Күресті жүргізудің тәсілдерін үйрену және жетілдіру



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазақ күресінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қазақ күресінің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлаудағы қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. КҮРЕСТІ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Күрес әдісінің негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Күрес өнерінің тактиксын меңгеру барысындағы әдістер ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Еркін күрестегі күрес әдістерін классификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
КІРІСПЕ

Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл - қозғалысын жетілдіреді.
Күрестің бірнеше түрі бар.
Қазақ күресінің әдіс - тәсілдері.
а) Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату.
б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.
в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.
г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату.
д) Жаға, жеңнен ұстап іштен шалып құлату әдісін қолдану.
е) Жеңнен белбеуден ұстап жаңға тастау әдісін қолдану
Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады.
Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж.. Ал грек-рим күресі Қазақстанда тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады (алғашқы Қазақстан біріншілігі 1948 жылы өтті), дзюдо Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізгеннен кейін ғана, 1960 ж. дами бастады.
Харлампиевтің жұмысынан басталды. Қазақстанда еркін күрестін дамуы 1955 жылы грек-рим күресінен тәжірибелі жаттықтырушы П.Ф. Матущактың еркін күрестін бас бапкерлігіне тағайындалумен байланысты. Самбо мен еркін күрес Қазақстанға бірінші әкелінген уақыты 1950 ж.
Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады [1].
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Асубаев А.Р. Спортивная борьба. Алматы 1998
2. Алимханов Е. Самбо күресінүйретудің негіздері. Алматы 2000
3. Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру. Алматы 2004
4. Байдосов К. Казахская национальная борьба. Алматы 1987
5. Дьячков В.М.Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС 1967
6. К.Қойшыбек. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның көпжылдық дайындығы Алматы 2005
7. Кожарский В.П. Сорокин Н.Н. Техника классичкской борьба. М.ФиС 1978
8. Кесенбаев Т.Н. Спартивно-педагогическое совершенствование по вольвой борьбе. Алматы 2005
9. Ленц А.Н. Такика в спортивной борьбе. М: ФиС 1967
10. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Қазақ күресінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қазақ күресінің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлаудағы қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. КҮРЕСТІ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Күрес әдісінің негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Күрес өнерінің тактиксын меңгеру барысындағы әдістер ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Еркін күрестегі күрес әдістерін классификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл - қозғалысын жетілдіреді.
Күрестің бірнеше түрі бар.
Қазақ күресінің әдіс - тәсілдері.
а) Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату.
б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.
в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.
г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату.
д) Жаға, жеңнен ұстап іштен шалып құлату әдісін қолдану.
е) Жеңнен белбеуден ұстап жаңға тастау әдісін қолдану
Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады.
Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж.. Ал грек-рим күресі Қазақстанда тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады (алғашқы Қазақстан біріншілігі 1948 жылы өтті), дзюдо Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізгеннен кейін ғана, 1960 ж. дами бастады.
Харлампиевтің жұмысынан басталды. Қазақстанда еркін күрестін дамуы 1955 жылы грек-рим күресінен тәжірибелі жаттықтырушы П.Ф. Матущактың еркін күрестін бас бапкерлігіне тағайындалумен байланысты. Самбо мен еркін күрес Қазақстанға бірінші әкелінген уақыты 1950 ж.
Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады [1].
1. ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУЫ
1.1 Қазақ күресінің шығу тарихы
Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды. Осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз: Өзің қазақша күресті жақсы білесің, сосын барлық күрес түрлерін басқарып отырсың. Демек, осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді. Елде экономика өрледі емес пе, енді рух та көтерілсін! деп ой тастады. Өзімді де осы ой мазалап жүрген болатын, сөйтіп, төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тэуекел жасап, бел будық. Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде бір балл, екі балл деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшалауға кірістік. Мәселен, бір балл, екі балл дегеннің орнына қазақи қалыппен жамбас, бүк сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде - дзюдода иппон, кока, юка деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар хаджиме! дейді, қазақша күресте біз баста! дедік. Сосын оларда - иппон, ал бізде - таза жеңіс. Оның сыртында, біз тоқта!, жартылай жеңіс сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды [2].
Күрестің ұлттық түрі қазақ күрестің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.
Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда Қазақ күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Төкеев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) Қазақ күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне Қазақ күресі күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.
2006 жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев,Бақтыбай Қисықов,Бейбіт Ыстыбаев.
2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын,2-і күміс медальмен оралды.
2010жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.
2011 жылы 20-шы тамызда Қазақ барысы жүлдесі өткізілді,оған әр обылыстан 4 балуаннан , барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды ,2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды.
2012 жылдың 15 қыркүйегіне Қазақ барысы жүлдесі сарапқа салынбақшы жалпы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрайды, мұндай үлкен сый тағайындау арқылы бүкіл әлемге қазақ күресін насихаттау.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері (Самбо). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады [3].
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты -- күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап күш алу деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

1.2 Қазақ күресінің даму кезеңдері

Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. және 1936 ж. бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті.
Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады.
Грек-рим күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін ұстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.

1кесте - Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы

Күрестің түрі
Әлемде дамуы
Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында
Қазақстанда дамуы
грек-рим күресі (француз, классикалық күресі)
19 ғасырдың 90-шы жылдарында Францияда қатты дамыды және Европада таралды Ресейді қоса
Бірінші Олимпиададан 1896 ж. бастап
1940 ж. басы,
Федерацияның негізі 1946 ж. қаланған
еркін күресі
1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж.

1904 ж. бастап
1950 ж. басы,
Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған
самбо
КСРО-да 1938 ж. мемлекеттік тұрғыда танылды, А.А. Харлампиев 1949 ж қолайлы спорттық нысанға айналдырды, 1966 ж. бастап күрестің халықаралық түрі болып есептеледі

енгізілмеген
1950 ж. басы
Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған
дзюдо
1882-1884 жж. Жапон.,
1920-1933 жж. Кеңестік Ресей аумағында дамуы, бірақ тыйым салынды, дүниежүзілік бірінші біріншілік 1956 ж. өтті, КСРО-да 60 жылдары қайтадан дамыды
1959 ж. бастап,
XVIII жазғы Олимпиадалық ойындар 1964 ж. (Токио қ., Жапон.)
1960 ж. басы

Грек-рим күресінің халықаралық ережелері 1896 жылы қабылданып бірінші Олимпиядалық ойындарынан бастап бағдарламасына қірген. Ол грек-рим (франциялық) қүресі Европада қәсіптік қүрескерлердің өнерлерімен кең тарғандықтан болған. Бірақ, салмақ бойынша бөліп күресу 1906 жылдан басталған, сонда 1911 жылына дейін тек қана үш салмаққа бөліңген.
Балалық шағынан қазақтың ұлттық күресінен жекпе-жектерге жие қатысқан, ал 1904 ж. Петербургте И. Лебедев мектебіне қабылданған, онда 2 жыл оқыған Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби француз күресінің жарқын өкілі болып табылады. Ресей мен Европада өткізілген француз күресінен бірнеше кәсіби біріншілікті, сонымен қатар АҚШ-та еркін күрестен біріншілікте ұтты. 1927 жылы (Қазақ АКСР ОАК) оған спортқа сіңірген еңбегі үшін Қазақ халқының батыры құрметті атағын берді.
1970 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында алғашқы рет қазақ күресі мамандығы енгізілді, соған байланысты көптеген әдістемелік жұмыстар, қазақ күресі техникасы мен әдісінің жіктемесі, тәсілдерін үйрету әдістемесі, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдары, оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды.
1971 жылы ҚазССР Спорткомитетінің қаулысы бойынша Қазақ ССР-нің спорт шебері атағы енгізіліп, қазақ күресі бойынша төсбелгі мен куәлік қоса тапсырылатын болады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы Дене шынықтыру және спорт туралы Заңында (2 б. 10 т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған.
90-шы жылдары жарыстардың ережелерін және киім нысанын жетілдіруге көп көңіл бөлінді, қазақ күресіне арналған киім нысанын спорттық күрестің басқа түрлерімен айырбастауға жол беруге болмайтыны атап өтілді.
Б.Жаңалин жасаған қазақ күрес жарыстарының ережесін 1993 жылы ҚР Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігі бекітті. Киім нысаны жеңі қысқа кеудешеге өзгертілді, ал 1997 жылы нысандық киім мен жарыстардың ережелерін жетілдіру қорытындылары бойынша Е. Әлімханов кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру мәселелері дене шынықтыру және спорттың белсенді түрлерімен шұғылдануға, салауатты өмір салтына, қозғалыс белсенділігі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру шараларына республика тұрғындарын кеңінен тарту мен жұмылдыру тәсілі ретінде Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылады.
Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді [4].
Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі - бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары - атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).

1.3 Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес
түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін
даярлаудағы қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері
Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері атты бөлімінде тек қазақ күресіне тән ерекшеліктер мен жарыс ережелері, жекпе-жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі, жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруға, қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділілігін жақсартуға септігін тигізетін әдістер, көрсетілген ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олимпиялық және халықаралық түрлеріне қатысты жеңіске жетудің тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі бір ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісі талқыланады, бұл әсіресе киіммен күресу спорттық түрлеріндегі және жас спортшылармен жұмыста қазақ күресі бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа спорттық күрестің басқа түрлері өкілдерінің тиісті дайындықтан кейін қазақ күресінен жарыстарда ойдағыдай өнер көрсету мүмкіндіктері талқыланады, бұл қолда бар жарыстарды өткізу практикасымен расталып отыр.
Қазақ күрес бойынша жарыстардың ережелері күресті түргеп тұрып жүргізуге ғана мүмкіндік береді, бұл төрттағандық күреске оқыту қажетінсіздіктен түргеп тұрып күресу әдісін игеруге оқыту уақытын қайта бөлуге септігін тигізеді.
Спорттық жетістіктердің жарыс қызметі мен қарқын деңгейін талдау күрескердің техника-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды факторы болып табылады.
Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу сенімділігін, жіберілген әдіс-алайлылық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ күрескердің психологиялық қасиеттерін, күрестің қолданылушы тәсілдері мен алайлылық түрлілігін талдап, күресте жеңіске жету техника мен тактикалық әдісіндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының өнімділігін тексеріп, осы негізде оны болашақта түзеу қажет.
Республикалық және қалалық жарыстарда (Астана қ.) қазақ күресі бойынша ұстасуларды бейне және нотациялық жазу әдістерін қолдану арқылы күрескерлердің жарыс қызметінің материалдары жинақталып, өңделді.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес қазақ күресі бойынша талданушы жарыстарда қолданылатын барлық тәсілдер тобынан күрескерлер ең белсенді (0,73 әрекетмин) және нәтижелі (0,35 бағамин) түрде санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру әдстерін қолданды.
Әрі қарай қолдану көрсеткіші бойынша жамбасқа алып лақтыру, кеудеден ұстап қағып жығу (қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып және т.б.), арқалап алып лақтыру және табанмен қағып түсіру әдіс тобтары жиі қолданылады. Қарсыласқа жарияланатын ескертулер есебінен күрескерлер орта есеппен - 0,21 бағамин және 0,05 таза женіскемин жетті. Жоғарыда аталғандардан басқа қазақ күресі бойынша жарыста жиі және нәтижелі қолданылатын тәсілдер тобына қайыра жағадан жұлқып жығу сирақпен іліп жыгу, қарсыластың аяғын орап лақтыру, кеудеден асыра тастау және иықтан асыра тастау (қарсыластың қолынан ұстап кеудесіне таянып) әдіс топтары жатады.
Қазақ күресі бойынша жарыстарда санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру әдіс топтары белсенді және тиімді қолданатын болса еркін күресте түрегеп тұрып орындайтын лақтырулардың ең белсенді және нәтижелі қолданатын әдіс топтарына аяқтан ұстап еңкейіп лақтыру немесе иықтан асыра тастау жатады.
Дзюдо мен қазақ күресінде жеңісті жарыс ережесі бойынша лақтыру әдістерінің амплитудалық орындау мен жауырынына түсіру сапасына қарай бағалайды, сондықтан, бұл күрескерлер әдіс-тәсілдерің осы сапалы көрсеткіштеріне лайық орындауға күш салады. Дзюдо жарыстарында түрегеп тұрып орындайтын әдістердің көбісі амплитудалық лақтыруларға жатады. Ең жиі қолданылатын әдістер топтары арқалап алып лақтыру, содан кейін санмен аяқ сыртынан қағып түсіру және санмен аяқ ортадан қағып түсіру кешендерінен басталады.
Самбо күресінде белсенді және тиімді әдістерге санмен аяқ ортадан қағып түсіру, жамбасқа алып лақтыру, шалқайып лақтыру, еңкейіп лақтыру, түйдекпен іліп жығу, табанмен қағып түсіру, арқалап алып лақтыру келетіндері анықталды, одан басқа сирақты ішке тіреп лақтыру, жаға мен аяқты ұстап құлату, сирақпен іліп жығу, иықтан асыра тастау, санмен аяқ сыртынан қағып түсіру және т.б. әдістер кешені жатады [5].
Ж.С.Байшолақовтың [2010] зерттеуінде қазақ күресінде төрешілер көбінесе тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, шалып жығу, санмен қағып түсіру, табанмен қағып түсіру және сирақпен іліп жығу әдіс топтарын бағалағаны, ал палуандардың таза жеңістердің көбіне шалып жығу, тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, санмен қағып түсіру, жамбасқа алып лақтыру, кеудеден асыра тастау және сирақпен іліп жығу әдістері арқылы орындап жеткені анықталған.
Қазақ күресін спорттық күрестің басқа түрлерімен салыстыруда кейбір тәсілдер тобының түрлерін қолдану техникасында, жиілігі мен нәтижелігінде елеулі айырмашылықтар анықталды. Мәселен, күрестің басқа түрлерінде (еркін күрес, самбо, дзюдо) иықтан асыра тастау, сирек кездесуден басқа, қарсыластың қолы (жеңі, жағасы) мен аяғын ұстап алып орындалса, қазақ күресінде қарсыластың аяғын ұстауға тыйым салынады. Бұл жағдайда иықтан асыра тастау қарсыластың қолынан ұстап, оның ішкі жағынан не сыртынан сүңги және кеудеге таянып не кеудеше, не белбеуінен ұстап орындалады.
Сонымен, тәжірибелі күрескерлер тік тұрып, комбинациялық және дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең ауқымына, қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді.
Қазақ күресі бойынша жарыстарда спорттық күрестің басқа да түрлерінде қолдануы мүмкін аяқта тұрып лақтырулардың әртүрлі техникасы қолданылады. Қазақ күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен ерекшеленуіне байланысты жамбасқа алып лақтыру, арқалап алып лақтыру мен аяқпен күресу әрекеттері (қағып түсіру, іліп жығу, орап лақтыру, шалып түсіру және т.б.) дзюдошыларды, самбистерді, қолма-қол ұрысшыларды, еркін және грек-рим күрескерлерін дайындауда қолданыла алады.
Мысалы, қазақ күресі бойынша жарыстарда грузин ұлттық чидаоба күресіндегі қарсыластың аяғын орап лақтыру, дзюдодан алынған аяқпен шалу, еркін күрес пен самбодан - иықтан асыра тастау, грек-рим күресінен кеудеден асыра тастау сияқты олимпиадалық, халықаралық және ұлттық спорт күресі түрлерінде қолданылатын, тәсілдерге орындалу құрылымы бойынша ұқсас тәсілдер кездеседі.
Қазақ күресінің едәуір дами түсуі, спортшының шеберлігінің қалыптасуы мен жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануы халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Оқу-жаттығу үдерісінің көлемі мен сипатын анықтау кезегінде игерілген әдіс-айлалық әрекеттер мен қозғалыстардың нақты тәсілдерін ескерген жөн. Әрине, қозғалыстардың (жиі орындалатын) әлдебіреулерін игеру шұғылданатындардың спорттық-әдістік мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа әрекеттерінің жеткілікті түрлерін қолданумен үйлестірілуі тиіс. Сонымен қатар, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың сауықтыратын және денсаулықты үнемдейтін технологияларын қолдануға ден қою қажет, оның негізгі маңызы - ең алдымен, шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлығына және жас ерекшеліктеріне барабар көлемдерді, қарқынды жаттықтыру әсерлерін таңдау мен орындау [6].

2. КҮРЕСТІ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ

2.1 Күрес әдісінің негізгі ұғымдары

Әдіс - балуанның жеңу мақсатында күрес ережесіне сай қарсыласына қолданған әрекеті.
Күрес әдісін алдымен қолданған балуан - шабуылдаушы, ал күрес әдісі қолданылған балуан қорғанушы болып табылады.
Қорғану - балуанның шабуылшыға қарсы әрекеті.
Аралас әдіс - балуанның жеңіс немесе қорғаныс үшін орындаған бірнеше әдістерінің қосындысы.
Тұрып күресу - балуанның кілем үстінде аяғында тұрып күресуі.
Тәсіл - балуанның күрес әдістерін, дене-күш мүмкіншілігін жеңіске жету мақсатында әртүрлі жолдармен қолдана білу шеберлігі.
Ұстау - балуанның күрес кезінде ережеге сай қарсыласының денесінен немесе киімінен ұстауы.
Аттас ұстау - балуан қарсыласының оң қолын сол қолмен немесе сол қолын оң қолмен ұстауы.
Тікею - денені тік ұстау.
Оң жақты тұрып күресу - балуанның оң аяғын алға қойып, денесінің оң қырын алға беріп тұруы.
Сол жақта тұрып күресу - сол аяқты алға беріп, денесінің сол жақ қырын алға беріп тұруы.
Еңкею - кеудені алға еңкейтіп ұстау.
Шалқаю - денені артқа қарай шалқайтып ию.
Айналу - денені өз осінде оңға немесе солға бұру.
Итеру - қолмен немесе денемен қарсыласын артқа немесе жанға итеру.
Жұлқу - киімінен немесе денеден ұстау арқылы қарсыласын жұлқи тарту.
Тарту - қолмен немесе аяқпен қарсыласын алға немесе жанға тарту.
Бұру - қарсыласытың денесін оңға немесе солға қолмен бұру.
Жығу, құлату - шабуылшының әдіс қолдануы арқылы түрегеліп тұрған балуанды кілемге жығуы.
Барлау - күрес үстінде балуанның айла-тәсілдер қолдануы арқылы қарсыласы туралы білуі.
Қауіп төндіру - шабуылшының қарсыласына қолданған жалған әрекеттері.
Адымын айқастыру - түрегеліп тұрып жасалатын қимыл, алдына немесе жанына шығу мақсатымен аттас аяғын қарсыласының аяғының артына қоюы.
Аудару - қарсыласты кілемнен көтеріп немесе көтермей басы арқылы қаралуы.
Жанға аудару - балуанды денесінің қыры арқылы аударуы.
Отыра лақтыру - балуанның өз жамбасына отыруы арқылы жасайтын әдісі.
Қарсы аттау - түрегеліп тұрып жасалатын қимыл, балуан қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен әр аттас аяғын қарсыласының артына қоюы.
Арқадан асыра лақтыру әдісі - түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Шабуылшы қарсылас балуанға арқасымен бұрылуы арқылы орындалатын әдістер тобын айтады.
Шалу әдісі - түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын қимыл, балуан аяғын қарсыласының аяқтарының алдына, артына жанына кедергі ретінде қою арқылы әдіс орындауы.
Қағу әдісі - балуанның аяғымен қарсыласының аяғын тобығынан, алдынан, артынан, сыртынан, ішінен қағу арқылы жығуы.
Ілу әдісі - қарсыласының аяғын, шабуылдаушы балуан аяғының ұшы, өкшесі арқылы ілуін айтады.
Шалқайып кеуде арқылы лақтыру әдісі - түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Шабуылшының артқа шалқая қарсыласын кілемнен көтере кеудесі арқылы өзінен асыра лақтыруын айтады.
Диірмен әдісі - түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Балуан қарсыласын иығына қондыра кілемге көтеріп жығуы. Бұл әдіс түрі арқадан асыра жығу әдістері тобына кіреді.
Бөктеріп лақтыру - түрегеліп тұрып жасалатын әдіс. Балуан қарсыласын өз аяғының сырт жағына бөктере көтеріп лақтырады.
Қырқа шалу - балуан өз аяғының қылтасы арқылы қарсыласының аяғының арт жағынан шала жығуын айтады [7].

2.2 Күрес өнерінің тактиксын меңгеру барысындағы әдістер

Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру. Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Сол қолымен қарсыласы киімінің оң иығынан арқасына таман ұстап оған арқасына қарап айнала беріп, оң қолын бос күйінде оның басынан асыра жүргізеді де, қарсыласының сол қолын өзінің кеудесіне қысады. Айналып бола бергенде қарсыласының кеудесінің өзінің оң қолтығына қарай қайтарып, оның қолын қабырғасына қысып, кілемге түсіреді.
Күрес кезінде палуан әрекеттерінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісімен бұлшық етінің сезгіштігінің үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір дәрежеде палуаннның осы сезгіштік қасиетіне байланысты.Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш, сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса, спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде жауап беріп, палуанның аса маңызды тактикалық құралы-қарсыласының алдын алып әрекет етеді. Жан-жақты дайындығы, күш, шыдамдылығы, икемі, т.б. жетілген сайын палуанның тактикасында өзгеріп отырады. Тактика жөніндегі білім терең десе, ол палуанның әр қилы мүмкіндіктерінің толық көрінуіне ықпалын тигізеді. Мысалы күрескен кезде жарыстарды күшін тактикалық жағынан сауатты пайдаланатын болса, тез шаршамайды да ұзақ уақыт күшін сарықпай күресе алады.Спортшының тәсіл қолдану шапшаңдығы мен қарсыласына әсер ету күші оның күрескен кезде сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайды қас - қағымда қабылдап дұрыс бағалай алу, ең қолайлы сәтте әрекет етуіне байланысты.
Кеудеден асырып лақтыру. Бұл тәсіл аяқты тіктеп, қарсыласты жоғары - артқа қарай жұлқып, шалқалап құлау арқылы орындалады. Ол үшін арқа және аяқ бұлшық еттері жақсы жетілуі тиіс. Мұны аласа қарсылысы тіке тұрып күрескенде, сондай-ақ қарсылас шабуылдаушыға қарсы жүргенде орындаған дұрыс.
Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру. Орташа қашықтықтан немесе жақынан шабуылшы тік тұрған күйі қарсыласын белбеуінің артынан ұстап, оны кеудесіне қысып бір мезгілде тізесін бүгеді. Шалқалап, қарсыласы орнынан тұрғанда, оны жамбасымен алға - жоғары қарай қағып, көтеріп, белбеуден ұстаған жағына бұрылады да, оны өзінен асыра лақтырып жібермеген күйі жауырынын кілемге тигізеді.
Тактикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқпен жасайтын әдіс
Еркін күрес бойынша тактикалық дайындық әдістері
Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі
Қазақ күресін үйрету және жетілдіру
ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫНДА СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ. ҚАЗАҚ КҮРЕСІН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шартты қарсыласпен жаттығу
СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
Дене дайындығының ерекшеліктері
Қазақ күресінің техникасы
Каратэ-до жекпе-жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері
Пәндер