Діннің тәрбиелік мәні


Маңғыстау гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: "Діннің тәрбиелік мәні"
Орындаған: Қызылғұлова А.
Тобы: ТБ - 31
Тексерген: Үмбетова Ж.
Ақтау - 2015 ж.
Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім. Теориялық бөлім . . . 8
2. 1. Дін туралы ұғым . . . 8
2. 2. Діннің қоғамдағы рөлі . . . 11
2. 3. Діннің тәрбиелік қызметі . . . 19
2. 4. Дін әлеуметтік институт . . . 22
ІІІ. Тәжірибелік бөлім . . . 27
ІV. Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
І. Кіріспе
Дін - халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы. Оның қоғамда алатын орны зор және ерекше, діні жоқ, яғни дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Тарих қойнауына үңіліп, беттерін парақтасақ, қай ұлттың болмасын, қалыптасуы, даму қарқыны, көркею үдерісі жайында тілі, діні, мәдениеті, өнері, кәсібі мол ақпарат береді. Дін ұзақ жылдар бойы, ғасырлар бойы қалыптасып таралған.
Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 - 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді.
Діннің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де байланысты. Адамзат тарихында өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады. Бірінші жағдайда қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, политезм (көптәңірлі), онотеизм (біртәңірлі), деизм (әлемді жаратқан соң, оның одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім), т. б. түрлері пайда болды. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық діндерге тән емес. Ол қазіргі діндерден, мәселен, ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық - халықтық және ұлтаралық немесе әлемдік түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т. б. Діннің екі сипаты бар.
Төменгісі - сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы - имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты - бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт - рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді ислам, христиандық, будда ұстанады. Осы әлемдік діндердің бірі ислам дініне тоқталып өтсек.
Ислам діні - бүкіл әлемге ортақ құндылық. Ол бір ұлтқа немесе тек мұсылмандарға ғана жіберілген дін емес. Сондықтан, Құран Кәрімде қаратпа сөздер «ей, арабтар» немесе «ей, бәдәуилер» деп айтылмайды, «ей, адам ұрпақтары», «ей, адамзат баласы» және «ей, мүминдер» деп жалпыға ортақ атаулар ретінде қолданылады. Бұл-қасиетті кітаптың бүкіл адамзатқа, тіпті, бүкіл жаратылысқа жолдауы екенін көрсетсе керек. Сондай-ақ, Құранда Алла Тағаланың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафаны (с. ғ. у. ) бүкіл әлемдерге рахмет - мейірім пайғамбары ретінде жіберілгені айтылады.
Бізідің мемлекетіміз -Тәуелсіз, зайырлы мемлекет, яғни қай дінді қабылдаймын десең, өз еркің. Қазір әлемдік үш дін - Ислам, Христиан, Будда діндері бар. Үндістан жерінде Гаутама негізін қалаған әлемдік Будда дінінің басты кітабы Таурат болса, Исаның Інжілі - христиандық адамдардың, сол дінге табынушылардың кітабы. Ал біздің елімізде кеңінен қанат жайған дін - Ислам діні. Бұл діннің негізін салушы - Мұхаммед Пайғамбар, ал қасиетті кітабы - Құран кәрім. Осы әлемдік үш діннің басқа иудаизм, даосизм, конфуциялық, синтоизм секілді этностық діндер мен анимизм, тотемизм сияқты дәстүрлі діндер де бар. Қазіргі қоғамдағы жас ұрпақ арасында жоғарыда аталған діндер туралы мәлімет беріп, ақпарат тарату - өмір талабы. Себебі оңы мен солын, ақ пен қараны, жақсылық пен зұлымдықты енді ғана ажырата бастап, әлі толық қалыптасып үлгірмеген жас буынға дін туралы түсінік қалыптастыру арқылы оларды кесе-кедергілерден аман алып қалуға болады. Олай деуімізге негіз бар: діннің не екенін, мақсаты мен мұратының қандай екенін жете түсінбеген қаракөз қандастарымыз түрлі жалған ағымдардың жетегінде кетіп бара жатыр. Жалған ағымдар әркез дінге қайшы, оны жақтамайды, олар - халықаралық лаңкестік ұйымдастырушы, діни экстремизмді жақтаушы секталар, теріс ағымдағы топтар мен дінмен он қайнаса да, сорпасы қосылмайтын ұйымдар. Олардың мақсат-мүддесі - біреуге немесе бір ұйымға, тіпті мемлекетке жала жабу, жамандық жасау, қастандық ұйымдастыру, ағайынның ортасына от тастау, ұлт пен ұлыстың арасына алауыздық туғызу, қақтығыстың тууына ұйытқы болу, аққа күйе жағу, бейбіт өмірді бұзу.
Егеміндігін күні кеше алып, еңсесін енді ғана тіктеп келе жатқан жас мемлекетімізде де мұндай келеңсіздіктерге, қара ниетті күштерге, жол беріліп жатады, бұл да тәжрибенің жоқтығынан шығар. Мысал ретінде аты кезінде гүрілдеп тұрған «Хизбут-Тахрир» деп аталатын діни экстермистік партиясын, «Кришна санасы қоғамын» айтсақ та жеткілікті. Бірақ алдағы уақыттарда осы сияқты қателіктер болмайды деп ойлаймын.
Жүз діннің жетегінде жүрген қазақ,
Халықпыз қазақ деген өзі де аз-ақ.
Бірігудің орнына бөлінеміз,
Тарихыңда болмаған мұндай азап, - деп, М. Болатұлы өзінің «Бауырлар» атты өлеңінде жырлағандай, тарихта қазақ халқы жүзге, руға бөлінсе, енді келіп, түрлі жалған ағымдардың арбауына түсіп жатыр. «Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші, тек біріккенде, татулықта ғана ұлттық бірлігімізді сақтай аламыз. Себебі біз- ислам әлемінің бір бөлшегіміз, ал оны әрә қарай бөлшектеудің қажеті жоқ. Ұстанып отырған дінімізді бұрмалаудың да қажеті жоқ. Секталардан, теріс пиғылдағы ұйымдар мен жат топтардан сақтанбасақ, берекенің бәрі - тәуелсіздігіміз де, байрағамыз да, тіліміз де баянсыз болып қалуы үшін, алтыны мен күмісі үшін қандастарымыз ардан айырылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ислам діні жайында былай дейді: «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифті қауіп-қатер туралы емес, Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді». Расында, соңғы кездері Ислам елдеріндегі оқиғаларға байланысты ислам діні «Лаңкесшіл дін» деп те аталып жүр. Ал «Ислам» мен «Лаңкестік» - бір-біріне мағынасы қайшы сөздер, біріншісі «Бейбітшілік, татулық» деген мағынаны білдірсе, екіншісі «қырып-жою, талқандау» дегенді білдіреді. Ислам діні бейбітшілік пен татулыққа негізделсе, онда соғыс өртін тұтандырушы кім? Дінді саудаға салып, жастардың ойын тұмандандырып жүрген секталардың өрісі қайтсе тарылмақ? Бұндай келеңсіздік орын алмауы үшін, біріншіден, дінді бұрмалауға жол берілмеуі тиіс. Басқа ағымдағыларға жол берілмей, жұмыстарына шектеу қойылса, ұлттық біртұтас дін қалыптасар еді. Жаңа ғана дінге ден қойып, имандылыққа бет бұрған қазақтың жас буынын іштей жіктемей, дұрыс жолға, бұрмаланбаған ислам жолына бастауымыз керек. Сол үшін нағыз Исламды насихаттайтын Қазақстан діни басқармасының ықпалы, қызметі, құқықтық мәртебесі күшеюі керек. Екіншіден, мұны тек діни басқарманың бойына артып қоймай, бүкіл халық болып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, зиялы қауым, оқу орындарының бәрі атсалысып, жұмылдырылуы керек. Тағы айта кетерлік жайт, «Дінтану негіздері» сынды кітаптар арқылы дін жайында түсінікті жастайынан, мектеп жасынан қалыптастыру арқылы діни емес ұйымдардың жетегінде кетудің алдын-алуға болады. Сонымен қатар, таза дін адамдары жастарға көбірек көңіл бөліп, олармен ашық пікірлесетіндей кездеулер ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болары хақ.
Әлемдік діндердің ішіндегі тазалықты дәріптейтіні -Ислам діні. Ислам діні - адамның абыройы мен ар-ожданын жоғары қойып, әділдік пен бейбітшілікті ту етіп, он сегіз мың ғалам иелеріне қылдай қиянаттың болмауын қадағалайтын дін. Бейбіт қарым-қатынаста тіршілік етіп, тыныштықта тату-тәтті өмір сүруді уағыздайтын бұл дін адамды мейірімді іске шақырып, жүрегінің ақ ниетті болуына септігін тигізеді. Тек ғана Ислам дінін емес, өзге де діндерді алып қарасақ, әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын діннің жоқ екенін көз жеткізуге болады.
Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Ұлы далада, яғни қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ! Қазіргідей берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз - Елбасының салиқалы саясатының арқасы. 130 ұлт пен ұлыстың аспанына бейбітшілік көгершінін қондырған Елбасын бергеніне Ұлы далаға мың тағзым!
Өз ойымды Мұхамметқали ағамыздың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Ел болуға Ислам дінің керек,
Екінші ардақты Ана тілің керек,
Еңбек керек.
Осының бәрі болса,
Аю да, айдаһар да дірілдер ед.
ІІ. Негізгі бөлім. Теориялық бөлім
2. 1. Дін туралы ұғым
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos - халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады.
Теология - (көне грек тілінде teos - құдай, logos - ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio - мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие - Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады.
Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған. Адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім - оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратты, мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын іс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Діни сана күнделікті және консептуалды болып 2-ге бөлінеді:
Күнделікті - діни түсінік, дағды, қағида дәстүр.
Консептуалды - осының бәрі белгілі бір дін түсінігіне ие болады, теориялық негізінде жасалып ақиқаттылығы дәлелденеді.
Діни қызмет: ілімдік және ғұрыптық болады.
Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана.
Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім - оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді.
Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық - елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді.
Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.
2. 2. Діннің қоғамдағы рөлі
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам мамандану және жіктелу- жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса, ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден, діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. "Қоғам" ұғымы қатаң әлеуметтанушылық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрдеілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінен көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып, қоғамды жеке адамдардың әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Жеке адам әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол жеке адамға сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті, түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігінен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде "дін және қоғам" мәселесі көбінесе "дін мен мәдениеттің" бір бөлігі болып табылады.
Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда.
Қазақтың дүниетанымындағы дін мәселесі» халқымыздың рухани мұра жүйесінде оның ертедегі дүниетанымдық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан дүниетанымдық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті жолдардан өтіп, әлі де зерттеліп қарастырылуда. Оның негізгі бағыттары ретінде қарапайым да тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелері мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде мәдениеттанушылардың тарихи логикасына жету жолында пайда болған. Сонымен қатар сол кездегі қазақ мәдениетінің тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін қазіргі ұрпақ үшін, үлкен жауапкершіліктер жүктеу болып табылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz