Қазіргі замандағы танымдық тәжірибенің тапшылығы


МАЗМҰНЫ
2. 4. Интерактивтілігі және дыбыс . . .
2. 5. Flash фильмдерін қолдану түрлері. . . . .
2. 6. FLASH фильмін құрудағы реттілік . . .
- Фильмдерге шолу жасау мен жылжымалы GIF файлдар . . .
36
38
39
40
КІРІСПЕ
Ұлтымыздың өз уақытынан озып - туған ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» . . . деген арманының орындалатынындай сәті туған тәрізді. Міне Отанымыз Қазақстан Республикасы егемендігінің жарияланғанына 19 жыл, ал тәуелсіз ел атанғанына 18 жыл толып отыр. Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына қолын жеткізді. Ендігі жерде ол өзінің аңсаумен алған азаттығын көздің қарашығындай сақтаумен қоса, тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет.
Еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды пайдалануды талап етуде, өйткені бүгінгі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа технологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейлінше қажет етеді.
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: “Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз”- деп, болашақ құндылықтар туралы айтты.
Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру саласы демократиялық бағытта дамуда. Білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда. Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық білім беру жүйесін жатқызуға болады.
Инновациялық технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді, осыған байланысты жоғарғы оқу орындарын түбегейлі компьютерлендіруді жоспарлау негізінде, елдегі қашықтан оқытуда жаңа технологиялық білім беру жүйесін қолайлы оқыту әдісі деп қарастыруға болады. “Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деп жазады. “Инновация” сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілетін, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік-шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады.
- Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратты сақтап, шапшаң өңдеп жеткізе білуі және ақпараттандырудан әрбір адамның хабардар болуы шарт. Ақпараттық білім беру ортасы үздіксіз өзгеріп отыратын, оқушының жеке ерекшеліктерін, оны қызықтыратын нәрселерді ескеретіндей жағдайда болуы керек. Ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат - оқушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни, ізденімпаздылыққа үйрету.
Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамдарға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолында да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая тусуде. Оқыту мақсаттары мен міндетеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.
Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында әр түрлі оқыту формалары мен әдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды жасау және оны қолдану. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп, түсіндіреледі.
“Электронды оқулық” дегеніміз не және оның қарапайым оқулықтан айырмашылығы қандай? Электронды оқулық әдетте қарапайым оқулықты толықтырады, әсіресе ол мынадай жағдайларда өте тиімді: жылдам кері байланысты қамтамасыз етеді; қарапайым оқулықтағы қиын іс-әрекеттердің бірі керекті ақпараттарды тез табуға көмектеседі; тексттік түсініктермен бірнеше рет жұмыс жасаған кезде едәуір уақыт үнемдеуге көмектеседі, белгілі бір оқушының білімін белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін педагогикалық жаңа технологияларды қолдану қолға алынып жатыр. Қазіргі ақпараттанудың өзіне тән ерекшелігі: білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға бағытталған оқытудың жаңа технологияларын пайдалану және дамыту, ақпараттық өнімнің жаңа тәсілдері мен құралдарын оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану.
Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Менің дипломдық жұмысымда мектеп жасына дейінгі баларды оқытуда балабақшада ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтылған.
Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихи тәжірибелерді ой елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды, әртүрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - қажеттіліктердің бірі ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділіктері бойынша толық білім сапасынан және оны студенттердің жұмыс практикасында пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.
Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолдану заман талабы екені белгілі. Өйткені, олар - мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында “Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған қажетті жағдайлар жасау” керектігі белгіленген. Сондықтан да, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру барысында жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқу- тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдануды ендіру аса қажет.
Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің дамуында оң өзгерістердің көбеюі олардың өмірмен байланысының нығаюы сияқты факторлардың ықпалы зерттеушілер мен әдіскерлердің танымдық белсенділікті дамыту теориясына деген ықыласын күшейте түсуде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазіргі талапқа сай қолданатын электрондық оқу құралының нұсқасын жасау.
Дипломдық жобаның жаңалығы: Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кәдімгі қағаз бетіндегі оқулықтардан басқа қазақ тіліндегі электронды оқулықтар, қолданбалы программалар жоқтың қасы.
Жобаның құрылымы мен көлемі - диплом жобасы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
1. 1. Таным - іс-әрекеті
Философиялық сөздікте: “Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі барысында қарама-қарсылық бар жерде шығармашылық жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным, көбінесе рухани өндірістің (ғылыми, эстетикалық, этикалық, діни-парасаттық қызметтің және т. б. ) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді - деген анықтама берілген.
Үкімет “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасын” бекітті. Бұл тұжырымдаманың мақсаты: “Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу” болып табылады. Сонымен қатар тұжырымдамада балаларды мектепке дейінгі мекемелерге ерте және бес жастағы балаларды мектепалды даярлықтан өткізу міндеті де қойылған. Үкіметтің алға қойып отырған міндеттерінің бірі ауыл мектебінде білім беруді ұйымдастырудың жаңа үлгілерін жинақтап, педагогикалық тәсілдер аясын кеңейтіп, білім сапасын жақсарту болып табылады.
Ұйымдастырудың жаңа үлгілерін жинақтап, педагогикалық тәсілдер аясын кеңейтіп, білім жобасын жақсарту болып табылды.
Ақпарат ұғымы (латын тілінен “information”- түсіндіру, мазмұндау) -бұл мәлімет халықтың ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістермен (шартты белгілер көмегімен, техникалық құралдар және т. б. ) : «қоршаған орта әлемі туралы түсінік беру, ондағы үрдістің түрі адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы». Ақпарат ұғымы әрқашан хабарландыру ұғымымен байланысты, «өмірдің жай тіршіліктен айырмашылығын басынан шамасына дейін қабылдау үрдісін шаршамастан көрсетеді, қоршаған ортадан қабылдаған ақпаратты өңдеп және бағалайды»
Ақпарат адам әрекетіндегі барлық жағдайды қамтиды. Академик Ю. А. Ершов атап кеткендей, жақында, бірінші жоспарға енетін жас ұрпақтың ақпарат ғасырына сәттілікпен өтті. Ол: «XIX ғасырдағы елеулі оқиға болып, адамның салыстырмалылықтың мәнін түсініп салыстырмалы теориямен келісе отырып, адамзат үш өлшемдік кеңістік әлемде емес төртөлшемдік кеңістік уақыты әлемінде өмір кешуде ХХ ғасыр ақпараттың тағы бір өлшемін аяқтады»- деп атап көрсетті.
Мектепті, балабақшаны ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді шешіп алуымыз керек. :
- қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу;
- оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологиясын меңгерген мұғалім-маман даярлау;
- білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;
- балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық-әлеуметтік қолдау көрсету;
Бүгінгі таңда ұстаздар қауымынан тәлім - тәрбие алып жатқан жеткіншектер ертеңгі күні білімді маман емес, сонымен бірге Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Себебі, білімділер білім мен халықтың сауаттылығы қай елдің болсын аса құнды байлығы болып есептеледі. Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру, ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету - әрбір мұғалімнің міндеті, қоғамдық қатынастар мен экономикалық қатардағы өзгерістер тәуелсіз елдің білімді ұрпағын тәрбиелеу қажеттілігін керек етеді. Әрбір жағдай өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заманның көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты өз елінің тарихы, тарихи тұлғаларының өмір баяндары өнегесінде тәрбиелеу - ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан мұғалім өз білімін үнемі білдіріп отыруы қажет.
Білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми - техникалық негізінде оқыту мақсаты алға қойылуда. Кез-келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды (қашықтан) оқыту, жеке жобаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді.
Оқытуды ақпараттандыруда компьютердің мүмкіншіліктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тестілеу, әр түрлі ойындар, т. б. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда компьютерді қолданудың екі бағыты бар:
- Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, іскерліктер мен дағдылармен қаруландыру.
- Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Блім беру үрдісінде белгілі бір қатып қалған әдіс- тәсілдермен жұмыс істеу мүмкін емес, білім беру жүйесі үздіксіз жаңартуларды қажет етеді. Тек соңғы жылдары ғылым саласында білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Осындай жаңа педагогикалық инновацияларды бірнеше жыл қолданып келеміз.
Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет.
Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда модельдеуге үйрету.
Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
Электронды оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындаудың негізі - модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрациялар, әртүрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады.
Экономикасы жоғары елдің тәжірибесі көрсетіп отырғандай олардың білім беру деңгейін ақпараттандыру, экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі себебі екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын білім беру үрдісіне енгізуді жетілдіру - бүгінгі күн талабында тұрған көкейтесті мәселе.
1. 2. Танымдық білім беру жүйесі - заман талабы
Еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды пайдалануды талап етуде, өйткені бүгінгі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа технологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейлінше қажет етеді.
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: “Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз” - деп, болашақ құндылықтар туралы айтты. Міне сол үшін де еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен мәнділігіне шынайы міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылатын іс-шаралар айқындалуы қажет.
Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру саласы демократиялық бағытта дамуда. Білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда. Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық білім беру жүйесін жатқызуға болады. Ал, “Таным ” (лат. - жаңа, өзгеру деген мағыналарды білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен аясындағы сандық және сапалық өзгерістерді білдіреді.
Танымдық білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады. Инновациялық технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді, осыған байланысты жоғарғы оқу орындарын түбегейлі компьютерлендіруді жоспарлау негізінде, елдегі қашықтан оқытуда жаңа технологиялық білім беру жүйесін қолайлы оқыту әдісі деп қарастыруға болады. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемсіздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
1. 3. Мектеп жасына дейінгі балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Мектеп жасына дейінгі балалар мұгалімдерінің, мына біздердің басшымызға тән қандай қасиеттеріміз болу керек? Осы дипломдық жұмысымда осы мәселелерге тоқталмақпын.
Сондықтан мына біздерге, олардың мұғалімдері мен тәрбиешілеріне, біріншіден осыған байланысты қандай проблемалар тууы мүмкін екенін екіншіден партада дәл алты бес жасар немесе нақ олар сияқты балалар емес басқа балалардың отырғандығын толық сезіне отырып, олармен басқаша жұмыс істеу керектігін; үшіншіден өзінің және оқытудың, тәрбиелеудің, ең бастысы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудің проблема тудырып отырған формалары мен тәсілдерін анықтай білу қажет.
Біріншіден, біз мейірбанды адамдар болып, балаларды қаз қалпында сүйюге тиіспіз, шолжаңды да тіл алғышты да, ақылды да балаларды тәрбиелеуіміз керек.
Мектеп жасына толған баладан гөрі мектеп жасына дейінгі бала мектеп өміріне дайынырақ келеді. Қазіргі балалар ата аналарының бәрін де, әдетте, орта және кәсіптік білімі, ал олардың көпшілігінің тіпті жоғарғы білімі бар. Мұның өзі бала өсетін, әлеуметтік ортаны сапалық жағынан өзгертті. Оның дамуына бұқаралық ақпараттық құралдары телевизор, балаларға арналған журналдар, кітаптар мен кинофильмдер үлкен әсер етуде. Ойындардың мазмұны өзгеріп, балалардың дене сымбаты мен ақыл ойы дамуына барған сайын ықпал ететін, олардың төңіректегі шындықпен, адамдардың өмірімен және еңбегімен, осы заманғы ақпараттық технологиялармен жан жақты таныстыруға көмектесетін құралдар пайда болды. Балалардың дамуы мен тәрбиеленуін жеделдетуге мектеп жасына дейінгі балалардың басым көпшілігін қамтитын балалар бақшалары зор роль атқарады. Онда олар қажетті білім алып, адамгершілік этикалық нормаларының әліппесімен танысады, тәрбиешілердің жетекшілігімен олардың тілі ойлау қабілеті, еңбекке икемділігі эмоционалдық еркіндік аясы мақсатты дами түсуде. Әдетте мектеп жасына дейінгі бала оқуды, жазуды, қарапайым есептеуді үйренеді. Сөйтіп ол мектеп жасына жеткенге дейін көптеген мағлұмат алады.
Алайда білім берудің дәл осы мазмұны оқу, жазу, қарапайым есептеулер мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық талпыныс құралына айналып отыр. Бұл білімдер олардың даму өрісінде болады да, танымдық ынтасын оятады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz