Сот медициналық сараптама түрлері


Сот-медициналық сараптамасы түрлері
Жоспар:
- Сот сараптамасы
- Қанның сот-медициналық сараптамасы
- Шәуіттің сот-медициналық сараптамасы
- Түкіріктің, терлеудің, кішідәреттің сот-медициналық сараптамасы
- Шаштың сот-медициналық сараптамасы
- Басқа объектілердің сот-
- Цитологиялық объектілердіңсот-медициналық сараптамасы
- Балалардың даулы жаратылысынанықтайтын сот-медициналық сараптамасы
Coт сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.
Сот сараптамасы мынадай принциптерге: заңдылықка; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздіпне; зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне; кұзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке; кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. Тергеупрактикасында өткізілетін сараптама олардың мәні, объектісі, зерттеу тәсілі және т. б. бойынша сәйкестендіріледі.
Сот сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1- бабында белгіленген. Басқа құқық салалары секілді сот сараптамасының жүйесі: ҚР-ның “Сот сараптамасы туралы” Заңы, әрекет енгізу мерзімі 1998тжылдың 1 қаңтары болып белгіленген 4-баптың 3-тармақшасын қоспағанда, 1997 жылы 19 қарашада өз күшіне енлі. Заң жеті тараудан тұрады: 1-“Жалпы ережелер”, 2- сот сараптамасы, 3- сот сарапшысы, 4- сот сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік және оқу әдістемелік қамтамасыз ету, 5-сот сараптама қызметін қаржылық-әлеуметтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, 6-сот сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық, 7- қортынды ережелер мұның ішінде жиырма сегіз бап кіреді. “Жалпы ережелер” тарауында сот сараптамасы аясына жататын және заңда айтылған негізгі ұғымдар белгіленген, оның қатарына сот сараптамасы, сот сараптама қызметі, сот сарапшысы, сарапшының қортындысы, сот сараптама органдары, сот сараптама қызметін лицензиялау кіреді. Аталған ұғымдарды енгізу сот сараптамасы аясына жататын ұғымдарды заң шеңберінде, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде ҚР-ның іс жүргізу заңнамасында біріздендіруге және біркелкі түсінуге көмегін тигізеді. Сарапшылардың тәуелсiздiгiн, сарапшылық зерттеулердiң ұйымдастырушылық және әдiстемелiк бiркелкiлiгiн, сот сараптамасын жүргiзудi жүзеге асыратын адамдардың кәсiби бiлiктiлiгi мен қызметiн бақылауды, сот сараптамасы қызметiнiң қаржылық, әлеуметтiк және материалдық-техникалық деңгейiн тұрақтандыру мен арттыруды қамтамасыз ететiн "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау сот сараптамасы қызметiнiң даму бағыттарын айқындау мен оларды iске асыруда үлкен роль атқарды. әтижесiнде бүгiнгi күнi сот сараптамасы қызметiн ғылыми, әдiстемелiк, кадрлық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға негiз бар. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы қызметiн: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерiн (филиалдарын) ; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерiн (филиалдарын) ; функцияларына сот сараптамасын жүргiзу жататын мемлекеттiк органдардың мамандандырылған бөлiмшелерiн қамтитын мемлекеттiк сот сараптамасы органдарының жүйесi жүзеге асырады.
Сараптама: криминалистік, медициналық, соттық-психиатриялық, биологиялық, каржылық-экономикалық инженерлік-көліктік, инженерлік-техникалық, құрылыстық-техникалық және т. б. болып бөлінеді.
Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру Ережесі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 875/1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3375. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы N 368 Бұйрығымен) :
26-Тарау. Қанның сот-медициналық сараптамасы
240. Қанның зерттеу жоспары жалпы принциптерге сәйкес жүргізіледі:
қанға ұқсас іздер табу;
оның барын, түрін, тобын, жынысын және регионалды жаратылысын анықтау.
241. Қанға ұқсас іздерді кәдімгі жарықта, күннің жарығында немесе жасанды жарықта көзбен көріп немесе лупа арқылы анықтайды, егер ол қаралау түсті болса ұшты затпен іздің үстін жайлап қырумен анықтайды.
242. Қанның барын анықтайтын гемоглобин және оның қосындыларын анықтауға арналған реакциялар микроскопия, жұқа қабатты хромотография, микролюминисценция әдістерімен, соңынан сіңу спектрін анықтаумен жасалады.
Аталмыш әдістер таңдау әдістерімен анықталады, олардың әрқайсысын пайдалануға болады, бірақта әр әдістің сезгіштік деңгейін еске алу қажет. Егер сезу күші аз реакция пайдаланып, теріс реакция алынған болса, ондайда міндетті түрде сезу қабілеті жоғары пайдаланылып, содан соң бірін пайдаланып, әр әдістерді қолдануға болады.
Қанның барлығын анықтау қорытындысы үшін келтірілген әдістердің қайсібірін қолдану жеткілікті, оны қолданғаннан кейін жағымды қорытынды береді, ал қанның барлығын анықтамау қорытындысы үшін ондайда міндетті түрде сезу қабілеті жоғары пайдаланылып, содан соң бірін пайдаланып, әр әдістерді қолдануға болады.
Теріс реакциялы нәтижеге қарап, қан жоқ деуге болмайды, бұл жағдайда сарапшы ол анықталған жоқ, тек қана болған актіні айтуына құқылы.
243. Түрлік қатысын тек оның бар екеніне көз жеткеннен кейін анықтайды.
244. Қанның түрін иммуналогиялық әдістермен анықтайды:
Оухтерлони әдісімен сұйық ортадағы, аградағы преципитация реакциясы;
әртүрлі алып жүрушілерге қарсы және параллель-қарсы иммунноэлектрофорез;
иммунофлюореспенция.
Бірқатар жағдайларда диагноз Ү-хроматинді анықтағанда ғана қойылады. Тәсіл таңдау қан ізінің сипатына байланысты.
245. Бөлімшеге түсіп жатқан сывороткалар партиясы тексеріліп, күштілігі мен ерекшелігі анықталады.
246. Түрлік қатысын анықтайтын реакцияға міндетті түрде адам белогын айыртатын сыворотка және сывороткалардың кемінде екі түрін қосады. Оларды таңдау ісінің мән-жайына байланысты.
247. Қан ізінің суыртпаларымен қатар заттардың ластанбаған жерлерінен де суыртпа дайындалады (соңғыларды қан суыртпаларының нәтижесі алынғаннан кейін пайдаланады) . Егер ол суыртпалар түрлік сывороткалармен бірге теріс реакция берген жағдайда, осы реагенттермен бақылау зерттеу жүргізудің қажеті жоқ.
248. Егер заттай дәлелдемелердегі қан адамдікі болса, онда келесі кезең генетикалық анықталған жүйелер арқылы келесі топтық қатысын анықтау болып табылады. Оларды арнайы ұсыныс, заттай мен ғылыми мақалаларға сүйене отырып қолданады.
249. Малдың қанымен араласқан адам қанның іздерінде топтық қасиеттері анықталмайды.
250. Қанның топтық сипатын зерттеуден бұрын сол іспен өтетін адамдар қанының үлгілерін зерттеу қажет. Үлгілерді алдын-ала, мүмкіншілігіне сұйық түрде зерттейді, сонан соң оны кептірілген дәкедегі дақ түрінде барлық реакцияларға енгізеді. Ерекше жағдайда үлгі ретінде мәйіттен шешілген киімді де зерттеуге болады (ол міндетті түрде сараптама тағайындау туралы қаулыда айтылуға тиіс) .
251. Іске қатысты адамдар қанның үлгілерін сот-биологиялық бөлімшеде немесе сараптама тағайындаған тұлғаның тапсырмасымен дәрігер мекемесінің қызметкері арқылы қамау орындарында және басқа жерлерде алуға болады. Кейін олар бөлімшеге жеткізілуге тиісті (сонымен қатар сұйық қан және оны аларда дайындаған дәкедегі дақ) .
Мәйіттен сұйық қан үлгісін, сараптама жасайтын сот-медициналық қызметкер алады. Қанды жүрек қуысынан алған жөн. Әртүрлі себептермен қан алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, үлгі ретінде шаш, сүйек, тіс, бұлшық еттер алынады.
252. Өлтіру немесе зорлау істері бойынша бөлімшеге жіберілген сұйық қанда дифференциялау мақсатымен барынша көп жүйе арқылы зерттейді.
Егер қан дәкедегі дақ түрінде түскен жағдайда, онда зерттеулерді заттай дәлелдемелермен бірге өткізеді. Үлгілер зерттеуде сарапшы айырмашылықтары бар жүйелерді алып отырып, олардың ішіндегі информатифті және қолайлы жүйелерден бастайды.
253. Қан барын анықтап, оның түрлік және топтық сипаттарын айырып, сарапшы қажет болған жағдайда арнайы әдістеме қолдана отырып, қанның жынысын және оның аймақты жаратылысын анықтай алады.
254. Ұрықтың, нәрестенің және ересек адамның қанын бөлшектерге бөлуді электрофоретикалық жолмен және иммунологиялық әдіспен жүзеге асырылады.
255. Қанның жүкті әйелге жататындығын гравидадиагностикалық тәсілдерімен жасалады.
256. Шет жердің және етеккір қандарының дифференциясын электрофоретикалық және цитологиялық тәсілдерімен жасайды.
27-Тарау. Шәуіттің сот-медициналық сараптамасы
257. Жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді шауһат дағына ұқсас іздер іздеуден бастайды. Оны табиғи немесе жасанды жарықта, ультрокүлгін сәуледе картоп согының реакциясын қолданып жасайды.
Шәуітке (спермаға) сезік болған іздердегі оның барын дәлелдік тәсілдермен анықтайды. Сарапшы таңдаған тәсілдердің барлығы да оң нәтиже берген жағдайда сперма бар - деген қорытынды жасауға құқық береді, ал сперма жоқ - деген қорытындыға келу үшін неше түрлі тәсілдер арсеналын қолдануға тура келеді.
258. Ауру болған жағдайда (азоспермия, олигоспермия, некроспермия және басқа) жаңылыс қорытындыны жасамау үшін морфологиялық іздеулер теріс нәтиже берсе, басқа тәсілдер (атап айтқанда, қышқыл фосфотазаны ингибитормен және картоп согының реакциясымен басу хроматография әдісін) қолдану керек.
259. Антигендер АВ-мен (АВО) қосалқы кездесетін антиген 0 жүйесі бойынша сперма тобын тиісті нұсқауларда жазылған кейбір модификациясы бар қанның тобын айыруға қолданатын әдістер арқылы анықтайды.
260. Іс бойынша өтетін сезіктілердің сперма іздерін бір топты болған жағдайда (тек бөлінетіндерде) дифференциялау мүмкін.
261. Шәуітті зерттеу нәтижелерін тұжырымдау, сперматозоидта топтық өзгеше антигендер анықтауға көмектсетін - иммунофлюоресцения реакциясын қолданғанда мүмкін болады.
262. Шәуіт (сперма) тобын анықтау алдында іс бойынша өтетін адамдардың қан үлгілерін және бөлінбелерін зерттейді. Олардың топтық сипаттарын және бөлінбе категориясын анықтайды.
Бөлінбе категориясын анықтау үшін сарапшы тапқан заттай дәлелдемелердегі бөлінбелерді зерттегені дұрыстау (бұл жағдайда, сперманы зерттеген жөн, әйтпесе әр бөлінбені зерттей отырып, сарапшы қарама-қайшы нәтижелердің пайда болуын жоя алмайды) .
Мәйіттің бөлінбе категориясын, антигендер АВ-мен (АВО) қосалқы кездесетін антиген 0 жүйесі арқылы оның өт пен кіші дәрет үлгілерін зерттеу, Lе жүйемен қанды зерттеу жолдарымен анықтайды. Кейбір жағдайларда пара-пар зерттеу жасап, алынған нәтижелерді салыстырады.
263. Заттай айғақтардағы шәуіт (сперма) іздерімен, сонымен қатар сперма немесе түкірік үлгілерімен жұмыс жасағанда сол бір реагенттерді пайдаланып отыру қажет.
28-Тарау. Түкіріктің, терлеудің, кіші
дәреттің сот-медициналық сараптамасы
264. Заттай дәлелдемелерді зерттеуге кірісіп, сарапшы түкірікке ұқсас іздер табу керек. Бұл зерттеудің жарықта немесе ультракүлгін сәуледе жасау керек.
265. Заттай дәлелдемелерді қарағанда табылған іздерде түкірік барын Барсегянц модификациясындағы Моллер жасаған реакция арқылы анықтайды.
266. Басқа зерттеулер түріне материалды үнемдеу мақсатымен ауызда болған темекі тұқылындағы түкірік барын анықтамайды. Егер екі жағдайларда темекі тұқылындағы топтық ерекше антигендердің нәтижесі бұлыңғыр болса, онда түкірік барын анықтау үшін реакция қолданған жөн.
267. Түкіріктегі топтық қасиеттерді, сперма іздеріндегі тәсілмен анықтайды. Антигендер АВ-мен (АВО) қосалқы кездесетін антиген 0 жүйесін зерттейді.
268. Түкіріктегі топтық ерекше антигендерді анықтау үшін реакция өткізгенде іс бойынша өтетін адамдардың бөлімде категориясын анықтауға арналған жұмыстарды міндетті түрде өткізген жөн.
269. Егер түкіріктің жынысқа қатыстығы туралы сұрақ туса онда сарапшы ол сұрақты шешу үшін зерттеудің цитологиялық тәсілдерін қолданады.
270. Тердің барын анықтайтын қатаң арнаулы реакция болмағандықтан соңғының зерттеуін хромотография реакциясының жұқа қабығымен немесе химиялық реакция арқылы мынандай жағдайда өткізген жөн:
заттай дәлелдің белгілі бір адамдікі екендігін анықтау;
бармақ іздерін зерттеу;
заттың сывороткаға әсер ету табиғатын анықтау.
271. Сіріңке, тырнақ асты затында, темекі тұқылында тер барын зерттеуді және басқаны дұрыс нәтиже бермейтін себептермен жасамаған жөн.
272. Егер қажет болған жағдайда, сарапшы киімдерде тері барын анықтауға мәжбүр болса, ондай жағдайларда қорытындыны ол дақта түкірік немесе сперма іздері жоқтығына көз жеткізіп, жасауы керек.
273. Ұзақ киілген киімдерде тер барын анықтап жатудың қажеттілігі жоқ (бас киімдердің астарлары, аяқ киім ұлтарақтарында, нәски, шұлық және басқа) .
274. Ерекше жағдайда болмаса, тердің түрін сирек анықтайды (басқа бір жануардың тері барын анықтауда) . Ол үшін қарсы иммуноэлектрофоррез тәсілін қолданады.
275. Тердің топтық қасиетін әртүрлі модификацияда абсорбция-элюция тәсілімен анықтайды.
276. Аралас іздердегі тердің тобын анықтау үшін (мысалы қан мен тер) материалды бутанолға салу немесе бутанол мен метанол қосындылары қолданылады.
277. Іздегі кіші дәреттің барын мочевина немесе креатини ізімен анықтайды.
278. Құрамында жеткілікті мөлшерде белок болмағандықтан кіші дәреттің түрін әдетте анықтамайды (ерекше жағдайларда ол иммунофлюоресценция реакциясы арқылы анықталады) .
279. Кіші дәреттегі антигендер АВ-мен (АВО) қосалқы кездесетін антиген 0 жүйесінің топтық ерекше антигендерді абсорбация-элюция реакциясының әр модификациясын пайдалана отырып анықтайды.
280. Аралас іздердің топтық ерекше қасиеттерін, жеке іздермен жұмыс істегенде қолданылатын тәсілдер арқылы анықтайды.
29-Тарау. Шаштың сот-медициналық сараптамасы
281. Шаш тәріздес объектілерді сараптама тағайындаған адам жібереді.
282. Шаштың барын, оның түрін, әртүрлі морфологиялық қасиеттерін, макро және микроскопиялық зерттеу жасау барысында анықтайды, сонымен қатар физикалық және химиялық тәсілдер қолдана отырып анықтайды.
283. Осы тәсілдермен шаштың аймақтық табиғатын да анықтайды.
284. Келіп түскен шаштар мен айғақтарды бір-бірімен салыстыру тәсілімен олар бір адамдікі болу мүмкіншілігін анықтап жауап береді.
285. Антигендер АВ-мен (АВО) қосалқы кездесетін антиген 0 жүйесінің топтық ерекше антигендерін анықтау үшін бірнеше шаш талдарына және бір тал шаш бөлігіне абсорбация-элюция реакциясын қолданады.
286. Белгілі бір адамның үлгі ретінде алынған шаштар, егерде олардың топтық сипаты айғақ шашқа ұқсас болса зерттеледі, ал топтағы әртүрлі үлгі ретінде алынған шаштарды зерттеудің қажеті жоқ, себебі айғақты шаштың басқа топтық сипаты бар адамдікі екенін анықтау осы кезеңнің өзінде мүмкін емес.
287. Егер шашты зерттеу барысында сарапшы ол шаштар малдікі деген тұжырымға келсе, ол малдың түрін анықтауға міндетті емес, ол мәселені шешу басқа маманның құзыретіне кіреді.
30-Тарау. Басқа объектілердің сот-медициналық
сараптамасы
288. Ағза, тін кесінділерін және гистологиялық препараттарды зерттегенде алдымен, егер кесінділер оқиға болған жерден алынған жағдайда, олардың белгілі бір ағзаға, тінге жататындығын анықтайды. Бұл зерттеуді сарапшы-гистологтың көмегімен жасайды.
289. АВО жүйесінің топтық ерекше антигендердің неғұрлым көп материал қамту мақсатымен пайдаланып, абсорбация-элюция және аралас аглютинация реакциялары арқылы анықтайды. Оның себебі мұндай объектілерде антигендердің біркелкі болмауында болып табылады.
290. Бөлінген мәйіт бөлшектерінің топтық қатысын анықтауда немесе қазып алынған мәйітті зерттегенде сүйектер, тістер, шаштар зерттеледі. Сүйек бөлшектері, тістермен жұмыс істегенде, әртүрлі модификациямен абсорбция-элюция реакциясын пайдаланып, алынған нәтижелерді салыстырып отырған жөн.
291. Үлкен дәрет барын, дайындаған жұқпалардың морфологиялық суретпен анықтайды (айырылған дәреттің тобын анықтамайды) .
292. Жүкті болғандықтың белгілі уақыт арасында динамика түрінде алынған сүт бездерінің морфологиялық көрінісінен анықтайды.
293. Шіріген бұлшық еттермен жұмыс істегенде антигендер АВ-мен (АВО) қосалқы кездесетін антиген 0 топтық ерекше антигендер табылуы мүмкін, бірақ алдын-ала материалды зерттеуге дайындау мақсатымен арнайы жұмыс өткізілуге тиіс.
31-Тарау. Цитологиялық объектілердің
сот-медициналық сараптамасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz