Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі қимылды ойындар



Кіріспе
І .МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қимыл қозғалыс ойындарының процесі
1.2. Қимыл қозғалыс ойындарының шарттары
1.3. Қимыл қозғалыс ойындарының түрлері
ІІ ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАРДЫ ӘР ЖАС ТОПТАРЫНДА ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Әр жас топтарына сипаттама
2.2 Қимыл қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
2.3.Қимылды ойындарды өткізу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі-мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтау,нығайту,интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз етуі,олардың эмоциялық көңіл-күй жағдайын көтеруге қамқорлық жасау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» «Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту,олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап,нығатуды жүзеге асырады»-делінген.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңында» «Балаларды міндетті мектеп алды даярлау мәселелелері» туралы Қаулысы,оның ережесі және тұжырымдамасының ұсынылуы балалаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін Яяя.
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық жаттығулардячан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік -педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек деді.
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 1999.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы, Білім, 1997.
3. Мектепке дейінгі және мектеп жасыңдағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. Алматы. РБК. 1995 ж.
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-мәдени этникалық дамуының тұжырымдамасы. Алматы: Қазақстан, 1993, 30 б.
5. Қазақстан Республикасының “Тәлiм-тұжырымдамасы”, Алматы, 1993

6. Мухина В.С. Возростная психология. Москва, 1997.
7. Зигер В.К. К определению понятий и признаков, характеризующих физическую культуру //Очерки по теории физической культуры. -М: ФИС., 1984. -75 б.
8. Лесгафт П.Ф. Собранные педагогические сочинения.-Т.2. -М:Педагогика, 1962.-122 б
9. Жұмабаев М. Пидагогика . -Алматы: Рауан, 1992. -21 б.
10. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы: Білім, 1995. -113 б.
11. Нурлыбекова А.Б. Физическое воспитание дошкольников на современном этапе //Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию Независимости Республики Казахстан. -Алматы: 2001. -С. 273-279.
12. Мырзаханұлы Н. Педагогикалық валеология негіздері //Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2002. №11. -9 б.
13. Д.А. Фарбер., В.И. Козлова. Физиология развития ребенка. -М. Педагогика, 1983. -296 с.
14. Жаңабердиева К.А., Әділханов Ә.С., Қайым Қ. Салауаттану //Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2003 № 11. -55 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі-мектепке дейінгі жастағы
балалардың денсаулығын сақтау,нығайту,интеллектуалдық жеке басының дамуын
қамтамасыз етуі,олардың эмоциялық көңіл-күй жағдайын көтеруге қамқорлық
жасау.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Мектепке дейінгі
ұйымдар отбасымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен
оқыту,олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап,нығатуды жүзеге
асырады-делінген.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында Балаларды міндетті
мектеп алды даярлау мәселелелері туралы Қаулысы,оның ережесі және
тұжырымдамасының ұсынылуы балалаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең
өзекті мәселе екендігін көрсетеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін Яяя.
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды
орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық
жаттығулардячан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды
пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік -педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай
отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге
үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен
жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп
отыруы үшін ойын керек деді.
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор
оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты
себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан
жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс
бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін
қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: Адам неғұрлым жас
болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш отыра
алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді.
Адамның денесі мен ақыл-ойының  дамуына дене қозғалысы күшті әсер
етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы
нашарлайды және кешігеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл
қозғалыс ойындарын әртүрлі жас топтарында үйрету әдістемесін сипаттау болып
табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық ерекшеліктерін көрсету;
- қимыл қозғалыс ойындарына сипаттама беру;
- қимыл қозғалыс ойындарының ерекшеліктеріне тоқталу;
- әр жас топтарындағы қимыл қозғалыс ойындарына сипаттама беру;
- ойынның әдістемесіне тоқталу;
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Әр түрлі қозғалыс мазмұнындағы
қозғалмалы ойындар балалар серуенге, таза ауаға шыққан кезде күн сайын
орындалады. Ол ойындар балалардың қозғалыс белсенділіктерін арттырады,
көңіл-күйлерін жақсартады. Қозғалмалы ойындардың мазмұнына жүру, жүгіру,
секіру, өрмелеу, еңбектеу және басқа қозғалыс әрекеттері кіреді.
Зерттеу пәні: Қимыл –қозғалыс ойындарын әр жас топтарында өткізу
әдістемесі.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар. Әртүрлі жас топтары
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу әдістері:Бұл жұмыста негізінен
талдау,жинақтау,салыстыру,зерттеу ,топтасттыру әдістері қолданылады.

І .МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАРДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Қимыл қозғалыс ойындарының процесі
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі шартты қозғалыстарының
бірі.Қимыл қозғалыс ойындары ойынның ерекшеліктерінен туындайды.Әр түрлі
қозғалыс мазмұнындағы қозғалмалы ойындар балалар серуенге, таза ауаға
шыққан кезде күн сайын орындалады. Ол ойындар балалардың қозғалыс
белсенділіктерін арттырады, көңіл-күйлерін жақсартады. Қозғалмалы
ойындардың мазмұнына жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу және басқа
қозғалыс әрекеттері кіреді. Бұл ойындардағы қозғалыс белсенділігінің көп
болуы балалардың дене қасиеттерінің дамуына, жүрек-қан тамыры, тыныс алу
жүйелерінің қызметтерінің жетілуіне әсер етеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған 
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек
әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі 
баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.
Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор, деп
жазады Ж.Д. Демеуов бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтанда мектеп жасына
дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны
іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы
қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді.
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет
қозғалыс белсенділігі төмендейді.
Келесі ғалым А.Б. Нурлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру
сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және
ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен
дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін
(аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.
Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп
қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі
маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады .
Осы белгілерді негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарын балалар
арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық
пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары
сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде тексеруден өтеді.
Ұлттық ойындардың кейбір түрлері жаңа мазмұнға ие болып әрі қарай дамиды,
ал кейбіреулері тіпті жоғалып кетеді.
Қазақ халқы баланы туған күннен бастап денесін қимыл-іс әрекетке тартып
өсуіне мән берген. Баланың өсуіне қарай ұлттық дәстүрді енгізу мақсатында
мынадай жағдайды ескеру керек. Әр бала жеке тұлға екендігі, оның қабілеті
де әр-түрлі болып келетіндігі. Сондықтан қимыл-қозғалысқа үйрету барысында
жасаған дене шынықтыру әрекетіне қарай белсенді қимылдайтын бала және жай
қозғалатын балаларды ескеріп сабақ өткізу тиімді.
Денсаулықты қалыптастырып орнықтыратын және шыңдайтын дене жаттығуларын
екі үлкен топқа бөліп қарастыруды Н. Мырзақанұлы ұсынады ол жаттығуларды
біртектес және әртектес деп топтастырады. Бір тектес дене қозғалыстары
түрлері үздіксіз бір текті және тұйықталған әрекеттерді қайталайтын
қимылдар жүйесінен тұрады бұған: жүру, жүгіру, велосипед тебу, суға жүзу
т.б. жатады. Әр текті дене жаттығулары айырмашылығы олар қимыл-әрекеттерін
орындау үстінде жаттығу түрлері үнемі өзгеріп отырады оларға: гимнастикалық
жаттығулар, күрес түрлері, спорттық ойындарын жатқызады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын
ұйымдастыру ерекшеліктеріне  қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның
мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа
келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен
қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән
берілуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру,
секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау
түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды
қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды,
оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың
дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке
толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың
маңызы зор.
Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп бірнеше
рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу артып, жүйке
жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Қозғалыс барысындағы
жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген қажеттілік артады. Дене
шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күй жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді.
Дене шынықтыру нәтижесінде бала өзінің іс әрекетіне және топтық тәртіпке
үйреніп, оның ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп
қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Бала өмірінде белсенді қозғалыстар аз болса  гиподинамия белгілері
пайда болатындығы туралы К.А. Жаңабердиева т.б. авторлардың
Валеология,дене тәрбиесі және спорт атты еңбектерінде... Гиподинамия деп
бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады, бұл жағдай бала
аз қимылдағанда пайда болады. Ал қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден
асып кеткен жағдайда (ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылдану) -
гипердинамия пайда болады деп көрсетеді. Гипердинамия ағзаның қызметінің
қалыпты жағдайын бұзады себебі адамның жүйке-жүйесі, жүрек-қан, тыныс
жүйелерінің  қызметі мөлшерсіз еңбек барысында қалпына келіп үлгермейді де
олардың зорығуы байқалады.
Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігі мөлшерін реттеп дұрыс
ұйымдастырған жөн. Балалардың бұлшық еттері даму жағдайында болғандықтан
олар қимылсыз отыра алмайды, оларды ұзақ уақыт қимылсыз бір қалыпта
отырғызуға немесе тұрғызуға болмайды.
Мектеп жасына дейінгі балаға дене мүсінінің дұрыс қалыптасуын яғни
денесін түзу, тіке ұстауды, бала отырғанда, тұрғанда, жүргенде денесін тік
ұстауды әдетке енгізу қажет.
Дұрыс мүсін адамның ішкі ағза құрылымының жетілуін жақсартады. Дене
мүсінінің дұрыс қалыптасуы сүйек-бұлшық ет құрылысының дұрыс дамуына
байланысты. Қозғалыс тірегін дұрыс қалыптастыруды бала шақтан дағдыға
айналдырған тиімді болып келеді.
Дене шынықтыру жаттығуларының өзіндік мазмұны мен белгілі бір құрылысы
болады. Мазмұнға дене шынықтыру жаттығуы барысындағы механикалық,
биологиялық, психологиялық үрдістер кіреді. Осылардың әсерімен қимыл-
қозғалысқа әрекеттену жүгіру, адымдау, секірудің т.б. қорытындысы ағзадағы 
және денедегі  өзгерістерге әкеледі.
Дене шынықтырудың сыртқы құрылымы көзге көрінетін бейнесі, ол қозғалыс
сәтіндегі кеңістік, уақыт және күш қатынастарын көрсетеді.
 Мазмұн болмысқа қарағанда басты болып саналады. Мазмұнның өзгеруі
болмыстың өзгеруіне алып келеді. Мысалы: жылдамдықтың артуымен жүгірудің
техникалық орындалу жағдайы да өзгереді мысалы адымдау қашықтығы, денені
ұстау басқаша болады.
1.2. Қимыл қозғалыс ойындарының шарттары
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын
мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық,
құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында
балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-
жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек
ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды,
балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік
сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп,
қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан
(ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты
ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында
жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы
ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың
өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық
сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс
ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-
бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі
бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік,
аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа
мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының
тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында
есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық
ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін
ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі
қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда
сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері
жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді
пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен
тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер,
тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың
әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді,
батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік,
ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да
оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән
салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін
және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі
психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Ойын мектеп жасына дейінгі
баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың
бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады,
қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене
бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік
өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары
көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да,
жаман ойын- жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы
деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл
мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер
жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та
көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен
жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті
жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек
мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал
жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын. Баланың қуанышы
мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық
ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі
артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың
шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды
1.3. Қимыл қозғалыс ойындарының түрлері
Ойындар бала көңіл өзгертетін құбылыс.Осы ойындар арқылы баланың қимыл
қозғалыстары еркіндеп жақсы дами бастайды. Тақырыбы: Хан талапай. Ойынның
мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойынға қызығушылығын
арттыру.
Ойынның шарты: Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек.
Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін алып қызыл түске бояңдар. Осы асық
хан болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар.
Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып
жібереді. Сендер ханның қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер хан бүк,
шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала ханның түсуіне қарай жақын жатқан
асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-
бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.
Керекті құралдар: Асықтар
Қимылды ойындар зеректілікке, байқағыштыққа, зейінділікке, қиялдауға,
дұрыс сезімдердің дамуына мүмкіндік жасайды. Бала өзінің тең құрбылары
арасында олармен тең сезінуге тиіс.Ойындағы белсенді әрекет балалардың
күшіне деген сенбеушілікті,ұялшақтықты, жасқаншақтықты болдырмайды.
Қимылдарды дәлме дәл орындау батылдық,ептілік,тапқырлық,сенімділ ік
сезімдерін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орнын алуға көметеседі.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың доппен,шеңбермен,жіппен
секіру,тас лақтыру және басқа да заттармен ойнайтын көптеген қимылды
ойындарында ережені балалардың өздері белгілейді.Қай жағдайда болса да
келісім барлық ойнаушылар үшін заңды ереже болып табылады. Бұл
дәстүрлерлердің тәрбиелік мәні үлкен. Балалардың тәртіптілікке шақырады,өз
беттерімен келісе білуге,келісіп әрекет жасауға,көпшіліктің пікірмен
санасуға тәрбиелеуге көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі қимылды ойындар арқылы алуан түрлі
міндеттерді шешуге болатындығы көрсетеді.Ал ол үшін бұл ойындарды
балалармен күнделікті жұмыста кеңінен қолдану керек.
Қимылды ойындарды пайдаланған кезде дидактикалық
принциптерді:қолайлылықты,жүйелікті ,бірізділікті,белсенділікті,парасат тылықт
ы сақтау керек.
Ойындар,әрбір жас тобы үшін балалар қимылының басымдылық процесіне
қарай орналастырылады: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу.Мысалы: Аққу
қаздардеген ойында балаларға мынадай нәрселерді ескеру керек, қаздар
жайылып жүрген кезде шөп жұлып жейді, су ішеді.Осы қимылдарға еліктеп бала
еңкейеді, мойнын созады, басын артқа қарай шалқайтады т.б. Кішкентай топтың
балалары алғашқыда,негізінен балалардың қимылына жағдай жасайтын,
жүгіруге,секіруге, ынталандыру міндетін атқаратын ойындар ойнайды.Ал одан
кейін қимылдың сапасына талаптар қоятын ойындар
орналастырылған.Мысалы:алғашқыда балаларға сәл биіктен секіретін,одан кейін
бір орнында тұрып,екі аяқпен алға қарай жылжып секіретін ойындар беріледі.
Ересек балалар топтарында терең орларға,жоғарыға,жүгіріп келіп және
бір орнында ұзындыққа секіруге жаттықтыратын ойындар іріктеліп алынған.
Айналып тұрған секіргіш жіп арқылы секіреді.
Ересек балалар топтарында Кеглилер, Қар дөңгелектер және жүріп бара
жатқан нысанаға лақтыруға тапсырма беріледі. Мысалы: Аңшылармен мен
қояндар ойыны.
Қимылдық ойындардың бәрі,сайып келгенде балалар қимылының жеңіл де
әсем, батыл да сенімді болуына бағытталған.
Қимылдық ойындардың әсері көп жағдайда ойынның алдында қойылған
міндеттердің ауыр жеңілдігіне және ден күшінің дәрежесіне байланысты
болады. Ойын көп күш қуат жұмсауда талап етіп,бала организмін қатты жұмыс
істеуге мәжбүр етуіне қарамастан,олар әдетте қуанышты,жақсы көңіл күй
тудырады. Мұндай жағдайда олар тағы да ойнай беруді сұрайды, ал одан 
ересек балалар топтарында өз беттерімен де ойнайтын болады.
Ойындар топ ішінде де,далада өткізілгенде де тез қимылды қажет ететін
ойындармен алмастырып отыру керек.Жазда,ыстық күндерде,қимылды ойындар
көлеңкелі салқын жерлерде немесе орман шетінде өткізіледі.Қыста серуен
кезде,ойындарды жүгіру,секіру тәсілдері арқылы ұйымдастырып қимылға
мейлінше жағдай жасау керек: Позд, Торғай және автомобиль, Пятнашки
(доп ойынның бір түрі), Қар дөңгелектер, Мұз қалаужәне басқа қимылды
ойындар қыс кезінде ойналады.
Енді біз сіздерге кішкентай топқа арналған бірнеше қимыл қозғалысты
ойындарды көрсетеміз. Бұл ойындар балалардың ой өрісін кеңітіп,тілін
дамытуға көмектеседі. Оларды шапшаңдыққа, ептілікке, ұжымшылдыққа
тәрбиелейді.Есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Бұл ойындар  1-кіші Балапантобы балаларының көмегімен ойнатылып
көрсетіледі.Балалар залға саз әуенімен кіріп,би қимылдарының жаттығуларын
жасайды да қонақтармен амандасады.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей,бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.

 Сәлеметсіздер ме,апайлар!, деп амандасқаннан кейін ойындарға кіріседі.
 1.Ақсүйекойыны.    
Балалар шеңбер жасап тұрып өлең айтады да көздерін жұмады.Сол кезде
тәрбиеші қолындағы ақсүйекті алысқа лақтырып жібереді.Балалар көздерін
ашып,ақсүйекті іздеп тауып алады.

                                                   

Шеңбер құрып тұрайық,
Көзімізді жұмайық.
Лақтырылған ақсүйекті
Іздеп тауып алайық.
2.Шабандоз ойыны.       Ойынға қатысушы екі шабандоз бала, қамал ұстайтын
қыз бала керек. Басқа балалар өлеңін айтып тұрады.
Шабандоздар келеді
Астында аты желеді
Шауып келе жатып,
Орамалды іледі, -деген кезде қыз бала орамалды тастап жібереді. Қай
шабандоз орамалды бірінші алса,сол жеңген болады.
3.Төбетей ойыны.  Балалар шеңбер бойымен отырады.Бір бала қолына
төбетейін ұстап айналып жүреді де, кез келген бір баланың артына тастап,
қаша жөнеледі. Ал төбетей түскен бала оны қуады. Төбетейді тастаған бала
оның орнына отыру керек. Отырып үлгермесе айыбын (өз өнермен) төлейді.
                                                    Шеңбер құрып отырайық,
                                                    Төбетейді күтейік.
                                                    Түсіп қалса төбетей,
                                                    Иесін қуып жетейік.
3.Қоянға сәбіз бер ойыны.
Екі қоян орындықта отырады.3м қашықтықта тұрған екі баланың көзін
орамалмен байлап,қолдарына сәбіз ұстатады. Балалар сәбізді қоянның аузына
апарып салу керек. Көзі байланған балалар қоянның аузын таба алмай күлкілі
жағдайға ұшырайды.Ойын қызықты өтеді.
4.Теңге алу ойыны.
Шабандоздар сөреде дайындалып тұрады. Сөре мен мәренің арасында
теңгелер шашылып жатады.Шабандоздар теңгені жинап алып,мәреге жету
керек.Кім мәреге бірінші жетсе,сол жеңіске жетеді.
                                                   Шабандоздар -жігіттер,
                                                   Шапқан бойы сөреден,
                                                   Теңгені алып,төгіп тер,
                                                    Бір ақ шығар мәреден.
                                                   Ойында бұл тәсіл көп,
                                                    Кім мол алса теңгені-
                                                    Ептілігі басым боп,
                                                    Сол жігіттің жеңгені.

5.Торғайлар мен автомобиль Бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл - қозғалыс ойындары
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы ойынның қарым- қатынастың қалыптасуына ықпалы
Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесін оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылары
Пәндер