан күресі мағынасын білдіреді. Қазіргі шығыс жекпе-жек түрлері де біздің жерімізде кеңінен таралғандығы туралы деректер көп [3].
Қазақ жерінде тараған балуан күрестерін арнайы киім киінуіне қарай төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады:
- қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі;
- шапан киіп, белдік тағынып күресу;
- кеудені жалаңаштап, белдік буынып күресу;
- аяқ-киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу, т.б.
-Әр аймақта күресу тәртіптері де әртүрлі болып келген.
Кеудені жалаңаштап немесе киіммен күресу жергілікті жердің климаттық ерекшелігіне де байланысты болған.
Күресу шартын балуандар алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп отырған. Ел арасында ауызша тараған күрес ережелері қатаң сақталып, оны талассыз мойындаған. Күш атасын танымас деген қағидаға сүйеніп, балуандарды жас ерекшеліктеріне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлмеген.
Батырлар жекпе-жекке шығар алдында бір- бірінен Алыспақ керек пе, әлде жұлыспақ керек пе? Деп сұрауларының өзі сайыстың қай түрі болсада дайынмын деуді білдіреді. Белдесу кезінде ер кезегі үшке дейін, итжығыс, жол беру сияқты тәртіптер қолданылған. Күшті балуанға қаратып айтылатын Жауырыны жерге тимеген балуан, Тізесі бүгілмеген балуан деген сөздер осы кезге дейін сақталған. Күрес өнеріне байланысты деректер көне аңыз - ертегілерде, батырлар жырында көптеп кездеседі.
Күрес - жер шарын мекендеген барлық халықтар арасында кең тараған екі адамның жекпе-жек бәсекелесінде күш, әдіс-айла, қажыр-қайрат сыналатын дене тәрбиесінің бір түрі. Бұдан мыңдаған жыл бұрын арғы ата-бабаларымыз өздерінің жауларын жеңу үшін белгілі бір күрес тәсілдерін пайдалана білген. Жер бетіндегі барлық халықтарда күрес өнері кең тараған, ал гректер күресті олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізген.
Көптеген археологиялық ескерткіштерде, көне тастағы таңбаларда күрес әдістері бейнеленген.
Біздің дәуірімізден үш мың жыл бұрын салынған Бени-Гассан жеріндегі перғауынның табытындағы суреттерден Мысыр жауынгерлерінің ең маңызды жаттығуларының бірі күрес болғандығын көреміз. Белдіктен ұстап немесе белдесіп күресу түрлерінің де тарихы өте көнеден бастау алатындығы байқалады.
Балуандық өнер көне Грекия жерінде жақсы дамығандығы туралы деректер көп. Грекиядапайда болғанолимпиадалық ойындардың негізгі түрі ретінде балуандар арасында жарыстар өткізілген.
Көне грек жазушысы Эллиан (б.з.б. II-III ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынандай деректер келтіреді: ... егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ жарымен күресіп жеңуі қажет. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші құлы ретінде өтеді,- деп жазылған.
Қазіргі орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б.з.б. 909 жылы) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киімдер киген.
Қазіргі кезде даусыз тарих шындығына айналған көне Шумер мәдениеті де өздерінің асыл қазынасы - тілі мен мәдениеті тікелей ұрпақтары - Скиф-сақ көшпенділеріне мұра етіп қалдырған.
Тарихи жазбаларға қарағанда Грекия жеріндегі олимпиадалық ойын желісінде б.з.б. 776 жылдары көпсайыс түрлерінен жарыстар өткізілген. Оған алыс қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, диск лақтыру және күрес түрі енгізілген. Біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырда Грекияны Рим империясы жаулап алады да, осы кезеңнен бастап олимпиада ойындары өз күшінен айырыла бастайды.
Көптеген ойын түрлері жоғалып, спортшылар кәсіпқой спорт түріне ауысады. Балуандар үшін күрес өнері өмір сүрудің бірден-бір табыс көзіне айналады. Олимпиадалық ойындардың жаңа дәуірдегі қайта өркендеуі 1896 жылдан Грекия жерінен басталады. Осы 1-ші олимпиадалық ойын бағдарламасына грек-рим күресі енгізілді. Мал өсіріп, көшпелі өмірге бейімделген Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар табиғат сынын жеңумен қатар, көптегенжаугершілік соғыстарды да бастарынан өткізді.
Ел басына күн туған кезде аттың үстінде ұзақ уақыт отырып, найза, қылыш, садақты шебер қолдана білетін, жекпе-жек кезінде күрес әдістерін жақсы меңгерген адамдар тәрбиелеу қажеттілігі туды. Көне ғұн мен сақтар елінде жастарды тәрбиелеуде, жауынгер дайындауда белдесу, күресуге көпкөңіл бөлгендіктерін және олар ең шебер, шыдамды адамдар екендігін тарихшылар атап өткен. Академик, ғалым Әлкей Марғұлан балуан сөзін көне түркінің бабл сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы балбал сөзі кемпір тас қазіргі уақыттағы балуан, яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді.
Шығыс халықтары да көне Грекиядағы Олимпиадалық ойындарға ұқсас өздерінің жарыстарын ұйымдастырып, өткізгендіктері туралы деректер кездеседі.
Балуандық өнер өскелең ұрпақ үшін тәлімдік, тәрбиелік маңызы бар дене тәрбиесі саласы болып табылады.
Бүгінгі күнде дене тәрбиесі адамзат өміріне көмектесетін саналы әрекет ретінде бағаланады. Күшті, епті, төзімді, сымбатты адамдар қай кезде болмасын өмір жолында кездескен қиыншылықтарды оңай жеңіп отырған. Осыдан келіп арнайы жаттығу жүйесі, ойындар қалыптасқан.
Дене тәрбиесі қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес бірте-бірте күрделеніп, өсіп отырды. Оған әр халықтың тұрмыс дәстүрі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, бастан кешкен оқиғаларының әсерінен туған ұлттық ойындар түрлері мысал болады. Ұлан- байтақ даланы мекендеген қазақ халқы көкпар, бәйге, сайыс, аударыспақ, күрес, жаяу жарыс, т.б.тәрізді көптеген ұлттық ойындарды жетілдіріп отырған. Ұлттық спорт ойындары адамдар бойындағы өмірге қажетті қасиеттерді дамытуды мақсат етеді. Яғни дене тәрбиесіхалыққа эстетикалық тәрбие беріп, адамды жан-жақты дамытуда зор рөль атқарады. Денекүші жетілген адам - әр уақытта сергек, өз-өзіне сенімді, өз ағзасын меңгере білетін, қиындықты бағындыра алатын адам. Сонымен қатар жас ұрпақты отан қарғау ісіне,отаншылдық, ұлттық сезімдерін дамытуда балуандық өнердің алар орны зор. Күрес өнері қазақ халқының арасында кең тараған. Ойын-тойларда, мейрамдарда, адамдарға ас беру кезінде күрес ұйымдастырылып отырған. Белгілі түркі тілінің маманы, ақын Олжас Сүлейменов Олимпиада сөзінің шығу төркінін түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда аруаққа табыну,өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, қайытқан басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екенін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады. О.Сүлейменов Олим-пи сөзі грек тілінде Билеуші өлімі деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамдарға белгі ретінде түркілер шоқпар берген, ал гректер қазіргі кездегідей басына ағаш жапырағынан венок кигізгендігін айтады [4].
Қазіргі қазақ халқында адамның қайтыс болғаннан кейін жылын беру асында ат жарыстырып, балуан күрестіру, т.б. жарыстар ұйымдастыруды сол көне кезден қалған дәстүр деп санау қажет. Дала уалаяты газетінде Отыншы Әлімжанов ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылындағы той-жиындағы балуандар белдесуін былай суреттейді: ... Бәйге аттары келгенше жиылған адамдар басшының шақырғаны бойынша аттарынан түсіп топтасып отырады. Бұлардың алдында қатарланып белсеніп күреске түсетұғын балуандар отырады. Балуан, балуан! деп басшы айқай салғанда топтың ішінен маң- маң басып, байпаңдау екеу шығады. Бұлар біріне-бірі қадалып қарап, өзді-өзінің қалай қимылдап жүргенңн аңдып жүреді. Біраз тұрып бұлар ұстаса кетеді, шаңдатып күрес салады. Қай жыққандарына ат, қой, бір шаршы шүберек береді. Жығылғаны елдің бәріне күлкі болып орнына қайтып барады. Қашан балуандардың бәрі күресіп болған соң, кім болса сонымен күресе салады. Ойын-тамашаны қызықтырмақ болып шалдарды, балалар түгілі қатындарды да күрестіреді. Сол мезгілдеалыстан будақтаған шаң көтеріледі. Біраздан соң аттар бірінің артынан бірі шауып келеді,- деп жазады. Ал Жүсіпбек Аймауытовтың Қартқожа романының күрес тарауында ... шекпеннің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп жұлып алып,- деп балуанның киімін сипаттаса,... қолы желкеден тиген жерде-ақ теріс қарай иіре бастады, жағадан тиген қолы тістей қатты, бойын қашыра берді, ішкі белбеуден алып, жамбастап, арқалап соғып жіберді. Шалайын деп еді, тарта алмады, итерейін деп еді, арқасына түсіре алмады, белбеуден алып көтерді, көтерді де сілкіді. Теріс айналдырып жіберіп, қырқадан шалып, доптай түсірді, -- деп балуандардың қимыл-қозғалысын дәлдікпен бейнелейді. Ас пен тойда өтетін бейбіт бәсекені былай қойғанда, кейбір қантөгіске апаратын жанжалды да балуандар бәсекесі арқылы шешкен мысалдар көптеп кездеседі [5].
XIX ғасырдың орта кезінде қырғыз ханы Орман қазақтың Кекілік-Сеңгір, Қаракемір секілді шұрайлы жерін тартып алу ниетімен қазақ еліне келеді. Оны жекпе-жек жолымен шешуді ұсынады. Сенгені өзге бір кырғыз тайпасынан Қабан деген түйе балуанды жалдап әкеледі. Бұл кезде Шыңғысбай, Бекенай балуаңдардың шау тартқан кездері болса керек. Үш күн бойына Қабанға қарсы қояр жігіт табылмайды. Ақыры ІІІыңғысбайдың ағасы Жанжігіттің Күреңкей дейтін ұлы намысқа тырысып жекпе- жекке шығуға бел байлайды. Алдын-ыла жасаған уәде бойынша, осы жолы жекпе- жекке жер тағдырын шешуге тиіс болған. Кімнің балуаны жықса, жер соныкі деп серттеседі. Жастығына қарамастан Күреңкей сәті түскенде Қабанның мойнына қолын шап орап, қылқындырып жүріп жығыпты. Осыдан былай Орман хан қазақ жеріне көз сұғуды біржола доғарыпты. Кейін Кеңесары Кекілік-Сеңгірге ат басын тірегенде Орманмен жасасқан антымыз бар, деп Қыбырай елі түгелдей тау ішіне сіңіп кеткен деседі қариялар. Тарихшы Әбілғазы өзінің шежіресінде Қыпшақ балуанның жеңісі бір тайпа моңғол жұртын мұсылман дініне енгізгендігін жазады. Шынғыс әулеттері Құбылай хан мен Мөңке ханның кездесу құрметіне өткізілген балуандар күресінде жеңіске жеткен Сыбан балуанға (қазақтың Сыбан руынан шыққан болуы керек) Тархан деген атақ берілген.
Жыл сайын ұйымдастырылған жәрмеңкелердің қай-қайсысы да балуандар күресінсіз өтпеген. Балуандар белдесулерін өткізудің екі түрі болған. Бірі белдесуге екі адамнан ғана шығару, екіншісі бірнеше жұп балуанды бірдеи белдесуге шақыру. Көп балуанды бірден алаңға шығарып күрестіру қазіргі кезде моңғол күресінде сақталған.
Қазақ күресінің ерекшелігі - онда алапат күш пен көз ілеспес шапшаңдық терең ұштасқанда ғана үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Себебі күресуші екі балуанның біреуі кілем үстіне құлағаннан кейін күрес бірден тоқтатылады, яғни дәстүрлі қазақ күресі түрегеп тұрған қалпында ғана жүргізіледі. Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді.
Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері өткізіле бастады. Балуан күрестіру -- қазақтың дене тәрбиесіндегі ең көп тараған және маңызды түрі болып саналады.
Балуандыққа кішкене күнінен машытанғандардың денесі шымыр, бұлшық еттері жақсы дамиды. Ертеде ел арасында қазақ күресінің жазылмаған ережесі катаң сақталыл отырған. Күресетін балуан өз атынан ғана емес, өз руынын немесе бүкіл бір елдің атынан белдесуге шығатын болған. XX ғасырдың бас кезіне дейін балуанлар салмак дәрежесіне немесе жас ерекшелігіне карай бөлінбей күш атасын танымас деген ұстаныммен күресетін және ит- жығыс, бастан аттау сияқты тәртіптер болған. Итжығыс -- екі балуанның күресуі кезінде болатын жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайла итжығыс болды деп күресті тоқтататын болған немесе ба- луандардың екеуі де бір мезгілде жерге кұлаған жағдайда итжығыс деп, балуандарды кайта күрестірген. Итжығыс бір белдесу үстінде бірнеше рет кайталануы мүмкін [6].

1.2 Балуандардың техникалық, тактикалық дайындықтары

Жоғары спорттық нәтижеге ие болудың салдары техникалық дайындықтың дамуы болып табылады. Спорттағы жетістіктер, басқа әрекеттердегідей, дамудың ортақ заңдылығына бағынады, шамасы, саны жағынан логистикалық қызметпен суреттеледі. Әрбір жаңа спорттық дәреже үлкен еңбекті, тапқырлықты және ғылыми дәлелдеуді талап етеді.
Ең маңызды белгілейтіні, спорттық техниканың әрі қарай жоғары дамуы күрделі де дәл әдістердің зерттелуімен тығыз байланысты.
Бүгінгі күнгі күрес түрінің даму кезеңіне спортшының техникалық, тактикалық, физикалық, психологиялық дайындығын бағалау керек. Балуандардың техникалық, тактикалық дайындығына математикалық анализдің қажет екендігін алғаш А.А.Новиков ұсынған болатын.
Балуандардың техникалық дайындығын бағалау үшін айқасудың қарапайым хронометражды бақылауын ұйымдастыру ұсынылады.
Бақылау балуандардың күрес тәсілдерін айқын қолдануға көмектеседі. Егер қолданылған топтастыру зерттеушіні қанағаттандырмаса, жоғарыда айтылғандай хронометражды бақылауды ұйымдастыру қажет. Ұсынылған әдіс екі кезеңнен тұрады: күрес тәсілінің хронометражды және бақылаудың статистикалық өңделген материалдары. Бірінші кезенді жүзеге асыру үшін хронометражды бақылаудың өнделген хаттамасы керек:
X- күрес тәсілін жүзеге асырар сәттегі сәтсіз әрекет;
1- қарсыласқа жарияланған ескерту
1,2,3- төрешілердің бір, екі, үш балдық жүйемен бағалауы;
Т- қарсыласыңның жауырын жерге тигізу;
Хронометражды бақылаудың хаттамалары жарысқа қатысушы жеке балуандардың, әртүрлі салмақ дәрежесінденгі атлеттердің техникалық дайындықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Сөз болып отырған әдіс, қай айқасты болмасын, бірнеше кездесулер мен бір немесе екі жарыстың жекпе-жегін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар күресте айқасудың кесіндісі, денесін тіп-тік ұстауы, айқасудың бірінші, екінші, үшінші кезендеріндегі нақты минуттарды бақылау, балуандардың шыдамдылығына жанама төрешілік етеді.
Бақылаудың статистикалық өнделуі орташа арифметикалық өлшемнің нәтижесін көрсетеді. Соңғы процентгік көрсеткіштер әртүрлі көрсеткіштерді салыстыруға көмектеседі. Балуандардың техникалық дайындығын көрсетудің екі жүйелі деңгейі көрсетіледі: жан-жақтылық көрсеткіші (Жк) және тиімділік көрсеткіші (Тк). Жан-жақтылық көрсеткіші күресу тәсілінің проценттік қатынасын анықтайды. Сонымен біздің зерттеуімізде еркін күрестің алты топқа бөлінген классификациясы қолданды. Демек, үш топқа жататын күрес тәсілдерін қолданғанда жан-жақтылық көрсеткіші мынаған тең:

3 * 100%
Ж к---------------------------------- ----- = 50%
6
Әрбір күрес түрінде күрес тәсілінің оптималды классификациясын жан-жақтылық көрсеткіші анықтайды. Тиімділік көрсеткіші сәтті әрекеттердің проценттік қатынасын (төрешілердің 1,2,3 балдық жүйесімен жауырыны жерге тиген жағдайда) күрес әрекеттеріндегі ортақ санының көрсеткіші. Сонымен, егер 47 әрекеттің 19-ы төрешілермен бағаланса, онда

19* 100%=41,3%
Т к = ----------------------------- -- --------- =41,3%
47

Тұлғаның қозғағыш қызметін зерттеу, қозғалыстың негізгі параметрі мен жүйке-психикалық процеспен байланысын зерттейді.
Психологиямен іргелес ғылымдар күрделі реакцияларға, жекелей таңдау реакциясына арналады. Спорт ғылымында мұндай зерттеулерге О.И.Фролова (1964,1966) И.С.Гильдина (1964) т.б. ғалымдар тарапынан қызығушылық тууда. Күресте аталған зерттеулердің маңызы зор.
Себебі, балуан жарысқа қатысу кезінде бірнеше тактикалық тапсырмаларды шешеді. Сонымен қоса қалыптасқан жағдай, анализ жасау және теңбе-тең шешім қабылдау - бұл спортшының кілем үстіндегі тактикалық ойлауын, тәртібін анықтайды. Балуанның іс-әрекет өзгешелігі анық танылған жағдайда оның тактикалық дайындығы бағаланады. Бірақ, бүгінгі күнгі теория мен практика зерттеудің, бақылаудың субьективті әдісін қанағаттандыра алмайды. Расында балуанның тактикалық дайындығын бағалау үшін, оның қозғалыс мәселесін шешуде, дұрыс шешім қабылдауға жіберген уақытын дәл бағалау үшін қажет.
В.Т.Настенко (1963), В.Г.Соловьев(1966), А.А.Новиков және А.НЛенц (1966) еңбектерінен біз, балуандардың тактикалық дайындығымен байланысты алғашқы экспериментальді әрекеттердің зерттелгенін табамыз. Егер В.Т.Настенко, В.Г.Соловьев еңбектеріңде тек тері-бұлшық етінің тітіркенуінің уақыт реакциясы анықталса, А.А.
Новиков, А.НЛенц оған қарағанда бүгінгі күнгі зерттеу әдісін ұсынды.
Ол тек уақыт реакциясын бағаламайды. А.А. Новиков, А.Н.Ленц зерттеулерінде тензометрикалық платформада тұрған балуан алдында экранда ситуация бейнесі пайда болады, ол бел арқылы лақтырғанда, әлде майыстырып лақтырғанда ыңғайлы болуы ушін жасалғаны айтылады.
Сонымен қоса уақыт реакциясы мен кабылданған шешім дұрыстығы анықталады. Бірақ, біздің ойымызша бұл жағдайда балуан күрестен гөрі одан да күрделі тапсырманы шешеді. Бұл экспериментте шешім қабылдауға жұмсалған уақыт ұзақтылығын түсіндіреді. Мысалы, Қазақстан құрама командасы балуандарының реакция жылдамдығы 450-550 м.секундке тең, ал жас балуандардікі 1000 - 100 м.сек. Осы уақытта спортшылардың шеберлігімен ие болған нәтиже дәл осы зертгеу әдісімен үндеседі. Алдағы уақытта да бұл әдісті қолдану үшін эксперимент шарттарын күрес шарттарына жақындата түсу керек.
Біз ұсынып отырған зерттеу әдісін суреттеместен бұрын, күрестегі тактиканың теориялық сұрақтарына тоқталайық. Бұл мәселені толық әрі кең ауқымда қарастырған А.НЛенц (1960,1966,1967) болды. Ол балуан тактикасын төмендегідей етіп бөледі: техникалық әрекеттерді өткізу тактикасы, айқасу тактикасы және жырысқа қатысу тактикасы.
Барлық айтылып өткен жағдайда балуан, ең бірінші, ситуацияны бағалап, шешім қабылдап, оны жүзеге асыруы қажет. Бірақ жарысқа қатысу жоспарын құрғанда немесе айқасу жоспарын ойластырғанда, балуан әбден талдап, жаттықтырушының көмегінсіз, өз бетімен күрес жағдайындағы әдіс-тәсілдерді таңдап, тиімдісін алуы қажет.
Себебі, бұл процесте уақыт тапшы болады. Сол себепті, бұл зерттеу әдісін өңдеген кезде біздің алдымызда әртүрлі қиын жағдайдағы шабуыл ситуациясын модельдеп, барынша күреске жақындату. Біз өз зерттеу әдісімізді таңдап төмендегідей шешімге келдік: ситуацияны модельдеуге кілем шетіндегі күрес таңдап алынды.
Бұл сұрақтардың жауабын табу үшін 1350 диаметрлі, қалындығы 22мм. 6 подшипникпен бекітілген фанерлі шеңбердің үстін 1050*1650*4 мм. дюралді бетпен айналдырылған құрал пайдаланылады. Сонымен қатар, шеңберді подшипникті белдікпен дюральді бетке бекітіледі. Шеңбер сыртқы диаметр арқылы өтетін белбеумен қолды жетекке жалғанады. Сонымен қатар, құрылғыны негізгі тежегіштік қалып толықтырады. Ол шеңбердің сыртқы шетінде орналасады. Электрлік бөлігін төмендетілген трансформатор, 2 электрлік мили- секундомер ПВ-53, 3 токосъемка, 6 микро-өшіргіштер құрайды.
Құрылғы спортшыларды барлық күрес түрінен зерттеуге мүмкіндік береді. Жұмыс әдісі келесілерге сай келеді: платформа кілемнің шетінде орналасады. Балуан платформада тұрады, оның алдында қарсыласы параллель тік тұрады. Екі балуан да табандарымен микро-өшіргіш арқылы шынжырды тұйықтайды. Сыналғыш платформа тоқтаған кезде аз уақыт ішінде мақсатқа сәйкес күрес тәсілін жүргізу кажет. Сонымен коса ол төмендегідей мәселелерді шешуі керек:
а) кілемнің орналасуын байқау керек, себебі ол белімен, бетімен немесе қырындап түсуі мүмкін;
б) тиімді тәсіл немесе оның вариантын табу керек. Біз ұсынып отырған құрылғы: 1- уақыт реакциясын, 2- қарсыластың жақындау немесе қол үзу уақытын, 3- техникалық әрекеттің дұрыс таңдалуын анықтауға көмектеседі. Шеңберді әртүрлі жағжайда тоқтатуға болады. Әр жағдайда тиімді алып жығу түрлі қозғалғыш тапсырмалардың қиындығын шешеді. Дәл сипаттау үшін кестеде Қазақстанда спорт шеберлігін алудағы мәліметгерді ұсынамыз. Ең жеңіл күрес тәсілі 1 жағдайда, егер балуан кілемде бетімен жатса. Бұл жағдайда уақыт реакциясы 195 мсек.
Қиын тәсіл 2 және 4 жағдайда. Мұнда балуан кілемнен 60° айналады, уақыт реакциясы 180-235 мсек. 3 және 5 жағдайда ол 120° айналып жатады, уақыт реакциясы 240-250 мсек. Ең қиыны 6 жағдайда, уақыт реакциясы 365 мсекундке тең. Зерттеуіміз эксперимент жүзінде Қазақстан құрама командасының спорт шеберлері мен балуандарына өткізілген. Олар шабуыл жағдайын модельдеуді, әр деңгейдегі қиындықтарға қарсы тұруды, объективті бағалауды дәлелдеген [7].

1.3 Балуандарды жаттықтырудың маңызы

Қазақтар балаларын күресіп үйренуге бұғанасы қатқан кезінен бастап үйрете бастаған. Үлкендер өздері білетін күрес әдіс-айласын үйретумен қатар ауылдағы Балуан атанған адамға баласын апарып, Осы балам балуан болсам дейді. Сізден батаңызды алуға келдік, деп алдынан өтіп отырған. Балуандық әдіс-айланы үйренуді көбіне жауынгерлік қару-жарақты меңгерумен бірге ұштастырған. Қазақтар ер балаға күресе білуді міндет деп санаған.
Ауыл балалары топталып жиналған кездерінде нмесе той-томалақ үстінде үлкендер оларды бір-бірімен күрестіріп отырған.
Жеңген баланы Ой, мынау мықты екен, болашақта батыр болады, әкесіне тартқан, нағашысына тартқан деген сөздермен қолпаштап мадақтаған.
Балалар көбіне жасы өзімен тетелестермен күрессе, кей жағдайда өзінен үлкенмен де күресе берген. Бала күресуге шығуға қорықса, Жығылсаң жер көтереді деп қайрап, жігерлендіріп отырған. Күресуге көк майса жұмсақ жер немесе құмды алаңдар таңдап алынады.
Балалар күнделікті қандай киім киіп жүрсе, сонымен күресе берген. Жығылған бала ер кезегі үшке дейін, қапы қалдым, қайта күресем деп қайта күреске шақыратын болған.
Әдістер көбіне белдіктен ұстап басталады. Ал егер белдік болмаса, екі қолдарын иықтарына тіреу арқылы немесе ұстаспай-ақ күресті бастайды. Күрес үстінде жерге жығылған баланың үстінен ары қарай басып жатпай, тез түрегеліп кетіп отырған. Жығылған баланың үстінен аттап кету оның күшін өзіне алу деген мақсатпен жасалатын. Күресте жыққан бала сол балалардың ішінде жоғары дәрежеге ие болып, өзінің жеңісін мақтанышпен үйіне, басқа балаларға айтып отырады.
Үлкен адамды күреске дайындау ұзақ уақытқа созылатын арнайы дайындықты қажет ететін болғандықтан, күресуге бірнеше ай қалғанда дайындықты бастайды. Белдесуге дайындау көбіне ауа-райының жылы жаз айларында басталады.
Қазақ күресінің бірнеше түрінің болуының бір себебі, сол аймақтың климаттық ерекшеліктеріне де тікелей байланысты болған. Кеудені жалаңаштап күресу көбіне оңтүстік жылы аймақтарда кездеседі де, соүстік салқын аймақтарда киіммен күресу жиі орын алатыны сондықтан.
Алдымен балуандыққа түсетін адамның тамақтану жағдайына арнайы көңіл бөлінген. Қоңды мал сойдырып, адамға күш-қуат жинақтатқан. Балуанның салмағы неғұрлым ауыр болса, соғұрлым жақсы деп есептеген.
Ысалы, Абай Құнанбаев Байқұда балуанды еліне алдырып, Семейде болатын үлкен күреске зі дайындаған. Соғымын бергізіп, тамағының тоқ болуын қадағалап, қамқорлық жасаған. Күреске түсетін балуан ауылдағы күші бар мықты деген адамдармен күресіп жаттығумен қатар, ауыр заттарды көтеріп күшін арттырған. Ендше балуанды жан-жақты мақтап, бұл өнердің қыр-сырын біліп, жарысқа дайындап қосатын бапкерлер ерте уақыттан болған деп айта аламыз. Әрине, балуанды қазіргі жаттықтыруымен ерте замандағы дайындау арасында үлкен айырмашылық бар.
Қазіргі өнерді үйретудегі басты мақсат - балуан дайындаумен қатар адам денсаулығын сақтай білу міндеті.

2. ҚАЗАҚША КҮРЕС ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢ СПОРТ

2.1 Қазақ күресінің дамуы

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады.
Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін күрес бойынша тактикалық дайындық әдістері
Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары
СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
Балуандардың күш қабілеттерін дамыту
Аяқпен жасайтын әдіс
ГРЕК – РИМ СТИЛІНДЕ БАЛҒЫН БАЛУАНДАРДА КҮШ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы
Денесін ұстап лақтыру
Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
Қозғалыс сапалары кезеңдері
Пәндер