Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары



Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім. Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1. Дарындылық және дарынды балалар туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Дарынды баланы анықтау, дарындылық түрлері және деңгейі ... ...11
2.3. Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.4. Дарындылық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5. Мұғалімнің бағыт . бағдарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ...21
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
І. Кіріспе

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.
Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау. Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады.
Қызығушылық — адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен — еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді. Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер — қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
2.Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
3. Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары

Орындаған: Сұлтанбекова Г.
Тобы: ТБ - 31
Тексерген: Үмбетова Ж.

Ақтау - 2015 ж.
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім. Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. Дарындылық және дарынды балалар туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
2.2. Дарынды баланы анықтау, дарындылық түрлері және деңгейі ... ...11
2.3. Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.4. Дарындылық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5. Мұғалімнің бағыт - бағдарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ...21
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

І. Кіріспе

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады.
Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау. Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден -- әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады.
Қызығушылық -- адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік -- нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен -- еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді. Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер -- қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.

ІІ. Негізгі бөлім. Теориялық бөлім
2.1. Дарындылық және дарынды балалар туралы

Дарынды балалар -- жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген). Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты. Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. Баланың дарындылығы деп -- бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.
Дарындылық -- бұл дарын сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: Дарындылық -- бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық түсінігі қабілет түсінігіне өте жақын. Қабілеттілік сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:
-табиғи дарын
- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Әдетте біз қабілеттілік сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, қабілетті оқушы, қабілетті жас ғалым) қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни дарындылық және қабілеттілік өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген қабілеттілік сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес). Қабілеттілікке философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: Қабілеттілік -- бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері. Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.
Дарындылық -- бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық -- бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық -- бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр. Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік -- күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді.
Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:
:: жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
:: бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
:: ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында кіші сіңілі -- қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.
Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды. Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды.
Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар сәйкес келеді: Мен айтқан секілді жаса ..., Тыныш отыр.... Ата-аналар баласының айтқандарын бұлжытпай орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділік пен конформизмді дамытады. Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай болып негізделеді: ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын.... Ата-аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары, заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту (бастау) және қаттылықты тәрбиелейді. Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор -- бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:
:: теріс
:: ашуландырушы
:: дұрыс-оң
:: гиперсоциализация (ата-аналар дарындылықты, өз-өзін таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары).Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады.
Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті -- рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова),
Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді: ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін.
Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда Мен концепциясы маңызды болып табылады.
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу қажет.Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады.
2.2. Дарынды баланы анықтау, дарындылық түрлері және деңгейі

Дарынды балалар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.
Бірініші категория - ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория - жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория - дарындылық күш - қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға сектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша - оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:
- арнайы психометриялық тест;
- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;
- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау;
- арнай психодиогностикалық тренинг;
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар - психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.
Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды бір сәттік іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау - арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

2.3. Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.

арындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;
- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:
- Джонс креативтілік сұрақнамасы.Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;
- Ойлауды анықтауға арналған әдістеме;
- Көру арқылы есте сақтау;
- Есту арқылы есте сақтау;
- Оперативті ес әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған Қызыл-қара таблицалар әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған Мюнстенберг әдістемесі;
- Ақпаратты қабылдау әдістемесі;
Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер.
1 - тапсырма: Жаттығулар
2 - тапсырма: Жағдайаттар
3 - тапсырма: Қанатты сөздер
4 - тапсырма: Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі
5 - тапсырма: Сөздік пайымдық қабіліттерді зерттеу;
6 - тапсырма: Бақылау
Вербальды қиял әдістемесі;
Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:
- Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;
- Мұғалімдерге арналған Ой-өрістік портрет әдістемесі;
- Психологпен мұғалімге арналған Оқушы сипаттамасы.
Ақпаратты қабылдау
Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:
1)Аңдар
2)Құстар
3)Ағаштар
4)Гүлдер
5)Ыдыстар
32 сөз оқылады:
Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай,
Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.
Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз
Джонс креативтілігі сұрақнамасы
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу
Жалпы сипаттамасы:
Креативтілік сұрақнамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС - бұл сыртқы бақылауға қолайлы кретивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толықтыруға 5 - 10 минут уақыт бөлінеді.
КС бойынша маман кретивтілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстарын басқару
Пәндер