Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. Тарау МЕНШІКТІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Меншік мемлекет иелігінен алу.
1.2. Жекешелендіру.

ІІ. Тарау ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮЛГІСІ

2.1. Жекешелендірудің жолдары мен түрлері.
2.2. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі.

Қорытынды
К І Р І С П Е

Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізулі нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру – меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды – жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да бұл процеске даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріліп, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігінен алынып, жалға берілуде. Бұл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жалдан бастап күшейді және қазір ол, нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде, бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс істей алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарас қалыптасты.
Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік сіңіріліп, жеке меншік қанаушы қоғамға тән деп ұғындырылып келді. Ол системадан қоғамдық меншік пен жеке меншік ұғымы сыйыспайтын еді. Өндірісті, шаруашылықты мемлекет меншігіне бағындырудың басымдылығына орай жеке меншіктің даму болашағы жоқ деген ой қалыптастырылды. Адамның жеке меншікке деген табиғи ұмтылысын басуға мемлекет машинасының барлық қуаты жұмсалды. Әйткенмен қоғамдық ойдың дамуы ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Әкімшілдік жүйе көрер көзге меншік иесі бола отырып, қоғамдық меншіктің қожасы болғаны айдан анық. Осындай оралымпаздық, іштен іру меншік қатынастарын қиратып, әкімшілдік - әміршілдік жүйенің күйреуін тездетті.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздерің –
Алматы, 1998 жыл.
2. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясының негіздерің –
Алматы, 2001 жыл.
3. Шеденов Ә. «Жалпы экономика теориясың – Алматы, 2002 жыл.
4. Осипова Г. «Экономика теория негіздерің – Алматы, 2002 жыл.
5. Камаева В.Д. «Основы экономической теорииң – Москва, 1996год.
6. Баймуратов У. «Национальная экономическая системаң –
Алматы, 2000 год.
7. Алшанов Р. «Қазақстан және даму өрісің – Алматы, 2003 жыл.
8. Нұрғалиев Қ. «Қазақстан экономикасың – Алматы, 1999 жыл.
9. Носова С.С. – «Экономическая теорияң М; ВЛАДОС, 2001год.
10. Мадешов «Нарықтық экономика теориясына кіріспең -
Алматы, «Экономикаң, 1995год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. Тарау МЕНШІКТІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Меншік мемлекет иелігінен алу.
1.2. Жекешелендіру.

ІІ. Тарау ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ҮЛГІСІ

2.1. Жекешелендірудің жолдары мен түрлері.
2.2. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі.

Қорытынды

К І Р І С П Е

Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке
меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың
алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізулі
нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру –
меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі
мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен
байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды – жарамды өнім түрлерін
өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт
революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да бұл процеске даму дәрежесі әр
түрлі деңгейдегі 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік
кәсіпорындар жекешелендіріліп, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс
орындары тікелей мемлекет иелігінен алынып, жалға берілуде. Бұл процестің
ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жалдан бастап күшейді және қазір ол,
нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр.
Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл
бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде,
бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда
мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс істей
алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарас қалыптасты.
Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік
сіңіріліп, жеке меншік қанаушы қоғамға тән деп ұғындырылып келді. Ол
системадан қоғамдық меншік пен жеке меншік ұғымы сыйыспайтын еді.
Өндірісті, шаруашылықты мемлекет меншігіне бағындырудың басымдылығына орай
жеке меншіктің даму болашағы жоқ деген ой қалыптастырылды. Адамның жеке
меншікке деген табиғи ұмтылысын басуға мемлекет машинасының барлық қуаты
жұмсалды. Әйткенмен қоғамдық ойдың дамуы ел өміріне елеулі өзгерістер
әкелді. Әкімшілдік жүйе көрер көзге меншік иесі бола отырып, қоғамдық
меншіктің қожасы болғаны айдан анық. Осындай оралымпаздық, іштен іру меншік
қатынастарын қиратып, әкімшілдік - әміршілдік жүйенің күйреуін тездетті.

І Тарау. Меншіктің мәні, түрлері және
жекешелендіру негіздері.
1.1. Меншік мемлекет иелігінен алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің алуан түрлері мен формаларын
қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Меншік туралы Заңның 1-бабында, мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік
кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін
тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал
жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да
заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру (сату) дегенді білдіреді. Әрине,
мұнда мемлекеттің иелігінен (сату) алу мен жекешелендірудің ара – жігін
ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекеттік
мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық
жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді. Ал,
жекешелендіруге келетін болсақ, мұнда меншік объектісі мемлекеттен біржола
бөлінеді. Яғни меншік басқару құқығына да иелік өзгереді. Бұл субъектілер
енді мемлекеттік тұтқаның иелері емес.
Меншік мемлекет иелігінен алу – күрделі, қарама – қайшы және
әлеуметтік дау – жанжалды тудыратын процесс. Ол біздің бұрынғы Одаққа
кірген республикалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін жаңа
процесс, бірақ ХХ ғасырдағы дүниежүзілік тәжірибесімен салыстырғанда, бұл
бәлендей жаңа құбылыс емес, соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі
шаруашылық орнына келтіру кезеңдерінде көп тараған мемлекеттік меншіктің
тиімділігі жоғары еместігін түсінген елдерде меншікті мемлекет иелігінен
алу басталды. Бұл бағытта Ұлыбритания айтарлықтай табысқа жетті. Осындай
процесс аз да болса, 70 - 80 жылдары басқа да елдерде жүргізілді.
Әлбетте, бұл елдер үшін аталған процесс дәстүрлі және тарихи
тәжірибені неғұрлым қолдана отырып, жүзеге асырылған жеке меншікке қайта
оралу болады. Ал бізге тән ерекшелік – бұл процесс жеке меншіктің тарихи
тәжірибесі толығымен жоғалтылған, халқының басым көпшілігі кәсіпкерлік
әрекетпен айналысуға қаржылары жетіспеушіліктен ғана емес, сонымен бірге,
қабілеттері де шамалы, мемлекеттік меншік – 100 пайызға тең жағдайында
жүзеге асырылуда. Сол себепті де меншікті мемлекет иелігінен алудың
(әсіресе, жекешелендіру) ауыртпашылығы аз болмайды.
Тағы бір айта кететін жайт. Біздер көп ухладты экономика мен меншіктің
әр түрлі формаларын қайта қалпына келтіріп қана қоймай, ПР-нің жаңа
дәуіріне енуге жол алатын жаңа сапалы формаларды да қалыптастыруымыз қажет.
Әрине, бұл жеке меншікке тікелей қатысты. Ол ХІХ ғасырдың формасын
қайталаудан бой тарта отырып, бүгінгі таңдағы өркениеттілік түрінде құрылуы
абзал. Келесі жағдай бұрынғы Одақта, соның ішінде республика экономикасының
өнеркәсіп құрылымында ірі кәсіпорындар үстемдік жасағандықтан, олардың
монопольдық жағдайын тежеп, ығыстырып отыру қажет. Сондай – ақ әлемдік
тәжірибеде кеңінен қолданылатын шағын және орташа кәсіпорындарды құру
қажет.
Жалпы меншікті мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік кәсіпорындарды
жеке меншікке сатуды ғана көздемейді. Ол күрделі, көп жақты құбылыс. Осы
процесті жүргізудің формалары мен тәсілдері: мемлекеттік кәсіпорындарды
ұжымдарға жалға беру, акционерлік қоғамға, кооперативке айналдыру, аграрлық
секторда фермер шаруашылықтарын қалыптастыру және т.б. тәрізді әр түрлі
болып келеді.
Қазақстан Республикасында бұл процесс меншікті мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру, мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарының мүлкін
жекешелендіру ерекшеліктері туралы және т.б. Заңдар негізінде жүзеге
асырылуда. Осыған байланысты 1991 жылы Қазақ ССР-інде 1991-1992 жылдары (1-
кезең) мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
бағдарламасың қабылданып, жүзеге асырылады. Бұл меншікті қайта құрудың
бірінші кезеңі болып саналады.
1992 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша, республикада төрт жарым мыңнан
астам өр түрлі республикалық және коммуналдық меншіктердің объектілері
қайта құрылды. Олардың бағаланған құны – 21 млрд. сомнан астам өндірістегі
орта және ірі кәсіпорындарды акцияландыру процесі жеделдетілді. Аграрлық
сектор бойынша, 447 совхоз жекешелендірілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезеңінің нақты нәтижесі қандай
деген мәселеге келетін болсақ, мына деректер оған жауап бере алады. Кіші
кәсіпорындар: 1992 жылы өндірілген өнімдердің 0,6 пайызын, бірлескен
кіспорындар – 1,1 пайызын, шаруа қожалықтары – 2,2 пайыз өндірді. Ал, бұлар
биржалық саудада өздерінің тиімділігін көрсете алмады. Олардың саудадағы
үлесі – 2,2 пайызға тең.
1993 жылы 5 наурызда Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен
алу мен жекешелендіруді жүргізудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық
бағдарламасың туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыны орындау мақсатында
мемлекеттік Мүлік жөніндегі комитет бірқатар нормативтік құжаттар пакеті
мен оны жүзеге асырудың календарлық – жоспар графигін әзірлеп қабылдады.
Олардың ішіндегі аса маңыздылары Жекешелендірудің инвестициялық
купондары туралы ережең, Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру
жөніндегі шаралар туралың және т.б. Сөйтіп жалпы саны алты құжат пакеттері
әзірленіп, бұлар негізінен шілде (1993жыл) айынан жүзеге асырыла бастады.
Соларға сәйкес әуелі кіші жекешелендіру жүргізіледі. Ол негізінен: бөлшек
сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, жүк тасымалы
автокөліктерін, сондай – ақ жұмысшыларының саны 200-ден аспайтын кішігірім
өнеркәсіп орындарын қамтиды. Мұндай кәсіпорындар республикамызда шамамен 27
мыңға жуықтайды. Оларда 1 миллионнан астам адам еңбек етеді. Бәл
кәсіпорындар аукциондар мен коммерциялық байқаулар арқылы
жекешелендірілетін болады.
Кіші жекешелендірудің айрықша ерекшілігі – Ұлттық бағдарламада
аукционда немесе коммерциялық байқауларда сатып алынған мемлекет мүлкіне
екі түрлі ақы төлеу мүмкіндігі берілген. Атап айтсақ, жалпы соманың 50
пайызын ақшалай, 50 пайызын тұрғын үй жекешелендіру купонымен төлеуге
болады. Бұл жердегі басты қиындық көп жерлерде тұрғын үйлерді жекешелендіру
аяқталмағандығында болып отыр.

1.2. Жекешелендіру.
Халықаралық тәжірибе. Кейбір есептеулер бойынша 1984 жылы ІІ
дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет Батыс Еуропаның 19 елінде
экономикада мемлекет үлесі төмендей бастағаны байқалған. Жекешелендіру
Еуропада кең қанат жайды, өйткені мемлекеттік меншік еңбекшілердің
мүддесіне сай келмеді. Күрделі мәселелер күрмеулі күйінде қалды.
Жекешелендіру революциясындаң 1 орынға Ұлыбритания шықты. өндіріске
қатынастардың 13 бөлігі немесе жалпы 600 мың адамдық жұмыс орындарын
мемлекеттік компанияларды сату нәтижесінде жекеменшік секторына берілді.
Бұл шара мемлекеттік үй қорын қосқанда Британ қазынасына 26 млрд. доллор
пайда әкеліп, мемлекеттік ішкі өндірістегі үлесін 10-нан 6 пайызға
төмендетті. Мысалы: кейбір мемлекеттік кәсіпорындарға қолдағы акцияларын
жұмысшылары мен қызметкерлеріне сатып немесе тегін беруге ұсыныс жасалды.
Осылайша 1982 жылы Англияның ірі автожүк тасымалдау Кэшня фрайт
консорциумң компаниясының жұмысшылары мен қызметкерлері құны 500 доллор
акциялар алу арқылы акциялардың 83 пайызын сатып алды.
1979 жылы М. Тэтчер премьер-министр болғаңда, Англиядағы әрбір үй
немесе пәтер мемлекет иелігіне тиісті болатын және ол жәрдемді төлемге
жалға берілетін еді. Келесі 6 жыл ішіңде бір миллион шамасындағы үй мен
пәтерлер (мемлекеттік үй қорының 17%) тұрған мерзіміне байланысты 60%-ке
дейінгі жеңілдіктермен сатылды. Егер 1979 жылы ағылшындардың тек қана 5%-ке
дейінгілері ғана акция иесі болса, 1986 жылдың соңына қарай бұл 16%-ке
дейін өсті. Кейбір есептеулер бойынша қымбатшылық 24%-тен
4%-ке дейін төмеңдеді, мұны үкіметтің өндіріс салаларының жартысына
жуығы және үй қорының басым бөлігінің сатылуымен түсіндіруге негіз бар.
Англиядағы жекешелендіру мысалындағы меншікті бөлшектеп
немесе толық беру, жекеменшік секторына қызмет көрсету тармақтарын
бейнелеп берудің ең аз дегенде 22 түрлі әдістері анықталды.
Әдістері әр түрлі: акцияларды тегін бөліп беру мен сату, қызмет
көрсетуге мердігерлік жалгерлік (подряд), пайдаланушылар жағынан жарна
төлеу, мемлекеттік түрғын үйді пәтер жалдаушыларға сату, бәсекенің даму
максатында мемлекеттік моно-полиядан бас тарту.
1986 жылы тамызда Францияда Ұлттық жиналыс пен сенат 5 жылдық мерзім
ішінде 65 мемлекеттік компаниялар мен банктік топтарды қайта
жекешелендіруге (денационализация) рұксат ететін қүжатты мақұлдады. Алынған
ақша 50 млрд. доллардан астам болды. Ұлттык мүддеге нүқсан келмес үшін
иемденудегі меншік иесі алған кәсіпорын тоқтаусыз шетел катынасынын үлесін
20% шектеді.
198 кәсіпорынды иемденетін австриялық "Фест Альпина" мемлекеттік
компаниясы оларды біртіндеп жеке меншік инвесторларға сатуда. Испаниядағы
социалисттер үкіметі екі жүзден астам корпорацияларды сатты. Италия мен ФРГ-
дағы жекешелендіруді жеделдету қарқынының басты себебі, жергілікті және
федералды үкіметтің мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалануы мен үкіметтік
шенеуніктердің біліктілік карсете алмауында болып отыр.
Мемлекеттің толық иелігіндегі ұлттық телефон "Ниппой телефон энд
телеграф" (НТТ) компаниясының 13 бөлігін сатуынан ғана жапон үкіметі
13 млрд. доллардан астам түсім алды. НТТ — әлемдегі ең ірі жекеше-
лендірілген компания. Заңға сәйкес алынған ақша ұлттык қарыз өтелетін
арнайы қорға жіберілді. Жапония өзінің мемлекеттік темір жолдарын жеке
меншік қолдарға беруді бастады, өйткені олардың қаржыдағы өтемі тепе-тең
болды (1985 жылғы шығындар 11 млрд. дол. дейін көтерілді). Қазір бүрынғы
социалистік елдердегі жекешелендіру бағыты қандай әдістермен
жүзеге асырылуда? Мәселен Бірлескен Германияда тек сату, сатып алумен
ешқандай үлестіру болмайтын принцип әрекет етеді. Венгрияда үкімет,
оның тек ақыға жүргізілетінін басьнан-ақ ашық айтқан жөн. Бірақ, кейбір
партиялар бондар мен сертификаттар үшін үн косуда. Немесе жылдық еңбек
ақының ө бөлігіне келетін 20 мың форинттің әр адамға тең
бөлінуін үсынды. Польшада жекешелендірудің үш жолы ұсынылды. Бірінші
— капитализация. Таратып айтқанда ең әуелі мемлекеттік кәсіпорындар ірі
акционерлік қоғамдарға айналдырылып, одан кейін ақырындап акцияларды ынта
білдіргендердің бәріне, сонымен бірге шетелдіктерге де сата
бастайды. Екішді жолы. жүмысты үйлестіре алмайтын және бәсекеге
түсетін өнімді шығара алмайтын орта және ұсақ кәсіпорындарға қатысты болып
отыр. Олар өз мамандануын өзгертуі немесе қолдағы акцияны сатып жіберуі
тиіс. Үшінші жолы, тегін бөлініп берілген инвестициялык
купондар.Румынияда алғашқы кезден-ақ төлемдік жол жарияланды, бірақ 30%
бәріне тегін беруі шешілді.Ал бұрынғы Кеңес құрамында болған Литвада
мемлекет меншігін аукциондар арқылы сатумен акцияларға ашық жазылу жолы
іске асуда.
Еңді Ресей федерациясындағы жекешелеңдіруге тоқталып өтелік.
- мемлекетгік және муниципалдық кәсіпорындарды ашық акционерлік
қоғамдарға айналдыру;
- кәсіпорьндарды аукциондар арқылы сату;
- мемлекет пен жергілікті кеңестерде кәсіпорындарды конкурс арқылы
алу жолдарымен жүзеге асырылуда. 1991—1993, 1993—1995 жылдардағы
жекешелеңдірудің Қазақстандағы ұлттық бағдарламасы қабылданып, жүзеге
асырылуда, жер-жерде жекешелендірудін жолдары және оның кол жеткен
маңызы атап көрсетілді. Бірінші кезеңде, ашык аукциондар мен
конкурстар арқылы ұсақ, орта кәсіпорындар жекешелендірілді. Ірі
кәсіпорындардын жекешелеңдірілуі баяу болуы мүмкін, әйткенмен 200-ден астам
жүмысшылары бар кәсіпорындарда акцияландыру тез жүргізілуі тиіс. Атап
айтарлық бір нәрсе жекешелендіру алдымен үсақ кәсіпорыңдар, одан кейін
ірілері жекешеленеді деген ұғым тумауы керек. Тек әрбір істі орнымен қозғай
алатьн заңдарға сәйкес дайын кәсіпорындар жеке-шелендіріледі. Жекешелендіру
меншік иелеріне бірден гүлдене дамуды даралайтын ғажайып таяқша
еместігін ескертуіміз керек. Экономикалық жағдайымызға байланысты,
жекешелендіру терең ойланған және нақты бағдарламаға сүйену аркылы
сатылатын кәсіпорындарды тұтас алғаңда экономиканы тұйықтан шығаруды
көздейді.

ІІ тарау. Жекешелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы жекешелендіру
үлгісі.

2.1. Жекешелендірудің жолдары мен түрлері.

Кәсіпорын – халық шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық және
материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады.
Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және
басқа несие беретін мекемелермен қарым – қатынасы өтпелі кезеңдегі теория
мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек. Бұл орайда
кәсіпорын іс – әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін
өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең
көлемді дербестікке ауыстыру керек.
Кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде ең қиын оның әдістері мен
түрлерін (акцияландыру, жалға беру т.б.) анықтау ғана емес, сонымен бірге
мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы
қарым – қатынас механизмін жасау болып табылады. 1990 жылы мемлекетке
өндірістік қорлардың 90 - 95 пайызы тиесілі болған. 1992 жылдан бастап
беймемлекеттендіру, жекешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс –
әрекетті шектеу туралы заңдардың қабылдауынан мемлекеттік кәсіпорындар
үлесінің едәуір азайғанын байқауға болады. Сонымен қатар орталық пен
кәсіпорын қарым – қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру
оңай болмай шықты.
Шынында ондаған жылдар бойы орталықтың тікелей нұсқаулары бойынша
жұмыс істеген кәсіпорындардың бағыт – бағдары орталықтың қалауына қарай
келген болса, қазіргі жағдайда, қалыптасқан ахуалды күрт өзгерту оңай шаруа
емес. Мәселелердің ауқымы күткендегіден анағұрлым күрделі болды. Бұлардың
ішінде басқару қадрлары мен материалдық – техникалық жабдықтау, өндірушілер
монополиясы т.б. бар. Мамандандыру есебіне қарағанда қандай да болмасын
істің нәтижелілігінің 85 - 95 пайызы қызметкерлердің дайындық деңгейіне
байланысты болады екен. Әңгіме ең алдымен басқарушылардың жұмыс істеу
қабілеттілігіне қатысты болып отыр: біріншіден, дербестік жағдайда басшы
өзі ғана шешім қабылдауы қажет, екіншіден, өз қарамағындағы қызметшілердің
жаңа бастамаларын көтеруге үнемі қолдап отыруы тиіс, үшіншіден, рынок
жағдайында өнімді көп шығару оның өтімділігінің кепілдігі болмайтындығын
ескеріп, сұранысты зерттеп отыру керек. Қысқа мерзімде нарықтық қатынас
жағдайында жұмыс істейтін басшы кадрларды даярлап шығару ісі – кезек
күттірмейтін мемлекеттік шаралардың бірі болуы керек.
Материалдық – техникалық жабдықтауды орталықсыздандыру – ең алдымен
өндіріс құрал – жабдықтары мен көтерме сауда дейді. Бұрынғы орталықтан бөлу
принципінен кәсіпорын – кәсіпорынғаң екі жақты өзара тиімді байланыстарға
көшу қажет, тауарлардың сатылуын тауар – шикізат биржалары арқылы және
әріптестерді іздеу жолымен қамтамасыз ету керек. Әрине, тауарлардың бір
бөлігі орталықтан бөлетін болады, бірақ та пропорциялар бұрынғыға қарағанда
өзгермелі әрі қозғалмалы сипатта қалмақ.
Маманданған ірі кәсіпорындардың маңызы туралы қате көзқарастар
нәтижесінде өндірісті монополиясыздандыру бүгін шешілуі қиын мәселе болып
отыр. Ресми кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің орташа саны өндірісі
дамыған елдерде - 86 адам, Венгрияда – 186, Болгарияда – 504, КСРО-да – 813
адам болған. Батыстың дамыған елдерінде шаруашылық ұйымдар санының 70 - 80
пайызы ұсақ және орта кәсіпорындар. АҚШ-та мұндай фирмалар елдің жалпы
ұлттық өнімінің 50 пайызын өндіріп және жұмыс орындарының жартысынан
астамын береді. КСРО-да жұмыскер саны - 200 адамнан аспайтын
кәсіпорындардың үлес салмағы, шамамен, елдегі өндірістік ұйымдардың 50
пайызын құраған, бірақ өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы тек қана 5,3
пайыз шамасында болады.
Көріп отырғанымыздай, елімізде өндірістік монополиялану дәрежесі өте
жоғары. Тіпті қандай өндіріс саласы болмасын әр түрлі дәрежеде
монополияланған десек, көзқарасымыз қате болмайды. Әрине, мәселенің мұндай
жағдайы жекешелендіру мен монополиясыздандыру кезінде көптеген қиындықтар
келтіруде. Сондықтан аталған саясатты жүргізуде орталықтың рөлі өте жоғары,
орталық өзі өзгеруімен қатар, ұсақ және орта кәсіпорындар рөлін жоғарылату
бағытында, рентабельдігі төмен және шығынды кәсіпорындарды жалға беру
немесе ұжымдық меншікке беруде жүйелі және байыпты қадамдар жасауы қажет.
Бұл процесс объективті және субъективті себептерге байланысты айқын емес,
қиын да ұзақ болады. Мұнда керекті кадр жетіспеушілігі қоғамдағы және
тікелей өндірістегі өзара байланыстар сипаты көрінеді.

2.2. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Қазақстандық үлгісі.
Рыноктық экономикаға көшу мен меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді
талап етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілер (иелері) рынокта өз
жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс
нәтижесіне толығымен иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар
дәрежесінен көріну үшін рынокта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет
етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт. Дәлірек айтқанда, қазіргі рынок көп
меншіктілік жағдайда ғана өз қызметін ойдағыдай атқара алады. Меншікті
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру рынокқа көшу барысындағы аса
маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де қиын жағдайда қалыпты
әлеуметтік ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс
жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне,
осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана
білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екіншіден, өндірісті дамыту,
бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі
әрекет еткенде ғана мүмкін болады. Бәсеке – рыноктың қозғаушы күші ретінде
әрекет ете бастағанға дейін, халық шаруашылығын тұрақтандырып, инфляция
құбылысын реттеу үшін, қаржы – несие қатынастарын берік қолда ұстау қажет.
Сондықтан, жоғары салық ставкасы мен банк процентін енгізу керек болды.
Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайды, оның
халыққа ауыртпалық келтіретіні де белгілі. Ал, рыноктың қалыпты қызмет етуі
үшін монополиялық үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажет.
Мемлекет иелігінен алудың мәні мынада. Орталықтандырылған мемлекеттік
экономиканы көп түрлі аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік
басқару формасына өтуді қарастырады. Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің формалары әр қилы. Олай дейтініміз, біріншіден, мемлекет
иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай – ақ, тек орталықтан басқаруды
өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Мысалы, аренда кезінде негізгі
қорларында иесі өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына
арендатор иелік етеді, соған байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа
ие болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдырғанда
бүкіл акциялар мемлекет пен акционерлер арасында бөлінеді. Осы екі
жағдайдың екеуінде де мемлекеттік органдар тікелей әкімшілік басқару
қызметімен айырылады.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды сату.
Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Тағы бір қарапайым
формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі
шектеулі қоғамға және (серіктестікке) айналдыру.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада – жеке азаматтарды,
заңдық мағынада – кәсіпорындар мен ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет
меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған елдерде жеке меншік негізгі
өндірістік қорлардың 5 - 13 пайызына иелік етеді.
Ал, акционерлік қоғамдар меншіктің басым бөлігіне ие болып отыр.
Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда
ұжымдық кәсіпорын идеясы орын алады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектісі мемлекеттік
мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекеттік
кәсіпорындардың қаржы активтері, тұрғын үй т.б. Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік меншіктің
басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс. Сонда ғана қорларды сапалы
пайдалану арқасында ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік
әділеттілік ұштасатын болады. Мемлекеттік меншікті үлестіре салу оңай
мәселе емес, ол үлкен талдауды қажет етеді. Бұл арада қиындықтар да,
жоғалтулар да орын алуы әбден мүмкін. Рынокқа көшу іскерлікті де
тәуелділікті де қажет етеді. Дамыған демократиялық қоғамдардың әлеуметтік
тұрақтылығы да баянды болып нығаяды. Мемлекет меншігіне орта таптың иелік
етуі дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай экономикалық жағынан
тиімді болады. Міне, сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігін
баянды етудің, күш қуатын арттырудың маңызды факторлары жүріп жатқан
экономикалық реформаларды тереңдету болып отыр. Бүгінгі күннің өзекті
проблемасы Қазақстанның нақты экономикалық және ғылыми – техникалық
тәуелсіздігіне жету.
Егемендікті экономикалық мағынада жүзеге асыру ең алдымен ұлттық
рынокты құрумен тікелей байланысты. Міне, сондықтан да біздің қоғамымыздың
даму қажеттілігі тұрғысынан экономикалық реформаның өзекті мәселесі
мемлекет иелігенен алу мен жекешелендіру болып отыр.
Қазақстанда қабылданған 1993 - 1995 жылдарға арналған мемлекет
иелігенен алу мен жекешелендірудің Ұлттық жолдары айқын белгіленген. Бұл
негізінен бірнеше принциптерді қамтиды. Атап айтсақ, жекешелендірудің
Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті одан әрі өзгертудің жолдары
айқын белгіленген. Бұл негізінен бірнеше принциптерді қамтиды. Атап айтсақ,
жекешелендірудің мақсаты әлеуметтік әділеттілікті сақтау, жаппай
жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне
құқылығын сақтау және т.б. Жат бір мәселенің басын ашып айтсақ мемлекет
иелігінен алу дегеніміз – мүлікті мемлекеттің басыбайлы меншігінен алып,
оның иелері қатарына меншіктің басқа да түрлерін енгізу, мәселен,
мемлекеттік зауыт елді акционерлік компания болуы мүмкін. Ал жекешелендіру
дегеніміз – әр адамға меншік беру деген сөз. Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің бірінші кезеңі біз күткендей нәтиже бермеді. Ол кезеңде
дұрыс істерден гөрі бұрыс басу, сүйінішке қарағанда күйіну көп болды.
Өзімдікі дегенде өгіз қара күшік жұмсап, мемлекет алдындағы қарызын түгел
өтей қоймаса да, майлы қасықты жалап үлгергендер де болды.
Сансыз кедергілерге тап болып, қолды бір сілтеп, әсіресе ыңғайын
таппай әрі – сәрі күй кешкендер де жетіп жатыр. Ал, енді осы шақтағы
бейберекетсіздік пен бақылаусыздықты, ақшаның құнсыздығын, бағаның
тұрақсыздығын пайдаланған алыпсатарлардың қаптап кеткені қынжыларлық жай.
Осындай бұра тартушылық пен жасырын жекешелендірушілік басым түскен бірінші
кезең де аяқталды. Осы бірінші кезеңде ұжымдық меншік деген пайда болды.
Ұжымдық меншік дегеніміз де иесіз меншікке айналды. Бәрі де біздікі – бәрі
де менікің деп айтқанымызбен сол меншіктің нақты жағдайы үшін жауап беретін
адам табылмай қалды, мінеки, сөйтіп үлкен ағаттық жасалды. Кей жерлерде
кеңшарларды жекешелендіру барысында маңдайшадағы жазуды ұжымдықң деп
ауыстырмақ.

Жекешелендiру туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдары осы
Заңнан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге заң актiлерiнен,
жарлықтары мен өкiмдерiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан
тұрады.
2. Уәкiлдi органдар осы Заңда және өзге де заң актiлерiнде көзделген
жағдайлар мен шектерде жекешелендiру жөнiндегi қатынастарды реттейтiн
актiлер шығара алады.
3. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын, сондай-ақ мемлекеттiк
тұрғын үй қорының объектiлерiн жекешелендiрудiң ерекшелiктерi арнайы
заңдармен реттеледi.
4. Осы Заң Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
реттелетiн мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын iске
асыру жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
5. Мемлекеттiк заттай гранттар Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында
көзделген тәртiппен және жағдайларда берiледi
Жекешелендiрудi жүргiзудiң негiзгi принциптерi

Жекешелендiрудi жүргiзген кезде негiзгi принциптер жариялылық,
бәсекелестiк, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерiнiң жекешелендiрудi
жүргiзудiң заңдылығына жауапкершiлiгi және сатуға шығарылатын объектiлер
туралы берiлген мағлұматтардың растығы болып табылады.
Жекешелендiру субъектiлерi

1. Жекешелендiру субъектiлерi сатушы және сатып алушы болып
табылады.
2. Сатушы жекешелендiрудi жүргiзуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк
орган.
3. Сатып алушы – жекешелендiру барысында мүлiктi сатып алатын жеке
тұлға, мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға.
Сатып алушы жағынан бiрнеше тұлға қатысқан жағдайда олар бiрлесiп iс-
қимыл жасайды.
4. Жүзеге асырылуы жекешелендіру объектісін сату шарты болып
табылатын қызмет түрлерімен айналысуға Қазақстан Республикасының заң
актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес құқығы жоқ заңды тұлғалар
жекешелендіру кезінде сатып алушы бола алмайды.
5. Акциялардың мемлекеттiк пакетi сатылған кезде акционерлiк қоғам
сатып алушының акцияларын иеленетiн болса, сатып алушы - акционерлiк қоғам
акцияларының 25 процентiнен астамын сатып ала алмайды.
6. Сатып алушы жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдал
тартуға хақылы.

Жекешелендiру объектiсi

1. Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi:
1) мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк
мекеме (бұдан әрi – кәсiпорын);
2) жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк
кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi
мен құрылымдық бiрлiктерi;
3) кәсiпорынның мүлкi;
4) акциялар;
5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы
үлестер;
6) мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы
қағаздар;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
мемлекеттiк мекемелерге бекiтіліп берілген өзге де мемлекеттiк мүлiк
жекешелендiру объектілерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тек мемлекеттiк
меншiкте ғана болуы мүмкін мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентiнің және (немесе) Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес
жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектiсi болуы
мүмкін емес.
3. Мемлекет мүлкiне иелiк етуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган
оны жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап мемлекет мүлкi
жекешелендiру объектiсiне айналады.
Табиғи монополия субъектілері немесе тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға ие болып отырған рынок субъектілері болып табылатын
не Республика экономикасының жекелеген саласы (секторы) үшiн стратегиялық
маңызы бар ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн немесе акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiн жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендіру негіздері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
Меншік мемлекет иелігінен алу
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы мәлімет
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік секторды трансформациялау ерекшеліктері
ҚР жекешелендіру мәні, оны жүргізу әдістері мен кезеңдері
Жекешелендірудің мәні
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Пәндер