«Телефон анықтамасы» мәліметтер қорын жобалау



КІРІСПЕ
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Телефон ұғымы мен пайда болу тарихы.
1.2 Телефоннның қазіргі заманда алатын орны мен қолданылуы.
1.3 Мәліметтер қоры және реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымдары.

2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Мәліметтер қорының серверлері және онымен жұмыс жасауға арналған негізгі компоненттер.
2.2 DELPHI ортасында мәліметтер қорын құрудың архитектурасы
2.3 InterBase .сервері. Мәліметтер қорын серверде тіркеу, басқару
2.4 «Телефон анықтамасы» мәліметтер қорын жобалау құрылымы

3. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
3.1 Еңбек қорғаудың жалпы түсінігі
3.2 Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
3.3 Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері
3.4 Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
3.5 Адам өмірі үшін электр тогының қауіптілігі туралы түсінік

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
ҚОСЫМШАЛАР
Компьютерлік техниканың даму сатысының алғашқы сатысында кез келген қолданбалы программа арнаулы мәліметтерді жинақтаумен қатар жүрді, сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет. Алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәл анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды.
Мәліметтер қоры мәліметтерді ұйымдастыруда сапалы жаңа этап ретінде қабылданды. Мәліметтер қорының технологиясы пайда болғанға дейін әр программада басқа есептерден тәуелсіз тек өзіне ғана қатысты есепті шешуге қажетті элементтерді толассыз енгізу керек еді. Экономикада, кәсіпорындарды басқаруда қажетті ақпаратты бір рет енгізуге уақыт аз кетеді. Кез келген ақпарат бір рет жинақталып, басқа ақпараттық жүйелерге де таралуы, қолданылуы керек. Мәліметтер қорын қолданудың тағы бір артықшылығы мәліметтердің актуальды болуы, яғни - уақыттың жылжуына байланысты мәліметтердің жаңарып отыруы және артықшылықтың 3 негізі бар:
1) глобальды қателердің пайда болуынан қауіптенбей-ақ ақпаратты жаңартуды әр уақытта орындауға болады.
2) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қолданбалы пакеттерді модернизациялау мүмкіндігі туады.
3) Мәліметтер қорын қолданбалы программалардан бөлу мүмкіндігі туады, яғни мәліметтер базасын құруда басқа да қосымшаларды қолданып, өңдеуде белгілі бір желілік, локальды мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдануға болады.
Егер құрылатын мәліметтер қорын локальды, жеке қолдану керек болса, негізгі талап қолданушыға қойылады, ал көпшілік қолданатын болса мәліметтерді дұрыс жинақтау талабы администраторға жүктеледі. Ол өз кезегінде жаңа мәліметтердің дұрыс енгізілуін бақылайды. Мәліметтер қоры негізінде автоматтандырылған фактографиялық және құжаттық ақпаратты жүйелер болып бөлінеді. Фактографиялық жүйелер форматталған жазуларды қолданады. Мысалы: кадрлардың есебін жүргізу беті. Құжаттық жүйелер құжаттың мазмұнына сәйкес іздеу мүмкіндігін береді.
Мәліметтер қорының жалпы түсінігі - айрықша іріктеліп, ұйымдастырылған жазулар мен файлдардың жиынтығы. Мәліметтер қорының бір типі - құжаттар, олар тақырыптары бойынша іріктеліп, біріктіріліп мәтін редакторы көмегімен теріледі. Мысалы: финанстық мәліметтер, жеке бас қағаздары, басқарма жұмысының іс-қағаздары. Құжаттарды электрондық кестелер көмегімен өңдеуге, сақтауға, жұмыс істеуге, яғни диспетчері болуға болады. Бірақ, электрондық кестелер арқылы
1. Халықова Г.З., Қозбекова Г.Ж. «Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу негіздері». Оқу құралы. Абай ат.ҚазҰПУ, 2009.
2. 2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы әдiстемелiк нұсқау хат. –Алматы, 2006.
3. Халықова К.З., Қозбекова Г.Ж. Delphi ортасында мәліметтер қорын құруды оқыту. Вестник КазНПУ им.Абая. N 4 (24 ), 2008.
5. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы: Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2008. – 237 бет.
6. Фленов М.Е. Библия Delphi. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 880 с.:илл.
7. Хомоненко А.Д. и др. Delphi 7/Под общ. Ред. Хомоненко А.Д. – СПБ.:БХВ-Петербург, 2003. -1216 с.:илл.
8. Бобровский С. Delphi5: Учебный курс. – СПб.: Изд-во «Питер». 2000. –640
9. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Delphi5. Базы данных. –М.: Диалог. – МИФИ. 2000. –416с.
10. Культин Н.Н. Самоучитель: Delphi4. Программирование на Object Pascal. –СПб: Санкт-Петербург –1999. –480с.
11. Шумаков П.В., Фаронов В.В. Delphi5 -Руководство разработки баз данных. –СПб.: Изд-во «Питер». –2000.
12. Попов А.А. Проектирование баз данных в среде SQL, Paradox, dBase.Питер.: Рассвет, 2001.
13. Информатика. Базовый курс. Учебник для Вузов. Симонович С. В. – СПб.: Питер, 2000
14. Атре Шарль. Структурный подход к организации DataBase Desktop баз данных/ пер.с англ. Под ред. В. Будзко. М.: Финансы и статистика, 1983
15. Конноли Т, Бегт К., Страчан А. Базы данных: проектирование, реализация и сопрвождение. Теория и практика, 2-ое издание: пер. с англ. –М.: Изд. Дом Вильямс, 2001
16. Ульман Д. Введение в системы баз данных. М., 2000
17. Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. Базы данных.: Учебник для ВУЗ/ под ред. Проф. А.Д. Хомоненко. – СПб.6 КОРОНА принт,2002, - 672 стр
18. Архангельский А.А. Программирование Delphi7. СПб.6 КОРОНА, 2006, -1200стр

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Телефон ұғымы мен пайда болу тарихы.
0.2 Телефоннның қазіргі заманда алатын орны мен қолданылуы.
0.3 Мәліметтер қоры және реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымдары.

2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Мәліметтер қорының серверлері және онымен жұмыс жасауға арналған негізгі компоненттер.
2.2 DELPHI ортасында мәліметтер қорын құрудың архитектурасы
2.3 InterBase - сервері. Мәліметтер қорын серверде тіркеу, басқару
2.4 Телефон анықтамасы мәліметтер қорын жобалау құрылымы

3. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
3.1 Еңбек қорғаудың жалпы түсінігі
3.2 Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
3.3 Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері
3.4 Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
3.5 Адам өмірі үшін электр тогының қауіптілігі туралы түсінік

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Компьютерлік техниканың даму сатысының алғашқы сатысында кез келген қолданбалы программа арнаулы мәліметтерді жинақтаумен қатар жүрді, сондықтан оның көлемі үлкен жұмысты жылдам жүргізуге кері әсерін тигізді. 70-жылдарда ЭЕМ-нің жүйелік дамуына байланысты жағдай жақсара бастады. ЭЕМ-да шешілетін есептердің жалпы ортақ мақсаты болды. Бұл мақсатқа жету үшін алғашқы мәліметтерді жинақтап енгізу қажет. Алғашқы мәліметтерді сипаттау, сақтау, өңдеудің жалпы ережелеріне сәйкестендіріп жүйелі түрге келтірілген, құрылымы дәл анықталған ақпараттық массив құрса, оны мәліметтер қоры немесе мәліметтер базасы деп атайды.
Мәліметтер қоры мәліметтерді ұйымдастыруда сапалы жаңа этап ретінде қабылданды. Мәліметтер қорының технологиясы пайда болғанға дейін әр программада басқа есептерден тәуелсіз тек өзіне ғана қатысты есепті шешуге қажетті элементтерді толассыз енгізу керек еді. Экономикада, кәсіпорындарды басқаруда қажетті ақпаратты бір рет енгізуге уақыт аз кетеді. Кез келген ақпарат бір рет жинақталып, басқа ақпараттық жүйелерге де таралуы, қолданылуы керек. Мәліметтер қорын қолданудың тағы бір артықшылығы мәліметтердің актуальды болуы, яғни - уақыттың жылжуына байланысты мәліметтердің жаңарып отыруы және артықшылықтың 3 негізі бар:
1) глобальды қателердің пайда болуынан қауіптенбей-ақ ақпаратты жаңартуды әр уақытта орындауға болады.
2) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қолданбалы пакеттерді модернизациялау мүмкіндігі туады.
3) Мәліметтер қорын қолданбалы программалардан бөлу мүмкіндігі туады, яғни мәліметтер базасын құруда басқа да қосымшаларды қолданып, өңдеуде белгілі бір желілік, локальды мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдануға болады.
Егер құрылатын мәліметтер қорын локальды, жеке қолдану керек болса, негізгі талап қолданушыға қойылады, ал көпшілік қолданатын болса мәліметтерді дұрыс жинақтау талабы администраторға жүктеледі. Ол өз кезегінде жаңа мәліметтердің дұрыс енгізілуін бақылайды. Мәліметтер қоры негізінде автоматтандырылған фактографиялық және құжаттық ақпаратты жүйелер болып бөлінеді. Фактографиялық жүйелер форматталған жазуларды қолданады. Мысалы: кадрлардың есебін жүргізу беті. Құжаттық жүйелер құжаттың мазмұнына сәйкес іздеу мүмкіндігін береді.
Мәліметтер қорының жалпы түсінігі - айрықша іріктеліп, ұйымдастырылған жазулар мен файлдардың жиынтығы. Мәліметтер қорының бір типі - құжаттар, олар тақырыптары бойынша іріктеліп, біріктіріліп мәтін редакторы көмегімен теріледі. Мысалы: финанстық мәліметтер, жеке бас қағаздары, басқарма жұмысының іс-қағаздары. Құжаттарды электрондық кестелер көмегімен өңдеуге, сақтауға, жұмыс істеуге, яғни диспетчері болуға болады. Бірақ, электрондық кестелер арқылы өңдеуге келмейтін мәліметтер жинағы болуы мүмкін. Әр файлда жазылған үлкен ақпараттан ең қажеттісін іздеп табу, бір ақпаратты бірнеше қайтара қолдану қажет болса, электрондық кестеден гөрі мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) - ін қолданған тиімді.
Мәліметтер қоры деп компьютер көмегімен таратылған объект жағдайын қатынаспен бейнелейтін ақпараттық құрылымды (модель) айтады.
Дипломдық жобамның тақырыбы: Delphi бағдарламалау тілінде Телефон анықтамасы мәліметтер қорын құру. Мақсаты - қолданушы телефон иесі туралы кез келген ақпаратты енгізу арқылы телефон иесіне байланысты толық мағлұматты алу. Телефон байланысы - сым арқылы немесе радиосигналдар көмегімен дыбысты ақпараттарды қашықтыққа жеткізуді жүзеге асыратын электрлік байланыс түрі. Ол кез келген қашықтықтағы абоненттердің тікелей сөйлеуін қамтамасыз етеді. Телефон байланысы 1876 жылы америкалық өнертапқыш А.Белл (1847 - 1922) ойлап тапқан телефон аппараты мен алғашқы телефон стансасының пайда болуынан (1878, АҚШ) басталды. Телефон байланысын жергілікті, қалааралық, халықаралық, сондай-ақ мекемелік және жылжымалы деп бөледі. Телефон байланысы жолы күрделі техникалық құрылыстан тұрады. 20 ғасырдың 80-жылдарының басынан талшықты оптикалық байланыс кабелінің негізінде байланыс жүйелері кең дамыды, абоненттердің радиотелефон арқылы байланысуын қамтамасыз ететін қабылдап-таратқыштардың ұжымдық желісі пайда болды. Өте алыс қашықтықтағы байланыс үшін Жердің жасанды серіктері қолданылады.
Әрбір ортаның мәліметтер қоры, интернет-компоненттер, желі сияқты қосымша компоненттермен жұмыс жасау ерекшеліктері әр түрлі. Сол сияқты Delphi-де де басқаша. Бірақ осы ортадан барлық компьютерде ашылатын етіп те жасауға болады. Ол үшін Delphi ортасында көбіне BDE технологиясымен жұмыс жасауға көптеген мүмкіншіліктер бар. Мәліметтер қорымен жұмыс жасау үшін аса көп қиыншылық туғызбайды. Ал басқа технологиялар, MS Jet, Oracle сияқты технологияларды да қосуға болады, бірақ ол үшін біз компьютерде қосымша "жерлерге" баруға тура келеді.

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Телефон ұғымы мен пайда болу тарихы

Осы заманда телефонсыз бір күнді елестету мүмкін емес. Телефон алыстағы адамдардың бір-бірімен сөйлесуі үшін шығарылды. Осы бір бұрынғылар үшін ғажайып, ал қазіргілер үшін күнделікті қолданыстағы қарапайым құрылғыны 968 жылы бір қытайлық өнертапқыштың дыбыстарды құбырлар арқылы тасымалдайтын thumtsein атты құрылғыны жасап шығарғаны жайлы мағлұмат бар. Телефон (Сымтетік)- (гректің. τῆλε(теле) -- ұзақ и φωνή(фон) -- дыбыс, дауыс) дыбысты қабылдау және ұзаққа жіберу құрылғысы. Телефонның негізгі түрлері көп: электрсіз телефон, электрлі телефон, радио телефон, желісіз DECT телефон, ұялы телефон. Электрсіз телефон - бұл ертеректе болған телефон түрі. Пекиндағы Peking Gazette газетінің айтуына қарағанда 968 жылы, қытый өнертапқышы Кунг-фу-винг труба арқылы дыбыс жеткізетін thumtsein-ті ойлап тапты. Электрлі телефон - шамамен 1000 жылдан кейін 1849 -- 1854 жж. инжинер-механик Шарл Бурсел телефания идеясын қалыптастырды.
Көне заманда пайда болған "баулы телефон" деп аталатын құрылғының жұмыс істеу принципі мынандай болды: екі диафрагма арасын жіппен керіп, кішкентай арақашықтықта сөйлесу. Бұл жағдайда дыбыс бір жақтан екінші жаққа жіп вибрациясының көмегімен таралатын. Бірақ жоғарыда айтылған құрылғы қарадүрсін болғандықтан, кең қолданыс таппаған. Дыбыстарды электр тоғы арқылы тасымалдайтын телефондардың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Алғаш рет телефон сөзін Шарль Бурсель қолданған болатын, ол 1854 жылы телефонның жұмыс істеу принципін айқындайтын диссертация жазғанынымен, іс жүзінде бұл жұмысты ұйымдастыра алмады.
1860 жылы АҚШ-та итальяндық Антонио Меуччи желі арқылы дыбыс жеткізуге болатын құрал ойлаптапты және оның аты Telectrophon.
1891 жылы неміс физигі Иоганн Филипп Рейс 1861 жылы неміс физигі Иоганн Филипп Рейс Антонио Меуччи-дің құрылғысына ұқсаған, бірақ ол құрылғыда мирофон болған еді және ол қуат көзін гальваникалық батарейкадан алатын музыкалық тондарды (дауыс емес) алысқа тасымалдайтын құрылғыны ойлап тапқан. Бұл құрылғыға Telephon деген ат берген. Дүниежүзінде алғаш рет толыққанды телефон жасап шығарған өнертапқыш - Александр Белл. Оның аты сөйлейтін телеграф еді. Сөйлесу ұзақтығы 500метр. Ол телеграфтық тізбектерді сығу проблемасын шешу байқауына қатысып, телефония эффектісін ашқан болатын. Белл 1876 жылдың 14 ақпанында патент беру бюросына келіп, құрылғыны заңдастыруды сұраған. Сол күні Чикагодағы патент беру бюросына тура сондай арызбен Э. Грей келген болатын. Бірақ екі сағатқа кешіккендіктен, телефонды ойлап тапқан Белл болып танылды. Александр Беллдың телефоны көптеген ақаулықтарға толы болды. Сигналдардың таратылуы мен қабылдауы телефон тұтқасы арқылы жүзеге асып, тарату-қабылдау операциялары кезек-кезек орындалатын, телефонның қоңырауы болған жоқ. Байланыс линиясы қысқа болғанымен, Беллдың ойлап тапқан құрылғысы телефон мен телефонияның дамуына үлкен үлес қосқан. Кейін келе, қөптеген өнертапқыштар бірінші телефонды дамытып, үйге арналған үлгілерді жасауды армандады. Телефон байланысының дамуына Томас Эдисонның 1877-1878 жылы ойлап тапқан көмір микрофоны айтарлықтай үлес қосқан. Оның құрылғысы 1980 жылға дейін қолданылып келген, кейбір жерлерде қазір де қолданылуда.
Қала ішіндегі сөйлесулерді ұйымдастыру үшін телефон станциялары қажет еді. Алғашқы телефон станциясы 1878 жылы Нью-Хейвен қаласында (АҚШ) салынған. Келесі телефон станциясы Парижде салынған, ал 1881 жылы Мәскеу, Петербург, Одесса, Берлин, Рига, Варшава қалаларындағы телефон станциялардың құрылыстары бітті. Осы телефондық станциялардың арқасында сымды телефон құрылғылары бір-бірімен байланысып, өзінің негізгі функцияларын атқара алды: адам сөзін үлкен арақашықтыққа тасымалдау. Алғашқы телефондық станциялар механикалық тәртіпте жұмыс істейтін: екі телефонды байланыстыру үшін станциядағы телефонист маманы байланыстыруды ұйымдастырып отыратын. Бірақ 1879 жылы үш американдық өнертапқыш М.Д. Кеннеди, Т. Э. Кеннеди және Т. И. Мак-Тай нөмір теру арқылы телефондарды байланыстыратын автоматты коммутатор ойлап тапқан. Сол кезден бастап, нөмірлі телефондардың дамуы үлкен қарқын алып, жер-жерде телефон станциялы бой көтереді. Телефонның дамуына орыс ғалымдары да өз үлестерін қосқан. 1878 жылы орыс инжинер-электротехнигі П.М.Голубицкий телефондардың құрылысынына конденсатор орналастырып қана қоймай, тұрақты магниттердің негізінде жұмыс істейтін алғашқы орыс телефонын құрастырған. Кейін келе 1885 жылы Голубицкий микрофондардың орталықтандырылған қоректену жүйесін құрастырып, микрофондағы ақаулықтардың пайда болу жолдарын жойған.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында телефон жүйесінің дамуы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қалааралық байланыс линиялары мен қалалық телефон станцияларының құрылысы кең етек алған. Арақашықтығы жағынан ең үлкендердің қатарына: Москва-Петербург 660 км, Париж-Лондон 498 км, Париж-Брюссель 320 км.жатады.
1910 жылдың басында дүниежүзіндегі 10000-нан астам телефон станциялары 10 миллион телефонға қызмет етті. Бүгінгі таңда телефон байланысының дамуы шарықтау шегіне жеткен секілді. Әлемдегі әр жанұяда бір сымды, бірнеше сымсыз ұялы телефон бар. Телефондар түкпір-түкпірді байланыстырып, адамдардың өзара хабар алысуына мүмкіндік береді. Ал 150 жыл бұрын телефон байланысы энтузиастар мен өнертапқыштардың арманы еді. Ұялы телефон - ең алғашқы ұялы телефондар 1946 жылы АҚШ-та және КСРО-да жасалды. Сөйлесу ұзақтығы 20 км. Ал нағыз ұялы телефон 1958 жылы. -- Л. И. Куприянович жағынан дасалды салмағы 500г.
Қазіргі телефондар салмағы 80-100г.
3.2 Телефоннның қазіргі заманда алатын орны мен қолданылуы

Телефон құралы заман ағымына қарай күннен-күнге дамып келеді. Телефонсыз адамдар арасындағы байланысты елестету мүмкін емес. Байланыс түрінің бұл түрі ешуақытта өз маңызын жойған емес. Адамдар бір- бірін көрмесе де дауыстарын есту арқылы байланысудың бұл түрі жаңа ақпараттық құралдардың дамуының арқасында таптырмайтын байланыс құралына айналды. Әсіресе телефон түрінің ішінде ұялы телефон түрін қолдану пайдалы құрал болып табылады.
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, қоңырау деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
* Жай ұялы телефонсмартфон;
* Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б. Жай ұялы телефонда қоңырау шалуқабылдау, SMS, соңғы кездері фотобейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Cмартфон (ағылшынша - білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы. Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады. Телефон құралы арқылы байланыстың тағы бір түрі бүкіл ғаламдық желі - Интернеткеде қатынауға мүмкіндік бар.
Телефон анықтамасының қолданылу аясы
Анықтамалық құралдардың ішінде телефон анықтамасының қолданылуы - іздеп табу қызметін атқаратын құралдардың бірі болып табылады. Телефон иесі туралы бір мағлұматты білу арқылы толық ақпаратқа қол жеткізу телефон анықтамалығының маңыздылығы болып саналады.
Телефон анықтамасын бұрындары тек қағаз жүзінде ғана жасауға мүмкіндік болса, қазіргі таңда бұл анықтаманы компьютердің көмегімен автоматтандырып, әр түрлі программалардың көмегімен жасап, оны күнделікті өмірде, қолданыста пайдалану таптырмайтын құрал болып табылады.
Бәрімізге белгілі әр қалада қалалық Қазақтелеком компаниясының операторларының жасалуымен ұсынылған қарапайым офистік программа Excel-де жасалған телефон анықтамасының нұсқаларын интернеттен алып, қолдануға болады.

1.3 Мәліметтер қоры және реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымдары

Мәліметтер қоры деп компьютер көмегімен таратылған объект жағдайын қатынаспен бейнелейтін ақпараттық құрылымды (модель) айтады. Мәліметтер қоры (МҚ) - ақпаратты сақтауды және ыңғайлы да жылдам қатынас құруды қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры (МҚ) - ақпаратты сақтауды және ыңғайлы да жылдам қатынас құруды қамтамасыз етеді. Ол нақтылы бір ереже бойынша ұйымдасқан әр түрлі сипаттағы мәліметтер жиынтығы болып табылады. МҚ-дағы ақпарат:
қарама-қайшылықсыз;
артықшылықсыз;
бүтіндік қасиеттерге ие болу керек.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) - МҚ-ын құруға, сүйемелдеуге және қолдануға арналған тілдік, программалық құралдар жиынтығы. Қазіргі уақытта кез-келген ұйымға сәтті қызмет жасау үшін мәліметтерді жинақтауды, манипуляциялауды және өңдеуді автоматты түрде жүзеге асыратын дамыған ақпараттық жүйе қажет. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің мәліметтер банкі құрамына келесілер кіреді:
есептеуіш жүйе;
МҚБЖ;
Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
Қолданбалы бағдарламалар жиынтығы.
МҚБЖ-ін қолдану сипатына қарай дербес және көп қолданушылы болып бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір ғана компьютерде жұмыс жасайтын жергілікті МҚ-ын құру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access, және т.б. жатады.
МҚБЖ-ң құрамы:
1. толық функционалды МҚБЖ
2. МҚ серверлері
3. МҚ клиенттері
4. МҚ-мен жұмыс істеуге арналған құралдар.
Толық функционалды МҚБЖ ең қуатты мүмкіндіктері бар: Clarion,DataEase, Access, FoxPro, Paradox. Олардың интерфейсі жақсы жетілдірілген болады, барлық функциялар жеңіл орындалады, программалау мүмкіндіктерін пайдалану рұқсаты бар. Көп қолданылатын МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ -нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
Мәліметтерді анықтау (data definition) -мәліметтер қорында қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда мәліметтерді тексеру форматы мен критериін беруге болады;
Мәліметтерді өңдеу -мәліметтерді әртүрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Мәліметтерді басқару -мәліметтерді басқаруда мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қосуға болады. Сонымен қатар мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады. Бір базада орналасқан мәліметтер өзара қисынды байланысқан болуы керек. Бұл нақты параметрлері, қасиеттері бойынша, яғни бір - біріне қатысының белгілері бойынша деректерді, яғни мәліметтерді біріктіру жолымен іске асырылады.
Қазіргі заманғы МҚБЖ-ң тілдік құралдар құрамына кіреді:
мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған мәліметтерді сипаттау тілі;
енгізу, модификациялау және таңдау сияқты мәліметтермен жасалатын негізгі операцилардың орындалуын қамтамасыз ететін мәліметтерді мнипуляциялау тілі;
МҚ-ң құрылымын басқаруды және мәліметтермен манипуляциялауды қамтамасыз ететін, қашықтағы мәліметтер қорына қатынаудың стандартты құралы болып табылатын құрылымданған сұраныстар (SQL, Structured Query Language) тілі;
МҚ-на деген сұраныстарды визуалды конструкциялауды қамтамасыз ететін нұсқа бойынша құрайтын сұраныстар тілі (QBE, Query By Example).
Қолданбалы программалар немесе қолданбалар МҚ-дағы мәліметтерді өңдеу үшін қызмет жасайды. Қолданушы МҚ-мен басқаруды және оның мәліметтерімен жұмыс жасауды МҚ қолданбалары деп аталатын қолданбалар көмегімен жүзеге асырады.
МҚ қандайда бір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын мәліметтер тұрады. Мәліметтер ұйымдастыру түрлеріне қарай қордағы мәліметтердің келесі үлгілерін қарастырады:
иерархиялық;
желілік;
реляциялық;
объектілі-бағытталған.
Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері
Мәліметтердің реляциялық моделін американдық мәліметтер қоры теориясының маманы Е.Кодд ашқан. Мәліметтердің қорының бұл түрі қолданушылардың жұмысына көптеген жеңілдіктер туғызды: мысалы - мәліметтерді сипаттау немесе жинақтау қолданбалы программалардан тәуелсіз болатын болды, мәліметтер қорының ақпараттарын қолданып программалау жұмысы жеңілдеді т.б. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты өңдеудің қолданбалы программасын жобалау әдістерінің негізін 1960 жылдары Дж. Мартин, Э. Иордан және Л.Константайн сияқты белгілі мамандар қалаған.
Қазіргі қолданбалы программаларды дайындау технологияларының өте мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешілуге тиісті мәселелерді анықтау кезеңіне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса, соңында оны жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Егер программа құрылымы, жобасы дұрыс келістірілмеген болса, программаға жаңа функция енгізу немесе ондағы кемшіліктерді жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкін. Қолданбалы программаларды жобалаудың негізгі кезеңдері бар:
1) Мәселенің қойылымы;
2) Мәселелердің шешілу тәртібін анықтау;
3) Алғашқы мәліметтерді таңдау;
4) Мәліметтер құрылымын анықтау;
5) Қолданбалы программа дайындау;
6) Программаның дұрыстығын бақылау, жетілдіру.
Дербес компьютерге арналған қазіргі уақыттағы МҚ-ы реляциялық болып табылады. Реляциялық үлгі атауы XXғ. 70ж. IBM фирмасының қызметкерлері Эдгар Кодд ұсынған relation (қатынас) ағылшын терминінен пайда болған. Реляциялық МҚ қатынастармен байланысқан кестелер жиынтығы құрайды.
Реляциялық үлгінің жетістіктері: қарапайымдылық, құрылымының иілгіштігі, компьютерде жүзеге асыру жеңілдігі, теориялық сипаттамасының бар болуы.
Реляциялық мәліметтер қорын жобалау модельдері
Қазіргі кезеңде реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері (РМҚБЖ)-нде қолдану әдістемелеріне сәйкес мәліметтер қорын жобалау, яғни қолданбалы программа дайындау барысы жоғарыдағы кезеңдерді қамтитын негізгі үш бөлімнен тұрады:
1) Концептуалдық информациялық модель
2) Мәліметтердің логикалық моделі
3) Мәліметтердің физикалық моделі
+ Концептуалдық жобалау кезеңінде программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау қарастырылады. Концептуалдық жобалау нәтижесінің бірі қойылған мәселенің информациялық моделі ER - диаграммасы болып табылады.
+ Логикалық жобалау барысында ER - моделі негізінде реляциялық жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі анықталады: мәліметтер кестелерінің арасындағы көпке-көп, көпке-бір, бірге-көп байланыстарына жіктеледі және кестелердің қалыптастыру тәртібін қанағаттандыратындығы тексеріледі.
+ Физикалық жобалау кезеңінде мәліметтердің логикалық моделі нақты РМҚБЖ-нде физикалық модельге түрлендіріледі. Бұл жұмыста реляциялық мәліметтер қоры кестелерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. РМҚБЖ-де өңделетін мәліметтер кестелерде сақталады. Кестелердің әр жолы жазулар, бағандары - атрибуттар деп аталады. Атрибуттардың типтері анықталады: мәтіндік, сандық, даталық, уақыт, дата және уақыт т.б. Атрибуттардың атауларын қолданушы береді. Ұзындықтары типтеріне байланысты анықталады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің мәні мәліметтер қорымен жұмыс жасауда операциялық жүйенің мүмкіндігін кеңітетін құрал болуында. Мәліметтер қорын ұйымдастырудың 2 жағы бар:
- объектілердің машинадан тыс өзара байланыс логикасын ұйымдастыру;
- объектілерді машина ішілік әрі қарай физикалық тарату.
Бұл процесс ақпарттық-логикалық модель құру деп аталады. Мұндай модельде объектілер - жазу типтерімен, қасиеті - жазу атрибуттарымен, қатынас - типтер және жазу атрибуттары арасындағы байланыспен көрсетіледі.
Ақпаратты-логикалық модельдің 3 түрі бар:
1) мәліметтердің иерархиялық моделі - графикалық негізде құрылады. Мәліметтердің бір-бірімен байланысу схемасын бұтақшалармен көрсетеді.
2) желілік модель - бұл да бұтақшалармен сипатталатын күрделі байланыстағы мәліметтер құруға және оны көп қолданушылық режимде қолдануға мүмкіндік береді.
3) реляциялық модель - кестелік әдіс. Яғни кесте қатынас деп аталады. Оның әр жолы кортеж, бағаны - атрибут, атрибуттар жиыны анықталған мәндердің анықталу облысы - домен деп аталады. Атрибуттар саны n болады. Егер n=1 болса, унарлы қатынас, n=2 болса бинарлы қатынас, т.с.с. деп аталады. Бұл модель практикада жиі қолданылады, бұл модельмен құрылған мәліметтерді өңдеу қолданушыға жеңілдіктер әкеледі. Реляциялық модельде құрылған Мәліметтер қорына қойылатын талап - атрибуттардың мәндері элементарлы болуы, бөлінбейтін ақпараттық бірлік болуы.
Модельдердің қандай түрмен құрылғанына қарамастан негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек:
· логикалық модельдің мазмұндық мәні сақталуы керек;
· компьютердің сыртқы жадысын максималды экономдау керек;
· мәліметтерді басқаруға аз уақыт кетіру керек;
· іздеу операциясын орындағанда, сұраныстарды құрып, өңдеуде максималды жылдамдық керек.
Физикалық модельдеу мәліметтер қорын басқару жүйелері құралдарымен орындалады: мәліметтерді сипаттау тілі (МСТ), мәліметтерді манипуляциялау тілі (ММТ), сақтау және іздеу структурасы. Физикалық модельдеудің соңғы этабында ЭЕМ жадысында мәліметтер қоры файлдары және іздеу структурасы файлдары пайда болады. Іздеу структурасына жатады:
· сызықты тізім - мәліметтер қоры файлы қатаң анықталған жазулар тізімі түрінде қарастырылады, ал іздеу адресті есептеу алгоритмі көмегімен орындалады.
· жалғасқан тізім - файлдың жазулары соңында қосымша өрісте келесі жазуға көшу үшін, таңдауды кез келген ретпен жүргізуге көмектесетін байланыс адресі көрсетіледі.
· инвертирленген файл - жазулар кілттік өрістен басқа өріс бойынша реттелген болса қолданылады.
· индекстелген файл - іздеу операциясын қолданғанда жадыны үнемдеуге көмектеседі, атрибуттардың ішінен кілт таңдалып файл сол кілттік өріс бойынша реттеледі де іздеу кілттің мәні бойынша жүргізіледі.

2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Мәліметтер қорының серверлері және онымен жұмыс жасауға арналған негізгі компоненттер.

Желідегі деректерді орталықтандырып сақтайтын программа: NerWareSQL, SQL Server, InterBase, SQL Base Server. Оларға клиент ретінде толық функционалды МҚБЖ-н, электрондық кестелерді, электрондық пошталарды алуға болады. МҚ-мен жұмыс істеуге арналған құралдар клиенттік программаларды, МҚ серверларын, қолданушылық қосымшаларды құруға арналған программалар: Clipper, Delphi, VisualBasic, Silverrun. Қолдану түріне қарай МҚБЖ-н персоналды және көпқолданушылық деп бөледі.
Персоналды МҚБЖ - бағасы арзан, персоналды МҚ-н құруға мүмкіндік беретін программалар, көпқолданушылық МҚБЖ-ң клиенті болады: VisualFoxPro, Paradox, Clipper, dBase, Access.
Көпқолданушылықты МҚБЖ МҚ сервері және клиенттік бөліктен тұрады. Олар әртүрлі ОЖ-де жұмыс істей береді: Oracle, Informix.
МҚБЖ МҚ-да сақталған ақпаратпен жұмыс істеу үшін программалар мен қолданушыларға 2 типті тіл береді:
1. Деректерді сипаттау тілі - деректердің логикалық структурасын сипаттайды, жоғарғы деңгейлі, процедурасыз тіл.
2. Деректерді басқару тілі - енгізу, жөндеу, сұраныстар бойынша таңдау операцияларын орындау үшін қолданатын конструкциялар жиыны.
Мысалы: QBE - деректерді басқаруға арналған, үлгі бойынша сұраныстар тілі, SQL - деректерді басқару, сипаттау үшін қолданатын структураланған сұраныстар тілі. МҚБЖ-ң төменгі деңгейлі функцияларды орындайтын түрлері бар: сыртқы жадыдағы деректерді басқару, оперативті жады буферін басқару, транзакцияларды басқару, МҚ-да өзгерістерді тіркеу журналын жасау, МҚ-ң қауіпсіздігі мен толықтылығын бақылау. Буфер дегеніміз - оперативті жады (ОпЖ) мен сыртқы жады арасында деректерді алмастыруды жылдамдату үшін қолданатын ОпЖ-ң облысы.
Транзакция дегеніміз - МҚ деректеріне қолданылатын үзіліссіз, біртіндеп орындалатын операциялар тізбегі. Оны МҚБЖ басынан аяғына дейін бақылап отырады. МҚБЖ-де өзгерістерді жазып отыратын журнал болады. Ол МҚ-ң негізгі бөлігі, оны қолданушы көрмеуі мүмкін, онда барлық өзгерістер туралы деректер сақталады.
Локальды ақпараттық жүйе. Бір компьютерде орналасатын МҚ-мен жұмыс істеуді қарастырайық. Бірақ онда да бір МҚ-н бірінен кейін бірі бірнеше қолданушы қолдана алады. Локальды МҚ-мен жұмыс істеу үшін МҚБЖ, қосымша немесе қосымшаның ядросы керек. Кей жағдайда МҚ-н өңдеуді жылдамдату үшін қосымшаның өзін емес, ядросын немесе қосымшаларды қолдануға болады: MS Access Developers Toolkit, FoxRun ядролары ресурсты қолдану, жадыны үнемдеуге көмектеседі. Толық МҚБЖ-н орнатса ол жадыда көп орын алады. Қосымшалардың орындалуы және оларды құру әдістері. Егер деректермен манипуляциялауды автоматтандыру, МҚБЖ-ң интерфейсі жеткілікті түрде жетілдірілмеген, МҚБЖ-ң стандартты функциялары сіздің ойыңыздағы операцияларды орындамайтын болса онда қосымша құрған дұрыс. Қосымшаларды құру үшін МҚБЖ-ң негізінде программалау тілінің функциялары мен процедуралары бар программалық интерфейсі болуы керек.
МҚБЖ-і келесі қосымшаларды құру технологияларынан тұрады:
- программаны қолмен кодтау (Clipper, FoxPro, Paradox);
- генераторлар көмегімен қосымшалар мәтінін құру (FoxPro-да FoxApp, Paradox-та Personal Programmer);
- визуалды программалау әдістерін қолданып дайын қосымшаны автоматты генерациялау (Delphi, Access, Paradox For Windows).
Қолмен кодтауда программист программаны қолмен өзі теріп, оны орындауға береді.
Генераторларды қолдануда программист толық болмаса да, алдын ала жасалған мәзір, ондағы командалар көмегімен жұмысын жеңілдете алады.
Визуалды программалау құралдары генераторлар көмегімен қосымшалар мәтінін жасау әдісін одан әрі жетілдіру болып табылады. Аумақталған тиімді ортаның көмегімен дайын құрылыс блоктарынан қосымша тұрғызылады. Қажет кезінде программист өз кодын қосымшаға қоя алады. Аумақталған ортаның қуатты құрылыс блоктары қосымшаны қажетінше құруға, орындауға жіберуге көмектеседі.
Құрастырылған қосымша көбіне ОЖ-ң бір немесе бірнеше файлынан тұрады. Егер қосымшаның негізгі файлы орындаушы файл болса, онда ол қосымша тәуелсіз қосымша деп аталады, ол МҚБЖ-сі ортасынан автономды түрде орындалады. Ондай қосымшаны алу практикада программаның әртүрлі әдістермен алынған бастапқы берілген программасын компиляциялау арқылы орындалады: мәтінді қолмен теру, генераторды қолдану, визуалды программалау жолымен. Тәуелсіз қосымшалар МҚБЖ-н және визуалды программалау ортасын алуға көмектеседі. Delphi көмегімен тәуелсіз қосымшаларды жасауға да немесе жасамауға да болады, бірақ жасаса, көп уақытты қажет етеді, сондықтан BDE, ADO ядроларын қолданады. Clipper таза компилятор болып табылады, ол қосымшалар жасауға көмектеседі.
Көп жағдайда қосымшалар МҚБЖ-сіз жұмыс істей алмайды. Қосымшаның орындалуы мынада: МҚБЖ қосымшаның файлының мазмұнын (қосымшаның программасының мәтінін) анализдейді, сосын автоматты түрде қажетті орындалушы машиналық командаларға айналдырады, яғни интерпретациялайды. Бұл режим барлық қазіргі заманғы МҚБЖ-де бар. Одан басқа интерпретаторлық және компиляторлық режимдердің аралығындағы псевдокомпиляциялық режиммен жұмыс істейтін МҚБЖ де бар. Онда бастапқы программа компиляция арқылы аралық кодқа айналады және дискіге жазылады. Бұл түрінде оны кейбір жүйелер жөндеуге мүмкіндік береді, маңыздысы - программаны оны интерпретациялайтын процесті жылдамдататын түрге келтіру. DOS жүйесіндегі МҚБЖ-і осындай. Ал Windows жүйесінде жұмыс істейтін МҚБЖ-і қосымшаны жөндеуге тиым салады. Ол кездейсоқ бүлінулерден сақтайды (Paradox for windows). Кейбір МҚБЖ-і қолданушыға құрылатын қосымшаның интерпретацияланатын программа немесе тәуелсіз қосымша түрінде құралуын таңдауға мүмкіндік береді. Тәуелсіз қосымша түріндегі программа интерпретациялауға уақыт кетірмейді, сондықтан тиімді. Оларды нашар компьютерлерге қолдануға болады және сырт қолдануға жабық болуы керек.
Қосымшаларды құру кезінде 3 факторды есепке алу керек:
1. компьютер ресурсын;
2. қосымша ерекшеліктерін (программа функцияларын жөндеу талабы, рұқсатты бақылаумен беру, ақпараттың толықтылығын қадағалау);
3. құрастыру мақсаты - біреуге берілетін программа ма? әлде өзіңнің күнделікті талаптарыңды шешетін программа ма?
Көп қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасай алатын ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Кең тараған көпқолданушылы МҚБЖ-не Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase жатады.
Мұндай МҚ бір немесе бірнеше компьютерлерде орналасады. МҚ серверлері бір бірінен ақпаратты сақтау әдістерімен ерекшеленеді, бірақ барлығы бірігіп SQL-ң құрылымды сұраныстар тілін қолдану арқылы өзара байланыстарды орнатады. Осы қасиетіне қарап МҚ-мен жұмыс істейтін барлық серверлерді SQL-серверлер дейді. Бұл серверлерге қосылатын қосымшалар көпднңгейлі деп аталады, себебі ондай қосымшалар әртүрлі жүйелерде жұмыс істей береді. SQL-срверлердің көпшілігі SQL-командаларды және басқа да қосымша қызметтерді орындайды. Сондықтан әр сервердің өз диалекті болады.
SQL тілі локальды МҚ-мен де жұмыс істейді, бірақ SQL-серверлермен салыстырғанда жұмысы баяу болады, себебі SQL-серверлер SQL-командаларды талдап, тиімді етіп орындайды, ал локальды базада ол жоқ. Сондықтан қосымшалар құрған кезде Paradox, dBase, FoxPro МҚБЖ-н тек басқа қолдануға тұрарлық программа жоқ болғанда ғана қолданады.
SQL-серверлерге жататын программалар: InterBase, Oracle, SyBase, Informix, MS SQL Server, DB2.
МҚ типін таңдағанда келесі факторларды ескеру қажет:
- МҚ-на бірмезгілде қосылатын қолданушылар саны. SQL-серверлер бірмезгілде көпқолданушылықты ұйымдастырады және транзакция механизмімен жұмыс істейді. Ал локальды МҚ файлдық жүйенің қолданылуына негізделген блоктау механизмімен жұмыс істейді. Егер осыны ескерсек, локальды базаны аз қолданушылық режимде таңдайды.
- Сақталатын деректер көлемі. SQL-серверлер көп деректерді сақтай алады, себебі локальды МҚ-да бір базадағы кестелер саны 10000-нан аса бастаса кедергілер туындайды.
- Администраторлық қызметтерді қолдану қажеттілігі. Локальды МҚ-да SQL-серверге қарағанда ресурстар аз қолданылады және оларды басқару жеңіл. Ал SQL-серверде МҚ-н администрациялау үшін көп ресурс керек.
- Сенімді қауіпсіздіктің қажеттілігі. МҚ көп жағдайда конфиденциальды ақпараттан тұрады, локальды МҚ-да қауіпсіздік тек қана бір кесте немесе атрибут деңгейінде орнатылса, SQL-серверде МҚ-н тұтасымен қорғау мүмкіндігі бар.
Сонымен локальды МҚ келесі талаптарға сай қолданылады:
- МҚ кестелерінде жазулар саны 10000-нан жоғары болмаса.
- МҚ-н қолданатын қолданушылар саны аз болса.
- Күрделі администраторлық, қорғау қызметтері қажет болмаса.
Мәліметтер қоры және қолданбалар.
МҚ мен қолданбаның өзара орналасуына қарай жергілікті және қашықтатылған деп бөлінеді. 1-сурет.
МҚ

жергілікті

қашықтатылған
1-сурет. МҚ бөлінуі

Жергілікті МҚ-мен операциялар орындау үшін жергілікті МҚ қолданылады; ал қашықтатылған МҚ-мен жұмыс жасау үшін клиент-серверлік қолданбалар қолданылады. МҚ-ғы мәліметтерді өңдеуші қолданбаны құру кезінде МҚ-ң орналасуы анағұрлым әсер етеді. Осыған орай, қолданбаның келесі түрлері жіктеледі:
жергілікті МҚ қолданатын қолданбалар бірдеңгейлі (бірзвенолық) деп аталады, себебі қолданба мен МҚ біртұтыс файлдық жүйені құрайды;
қашықтатылған МҚ қолданатын қолданбаларды екідеңгейлі (екізвенолық) және көпдеңгейлі (көпзвенолық) деп бөледі. Екідеңгейлі қолданбалар клиенттік дәне серверлік бөліктерден тұрады;
Көпдеңгейлі (әдетте үшдеңгейлі) клиенттік және серверлік бөліктерден басқа қосымша бөліктерден де тұрады. Мысалы, үшдеңгейлі қолданбаларда клиенттік бөлік, қолданба сервері және МҚ сервері бар;
Delphi бір және екі деңгейлі қолданбалар келесі механизмдерді қолдану арқылы жергілікті және қашықтатылған МҚ-на қатынай алады.
BDE (Borland Database Engine - Borland фирмасының МҚ процессоры), МҚ-мен өзара әрекет етуге арналған API интерфейсті ұсынады;
ADO (ActiveX Data Objects - ActiveX объектілерінің мәліметтері OLE DB(Object Linking and Embedding Data Base - МҚ объектілернін байланыстыру және ендіру) көмегімен ақпаратқа қатынауды жүзеге асыру;
dbExpress - драйверлер жиынтығы көмегімен МҚ-ғы ақпаратқа жылдам қатынауды қамтамасыз етеді;
InterBase - InterBase МҚ-на тікелей қатынауды жүзеге асырады.

BDE - мәліметтерге қатынауды қамтамасыз ететін динамикалық кітапханалар мен драйверлер жиынтығынан тұрады. BDE процессоры МҚ-мен жұмыс жасайтын Delphi қолданбалар орындалатын барлық компьютерлерге орнатылу керек. Қолданба BDE арқылы МҚ-на сұраныс беріп, қажет мәліметтерді кері қайтарып алады.
ADO механизмі Microsoft фирмасының стандарты болып табылады. Бұл технология мәліметтердің бапталынатын провайдерлерін қолданады. ADO технологиясы мәліметтер көзіндегі ақпаратқа қолданбадан қатынаудың әмбебап механизмімен қамтамасын етеді. Бұл технология Windows-тың жүйелік механизмі болып табылатын стандартты СОМ интерфейстеріне негізделеді. Ол қосымша кітапханалар көмегінсіз МҚ қолданбасын таратуға мүмкіндік береді.
dbExpress қатынау механизмі байланыстарды, транзакцияларды, сұраныстарды, мәліметтер жиынтығы мен интерфейстерді инкапсуляциялайтын драйверлер мен компоненттер жиынтығын қолдануды қарастырады. dbExpress технологиясы бойынша МҚ серверлерімен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету үшін арнайы мамандандырылған драйверлерді қолданады. Мәліметтерді алу үшін SQL сұраныстарын қолданады.
BDE-ге арналған архитектура нұсқалары.
Жергілікті МҚ осы МҚ-мен жұмыс жасайтын қолданбалармен бірге бір компьютерде орындалады. Мұндай жағдайларда АЖ жергілікті архитектуралы д.а. (2-сурет). МҚ-мен жұмыс жасау бір қолданушылық режимде жүзеге асады. Қажет болса бір уақытта осы мәліметтерге қатынас құратын басқа қолданбаны да жүктеуга болады. МҚ-на бар уақытта қатынауды басқару үшін бақылау мен қорғаудың арнайы құралдары қажет. Бұл құралдар әсіресе, мысалы бір қолданба өзгертіп жатқан жазбаға екінші қолданба да өзгеріс енгізбек болса осындай жағдайда қажет.
Қолданба
BDE
Мәліметтер қоры
Қолданушы компьютері

2-сурет. Жергілікті архитектура

Жергілікті МҚ-ны қатынау үшін BDE dBase, Paradox, FoxPro МҚ форматтарымен және мәтіндік файлдармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін стандартты драйверлерді қолданады. Қашықтатылған МҚ желідегі компьютер-серверде орналасса ал осы МҚ-мен жұмыс жасайтын қолданба қолданушы компьютерде орналасады. Мұндай жағдайларда біз клиент-сервер архитектурамен жұмыс жасаймыз. Компьютер-сервер клиенттен алыс орналасатындықтан оны қашықтатынған сервер деп те атайды.
Клиент - қолданушы қолданбасы. Мәліметтер алу үшін клиент МҚ орналасқан қашықтатылған срверге сұраныс құрып жібереді. Сұраныс SQL тілінде құрылады. Қашықтатылған сервер сұранысты алғаннан кейін оны SQL Server-ге (МҚ серверіне) жібереді. SQL Server қашықтатылған МҚ басқарады және сұраныстың орындалуымен оның нәтижежін клиентке берілуін қамтамасыз етеді.
Клиент- сервер архитектурада клиент қажетті мәліметтерді алу үшін сұраныс жібереді және тек өзі талап еткен мәліметтерді ғана алады.
Сұраныстарда өңдеу үрдісі қашықтатылған серверде жүзеге асады. Бұл архитектураның жетістіктері төмендегідей:
желіге түсетін жүктеменің азаюы;
ақпарат қайіпсіздігінің артуы;
клиентті қолданбалар күрделілігін төмендету.
Реляциялық МҚ өзара байланысқан кестелерден тұрады. Әр кесте бірдей типті объектілер тұралы ақпараттан тұрса, осы кестелер жиынтығы біртұтас МҚ мәліметтерін құрайды.
өріс
МҚ кестелері қатынаудың көпқолданбалы режимін қолданады. Ол дегеніміз бұл кестелерді бір уақытта бірнеше қолданбалар қолдана алады деген сөз. Бір кесте үшін мәліметтен, индекстен, кілттерден және т.б. тұратын бірнеше файлдар құрылады. Олардың ішіндегі бастысы мәліметтер бар файл болып табылады. Бұл файлдың аты оны құру кезінде кестеге берілетін атпен сәйкес келеді. Кестені таңдау кезінде оның басты файлы таңдалады: dBase кестелері үшін ол dbf-кеңейткішті файл, Paradox кестелері үшін ол db кеңейткішті файл. Кестедегі басқа файлдарға атау автоматты түрде беріледі. Барлық файлдың аттары бірдей кеңейткіштері ғана әр түрлі. МҚ-ғы әр кесте бірнеше жолдар мен бағандардан тұрады және ақпараттық жүйенің бір типі объектілері туралы мәліметтерді сақтауға арналған. Кестенің жолы - жазба деп аталады, бағаны өріс деп аталады. Әрбір өрісінің кесте шекарасында атауы уникалды болу керек.

жазба

МҚ кестесінің сызбасы.

Кестелерді ұйымдастыру ерекшеліктері нақтылы МҚБЖ-не тәуелді. Мысалы, жергілікті dBase кестелері мен InterBase сервер кестелеріне автоинкрементті (мәндердің автоматты түрде артуы) өріс жоқ.
dBase кестесінде кілт анықтау мүмкіндігі жоқ. Мұндай ерекшеліктерді кесте типін (форматын) таңдау кезінде ескеру керек. Себебі олар МҚ-ын ұйымдастыруда ғана емес, осы мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қолданбаны құруда да әсерін тигізеді. Алайда кестелердің алуан түрлілігіне қарамастан МҚ-ын құру және ендіруге арналған жалпы ережелер бар.
Кестенің негізін өріс сипаттамалары құрайды, және әр кесте кем дегенде бір өрістен тұру керек. Кесте құрылымы ұғымы анағұрлыс кең мағыналы және оған төмендегілер кіреді:
өрістер сипаттамасы;
кілт;
индекстер;
өрістер мәндеріне шектеулер;
кестелер арасындағы сілтемелік бүтіндікке шектеулер;
парольдер.
Кестемен төмендегідей операциялар орындауға болады:
құру (құрылымын анықтау);
құрылымын өзгерту (реструктуризация);
атын өзгерту;
жою.
Кестені құру кезінде кесте құрылымы мен аты беріледі. Дискке сақтау кезінде кестеге қатысты барлық қажетті файлдар құрылады. Олардың аттары кесте атымен сәйкес келеді.
Кесте құрылымын өзгерту кезінде оның өрістерінің аттары мен сипаттамалары, кілттері мен индекстері, шектеулердің құрамы мен атаулары өзгеруі мүмкін. Бірақ кесте мен оның файлдарының атауы өзгеріссіз қалады.
Кесте атын өзгерту кезінде кесте де, оның файлдары да жаңа атқа ие болады. Ол үшін арнайы МҚ кестелерімен жұмыс жасауға арналған программалар (утилиталар) қолданылады.
Мысалы, Database Desktop немесе DataPump.
Ескерту: Барлық файлдардың аттарын жай ғана өзгерту арқылы, кесте атын өзгертуге болмайды.
Дисктен кестені жою ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыпқа келтіру. мәліметтерді сақтаудың теориялық негіздері
Қолданбалы бағдарламалар пакеті
Ұялы телефон дүкен администраторының жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
Мекен–жай кітапшасы
Деректер қорын логикалық модельдеу
Мәліметтер қорының түрлері
Қоймадағы тауарлы материалдык құндылықтарды есепке алу негізі
Фильмдерді прокатқа беру салонының бағдарламалары
Деректер базасының түрлері
Кеңсе тауарлары деректер базасын құру
Пәндер