Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)



Қазіргі таңда әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын. Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі [1].
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.
Сүйек – бұлшықет жүйесі аурулары кеңінен таралған «оқушылар патологиясының» бірі болып саналады [2].
Оқушылар мен жасөспірімдердің сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуы және ауруға шалдығуының алдын алу мәселесі жан-жақты қызу талқылауда. Осылай, сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуы ұлғая бастаған және 2002-ші жылғы Жалпыресейлік диспанцеризациясының қорытындысы бойынша үшінші дәрежелі орынға ие болғанына әкеп соқты. Бүгіңгі таңда, сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуының патологиялық күйінің өсу мәселесі өрби бастады, осыған байланысты бұл дерт тек қана медициналық емес, жоғары әлеуметтік-медициналық сипатқа ие бола бастады.
Сүйек - бұлшықет жүйенің бұзылуы патологиясының күйлері тек осы жүйеге ғана тәуелді емес,ағзаны басқа да мүшелеріне тәуелді болғандықтан, көптеген мамандар сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуын жалпы организмнің

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі таңда әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық
сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты  Қазақстан
халқына Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты
сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам
үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын. Саламатты өмір салтының
орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа
дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық
орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін құру аяқталады. Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық -
алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық
сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің
және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық
қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс
тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың
негізі [1].
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі
ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның
барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-
қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа
біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және
құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы
оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде
оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа
бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа
бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.
Сүйек – бұлшықет жүйесі аурулары кеңінен таралған оқушылар
патологиясының бірі болып саналады [2].
Оқушылар мен жасөспірімдердің сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуы және
ауруға шалдығуының алдын алу мәселесі жан-жақты қызу талқылауда. Осылай,
сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуы ұлғая бастаған және 2002-ші жылғы
Жалпыресейлік диспанцеризациясының қорытындысы бойынша үшінші дәрежелі
орынға ие болғанына әкеп соқты. Бүгіңгі таңда, сүйек-бұлшықет жүйесінің
бұзылуының патологиялық күйінің өсу мәселесі өрби бастады, осыған
байланысты бұл дерт тек қана медициналық емес, жоғары әлеуметтік-
медициналық сипатқа ие бола бастады.
Сүйек - бұлшықет жүйенің бұзылуы патологиясының күйлері тек осы жүйеге
ғана тәуелді емес,ағзаны басқа да мүшелеріне тәуелді болғандықтан, көптеген
мамандар сүйек-бұлшықет жүйесінің бұзылуын жалпы организмнің денсаулығын
анықтайтын критериалды көрсеткіш ретінде қарастырады. Сүйек-бұлшықет
жүйесінің бұзылуы және аурулары көбіне мамандықты таңдау кезінде, әскерге
баруға шектеу ретінде, репродуктивті денсаулыққа зиян тигізетін, әлеуметтік
белсенді жаста мүмкіндігі шектеулі, физикалық және психологиялық зардап
шегуге мәжбүрлейді. Сонымен қатар, жоғары квалификациялық ортопедиялық
көмек шұғыл қысқарып, оқушылардың және жасөспірімдердің сүйек-бұлшықет
жүйесінің құралымы мен дамуына іс жүзінде қажетті диспансерлік қадағалау
жүргізілмейді. Осыған орай, бүгінгі күні басым бағыттардың бірі болып
оқушылар мен жасөспірімдердің сүйек бұлшықет жүйесінің бұзылуы мен
ауруларын уақтылы анықтау және олардың алдын алу болып саналады [3].
Жастайынан сүйек-бұлшықет жүйесінің дұрыс қалыптасуының басты шартарының
бірі омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуы. Себебі, бала қаңқасының
созылымдылығының жоғары болуы дененің дұрыс орналаспауы оның дамуның
деформациясының бұзылуына әкеліп соқтырады. Омыртқа жотасының дұрыс
орналаспауы сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларының дамуына ғана емес, сондай-
ақ, ішкі мүшелері мен жүйелердің бұзылуына себепші болады. Мысалы, омыртқа
жотасы бүгілген балаларда өкпеде ауа сыйымдылығы төмен болады, кеуде
жасушасы мен және диафрагманың экскурсиясы кішірейеді, ол өзара жүрек
қантамыр және демалу жүйелерінің қызметіне кері әсерлерін тигізеді. Осы
кезде асқорыту, репродукция және т.б. мүшелерінің қызметі бұзылады.
Омыртқа жотасының бұзылуында рессорлақ әрекетінің төмендеуі, қозғалыс
кезінде (жүріс, шабыс, секірістер) ми тамырының микрожарақаттануларына
әкеледі, бұл жүйкелік-психологиялық қызметке деген кері әсер етеді, қажу,
бастың ауруларына және т.б. қоса беріледі [4].
Сүйек-бұлшықет жүйесі барлық мүшелерінің және жүйенің бірлестігі үшін
негіз болады және оның кеңістікте қозғалысы мен жылжуына әрекет ететін
функцияны атқарады. Сүйек-бұлшықет жүйесінің күйін кешенді сараптау
оқушылар мен жасөспірімдер денсаулығының интегралды бағалаудағы
критериалды көрсеткіші ретінде қолданылады.
Сондықтан, оқушылар мен жасөспірімдердің сүйек - бұлшықет жүйесінің
бұзылуы және ауруға шалдығуының алдын алуында педиатрлық қызметтің рөлі
жоғарылайды.
Оқушылардың партада дұрыс отырмауы және партаның дұрыс койылмауы, отыру
ережелерін ұстамауы олардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Дипломдық жұмыста мектеп оқушыларының тірек – қимыл аппаратының бұзылуы
және оның алдын алу мен түзетуде ата – аналардың қатысы зерттелді.
Барлық тірі ағзаларға тән қасиет қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс ағзаның
өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы рөлі орасан зор.
Сондықтан оқушылардың тірек – қимыл аппаратының бұзылуы және оның алдын алу
мен түзетуде ата-аналардың қатысын зерттеу өзекті мәселе болып табылады
[5].
Республикада ауру - сырқатты дер кезінде анықтау және балаларды
сауықтандыру үшін жыл сайынғы алдын ала медициналық тексерістер
жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша алдын ала медициналық
тексерістертен өтуге тиісті балалардың 98,6% қамтыған. Балалардың 26 %-да
ауытқу (патология) анықталған, олардың ішінде 68% емделіп, 15% диспансерлік
есепке тіркелген.
Балаларды алдын ала тексерудің 2014 жылғы нәтижелерін талдау 2007 жылмен
салыстырғанда келесідей көрсекіштерді көрсеткен: көру қабілеті төмен
балалардың деңгейі сақталғанына қарамастан есту қабілеті төмен балалардың
үлес салмағының төмендеу тенденциясы байқалған (18%-ға төмендеген), тіл
ақауы бар балалар саны (24%-ға), сколиозы барлары (24%-ға), мүсін кемшілігі
барлары (2 есеге). Балалардағы өсу тенденциясы әсіресе жаңа түзілістер (1,8
есеге), туа біткен дамудағы ауытқушылықтар (18 %-ға), жүйке жүйесінің
аурулары (14%-ға), инфекциялық ауру деңгейлері (20%-ға), сүйек бұлшықет
жүйесінің аурулары (16 %-ға) есебінен туындайды [6].
Ауру сырқаттардың кейбір көрсеткіштерінің артуын денсаулық сақтау
ұйымдарымен жүргізілетін аурудың алдын алу (диагностикалау) сапасының
жақсаруымен және әлеуметтік-экономикалық себеп-салдардың кешенімен
түсіндіріледі: қоршаған ортаның ластануы нәтижесіндегі техногенді
жүктемелер; балалардың күнделікті өміріндегі күйзеліс жағдайларының артуы;
урбанизация және балалардың өміріне әртүрлі ақпараттарды кеңінен енгізу;
оқушылардың тамақтану сапасының нашарлауы және басқалары.
Оқушылардың денсаулық күйінің нашарлауының негізгі себептері әлеуметтік
экологиялық жағдай, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігі, қарапайым
гигиеналық дағдылардың болмауынан, дұрыс тамақтанбау, өз денсаулығына
жауапсыз қарауы т.б. [7,8].
Оқушылардың тірек қимыл аппаратының бұзылуы және оның алдын – алу мен
түзетуде ата-аналардың қатысы басты мәселе болып отыр. Сондықтан, біз
дипломдық жұмысымызды мұғалім мен ата-ананың қарым қатынасы жайлы
мәселесінен бастаймыз.
Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді оқытушы атқарады,
өйткені тәрбие жұмысы оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс
істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына,
тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісу
жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде
мұғалім үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына
емес, оның нақты қылығына баға беру керек, міндетті түрде ата-аналармен
бірлесе отырып, әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет
[9].
Оқушылардың тірек қимыл аппаратының бұзылуына байланысты мәселеге
тоқталсақ, бұл жерде ата-аналардың қатысы балалардың денсаулығын
қалыптастыратын негізгі фактор ретінде қарастырылған.

1.2 Балалардың дене тұлғасының дұрыс қалыптасуының физиологиялық-
гигиеналық негіздері.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі қызметкерлердің және ата-
аналардың санитарлық сауаттылығы төмен болған жағдайда, өсіп келе жатқан
ұрпақтарға гигиеналық тәрбие берудегі белсенді жұмыстардың өзі қажетті
тиімділікті бере алмайды. Бұл сұрақты дұрыс шешу, балалар мен
жасөспірімдерді гигиеналық тәрбиелеу жанама түрде, яғни олардың ата-
аналарына да әсер ету арқылы жүзеге асады [19,20].
Бала бала-бақшаға барған күнінен бастап, таңертеңгі қабылдау кезінде
топтық және жалпы ата-аналар жиналыстарында әңгіме түрінде жүргізіледі.
Санитарлық сауаты төмен ата-аналармен жеке әңгіме жүргізудің маңызы зор.
Әсіресе мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жедел ішек аурулары пайда
болған кезде бұл жұмыстың маңыздылығы жоғары болады [21].
Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене
жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі
кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз
ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды
сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт жоғары
дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы
кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол
артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп. Денсаулықты
сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене
тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда,
қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде
ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды
әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың
бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық
өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.
Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын
өзгерістерге төтеп бергіштік жаттыққан ағзаның ерекше қасиеті. Сонымен
қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да
беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы
мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.
Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа
қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі
мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының
сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс
белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде
қарастырған жөн.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың
бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор.
Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде ағзаның ішкі
қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал
режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Дұрыс дене тәрбиесі, қимыл-әрекет режимі және жақсы мүсіннің
қалыптасуының арасында тікелей тәуелділік бар. Алайда, спорт ұйымдары және
спорттық ғимараттардың коммерциялануы олардың қолжетімділігінің төмендеуіне
әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, қазір, теледидарлардан басқа балалар үшін
өте тартымды болып келетін техникалық ойын қосымшалары мен компьютерлер
пайда болған уақытта гипокинезия қауіпі одан да арта түспек. Аз қозғалысты
уақыт өткізу әдеті балада дағдыға айнала бастайды. Сонымен, біз қарап
шыққан орта сынып оқушыларының (50 адам) арасында 10 % жас өспірім дене
шынықтыру және спортпен мүлдем айналыспайды, 75,5 % ер балалар мен 87 % қыз
балалар таңғы сергіту жаттығуларын жасамайды, 57 % ер балалар мен 27% қыз
балалар мектептегі дене шынықтыру сабағына қатыспайды, респонденттердің 20%
өте сирек немесе тек демалыс күндері ғана таза ауада серуендейді [22].
Ата-аналар үшін дәрістер оқып, ашық есік күндері, конференциялар, фильм
демонстрацияларын жүргізу, және көрнекті құралдар арқылы әңгімелер өткізу.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі қызметкерлер: директорлар,
меңгерушілер, мұғалімдер, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер,
салауттандыру лагерлерінің бастықтары, асхана қызметкерлері және техникалық
қызметкерлер міндетті түрде гигиеналық дайындықтан өтуі тиіс [23].
Қолданыстағы гигиеналық-санитариялық ережелерге сәйкес мектептердегі оқу
кабинеттерін белгіленген мөлшердегі үстелдер мен орындықтармен
жабдықталады, мектеп жасындағы балаларға арналған жиһаздың мөлшері
қарастырылған. Жиһаздың әр мөлшері балалардың жасы мен бой ерекшеліктеріне
сәйкес келуі және түсі бойынша таңбалануы қажет: бойы 100-115 см құрайтын
оқушылар үшін жиһаздың 1-ші мөлшері (тоқ сары түсті таңба), бойы 115-130 см
оқушыларға 2-ші мөлшер (күлгін түсті таңба), 130-145 см 3-ші (сары), 145-
160 см – 4-ші (қызыл), 160-175 – 5-ші (жасыл) 175 см жоғары – 6-шы
(көгілдір). Мүсінділіктің бұзылуының алдын алу үшін сыныпта әр жарты жыл
сайын 1-ші және 3-ші қатар оқушыларын орнымен ауыстыру қажет. Оқушыларға
бір оқу күніне арналған оқулықтардың салмағы нормаланады, оқу құралдары
(сөмкенің салмағын санамағанда) 1-3 сынып оқушылары үшін 1,5-2,0 кг; 4-5
сынып оқушылары үшін 2,0-2,5 кг; 6-7 сынып оқушылары үшін 3,0-3,5 кг; 8-9
сынып оқушылары үшін 4,0-4,5 кг аспауы қажет. Оқу құралдарын сөмкеде емес
иыққа асу сөмкесінде тасығаны жөн [24,25].
Дұрыс дене мүсінінің қалыптасуына бимен, спортпен (жүзу, атқа салт мініп
жүру) шұғылдану жағымды әсерін тигізеді. Адамның дұрыс мүсіні омырқа
жотасының табиғи иіндерімен, иықтың тең симетриялы орналасуымен, басы
жоғары, аяқтары тік, табандары жалпаймауымен сипатталады. Тура келбеті
болғанда қозғалу органдар жүйесі қалыпты қызметте болады, ішкі органдар
дұрыс орналасады, салмақ орталықтарының түсу нүктелері дұрыс болады.
Рационалды емес режим, әр түрлі аурулардың салаларына байланыс бұлшықет
аппаратарының нашарлауы, дене тәрбиесіннің дұрыс жүйеге қойылмауы,
ересектердің балар тәрбиесіне дұрыс көңіл аудармауы балалар дене бітімінің
қалыпты дамымауына әкеп соқтырады. Осы режим бұзылу табиғи омыртқа жотасына
иіндерінің ұлғайуына, бүйірлеріне қисайуына, қанат тәрізді жауырын пайда
болуына, иық белдеуінің ассиметриясына, кеуденің жалайып кетуіне әкеп
соқтырып, кеудеде орналасқан органдар қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Зат алмасуын бұзады, жұмыс қабілетін төмендетеді. Жасөспірімдер мен ересек
адамдардың жұмыс өнімділігін азайтады. Бұл ауытқулар сонымен бірге адам
келбетін де нашарлатып, сымбатын түсіреді [26].
Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеуде оқу-тәрбие
мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді
пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-
тәрбие процесінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына
қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология
ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының
қолданылуына қарап анықтайды [27].
Негізгі талаптардың бірі жұмыс үстелі мен орындықтардың баланың бой
ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.
Бұл талаптардың сақталуы балалардың дене бітімі дамуының үйлесімді
болуына, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына, қызмет қабілетінің ұзақ уақыт
жоғары болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, көз анализаторы мен тірек-
қимыл аппаратының бұзылыстарының профилактикалық шаралары ретінде де өте
маңызды рөлі атқарады. Бұл талаптар сақталмағанда жұмыс істеу жағдайының
қолайсыздығы арта түседі: дене кейіпінің еңкіштігі ұлғаяды, оның
ассиметриясы дамиды, “дене мүсінінің” бұлшық еттеріне түсетін жүктеме
көбейіп, ауырлық орталығы ауысып, дене тұлғасының тұрақсыздығына әкеліп
соғады, балалар сабақта тыныш отыра алмай, артық қимыл-қозғалыстары
көбейеді және т.б. Оқушының дене бітімінің дамуы мен ақыл-ой қызмет
қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін сабақта отырғандағы дене тұлғасының
дұрыстығы қажет [28].
Ғылыми мәліметтер бойынша бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай
біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа
болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-
ге жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600 жуық болып келеді. Статикалық
және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық
орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады.
Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның
қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық
еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы
тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық
қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы
жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы
мүмкін [29].
Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене
кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және
осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық
белгілерді бөліп қарауға болады.
Дене тұлғасының жағдайына баға беруге арналған физиологиялық белгілерге
дене қалпын сақтауға қатысатын бұлшық еттердің белсенділігінің дәрежесі
жатады. Дене тұлғаның дұрыстығы қан айналуы мен тыныс алу реакцияларымен де
анықталады [30].
Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны
тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының
кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған
сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.
Дененің тепе-теңдігі мықты, жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, есту
және көру анализаторларының қызметі жақсы болған жағдайдағы дене тұлғасы
дұрыс деп саналады [31].
Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және осыған
сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде
немесе жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады [32].
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу
дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның
еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына
әкеліп соғады.
Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құйымшақ маңайы және
санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру
жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жағдайына баға беру
жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
Ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Қазақ өнерінің тарихы
Омыртқа жотасының қисаюы
Әулие–ата мен Жамбыл облысындағы оқу–ағарту ісінің даму ерекшеліктері
Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиені қолдану әдістемесі
Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Макаренконың еңбектері жайында
Пәндер