Әлемнің жетекші спортшыларының нәтижелеріне талдау жасау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1. ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ . . . 4
- Жақсылық Үшкемпіров жетістіктері . . . 4
1. 2 Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин . . . 9
2. ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ . . . 17 2. 1 Усейн Болт Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды . . . 172. 2 Мұхаммед Әли ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Игорь Сон (50 келі) және Татьяна Капустина (+69 келі) Лимада (Перу) өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында көрермендердің таңдауы бойынша, сәйкесінше, ұлдар мен қыздар арасында «Үздік ауыр атлетші» атақтарына ие болды. Игорь Сон (50 келі) және Татьяна Капустина (+69 келі) Лимада (Перу) өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында көрермендердің таңдауы бойынша, сәйкесінше, ұлдар мен қыздар арасында «Үздік ауыр атлетші» атақтарына ие болды. Сыйлықтар атлеттерге чемпионаттың жабылу салтанатында тапсырылған. Айта кетейік, аяқталған Әлем чемпионатында Игорь мен Татьяна басты жүлдеге ие болған. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлдені Әйгерім Әуелбек (58 келі), ал қола медальды Шыңғыс Сағындықов (85 келі) салды. Басты жүлделерден басқа спортшыларымыз жеке жаттығуларда да ерекшеленді. Мысалы, олар үш «кіші алтын» медаль (Игорь Сон - 2, Татьяна Капустина - 1), екі «кіші күміс» (Әйгерім Ауылбек - 1, Татьяна Капустина - 1) және екі «кіші қола» (Әйгерим Әуелбек - 1, Шыңғыс Сағындыков - 1) жүлдеге ие болған. Жалпы Перу елінің Лима қаласында 8-12 сәуір күндерінде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына дүниежүзінің 189 үздік жас спортшысы қатысқан. Бұл додаға Қазақстан Ұлттық құрамасынан 6 зілтемірші сынға түсті. Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бахыт Ахметов шәкірттеріне ризашылығын білдірді. «Әрине, Әлем чемпионатының нәтижелері қуантуда.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстан құрамасына бес медальдің алғашқысын - алтынды 16 жастағы Альберт Линдер әперді. 69 килограмм салмақта сынға түскен ол жұлқа және серпе көтеру бойынша 295 килограмды көтерді. Альберт Линдер 2012 жылы Словенияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алған еді.
Жұмыстың міндеті. Әлемдің деңгейдегі жетекші спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Илья Ильин, Мухамед Али және
Зерттеу объектісі. Қазақстандық Надежда Ногай 69 килограмнан жоғары салмақта әлем чемпионы атанды. Ол екі жаттығу бойынша 241 килограмдық штанганы көтерді. Ногай 2011 және 2012 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде де чемпион атанған.
Теориялық негіздері. 77 килограмм малмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Аят Әмірбеков күміс жүлдеге ие болды. Оның көрсеткіші - 297 килограмм. мал болғандықтан, балаларға жүктелген жауапкершілік те үлкен болды. Бірақ жас өрендер қойған тапсырмаларды сәтті орындады. Чемпиондарды тәрбиелеуге жағдайды жасаған Федерация мен Конфедерацияларға алғысымызды білдіреміз», - дейді Бахыт Ахметов. «Алтын жүлдеге ие болғаныма өте қуаныштымын. Біз еліміздің Әлем және Олимпиада чемпиондарына қарап бой түзедік, сондықтан, тек жеңіске ұмтылдық», дейді жарыстың алғашқы күнінде алтын медальға ие болған жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы Игорь Сон [1] .
1. ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
- Жақсылық Үшкемпіров жетістіктері
Сурет-1. Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (6 маусым 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы) - грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
- 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
- 1981 жылы әлем чемпионы,
- 1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,
- 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
- 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
- 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
- 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Үшкемпіров Жақсылық 1951 Байзақ ауданының, Тегістік ауылында туған. Анасы - Күнтөре Әміралиева. Бірінші қазақ спортшысы, олимпиада чемпионы. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет греко-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңіспазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңіспазы, 1981 дүние жүзі чемпионы, 1982 жылы дүние жүзі кубығының күміс жеңімпазы, 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы. 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Үшкемпіров Жақсылық КСРО спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар - жаттықтырушысы атағы берілді [2] .
Адамгершіліктің ақ туын желбіретіп, қашанда бір қалыптан таймау екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт.
Сол бақытқа бастайтын еңбекқорлық, төзімділік, шыдамдылық деп тізбеленетін адами асыл қасиетке тұла бойы тұнып тұрған кешегі Олимпиада чемпионы, бүгінгі бизнесмен Жақсылық Үшкемпіровпен жоспарлы мақаламызды жазу үшін кездесудің сәті Талдықорғанда түсті.
Биязы мінезі, мейірімге толы қос жанары, жарқын жүзінен нұр төгіліп тұр. «Қажымұқанды білмейтін қазақ бар ма?!
Даңқты балуан туралы жазылған кітапты 5-сыныпта жүргенде жастанып жатып оқыдым.
1965 жылы Аманжол Бұғыбаев пен Әбілсейіт Айханов газет бетінен түспейтін еді ғой.
Кітап пен газетке шұқшия қалсам әжем Бәтима басымнан сипап мейірімін төге отырып, тұла бойыма қазақы құндылықты сіңіре бергендіктен ерінуді білмейтін еңбекқор болып өстім.
Ауыл жастары сынға түсер бәсеке - жоңышқа шабуда алдыма жан салмай, бір өзім 4-5 жігіттің жабыла істегенін тындырып тастайтынмын.
1968 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, зоотехник мамандығын алып шықтым.
Бір күні Ертіс өзенінің жағасына бардық.
Біз құралпылас жігіттердің ең мықтысымен суға жүзуден жарысып озып едім, ересектеу бір жігіт менімен жақын танысып, бұл жарысты бизнеске айналдырып алдық.
Сол жарыстың пайдасын әскер қатарында жүргенімде көріп, сындарлы сәтте су астында 3 минут 58 секунд тұрып рекордты жаңаладым.
Еңбекқорлықтың пайдасын үлкен спортта жаттықтырушылардың айтқанын бұлжытпай орындауда көрдім», деп Жақсылық Үшкемпіров айтқан. Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған мәліметке сүйенсек, «Жақсылық» шаруа қожалығы 2006 жылы Балқаш ауданы, Ақжар ауылы аумағында құрылған. 6000 бастан астам ет бағытындағы қазақтың ақбас, «Санта-гертруда», «Әулиекөл» атты асыл тұқымды ірі қара малын, сондай-ақ, 1500 бастан астам қазақтың асыл тұқымды «жабы» жылқысын өсіреді.
Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында 1000 басқа арналған мал бордақылау кешені, мал сою цехы жұмыс істеп тұр.
«Беларусь МТЗ-82», «ЖВП-4, 9» жаткасы, «СЗ 3, 6Л» тұқымсепкіш, әртүрлі маркадағы 5 дана жүк машиналары, 8 трактор, комбайн және тағы басқа ауылшаруашылық техникалары бар.
Арпа, бидай сеуіп өсіріп жинап алады. Бұл жұмыстарды уақытпен санаспай атқарып, әмәнда басшыға деген құрметін көрсететін 45 адамның орташа айлық жалақысы 100 000 теңге.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі шетелдерден қыруар қаржыға сатылып әкелініп жатқан малдың жерсінуі болып отыр.
Рас, әзірге асыл тұқымды бұқалар талапқа сай күтімде бағылып, селекциялық жолмен ұрығы алынып аналықтарға құйылуда.
Жақсылық Үшкемпіров қазақтың біртуар перзенттерінің бірі. Спорттағы жетістіктері әлемге әйгілі.
Бүгінде ол ауыл шаруашылығы саласының маманы ретінде жаңа бір қырын ашып, уақыт талабына сай бизнесті өркендетіп отыр. Әсіресе, мал тұқымын асылдандыруда ерекше еңбек сіңіріп жүрген азамат десек қателеспейміз.
Негізі ол көпсалалы шаруашылықтың тізгінін ұстап отыр. Жіктеп айтсақ, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы деп бөлінеді. Ірі қара, жылқы, түйе, қой өсіріп Мыңбаев ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде.
Спорт кешенін салғаны өз алдына. Жақсылық Үшкемпіров бағып өсіріп отырған қазақтың ақбас асыл тұқымды сиыры 1960 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті қазақы сиыр мен америкалық «герефорд» тұқымды бұқаларын шағылыстырып ортасынан алынған асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара болып табылады.
Бұл малдың ерекшелігі сол, шөлейтті жерде де, су жағасындағы қамыс құрақтың арасында да өмір сүруге бейім.
Осы асыл тұқымды мал басын сақтап, өсіруге Жақсылық Үшкемпіров зор үлес қосты.
Олай дейтінім, кеңестік дәуірден соң қолда бар малдың талан-таражға түскені, әркімнің мүмкіндігіне қарай бағылып, асылдығын жоғалта бастағаны мәлім.
Міне, сол кезде Жақсылық Үшкемпіров қазақтың ақбас тұқымды малын жер-жерден жинап, өз бағымына алған-тын [3] .
Бүгінгі таңда табынымен жайылып жүрген сиырын айтпағанда, жылына 1000 бас ірі қараны бордақылап, сойып сатуға арнап жасалған кешені бар.
Малдың басын сақтаумен бірге сапасына да жіті көңіл бөлетін ол бағымындағы сиырлардың әр жүзінен 90 бас бұзаудан алып отыр.
Сөйтіп, мал шаруашылығының маманы ретінде де танылып, жоғары жетістіктерге жетуде.
Сондықтан, «Жақсылық» шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылық ретінде тіркелген.
Жетісу жеріндегі шаруашылықтардың басым бөлігін асыл тұқымды бұқамен қамтамасыз етіп отыр. Бұқа және тайынша сату жұмысын да заңнама шеңберінде реттей білген.
«Жабы» асыл тұқымды жылқысын да Жақсылық Үшкемпіров жақсы бағуда. Түптеп келгенде, қазақ баласы әу баста жабы тұқымды жылқыны үйретіп, пайдаланып, әспеттеп келе жатқаны тарихтан мәлім.
Қазақ даласына жерсінген мал десек те, соңғы уақытта асылдығын жоғалтып бара жатқан еді. Сол олқылықты ұлтжанды азамат толтыруға талпынып отыр. Бұл қуанарлық жайт.
Жабы жылқысы суыққа шыдамды, ыстыққа төзімді, тіпті, аштықты да көтере алатын ерекше жылқы.
Екінші, бір қыры көлік ретінде пайдаланғанда көнтерлі. Жақсылық Үшкемпіровті ұлтжанды азамат дейтінім, қазақтың ұлттық сусыны - қымызды молынан саудаға шығарып, халық қажетін өтеуге жақсы еңбек сіңіруде.
Жабы жылқысы тізесіне дейін қар жауса да тебіндеп жайыла береді.
Жабы жылқысымен қазақы бір тәсілді байланыстырсақ, кезінде қалың жауған қарлы далаға әуелі жабы жылқысын жіберіп, оның артынан қой малын баққан.
Сонда жылқы тебіндеп аршыған жайылымда ұсақ мал жайылған. Осынау қазақы тәсілді Жақсылық Үшкемпіров те кей жылдары пайдаланғанын білеміз.
Жақсылық Үшкемпіров мал бақтым екен деп, табынымен сиырды алдына салып айдап жүрген жоқ.
Мемлекеттік талапқа сай 2014 жылы 55 тонна ірі қара етін экспортқа шығаруға ниет етіп, міндеттеме алып отыр, деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков.
«1990 жылы Елбасы «Жақсылық сен біріншісің, сен барлық жерде болуың керек» деп төрткүл дүниені аралауыма мүмкіндік жасады.
Мақсат - қазақтың балаларының арасынан іріктеп, әлемдік доданы жарып шығып, дүниежүзілік аренада көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқататын балуандарды іздеп табу болды.
Шыны керек, Моңғолияны аралап таппадым. Тек, Қытай жеріндегі қазақтардың арасынан бір-екі бала кездестірдім. Оның нәтижесін уақыт көрсетеді», деді ол. Ет пен сүйектен жаратылған пенде болған соң адам ағзасы да қажып, сырқаттанатыны ақиқат.
Денсаулығына байланысты дәрігерлердің ұйғарымымен Жақсылық Үшкемпіровке ешкі сүтін ішіп емделу керек болады.
Сонда Балқаш ауданының бұрынғы әкімі болған досы Әмір қасынан табылып, өзі басқарып отырған аудан аумағынан 1998 жылы 1000 гектар жер телімін заңдастырып алуына көмектеседі. Ешқашан ешкіммен ұрсысу түгілі дауыс көтеріп сөйлемейтін жанды құдай қолдап алдына 50 ешкі салады. Содан не керек, қанына сіңген қасиетімен еңбек етіп, табандылығынан танбайды.
Денсаулығы да түзеледі. Адал еңбек өтеліп, Шекшеката тұқымын 500 басқа жеткізгені өз алдына, атакәсіпті жалғап жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп жүрген кезінде құрдастары орталарына алып, «сен енді ірі қара бағуға көш, әйтпесе, ешкілі бай деген лақап ат қоямыз» деп қыспаққа алады ғой.
Қазақтың «30 тістен шыққан сөз 30 рулы елге тарайды» деген сөзі ойына сарт ете түсіп, орынды ұсынысты бірден қабылдағанымен, ешкілі бай деген аты ел ішінде әлі айтылады. Оған ренжитін Жақсылық аға ма?!
Байырғы әдетіне басып жұмсақ жымиып қойып жүре береді.
Бұл әдет те палуанның бір қырын ашып, байсалдылығын бағамдатады.
Сөйтіп намысқой, шыдамды, еңбекқор, табанды, ең бастысы, алдына ұмтылу, жаздай жадырап жүріп көздеген мақсатына жету қанында бар қасиет болғандықтан, уақыт талабына сай 2012 жылдан бері бизнесмен атанып шыға келді.
Нәтижесін ел біледі. Бұл ретте Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетовтің Жақсылық Үшкемпіровті қазақтың біртуар перзенті ретінде бағалап, әрдайым қолдап, көрсеткен көмегін айта кеткен жөн.
Өйткені, біздің кейіпкеріміз қазақтың «жабы» тұқымды жылқысы мен ақбас сиырын өсіруге ниет еткенін естігенде өте разы болып, барлық мүмкіндікті жасағанын ел айтуда.
Малдың жерсінуі дегенде айтатын ой қазақтың ақбас сиырын табынымен, «жабы» тұқымды жылқысын үйірімен бағып отырған Жақсылық Үшкемпіровті үлгі тұтып, әрдайым қолдай білсек, нұр үстіне нұр болары анық.
Үшкемпіров Жақсылық (06. 05. 1951 жыл, Байзақ ауданы, Тегістік ауылы) - спортшы, Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасы (1980 жыл), әлем чемпионатының (1981 жыл) алтын медалін жеңіп алған. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Құрмет белгісі» орденінің иегері [4] .
1. 2 Қазақстандық зілтемірші
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет) . Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Қазақстан чемпионы.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Сурет - 2. Илья Ильин
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі - Анасы - Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.
Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi.
Сөйтiп, тоғыз жасындаҚазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген [5] .
2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Мемле
кет








Кесте-1. 2005 жылғы Әлем чемпионаты
Кесте-1-дің жалғасы














Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.
Нәтижесі. Ауыр атлетикадан 94кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг бағындырып аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.







Кесте - 2. 2011 жылғы Әлем Чемпионаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz