Салықтар және салық салу механизмі



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I бөлім. Салықтар және салық салу механизмі.
1.1 Салықтардың экономикалық мәні және маңызы ... ... ... ... ..4
1.2 Салықтың атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Лаффер қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4 Салық салу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

II бөлім. Салық түрлері.
2.1.Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ... ... ... ... ...14
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3.Қосылған құнға салынатын салық. Акциздер ... ... ... ... ... ... .18

III бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
3.1. ҚР.ның салық жүйесі туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.2.Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ...23
3.3Салық жүйесінің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.4. Салық жүйесінің негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне және бюджет саясатына түпкілікрі қайта құруды жүргізуді талап етеді. Еңбек нарығының қалыптасуы оның қызмет етуі жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қорды құрмайынша мүмкін болмайды. Мұндай қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұдан экономикалық базис саяси құрылымының арасындағы өзара байланысты көреміз.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекет арасындағы бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайды. Шаруашылық жүргізуші субъектіден халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтайды. Мемлекет құрылысының өзгеруі, өркендеуі қашанда салық жүйесінің құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты- салықтар туралы түсінігімді, салық салу механизмдерінің принциптері, ҚР-ның салық жүйесі,салық кодекстеріндегі негізгі ережелер туралы түсінігімді дамытып және осы мәселені толық баяндап зерттеу .
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақынова Ф.Н, Табаев Т.П. “Экономикалық теория”. Алматы, “Қазақ университеті” 1999 ж.

2 Базарбекова К.Б. "Қосылған құнға салынатын салық", Бухгалтерлік бюллетень, 1999- №49, 7-бет.

3. Бисенғазиев М.Б. “Кәсіпкерлік негіздері”. Орал, 2001 ж.

4. Дж.Санс. Макроэкономика. Глобальный подход /Пер.с англ.-СП б.,1994 г.
5. Ермекбаева Б.Ж. ″Жалпы мемлекеттік салықтар″. Алматы, 1997 жыл.

6. . Жұмағалиев Е. ″Салық - нарық эконо-микасының маңызды тұтқасы″, Орал өңірі, 1995 жыл, №7.

8 Жүнісов Б., Мәмбетов Ү., Байжомартов Ү., ″Нарықтық экономика негіздері″, Алматы, 1994 жыл.

9. Ивашковский С.И. Макроэкономика. М.,”Дело”, 2000 г.
10. Құлпыбаев Т. М. “Қаржы және оны басқару” Алматы, “Мерей”. 2000 ж.

11.Мәдешев Б. Ы. “Нарықтық экономика теориясына кіріспе”. Алматы,“Экономика”. 1995 ж.

12. Салық кодексі. Алматы, «Юрист». 2001ж
13. ″Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы″ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы. Алматы: Қаржы-қаражат, 1995 жыл.
14. Шеденов Ө.К., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., ″Жалпы экономикалық теория″, Алматы, 2000 жыл.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3

I бөлім. Салықтар және салық салу механизмі.
1.1 Салықтардың экономикалық мәні және маңызы ... ... ... ... ..4
1.2 Салықтың атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Лаффер
қисығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 12
1.4 Салық салу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

II бөлім. Салық түрлері.
2.1.Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ... ... ... ... ...14
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ... ... ... ... ... ... ... 1 6
2.3.Қосылған құнға салынатын салық. Акциздер ... ... ... ... ... ... .18

III бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
3.1. ҚР-ның салық жүйесі туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.2.Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ...23
3.3Салық жүйесінің жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.4. Салық жүйесінің негізгі
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Тақырыбы: Салықтар
Кіріспе
Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті
мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының
бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық
негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне
реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін
қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын
жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа
байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық
жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне және бюджет саясатына түпкілікрі
қайта құруды жүргізуді талап етеді. Еңбек нарығының қалыптасуы оның қызмет
етуі жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қорды құрмайынша мүмкін
болмайды. Мұндай қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған
міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұдан экономикалық базис
саяси құрылымының арасындағы өзара байланысты көреміз.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекет арасындағы
бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайды. Шаруашылық
жүргізуші субъектіден халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне
жинақтайды. Мемлекет құрылысының өзгеруі, өркендеуі қашанда салық жүйесінің
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты- салықтар туралы
түсінігімді, салық салу механизмдерінің принциптері, ҚР-ның салық
жүйесі,салық кодекстеріндегі негізгі ережелер туралы түсінігімді дамытып
және осы мәселені толық баяндап зерттеу .
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар
I бөлім. Салықтар және салық салу механизмі.
1.1.Салықтардың экономикалық мәні және маңызы.

Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар– шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет
пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір
бөлігін білдіреді. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар- бұл заңды
белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын
міндетті төлемдер жүйесі.
Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:
1. Салық салу объектісіне байланысты.
2. Қолданылуына қарай.
3. Салық салу органына байланысты.
4. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
5. Экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып
жіктеледі. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе
мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
• Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• Мүлік салығы;
• Жер салығы;
• Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын
салық;
• Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.;
Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны
арқылы алынад.ы. Жанама салықтарға мына салықтар жатады:
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар

• Қосылған құнға салынатын салық..
• Акциздер.
• Баж салығы.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.
Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде
оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай
салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді. Жалпы салықтарға жататын
салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға
салынатын салық , акциздер, т.б. Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-
ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы:
көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға
жұмсалады.
Экономикалық белгісіне қарай салықтар табысқа салынатын салық және
тұтынушыға салынатын салық болып жіктеледі. Табысқа салынатын салықтар
салық төлеушінің кез- келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан
алынады. Олардың қатарына мына салықтар кіреді: жер салығы, мүлік салығы,
т.б. Тұтынуға салынатын салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар
немесе қызмет ақысын төлеген
кезде өзінің шығынан төлейді. Тұтынушыға салынатын салыққа қосылған құнға
салынатын салық және акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар
нақтылы және дербес салықтар болып жіктеледі. Нақтылы салықтар- салық
төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты
емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады.
Оларға жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін
операцияларға салынатын салықтар жатады.

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Тақырыбы: Салықтар
Дербес салықтар салық төлейтін объектісінен алынатын табыс салығы
жатады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі
және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаражат көздері
қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықтарды
экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік
ретінде пайдаланылды. Салық салу жүйесінің ұғымын мемлекеттің салық
жүйесінің экономикалық – қаржылық негізін құрайтын, Қазақстан Республикасы
Салық кодексінің нақтылы баптарында белгіленіп, бекітілген салықтар мен
басқа да міндетті төлемдердің объективті жиынтығы деп айқындауға болады.
Салық салу жүйесі мемлекеттің салықтық құзырының ауқымында жұмыс істейді.
Мемлекеттің салықтық құзыры Қазақстан Республикасының Конституциясында
айқындалып, Салық кодексінің ережелерінде заңдық көрініс тапқан тиісті
мемлекеттік билік органдарының салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді
белгілеу және алу жөніндегі мемлекеттік өктем өкілеттіктері қамтитын ая
болып табылады, сондай – ақ ол экономикалық кеңістіктегі мемлекеттің салық
салу жүйесінің стратегиялық әлеуетін білдіреді. Салық салу жүйесі
мемлекеттік билік тармақтарының объективті – субъективтік қызметтерін
материалдық түсім көзімен қамтамасыз ететін императивтік нысан болып
табылады.
Дүниежүзілік салық салу практикасында әр түрлі салықтар атқаратын
рөлдерге қарай: англосаксондық модель; еуроконтинентальдық модель;
латынамерикалық модель; аралас модель сияқты базистік салық салу жүйесіне
бөлінген. Англосаксондық салық салу жүйесі негізінен жеке тұлғалардан
алынатын тікелей салықтарға сүйенеді. Еуроконтинентальдық салық салу жүйесі
жанама салықтарға бағдарланған. Латынамерикалық салық салу жүйесі көбінесе
жанама салықтардың алынуын көздейді.Аралас салық салу жүйесі заңды
тұлғалардан алынатын тікелей және жанама салықтарға, жеке тұлғалардың
салықтарына, сондай – ақ тек жанама салықтарға, яғни мемлекеттің нақтылы
даму кезеңіне орай құрылымдаған
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Тақырыбы: Салықтар
салық жүйесіндегі салық түрлеріне байланысты жұмыс істейді.
Салық салу барысында туындайтын салықтық қатынастар негізінен
азаматтық – құқықтық қатынастары басым қоғам өмірінің экономикалық
ауқымында қалыптасады. Алайда кәсіпкерлік қызмет пен корпорациялық және
жеке меншік мәселелері салықтық құқық реттейтін объектілер қатарына мүлдем
жатпайды. Дегенмен кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі мемлекеттік бюджет
кірісіне түсетін салықтардың көрсеткіштеріне тікелей ықпалын
тигізетіндіктен салық орагндары бухгалтерлік баланс пен бухгалтерлік есепке
алу мәлемттеріне жүгінеді.
Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан республикасының бухгалтерлік сепеке
алу және қаржылық есептеме туралы заң актілерімен, бухгалтерлік есепке алу
стандарттарымен, сондай – ақ ұйымдардың есепке алу саясатымен
регламенттелген, кәсіпкерлердің және ұйымдардың операицялары мен жағдайлары
жөніндегі ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесін көрсетеді.
Кәсіпкерлер мен ұйымдарға қатысты қаржылық сипаттағы барлық мәмілелер
мен жағдайлар осы аталған жүйеде Қазақстан валютасымен тіркеледі.
Бухгалетерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар қатарына нақтылы кәсіпкерлер
мен ұйымдардың өзі, олардың инвесторлары мен кредиторлары, мемлекеттің
экономикалық және статистикалық органдары, салық органдары және т.б.
жатады.
Бұл ретте ескеретін маңызды жәйт, салық органдары тарапынан салық салу
мақсатында жүргізілетін есепте – салық есебінде тиісті кәсіпорынның немесе
ұйымдардың бухгалтерлік есебінің кейбір мәліметтері ғана пайдаланылады.
Салықтық төлемнің соамысн есептеуге қатысты салық салу базасы қандай болсын
ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі қаржылық нәтижелірен қарамастан
айқындалады.
Әйтсе де салық салу процесінің бухгалтерлік есеп деректерінің
негізінде жүргізілетінін білу қажет. Өйткені бухгалетрлік есеп мәліметтері

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар

салық салу мән – жайларына бейімделінеді. Демек, салық салудың бухгалтерлік
есепте көрсетілетін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінде
бағдарланатынын жоққа шығаруға болмайды.
Салықтар экономикалық және әлеуметтік – сяаси қатынастарды Мемлекеттің
бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық құқығының
көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер – салықтар, алымдар,
баждар, төлемақылар және т.б. яғни жинақтап айтқанда салықтық түсімдер
болып есептелінеді. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің экономикалық – құқықтық маңызы олардың төленілуіне байланысты
туындайтын қаржылық -экономикалық және құқықтық қатынастарда, яғни салық
төлеушілердің мемлекетке салықтық төлемнің затын берулері кезінде салық
заңдарымен белгіленген салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекет пен
салық төлеушілердің арасында туындайтын өзінің бойында жинақтаушы күрделі
әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық – құқықтық құбылысы болып
табылады. Сондықтан ол өзіне тән көптеген айрықша белгілермен ерекшеленеді.
Осы орайда салық:
- түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын
төлем;
- міндетті төлем;
- жекелей – эквивалентсіз төлем;
- қайтарылмайтын төлем;
- мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
- ұдайы төлем;
- мәжбүрлі төлем;
- заң жүзінде белгіленген төлем;
- құқыққа сай төлем;

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Тақырыбы: Салықтар

- жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанының
әрқашанда мемлекеттік меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
- мөлшері алдын - ала айқындалған төлем;
- қатаң белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
- өте тұрақты салықтық міндеттемелер туындататын төлем;
- белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем
қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
- ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
- жүзеге асрылуы салық төлеушінің заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз
етілетін төлем;
- тек құқықтық нысанда болатын төлем;
- бір жақты өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем
- жүзеге асырылуы салық төлеушінің заңи міндеті болып табылатын төлем;
- жекелей айқындалатын төлем;
- материалдық – заттай төлем;
- әрдайым фискалдық нысанда болғандықтан салық әкімшілігін жүргізуге
қолайлы әмірлі сипаттағы төлем;
- мемлекет тарапынан заттандырылған объективті экономикалық категория, яғни
мемлекеттік қазынаны толықтыру мақсатында тиісті мемлекеттік билік тармағы
ұйымдастырып, құқықтық негіздеген ақша қаражаттарының арналы ағымы;
- әлеуметтік бағдарлы нарықтық экономиканың негізінде жасалынатын
демократиялық қоғамның өнімі;
- табыстарға салынуына байланысты тікелей, ал тұтынуға салынуына қарай
жанама болып бөлінетін төлем;
- салық төлеушінің экономикалық – қаржылық жай күйіне қатысты функция;
- реттеуші испаттағы экономикалық стимул және мемлекеттік бюджеттің
материалдық – заттай қаражаттарының көзі;

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Тақырыбы: Салықтар

- қоғамдағы бөлу және қайта бөлу қатынастарын білдіретін экономикалық
категория;
- мемлекеттің салықтық құқығына сай мәжбүрлеп алына отырып, бюджет
жүйесінің мызғымас материалдық негізін құрайтын төлем;
- бірыңғай салық жүйесін білдіретін мемлекеттік деңгейдегі және жергілікті
салық салу жүйелеріне байланысты мемлекеттік және жергілікті салық салу
жүйелеріне байланысты мемлекеттік және жергілікті болып көрініс табатын
төлем болып саналады.
Сонымен салық мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың
негізінде, сол заңдарда айқындалған нақтылы мөлшерде және қатаң белгіленген
мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісінен қалыптастыру
мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке
тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде уәкілетті мемлекеттік органдар
алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем болып табылады.
Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық
міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтық құрамдас
бөліктерінің жиынтығы – салық элементтері арқылы айқындалады. Салық
төлеушінің салық төлеу жөніндегі мемлекет алдындағы міндетін оның салықтық
міндеттемелерінде нақтыландыратын, республикалық немесе жергілікті бюджетке
төленетін салықтық төлем сомасына байланысты салықтық міндеттемені және
оның орындалуын айқындайтын, сондай – ақ мемлекеттің салық жүйесіндегі
әрбір салықтық әлеуметтік – экономикалық және заңи мән – жайларының тектік
белгілерін, қолданылу тәртібін ашып көрсететін ҚР Салық кодексінде
белгіленген әрбір салықтың құрамдас бөліктерінің кешені – салық элементтері
болып есептелінеді. Салық элементтері салықтық міндеттемелердің
элементтерінде толық әрі сапалы көрініс тапқан жағдайда салық жүйесінің
фискалдық және реттеуші қабілеті күшейе түседі.
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар

1.2.Салықтың атқаратын қызметі.

Нарықтық жағдайда салықтар мынадай негізгі қызметтер атқарады:
1.реттеушілік;
2.фискалдық;
3.қайта бөлу;
Реттеушілік қызметі- салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет
арқылы салықтар ел экономикасына өз
ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асады. Салықтық
реттеудің ең басты мақсаты- өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,
салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық
реттеудің тетіктері болып саналады. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен
салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделген, шектен
тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің
қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық
төлеушінің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және
мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеледі. Салықтардың екінші қызметі-
фискальдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі арқылы мемтекеттік
бюджетің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың міндеті артады. Себебі, салықтар
мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-
қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу
қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет
пайдасына өтеді.
Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың
алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Мемлекет жоғарыда көрсетілген
салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды.

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар

1.3.Лаффер қисығы.

Салықтар үдемелі, пропорциональды және регрессивті болып бөлінеді.
Үдемелі салықтар туралы сөз болғанда табысқа салынатын жоғары салық
кәсіпкерлердің белсенділігінің төмендеуіне және т.б. жағымсыз
факторларға әкеліп соқтырмай ма деген күдіктер туады. Осы проблемаларды 80-
жылдардың бас кезінде американ экономисі Артур Лаффер зерттей келе, жоғарғы
салық нарқы қай бір елде болмасын, оның өндірістің тоқырауына, инфляция
деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеліп соқтырады
деп тұжырымдады. Артур Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері
арасындағы тәуелділікті зерттеген. Ол тарихқа "Лаффер қисығы" деген атпен
белгілі, бұл графикті алғаш рет ресторанда қағаз салфеткаға түсірген
болатын

100

50

0 X0 X
Салық нарығы %

(1-сурет) Лаффер қисық
сызығы.

Суреттегі Лаффер қисық сызығы, салық нарығы артқанда мемлекеттік
салықтан түсетін табысы да өсетінін көрсетеді. Ал егер салық нақты
белгілі бір мөлшерден асқанда (x0), салықтан түсетін табыстар да
азаятынын байқатады.Салық нарығы 50%-тен асқанда адамдардың жұмысқа деген
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Тақырыбы: Салықтар

ынтасы азаяды және олар қор жинамауға талпынады. Не болмаса салынатын
салықтан жалтаруға, астыртын экономика саласында жұмыс істеуге, яғни
табыстарын жасыруға талпынады. Бұның өзі мемлекеттің қазынасына салықтың аз
түсуіне әкеліп соқтырады. Егер салықтың нарығы алайда артатын болса
(x=100%), ерте ме, кеш пе, оның мөлшері сондай жоғары деңгейге жетсе, онда
қандай адам болмасын жұмыс істегісі келмейді, сонымен мемлекет қандай
болмасын салықтың түсімінен ештеңе ала алмайды ("0" нүктесі).

1.4. Салық салу механизмі
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық
жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары; салық механизмі,
яғни салық салу әдістері мен жолдары; салық салуды басқару және салық
қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салуды
ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б.жатады.
Салық салу элементтері мыналар:субъект, объект, салық көзі, салық
ставкасы, салық оклады, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау
шаралары. Салық субъекті дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті
жүктелген жеке және заңды тұлғалар. Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек
ету түрі, айналым, қосылған құн және т.б. Салық оклады - салық төлеушінің
белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы. Салық алудың үш
тәсілі бар:кадастрлық, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табыс табу.

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар

II бөлім. Салық түрлері.
2.1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының
бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын
тікелей салық. Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар
заңды тұлғалар.
Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде
түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына
кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады. Оларға:
1.Өнімді өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
2. Сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
• проценттер, берілген кредиттер мен алынған депозиттер үшін
төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;
• мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды
тұлғалар алған жәрдемақылар;
• есептің жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;
• өтелетін шегерістер;
• басқа да табыстар.
Резидент емес заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында ғана
жүзеге асырып қоймай, оның үстіне олар тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асырылатын қызметтен түсетін табысты анықтауға мүмкіндік беретін
жеке есеп жүргізбеген ретте табыс сомасы салық төлеуші өзінің бюджетке
төлейтін төлеміне бақылау жасайтын салық органымен келісілген есеп айырмасы
негізінде анықтауы мүмкін. Осы мақсаттар үшін әрбір нақты жағдайда мына
көрсеткіштердің біреуі пайдаланылады:
• резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен түсетін жалпы
түсімдегі Қазақстан Республикасында өткізілген өнімнен
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.

Тақырыбы: Салықтар

• алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;
• резидент емес заңды тұлға шығысының саласындағы Қазақстан
Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың үлес
салмағы;
• резидент емес заңды тұлға қызметкерлерінің жалпы санындағы
Қазақстан Республикасы аумағында қызметтерді жүзеге асырумен
айналысатын қызметкерлер санының үлес салмағы.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының төлеушілері:
1) қаржы-шаруашылық қызметінің бухгатерлік есебі мен есептемесін
белгіленген тәртіппен жүргізуге, салық органдарына бухгалтерлік
есеп-қисаптар мен баланстарды, заңды тұлғалардан алынатын табыс
салығы жөніндегі декларацияны және салықтарды есептеуге, төлеуге
байланысты басқа да қажетті құжаттарды, мәліметтерді табыс етуге;
2) салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты есеп құжаттарын 5
жыл бойы сақтауға;
3) салық бойынша жеңілдіктер алуға құқығын растайтын құжаттарды
көрсетуге, ал тиісті
жағдайларда табыс етуге;
4) уақтылы және толық көлемде тиесілі салық саласын төлеуге;

Заңды тұлғалардың табыс салығы туралы заңдарды дұрыс қалдануға
бақылау жасау Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына және
басқа да заңдарға сәйкес асырылады.

9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
Тақырыбы: Салықтар

2.2. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар
қатарына жатады. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың
табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынатын табысы бар
жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып
9-234топ студенті Батрагисова К.Б.
табылады. Табыс салығын салу мақсатымен салық төлеуші жеке тұлғалар
резиденттерге және бейрезиденттерге бөлінеді.
Резидент- Қазақстанда салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез-
келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына
Қазақстанда жүрген не шетелде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметінде жүрген жеке тұлға. Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы
жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезеңінің алдындағы
кезең үшін резидент қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы
аяқталатын жылдан кейін резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен
кейінгі жылы резидент ретінде қаралады. Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық
табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде
есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.Салық төлеуші
резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе
одан сырт жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
САЛЫҚ САЛУ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері
Салықтардың экономикалық мазмұны және мәні
Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама
Салық мемлекеттің тірегі
Салық және оның әлеуметтік-экономикалық қоғамдағы орны мен маңызы
Пәндер