Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес қағидалары . . . 7
2 Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері . . . 8
2. 1 Сот билігі ұғымы және шетелдердегi сот жүйесінің модельдері . . . 18
2. 2 Шет елдердегі сот органдары және сот жүйелерінің түрлері . . . 23
2. 3 Шет елдердегі сот билігін жүзеге асыру ерекшелігі . . . 42
3 Шығыс елдеріндегі мұсылмандық сот жүйелеріне шолу . . . 52
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 65
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда заңның үстемдігі мен меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны - судьяларды іріктеу, оларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі, судьялар корпусының жемқорлыққа баруы.
Бізде заңгерлер, тіпті, сот процестеріне қатысуы тәжірибесінсіз - ақ судья бола алады. Бұл кейде судьялар корпусында біліктілігі төмен мамандардың пайда болуына әкеліп соғады. Судьялар тарс жабық корпарация болмаға, судьялар қатарындағы жемқорлықтың емі болып табылатын қоғамдық сыннан тыс қалмауға тиіс.
Ішкі істер органдарының жұмысы жұртшылық үшін ашық емес, полиция әзірше азаматтардың үлкен сеніміне ие бола алмай келеді.
Қазақстандық сот төрелігі мен құқық қорғау жүйесі жеке меншік мүдделердің, азаматтардың құқықғы мен бостандығы сақталуының сақшысы болуға тиіс.
Сондықтан, полицияның мәртебесін жоғарлатып, оның азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды дамыту, патрульдік қызметті бейнетіркеу құрылғыларымен жабдықтау және басқа да мәселелер бойынша шаралар дестесін дайындау қажет болып табылады.
Полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу, полицейлердің өз біліктілігін тұрақты жоғарылатуы мен оны растап отыруын қамтамасыз ету маңызды.
Судьяларға біліктілік талаптарын қатайту керек. Судьялар корпусындағы орнына үміткер нотариусте, ІІМ - де, полицияда немесе заңгерлер дайындайтын ЖОО-да емес, кемінде 5 жыл сот жүйесінде істеген жұмыс өтіліне ие болуы тиіс. Кандидаттар жұмысынан босатылған негізде және бір жылдан кем емес мерзімде соттардағы сот тағылымдамасы үшін шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден өтуі тиіс. Кез келген жоғары тұрған судья төмен деңгейдегі соттарда жұмыс істеуден өтуге тиіс. Сондай-ақ, жұмысын енді бастаған судьялар үшін кем дегенде бір жыл сынақ мерзімін енгізген маңызды, ол одан табысты өткеннен кейін тұрақты судьялыққа тағайындала алады.
Шетелдік және отандық инвесторлар қазақстандық сот төрелігінің әділдігіне сенімді болулары тиіс. Оған деген сенімді арттыру үшін инвестициялық дауларды қарауға шетелдік судьяларды тарту және ондай дауларды шетелдік және халықаралық соттардың ең озық үлгі-қалыптары бойынша қарастыру керек. [1] деп, биылғы кезектен тыс өткізілген еліміз Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевтың «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалдық реформа» Сайлауалды Бағдарламасында атап өтуі біздің «Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері» атты зерттеу жұмысымыздың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері заң ғылымында, оның ішінде конституциялыққұқық, шет елдердің конституциялық құқық өкілдері тарапынан егемендігімізді паш етіп, тәуелсіздікті алған жылдардан бастап зерттеле бастады.
Осы кезең аралығында Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздерін әр түрлі қырларынан қарастырған белгілі ғалымдар Ө. Қ. Қопабаевтың [31], Ғ. С. Сапарғалиевтің[37], Ф. А. Ержанованың, [9] және тағы басқа авторлардың тарапынан сөз етіліп үлкен талқылауға түскен болатын.
Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері жағдайында жүйелі түрде зерттеген шетелдік еңбектер де баршылық. Олардың қатарына: В. Е. Чиркин, Конституционное право зарубежных стран [14], И. А. Алебастрова Конституционное право зарубежных стран [20], атты ғылымии еңбектерін жатқызамыз. Бұл еңбектерде шет мемлекеттердегі сот билігінің конституциялық құқықтық жағдайы, оның билікті бөлу жүйесіндегі орны, соттың қызметтері мен мәртебесі конституциялық-кұкықтық негізде талданады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - Шет елдердегі соттық биліктің қалыптасуы және дамуының тұтастай болмысын қарастыру және оның сол елдегі заңдық айқындалуын ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес қағидалары ерекшелігін айқындау;
- Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздерін ашып көрсету;
- Сот билігі ұғымы және шетелдердегi сот жүйесінің модельдерінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін айқындау;
- Шет елдердегі сот органдары және сот жүйелерін ашып сипаттау;
- Шет елдердегі сот билігін жүзеге асыру барысына тоқталу;
- Шығыс елдеріндегі мұсылмандық сот жүйелерінің ерекшелігін қарастыру;
- Шет елдерде сот шешімдерін қайта қарау институтының пайда болуы және дамуына тоқталу.
Зерттеу жұмысынын объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі объектісін шет мемлекеттердегі сот билігі қатынастарының қалыптасуы мен дамуы, билік тармақтарының арасында өзара ықпалдаса қызмет жасауы құрайды.
Зерттеу жұмысының пәні. Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері және мемлекеттік биліктің жүйесіндегі алатын орны.
Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Іздену жұмысын әзірлеудің барысында Шет елдердегі сот билігінің жүйесінің қалыптасуының зерделеген барлық ғылыми еңбектерді ойдың сүзгісінен өткізіп, толықтай пайдалануға ұмтылдық.
Зерттеу жұмысын жазуда коғамдық ғылымдарға ортақ жалпы, арнайы танымдық әдістердің жүйесі: салыстырмалы, функционалдық талдау, диалектикалық, жүйелеу әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының нормативтік базасы. Іздену жұмысының нормативтік бастауларын Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы [5], Шет елдердің конституциялары [15], Қазақстан Республикасы Президентінің Сайлауалды Бағдарламасы[1] .
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздерінің ерекшелігі, сот билігінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, билік бөлу жүйесіндегі атқаратын ролі, қазіргі кезенде сот билігінің жүйесін жетілдіру жолдары кешенді тұрғыда қазақ тілінде зерттеліп, қарастырылып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмысты жазу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелерді Қазақстан Республикасында сот билік жүйесін жетілдіру бағытында, оның құқықтық негіздерін айқындауда пайдалануға болады. Сонымен бірге, зерттеу жұмысының нәтижелері елімізде жүргізіліп, жалғасын тауып жатқан да құқықтық реформаларды одан әрі қарай дамытуда пайдалы болып табылады деп санаймыз.
Жұмыстың нәтижелерін, сонымен бірге, жоғарғы заң оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы, салыстырмалы құкықтану, конституциялық құқық және тағы да басқа пәндерден дәрістер жүргізуде, тәжірибелік сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс болса кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады
1 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес қағидалары
Құқықтық мемлекет болса қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау, өз кезегінде сот билігінің мәнін зерттеуді қолға алып, бастауға негіз болды. Осы ретте ғалымдардың арасында бір ортақ пікір болмаған сот билігі түсінігін айқындау жөнінде мәселе маңызды болды. [2, 6б] Мәселен, М. В. Баглай сот органын адамдардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауға, заңдылықты нақты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз бірден бір буыны ретіндегі ролін көрсете отырып, “Тәуелсіз соттың билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халықтың бостандығының ең басты кепілі бола бастады” [3, 612-613б] . Бұл көзқарасты В. П. Кашенов, В. И. Раученко, К. Ф. Гуценко мен В. М. Ковалев бөліседі.
Кей авторлар соттың билігінің түсінігі мен мақсатын тек сот төрелігін іс жүзіне асырумен байланыстырады. Мәселен, У. Жекебаев пен В. К. Бобров, сот билігі соттық төрелікте іс жүзіне асырылады деп пайымдайды.
Кей ғалымдардың ой пікірінше, сот билігі оның құқықтық мемлекет жағдайында соттың қызметін іс жүзіне асырудағы өте аса маңызды белгілері және қызметтерін негіздеуі тұрғысында қаралуға да тиіс. ”. [4, 33б] .
Соттық биліктің мәні соттың сот төрелігін іс жүзіне асыру кезінде көрініс табады. Алайда, сот қызметін бұл биліктің тек бір нысанын, өз кезегінде іске асыру болып табылатын бірғана сот төрелігін іс жүзіне асырумен ғана шектеуге болмайды. Алайда, еліміздің ғалымы Қ. Ә. Мәми әділ түрде ажыратқандай “сот билігі түсінігінің мәнін және мазмұнын неғұрлым толық түрде және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін, яғни мемлекеттің тетігінде оның рөлі мен орнын, биліктің өзге де тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері және қырларын анықтау керек”. [5, 57б] .
“Сот билігін, - дейді В. М. Савицкий, - болса құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдарының бірі ретінде азаматтық не болмаса құқықтық нормаларда көзделген нақты бір істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас болса өзін жояды. … Қазіргі соттық билік бұрын әдетте құқықтың төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа қызметтерге ие болуының нәтижесінде туындауы да мүмкін”. [6, 20б] .
Сот төрелігі саласынан өзге де соттың билігі соттың өзге де қызметтерін іс жүзіне асыруы кезінде нақты іске асырылады, атап айтатын болсақ:
- анықтау, алдын ала тергеу органдарын және прокурордың тарапынан қабылданған шешімдері мен іс әрекеттерінде заңдылықтарды бақылау;
- азаматтардың құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын бұзған іс әрекеттер, шешімдерге шағымдарды қарау;
- соттардың заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қолданудың тәжірибесін зерделеу, жинақтау;
- жеке қаулылылармен мемлекеттік органдар және ұйымдардың қылмыстарды жасауға ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды жоюы жөніндегі шараларды келтіру;
- республиканың Жоғарғы Сотының жалпы отырысында соттың тәжірибесі мәселелері бойынша өз кезегінде нормативтік қаулыларды қабылдау;
- жоғарғы тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу іс әрекеттеріне соттың қадағалауын іс жүзіне асыруы және тағы басқалары.
Соттық билігі істі қарауы кезінде кімге тиесілі - нақты судьяға ма не болмаса соттың мекемесіне ме деген сауал талқыға түсті. Б. А. Страшун пен А. А. Мишин “соттың билігі құқық қоғамдық қарым қатынастарға ықпал жасау құралы ретінде барлық сотық органдарының жиынтығына жүктелген, әр соттық органы болса сот билігін ұстанушылар болып келеді”- деп санайды”. [7, 154б] .
Конституция және соттар жөнінде шет мемлекеттердің конституциясында, заңдарында соттық билігін іс жүзіне асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін іс жүзіне асыру болып келетіндігі айқындалған. Ғылыми әдебиеттерде соттың төрелігі түсінігі оның түрлі жақтарын ашылады. Ғалымдардың көпшілігі соттың төрелігін соттың отырыстарында іс жүргізушілік тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық сипаттағы нормаларын пайдалана отырып, қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қарау мен шешуі жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. Бұл анықтама, сонымен бірге, мысалға еліміздің Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар жөніндегі Конституциялық Заңның нормаларына талдау соттың төрелігінің мәнін, мазмұнын және мағынасын да ашатын негізгі айрықша белгілерін бөлуге зор мүмкіндік береді. Олардың қатарына өз кезегінде мыналарды жатқызуға болады.
- Соттық төрелікті мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган - сот іс жүзіне асырады. Соттардың толық түрдегі тізбесі республиканың Конституциясында және соттық жүйе жөніндегі Конституциялық заңда анықталған. Соттың төрелігі іс жүргізудің заңнамасында (АІЖК, ҚІЖК) анықталған тәртіппен қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қарау (істің нақты мән - жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу (үкімдерді, қаулыларды және өзге де соттдығы актілерін шығару арқылы) арқылы жүзеге асырылады;
- Істер мене қорғаудың тараптарының, сонымен қатар дәлелдемелерді зерттеуге белсенді түрде қатысу құқығы берілген процестің өзге де қатысушыларының міндетті қатысуымен соттың отырыстары нысаныда қарастырылады. Бұл ретте соттың қорғау не болса айыптауы жағына шықпайды. Бұл соттың отырысында қарастырылған дәлелдемелерді зерттеуге, бағалауға әрі заңдардың талаптарына сай болып келетін шешімдер шығыруға тиісті;
- Соттың қаулылары, үкімдері, ұйғарымдары мен шешімдері олар заңдық күшіне енген уақыттан бастап заңдық күшіне ие болады, сондықтан да республиканың барлық аумағындағы барша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымдық адамдардың және азаматтардың орындаулары үшін міндетті болып келеді. Заңдық күшіне енген соттың актісін орындаудан жалтаруы заңнамада көрсетілген жауапкершілікке әкеліп соғады. Соттың актілерін тек жоғарғы тұрған соттар мен тек іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен өзгертуі не болмаса күшін жоюы да мүмкін.
Соттың төрелігі Конституцияда, сот жүйесі жөніндегі Конституциялық заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген негізгі идеяларды басшылыққа алатын, сот төрелігін және басқа да өкілеттіктерді іс жүзіне асыруы кезінде соттың қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін, оның мазмұнын анықтап, көрсететін негізгі ережелерден тұрады. ”. [8, 213б] .
Соттың төрелігіне нақты адамды қылмысты жасауға кінәлі деп тануы және оған жазалау, не болмаса заңда белгіленген әсер етудің шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз, еш негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау барысы кезінде шешуші сөз болса оған тиесілі.
Сот төрелігі - адам және азаматтың, мемлекеттік пен мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымдық адамдардың өте маңызды құқықтары мен заңдарды іс жүзіне асыруға тура қатысы бар құқықты қорғау қызметінің негізгі қызметі.
Оның міндеттеріне өзге де құқықты қорғау қызметтерін де орындау бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс негізнде соттың төрелігі, егер бұл істің алдын ала құзыретті органдар өз кезегінде жан-жақты, толық түрде тергемесе, егер солар барлық керекті дәлелдемелерді анықтамасы және тағы басқа заңды, негізді және әділ іс жүзіне асырылмаған болар еді. Сондықтан да, сот төрелігі - құқықты қорғауы қызметінің тұтастай түрде алғанда жүрегі.
Процесте не болмаса соттың төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша қабылданатын, заңдық әдебиеттерінде соттың төрелігінің актілері деп аталатын соттың шешімдері (қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша шешімдер) заңнамаға сай айрықша сипаттары беріледі. Солардың бірден бірі - жалпыға міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңдық күшіне енген үкім, ұйғарым не болмаса істі қараған уақытта сотпен шығарған қаулының барлық мемлекеттікғ, қоғамдық ұйымдар және мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымдық адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып келеді және сол елдің барлық территориясында орындауға тиісті екендігін білдіреді. Соттың шешімін орындамау не болмаса орындауға кедергі де келтіру бұған кінәсі бар адамдарға қатысты түрлі санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.
Соттың төрелігінің өзге де айырмашылықты белгісі, мемлекеттік қызметтің бұл түрі заңда түгелдер дерлік регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы іс жүзіне асырылады.
Келесі айырмашылық белгінің біріне, соңында, оны тек бір ерекше орган - сот (судья) ғана іс жүзіне асыратыны жатады. “Соттың ерекше болып келетін басқа органдарға беруді көздейтін заңдық актілерді шығаруға тыйымдар салынады. Ешқандай басқа органдар және тұлғалардың судья өкілеттігін не болмаса сот билігінің функцияларын иеленуге құқығы жоқ”, - деп Ресей федерациясының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі жөніндегі заңында белгіленген. ”. [4, 35б] .
Осы аталған айырмашылық белгілер ескеріле отырып, сот төрелігін соттың сот шешімдерінің негізділігін, заңдылығын, әділдігін және те жалпыға міндеттілігін қамтамасыз етеуін заңның талаптары және онымен белгіленген тәртібін бұлжытпай сақтауы кезінде азаматтық, қылмыстық және басқа да заңдармен белгіленген сот ісін жүргізуінің нысандарын қарауы бойынша құқықты қорғау қызметін іс жүзіне асыруы ретінде айқындауға болады.
Конституция қылмыстық іс жүргзу саласында кей айрықша қағидаларды бекітеді (айыпталушының істі өз кезегінде алқабилердің қатысуымен қарау құқығы; ұсталған не болмаса қамауға алынған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалануы құқығы (бірқатар мемлекеттерде - ұсталған сәттен басталады) ; заңдарда белгіленген жағдайларда тегін заңның көмегін алуы құқығы; кінәсіздік презумциясы: яғни әр адам соның қылмысты жасағандығы үшін кінәлілігі заңдарда көзделген тәртіппен дәлелденгенге және те соттың заңдық күшіне енген үкімімен белгіленгенге уақытқа дейін кінәсіз болып есептеледі; қайтадан жазалауға тыйым жасау: ешкімді де бір қылмысы үшін қайталап қылмыстық жауаптылықа тартуға болмайды және тағы басқалары) .
Конституцияларға сай, жаңадан бастап құрылған республикалық басқаруы түрін де, республиканың түрін де көре аламыз. Дегенмен, осы басқарудың реформарының бәрі исламдық қағидалар мен нормаларға негізделген.
Негізгі Конституциялық қағидаларының бірі - ислам дінін мемлекеттік дін негізінде ұстанулары деп те айтуға болады. Мұндай ереже Иордания (2-бап), Пакистан (2-бап), БАЭ (7-бап), Катар (1-бап), Тунис (1-бап), ОАР (2-бап), тағы басқа мемлекеттердің конституциялары негізіне алған болатын. ”[9, 187б] .
Ал, мысалы, Германияда соттық билікті ұйымдастыру көп жүйелік қағидасына негізделген: федерация және жерлерде қандай да бір жоғарғы соттық органы жоқ.
Шетелдiк контитуциялар соттың төрелiгiн іс жүзіне асыруға қатысты бiрқатар негiзгi қағидаларды бекiтедi:
- соттың төрелiгiнiң ашықтығы және жариялылығы;
- соттың төрелiгiнiң азаматтар үшiн қол жетiмдiлiгi;
- соттың процестерiнiң ауызша болу сипаты;
- соттың процестерiнiң жарыспалығы;
- азаматтардың өздерінің құқықтарын соторгандары арқылы қорғауы мүмкiндiгi;
- кiнәсiздiк презумпциясы;
- бiр құқықбұзушылық үшiн тұлғаның қайтадан жауапқа тартылмайтындығы;
- соттың шешiмдерiнiң негiздi, әдiлеттi болуы.
Бұл аталғандардан өзге бiрқатар елдердің конституциялары соттың төрелiгiн іс жүзіне асырумен байланысты өзге де қосымша қағидаларды белгiлейдi.
Бұл жерде атап өтетін болсақ Қазақстан Конституциясының 77 - бабының 3-тармағына сай судья сот төрелігін іс жүзіне асыру кезінде төмендегі негізгі қағидаларды басшылыққа алуы керек:
- кінәсіз деп, жорамалдау;
- бір құқықбұзушылық үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға еш болмайтындығы;
- заңдарда көзделген соттылықты өзгертуге жол бермеу;
- әркімнің өзінің сөзін тыңдатуға құқылығы;
- жауапкершілікті күшейтуге, жауапкершілікті жеңілдетуге еш жол берілмейтіндігі;
- айыпталушының өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне, туыстары және жақын адамдарына қарсы айғақтар беруге міндетті еместігі. Діни қызметшілер болса өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгерлер болуға міндетті емес.
- адамның кінәлі екендігі туралы кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылатындағы;
- заңсыз жолмен, тәсілмен алынған айғақтардың заңдық күшінің болмайтындығы. Ешкім де өзінің жеке мойындауы негізінде сотталуға тиісті емес;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға еш жол берілмейді.
Бұл қағидалар шет елдік сот билігі мен еліміздің сот билігінің бсты ұстанатын қағидаларының ұқсас екендігін көрсетеді.
Сонымен шет елдерде, сот билігін тура жүзеге асыруы төменде қарастырылатын басты қағидаларға негізделеді.
Заңдылықтың сақталуы қағидасы. Заңдылық мемлекет және құқықтың жалпыға бірдей қағидасы болып табылады, сол елдер үшін толық дәрежеде сотты ұйымдастыру, соның қызметіне де пайдаланылады. Заңдылық қағидасы демократияның өте маңызды бір элементі болып келеді. Бұл екі түсінік бір-бірімен мейлінше байланысты, өзара тәуелді болып келеді: мемлекетте демократиясыз заңдылықтың болуы еш мүмкін емес, керісінше, елде заңдылық сақталмай тұрып демократияның болуы да мүмкін емес. Құқықтық мемлекеттің соттың төрелігінде заңдылықтың сақталуы қағидасы заңдылықтың өте маңызды болып келетін талаптарының соттың қызметіне пайдалануын көздейді. Заңдылықтың демократиялық саяси сипаттағы биліктер мен өзге жағдайларда көрінетін негізгі қысқаша түрде нақтыланған түрі В. Н. Кудряцевтің пікірі бойынша төмендегідей:
- құқықтың жалпыға ортақтығы, яғни заңның араласуы қажетін барлық қоғамдық қарым қатынастар билеп-төстеудің жолымен емес, заңдармен реттелетіндей заңдылық керек;
- Конституция және заңдардың басымдығы;
- барлық адамдардың заңның алдындағы теңдігі;
- құқықтарды іс жүзіне асыратын арнаулы, заңдық механизмдердің болуы (міндеттерді қатаң түрде сақтау, орындау; субьективтік құқықтарды қолдану үшін еш кедергісіз мүмкіндіктердің болуы) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz