Төменгі жиілікті трансформаторлар және дроссельдер



Классификациясы және негізгі параметрлері. Трансформаторлар деп айнымалы токтың электромагниттік құрылғыларын айтады, олар кернеуді жоғарылатуға немесе төмендетуге, кедергіні теңестіруге және электрлік тізбектерді симметриялауға, тұрақты ток негізінде электр көзі мен кернеуді ажыратуға арналады.
Дроссельдер деп электрлік тізбектерде индуктивті кедергі ретінде пайдаланылатын электромагниттік құрылғыларды айтады.
Қолданылуына қарай трансформаторлар күштік, келістіруші және импульстік болып бөлінеді. Дроссельдердің келесідей түрлері бар: айнымалы ток дросселі, төменгі жиілікті сүзгілер элементтерінің балластық және токты шектеуші кедергісі ретінде қолданылатын дроссельдер, кернеу лүпілін төмендетуге арналған тегістеуші дроссельдер, кернеу регуляторлары мен стабилизаторларларында реттелетін индуктивті кедергі ретінде қолданылатын қанығу дроссельдер.
Трансформатордың негізгі параметрлері. Оларға мыналар жатады: төменгі жиіліктер облысында тарату коэффициентін анықтайтын біріншілік орамның индуктивтілігі L1; жоғары жиіліктер облысында тарату коэффициентін анықтайтын шашырау индуктивтілігі L_s; жоғары жиіліктер облысындағы жиіліктердің бұрмалануына әсер ететін трансформатор орамдарының өзіндік сыйымдылығы С_0; пайдалы әсер

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Төменгі жиілікті трансформаторлар және дроссельдер

Классификациясы және негізгі параметрлері. Трансформаторлар деп айнымалы токтың электромагниттік құрылғыларын айтады, олар кернеуді жоғарылатуға немесе төмендетуге, кедергіні теңестіруге және электрлік тізбектерді симметриялауға, тұрақты ток негізінде электр көзі мен кернеуді ажыратуға арналады.
Дроссельдер деп электрлік тізбектерде индуктивті кедергі ретінде пайдаланылатын электромагниттік құрылғыларды айтады.
Қолданылуына қарай трансформаторлар күштік, келістіруші және импульстік болып бөлінеді. Дроссельдердің келесідей түрлері бар: айнымалы ток дросселі, төменгі жиілікті сүзгілер элементтерінің балластық және токты шектеуші кедергісі ретінде қолданылатын дроссельдер, кернеу лүпілін төмендетуге арналған тегістеуші дроссельдер, кернеу регуляторлары мен стабилизаторларларында реттелетін индуктивті кедергі ретінде қолданылатын қанығу дроссельдер.
Трансформатордың негізгі параметрлері. Оларға мыналар жатады: төменгі жиіліктер облысында тарату коэффициентін анықтайтын біріншілік орамның индуктивтілігі L1; жоғары жиіліктер облысында тарату коэффициентін анықтайтын шашырау индуктивтілігі Ls; жоғары жиіліктер облысындағы жиіліктердің бұрмалануына әсер ететін трансформатор орамдарының өзіндік сыйымдылығы С0; пайдалы әсер коэффициенті; трансформация коэффициенті N=ω1ω2, мұндағы ω1,ω2 - біріншілік және екіншілік орамдардағы орамдар саны.
Күштік трансформаторлар. Күштік трансформаторлар және дроссельдер негізгі екі элементтен тұрады: жіңішке штампталған пластиналардан немесе спираль бойымен оралған болат лентадан құралған магнитөткізгіштен және берілген параметрлерге сәйкестендіріліп, каркас пен орамнан тұратын катушкадан.
Магнитөткізгіштер 1511, 3414 маркалы электротехникалық болаттан және 50НХС пермаллойдан дайындалады. Пішіні бойынша магнитөткізгіштерді серіппелі (1.1,а сурет), броньдық (1.1, б сурет), сақиналық (1.1, в сурет); конструкциясы бойынша: пластиналық (1.1, а-в сурет) және ленталық (1.1, г-е); тұйықталу деңгейіне қарай: трансформаторлар үшін саңылаусыз (1.1,а - в,е сурет), дроссельдер үшін саңылаулары бар (1.1,г,д сурет) болып бөлінеді. Құйынды токтарға кететін шығындарды азайту үшін лентаның қалыңдығы 0,1...0,3 мм, ал штампталған пластиналарда - 0,5 мм болуы керек. Ленталар мен пластиналарды пакетте бір-бірінен оксидті пленкамен, лак жабынмен, жабыстырғыш суспензиямен оқшаулайды.

1.1-сурет
Орам деп белгілі бір ретпен орналасқан және біріктірілген өткізгіштердің жиынтығын айтады, ол магниттік өрісті жүзеге асыруға немесе оны қолдануға арналған. Орамды немесе оның жеке конструктивтік бірлік ретіндегі бөлігін катушка деп атайды.
Қабаттарының санына қарай орамдар бір қабатты (1.2,а сурет) немесе көп қабатты (1.2,а,б сурет); орамдар орналасатын контур пішіні бойынша - тік сызықты (егер түзу сызық бойымен орналасса) немесе сақиналы (егер айналып орналасқан болса, 1.2,в сурет). болып бөлінеді. Каркасты орамда 1 орамдарды көбіне 2 каркас деп аталатын оқшаулағыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық жабдық
Тұрақты ток қоздырғышы бар электр машиналарының қоздыру жүйелері
Сандық интегралдық микросұлбалардың негізгі параметрлері және шартты белгілену жүйесі, классификациясы
Қатты магнитті ферритер
Газразрядты жарық көздері
Тоқ машиналары мен құрылғылары
Принципиалды-электрлік сұлбалар
Дербес ЭЕМ-ді қоректендіру көздері
Эквивалентті генератор әдісі
Трансформаторлар электр энергиясын өндіру
Пәндер