Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық құбылыс ретiнде



Мазмұны

Кiрiспе

Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеудiң
теориялық негiздерi.
1.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасылық топтар.
2.2. Жасөспiрiмдердi мектепте тәрбиелеудiң педагогикалық.
психологиялық негiздерi.

II. Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi . әлеуметтiк . педагогикалық
құбылыс ретiнде.
2.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi әлеуметтiк педагогтың
қызметi.
2.2. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасы мен мектептiң
ынтымақтастығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Кiрiспе
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi:
Жања ѓасырѓа аяќ басып отырѓан заманымызда ќоѓам м‰ддесіне сай лайыќты жан-жаќты жетілген ертењгі ќоѓам иегері боларлыќ азамат тєрбиелеп µсіру - отбасыныњ , балабаќшаныњ , мектептіњ , барша ж±ртшылыќтыњ міндеті болып отыр. Мектептегi және отбасындағы баланыњ, жасөспiрiмнiң мiнез-құлқын, адамгершiлiк қасиетiн, рухани құндылықтарын және тєрбиесінiң дұрыс қалыптасуына мектептегi педагогтар, әлеуметтiк педагогтар мен психологтар ќауымы , бала µмірініњ жања бастауы ретінде оныњ єлеуметтік ортаѓа бейімделу деп ќарастырды. Еліміздің нарықтық қатынастар кезкңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкүндіктерді мкетептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайта отырып жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiн дұрыс қалыптастыру және әлеуметттiк педагогтың жасөспiрiмдермен жұмыс жасауы терiс мiнез-құлықты болдырмауды қамтамасыз етедi. Жасөспiрiмдердiң тәрбиесiндегi терiс мiнез-құлқы, маскүнемдiкке, нашақорлыққа, дөрекiлiк, және т.б. мәселелерге байланысты педагогика саласында көптеген Қазақстандық ғалымдардың еңбектерiн бiлемiз. Алайда жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасының бiрлескен әлеуметтiк-педагогикалық ерекшелiктерiне байланысты зерттеулердiң жоқтығы, қажеттi зерттеу деңгейi арасындағы қайшылықтар бiздiң зерттеумiздiң өзектiлiгiн айқындайды.
Зерттеудiң объектiсi:
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасының бiрлескен әлеуметтiк-педагогикалық жұмыс жүйесi.
Зерттеу пәнi:
Әлеуметтiк педагогтар арқылы жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiн қалыптастыра отырып, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту.
Зерттеу мақсаты:
Қазiргi замандағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нәтижесiнде жасөспiрiмдердi тәрбиелеу жүйесiн қалыптастырудың әлеуметтiк-педагогикалық тиiмдi шарттарын анықтау.
Зерттеу болжамы:
Қолданылған әдебиеттер:
1. М.В.Шакурова “Методика и технология работы соцального педагога” Москва, Академия – 2004г.
2. Н.Ә.Назарбаев. Ауылға айырықша назар аударылады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. – Егемен Қазақстан. – 30 сәуір, 2002 жыл.
3. Керімов Л.К “Қиын жасөспірімдерді жеке – дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы” – Алматы, 2003. – 123б
4. Джаманбалаева Ш.Е Социальные проблемы девиантного поведения. Автореферат. – Алматы, 1996. – С. 3 – 23.
5. 17. Мудрик А.В Социальная педагогика М: Академия 2002
6. 18. Галагузова Ю.Н и др . Социальная педагогика. М. ВЛАДОС 2003
7. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведния. – Алматы, Қазақ Университеті, 2002. – 10с.
8. Первова И.Л. Асоциальное поведение детей и подростков.СПб: издателство Санг – Петербургского Университета, 1999. с. 60.
9. Аңламасова Г.А Мектеп оқушыларын адамгершілік негізінде тәрбиелеу. Тараз-2003ж
10. Нұсқабаев О. Мектеп-жас ұрпақты әлеуметтендіру институты. Алматы 1997ж
11. Асанов Ж.А. Оқушы оның дамуы және тәрбиесі. Алматы.1987ж
12. КерімовЛ.К. Қиын жасөспірімдерді жеке-дара қайта тәрбиелеу теориясы мен практикасы. Алматы 1992ж.
13. Л.В.Мардахаев “Социальная педагогика” М.2005г.
14. Василькова Ю.В. “Социальная педагогика”
15. Василькова Т.А. “Социальная педагогика”
16. Азаров Ю.П. “Семейная педагогика” Москва 1993г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе
Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеудiң
теориялық негiздерi.
1.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасылық топтар.
2.2. Жасөспiрiмдердi мектепте тәрбиелеудiң педагогикалық-
психологиялық негiздерi.

II. Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық
құбылыс ретiнде.
2.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi әлеуметтiк педагогтың
қызметi.
2.2. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасы мен мектептiң
ынтымақтастығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Кiрiспе
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi:
Жања ѓасырѓа аяќ басып отырѓан заманымызда ќоѓам м‰ддесіне сай
лайыќты жан-жаќты жетілген ертењгі ќоѓам иегері боларлыќ азамат
тєрбиелеп µсіру - отбасыныњ , балабаќшаныњ , мектептіњ , барша
ж±ртшылыќтыњ міндеті болып отыр. Мектептегi және отбасындағы баланыњ,
жасөспiрiмнiң мiнез-құлқын, адамгершiлiк қасиетiн, рухани құндылықтарын
және тєрбиесінiң дұрыс қалыптасуына мектептегi педагогтар, әлеуметтiк
педагогтар мен психологтар ќауымы , бала µмірініњ жања бастауы
ретінде оныњ єлеуметтік ортаѓа бейімделу деп ќарастырды. Еліміздің
нарықтық қатынастар кезкңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында
өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің
болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей
байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз
құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман
талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-
аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие
дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды,
рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет
етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан
халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-
білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің
барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға
қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны
қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі
тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология,
педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып
жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі
өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-
біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын,
құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр.
Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ
тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік
технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің
шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп,
үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп
тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке
толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай
туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың
өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа,
өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап –
тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері
мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса,
оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске
апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде
өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға
немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық
заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік,
басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының
мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкүндіктерді
мкетептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Мектеп
пен отбасының ынтымақтастығын нығайта отырып жасөспiрiмдердi тәрбиелеу
үрдiсiн дұрыс қалыптастыру және әлеуметттiк педагогтың жасөспiрiмдермен
жұмыс жасауы терiс мiнез-құлықты болдырмауды қамтамасыз етедi.
Жасөспiрiмдердiң тәрбиесiндегi терiс мiнез-құлқы, маскүнемдiкке,
нашақорлыққа, дөрекiлiк, және т.б. мәселелерге байланысты педагогика
саласында көптеген Қазақстандық ғалымдардың еңбектерiн бiлемiз. Алайда
жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасының бiрлескен
әлеуметтiк-педагогикалық ерекшелiктерiне байланысты зерттеулердiң жоқтығы,
қажеттi зерттеу деңгейi арасындағы қайшылықтар бiздiң зерттеумiздiң
өзектiлiгiн айқындайды.
Зерттеудiң объектiсi:
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасының бiрлескен
әлеуметтiк-педагогикалық жұмыс жүйесi.
Зерттеу пәнi:
Әлеуметтiк педагогтар арқылы жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiн
қалыптастыра отырып, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту.
Зерттеу мақсаты:
Қазiргi замандағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нәтижесiнде
жасөспiрiмдердi тәрбиелеу жүйесiн қалыптастырудың әлеуметтiк-педагогикалық
тиiмдi шарттарын анықтау.
Зерттеу болжамы:
егер мектеп пен отбасында жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiн
қалптастыруда әлеуметтiк-педагогиканың моделдерiн, әдiс-тәсiлдерiнiң
жүргiзiлу жолдарын анықтасақ және бұл жұмысқа ғылыми әдiстемелiк жүйе
құрылса онда отбасы мен мектептегi жасөспiрiмдердiң тәрбиесiнiң дұрыс
қалыптасуына қол жеткiзуге болар едi, өйткенi жасөспiрiмдердiң тәрбиелеу
үрдiсiн реттеу арқылы жасөспiрiмдiк кезең болатын тұлғалық, психикалық,
физикалық, жыныстық өзгерiстердiң дұрыс арнаға түсуiн қамтамасыз етуге
болады.
Зерттеудiң мiндеттерi:
• Жасөспiрiмдердi тәрбиелеудегi мектеп пен отбасының ынтымақтастығының
теориялық негiздерiн анықтау.
• Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасына байланысты
әлеуметтiк-педагогикада қолданылатын әдiстердi анықтау.
• Мектептегi жасөспiрiмдердi тәрбиелеу жүйесiнiң әлеуметтiк педагогикалық
моделiн жасау.
Зерттеу көздерi:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, қаулы-қарарлары,
әдебиеттер, мектеп құжаттары, философтар, педагог, психологтардың тәрбие
туралы ой-пiкiрлерi, тұжырымдамалары және т.б.
Зерттеу әдiстерi:
Жасөспiрiмдерге қатысты мектеп пен отбасында жүргiзiлетiн тәрбиеге
байланысты сауалнама жүргiзу, педагогикалық тұрғыдан бақылау, тәрбиеге
қатысты озық педагогикалық тәжiрибелердi талдау, мектептiң тәрбиеге
байланысты шығармашылық жұмыстарымен танысу.
Теориялық мәнділігі: Магистрлік диссертацияны зерттеу барысында
жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасына байланысты
педагогика және әлеуметтану саласының тарихы мен теориясын, педагогикалық
қырларын ашып, ғылымдағы алатын орнын саралау.
Практикалық маңыздылығы: Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндег мектеп
пен отбасы ынтымақтастығын нығайтатын әлеуметтiк-педагогика рөлiнiң
жоғарылығын және осы саладағы әлеуметтiк педагогтың қызметiн анықтау.
Күтілетін нәтиже: Жасөспiрiмдердiң тәрбиелеу үрдiсiн дұрыс және
нәтижелi қалыптастыру арқылы, жасөспiрiмдердiң бойында саналы тәртiптiң,
адамгершiлiктiң, отан сүйгiштiк және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру
мүмкiндiктерiнiң арта түсуiнiң қалыптасуы. Елмiздегi болашақ ұрпақтың
бiлiмiнiң, тәрбиесiнiң дұрыс қалыптасуы- мемлекетiмiздiң өсiп-өркендеуiнiң
және әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрден-бiр тiрегi болып табылады.

². Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеудiң
теориялық негiздерi.
Кез келген ғылым саласы нақты шынайылықтан бастау алады, оның мәнiн
ашып, ол туралы ақпаратты жүйелейдi. Алайда ғылыми теориялық бiлiм
практикалық iс әрекеттен тыс өздiгiнен дамый алмайды. Сндықтан ғылым мен
практикалық iс әрекет өзара үзiксiз байланыста болу керек. Кез келген ғылым
практикадан бастау алып отырады. Басқа жағынан қарағанда кез келген
тәжірибелік іс әрекеттің тиімділігі сол ғылымның жетістіктерінің ұлғаюына
негізделеді. Теория – тәжірибелік іс әрекетінің негізі ретінде, оны қайта
құруға әбден жетілдіруге, бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл теориялық
зерттеудің тәжірибелік іс әрекетінің дамуымен қатарлас жүріп отыруын
білдіреді.
Әлеуметтiк-педагогика туралы айтатын болсақ – бiз оның екi жақты өзара
байланысын нақты бөлiп көрсетуiмiз керек – бiрiншi, бұл саладағы ғылыми
теориялық бiлiм және өзара әлеуметтiк педагогикалық қызмет; екiншi
әлеуметтiк педагогиканың балалармен және нақты бiр баламен немесе балалар
тобымен, баланың өмiр сүретiн және дамыйтын және оның әлеуметтенуiне
көмектесетiн немесе тосқау жасайтын сол немесе басқа нақты орталармен
жұмысы. Басқаша айтқанда әлеуметтiк педагогиканы өзара үзiлмейтiн
байланыстағы ғылым ретiнде және тәжiрибелiк қызмет сферасы ретiнде бөлiп
көрсетуiмiз қажет. Осыған қоса, әлеуметтiк педагогиканы оқу пәнi ретiнде
қолдануға болады. Оқу пәнi – бұл кәсiби немесе жалпы бiлiм берудiң оқу
орындарында жүргiзiлетiн пән. Отбасында және мектепте баланың рухани
құндылықтарын, адамгершiлiк қасиеттерiн, қабiлетiн дамытуда ‰лкен ‰лес
ќосќан Қазақстандық педагог ѓалымдар: Сейдахметова .Л. , Байжанова. Ж. ,
Ќапенова, А.Д, Ќоянбаев . Ж, Ж±маханов: Є, Арѓынбаев .Х,
Бейсенбиева.К, Керімов. Л.К, Тєкібаева . А , Жарылѓасымова . К ,
Мейірханова . З, Ќ±сайынов, Ќожахметова К, Исаева .Г, М±ќанова Б,
Д‰йсенов .Є т.б. жатса , ал , орыс ѓалымдары : Кирьянова О.Г,
АфанасьеваТ.М, М.В.Шакурова, Ю.Н Галагузова, Ю.В. Василькова,
Л.В.Мардахаев, Ю.П. Азаров, А.В Мудрик т. б. зерттеді.
Ресейдегi әлеуметтiк-педагогиканың дамуы – ғылыми бiлiм ретiндегi және
кәсiби тәжiрибелiк қызметтiң сферасы ретiнде, оқу пәнi ретiндегi дамуының
өзiндiк ерекшклiктерi бар. Отандық ғылымдағы пеагогикалық тәжiрибеге
тереңiрек үңiлсек, әлеуметтiк педагогиканың дербес бiлiм ретiнде бөлiнуiн
педагогиканың классиктерi К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және тағы басқаларының
тәжiрибелiк қызметтерiмен еңбектерiнен табуға болады. әлеуметтiк
педагогиканың қалыптасуының ерекше мәнi, 20-30 жылдардағы отандық
педагогикалық ғылымның дамуымен байланысты. Бұл қиын уақыттағы әйгiлi
педагог А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.Н.Сорока-Рошинскийдiң қызметтерi
әлеуметтiк көмектi қажет ететiн балаларға көмектесуге бағытталды, шын
мәнiнде олар әлеуметтiк педагогтар болады.Олар ұйымдастырған қызмет балалар
станциясы, мектептегi және басқа да мекемелердегi әлеуметтiк педагогтың
тәжiрибесiн iске асыруы болды.
Нәтижесiнде ертеде айтылғандай 1990 жылы әлеуметтiк педагогика сөзсiз
жоғарыдан енгiзiлдi. Бұл әлеуметтiк педагогиканың ғылыми және тәжiрибелiк
сферасы бiр уақытта үздiксiз дамып отыруына әкелдi. Шын мәнiсiнде бұл
салада өзiндiк ғылым болмағандықтан, тәжiрибе ғылыми бiлмге сүйене алмады.
Бұл әлеуметтiк педагогиканың пән ретiнде қалыптастыруға да әсерiн тигiздi,
бұл да ғылымның дамуы мен әлеуметтiк педагогиканың тәжiрибелiк iс
әрекетiнiң қалыптасуымен бiрге болды. Қазiргi кезде әлеуметтiк
педагогиканың ғылыми пәнi туралы әртүрлi көзқарастармен пiкiр таластар,
сұрақтар туындайды. Бұл объективтi жағдайлар, әлеуметтiк педагогиканың
ғылым ретiнде дамуына кедергi фактор болып табылады. Брақта, ғылым
саласындағы тәжiрибелiк қажеттiлiктерге байланысты көптеген ғылыми ұжымдар
айналыса бастады.
Бүгiнгi күнi эмпирикалық және теориялық бiлiмнiң жеткiлiктi жиналуына
байланысты, оларды жүйелендiру мен жүзеге асыруды қажет етедi, және ғылыми
бағыттың приоритеттiн бөлiп көрсетуге мүмкiндiк бере отырып әлеуметтiк
педагогиканың интенсивтi дамуына жағдай жасайды, оның дербес ғылым ретiнде
дайындалуына, әлеуметтiк педагогиканың одан әрi дамуына отандық
педагогтардың еңбектерi мен жаңа позицияларын қайта оқып және қайта ойлануы
қажет – совет одағы кезеңiндегi, революция алдындағы. Шетелдiк тәжiрибенi
меңгерудiң өте маңыздылығы бар, бұл Ресейлiк шынайлыққа қолданбалы және оны
бейiмделу мақсатында.
Әлеуметтiк педагогиканың шетелдердегi даму тарихы.
Әлеуметтiк педагогика, педагогикадан салыстырмалы түрде жақын арада
бөлiнiп шықты. Брақта, педагогиканың өзi де тек қана ΧV²² ғасырда дербес
ғылым саласы ретiнде көрiндi. Бұл оқиға әйгiлi чех педагогы Ян Амос
Коменскидiң атымен байланысты және оның “Ұлы дидактика” атты данышпанды
шығармасы бұл ғылымның зерттеу пәнiн анықтады.
Негiзiнен педагогиканың тарихының тамыры тереңге кетедi, дербес ғылым
болмағандықта педагогика көптеген ғасырлар бойы философияның iшiнде дамыды,
адамның әлемдегi орнымен рөлiн, проблемаларын өмiрлiк мағынасын және жеке
адамның мәдениет пен дiндегi өнегелiк қалыптасуын зерттедi. Бұл мағынада
әлеуметтiк педагогика – педагогиканың өзiнен жас емес, өйткенi ол
педагогиканың бөлiнбейтiн құраушысы ретiнде оның саласында бiрге дамып
отырады. Осы себептен әлеуметтiк педагогтың тарихын зерттеушi ғалымдар оның
қайнар көзiн әйгiлi философия ойшылдарының классикалық трактаттарынан
табады.
Осындай бейнемен әлеуметтiк педагогиканың дамуын екi кезеңге бөлiп
қарастыруға болады.
Бiрiншi – бастапқы кезең, ескi дәуiрден ΧV²² ғасырға дейiн созылады.
Бұл әлеуметтiк педагогикалық ойлар мен педагогикалық тәрбиелеу тәжiрибесiн
қалыптастыруды ұғынумен байланысты. Осы кезеңде тәрбиелеудiң әлеуметтiк
құбылыс ретiнде қалыптасуы және оның стихиялық iс әрекетi сезiмдiк iс
әрекетке қаита ауысуына байланысты әртүрлi тәрбиелеу теориясы пайда болды.
Антикалық дәуiрден бастап баланың тәрбиесiне байланысты әлеуметтiк
педагогикалық ойлар айтылған. Мысалы; тәрбиелеудi ерте жастан бастау
керектiгi, тәрбиелеу үрдiсiнде баланың баланың табиғаты мен қоршаған
ортаның әсерiн ескеру, ата-аналардың және үлкендердiң беделiне сүйену
керектiгi туралы т.б. Қайта өркендеу кезеңiнде баланы тәрбиелеудегi
гуманистiк ойларды дамытумен байланысты болды. Бұл уақытта мынандай ойларды
жүзеге асырумен қатысты мысалы: Итальяндық педагог-гуманист Витторико Да-
Фельтренiң мектеп интернаттарының тарихындағы бiрiншi сипаттамалық атпен
“Дом радости” мектебiн құрды.
Екiншi кезең - ΧV²²- Χ²Χ ғ.ғ. - әлеуметтiк педагогиканың ғылым ретiнде
қалыптасуы және ғылыми концепциялар мен алдыңғы қатарлы ойлардың дамуымен
сипатталады.
ΧV²²² және Χ²Χ ғасырлар әлемдiк мәдениет тарихында буржуазиялық
демократиялық революция кезеңi ретiнде танылды. Бұл кезеңде танымалы
ғалымдар (педагогтар, философтар, әлеуметтанушылар, психологтар) әлеуметтiк
мәселелердi шешуде, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынас жолын iздедi.
Тәрбиелеу сұрақтарына байланысты, қоғамды жаңа ойлармен қайта құру саласы
және барлық адамдардың тең құқықтары мен бостандықтарын қарастырды.
Танымалы педагогтар тек қана ойларды айтып қоймай оларды тәжiрибе жүзiнде
iске асыруды, жетiм балаларға, қараусыз қалған балаларға, бала бақша,
мектептер құрды және басқа да әртүрлi проблемалары бар балаларға көмектесiп
отырды.
Χ²Χ ғасырдың соңында әлеуметтiк педагогика педагогикадан дербес ғылым
ретiнде бөлiнiп шығады. Бұл оқиға немiс ғалымдарының атымен байланысты
Адольф Дистервег, Гауля Наторп және т.б.
ΧΧ ғасырдың басында үшiншi кезең басталды – бұл кезең әлеуметтiк
педагогиканың дербес ғылым ретiндегi дамуы. Қазiргi уақытқа дейiн
ғалымдардың арасында әлеуметтiк педагогиканың басқа педагогикалық
ғылымдардың арасында қандай орын алатыны туралы пiкiр талас жүруде және
оның ғылым ретiнде немесе тек қана тәжiрибелiк iс әрекет саласы болып
табылама. Көптеген елдерде “педагогика” “әлеуметтiк педагогкиа” “әлеуметтiк
педагог” терминi мүлдем қолданбайды. АҚШ-тағы оқу орындарында студенттер
педагогиканың орнына философияның курсын оқиды, тәжiрибелiк бағыты
адамдарға көмек көрсету бұл әлеуметтiк жұмысқа қатысты. Белгияда әлеуметтiк
педагогика түсiнiгiне жақынырақ “ортопедагогика” терминi қолданылады.
Әртүрлi елдердiң тарихи және мәдени дәстүрлерiне олардың қоғамдарының даму
деңгейiне байланысты ғылым саласының сәйкс келетiн дамуы мен өзiндiк
терминология бар. Брақта оларды бiрiктiретiн жалпы проблемаларды
қарастырады. Олар баланы тәрбиелеу мен бiлiм беру, дамыту және қоғамдық
өмiрге қосу сияқты мәселелердi шеуде немiс педагогтары үлкен үлес қосты.
1844 жылы әлеуметтiк педагогика терминiне байланысты көптеген пiкiр
–талас туды. Бұл түсiнiктiң шығу жағыдайынан бастап қазiргi уақытқа дейiн
немiс әдебиетшiлерi оның екi түрлi трактовкасы қарастырылды (бұл ғылым
саласындағы әртүрлi тәсiлдердi анықтайтын). Бiрiншi – трактовкаға сәйкс
әлеуметтiк педагогиканың тәрбиелеу процесiнде, әлеуметтiк жақтармен жалпы
байланысы бар (К.Магер). Екiншi – тарктовкаға байланысты, бұл нақты
әлеуметтiк жағдайларға ұшырағандарға педагогикалық көмек көрсету (А.
Дистервег). Бұл тәсiлдердiң жақындықтарына қарамастан олардың әртүрлi
өзгешелiктерi бар. Бiрiншi жағдайдағы тәрбиелеудiң әлеуметтiк
аспектiлерiмен оған сәйкес мiндеттерi туралы сөз болады. Екiншiде
педагогикалық аспектiнiң қоғамдық дамуы мен оның мiндеттерi туралы.
Бiрiншi бағытты жүзеге асырушылар; К.Магер, П.Наторп (20 жылдары),
Е.Борнеманн, Ф.Шлипер (60 жылдары), Д. Пегелер (80 жылдары) және т.б.
К.Магер уақытынан бастап әлеуметтiк педагогиканың дамуының алғы шарттарын
адамды қоғамда, қоғам үшiн және қоғам арқылы тәрбиелеудiң құралдардын -
әдiстерiн қарастырады.
Әлеуметтiк педагогиканың танымалы өкiлдерiнiң бiрi Пауль Наторп (1854-
1924) әлеуметтiк педагогиканы жалпы педагогиканың бөлек аспектiсi ретiнде
қарастырады. П.Наторп адамзатың өмiр сүруiндегi негiзгi функцияларды қарай
отырып - әлеуметтiк педагогтың негiзгi үш функциясын ұсынды. Бiрiншi –
баланың жыныстық өмiрiмен байланысты, (отбасында және жақын арласатын
қоршаған ортада ашылады). Екiншi – жiгерлiк, мектепте қалыптасатын бiлiм
берудi жүзеге асыра отырып баланың эмоционалды, әлеуметтiк және моторлы
қабiлеттерiн дамыту. Үшiншi – парасаттылық, қауымдықта ашылады. П.Наторп
әлеуметтiк педагогиканы барлық жас адамдар педагогикасы деп ойлады және
оның мiндетi – жастарды ынтымақтастық пен жұртшылыққа тәрбиелеу болып
табылады.
П.Нартоптың ойын дамытуда осы бағыттың өкiлдерi, әлеуметтiк
педагогиканы интегративтi ғылым ретiнде қарастырды. Бұл қарым-қатынас
Борнеманның тактовкасы әлеуметтiк педагогикадағы – экономикалық
педагогиканы , емдiк педагогиканы және т.басқаларды бiрiктiретiн ғылым
ретiнде қарастырады. Оның мақсаты әлеуметтiк топпен әлеуметтiк қауымдағы
индивидуальды дербестiкке көмектесу және қоғамның мәдени және
гуманистикалық (адамгершiлiк) жағынан дамуына қамқорлық жасау. Әлеуметтiк
педагогикаға өзiнiң интегративтiлiгiне байланысты, тәрбиелеудiң барлық
сферасына енедi және педагогиканың принциптарының бiрi ретiнде көрсетiледi.
Екiншi тәсiл А.Дистервеганың еңбегiнде көрсетiледi.(40-50 жылы Χ²Χ ) Г.
Ноля, Г. Боймер (20-30 жылы ΧΧғ), К.Молленгауэра (50 жылдары) және т.б.
А.Дистервегтен бастап, бұл бағыттың өкiлдерi сол уақыттағы әлеуметтiк
сұрақтарға жауап беруге тырысады; Мысалы жұмысшылардың әлеуметтiк
қорғалмауы, халықтың бiлiм алуы, қамқорсыз қалғандарға көмек беру және т.б.

Герман Ноль (1874-1960) әлеуметтiк педагогтың мақсаты, отбасымен
мектептiң қандайда бiр себептерге байланысты өз функциясын орындай алмаған
жағдайда жедел көмек көрсету. Г.Нольдың идеясы П.Наторппен салыстырғанда,
нақтырақ және практикалық жағынан анағұрлым сенiмдiрек көрiнедi. Оның
идеялары 1922 жылы қабылданған “жастардың қайрымдылық қызметi” заңында
көрiнiс тапты – бұл германиядағы жастардың мектептен тыс тәрбиесiн
реттейтiн бiрiншi мемлекеттiк құжаты болды.
Гертруд Боймер, осы бағыттың өкiлдерiнiң бiрi болып табылады.
Басқаларға қарағанда ол әлеуметтiк педагогиканы принцип ретiнде емес
педагогиканы құраушы бөлiк ретiнде санады. Мектеппен отбасындағы тәрбиеге,
қатысты еместердiң бәрi әлеуметтiк педагогиканың мәселесi болып табылады
деп тұжырымдады.
Қазiргi уақытта әлеуметтiк педагогиканың және әлеуметтiк жұмыстың
кәсiби қызметтерiнiң ұқсастығы көп, сондықтан олар быңғай стандартпен
реттеледi. Әлеуметтiк педагогиканың басты қызметi балалар мен
жасөспiрiмдерге сапалы бiлiм беру, тәрбиелеу және отбасындағы, жеке
өмiрiндегi мәселелердi шешуге көмек көрсету.

1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасылық топтар.
Отбасылық тәрбие дәстүрi ғасырлар бойы салынып келедi. Платонның
кезiнен бiздiң уақытқа дейiн ғалымдар мен педагогтар адамның қалыптасуына,
оның ақыл – ойының, физикалық және рухани қабiлеттерiне, денсаулығы мен
моральдық принциптерiнiң дамуына отбасы күштi әсер етедi деп айтып келедi.
Өнегелi мнез-құлық, психикалық даму, тәрбие, қарым – қатынас, өмiрлiк
қондырғылар – бұлардың барлығы отбасында қалыптасады. Ата-ананың қандай
мәселенi шешуi, кiммен арласуы, не туралы айтылуының барлығы бала
тәрбиесiне әсер етедi.Сонымен баланың тәрбиесiне отбасы үлкен жауапкершiлiк
артады. Жасөспiрiм жасына дейiнгi кезеңде бала отбасының тiреуiнде болады.
Ата - аналар әр қашан өз әрекеттерiне баға беру керек, себебi олардың басты
тiреуi беделдiлiк болып табылады. Мектеп кезi жасында - бұл сүйiспеншiлiк,
жылулық бедел, ал есейе келе - бұл сыйласымдылық беделi болып табылады.
Беделмен баланы басып тастауға болмайды, оны аз мөлшерде берiп отыру керек.
Ата-ана баламен жиi қарым-қатынаста болса, баланы тануға мүмкiндiк
бередi. Жасөспiрiммен қиындау, себебi ата-аналық қамқорлық оның тез
қарқынды дамуының артында қалады, сөйтiп олар балаға, бала сияқты қарай
бередi. Дәл осы кезде ата-аналармен жасөспiрiмнiң қарым – қатынас
қалыптасады. Жасөспiрiм өзiне ерекше назарды, үлкен құрметтi, оны түсiнудi
талап етедi. Егер отбасында ол керектi құрметтi, назарды алмаса оның намысы
жәбiрленедi. Дәл осы жаста шиеленiс пайда болады, эмоция ақылдан асатын
болған жағдайда жасөспiрiмдi қиын қатынасқа әкеледi. Бұндай жағыдайда ата-
аналарға сабырлы болып, қызудың басылуын күтiп, тыныш атмосферада бәрiн
қарастыру керек.
Отбасындағы еңбек тәрбиесi баланың болашақтағы өмiрлiк қызметiн
айқындауға көмек бередi. Қоршаған адамдарға деген сақтық қатынас,
мейрiмдiлiк, қарым-қатынас және т.б. жанұядан қалыптасады. Отбасында
психологиялық климат деген ұғым бар. Бұл тұрақты эмоционалдық бағыт,
отбасындағы сүйiспеншiлдiк, түсiнушiлк балаға жағымды әсер етедi.
Әлеуметтiк педагогтоың отбасымен жұмыстағы басты мақсаты – бұл шиеленскен
жағдайдың шешiлуi. Отбасында болатын шиеленiске төтеп бере алу үшiн iшкi
күштердi мобилизациялау. Бұл үшiн, бiрiншiден, проблемаларды анализддеу
қажет. Екiншiден, мамандармен ақылдасу, үшiншiден, шиеленiстен шығудың
жолын табу. Қазiргi заманда тұрақты отбасын құру үшiн профилактика
шараларын қолдану керек. Брақ олар кәсiби оқулықтармен қамтамасыз
етiлмеген. Отбасымен жұмыс жасау кзiнде әлеуметтiк педагог кәсiби этикалық
принциптердi сақтай отырып отбасымен жүргiзiлетiн жұмыс туралы ешкiмге тiс
жармауы керек. Көптеген дамушы мемлекеттерге қарағанда, бiздiң елiмiзде
отбасын әлеуметтiк қорғау шаралары жоғарғы деңгейде жүргiзiлуде. Жергiлiктi
әкiмшiлiк органдары мен әр түрлi әлеуметтiк қорғау ұйымдарына, отбасын
қорғау туралы көзқарасымызды бiлдiру арқылы отбасының тұрақты болуын
қамтамсыз ете аламыз.
Отбасының қызметі – отбасы мүшелерінің өмірлік және күнделікті
әрекеттері. Сонымен қоғамда отбасы келесідей қызметтер атқарады:
• Халық санын көбейту – оған балалы болу және оларды азамат етіп шығару
кіреді. Қазіргі заманда баланы психикалық түрде қажет ету керек, ол
өзін сүйген адамнан болуы керек, сондай-ақ балалармен өткізіп, немере
сүйіп, ұрпақ жалғастыру қажеттігі туындайды.
• Шаруашылық және тұрмыстық – отбасының өзінің жеке бау-бақшасының,
шаруашылық қызметінің болуы және оларды бірлікте күту, тұратын үйлерін
күту, отбасылық бюджетті қалыптастыру және оны орынды жұмсау.
• Тәрбиелік – ата-ананың өз балаларына рухани, саяси, отбасылық,
эстетикалық тәрбие беруі.
• Қамқорлылық – отбасы мүшелелері бір-біріне және кәрілерге қамқорлық
көрсетуі керек, балалары есейгеннен кейін ата-аналарына қамқор болуы
және кәрілік өмірлерін мәнді өткізуге қызмет етуі керек. Барлық отбасы
мүшелерінің бақытты және дені сау болуын қамтамасыз ету керек.
• Ұйымдастырушылық – отбасы мүшелері болып бос уақыттарын тиімді
ұйымдастыру және пайдалану қызметі.
Отбасы мүшелерінің өзінің қабілеттері мен талаптарын көркем
өнерпаздыққа, рухани құндылықтарын ұтымды пайдалануға, қолайлы демалуды
қамтамасыз етуге қызмет етуі керек. Қазіргі таңда отбасы қызметтерінің
мұндай жіктелуіне барлық адамдар қолданбайды. Ресей әлеуметтанушылары
Василий Рясенцев және Генннадий Свердлов отбасы функциясының ең бастылары:
ұрпақты жалғастыру, тәрбие, шаруашылық және өзара көмек деп атайды.
Отбасына ерекше рухани білімге айналдыратын қарым-қатынастар жүйесі
туралы не айтуға болады. Осының бәрі табиғи түрде қабылданып, отбасының
өзегін құрайды. Жақсы отбасы – адамдар бақытының ең бір басты компоненті.
Қоғамға да жақсы, мықты және сау отбасылар қажетті. Отбасының құрылуы
некеге отыру құқықтарымен реттеліп отырса да ең басты рольді мораль алады.
Бұл жерде некенің көптеген жақтары адамдардың рухани ұятымен бақыланып,
реттеліп отыратынын атап өту керек. Ойланған және жақсы жоспарланған неке
сәтті болады. Кейбір некелер өмірде дерлік есеппен болады. Неке дегеніміз -
әйелдер мен еркектер арасындағы тарихи қалыптасқан, санкцияланған және
қоғаммен реттеліп отыратын қарым-қатынастар формасы. Олардың өзара және
балаларына, ата-аналарына деген құқықтары мен міндеттері тағайындалып
отырады.

1.2. Жасөспiрiмдердi мектепте тәрбиелеудiң педагогикалық-
психологиялық негiздерi.
Мектеп әлеуметтiк- педагогикалық ашық жүйе ретiнде.
Социумдағы адамгершiлiк қарым-қатынастың қалыптасуы - әлеуметтiк
педагогикалық қызметтiң негiзгi рухани дағдылар мен мақсаттары болып
табылады. Адамгершiлiк бағыты қазiргi кездегi концепциялардағы тұлғаның
әлеуметтенуiнiң ерекшеленген белгiсi болып табылады: холистикалық мектептiң
педагогиканың концепцялары, ұқыптылықты дамытудың интеграцияланған
концепциялары, әлеуметтiк тәрбиелеу концепциялары “Школа микрорайон” және
т.б. Қазiргi заманның концепцияларының көпшiлiгiнде мектеп ашық гуманды
жүйе ретiнде көрсетiледi.
Мектеп оқушылармен жұмыс жасауда, олардың тұлғааралық және топаралық
қатынастардың дамуы, диалог және әртүрлi сенiмдердi иемденетiн көп
функционалды сипаттамада болады: тiкелей мағынада күнi бойы балалар мен
үлкендерге ашық – олар мұнда қалаған уақыттарында келуiне болады.
Мектеп өмiрiмен және барлық әлеуметтiк институттар мен отбасы, өндiрiс,
мәдениағартушылық ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен, жергiлiктi атқарушы
билiкпен және тағы басқалармен, жергiлiктi атқарушы қатынастарын нығайтуда
және кеңейту тенденциялары байқалады. Мектептегi ең негiзгiсi – баланы
оқыту мне тәрбиелеу ауыртпалығы адамдардың қызметiнiң шығармашылық бағытына
ауысады: мектеп баланың тұлғалық дамуына барлық керектi жағдайды жасайды.
Мектеп құрылымында жаңа тәрбиелеушiлер (мұғалiмдер) пайда бола
бастайды. Әлеуметтiк педагогтардың қызметi тұлғамен отбасының қоғамдық
институттардың кез-келгенiмен байланыстылығына негiзделедi. Әлеуметтiк
педагог балалардың жасөспiрiмдер мен жастардың әлеуметтену процесiне
мақсатталған және “үшiншi жақтағы” делдал, қағам мен тұлға арасындағы
жалғастырушы звено ролiн атқарады.
Мектептiң көптеген варианты құрастырылған, оларға ең бастысы болып ата-
аналардың мәдениетi мен мұғалiмдердiң қабiлетiн жоғарлату және социумда
мүмкiндiгiнше қолдану, балалармен ата-аналардың қоғамға бiрiккен пайдалы
мәдени демалыс қызметтерiн ұйымдастыру. Адамгершiлiк мектебiнiң принциптерi
келесi қызметтен құралады: балалық шақты байыту; балаға қарсы әр түрлi
зорлық-зомбылықтардың жоқ болуы демократиялық адами қарым-қатынастың бiр
түрi серiк болу; балалардың бостандықты қалауы; оқытушы мен оқушының жан-
жалсыздығы; өзара көмектесуге, сабырлыққа, қуануға деген оптимистiк көңiл
күйге икемдесу; ата-аналар мен әлеуметтiк ортаның тығыз байланысы,
оқушыларды әлеуметтiк жаупкершiлiк пен бiрлiкке тәрбиелеу, өз-өзiн
басқаруға және өз-өзiн тәрбиелеуге үйрету; әлеуметтiк бейiмделу мен кәсiби
бағдарға көп бағдармалар алынды. Осы орайда немiс педагогтарымен жасалынған
“толық мектеп” атты проектiсi сөзсiз қызығушылық танытты. Мектептiң
күнделiктi өмiрiне барлық оқу-тәрбие процесiнiң адамгершiлiк ортасына
айтарлықтай өзгерiстер енгiзу басты тапсырма болып табылады. Мектеп балалар
үшiн төзiмдiлiк пен ынтымақтастық, тыныштық пен қуаныш әлемi болуы тиiс.
Оның барлық рухани және әлеуметтiк климаты, тұлғаның өзiн дамытуға жағдай
жасауы қажет, оның болашақта планетамызда экологиялық тұрғыдан қорғау және
өмiр сүрiп жатқан әлемiмiздi нығайтуға, бостандықты сүйгiштiк пен
демократиялық қоғамды құруға дайын болуын қалыптастыру.
Нақты бiлiм беру тапсырмалары мынадай мiндеттердi өзiне кiргiзедi:
танымның ақиқатқа деген махаббаттың, ойлау икемдiлiгiнiң, бiлiммен
қарулануының, бiртұтастықтың принцип позициясының iскерлiгi мен
дағдыларының, ойлауда, сезiмдерде және әреккеттерде бейнеленген субъектiнiң
неғұрлым толық дамуы; адамның физикалық және рухани денсаулығына деген
қамқорлық; спорттық, әлеуметтiк, көркемдiк, интелектуалдық және этикалық
қабiлеттерiнiң үйлесiмдерi дамуын; өмiрде табиғатпен үйлесiмде,
белсендiлiктiң дамуы бос уақытты пайдалы өткiзуге даярлық т.б.
Әлеуметтiк педагогтың жұмысының нәтижесi мектептегi балалардың
шығармашылық рухының өсу жетiстiктерiнiң кепiлi, көрсетлген тапсырмалардың
орындалуы болып табылады. Әлеуметтiк педагогикалық процестердiң маңызды
компонентi ретiнде, оқушының өзiнiң дамуы мен өсуiне талаптануымен
анықталады. Мектептегi рухани шығармашылықтарды дамыту. Мұнысыз жақсы деген
әдiстердiң өзi шектеулi болып қалуы мүмкiн. Педагогикалық процестiң маңызды
компонентi ретiнде оқушының дамуға және өсуiне деген ұмтылысы қарастырылады
мектеп осы тенденцияны оптималды қылу үшiн барлық амалдарды қолданып көмек
көрсетуi қажет. Мұндай жағдайларда қалыптасқан тұлға өмiрдiң iшкi және
сыртқы тұтастығын жақсырақ қамти алады және оны өз ойы арқылы, сезiмi,
әрекеттерiнде көрсетедi. Осының арқасында тұлға өмiрге, қазiргi заман
талаптарына сай жақсырақ дайын болады. Оқытудың жоғарғы сапалылығына
бағытталған мектептердегi жақтаушылардың пiкiрiнше ақыл-ойдың емiн еркiн
дамуының кiлтi, мақсатты құрулар арасындағы бар қарама – қайшылықтарды
жеңу болып табылады. Креативтi дамитын мектептер балалардың шығармашылық
бiлiм сапасын жоғарлауына себепшi болады. Нәтижесiнде оқу тәрбие процесi
гумандық бейне алады, оқулықтар оқушыларға индивидуалдандырылған сабақтарды
жеңiлдетедi. Бiлiмнiң мазмұнына келетiн болсақ, онда бiртұтас мектеп
мемлекеттiк ұсыныстардан бастартпайды, брақ өзiнiң ерекше акценттерiн
қояды. Ол оқушыларға оқушыларға оқудың жоғарғы деңгейiндегi қосарланған
квлификация алуына мүмкiндiк бередi. Оқу бағдарламасына өзектi әлеуметтiк
саяси тақырыптар кiредi, онда жер планетасында өмiрдi сақтау, экологиялық
проблемалар адамдардың денсаулығы сияқты көптеген сұрақтар көтерiлген. Оқу
процесiнiң және оқу әдiстерiнiң ұйымдастырылған формаларының санына
авторлар жобалық оқуды кiргiзедi. Жобаны жүзеге асыруда мұғалiмге көп көңiл
бөлiнедi. Одан кәсiби шеберлiк, жан-жақты қабiлеттiлiк балалардың өз
жұмыстарына деген махаббат педагогикалық такт, шыдамдылық немесе көптеген
басқа қасиеттер талап етiледi. Педагог функциясына сонымен қатар мектеп
және одан тыс өмiрдi ұйымдастыру, мектепте сыныпта серiктес болу, әртүрлi
мейрамдар, шығармашылық кештер, саяхаттар ұйымдастыру жұмыстары кiредi. Шет
елде қоғамдық мектептер бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында Англиада, АҚШ-
та пайда болды және халықтың әлеуметтiк қорғаусыз қалған бөлiгiнiң
қызығушылықтарын бiлдiру және өз-өзiн жүзеге асыру үшiн қолданған.
Қоғамдық мектептердiң мынандай қасиеттерi бар: мектеп пен қауымның
арасындағы керi байланысты ұстап тұру; әдiс-тәсiлдердi өзара бөлу; қауым
мүшелерiн мен бөлек шешiм қабылдауға шақыру. “Школа микрорайон” атты Ресей
әлеуметтiк тәрбиелеу концепциясы әртүрлi мектеп комплекстерде, әлеуметтiк
педагогиканың және мәдени орталықтарда жүзеге асырылады.
Аумақтық әлеуметтiк педагогикалық қызымет көбiнесе ата-аналарға
мектептен тыс жұмыстарға бағытталған. Олар балалардың және жасөспiрiмдердiң
бос уақыттарын падалы өткiзу шарттарын жасайды, қызығушылықтарын қорғайды,
әртүрлi жан-жал мен қиындықтардың алдын алады және шешедi, қамқорлықты
қажет ететiн балаларға жәрдемдеседi. Әлеуметтiк педагогтың қол астында
әртүрлi жастағы балалар мен жасөспiрiмдер топтары және олардың ата-аналары
– бұл түрғылықты жерiне байлансты 2-3 отбасының ұжымы, олардың ортақ
қызығушылықтары мен жұмыстары мен бiрiккен. Сынып жетекшiлерiнiң балаларға
деген әлеуметтiк қамқорлығы арнайы бағдарлама шеңберiнде жүзеге асады: “
Денсаулық және рухани даму ”, “Қиын бала” ,“Отбасы және бала”.
Психологиялық қызмет оқу – тәрбие процесiне психологиялық көмек көрсетедi.
Оқудың тиiмдiлiгiн және қажеттiлiгiн жасап шығарады, оқушының психологиялық
дамуын және қызығушылықтарын қарастырады, кризистiк жағдайларда
психотерапиялық көмек көрсетедi. Меициналық – валеологиялық қызмет
оқушылардың денсалығымен физикалық жағынан дамуын қарастырады және
түзетедi, оқу процесiнде санитарлық гигиеналық жақтарына көңiл бөледi,
профилактикалық iс шараларын өткiзедi, салауатты өмiр салтын мәдениетiн
қалыптастырады. Жалпы әлеуметтiк – педагогикалық қызымет кешенi балаға
қамқорлық жасау климатын орнатумен айналысады.

II. Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық
құбылыс ретiнде.
Жасұрпақтың жан –жақты дамуын, олардың бойында қоғамдық талаптар
алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға,техникаға, өнерге
ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы
қоғамдық өмірге даярлау мектептің оқу – тәрбие процесінің басты міндеті
болып табылады.
Әлеуметтену ұғымы ХIХ ғасырда енгiзiле бастады. Оны Ф.Г.Гидденсс 1887
жылы “әлеуметтенудiң теориясы” атты еңбегiнде алғаш жазған. Гидденсс; “
Әлеуметтену индивидтiң әлеуметтiк табиғаты мен мiнез-құлқының дамуы адамның
әлеуметтiк өмiрге дайындығымен бақылады”. ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейiн
ғалымдар көбiнесе бала және жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi туралы зерттеп
отырды.
Бiрiншi көзқарас – субъект, объектiлi қарым-қатынасындағы көзқарас.
Қоғам ықпал ететiн субъект, адам ықпалданатын объект.
Екiншi бағыты – адам қоғамда бейiмделушi. Бұл көзқарасты Э.Дюркгейм мен
Парсонс енгiздi.
Үшiншi көзқарас – субъект және субъект көзқарасы. Адам әлеуметтенуде
белсендi рөл атқарады өзгертуге де мүмкiндiгi бар (Кулей Мид).
Нақты қоғам жағыдайында – адамның бейiмделуi мен оқшаулануын айтады.
Бейiмделу – “субъектпен әлеуметтiк ортаның өзара белсендiлiгiнiң процесi
және нәтижесi” (Пиаже Мертон) немесе индивидтiң әлеуметтiк тiрi жан ретiнде
қалыптасуының үрдiсi және нәтижесi. Әлеуметтенудегi келесi бiр ұғым –
оқшаулану, бұл адамның қоғамда автономиялану прцесi. Сонымен оқшаулану
дегенiмiз адам жеке тұлғасының қалыптасу процесi мен үлгiсi нәтижесiнде.
Баланың әлеуметтенуi - өте ұзақ және күрделi процесс. Кез-келген қоғам
өзiнiң даму кезеңдерiнде белгiлi бiр әлеуметтiк және өнегелiк
құндылықтарды, өзiндiк идалдарды, жүрiс тұрыс нормалары және ережелерi
жүйесiн дамытады. Өйткенi әрбiр бала осы нормалар мен ережелердi қабылдап
меңгеру арқылы қоғамның белгiлi бар мүшесi бола алады. Ол үшiн қоғам сол
немесе басқа түрде әр қашанда тұлғаға тәрбие және бiлм беру арқылы жүзеге
асырып мақсатты түрде әсер етедi. Басқа жағынан қарағанда оның қалыптасуына
қоршаған өмiрде болып жатқан әр түрлi стихиялық және аяқастылық процестер
әсер етедi. Сондықтанда мұндай мақсатты және стихиялық әсер етулер әр
қашанда қрғамның қызығушылықтарына жауап бермейдi. Қоғам өзiнiң құрылымы
бойынша әр жақты өзара байланысты және өзара әрекеттенушi әлеуметтiк
институттардан тұрады. Олар арқылы баланың қоғамдағы жүрiс-тұрысын,
нормаларымен ережелерiн меңгеру процесi жүредi. Дегенмен баланың
әлеуметтенуiндегi әр түрлi әлеуметтiк институттардың рөлдерi бiрдей емес.
Бұлардың бiрi балаға оның даму процестерiнде және әлеуметтiк қалыптасуына
стихиялық әсер етсе, басқалары оның тұлға болып қалыптасуына мақсатты
бағытталған функциясын орындайды. Мұндай әлеуметтiк институттарға отбасы,
бiлiм беру, мәдениет және дiн жатады.
Баланың әлеуметтенуiндегi ең маңызды институт – отбасы. Отбасы арқылы
бала негiзгi әлеуметтiк бiлiмдi, бiлiк пен дағдыларды меңгередi және осы
қоғамдағы өмiрге керектi құндылықтар мен идалдарды (мақсаттар) қабылдайды.
Баланың әлеуметтенуi үшiн келесi бiр маңызды институт – бiлiм. Бiлiм
арқылы бала сол қоғамда үстемдiк жасайтын негiзгi құндылықтарға қатысады.
Бiлiм алу процесiнде ол тек дамып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы
өмiрге бейiмделедi.
Мәдениет – бұл өзiне, адамзат жасаған материалдық және рухани
құндылықтарды кiргiзетiн әлеуметтiк институт. Баланың әлеуметтенудегi
мәдениеттiң рөлiн айта отырып, бiз әйгiлi ғалым, орыс дiн философиясының
зерттеушiсi П.А. Флоренскийдiң сөзiне сүйенемiз оның айтуы бойынша:
мәдениет бұл “тұлғаны қоректендiретiн және өсiретiн орта”, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік - педагогикалық атқаратын рөлі туралы
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫ
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Деструктивті мінез құлық
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Пәндер