Эмбриология



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а)Прогенез.Сперматозоид пен овоциттің құрылысы
ә)Ұрықтану
б)Ұрықтың даму кезеңдері
в)Ұрықтан тыс мүшелер
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Эмбриология — адам онтогенезінің бір бөлігі ретінде адамның эмбрионалдық дамуын зерттейтін ғылым "Эмбриология" термині гректің "em brio — қабықшаларда" деген сөзінен шыққан. Медициналық эмбриология адамның эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын, оның ауытқуларының себептерін, сыртқы ортаның ықпалын, эмбриогенезді реттеу механизімін зерттейді. Ақырғы жылдарда мед.эмбриология экстракорпоралды ұрықтандыру және ұрықтың дамуы мәселелерін де қарастырады. Кейінгі жылдарда медициналық эмбриология бедеулікпен күрестің бір жолы болып табылатын экстракорпоральдық ұрықтандыру және ұрықтың даму мүмкіндіктерін де зерттеуде.
1. Ажаев С.А. Гистология-1 (екі бөлімді оқулық). І бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы.- Түркістан: «Тұран», 2011.
2. Ажаев С.А., Үмбетов Т.Ж. Гистология-1(екі бөлімді оқулық). ІІ бөлім: Жалпы гистология.- Түркістан: «Тұран», 2010.
3. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология : Оқу құралы- Алматы: Кітап, 2007.
4. Нұрышев Мұхит. Гистология және эмбриология негіздері: Оқулық- Алматы : Карасай, 2007.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Эмбриология

Жоспары:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а)Прогенез.Сперматозоид пен овоциттің құрылысы
ә)Ұрықтану
б)Ұрықтың даму кезеңдері
в)Ұрықтан тыс мүшелер
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Эмбриология -- адам онтогенезінің бір бөлігі ретінде адамның эмбрионалдық дамуын зерттейтін ғылым "Эмбриология" термині гректің "em brio -- қабықшаларда" деген сөзінен шыққан. Медициналық эмбриология адамның эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын, оның ауытқуларының себептерін, сыртқы ортаның ықпалын, эмбриогенезді реттеу механизімін зерттейді. Ақырғы жылдарда мед.эмбриология экстракорпоралды ұрықтандыру және ұрықтың дамуы мәселелерін де қарастырады. Кейінгі жылдарда медициналық эмбриология бедеулікпен күрестің бір жолы болып табылатын экстракорпоральдық ұрықтандыру және ұрықтың даму мүмкіндіктерін де зерттеуде.
Медициналық эмбриология морфогенездің сипаттауын ғана зерттеумен шектелмейді, ол организмнің, оның бөліктерінің қызметтерінің қалыптасуын, даму үрдістерінің биохимиялық негізін де қарастырады.

1. Сипаттамалық эмбриология - қарапайым бақылаудың және сипаттаудың көмегімен ұрықтың қалыпты дамуы туралы мәліметтердің кеңеюіне көмектеседі.
2. Эволюциондық эмбриология фило- және онтогенез барысында организмдердің эволюциялық өзгерістерін зерттеп, жалпы заңдылықтарды анықтайды және алынған мәліметтерді адам эмбриогенезімен салыстырады.
3. Экспериментальды эмбриология адам эмбриогенезін түсіну үшін тәжірибелік әдістерді қолданады.
4. Биохимиялық эмбриология -- ұрықтың дамуын биохимиялық тұрғыдан қарастырып, эмбриогенездің реттелуінің химиялық факторларын анықтайды.
5. Гистологиялық эмбриология -- ұрықтың дамуының морфологиялық ерекшеліктерін тіндік, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде зерттейді.
6. Патологиялық эмбриология - адам ұрығының дамуының ауытқуларының этиологиясын, патогенезін және алдын алу шараларын қарастыратын медико-биологиялық бағыт. Эмбриологияның бұл саласы ауытқулар туралы ғылым - тератологиямен тығыз байланысты, өйткені ауытқулардың пайда болу себебін тек эмбриогенездің заңдылықтары негізінде ғана түсінуге болады

Сперматозоид
Оның басы, құйрығы бар, ұзындығы 60-70 мкм болады. Каудальды бөлігі өз кезегінде байланыстырушы, аралық, басты және дистальды болып бөлінеді.
Сперматозоидтың ядросының алдыңғы бөлігінде, цитолемманың астында Гольджи кешенінің туындысы және лизосомаға ұқсас акросома орналасады. Оның мембранасы алдынан цитолеммаға, ал артынан ядроға түйісе орналасқан. Акросоманың құрамында овоциттің мөлдір қабықшасының құрамына кіретін заттарды ыдыратын белсенді заттар (гиалуронидаза, протеазы, гликозидаза, липаза, нейраминидаза, фосфатазалар т.б. 10-12 әртүрлі ферменттер) болады.

Овоцит
Адамның жұмыртқажасушасы дөңгелек пішінді. Оның диаметрі шамамен 130 мкм. Құрамында 23 хромосома бар, оның бірі жыныстық Х- хромосома. Электрондық микроскопиялық зерттеулерде овоциттің цитоплазмасында митохондриялар, Гольджи кешені, жақсы дамыған гранулярлық және агранулярлық эндоплазмалық торлар, сондай-ақ трофикалық (вителлин, липид түйіршіктері) және пигменттік қосындылар анықталады. Жұмыртқажасушаны сыртынан плазмалық мембрана қаптап тұрады. Оның астында қалыңдығы 2- 3 мкм болатын цитоплазма қабаты орналасады. Цитолеммамен қосып оны кортикальды қабат деп атайды. Кортикальды қабатта құрамында әртүрлі ферменттері (овопероксидаза, мысалы, ұрықтанудан кейін жарқырауық қабықшаның қасиетін өзгертеді) бар кортикальды түйіршіктер анықталады. Кортикальды қабат жасушаның құралуында және ұрықтануында маңызды қызмет атқарады.

Сперматогенездің овогенезден айырмашылықтары

Ұрықтану
Ұрықтану - аталық және аналық жыныс жасушаларының бірігуінің нәтижесінде бір жасушалы организмнің - зиготаның пайда болу үрдісі, ол жатыр түтікшесінің ампулярлық бөлігінде өтеді. Ұрықтанудың алдында жатыр түтікшесінің өнімдерінің ықпалымен белсендіріледі. Бұл құбылыс капацитация деп аталады. Капацитация кезінде спермия цитолеммасының ақуыздық құрамының келелі өзгерістері өтеді, кейбіреулері жойылып, кейбіреулері модификацияланады. Бұл өзгерістер кейініректе өтетін акросомалық реакцияның өтуі үшін маңызды. Сонымен қатар сперматозоидтардың белсенділігі артады, қимылдау қабілеті жоғарылап, олардың нұрлы тәж және жарқырауық қабықшадан өту мүмкіндігі пайда болады.

Ұрықтану
Сперматозоидтар жұмыртқажасушаға ұрықтандырудан кейін 2 сағаттан кейін жетіп, оны қоршай орналасады. Қылшықшаларының синхронды қозғалысының нәтижесінде жұмыртқажасуша айнала бастайды. Сперматозоидтардың нұрлы тәждің фолликулярлық жасушаларымен байланысы іске асырылысымен акросомалық реакция - акросомадан ферменттердің бөлінуі - басталады. Акросомалық реакцияның морфологиялық көрінісі акросома мембранасының цитолеммамен бірігуі болып табылады.
Жарқырауық қабықшаға бекігеннен кейін акросоманың ішкі мембранасымен байланысқан ферменттер сперминнің бекіген азғантай ғана жерін еріте бастайды. Сперматозоидтың құйрығының қимылы оған жарқырауық қабықшадан 5-10 минут ішінде өтуге мүмкіндік береді.

Бөлшектену
Аз ғана тыныштық кезеңінен кейін зигота эмбриогенездің келесі сатысы бөлшектенуге кіріседі. Бөлшектену біржасушалы зиготаның көпжасушалы ұрыққа айналуымен сипатталады. Бұл дәйекті түрде жүретін митоздық бөліну арқылы іске асырылады. G1 кезеңнің болмауына байланысты жасушалардың көлемі ұлғаймайды. Сондықтан әр бір бөлінуден кейін жасушалардың көлемі кішірейе береді де, үрдіс бөлшектену деп аталады. Сонымен қатар ұрықтың жалпы көлемі бөлшектену барысында 20-40% кішірейеді. Бұл бөлшектену барысында жаңа ақуыздардың синтезі орнын толтырмайтын кейбір заттардың жоғалтуын анықтайды. Бөлшектенудің нәтижесінде пайда болған жасушалар бластомерлер деп аталады.

Имплантация
Адам ұрығында бөлшектену эмбриогенездің бірінші аптасында өтеді. Осы уақыттың ішінде ұрық жатыр қуысына түсіп, имплантация басталады.
Имплантация - ұрықтың жатырдың шырышты қабықшасына (эндометрий) кіре орналасып, қан тамырларымен тығыз байланыс құрауы. Ол екі сатыдан тұрады: адгезия - трофобласттың жатырдың шырышты қабықшасына жабысуы, және инвазия - ішке енуі. Имплантацияның алдында трофобласт екі қабатқа бөлінеді: жасушалық трофобласт, немесе цитотрофобласт (ішкі жапырақ), және симпластотрофобласт (синонимдері: плазмодиотрофобласт, синцитиотрофобласт, синтрофобласт) - сыртқы жапырақ. Көбінесе ұрық жатырдың артқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Гистология пәнінің даму тарихы
Төлдің даму кезеңдері
Құрсақтағы ұрыққа ананың шылым шегуінің әсері
Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Сперматогенез
Анасының соматикалық аурулары
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
Ч. Дарвин теориясы
Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері
Пәндер