Үй жануарларының жұқпалы аурулары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1 Жиі кездесетін мал аурулары . . . 8

1. 1 Індеттану бағытының тарихы мен жетістіктері . . . 9

1. 2 Індет процесінің динамикасы . . . 10

1. 3 Инфекциялық ауру түрлері . . . 12

1. 3. 1 Топалаң . . . 15

1. 3. 2 Аусыл . . . 17

1. 3. 3 Туберкулез . . . 19

1. 4. Инфекция зардабының әсері . . . 21

1. 5 Аурулар ошағы . . . 22

1. 6 Ауыл шаруашылығын дамытудағы үй малдарының орны . . . 25

2 Зерттеу материалдарды мен әдістері . . . 28

2. 1 Індет қарқынын анықтау әдістері . . . 29

2. 2 Мал ауруларының таралуы . . . 31

2. 3 Үй және жабайы жануарлардың індеттері . . . 42

3. Нәтижелерді талдау . . . 44

3. 1 Қарағанды облысы бойынша сиыр бруцеллезі . . . 44

3. 2 Жұқпалы аурулар . . . 47

3. 2. 1 Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет және оның түрлері . . . 53

3. 3 Жұқпалы ауруларды болжау . . . 61

3. 4 Індетпен күресу шаралары . . . 68

Қорытынды . . . 69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жұқпалы аурулар ерте заманда, олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Жұкпалы аурулар мал ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш микробтар ауру малдан сау малға беріледі. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппайтаралады. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру сыртқы ортада тез өледі. туғызатын микробтар, әдетте, Олардың өмір сүріп, көбейетін жері - адам немесе мал ағзасы. Белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың тасмалдаушылары жәндіктер мен кенелер. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік өмір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нәрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйеде пайда болып отыратын және өзара байланысты жұқпалы жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол
клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз-инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны. Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілуіне байланысты бар жұқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы. Ішекжұқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады.

Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-өнетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, шулы тыныс алу кезінде шырышыты ұсақ бөліктерімен, қақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау малға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нәтижесінде жұғады. Бұл аурларға тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады. Қан жұқпа тобына, қоздырғыштары қан ағысына қан ссорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады.
Сырткы қабат жұкпалары - сау малдың шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нәтижесінде жұғады. Жара жұқпа жарақат нәтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы тән. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына - түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.

Қазіргі кезде «сау орта, сау табиғат» бағдарламасы бойынша шикі зат тағам көзі ретінде, малдардың ауруын болдырмау, алдын алу бүгүнгі күнің өзекті мәселесі. Егер жұқпалы ауруларға қарсы шаралар қолданылмаса мал шаруашылығы орсан зор шығынға ұшырайды. Бұл шығынды құрайтындар: мал өнімі және соған байланысты мал басының кемуі, ауырған малдан алынатын өнімнің азаюы, елдің шикізат қорының және мал мен мал өнімдерін экспортқа шығарудың төмендеуі. Жұқпалы ауру шыққан кезде карантин мен шектеу шаралары шаруашылықтың экономикалық байланыстарына нұсқан келтіріп, оның іс-әрекеттеріне қолбайлау болады.

Біздің зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасында мал аурулары жиі кездесетінін анықтадық. Соның ішінде Қарағанды облысында сиыр бурцеллезі жиі кездесетінің анықтадық. Осы ауруларды алдын алу практикалық ұсыныстар: індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау. Ірі мал фермалары мен кешендерді індеттен қорғау. Кешендерді салу және малмен толтыруға қойылатын санитариялық талаптар. Кешендердің ішкі және сыртқы санитариялық аймақтары, олардағы індетке қарсы шаралар қолдану. Осыған байланысты мақсат пен міндеттер қойылды.

Жұмыстың мақсаты. Малдардың жиі кездесетін жұқпалы ауруларын, пайда болу ошағын, таралу зандылықтарын және олармен күресу жолдарын зерттеу.

Міндеттері:

1 Қарағанды облысы бойынша жиі кездесетін мал ауруларын және оның себептерін анықтау

2. Мал ауруларының жылдық және көпжылдық динамикасын зерттеу

3. Мал ауруларының таралу сипаты және олармен күресу жолдарын қарастыру

1 Жиі кездесетін мал аурулары

Жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу зандылықтары зерттелді, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерінің тиімді жолдары қарастырылды. Қазіргі ветеринария бір-бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар- нақты індеттану, инфекцилық аурулар және ветеринарлық санитария. Практикалық ветеринарияды бұларда бір-бірінен бөліп қаруға болмайды. Нақты індеттану індет процесін зерттейді. Ол жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән зандылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процесін зерттейді. Әрбір жұқпалы ауру - ұзақ эволюцияның нәтижесінде қалыптасқан нозологиялық бірлік. Оның өзгешілігі мен дербестілігі қоздырушы микробпен байланысты. Жұқпалы аурудың дербестігін тану үшін оны қоздырушы микробтың өзгешелігіне яғни жеке даралығына көз жеткізу қажет. Басқаша айтқанда әрбір жұқпалы аурудың өзіне ғана тән қоздырушысы болады, ал әрбір зардапты микроб өзіне ғана тән ауру қоздырады. Яғни бір аурудың екі бірдей қоздырушысы болмайды, керісінше әр түрлі бірнеше зардапты микроб бір ғана ауру тудырмайды. Бұл қағиданың дұрыстығы тәжірбиеде дәлелденген. Оған сәйкес еклмитін тосын жәйттердің жәй ғана кездейсоқтық екені айқындалады. Мысалы, шошқа обасының қоздырушысы вирусы ашылмаған, вирусологиялық әдістердің белгісіз кезінде обадан өлген шошқанын өлексесінен салмонеллалардың жиі бөлінуіне байланысты осы микроб обаның қоздырушысы ретінде қабылданды. Содан барып Salmonella suipestifer ( шошқа обасының салмонелласы) деген атау пайда болды. Осыдан кейін салмонелла бактериясының бір ғана ауруды - салмоннелезді қоздыратындығы, ал оба кезінде тек қана қосалықы микроб ретінде бөлінетіндігі дау тудырмайтын болады.

Сиырдың жұқпалы ринотрахейті және жұқпалы вульвовагенитегі кезінде бөлініп алынған вирустың осы екі ауруға да ортақ қоздырушы екені анықталды. Бұдан кейін бұл ауруларды жалғыз ғана нозологиялық бірлік деп қабылдап, оның тыныс және жыныс мүшелерін зақымдайтын клиникалық екі түрі бар деп тұжырымдалады. Практика бұл қорытындының дұрыс екендігін толық дәлелдеді, сондықтан қолданылатын вакцина және диагностикум аурудың әр түрі үшін емес екеуіне де ортақ. Бір микробтың бірнеше варианттары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лептоспироз, аусыл сияқты ауруларға тән. Сонымен қатар жоғарыда айтылғандай бір микроб қоздырған аурудың бірнеше клиникалық түрлері болуы да дау туғызбайды. Бұл жағдайларда әр аурудың өзіне ғана тән қоздырушысы болатындығын жоққа шығара алмайды, тек қана қоздырушының да, аурудың да, бір қалыпты ғана емес бірнеше вариантты болатындығын дәлелдейді. Әйтсе де осы уақытқа дейін « микробтар ассоциациясы қодыратын аурулар» деген ұғым бар. Оған клостридиоздар, вирустық пневмоэнтериттер жатады. Жан-жақты терең зерттеулердің нәтижесінде әрбір себепкер микробтың рөлі айқындалып, мұндай аурулардың саны барған сайын азайып келеді. Микробтың ассоцациясы, әсіресе шартты түрде зардапты микробтар жиынтығы, тек қана кейбір ерекшк жағдайларда ғана, мысалы жануар жарақаттанғанда, суыққа немесе ыстыққа шалдыққанда және басқа да стресс факторлар әсер еткенде ауру қоздырады. Өзіне тән қоздырушысы болғандықтан бұл аурулар өзгеше жеке дара жұқпалы ауру ретінде қарастыруға болмайды [1] .

1. 1 Індеттану тарихы мен жетістіктері

Ертеде Грекия мен Рим ойшылдары (Гиппократ, б. д. д 460-377 ж; Тит Лукреций, б. д. д ді96-55 ж; Вергилий б. д. д 70-19ж; Д Фрокастро, 1478-1553 ж) адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын дөп басып, оларда қоздыратын бір адамнан екінші адамға немесе малдан малға берілетін қандай да бір себепкердің болатындығын тұжырымдады. Жұқпалы аурулармен күрестің ғылыми негеізі микробиология мен иммунологияның жетістіктерінен туындады. Атап айтқанда, француз ғалымы Луи Пастер (1822-1895), неміс ғалымы Роберт Кох (1843-1910) ауру қоздыратын микробтарды ашып, олардан вакцина даярлауы осы заманға жұқпалы аурулар туралы барлық ғалымдардың іргетасын қалады. Бұл саладағы ғылымдарды дамытуға фагоцитарлық теорияның авторы ресейлік ғалым И. И. Мечников (1845-1916) иммунитеттің гуморальдық теориясын жасаған неміс ғылымы П Эрлих (1854-1915) вирустарды ашқан орыс ғалымы Д. И. Ивановский (1864-1920) үлкен әсер етті. Ал енді осы ғалымдардың аясынан індеттанудың (эпизоотологияның) жеке ілім болып қалыптасуына 1905ж. Будапешт қаласында шықан одан бері 11 рет қайта басталған Ф. Гутира мен И Марек жазған «Үй жануарларының арнайы потологиясы мен теориясы «деген үш томдық еңбек айтарлықтай үлес қосты. Малдың жұқпалы аурулары Ресейдің Петербург қаласындағы дәрігерлік хирургиялық академиясындң оқытыла бастауына байланысты осы оқу орнының профессоры П. И. Лукин (1790-1863) 1836 жылы «Эпизоотологические болезни или скотские подежи» (Індет аурулары немесе малдың қырылуы), белгілі эпизоотолог, профессор И. В. Всеволодов (1790-1863) 1846 жылы «Жануарлардың жаппай өлім-жітімі және жұқпалы ауруларын зерттей тәжірбиесі» деген кітәп жазып, сол кездегі жинақталған ғылымның осы саласындағы жетістіктерін қортындылады.

Кеңес одағында індеттану пәнін оқыту, оқулықтар жазу жолында академик С. Н. Вышелесский (1874-1958), профессор М. С. Ганушкин (1903-1969) елеулі қызмет атқарды. Жұқпалы ауруларды зерттеуде және індеттану ғылымын дамыту саласында бұрыңғы Кеңес Одағының ғалымдары айтарлықтай табыстарға жетті. Олардың қатарында ауасыбағасыз микорбтар қоздыратын ауруларды жан-жақты зерттеген академик Я. Р. Коволенко (1906-1978), жылқының делбе, төлдің колибактериоз ауруларын зерттеген профессор Я. Е. Коляков, вирус аурулары бойынша академик А. Х. Саркисов бар.

Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық тарихында жануарлардың жұқпалы аурулармен күресудің өзіндік мол тәжірбиесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан қалыптасқан сиырда аусылды, қойдың шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы осы індеттермен күресу әдістерін атауға болады. Сондай ақ сол заманғы шарушылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту, жайылым ауыстыру, көші-қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлкесінен көму, не өртеу сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйені көреміз [4] .

1. 2 Індет процесінің динамикасы

Індет процесін құрайтын негізгі буындардың; инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетігі және беім жануарлардың үшеуі де болып, олар бір-біріне әсер еткенде індеттану тоқтаусыз жалғаса береді. Аталған індет бұғауының буындары індеттің шығуын ғана емес, одан әрі дамуын да қамтамасыз етеді, яғни оның тікелей қозғаушы күштері болып табылады. Індеттің сатылары. Індеттенудің қозғаушы күштері арасындағы байланыс індет процесінің пайда болу мен дамуының ғана емес, сонымен бірге оның тежелуінің, тіпті өшуінің де себепкері болып табылады. Осындай ішкі қайшылықтардың нәтижесінде індет процесі біркелкі дамымайды, ол бірнеше сатыларға бөлінеді. Індеттің өрбу динамикасын алты сатыға бөледі. Олар- індетаралық, індеталды, өршу, шегңне жету, өшу, індет соңы кезендері деп аталады.

Індетаралық саты немесе тыныштық кезені- екі індет аралығындағы уақыт. Бұл уақыт аралығында індет процесінің сақталуын қамтамасыз ететін аурудың ілуде бір кездесіп тұруы мүмкін. Бірақ бұл жекелеген жағдайлардан індет тарап кетпиді. Микоб алыр жүру мен симптомсыз, білінбейтін инфекция басым болады, бірақ ауруға бейімдерінің саны біртіндеп көбие береді. Індеталды сатысы- індеттің шығуына нақтылы мүмкіндік туған уақыт аралығы. Жануарлардың біртіндеп иммунитетін жоғалта бастауынан, иммунитетсіз жас төлдің тууна және ауруға бейім жануарларды шеттен әкелуге байланысты індеттің туындауына мүмкіндіктер пайда болады. Індеттің өршу сатысы- індеталды сатысынаң соң басталады. Бұл кезеңге тән белгілер- індеттің одан ары таралуына қолайлы жағдайлардың болуы және аурудың басым көпшілігінің өзіне тән кәдімгі белгілерімен жіті түрде байқалуы. Індет бұғауының әрбір буыны және олардың өзара байланыстары күшейе түседі және оның нәтижесінде жаңадан ауыруға малдың саны күрт көбйеді. Бірақ та, бұнымен қатар иммунді аурып жазылған жануарлар да көбейіп, індеттің өше бастауының алғышарттары қалыптаса бастайды.

Індеттің шегіне жету сатысы- індеттенудің келесі ең жоғарғы шарықтау шегі. Бұл кезде белгілі бір уақыт аралығында (тәулік, апта, ай) ауруға жаңадан шалдыққан жануарлардың саны ең жоғарғы шегіне жетеді. Аурудың жіті түрімен қатар жітіден төмен түрі де байқалады. Иммунді жануарлардың саны арта түседі. Індеттің өшу сатысы- індеттану шетіне жеткенен кейін ауруға жаңадан шалдықан жануарлардың саны кеми бастайды. Аурудың қоздырушысына қарсы иммунитет недәуір артады. Инфекция қоздырушысының берілу тетігі бұзылад. Бұл кезенде

аурудың өшкін белгілері басым болып, жітіден төмен және созылмалы өршу үзілмелері басым болады. Індеттің соңғы сатысы- аурудың одан ары тармай, тоқтаған уақыты. Бұл кезеңде иммунитеті өте күшті жануарлардың саны тым жоғары деңгейге жетеді. Аурудың жанадан байқалуы бірен саран ғана болады. Белгісі білінбеген инфкция мен микроб алып жүру басым болады [6] .

Індет процесінің қарқаыны (интенсивтілігі) аурудың бір малдаң басқа малға жұғу жағынан немесе оның кеністікте таралу ауқымы тұрғысынан болсы, әр түрлі ауруды былай қойғанда бір ауру кезенің өзінде барлық жағдайда бірдей болмайды. Бір жағдайда бірен-саран мал ауырса, екінші жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады. Індеттің таралған аймағының ауданы да әртүрлі болад. Сондықтан да қарқыны (таралу екпіні) және жайылу ауқымына байланысты індет процесі үш түрлі болып кездеседі: аурудың бірен-сараң білінуі (спорадия), індет (эпизоотия) және лаң ( панзоотия)

Спородия жұқпалы аурудың аздаған, бірлі-екілі жануарларда ғана білінуі. Негізінен әрбір білінген ауру қоздырушысының бастауы ортақ емес, жеке-жеке болады. Бұл індет процесінің ең төменгі дәрежедегі қарқыны. Негізінен спорадия ретінде білінетін ауруларға сіреспе, боғлама, сиырдың спорадиялық энцефаломиелиті, зілді қатарлы қызба, т. б. жатады. Бірақ аурдың спордиялық түрде бөлінуі кейін оның жаппай таралуына әкеп соғуы мүмкін екендігін естен шығармау керек. Сондықтан спорадия кезінде де шұғыл түрде індетке қарсы шараларды іске асыру қажет.

Эпизоотия Індет процесінің орташа дәрежедегі қарқынмен дамуы. Індет кезінде жұқпалы аурулардың мал арасында кең таралуға бейім тенденциясы байқалады. Ауру асқынған сайын сол ортада ғана емес кең алқапты қамтып, аудан, облыс масштабына, тіпіт бүкіл елге жайылу мүмкін. Індет тек қана ауырған мал санының көптігімен ғана ерекшеленбейді. Індет кезінде барлық ауырған малдың ортақ бір инфекция қоздырушының бастауы және ортақ берілу жолы болады. Індет кезінде жаңа індет ошақтары пайда болады. Бұндай дисперсибельдік - жұқпалы аурудың кең таралуына ықпал жасайды. Сонымен қатар індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар ауруға шалдығады. Бұны індеттің тұтануы деп атайды.

Панзоотия індет процесінің ең жоғарғы қарқыны. Панзоотия кезінде жұқпалы ауру барлық малды ауруға шалдықтырып, тез арада ауру басқа да елді мекендерді, құрлықтарды қамтып кетеді. Қазіргі заманда халықаралық қауымдастық тарапынан жануарлардың тұтастай қамтуы ретінде байқалатын жжұқпалы аурулардың таралуына тосқауылдар қойылды. Індет аталған әр түрлі формаларын кей жағдай да бір-бірінен ажырату өте қиын. Оларды бір-бірінен ажырату үшін нақты індет ахалының сандық және сапалық көрсекіштеріне назар аудару қажет.

Энзоотоия індет қарқының көрсеткіші емес, оның бір ортаға тұрақтануы, жұқпалы аурудың бір жерде жиі қайталануы. Сонымен қатар, шынайы энзоотия және жалған энзоотия деген ұғымдар бар. Табиғи энзоотия - сол жердің табиғи ерекшеліктерінен туындайды, ол негізінен жұқпалы аурудың табиғи індет ошақтарына байланысты көбиеді. Жасанды энзоотия - деп табиғат жағдайымен емес, адамның шаруашылық әрекетіне байланысты індеттің бір жерде тұрақтануын айтады. Мысалы төлдің сальмонеллез, колибактериоз аурулары малды дұрыс бағып күтпегендіктен және азықтандырмағандықтан бір жерде жыл өткен сайын қайталана береді. Індет процесі үздіксіз өтетін болғандықтан, ол кейде бәсендеп отырады. Індеттану қарқыны уақыт өткен сайын өзгеруін маусымдылық (жыл маусымына сәйкес) және кезенділік (бірнеше жыл өткен соң) деп бөлінеді. Бұндай ауытқулар індет процесіне табиғи және шаруашылыққа байланысты. Сонымен қатар індеттанудың манызды сапалық көрсеткіштеріне жатады. Оларды індетке қарсы шараларды жоспарлау және орындау барысында, малға жаппай вакцина егу кезінде ескеріп отырады [3] .

1. 3 Инфекция және оның түрлері

Инфекция (лат. Infectio - жұқтырамын) - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай. Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж . Хуфеланд енгізді. Бастапқыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ған қатысты пайдаланады. Ал инфекциялық аурулар деген атау және оларды жеке топқа бөліп қарау белгілі потолог Вирховтың ұсынысымен болды. Топли 1946 ж инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлестігі және оның нәтижесінде иесінің зардап шегуі ретінде қарастырады. Бұл пікір инфекция туралы осы заманғы көзқарастың қалыптасуына негіз болады. Енген зардапты микроб өсіп-өнген кезде, оған жауап ретінде организмде бір сыпыра өзгерістер болады. Олар дерттің денеге жайылуының белгілері болумен қатар организмнің өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған әрекеті болып табылады. Бұл жауап реакциясы биохимиялық морфологиялық және функциялық өзгерістер арқылы білінеді. Тіпті енген микроб өсіп-өнген де организмде бірқатар өзгерістер болады [26] .

Зардапты микробтың организмге енуі нәтижесінде оған қарсы организмнің реакциясы қаншама сан алуан болғанымен, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - инфекциялық потологиялық өзгрістер. Олар - микробтың организмге тигізген зардаптарының тікелей нәтижесі. Екіншісі - иммундік қорғаныс процестері. Олар организмнің зақымданған қызметі мен құрлысын қалыпты жағдайға келтіруге бағытталған. Осы бір - бірмен тығыз байланысты қарама - қайшы құбылыстар инфекциялық процесс деп аталады және олар жұқпалы аурудың патогенездік мәнін, яғни дерттің дамуын құрайды. Инфекциялық ауру - инфекцияның ең айқын көрінісі. Ол организмнің қалыпты тіршілігінің бұзылғандығының сыртқы белгілері арқылы білінеді. Мұндай жағдайда жануар организмнің қызметі бұзылып, онда морфологиялық өзгерістер байқалады. Айта кететін бір жай «жұқпалы ауру» және «инфекциялық ауру» деген ұғымдар бір-бірінің дәл баламасы емес. Жұқпала ауру ұғымның инфекциялық ауру деген ұғымнан мағынасы кең. Жұқпалы ауруларға микробтар қоздыратын инфекциялық аурулармен қатар паразиттер қоздыратын инвазиялық аурулар да жатады. Әлбетте қалыптасып кеткен дәстүр бойынша инфекциялық ауруларды жұқпалы аурулар деп атай береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Пәннің атауы Карантиндік аурулар
Жануарлардың күйзеліске бейімделуі
Иттердің аурулары
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Ішектің қабынуы аурулары
Аурудың ағымы мен болжамы
Қазақтың ақбас сиыры
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Тромбоэмболияны емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz