Жеке адамның психикалық дамуы



Жоспар

1. Психикалық даму және оқыту.
2. Бала психикасы дамуынын қозғаушы күші.
3. Даму мен оқытудың байланысы.
4. Бала психикасының даму кезеңдері.
5. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер.
6. Тұлғаның психикалық дамуындағы деңгейлері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
1. Психикалық даму шарттары. Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары. Адам психикасы дамуынын, негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады және парктикада үлкен қиындықгарға әкеліп соқтырады, өиткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық ерекшеліктерінің, онын, психикасының дамуындағы ролі қандай?
Адамның психикалық іс-әркеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік -логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді.
Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелеу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттерімен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті да айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістіксинтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге (акалькулия) зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәселен, психологтар жоғары естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс-әрекет пен қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама қарама-қатынастар болатындығын мидың шектелген белімдеріне зақым келген науқастармен жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде (А.Р.Лурия мен оның қызметкерлерінің
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мухина В.С. Мектеп жасына балалардың психологиясы . Алматы, 1986ж.
2. Петровскийдің редакциялығымен « Педагокикалық және жас ерекшеліктер психологиясы». Алматы, 1987ж.
3. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы, 1986 ж,
4. Вогословский В. Жалпы психология. Алматы. 1980 ж.
5. Бейсенова Ж. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік анықтамасы. Алматы, 2004 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ.

Жоспар
1. Психикалық даму және оқыту.
2. Бала психикасы дамуынын қозғаушы күші.
3. Даму мен оқытудың байланысы.
4. Бала психикасының даму кезеңдері.
5. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер.
6. Тұлғаның психикалық дамуындағы деңгейлері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1. Психикалық даму шарттары. Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені
игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде
болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен
мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық
функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар
психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым
қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс
алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың
қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала
адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары дүниесінде,
адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда
қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы
тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан
үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта
болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір
мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты
бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-
әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың
пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың
тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму
процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді.
Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін,
білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып
қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің
ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту,
ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі
болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде
айқындаушы роль атқарады.
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары. Адам психикасы дамуынын,
негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау
заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады және
парктикада үлкен қиындықгарға әкеліп соқтырады, өиткені бұл жерде
педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және
жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік
жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің
күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым
қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық
ерекшеліктерінің, онын, психикасының дамуындағы ролі қандай?
Адамның психикалық іс-әркеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері
алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік -логикалық ес,
ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық
функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді.
Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле
түсуіне мүмкіндік береді.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау,
сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен
тежелеу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек.
Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттерімен қоса осынау
қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері
мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі
және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп
аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен
қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе
бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-
әрекетті да айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне
зақым келгенде қарапайым кеңістіксинтезі бұзылады да мұның өзі есептей
білуге (акалькулия) зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір
нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей
тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып
табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған
әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәселен, психологтар жоғары
естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс-әрекет пен
қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама қарама-қатынастар
болатындығын мидың шектелген белімдеріне зақым келген науқастармен
жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде
(А.Р.Лурия мен оның қызметкерлерінің зерттеулері (күрделі психикалық іс-
әрекет (сөйлеу-ойлау процестері) құрылымын қайта кұрудың өте бай
тәжірибесін дәлелдейді.
Ми қызметінің тұқым қуалау берілетін ерекшеліктерінің бірі - жоғары
нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін
қимылын, және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі
баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне
еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің
жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларды тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта
құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алавдаушылық
пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар
психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен
механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың
арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.
2. Бала психикасы дамуының қозғаушы күші. Оқыту мен тәрбиелеу
процесінде балалардың психикалық дамуының, негізгі жолдары. Адамның
психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек
білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп салуға болады дегенді
білдірмейді. Адамның психикалык дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл
процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді,
өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсібір жекелеген функциялардың
жетілу немесе сан жағынан кебеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни
жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.
Оқыту мазмұны және психикалық даму. Балалардың дамуының оқыту
процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін
күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен
орыс прихологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-
әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын
дәлеледеп берді.
Көптеген зерттеулерде (Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма,
түс эталондар, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі)
енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелеген
сатыларында принціпті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды.
Мысалы, Швейцария психологы Ж.Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-
сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана
алмайды деді. Пиаже сипаттаған санның сақталынбауы деген феномен көпке
мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең
мөлшерде су кұяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік
ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілуі деңгейіне қарай
болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеулері
көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен
бес жасар балалар арасында да болмайды екен.
Пиаженің есебі бойынша 11-12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалық
операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке
дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталады. Мысалы, алты-жеті жасар
балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі
қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі
мен даму сатыларын елеулі өзгеріске тусірді.
Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына
дейінгі балалардын оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп
отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойының дамуын түбегейлі қайта
құруға себепші болады.
Ғылымның белгілі бір пәніне сай келетін білімдер айрықша міндеттерді,
объектілері, операциялары бар күрделі құрылыммен сипатталады. Балалар жаңа
операцияларды олардың өздеріне тән функцияларында, яғни берілген операция
орындау кұралы болатын іс-әрекетпен байланыстырып игеруі керек. Мысалы,
арифметикалық амалдар арифметикалық есептерді шығару тәсілдері ретінде
енгізіледі. Белгілі бір есептерді орындау үшін қажетті операциялар жиынтығы
есеп шығару тәсілін құрайды.
Сөйтіп, оқытуда балалар белгілі бір есептерді және оларды шығарудың
тәсілдерін игереді. Кең көлемде есеп шығару мүмкіндігі тәсілді жалпылауға
байланысты, ал әркелкі мөлшерде жалпылау тәсілі алдымен өзінің кұрылымымен
ерекшеленеді. Мәселен, кептеген балалар 1-сыныпта арифметикалық есептерді
нақтылы амалға бағдарлай әрі одан арғы тікелей арифметикалық іс-әрекетке
көше отырып шығарады. Сондықтан да балалар есепті кері шығаруда
қателіктерге ұрынады. Мысалы, Бала досына үш қарындаш берді, өзіне бес
қарындаш қалдырды. Оның неше карындашы болды? - деген есепте балалар алу
амалын (өйткені бұл амал оларды әдеттегідей берді, қалдырды, деген
сөздермен байланыстырылды) қолданады. Демек, балалар арифметикалық амалдың
жалпылама мәнін түсінбейді. Түсінбеушілік арифметикалық есепті жалпылай
шығару тәсілінің өз құрамына теңдік-теңсіздік, бөлшек - бүтін
қатынастарын және арифметикалық амалды енгізетін құрылымның күрделілігінен
келіп шығады. Жалпылау тәсіліне үйретілген балалар тікелей және кері
есептерді бірдей оңай шығара білген. Зерттеу нәтижелері, жалпы тәсілді
игергенде еңбекте де, кәсіптік оқуда да неғұрлым жоғары нәтижені жетуге
болатынын көрсетіп отыр.
Сонымен, оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс-әрекет
тәсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірізділік балалар дамуының
негізгг қырларының бірін сипаттайды.
Тәсілдер мен білімді қолданудыц психологиялық механизмдерініц дамуы.
Іс-әрекеттің жалпы типін анықтайтын қайсібір біркелкі тәсілдерді балалар
әр түрлі дәрежеде сәтті қолдануы мүмкін. Бұл нақтылы іс-әрекетті жүзеге
асырудың негізіне жататын психологиялық механимдердің ерекшелігіне
байланысты болады. Психологиялық зерттеулерден алынған деректер бұл
механизмдер жекелеген оқу пәндеріне тән операциялар мен карым-қатынастар
түрінде ғана болмай, жалпылама сипатта болатынын көрсетіп отыр. Мәселен,
Д.И.Боговленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская және тағы басқа
психологтар ақыл-ой іс-әрекетінің жалпылама тәсілдерінің (абстракция,
салыстыру, анализ, синтез) балалар ақыл-ойы дамуының жалпы процесінде
алатын маңызын көрсетіп берді. Тәсілді қолдану процесінде берілген
тәсілмен игерілген білімді қолданылатын нақтылы міндетпен байланыстыра білу
қажет. Оқушыларды мұндай арақатынастың неғұрлым жоғарғы формаларына,
мысалы, нақтылы және абстрактілі білімнің арақатынасын белгілеп,
байланыстарын білуге үйретіп отыру керек.
Тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын психологиялық
механизмдердің даму типі немесе дәрежесі қайсібір оқушының дәл өзінде, ол
түрлі іс-әрекет орындағанда да, тіпті түрлі пән оқығанда да көбінесе
біркелкі болып шығады. Мысалы, мағлұматтың нақтылы мазмұнын бағдарлап, ал
абстрактілік жалпылама маңызды бөліп шығаруға келгенде қиналатын балалар
көбінесе бұларды математикада да, физикада да, тарихта да, әдебиетте де
көрсетіп отырады. Сол сияқты, дәл осылай, формализмге үйір болу материяның
нақтылы ерекшеліктерін талдау және есепке алу орнына абстрактілі схеманы
арттырып жіберу де балаларда әр түрлі іс-әрекеттерде көрініп отыруы мүмкін.

Сонымен тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын жалпылама
психологиялық механизмдердің қалыптасуы балалардың даму процесінің маңызды
жағын құрайды.
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен
іс - әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделенуі ғана болып қоймайды. Баланың
психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы
қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-
әрекеттің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын
көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді,
білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай
бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы
өзгерістерді беліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы
бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық
құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі
жатады.
1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму процесінде
қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді
зерттеу, олардың мінез - құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын
жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу
бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оку, мұғалімнің талаптарын
орындау маңызды саналып, мектептегі үлгерім бағасын көбірек ойлайды. Кейде
мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. Екінші
балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім
алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндеріне бірдей тырыспайды.
Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы мен қызық
болуы маңыздырақ. Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы - айналасымен
өзара қарым-қатынас жасау. Бұл балалардың мінез-құлқы коллективтегі
құрдастарымен, үлкендермен өзара қарым-қатынасындағы белгілі бір позиция
жетістіктерімен анықталады. Төменгі класс оқушылары үшін кейде оларда
бұрынырақ, тіпті мектепке дейінгі кезде-ақ, қалыптасқан мінез-құлық пен
қарым-қатынастың дағдалы тәсілдері маңыздырақ болып саналады.
Жеткіншек шақта, басқа типтермен қатар, өздерінің жеке басын
қалыптастыру мен нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ болашақ іс-әрекетке
деген мақсат айқынырак кйрінеді.
Адамның жеке басының жетекші бағдары балалардың психикалық дамуының
көптеген басқа жақтарын да анықтайды, Мысалы, танымдық бағыттылығы бар
балалар сыртқы болмыс заттары мен құбылыстары туралы білім алуға тырысады,
білім алу тәсілін санада берік сақтайды. Сөйте тұра осы оқушылар
қимылдарын, дағдыларын жетілдіре түсуге жөнді ықылас, әдіс-әрекет
нәтижесінде үнемі айқын мақсаттылық көрсетпейды. Оқу бағдары бар балалар
оқу тапсырмаларын, жекелеген операцияларды мұқият орындаумен ерекшеленеді,
бірақ оларда кейде үйренген қалыппен жұмыс жасау ағымы пайда болып, жаңа
міндетті шешудің ортақ тәсілін өздігінен бөліп алуға келгенде қиналады.
Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасауды ерекше маңызды деп санайтын
қайсібір балалар бұл бағыттылықты түрліше жүзеге асырады. Мысалы, қайсібір
балалар үздік оқушы позициясын алуға тырысса, екіншілері бұзық, сотқар,
т.б. атануымен қанағаттанады.
Жалпы бағдар балалардың мектептегі өмірін және олардың ұғым, білім,
мінез-кұлық тәсілдерінің қалыптасу ерекшелігін анықтап отырады. Сонымен,
адамның жеке басының бағдарын ескеру - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді
неғұрлым тиімді жүзеге асырудың бірінші және қажетті шарты.
Бағдар оқушының жеке басының типін бірден және біржолата анықтайтын қатып
қалған, өзгермейтін сапа емес. Жасы өскен сайын оқушылардың жетекші
бағдарын өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, төменгі класс оқушылары үшін оқу іс-
әрекетінің маңыздылығы біртіндеп арта түссе. ІV сыныпқа жеткенде
айналасындағылармен қарым-қатынасының маңызы артады.
2. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының дамуы. Қандай да іс-әрекет
бірқатар элементтерді қамтиды. Олардың бәрі бірге іс-әрекетінің құрылымын
сипаттайды. Ол осы іс-әрекет не үшін жасалынып отырғанын білдіретін -
мотивті, іс-әрекетті орындау нәтижесінде алынуға тиіс деп елестетін -
мақсатты, осы нәтижеге жетуге қажетті операциялар мен тәсілдерді, өзгеруі
тиісті нәтижеге әкелетін материал - объекті кұрайды. Мысалы, мектеп
оқушылары балабақшадағы балаларға сыйлау үшін елка ойыншықтарын жасайды.
Бұл іс-әрекеттің мотиві әр балада әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері
сәбилерді қуанту үшін жасаса, екіншілері үлкендердің талабын орындау үшін
жасайды, ал үшіншілерінде ойыншықтарды даярлау процесінің өзі қанағаттану
сезімін туғызады. Мақсат - елка үшін ойыншықтар жасау. Объект - ойыншық
жасайтын материал. Операциялар - қажетті өнім алу үшін орындалуға тиісті
нақтылы іс-әрекеттер. Бұл іс-әрекетте балалар өздерін түрліше көрсетеді.
Біреулері қандай ойыншықтар жасайтынын алдын ала анықтап алады да, соған
сай материал жннап, қажетті операцияларды жасай отырып, көздеген
нәтижелеріне жетеді. Екіншілері мақсатты ұмытып, машина жасауға, үй
тұрғызуға кірісе бастайды. Балалар біразы, негізінен, қолдарында бар немесе
бұрын пайдаланып көрген материалға қарсы бағдар алады. Мысалы, 1 сынып
оқушысы қағаздан шартылдақ жасамақ болды, бірақ столда мақта жатқандықтан
енді ол шар жасай бастайды. Не жасамақсын? деген сұраққа ол : білмеймін,
бірдемесі болар - деп жауап берді. Екі шардан қарлы мүсін қарындаштарды
көріп қалып, оған таяқ ұстады; Балалар қарлы мүсін жасап, шанамен сырғалап
жүр, - дейді. Бұл жерде шартылдақ жасамақ болған нақтылы мақсат қана емес,
елка үшін ойыншық жасауға бағытталған жалпы мақсат та жойылып келіп отыр.
Мақсат және оның мотивтермен байланысты іс-әрекетте анықтаушы мәнге
ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп
қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын
белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады.
Бес-жеті жасар-балалар үшін іс-әрекеттің көбінесе материалмен, олар іс-
әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән. Мысалы, олар текшелерден
үй құрастырғанда олардың іс-әрекеттері алдарында қандай текшелер жатқанына
тәуелді болады да алдын ала ойланған жоспарға байланыстылығы сирек
кездеседі. Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай болашақ өнім, нәтиже
туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала бастайды. Алайда бұл
барлық балаларда бірдей бола бермейді. Мектепке келетін көптеген балалар
үшін іс-әрекеттердің мақсаттылығының, ұйымшылдығының, еркіндігінің төмен
деңгейде дамуы тән, мұның өзі оларды оқыту процесінің табыстылығының
төтенше қиындатып жібереді.
Төменгі сынып жасының соңына таман көптеген оқушыларда іс-әрекет мақсаты
мен мотив арасындағы қатынастарды еркін белгілей білу қалыптасады. Іс-
әрекетті орындаудың жалпы мәнісі өзгерген жағдайда балалар нақтылы
мақсатты өзгертіп, өз іс - әрекеттерін қайта құра алатын болады. Бұл
мысалы, мына тәжірибеден байқалады. І-ІУ сынып оқушыларына текшелерді және
басқадай материал пайдалана отырып қала салуды ұсынғай. Оның үстіне жалпы
міндет өзгерітіліп отырады: бір жолы, балалар алыптар мен ергежейлілер
тұратын қала салуға тиісті болды, екінші жолы оларға қала тұрғындарын екі
түске: қызыл мен көкке бөледі деп айтылды; үшінші жолы қала ұшатын
жәндіктер үшін салынды, I-II сыныптағы көптеген балалар барлық жағдаида да,
құрылыстың типін де, оны жүзеге асырудың тәсілін де елеулі өзгерте алмаған.

Қолданылған әдебиетгер тізімі:

1. Жарықбаев Қ. Жантану, Алматы 1996 жыл.
2. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері, Алматы 2003жыл.
3. Тәжібаев Т. Жалпы психология, Алматы 1993жыл.
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика
және Психология, Алматы мектеп 2002жыл.
5. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы, А.В.Петровский, Алматы-
1987жыл.
6. Алдамұратов, Рақымбетов, Іргебаева, Нығметов Жалпы психология, Алматы-
1996жыл.
Пысықтау және бақылау сұрақтары:
1. Баланың психикалық дамуының факторлары мен алғы шарттары қандай?
2. Балалар психикасы дамуының аса маңызды бағыттары.
3. Бала дамуын жас шамасына қарай кезеңмен атаңыз.
4. Психикалық дамудың аса маңызды фаторы ретіндегі баланың жеке басы
белсенділігінің маңызы.
5. Қазіргі психологиядағы оқыту мен дамудың арақатынасы проблемасы.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және
ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың
категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады;
педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы(дидактика, тәрбие, білім
беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып
үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы
зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып
көрсетіледі (12).
Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында
дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа
мемелекеттік жалпыға бірдей стандарты түлектердің базалық біліктілігі
түрінде көрініс беретін, нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру
мақсаттарының жүйесін айқындайды деп атап көрсетілген. “Бағдарламаны іске
асырудың негізгі бағыттары мен тетіктсрі” білім беру мазмұнын білім
үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің
маңыздылығына ерекше назар аударылады.
Нәтижеге бағытталған оқыту — бұл аяқтаушы нәтижелср (біліктіліктер).
Аяқтаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен жәнс жоғарғы оқу орнын
бітіргеннен кейінгі әмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды
білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер
тізімін аламыз:
• қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттіліктері;
• әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімділік;
• талдау жасай алу қабілеттері;
• проблемаларды шеше алу;
• құндылықтар туралы өзіндік пікір білдіріп шешім шығара білу дағдылары;
• шығармашылық шеберліктерді игеру және өзгелердің шығармашылығын
қабылдай білу дағдылары;
• азаматтық жауапкершілік;
• қоршаған әлем өміріне жауапкершілікпен араласу;
• рухани, заттық кұндылықтарды жасай алу және сақтай білу дағдылары;
• ілімнің кұралы ретіндегі технологияларды қолдана алу дағдылары;
• өмірі мен карьерасын жоспарлай алу дағдылары.
Нәтижеге бағытталған білім беру әлеуметтену процесіне қоғамды, түрлі
қауымдастықтарды тартуды карастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен
айналысатын кәсіби қауымдастықтар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым-
қатынастар орнатып, білім берудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы
талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдардағы дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының
бағыттарын талдау — білім беру саласының ашық жүйе ретіндегі дамуының
қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға
мүмкіндік береді:
• білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру
(білім берудің бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);
• білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және
тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту;
• білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі
екендігі туралы туралы үғымды қалпына келтіру;
• оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық жөне жаһандық
көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау;
• барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оған жету жолында тең
мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
• білім беру үрдісіне бүкіл коғамды тарту және білім берудің сапасын
жақсартуда әлеуметтік тең қарым-қатынастар орнату.
Стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру,
екіншісі — білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара
міндеттерін айқындауы.
Білім берудің аталған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық
деңгейдегі мақсаттар – болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат,
тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын
базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс. Бүкілхалықтық кеңінен
талқылау жұмысы қажст. Сонымсн бірге, күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлік
жүйесін жасақтауда білім беру саласының барлық сатыларын (мектепке дейінгі,
бастауыш және орта кәсіби, жоғары білім беру) қамту өте маңызды. Мәселенің
бұл тұрғыдан шешілуінің мәні — кәсіби қауымның өзара келісуі корытындысында
қабылданған болашақ нәтижелердін көп деңгейлі жүйесі бүкіл білім беру
процесіне қатысушыларға белгіленген мақсаттарға жетуде бағыт-бағдар ретінде
қызмет ететіндігіңде. Білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы(13).
Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек
бастап кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау – бұл
жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
• оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ
нәтижелерге ұмтылуға міндетті;
• оқытушы оқу ісін ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін
шығармашылық тұрғыда ұйымдастыруға міндетті;

• ата-ана өз баласының қажетті дәрежеде білім алуына жағдай жасауға
міндетті;
• мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға
міндетті;
• мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды
ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың
жетістіктеріне ұлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға
міндетті;
• қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі
жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда
болуда:
• білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;
• ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және
радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде;
• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға
ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
• қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен
қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
• оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық
бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып
отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық
лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы
пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
“Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі
амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу
процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп
түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге
жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді
және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық
құрылымы(14).
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту
үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара
әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып
меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин “Педагогикалық
технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық
қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және
жұмыс істеу реті”, – деп анықтайды.
Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған
критерийлері:
• елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;
• қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
• педагогикалық озат тәжірибе;
• мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы,
шығармашылығы;
• мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
• алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға
сай болуы;
• жүйелілігі;
• тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Оқытудың қазіргі технологиялары еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің
барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру
мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты
талпыныстарға жол ашты(15).
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты
әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
(Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай бойынша):
1. Ынтымақтастық педагогикасы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту,
балаға ізгілік тұрғысынан қарау мен оқыту мен тәрбиенің бірлігі болып
табылады.
Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымының ерекшелігі:
( мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субьект, мұғалім де
субьект;
( екеуінің бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі;
( жалпы мектеп ұжымының арасында өзара ынтымақ болуы;
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
( балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;
( дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;
( тәрбиелеу тұжырымдамасы;
( қоршаған ортаны педагогикаландыру;
1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)
Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу,
жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру
мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
( ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдары;
( бала-табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан ол мықтылық, шексіздік
сияқты қасиеттеріне ие;
( бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:
( жазу-сөйлеу қарекеті;
( математикалық пайымдау, математикалық түсіну;
( әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;
( өзге тілді меңгеру;
( рухани жетілу т.б әдістері;
( ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп
жұмыс істеу;
( оқыту арқылы тәрбиелеу.
2. Ойын арқылы оқыту технологиясы
Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Ойын арқылы оқыту технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-
талғамдарына сүйенеді. Мазмұнының ерекшелігі-білімдік, танымдық,
шығармашылық, репродуктивтік. Әдістері-пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік,
драмалық, еліктеушілік.
3. Проблемалық оқыту технологиясы
Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін
меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.
Тұжырымының ерекшелігі:
( білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын
үрдіс;
( бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана
қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
( оқытуда табысқа жетудің шарттары;
( оқу-материалында проблема туғызу;
( баланың белсенділігі;
( оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Белгісіз х-ке байланысты:
Х-мақсат
Х-іс-әрекет обьектісі
Х-қызмет әдісі
Х-іс-әрекетті орындау шарты.
Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;
( проблемалық мазмұндау;
( эвристикалық;
( проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;
( проблемалық жан-жақты эксперимент;
( мәселені проблемалық шешу;
( проблемалық ситуация (ойын түрінде)
5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)
Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне
(әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету
Тұжырымының ерекшелігі:
( үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық,
ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
( жеке бағдарлы қарым-қатынас;
( ізгілік (барлық бала талантты);
( зорлықсыз, еркімен оқыту;
( әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай
жасау;
( оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Мазмұнының ерекшелігі:
( материал ірі мөлшерде енгізіледі;
( материалды блокпен топтау,
( оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.
Әдістерінің ерекшелігі:
1. теорияны блоктау;
( теориялық материалды сыныпта меңгеру;
( үйде де өз бетімен жұмыс істеу;
Бірінші қайталау:
( конспект (меңгергенін жан-жақты бақылау)
( тірек конспектісіе ауызша баяндау
Екінші бақылау:
( жалпылау және жүйелеу;
Үшінші бақылау:
( өзара бірін-бірі бақылау
2. практиканы блоктау
( практикалық жұмыс(жаттығу)
( есеп шығару
( нәтиже
Кеңестік дәуірде жеке пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында
оқытудың жаңаша бір әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа
технологиясын мектеп өміріне белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім
сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің бірі —
донецкілік математика пәнінің мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып
табылады. Кезінде оның оқыту технологиясы да көптеген қиындықтарға
кездесті. Себебі, В.Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесін жаңа жағдайда жұмыс
жасауын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, түсіндіру және
сипаттау жеткіліксіз болды..
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл
мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы
білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға
жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша
дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты
жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше
жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады(16).
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-
тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті
түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы
жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі.

Біздің ойымызша, В.Ф.Шаталовтын басты еңбегі – оқыту ісін оқушылардың
өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны
жоқ, “Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің оқыту, білім беру, үйрету іс-
әрекеті мен оқушының оқу, үйрену іс-әрекетінің бірлігі” деген формулада
келтірілген оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына
қарамастан, В.Ф.Шаталов мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген
белсенділікті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және
сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда, ол
кеңестік психологияда тұжырымдалған А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин,
Н.Ф.Талызина сияқты ғалымдардың жалпы идеяларын шынайы түрде жүзеге асырып,
оларды әдістемелік жағынан “нақыштай” білді.
В.Ф.Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар?
Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен
мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны
белсенді түрде тыңдауы түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім
үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады.
Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс
істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір
рет) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Бала психикасы дамуының қозғаушы күші
Психика мен сана дамуы
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Тұлғалық ерекшеліктер
Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Психика және сана түсінігі
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Балалардың психикалық даму белгілері
Пәндер