Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 3

І ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттері ерекшеліктері . . . 6
  2. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіндегі орны . . . 9

ІІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР

  1. Қазақтың ұлттық ойындарын балабақшада тиімді пайдалану . . . ……16
  2. Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру жолдары. . 22

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектепке дейінгі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасымен қоса, дене қасиеттерін қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, олардың руханилығын, адамгершілігін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.

Қазақ халқы ұлттық ойындарды бала тәрбиесінде қолданылатын негізгі құрал екендігін бекер айтпаған. Себебі, көнеден келе жатқан ұлттық ойындар ойнату арқылы балалардың дене қасиеттерін дамыту тәрбие процесінде ерекше орын алады. Шапшаңдық, төзімділік, икемділік және т. б дене қасиеттерінің ерте жастан бастап қалыптаса бастауы баланың болашақтағы іс-әрекетінде ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Сондықтан, балабақшадағы ұлттық ойындардың кеңінен қолданылуы осы қасиеттердің дамуына тікелей байланысты.

Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген[1] .

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу-тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.

Қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген. Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.

М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады.

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру, салауатты өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу керек. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген[2] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін жетілдіру мәселелері көптеген жетекші ғалымдар зерттеулерінің негізгі нысанына айналды. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дайындаудың тиімділігі бойынша көптеген нұсқаулар жасалынды. Алайда, бұл зерттеулердің бәрі негізінен, дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруға, сабақтағы дене сапасын дамытуға ғана арналған.

Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.

Бұл тақырыпты зерттеу мақсатында таңдау себебім, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, балалардың, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы күннен күнге азайып бара жатқандай. Оған бірден-бір себепке заманауи технологияларды жатқызуымызға болады. Олардың көптеген зияны бар екені айтпаса да белгілі. Ал ұлттық ойындардың көбісі ашық аспан астында ойналатын болғандықтан, күн сәулесі, таза ауа секілді табиғи құндылықтардың бала ағзасының, дене қасиеттерінің дұрыс қалыптасып дамуына тигізер әсері мол. Жалпы ойын балалардың негізгі іс-әрекеті болғандықтан, оның кеңінен өріс алуы сол балалардың өз өмірінде пайдалануына тікелей байланысты. Алдымен отбасыда, содан кейін балабақшада ұлттық ойындардың маңызын балаларға ұғындыру отбасы мүшелерінің және педагогтардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Зерттеу пәні Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене қасиеттерін дамыту

Зерттеу болжамы . Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың өзіндік ерекшелігін анықтап, оларды практикада тиімді пайдалану арқылы, мектепке дейінгі жастағы балалардың дене қасиеттерін қалыптастыруға болады.

Зерттеу мақсаты. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінде жүргізілетін сабақтарға қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын енгізудің және сол арқылы балаларды шапшаңдылыққа, төзімділікке, бейімділікке үйретудің маңызын анықтау.

Зерттеу міндеттері

  1. Жұмыстың өзектілігін айқындау мақсатында әдебиеттер пайдалану;
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қазақ ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша негізгі дене қасиеттерін қалыптастырудың жолдарын анықтау;
  3. Балалардың дене қасиеттерінің дамуы мен қозғалыс дайындығы ерекшеліктерін қалыптастыруда жүргізілетін зерттеулерді талдау;
  4. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызын толығырақ аша түсетін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Зерттеу объектісі Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойындар арқылы дене қасиеттерін қалыптастыру әрекеті

Зерттеу құрылымы Кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу әдістері: Ұлттық ойындар арқылы дене қасиеттерін қалыптастыру жөнінде ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.

І Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерінің ерекшеліктері

Мектепке жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді. Соның ішінде сауықтыру міндеттерінің бірі - жылдамдық, үйлесімділік, төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Мектепке дейінгі жаста қозғалыстарды әр түрлі етіп құрастыру, амалдарын ауыстыру, әр түрлі бағыттау арқылы дене қасиеттерін кешенді, үйлесімді дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.

Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қасиеттері дейміз[9] .

«Дене қасиеттері», «қозғалыс қасиеті» деген терминдер, арнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдаланылады. Олар адамның қозғалыс мүмкіншілігінің әрекеті жағын көрсетеді. Дене қасиеттері адам қозғалғанда, дене қуатын көрсеткісі келгенде пайда болады. Адам жай тыныштық күйде болғанда ол қаншалықты күшті, жылдам немесе төзімді екенін біз білмейміз, кеңістікте көп уақыт аралығында жылдам қозғалса жылдам екенін, қарқынын азайтпай ұзақ жүгіре алса төзімді екені көрінеді. Яғни, дене қасиеттері адам денесінде белгілі бір деңгейде сақталып тұрады. Ол қозғалған кезде, дене қуаты деңгейін көрсеткісі келген кезде, ол адамның қаншалықты күшті, жылдам, төзімді екенін білеміз[5] .

Жылдамдық дегеніміз - адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті.

Адамның жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығуларға негізінен жүгіру мен жоғары қарқынды қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ спорттық ойындар жатады. Жылдамдық қабілетін жетілдіруге жүйрік балалардың да жақсы әсері тиеді. Мысалы « Мен де жүйрік болсам» деп армандаған бала жүгірумен шұғылданып спорттық ойындармен айналысу арқылы өзін-өзі тәрбиелесе, оның жылдамдық қабілеті тез артады.

Секіру, жүгіріп келіп секіру, биікке жүгіріп шығып, жүгіріп түсу т. б. жаттығулар жылдамдықты күш-қайратты арттыруға көп көмегін тигізеді. Сонымен бірге 30-60 мертлік қашықтықты жоғары қарқынмен қайталап жүгірудің пайдасы өте зор. Іріктеліп алынған қозғалмалы ойындар да жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін пайдаланылады[4] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың жылдамдығын жетілдіру үшін мына төмендегі жаттығулар орындалады:

  • өте жоғары қарқынмен 20 -30 метрлік жотаға (төбеге) жүгіріп шығу;
  • ұнтағы немесе құм төселген жолмен жүгіру;
  • белгілі бір уақыт ішінде соқпақ жолда жоғары немесе төменгі қарқынмен

жүгіруі;

  • 30-60 метрлік қашықтыққа жарыса жүгіру:

Адамның басқа қасиет-қабілеттеріне қарағанда, жылдамдық қабілеті тез қалыптаса бастайды. Жылдамдық қабілетін жетілдіретін жаттығуларды орындаған кезде бұлшық еттерді босаңсытып, сол жаттығуларды толық игеріп алғаннан кейін ғана жүгіруге болады[3] .

Жылдамдық үш түрде пайда болады:

  1. Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы;
  2. Жалғыз қимыл жылдамдығы;
  3. Қимыл жиілігі.
  1. Қарапайым қозғалыс жауабының жылдамдығыдегеніміз алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап. Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кең тараған әдістер мыналар:қайталау әдісікенеттен болған дабылға көп рет, әрбір ретте тезірік сезіну реакциясы. Мысалы, төменгі стартты орындау, дауыл бойынша қозғалыс өзгеруі, жүріп келе жатып кілт тоқтау т. б. ойын әдісі(түрлі қимылдағы ойындар, баскетбол, стоп теннисі т. б. ), жарыстық әдіс(кешігіп, жарыстан шығып қалу т. б. ) . Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады. Ол жылдам және аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс жүзінде ол мынадай болып байқалады: спортшы жаттықтырушының уақытқа жауабы туралы хабарын ала отырып, старттық дабылды өте тез сезіну шапшаңдығын өзі бағалайды, жаттықтырушы бұдан соң уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, жаттығушыға алдын ала келісілген шапшаңдық сезіну тапсырмасы беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруына көмектеседі.
  2. Жалғыз қимыл жылдамдығы. Жалғыз қимыл жылдамдығы (семсерлесудегі үйрету, футболдағы доп тебу, баскетболдағы доп лақтыру т. б. ) спорт ойындарында, жеке сайыста жергілікті жаттығулар бұлшық ет жұмысы кезінде пайда болады және қолғалыс реакциясы шапшаңдығымен қатар тәрбиеленеді.
  3. Қимыл жиілігі. Циклді сипаттағы жаттығуларда қимыл жиілігі, жылдамдығы пайда болады. Қимыл жылдаммдығын тәрбиелеу үшін өте жоғары шапшаңдықта орындалуға болатын жаттығулар пайдаланылады. Бұл жағдайда шапшаңдығыңды дамыту үшін, аз қашықтыққа қатты жүргіру қажет[12] .

Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Төзімділіктің адам бойында қалыптасып, дамуы басқа да қабілет-қасиеттері сияқты, әр-қандай жас шамасында әр түрлі болады. Балалардың төзімділігін жетілдіруге арналған жүктеменің (денеге түсетін күштің) сипаты мынадай болу керек.

  • денеге түсетін жүктеме баланың күш-қуатына сай болуы тиіс, шамадан тыс берілген жүктеме организимді тез шаршатып, адамның қабілетін төмендетеді;
  • төзімділікті дамытуға арналған жүктемелерді міндетті түрде мұғалім немесе жаттықтырушы белгілеп беру қажет[17] .

Cпортпен, яғни денені шынықтыру жаттығуларының бір түрімен шұғылдану барысында төзімділікті дамыту үшін бірнеше арнаулы жаттығуларды орындау алға міндет етіп қойылады. Олар «ойналмалы жаттығулар» деп аталады. Мұндай жаттығулар бірнеше спорт жабдықтарында кезекпен орындалады. Мысалы 30 м қашықтыққа жүгіру, бір орныда тұрып, ұзындыққа секіру, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу міндетті кезекпен орындалатындықтан, адамды жалықтырмай, төзімділікті дамытады[18] .

Төзімділікті анықтаудың түзу және жанама деген екі әдісі бар Түзу әдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де, сол жұмыстың орындалған уақыты анықталады. Жанама жолмен төзімдігікті ұзақ қашықтыққа жүгіру уақыты немесе белгілі уақытта бір жұмысты орындаумен анықтайды. Төзімділіктің екі: жалпы және арнайы түрі бар. Жалпы төзімділіктің сипаты -спортшының ұзақ уақытқа жай, қарқынды, бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі. Арнайы төзімділігіктің: шапшықдық төзімділігі, күш төзімділігі, шапшаңдық күш төзімділігі, статикалық күш төзімділігі және аралас төзімділік сияқты көптеген түрлері бар. Жұмысты энергиямен қамтамасыз етуге аэробты, анаэробты және аралас деген төзімділіктің үш түрі бар[7] .

Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындау қабілеттілігін икемділік дейміз. Амплитуда дегеніміз - адамның жаттығуды орындағандағы дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа жеткізе орындаған қимыл-әрекеті. Мысалы, бала аяқтарын бірге қойды - бірінші шеткі қалып, аяқтарын жан-жаққа созып «шпагатқа» отырды - екінші шеткі қалып, қолдарын жоғары көтеріп шалқайды - бірінші шеткі қалып, қолдарын алақанымен, шынтағымен еденге жеткізе алдыға еңкейді - екінші шеткі қалып т. с. с. Икемділікті дамытудың негізгі амалы - созылу, керілу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарпайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т. с. с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін сабақтың барлық бөлімдеріне кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет, мәселен белгілі затты алу немесе бір затқа дене мүшелерін тигізу т. с. с. Мысалы, алға-төмен еңкею, омыртқа жүйесін созу жаттығуын орындаудың басында қолдың ұшын жерге тигізу, алақанды тигізу, шынтақты тигізу кезекпенен, бар мүмкіншілікпен әрекеті, созыла орындалады. Созылу жаттығуларын амплитуда орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Созылу жаттығулары тізбегінен кейін босаңсыту жаттығулары орындалады.

Икемділікті дамытудың негізгі амалдары: өзіңді ұстау, сыртқы көмек т. с. с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабақ бөліміне де кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет. Икемділіктің дамытудың әдісі-қайталау. Жаттығуларды ретті, сериялармен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет[13] .

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының қалыпты, дұрыс жетілуі де осы кезеңде қалыптасады. Сондықтан бала организмінің дұрыс жетілуін қадағалау біздің міндетіміз. Организмінің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан балалар сыртқы ортаның қолайсыздығына тез ұшырағыш келеді. Сондықтан баланың сүйегінің, буынының дұрыс әрі мерзімді жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ерекше мән беру керек. Бұлшық еттерінің қатаюы мен жүрек қан тамыры жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге үнемі ықпал жасап отыруымыз керек. Сондай-ақ, баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын, икемділігін, шапшаңдық, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға дене тәрбиесі мейлінше әсер етеді. Сондықтан бала дене жаттығуларын үнемі жасап тұруы керек. Таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулар бала денсаулығына өте пайдалы. Дене жаттығулары балалардың денсаулығын сақтап, нығайтып қана қоймай, дене пішінінің сұлу болып қалыптасуына да тікелей ықпал етеді[14] .

  1. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіндегі орны.

«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті», -деп елбасымыз айтқандай, бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі - түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы[16] .

Ұлттық ойындардың жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.

Этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ә. Диваев, С. Торайғыров, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, т. б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандары өте маңызды орын алады. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталды. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтар жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жасаған оты. Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы[24] .

Ұлттық ойындар - ата - бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

«Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық - Көк сандық», «Ақ сүйек» т. б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл -қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді[19] .

Ұлттық ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің құралы ретінде
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін тәрбиелеу
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz