Құрастыру сызбасы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

"Мұнай және газ "факультеті

Реферат

Тақырыбы: 1. Құрастыру сызбасы

2. Құрастыру сызбаларын оқу және бөлшектеу

Орындаган: МАШ-14-1тобының

студенті Қонысбаев А. Б.

Тексерген:Жайылхан. Н. А

АҚТАУ-2015

1. ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАСЫ

1. 1. Негізгі терминдер

Құрастыру бірлігі (2. 101-68 МЕСТ) - құрам бөліктері дайындаушы өнеркәсіпте өзара құрастыру операцияларымен (бұрау, тойтарып шегелеу, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу т. б. ) біріктірілетін бұйым.

Құрастыру сызбасы (МЕСТ 2. 102-68) - құрастыру бірлігінің кескіні мен оны жинауға (дайындауға) және бақылауға қажетті мәліметтерден тұратын құжат.

Жалпы түрдегі сызба (МЕСТ 2. 102-68) - бұйым конструкциясы мен оның негізгі бөліктерінің өзара әсерін анықтайтын және бұйымның жұмыс жасау принципін түсіндіретін құжат.

Сипаттізім (МЕСТ 2. 108-68) - құрастыру бірлігінің құрам бөліктерін анықтайтын, көрсетілген бұйымдарды дайындауға және өндіріске жіберуге қажетті мәліметтерді жазуға арналған кестеден тұратын мәтінді конструкторлық құжат.

1. 2. Жалпы жағдайлар

«Құрастыру сызбасы» жұмысы «Эскиздеу» тақырыбының жалғасы болып табылады. Сондықтан, бұған дейін жасалған құрастырылған бұйым құрамына енетін тетікбөлшектер эскизі осы тақырыптың бастапқы материалы деуге болады.

Құрастыру бірлігінің құжаттары жинағына сипаттізім және құрастыру сызбасы кіреді. Конструкторлық құжаттардың мұндай түрлерін өндіріс талаптарына толығымен сай келетіндей етіп орындау тек материалдар технологиясы, материалдар кедергісі және т. б. пәндерді оқып меңгергеннен кейін мүмкін болады. Сондықтан сызу негіздері курсында конструкторлық құжаттардың орындалуында стандарттар мен өндіріс талаптарынан аз-кем ауытқулар болады.

1. 3. Сипаттізім

Сипаттізім - жаңа бұйымды жобалауда толтыратын мәтінді конструкторлық құжат. Ол құрастыру сызбасын оқуды жеңілдетеді. Сипаттізім бұйымның құрам бөліктерінің санына қарай бір немесе бірнеше А4 пішімді сызба қағаздарына

орындалады. Сипаттізімнің бірінші бетіне арналған негізгі жазу 5. 1-суретте, ал қалған беттерге арналған негізгі жазу өлшемдері 5. 2-суретте келтірілген.

Сипаттізім бірнеше бөлімдерден тұрады, олардың орналасу реті мен мазмұны жөнінде мәліметтер 5. 1 кестеде берілген. Әрбір бөлімнің атауы «Атауы» деп аталатын бағанға асты жіңішке тұтас сызықпен сызылып жазылады және әрбір бөлім атауының үстінен және астынан бір бос жолдан қалдырылады. Мәліметтер бағандар мен жолдардан шығып кетпеуі керек.

Сипаттізім бөлімдері

«Комплекстер», «Құрастыру бірліктері», «Тетікбөлшектер» бөлімі.

Бұл бөлімдердегі жазбаша мәліметтер белгілену индексіне кіретін әріптерді алфавиттік ретте, ал сандарды өсу реті бойынша жазу арқылы беріледі.

«Стандарт бұйымдар» бөлімі. Бұл бөлімдегі бұйымдар стандарттар категориясының реті бойынша (алдымен мемлекеттік, содан соң республикалық, салалық, кәсіпорындар стандарттары) жазылады. Әрбір категорияға кіретін бұйымдар топтарға бөлінеді, мысалы: бекіту бұйымдары, арматура, әртүрлі бұйымдар.

Әр стандарт категориясы бойынша жазулар алфавиттік ретпен, ал бұйым атаулары стандарттар белгіленуінің өсу реті бойынша жазылады, мысалы:

Болт М12 х 65. 58 МЕСТ 7796-70 Болт М20 х 75. 58 МЕСТ 7798-70.

Егер бұйым бір стандартпен дайындалған болса, онда ықшамдап жазуға болады, мысалы:

Болттар МЕСТ 7796-70

М10 х 65. 58 М20 х 65. 58 М24 х 75. 58.

яғни бұйым атауының жалпы бөлігін тақырып ретінде бір рет қана жазуға рұқсат етіледі.

Сипаттізімде бекіту бұйымдары тобын мынадай ретпен жазу ұсынылады: болттар, винттер, гайкалар, шайбалар, шпилькалар.

«Басқа да бұйымдар» бөлімі. Бұл бөлімдегі жазбалар

бірыңғай топтарға: бірыңғай топтарға
бөлініп,:

бөлініп,

топ: топ
ішінде алфавиттік:

ішінде алфавиттік

ретпен: ретпен
бірыңғай топтарға: жазылады.
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:
ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:
ретпен:
Кесте 1. 1
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:

Сипаттізім бөлімдері және олардың мазмұны

топ:
ішінде алфавиттік:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:
ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Бөлім атауы
топ:
ішінде алфавиттік:
ретпен:

Бөлім мазмұны

бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Құжаттар
топ:
ішінде алфавиттік:

Сипатталатын

ретпен: бұйымның
конструкторлық
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

мәліметтерін

ретпен: құрайтын
(сипаттізімнен
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

басқа) құжаттар, мысалы: құрастыру

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

сызбасы, монтаждау сызбасы, сұлба,

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

түсіндірме жазбалар, паспорт, техникалық

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

талаптар және т. б.

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Кешендер
топ:
ішінде алфавиттік:

Сипатталатын

ретпен: бұйымға
ғана қатысты
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: (комплекстер)
топ:
ішінде алфавиттік:

кешендер.

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Құрастыру
топ:
ішінде алфавиттік:

Сипатталатын

ретпен: бұйымға

кіретін

және
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: бірліктері
топ:
ішінде алфавиттік:

әрқайсысының

ретпен: сызбасы
орындалған
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

құрастыру бірліктері, мысалы: пісіру,

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

дәнекерлеу және басқа да біріктірулер

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

арқылы орындалған қосылыстар.

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Тетікбөлшектер
топ:
ішінде алфавиттік:

Сипатталатын

ретпен: бұйымға

ғана

кіретін
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

тетікбөлшектер.

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Стандарт
топ:
ішінде алфавиттік:

Мемлекеттік, содан соң республикалық,

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: бұйымдар
топ:
ішінде алфавиттік:

салалық,

ретпен: кәсіпорындар
стандарттарына
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

кіретін бұйымдар.

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: Басқа да
топ:
ішінде алфавиттік:

Техникалық талаптар, каталогтар мен

ретпен:
бірыңғай топтарға:
бөлініп,: бұйымдар
топ:
ішінде алфавиттік:

прейскуранттар

ретпен: бойынша
қолданылатын
бірыңғай топтарға:
бөлініп,:
топ:
ішінде алфавиттік:

стандарт емес бұйымдар.

ретпен:
Материалдар: Материалдар
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен

Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

сызбалары орындалмаған

тетікбөлшектер.
Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

Мысалы: сым, мата, құрыш және т. б.

Материалдар: Комплектілер
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

Сипатталатын

бұйымға

ғана қатысты
Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

комплектілер. Мысалы: монтаждау бөлігінің

Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

комплектісі,

қосалқы

бөлшектер
Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

комплектісі, құрал - жабдықтар комплектісі

Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

және т. б.

Материалдар:
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен:

Сипаттізім бағандары

«Пішім» бағанында тетікбөлшек сызбасы немесе басқа конструкторлық құжат орындалған пішім өлшемі көрсетіледі: баған «Стандарт бұйымдар», «Басқа да бұйымдар» және «Материалдар» бөлімдері үшін толтырылмайды.

«Аумақ» бағаны. Аумақ белгіленуі көрсетіледі (МСТ 2. 104-68) . Егер сызба алаңы «Құжаттар» және «Комплектілер» бөлімдері үшін екі аумаққа бөлінсе бұл баған толтырылмайды.

«Реті» (позициялар) бағаны. Құрастыру бірліктері бөліктерінің реттік нөмірі сипаттізімге жазылу ретімен көрсетіледі.

«Белгіленуі» бағаны. Бұл бағанда конструкторлық құжаттардың белгіленуі көрсетіледі. «Стандарт бұйымдар», «Басқа да бұйымдар» және «Материалдар» бөлімдері үшін толтырылмайды.

«Атауы» бағаны. Бұйымдардың атаулары жазылады. Құрастыру сызбасы шығарылмаған тетікбөлшектер үшін олардың атауы, материалы, дайындауға қажетті өлшемдер; стандарт бұйымдар мен материалдар үшін - атаулары мен стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес шартты белгілері көрсетіледі.

«Саны» бағаны. Бұйымның құрам бөліктерінің саны көрсетіледі.

«Ескертулер» бағаны. Бұйымға және құжаттарға қатысты қосымша мәліметтер көрсетіледі.

1. 4. Құрастыру сызбасы

Жалпы түсінік.

«Құрастыру сызбасының» алдында «Эскиздеу» жұмысы орындалады. Эскиздерді орындауда бұйымның атауы, қолданылуы, жұмыс жасау принципі және тетікбөлшектерді өзара байланыстыру тәсілдері, яғни бұйымды құрастырып, бөлшектеу реті бекітіліп, стандарт бекіту бұйымдары анықталады. Эскиздегі кескіндердің, түсірілген өлшемдердің, шартты белгілердің дұрыстығы тексерілген соң, құрастыру сызбасын орындауға кіріседі.

2. 109-73 МЕСТ-на сәйкес құрастыру сызбасының мазмұны төмендегідей болуы керек:

  • берілген сызбасы бойынша біріктірілетін, құрастыруды

және құрастырғаннан соң құрастыру бірліктерін бақылауды қамтамасыз ететін, құрам бөліктерінің орналасуы мен өзара байланысынан түсінік беретін құрастыру бірліктерінің кескіні;

  • берілген құрастыру сызбасы бойынша құрастыру

процесіне қажетті өлшемдер, шектік ауытқулар және басқа да параметрлері мен талаптар;

  • бұйымның ажырайтын бөліктерінің сипаты жөнінде нұсқалар, ажырамайтын қосылыстарды біріктіру тәсілі жөнінде (пісіру, дәнекерлеу) нұсқаулар;
  • бұйымға кіретін құрам бөліктерінің реттік нөмірі;
  • бұйымның негізгі сипаттамасы; габариттік, қондырғы, біріктіру және басқа қажетті

анықтамалық өлшемдер.

Кескіндерді таңдау.

Құрастыру сызбасында бұйым кескіндерінің толықтығы бұйымның күрделілігіне қарай орындалатын көріністер, тіліктер, қималар және шығарма элементтер санына байланысты анықталады. Кескіндердің ең аз саны алынады, бірақ бұйымның құрам бөліктерінің өзара байланысы мен конструкциясынан толық мәлімет алатындай болуы керек. Негізгі көріністер санын қысқарту мақсатында жергілікті және қосымша көріністерді пайдалану ұсынылады. Көп жағдайда құрастырылған тетікбөлшектердің сипатын айқындауға мүмкіндік беретін.

Тіліктер қарапайым, күрделі және жергілікті болып келеді, егер бұйым пішінінің проекциясы симметриялы болса, онда көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіріп орындау ұсынылады. Құрастыру сызбасында тілік құрастыру бірлігіне кіретін жекелеген тетікбөлшектер тіліктерінің жиынтығын құрайды.

Масштаб таңдау.

Құрастыру сызбасы үшін масштаб бұйымның күрделілігі мен габариттік өлшемдерге байланысты таңдап алынады.

Пішімді таңдау .

Пішім таңдағанда сызбалар қағаз бетін шамамен жетпіс пайыздай алып жататындай болуы керек. Пішімге жиек сызықтары мен негізгі жазу сызылады.

Сызбаларды орналастыру.

Құрастыру бірліктерінің таңдап алынған кескіндер санына байланысты сызбаларды қағаз бетіне орналастырады. Дұрыс орналастыру үшін бұйымның алынған кескіндерінің өлшемімен (масштабын ескере отырып) қағаздан габариттік тіктөртбұрыштар қиып аламыз және солардың көмегімен қағаз бетінен орындарын белгілеп, симметрия остерін жүргіземіз. Тіктөртбұрыштар араларына шығарма және өлшем сызықтарына орын қалдырамыз.

Кескіндерді тұрғызу.

Кескіндерді сызуды негізгі тетікбөлшектердің басты көрінісінен бастайды, өлшемдер эскидерден алынады. Қалған тетікбөлшектер құрастыру бірлігін жинау реті бойынша орындалады, себебі көп жағдайда бұйымды жинау ретін бөліктерді сызу ретіне байланысты анықтайды.

Содан соң құрастыру сызбасының өлшемдері, қималар, шығарма элементтері, қосымша көріністер және т. б. орындалады.

Құрастыру сызбаларында тіліктерді орындауда мынадай ереже бар: тұтас (арасы қуыс емес) тетікбөлшектер - біліктер, остер, саусақ, тұтқа, сыналар, винттер, тойтарма шегелер және т. б. - тіліктер көлденең болған жағдайда қиюшы жазықтыққа түспейді және штрихталмайды. Сонымен қатар, шариктер мен бекіту бұйымдары да құрастыру сызбасында қиюшы жазықтыққа түспейді.

Штрихтау кезінде мынадай жайттарға көңіл бөлген дұрыс:

  • бір тетікбөлшектің тіліктегі штрихтау бағыты мен

арақашықтығы барлық көріністе бірдей болуы керек;

  • көршілес жатқан үш немесе одан да көп тетікбөлшек тілікке түсетін болса, штрих сызықтардың арақашықтығы өзгертіледі.

Құрастыру сызбаларын орындауда уақытты үнемдеу мақсатында ықшамдаулар мен шарттылықтарды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жөнінде толық мәлімет 2. 109-73 МЕСТ-да келтірілген.

Жоғарыда аталған талаптарға сай орындалған сызбаны тексеріп, көрінетін және көрінбейтін контур сызықтары жүргізіледі. Мұның мынадай ретпен орындалғаны жөн: остік және орталық сызықтар, шеңберлер, доғалар, қисық сызықтар, көрінетін және көрінбейтін контур сызықтары, өту сызықтары және т. б.

Өлшемдер түсіру.

Құрастыру сызбаларында өлшемдер бұйымның есебін, орналастыруын, технология талаптарын және тасымалдау шарттарын ескере отырып қойылады.

Құрастыру сызбаларында мынадай өлшемдер түсіріледі:

  • бұйымның сытқы (немесе ішкі) шектік тұрпатын көрсететін габарит өлшемдер, яғни биіктігі, ені, ұзындығы немесе бұйымның ең үлкен ауқымы. Егер осы өлшемдердің бірі тетікбөлшектерді ығыстыру барысында ауыспалы болып келетін болса, онда екі шама - ең үлкен және ең кіші шаманы да қатар көрсетеді;
  • бұйымды монтаждау орнына орнатуға және екінші бір бұйымға жалғауға арналған бекіту және біріктіру өлшемдері; бекітілу тесіктерінің арақашықтығы, бұрандаларды жалғау өлшемдері және т. б. өлшемдер.

Реттік нөмірлерді түсіру .

Құрастыру бірлігінің құрам бөліктері құрастыру сызбасының сипаттізімінде көрсетілген реттік сандарына сәйкес нөмірленеді. Сондықтан, сызбаға реттік нөмірлерін салмас бұрын, құрастыру сызбасының сипаттізімін жасап алу керек. Нөмірлер құрам бөліктерден тігінен және көлденеңнен жүргізілген шығарма сызықтар сатысына қойылады.

Реттік нөмірлер құрам бөліктердің көрінетін кескіндеріне, негізгі көріністер мен оларды алмастыратын тіліктерге қойылады.

Сатылар мен шығарма сызықтар тұтас жіңішке сызықтармен жүргізіледі. Реттік нөмірін көрсететін сандар сызбаның негізгі

жазуына параллель орналастырылады, оларды бір жолға (көлденеңнен) немесе бір бағанға (тігінен шамасынша бір сызық бойына) топтастырады (5. 5 сурет) .

Реттік нөмірлер шрифтісінің өлшемі сызбадағы өлшем сандарының өлшемінен бір-екі өлшемге үлкен болуы тиіс.

Бір жерді бекітуге арналған бекіту тетікбөлшегін топтастырып, бір шығарма сызыққа тігінен сатылар салып, рет нөмірлерін жазуға рұқсат етіледі.

1. 5. Негізгі жазудың толтырылуы

Құрастыру сызбасында негізгі жазу 2. 104-68 МСТ-тың 1 формасы бойынша орындалады (5. 1 сурет) .

Негізгі жазудың толтырылуы алдыңғы жұмыстардағыдай, тек 1, 2, 3 бағандардың өзгешелігі (5. 7 сурет) :

1 баған - бұйымның атауы және құжат атауы «Құрастыру сызбасы» деген сөз шрифт өлшемінен бір өлшемге кіші шрифтпен жазылады;

2 баған - құжаттың белгіленуі және шифры. Конструкторлық құжатты көрсету үшін (тетікбөлшектер сызбасы мен құрастыру сызбасының сипаттізімінен басқа) құжаттың шифрын білдіретін қосымша екі белгі қойылады, мысалы: СБ -

құрастыру сызбасы, ВО - жалпы түрдегі сызба, ЭБ - жалпы электрлік сұлба, ПЗ - түсіндірме хат және т. б.

3 баған - құрастыру сызбасында толтырылмайды.

2. ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАЛАРЫН ОҚУ ЖӘНЕ БӨЛШЕКТЕУ

Құрастыру сызбасын оқу деп сызбасына қарап бұйымның пішінін, өлшемдерін және жұмыс жасау принципін анықтау процесін айтады. Құрастыру сызбасын төмендегідей ретпен оқуға болады:

  • бұйым атауы мен кескіндер масштабын негізгі жазу бойынша анықтау;
  • кескіндерге қарап сызбада қандай көріністер, тіліктер, қималар орындалғанын және әрқайсысының қолданылатын орнын анықтау; сызбаға түсірілген өлшемдер мен техникалық талаптарды оқу;
  • сипаттізім мен сызбаны қатар қойып, тетікбөлшектер атауы мен кескінін ажырата білу;
  • тетікбөлшектердің өзара қалай біріктірілгендігін, бұйымның жылжымалы бөліктері жұмыс кезінде қалай орын ауыстыратындығын айқындау;
  • рет - ретімен әрбір тетікбөлшектің геометриялық пішіні мен өлшемдерін анықтау;
  • бұйымның ішкі және сыртқы пішіндерін ойша елестетіп, қызметін түсіну;
  • бұйымды ажырату және жинау ретімен танысу, яғни тетікбөлшектерді бір-бірінен қалай ажырату керектігін білу.

Сонымен бірге мыналарды естен шығармаған жөн:

  • білік, сына, тойтарма шеге, шариктер және т. б. көлденең тілікке түспейді;
  • көршілес тетікбөлшектерді тілікте немесе қимада кескіндегенде штрихтау бағыты (оңға, солға), немесе штрихтар арақашықтығы әртүрлі болады;
  • құрастыру сызбасындағы барлық тіліктер мен қималарда жекелеген бір тетікбөлшектің штрихтау бағыты бірей және біркелкі болуы керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрастыру сызбасы туралы
Толқын өткізгіш - коаксиалды ауысу
Сызбаларды түзетуге арналған құралдар жайлы ақпарат
Сызбаларды түзетуге арналған құралдар. шартты белгілер
Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері
Тақырып бойынша графикалық сызба жұмыстарын орындау
Құрастырылған сызба
Жөнделіп жатқан қондырғы - көтеру механизмі
Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығыныңарақашықтығы
Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz