Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі



Жоспар

Кіріспе

I.БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік.экономикалық, мәні, оның ic.әрекет сфералары
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

II. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз болады.
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.
Сондай-ақ жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті нәрсе. Жеке мүлік қазіргі кезде ақша сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Кейбір ақшасы жетерлік азаматтар мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен сайын ақшасы өсе бастайды. Сондықтан жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп екенін көреміз. Сақтандырылған мүлік өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады. Қандай жағдай болмасын ол мүлігінің сақтаулы күйінде қалатынына сенімді болады. Менің міндетім осы курстық жұмысты жазу барысында жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу болып отыр. Төменде менің маңызды жұмысым ол қалай тұрғызатыным жайлы түгел талдап, жазып шығу.
1. Құлпыбаев І. “Қаржы”: Алматы – Экономика баспасы 2005 ж.
2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-компьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93.
4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
8. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
10. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.
11. Қазақстан. Энциклопедия: Сақтандыру, жеке мүлік, мүлікті сақтандыру.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

I-БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні,
оның ic-әрекет сфералары
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

II- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық
көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп
келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық
жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге
көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде
біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа
әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді
ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде
өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық
әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине
жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы
берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз
болады.
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып
келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық
сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір
өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек
көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға
денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің
сақтаулығы жанды түршіктірердей.
Сондай-ақ жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті нәрсе. Жеке мүлік
қазіргі кезде ақша сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Кейбір ақшасы
жетерлік азаматтар мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен сайын ақшасы өсе
бастайды. Сондықтан жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп екенін көреміз.
Сақтандырылған мүлік өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады. Қандай
жағдай болмасын ол мүлігінің сақтаулы күйінде қалатынына сенімді болады.
Менің міндетім осы курстық жұмысты жазу барысында жеке мүлікті
сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу болып отыр. Төменде менің маңызды
жұмысым ол қалай тұрғызатыным жайлы түгел талдап, жазып шығу.

I-БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні,
оның ic-әрекет сфералары

Сақтандыру - коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің,
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв жене сақтық корлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің, үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріc процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімінің кұнын қайта бөлуге қатысуы;
оның ic-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының біp бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда
бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық үшін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты рстінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын кұру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының
көрінісi ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай
келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиістi түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдердің жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын
сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел
сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның
орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бip бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) коғамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс
істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден,
үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
epiктi қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-теңдікпен қалпына келтipy жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды —
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың ic-әpeкетi халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен
байланысы.
Үшініші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлік, сонымен бiрге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларың қалыптастырудың ең
негізгі әдісi қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістерi.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни
бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түрліне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде — қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда — қос әдіс,
үшінші бөлікте — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ipi апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөнінідегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бip
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бipгe, өзін-өзі сақтандыру негізінде
ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы корларды қалыптастыру әдісi де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар — жем-шөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарында (шикізаттың шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың,
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар коғамдық ұдайы өндірістің әлементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған коғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті кұрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуip бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін
рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетуің бағасы сақтық тapuфmepi мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың
санасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу женіндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бip уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бip бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұксас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісім-шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түpлi мүдделерін
қосымша қорғауға мүміндік береді. Қaзipгi кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың нeгiзгi ауыртпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түcipy мақсатымен коммерцияның шектес
сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі
сақтық ici ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру — сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық
төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де
оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін
мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
коғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бip тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының)
шегінде сақтық өтемін төлeyгe міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша — epiкті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және жинақтаушы
емес.
Mіндemmi сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әpбip түpi сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Epiкmi сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі "міндітті сақтандыру" саласы және "жалпы
сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы epікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы epікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік кұралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құраладарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік кұралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені
үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің
және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру mүpi сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы
сақтандырудың бip немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін
сақтық өнімі болып табылады.

1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүдделі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) кабілетті (толық немесе ішінapa) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулердің сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінapa немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік кұралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктерің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделерне (автомобиль, темір жол, әye
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бip
адамдардың үмітіне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген
зияндар үшін жауаптылықты сақтантдыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын
міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру)
тәуекелін сақтандыру.

1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру –азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына
байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын,
бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды
әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандырының бірі. Алайда бұл
екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметін қатысты және
еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының
іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап
айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы
толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін
қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен
қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс
істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастыруды екі қағидаты бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс
істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан
айырылуына карай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл
қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес
аударымдарының негiзiнде; бұл қағидаттың ic-әрекеті кезінде төлемақылардың
мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына
байланысты болады. Бұл қағидаттың ic-әpекетіне негізделген жүйе
Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінше қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін
қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы
жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті
халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау,
зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында
тиімді болды.Өмip сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік
санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен
сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік
сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды
төлеудің базалық көрсеткіштерінің кұлдырауынан да, сондай-ақ әлеуметтік
қорларға оларды толық және уақытылы аударып отыруға төлеушілердің
мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың
жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен
жәрдемақылар алатындар алдында берешектігі үлкен көлеміне жеткізді;
әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің
күнкөріс минимумдағы кажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар
қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өңбойы
индексациялап отыру кажеттігін тудырды.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған
екінші қағидаттың ic-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар
үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттік
кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа
нысандарын межелеу;
4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы
барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен
қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану
құқығын белгілеу;
8) қосымша epікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына
жәрдемдеседі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай турлерге белінеді:
еңбек ету кабілетін жоғалтқан жағдай;
асыраушысынан айрылған жағдай;
жұмысынан айрылған жағдай;
Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып
табылады:
• Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
• әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға
мемлекеттің кепілдік бepyi;
• міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
• заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
• әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
• әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
• міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік
органдардың қызметіндегі жариялылық.
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті
жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-
өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік
сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар
мынадай мөлшерде белгіленеді:
2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінен 1,5 пайыз;
2006 жылдың 1- ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінен 2 пайыз;
2007 жылдың1- ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу
объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық
режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз
пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006
және 2007 ж.ж. 1- ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен
белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5; 2 және 3 пайызы).
Еңбек ету қабылетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін
әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы
тоқтатқанына немесе icтеп жатқанына қарамастан тағайындалады.
Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік
төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген
соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіге белгіленген ең
төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты
алмастырудың еңбек ету кабілетінен айрылу мен қатысу өтілінің тиісті
коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті — 0,6 болады. Еңбек ету
қабілетінен айрылу коэффициенті: жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу
дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін болатын еңбек ету кабілетінен айрылған
адамдар үшін — 0,7; жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Математикалық жабдықтау
Сақтандыру менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы
Сақтандырудың мәні
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Жалпы және өмірді сақтандыру
Пәндер