ҚР әкімшілік құқығының негіздері



Жоспар
1.Әкімшілік құқық пәні, әдісі, жүйесі 2
2. Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет 6
3. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады 11
Әдебиеттер: 14
Әкімшілік құқық — қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру.
«Администрация» сөзі латын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және атқару биліктің жүзеге асуымен тікелей байланыста жүргізіледі.
Әкімшілік құқық — мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен іске асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының белгілері:
• Қазақстан құқығының негізгі, жариялы (мемлекеттік) салалардың бірі;
• өзінің реттейтін пәні — атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары;
• өзінің құқықтық реттейтін әдісі;
• ішкі ұйымдастырылуы (құрылымы);
• нормативтік базасы (нормативтік қайнар көзі).
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтың реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар, басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әдебиеттер:

1. Баққұлов С. Д. Құқық негіздері.— Алматы, 2004.
2. Таранов А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.— Алматы, 2003.
3. Баянов Е. Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамасы.— Алматы, 2003.

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. Алматы, 2007.
2. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексі.— Алматы, 2001.
4. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚР әкімшілік құқығының негіздері

Жоспар
1.Әкімшілік құқық пәні, әдісі, жүйесі 2
2. Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет 6
3. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады 11
Әдебиеттер: 14

1.Әкімшілік құқық пәні, әдісі, жүйесі

Әкімшілік құқық — қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен
мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат
пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру.
Администрация сөзі латын тілінен аударғанда басқару деген мағынаны
білдіреді. Әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және атқару биліктің жүзеге
асуымен тікелей байланыста жүргізіледі.
Әкімшілік құқық — мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен іске
асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық
нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының белгілері:
• Қазақстан құқығының негізгі, жариялы (мемлекеттік) салалардың бірі;
• өзінің реттейтін пәні — атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде пайда
болатын басқару қатынастары;
• өзінің құқықтық реттейтін әдісі;
• ішкі ұйымдастырылуы (құрылымы);
• нормативтік базасы (нормативтік қайнар көзі).
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік
құқықтың реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік құқықтық нормалардың
орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен
субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері
мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар,
басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әкімшілік құқық пәні, шартты түрде екі бөлімнен тұрады.
1. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат
ішілік жұмыс әдістерімен және формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен азаматтарымен
қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатады.
Бұлар:
— басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикалды) қатынас (Қазақстан
Республикасының үкіметі және министрлік);
— басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік
және жергілікті орган);
— басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен
қатынас (завод және министрлік).
Әкімшілік құқықтың әдісі — жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар
арқылы басқару қатынастары реттелінеді.
Әкімшілік әдістерінің түрлері:
• Императивтік (кесімді, биліктік) — құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды
болғызбайтын ықпал ету тәсілі;
• Диспозитивтік (автономиялы) ықпал ету субъектілерін, өзара
қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал
беру тәсілі;
• Көтермелеу — мінез-құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде
беру жолымен белсенді мінез-құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі.
• Ұсыныс жасау — басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң
тұрғысынан мінез-құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
Әкімшілік құқықтың жүйесі — өзара байланысты әкімшілік-құқықтық
институттар мен нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқықтық институт — басқару қатынастарының сапалық жағынан
біркелкі тобын реттейтін біршама бөліктелген әкімшілік-құқықтық нормалардың
жиынтығы.
Әкімшілік институттар: әкімшілік құқықтың принциптерінің, азаматтардың
әкімшілік-құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызмет, атқарушы билік органдары
мен басқарудың өзге де субъектілері мәртебесі; әкімшілік-құқықтық нысандар
мен әдістер, әкімшілік жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу, мемлекеттік
басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету, салааралық басқару, экономика
аясындағы басқару, әкімшілік саяси аясында басқару, әлеуметтік мәдени
аясындағы басқару.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері — бұл әкімшілік-құқықтық нормалар
көрінісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері:
1. Нормативтік құқықтық акт — құқық шығарушы құзыреті субъектілер
қабылдаған және әкімшілік құқықтық нормалары қаралған заңдық акт.
2. Әкімшілік шарт — нормативтік мазмұны бар әкімшілік-құқықтық
нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе
көпжақты келісім.
3. Әкімшілік прецедент — нақты заңды іс бойынша шешім, ол келешекте
пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
4. Құқықтық әдет-ғұрып — тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған
мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.
5. Әкімшілік-құқықтық доктрина — әкімшілік-құқықтық мәселелер өніндегі
ғылыми еңбектер, солардың негізінде жаңа әкімшілік-құқықтық нормалар
жасалады және нақты істер бойынша шешімдер қабылданады.
Нормативтік-құқықтық актілер түрлері:
1. ҚР Конституциясы;
2. Конституциялық заңдар;
3. Заңдар;
4. ҚР Президентінің Жарлықтары;
5. ҚР үкіметінің қаулылары;
6. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері;
7. Парламент Палаталарының қаулылары;
8. Әкімшілік-құқықтық нормалары қаралған мемлекетаралық келісім-
шарттар;
9. Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың нормативті қаулылары;
10. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;
11. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілері;
12. Локалдық нормативтік актілер.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекетпен белгіленеді.
Құқықтық нормалар әсерінен пайда болған өзара құқықтар мен
міндеттемелері әкімшілік-құқықтық қатынастарды туғызады.
Әкімшілік құқықтық нормасы — мемлекеттік басқару аясындағы
қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда
болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
1) Заңдық нормалардың бір түрі;
2) Мемлекеттік биліктік сипаты бар;
3) ¤кілетті субъектілер қабылдайды;
4) Формалды белгіленгендігі;
5) Құрылымдық құрылуы;
6) Жалпы міндетті болуы;
7) Мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды және өзге де аялардағы
басқару сипаты бар қатынастарды реттейді;
8) Мемлекеттік мәжбүрлеуімен қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық нормасының құрылымы:
Гипотеза — нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда
норма әрекет ете бастайды.
Диспозиция — тиісті мінез-құлықтық ережесі бар норманың бөлігі,
әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек.
Санкция — диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз
салдардағы көрсететін норманың бөлігі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл әкімшілік құқық нормаларының
негізінде пайда болатын басқару қатынастары, олардың қатысушыларының
субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттері болады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері:
Субъектілер — қатысушылар субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттерді
иелену болып табылады.
Объектілер — неге байланысты қатынас пайда болды, өзгертілді,
тоқтатылды.
Заңды айғақтар (фактілер) — құқықтық қатынастардың пайда болуына,
өзгертуіне, тоқтатылуына әсер ететін нақты өмірлік жағдайлар.
Мазмұны — субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттердің жиынтығы.
Заңды айғақтардың түрлері:
Тудыратын салдары бойынша — құқық жасайтын; құқық өзгертетін; құқық
тоқтататын.
Субъект еркімен байланысы бойынша — оқиға, әрекет.
Оқиға — субъектілердің еріктерімен байланысты емес (бір шамалық және
абсолютті).
Әрекет — құқық қатынастар қатысушыларының ең болмағанда біреуінің
еркімен байланысты.
Көрініс табу нысаны бойынша — жағымды; жағымсыз.
Жағымды — олардың бар болуы құқықтық қатынастардың пайда болуына әсер
етеді.
Жағымсыз — олардың жоқ болуы құқықтық қатынастар пайда болуы үшін
қажет.

2. Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды
реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік
іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін
басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады.
Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарып, қызметтеріне
жетекшілік етеді.
Үкіметтің қызметінің құқықтық негізі ҚР Конституциясы, 1995 жылғы 18
желтоқсанда ҚР Президентінің заңды күші бар Жарлығы бойынша қабылданған
ҚР үкіметі туралы және ұйымды анықтайтын, сонымен бірге, органның
қызметін анықтайтын Президент пен Парламенттің актілері болып
табылады.
Үкімет құрамы — Премьер-министр және үкіметтің мүшелері кіретін
ұжымдық орган. Оның әкімшілік-құқықтық мәртебесі бірнеше ерекшеліктермен
ерекшеленеді:
— құрылу тәртібімен; қызметінен кетірумен; өкілеттілігін тоқтату
институтымен.
Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде
Премьер-министр үкіметтің құрылғысымен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды.
үкімет Президенттің қатысуымен құрылады. үкімет мүшелері халыққа және
Президентке ант береді.
Парламентке Республикалық бюджетті дайындап, таныстыру және
оның орындалуын қамтамасыз етіп, ол туралы есеп беріп отырады.
Мемлекеттік меншікті басқарады.
Мәжіліске заң жобаларын енгізіп, олардың орындалуын қамтамасыз
ету.
Ішкі саясатты жүргізу туралы шаралар қабылдау үкіметтің мүшелері
үкімет қабылдаған шешімдерге, олар (келісімдерін бермесе) шешім қабылдауға
дауыстарын бермесе, сонымен қатар өз келісімдерін бермесе де жауапты
болады.
Заң бойынша үкімет мүшелерінің құқықтары белгілі органның депутаты
болуға, басқа лауазымды міндет атқаруға және кәсіпкерлікпен айналысуға
шектеу қояды. ҚР үкіметінің өкілеттілігі Президенттің өкілеттілік
мерзімімен өлшенеді. Заң бойынша үкімет өкілеттілігінің тоқтату және
қызметінен кетіру институты қарастырылған. үкімет өздерінің өкілеттілігімен
функциясын әрі қарай жүзеге асыруын мүмкін емес деп тапса, онда өздерінің
өкілеттілігін тоқтату жайында Президентке хабарлауға құқылы.
ҚР Президенті 10 күн ішінде өкілеттілігінің тоқталуы немесе
тоқтатылмауы жайлы сұрақты қарастыруға тиіс. Премьер-Министр қызметінен
кетсе, онда үкіметтің өкілеттілігі де тоқтайды. Егер үкіметтің және оның
мүшелерінің қызметінен кетуі қабылданбаса, онда Президент әрі қарай
міндетін атқару туралы тапсырма береді. Егер үкіметтің қызметінен кетуі
Парламенттің сенімсіздік вотумымен байланысты болса, Президент Парламенті
таратуға құқығы бар. Президент өз бастамасы бойынша да үкіметтің
өкілеттілігін тоқтатуға және кез-келген мүшесін лауазымды міндетінен босату
туралы шешім қабылдауға құқылы.
Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар заңды атқарушы
биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің орталық органы ретінде
қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге
асырады. Сонымен бірге, үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын
қалыптастырады.
Министрлік мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма.
Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік — саяси,
экономикалық, әлеуметтік мәдени сферада, қандайда бір сала арқылы
мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік комитетке — салааралық басқару функциясын атқару тән.
Министрлік пен мемлекеттік комитет ҚР Президентінің қатысуымен құрылып,
олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып,
орнынан босатылады. Ал Бас прокурор мен ҰҚК төрағасын тағайындау кезінде
Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет.
Министрліктер мен мемлекеттік комитеттің құқықтық және әкімшілік-
құқықтық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың
қызметтері бірінші жетекшілері және орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады.
Орынбасарларын министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды.
ҚР Ұлттық банкі заң бойынша оған жатпаса да, республикалық мәртебесі
бойынша орталық мемлекеттік органға жатқызылады.
Атқару билігінің жалпы мемлекеттік саясатын облыстар, аудандар,
қалалар, қала аудандарындағы әкімшіліктің басқаруымен жергілікті орган
атқарады.
Жергілікті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар бойынша
жүзеге асырылады: 1) үкіметке, Президентке және жоғары тұрған
әкімшіліктердің басшыларына есеп береді; 2) Заңдылық; 3) Азаматтардың заңды
мүдделері мен құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету; 4) Өзінің
қызметімен қабылдаған шешіміне жауапкершілік.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясы және заңды
актілер арқылы анықталады. Әкімдердің қызметтерін ұйымдық, құқықтық және
материалды-техникамен қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Облыс, қала
және астана әкімдерін лауазымды міндетке ҚР Президенті тағайындап,
міндетінен босата алады. Сонымен бірге, ҚР Заңы бойынша әкімгершілік
бірлікке сәйкес облыста, ауданда, қалада басқа өкілеттілік атқара алады.
Әкім жалпы қаулы мен жарлық қабылдап, орынбасарларына тапсырыстар береді.
Жергілікті әкімшіліктің актілері ҚР Конституциясына қайшы келмеуі керек.
Егер қайшы келетіндей жағдай туындаса, онда жоғары тұрған атқарушы орган
және ҚР Президенті немесе сот қаулысымен алынып тасталуы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет
Қазiргi мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптер мен
реттеледі: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелі,
тиiмдi болуы.
Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық
принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары,
қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны іске асыруға мiндеттi.
Халықтың мемлекеттік басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары —
олардың сайлауға қатысуы. Халықтың өкiлдерi мемлекеттік аппаратты құрады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк береді. Халық
мемлекеттік аппараттың қызметiне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады,
олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады.
Конституцияның 33 бабында Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы
мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс
iстеуi жөнiндегi әрекетін жүзеге асыру мүмкiндiгi делінген. Қатысудың
түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау мемлекеттік
органдар мен өзiн-өзi басқару органдары сайлау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекеттік қызмет пен еңбек құқығы
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
Пәндер