Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі


Мазмұны
1. 4. 1
1. 4. 2.
1. 5.
Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйелер қорларына қойылатын талаптар
Концептуалды схема
2. 3.
2. 4.
2. 5.
2. 5. 1.
2. 6.
Есептің сипаттамасы
Ақпараттық қор
Математикалық жабдықтау
Мәселені шешудің алгоритмін сипаттау
Программалық жабдықтау
Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс. Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері, салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет. Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру. Мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты салық жүйесінің осы бағытта жаңа перспективалары пайда болды. Осыған байланысты ұйымдастыру мүмкіншілігінің біркелкі интегрирленген ақпараттық желісі пайда болды, яғни салық органдарының өз араларында және де басқа мекемелермен ақпараттық жүйесі тығыз, кең көлемде байланысу мүмкіншілігіне ие болды. Курстық жүмыс Бостандық аудандық салық комитеттіндегі жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу, яғни кез-келген уақытта салық инспекторының немесе салық төлеушінің сұранысы бойынша айқын, нақты салық төлемі бойынша ақпарат алуды ұйымдастырады, сонымен қатар есепті жылы мүлікке төленген салық жайлы толық ақпарат алуға көмектеседі. Курстық жүмыс кіріспеден, теориялық, негізгі, корытынды бөлімдерінен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу» бөлімінде пәндік сала, аудандық салық комитетінің сипаттамасы, есептің ақпараттық жүйесінің құрылу мақсаты және тағайындалуы қарастырылады. Программалық, математикалық, техникалық жабдықтау және “Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы құрылған.
Негізгі бөлімде «Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу» есебінің шартын анықтау. Салық комитететінің ақпараттық жүйесінде есептер кешенін ұйымдастырудың экономикалық мәні, ақпараттық база және есептер кешенің жүзеге асыруда қолданылатын программалық жабдықтау құрылымы, оны жүзеге асыратын программалық құрал-жабдықтар, математикалық жабдықтау сипатталады. Курстық жүмыста 20 атаудан тұратын әдебиеттер тізімі берілген.
1. “ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІКТЕРІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕМДЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ
1. 1. Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу үрдістің экономикалық мәні
Мүлік салығы - Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.
Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады. Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді.
Мүлік салығын төлеушілер және салық салу обьектілері.
Меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Мүлік салығын төлейтін жеке тұлғаларға да салық жеңілдіктері берілген. Атап айтқанда:
1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан мүлік құнының 1000 ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде салық салынбайтын ең төменгі деңгей:
• Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне,
Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген
адамдарға, «Халық Қаһарманы» атағына ие болғандар, III
дәрежелі Даңқ ордені, «Отан» орденімен марапатталған адамдар;
• «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы
аналар;
• I және II топ мүгедектер;
• Жеке тұратын зейнеткерлер.
- Бүгінгі таңда мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке тұлғалар:
- мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
- меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіш шегінде (2006 жылы АЕК - 1030 теңге) :
• Кеңес Одағының Батырлары;
• Социалистік Еңбек Ерлері;
• «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ
орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар;
• «Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен
марапатталған көп балалы аналар;
• жеке тұратын зейнеткерлер.
- меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш шегінде (2006 жылы АЕК - 1030 теңге) :
• Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген
адамдар;
• I және II топ мүгедектер;
Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша мүлік салығынан мұндай жеңілдік түрі қолданылмайды.
Салық салу обьектілерін меншік иесі сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу обьектілері меншік иесінің келісімі бойынша сенімгер басқарушы немесе жалгер берілген обьектілер бойынша салық төлеуші болуы мүмкін.
Бұл ретте сенімгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуі салық салу обьектілері меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
Егер салық салу обьектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу обьектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу обьектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай обьектілер салық салу обьектісі болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй - жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй - жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс обьектілері - қоныстану кезінен басталады.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган белгілейтін салық салу обьектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу обьектілерінің құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салық төлеуші жеке тұлғаның бірнеше салық салу обьектілері болған жағдайда, салық базасы әр обьект бойынша жеке - жеке есептейді.
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары:
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 24 желтоқсандағы «Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық туралы» Заңына сәйкес жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық жыл сайын құрылыстардың, үй - жайлар мен ғимараттардың түгенденген құнынан 0, 1 пайыз нарқы бойынша, ал ол болмаған кезде - осы құрылыстардың мемлекеттік міндетті сақтандыруы бойынша төлемдер есептеу үшін қолданылатын бағамен төленеді.
2. 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкіне салық салынатын мүліктің түгендемелік құнынан 0, 5 пайыз көлемінде мүлік салығын төлеген еді.
3. 2005 жылдың аяғына дейін жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу обьектілерінің құнына қарай мынадай ставкалар бойынша есептелінді.
Мүлік салығының ставкалары
(2006 жылдың 1 қаңтарына дейін)
1) 1 теңгеге дейін, қоса
алғанда
Салық салу обьектілері құнының
0, 1 пайызы
2) 1 теңгеден жоғары -
2 теңгеге дейін қоса алғанда
3) 2 теңгеден жоғары -
3 теңгеге дейін қоса алғанда
4) 3 теңгеден жоғары -
4 теңгеге дейін қоса алғанда
5) 4 теңгеден жоғары -
5 теңгеге дейін қоса алғанда
6) 5 теңгеден жоғары -
6 теңгеге дейін қоса алғанда
7) 6 теңгеден жоғары -
7 теңгеге дейін қоса алғанда
8) 7 теңгеден жоғары -
8 теңгеге дейін қоса алғанда
22500 теңге + 7 теңгеден асатын
сомадан 0, 7 пайызы
9) 8 теңгеден жоғары -
9 теңгеге дейін қоса алғанда
10) 9 теңгеден жоғары -
1 теңгеге дейін қоса алғанда
4. 22. 11. 2005 жылы №89 Заңымен жеке тұлғалардың мүлік салығына өзгерістер енгізілді, салық ставкалары екі есе төмендеді, ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мүлік салығының ставкалары
(2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап)
1) 1 теңгеге дейін, қоса
алғанда
Салық салу обьектілері құнының
0, 05 пайызы
2) 1 теңгеден жоғары -
2 теңгеге дейін қоса алғанда
3) 2 теңгеден жоғары -
3 теңгеге дейін қоса алғанда
4) 3 теңгеден жоғары -
4 теңгеге дейін қоса алғанда
5) 4 теңгеден жоғары -
5 теңгеге дейін қоса алғанда
6) 5 теңгеден жоғары -
6 теңгеге дейін қоса алғанда
7) 6 теңгеден жоғары -
7 теңгеге дейін қоса алғанда
8) 7 теңгеден жоғары -
8 теңгеге дейін қоса алғанда
11300 теңге + 7 теңгеден асатын
сомадан 0, 35 пайызы
9) 8 теңгеден жоғары -
9 теңгеге дейін қоса алғанда
10) 9 теңгеден жоғары -
1 теңгеге дейін қоса алғанда
Салықты есептеу тәртібі.
Жеке тұлғалардың салық салу обьектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы 12 айдан кем болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын 12 - ге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бірнеше жеке тұлғаның бірнеше салық салу обьектілері болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу обьектісі бойынша бөлек жүргізіледі.
Жаңадан құрылған салық салу обьектілері бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі.
Салық салу обьектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактісін растап уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
Салықты төлеу тәртібі.
Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
Бюджетке салық төлеу салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде салық салу обьектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда салық сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
Меншік құқығын берген тұлға салық салу обьектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл орайда бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын обьектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган салық салу обьектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі - күнтізбелік жыл болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу обьектілері жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу обьектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есебіне кіреді.
1. 2 Бостандық салық комитетінің сипаттамасы және басқару жүйесі
Бостандық аудандық салық комитетінің ұйымдастыру құрылымы
Бостандық аудандық салық комитетінің барлық бөлімдері өз жұмыстарын Президентінің Заңдық күші бар “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер” жарлығы бойынша қызмет атқарады. Барлық бөлімдер қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық күші бар жарлықтарды, Қазақстан Республикасының Президентінің шешімдерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министірлігінің басқа да нормативті актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
1 Аудандық салық төлеушілер бөлімі
Салық төлеушілерге кеңес береді (декларацияны толтыру, тіркеу формалары және т. б. ) декларацияларды қабылдайды, жобаланатын табыс туралы анықтамаларды және есеп айырысуларды жүзеге асырады. Визуалды бақылауды (барлық граффалардың дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың, мөрдің және т. б) бірінші математикалық логикалық, яғни айқын қателерді тексереді мысалы: салықтың табыстан көп болуы сияқты қателерді тексереді және дұрыс толтырылған құжаттарды ақпараттық жабдықтау бөліміне береді.
2 Ақпараттық жабдықтау бөлімі
Ақпараттық жабдықтау бөлімін бөлім бастығы басқарады, ол жұмысты ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттерді және сол бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін белгілейді. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
- Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ орнату;
- Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесімен сонымен қатар ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ көмекші ақпартаттық жүйелерімен жұмыс жасауға үйрету;
- Аудандық әкімшіліктендіру деңгейінде ақпараттық жүйелер туралы арнайы анықтамалық оқулықтар беруді ұйымдастыру, бақылау қажет;
- Салық комитетінің техникалық және ақпараттық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау;
- Ағымдағы есптердің орындалуын: сальдоны есептеу, өсімдердің өсуін, қажетті ақпараттарды құруға, көмекші программалардың файлдарын жүктеуге міндетті;
- Қазақстан республикасының Кіріс министрлігінің тапсырмасы бойынша тапсырылатын бір рет орындалатын ақпараттардың уақытысында орындалуын қамтамасыз ету;
- Техникалық оқуларды өткізу;
- Бюджетке уақытысында төленбеген 1-ші есеп беру бойынша айлық есеп берудің орындалуын қамтамасыз ету;
- Бюджетке төленетін міндетті төлемдердің соммасы жайлы есеп беру кәсіпорынның түріне байланысты, жеке тұлғалардың экономикалық іс-әрекетіне байланысты дайындалады;
- “Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасысының ережесін” және “Жемқорлықпен күрес” жайлы Қазақстан Республикасының заңының орындауға міндетті.
Аудандық салық комитеттердің қолданатын программасы, ол Қазақстан Республикасының интерленген салық ақпараттық жүйесі(ИСАЖ) . Ол Қазақстан Республикасының салық органдары мен салық төлеушілері арасында қолданатын біріккен ақпараттық ортасы. Қазақстан Республикасының ИСАЖ жүйесінің негізінен ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігімен, Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін байланыстыру ортасы болып табылады. ИСАЖ ең бірінші тапсырушысы Қазақстан Республикасының Кіріс Министрлігінің салық комитеті болған, ал бұл программаны өңдеген Қарағанды қаласындағы «фирма Плюс микро» Жеке шаруашылық серіктестігі болған. Тапсырушының негізгі мақсаты ол: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін арттыру және салық комитеті қызметкерлерінің жұмыс орындарын автоматтандыру. ИСАЖ негізгі басылымдылықтары болып мыналар табылады: салық төлеушілердің мемелекеттік реестрлерін бір орталықтан жүргізу, яғни салық төлеушілерді тіркеу, есептен шығару, салық төлеушілер жайлы қосымша мәліметтер енгізу, автоматты түрде жеке есеп айырысу шоттарын ашу. ИСАЖ бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: салық төлеушілерді тіркеу қажетті құжаттарды қабылдау, алынған мәліметтерді сақтау, салық төлеушілерге регистрациялық нөмір беру және тіркелгені жайлы растау құжатын береді. Аудандық деңгейде тіркелу жайлы өтініш қабылданып республикалық деңгейге жіберіледі, республикалық деңгейде жеке шоттарды жүргізу декларациялардың өңделуін штрафтардың есептелуін, салық төлеушілердің артық төлеген төлемдерін қайтарады. Салық төлеушілердің жеке шоттары туралы мәліметтер Астана, Алматы қалаларында облыстық деңгейдегі мәліметтер, мәліметтерді тіркеудің соңғы қорытындылары жүзеге асады, содан кейін салық төлеушілерге регистрациялық нөмер(РНН) беріліп мәліметтер базасында сақталады. Салықтық әкімшілік етудің негізгі есебі ол: салық операцияларын жоспарлау, орындалуын бақылау, генерациялау болып табылады. Негізгі атқаратын функциясы құжаттар айналысын автоматтандыру, тексеру қорытындыларын өңдеу, хабарламалар генерациясын автоматтандыру.
3 Құқытық жабдықтау бөлімі
- аудандық салық комитетінің экономикалық-бақылау жоспарын жасауға қатысады және оның кезекпен орындалуын қамтамасыз етеді;
- белгіленген заңдарға сәйкес аудандық салық комитетінің құқық қорғау және басқа мемлекеттік мекемелерде ұсыну міндеті жүктеледі;
- аудандық салық комитетінің талап ету жұмыстарын ұйымдастыруға жүргізуін міндетті;
- салық төлеушілермен салық комитетінің арасында болатын түсінбеушіліктерде шешімдерін табуға міндетті;
- мемлекет мұра ретінде берген мүліктерді бағалауға, сақтауға, есеп беруді жүзеге асырады;
- аудандық салық комитетінің басқа бөлімдерін қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарын біркелкі орындаулуын бақылайды, басқа мекемелерге жіберілетін түсініктеме түріндегі хаттардың, шешімдердің дұрыстығын тексереді.
- салық төлеушілер арасында нормативті құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
4 Іс-құжаттардың айналысы және кадрлар жұмысын ұйымдастыру
Бұл бөлім өз жұмысын басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, басқа бөлімдерге жүктелетін функционалдық міндеттерді қызметкерлерінің қызметтерін белгілейді.
Бөлімге ұйымдастыру жұмыстары бойынша келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
- Тоқсандық, жылдық жоспарлардың өнделуін және экономикалық-бақылау жұмыстарының өз уақытысында орындалуын бақылау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz