Компьютерлік желілер жайлы ақпарат



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

1 БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
1.1 Жалпы желі ұғымы.
1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)
1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.
1.2 ХАБАР ҚҰРУ.
1.3. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТАДАН ШЫҒУ
1.4 ИНТЕРНЕТТЕГІ IЗДЕСТIРУ ЖҮЙЕЛЕРI.
1.5.АҚПАРАТТАРМЕН ТАНЫСУ
1.6 ИНТЕРНЕТТІҢ ЖАЛПЫ МАҢЫЗЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

2 БӨЛІМ. МОДЕМДІК БАЙЛАНЫСТАР
2.1 Модемдік байланыстар туралы жалпы түсінік
2.2 Модемдердің атқаратын қызметтері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Еген ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес.
Ең қолайлысы – бірге жұмыс істейтіндей етіп, бірнеше компьютерді кабельжің көмегі арқылы жалғастыру.
Компьютерлік желі деп әр түрлі қорларды, мысалы, программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір – бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Сонымен қатар, орнымыздан тұрмай – ақ, басқа компьютерге кіруге болады және онда қандай қапшықтар мен файлдардың барын көруге және қажеттісін алуыңызға болады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін ғана қамтыса, онда оны жергілікті желі (локальная сеть) деп атайды.
Бір бөлмедегі компьютерлер жергілікті желіге әр түрлі жолмен біріктірілуі мүмкін. Біріктірілудің бір түрі – 1 суретте көрсетілген.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Антонова П. Сеть RELCOM и электpонная почта. - М.: Демос, 1991.
2. Гавpилов А.А. Работаем с модемом. - М.: МП "Малип", 1992.
3. Джоунс Р. Теоpия пеpедачи данных. - М.: Hаука и техника,
1993.
4. Спpавочник "Компьютеpные сети России. Услуги междунаpодной связи". - М.: ТОО "ЭЛИС.ЛТД", 1992.
5. Под.pед. У.Томпкинса и Дж.Уэбстеpа. Сопpяжение датчиков и устpойств ввода данных с компьютеpами IBM PC. - М.: Миp, 1992.
6. С.И.Казаков “Основы сетевых технологий”
7 •Б.Г. Голованов “ Введение в программирование в сетях Nowell NetWare”

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
1.1 Жалпы желі ұғымы.
1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)
1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.
1.2 ХАБАР ҚҰРУ.
1.3. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТАДАН ШЫҒУ
1.4 ИНТЕРНЕТТЕГІ IЗДЕСТIРУ ЖҮЙЕЛЕРI.
1.5.АҚПАРАТТАРМЕН ТАНЫСУ
1.6 ИНТЕРНЕТТІҢ ЖАЛПЫ МАҢЫЗЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

2 БӨЛІМ. МОДЕМДІК БАЙЛАНЫСТАР

2.1 Модемдік байланыстар туралы жалпы түсінік

2.2 Модемдердің атқаратын қызметтері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін
дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Еген ақпараттың көлемі
өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес.
Ең қолайлысы – бірге жұмыс істейтіндей етіп, бірнеше компьютерді кабельжің
көмегі арқылы жалғастыру.
Компьютерлік желі деп әр түрлі қорларды, мысалы, программаларды,
құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір – бірімен
кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Сонымен қатар, орнымыздан тұрмай – ақ, басқа компьютерге кіруге болады
және онда қандай қапшықтар мен файлдардың барын көруге және қажеттісін
алуыңызға болады.
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін ғана
қамтыса, онда оны жергілікті желі (локальная сеть) деп атайды.
Бір бөлмедегі компьютерлер жергілікті желіге әр түрлі жолмен
біріктірілуі мүмкін. Біріктірілудің бір түрі – 1 суретте көрсетілген.

1- сурет

1 БӨЛІМ. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

1.1 Жалпы желі ұғымы.

Егер желі үлкен және қаланың, елдің немесе дүние жүзінің
компьютерлерін қамтитын болса, онда оны жалпы (глобальді) желі дейді.
Жалпы желіге мысал ретінде Интернетті алуға болады.
Алғашқы компьютер желісі Арпанет АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің
тапсырмасы бойынша бұдан 30 жыл бұрын жасалған.
Хаттамалар желiге мәлiметтердi беру мен қателердi өңдеудi
тапсырады. Оларды пайдалану мәлiметтер алмасудың нақытылы өңдеудi
тапсырады. Оларды пайдалану мәлiметтер алмасудың нақытылы ақпараттық
тарату жүйесiне тәуелсiз стандартты жасауға мүмкiндiк бередi.
Интернетте ТСРIP пайдаланады. Бұл әрiптер Transmission Control
ProtocolInternet Protocol (Беру басқармасының хаттамасы желiаралық
хаттама) дегендi бiлдiредi. IP желiдегi адрестеуге жауап бередi, ал
ТСР хабарларды тиiстi адрестер бойынша жеткiзудi қамтамасыз етедi,
олар 1974 жылы жасалған. Егер бiз Интернетке қысқаша анықтама iздесек,
онла оны жай ғана бұл ТСРIP хаттамасын пайдаланатын желiлердiң желiсi
деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктiк
тiзбектерiмен бiрiктiрiлген ең өнiмдi компьютерлердiң бiрнешеуi
Интернеттiң тiрек желiсiн құрайды. Тiрек желiсiнде суперкомпьютерлер
жұмыс iстейдi, олар әдетте аса iрi университтетiк немесе ғылыми
орталықтарда орналасқан, көбiсi АҚШ территориясында. Тiрек желiсi
тiзбектерiнiң өнiмдiлiгi секундына бiрнеше Гбайт-қа жетедi. Тiрек
желiсiне, мысалы, қарамағында ұлттық көлемдегi компьютерлiк
желiлер бар тек iрi ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс
тiзбектерiнiң өткiзу қабiлеттiлiгi ондаған, тiптi жүздеген Мбитс
шегiнде. Ұлттық желiлерге кәсiпорындар мен провойдерлердiң жергiлiктi
желiлерi қосылады. Тiзбектiң типiне байланысты олардың өнiмдiлiгi
ондаған Мбитс-қа дейiн барады. Кейiн бұл жергiлiктi желiлердiң
компьютерлерiне жеке пайдаланушылар қосыла алады.
Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негiзiнде Интернетке
шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп аталады.
Интернетте көптеген қызметтер iстейдi. Ең танымалысы – электронды
пошта (e-mail)WWW мәлiметтер базасы, Usenet телекомнференциялар жүйесi
және FTP файлдық архивтар жүйесi. әр қызметтiң өз хаттамасы болады.
Соңғы үш-төрт жылда болған аса ауқымды ақпараттар тасқыны дәл осы
WWW(World Wide Web ) жүйесiнiң және онымен байланысты хаттамалардың
пайда болуынан туындайды.
WWW(World Wide Web ) қызметтегi құжаттар үшiн арнайы программалар
броузерлер болады, олар жаңағыдай құжаттарды экранда көрсете алады.
Боузердiң көмегi арқылы WWW(World Wide Web ) құжаттарының көпшiлiгiне
шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенiнiң әдетте гиперсiлтемелерi
болады. Гиперсiлтемелер – бұл басқа Web құжаттың адресi байланысқан
мәтiннiң фрагментi немесе құрамдас объектiсi.
Броузерде қарағанда мәтiндiк гиперсiлтемелер түсi мен асты
сызылумен, ал графикалық гиперсiлтемелер жақтауымен ерекшеленедi. Маустың
көрсеткiшiн гиперсiлтеме болып келетiн объектiге бағаттағанда,
көрсеткiш пiшiнiн өзгертiп, алақан бейнесiн қабылдайды. Гиперсiлтеменi
шерткенде броузер автоматты түрде бұл сiлтеме нұсқаған Web құжатты,
тiптi бұл құжат басқа континентте орналасқан компьютерде болса да
жүктейдi. Осылай, гиперсiлтемелер бойынша бiр құжаттан басқасына өтiп,
Web-кеңiстiгi бойынша саяхат жасауға болады.
Ең танымал және кең тараған броузер –Netscape Navigator , одан соң-
Intenet Explorer. Ол Windows –95 операциялық жүйесiне қосы тiркеледi.
Бұл желі соғыс - өнеркәсіп комплексі мен ғылыми зерттеу орталықтарын
және оқу процестерін ұйымдастыру үшін жасалған, бұл желіге сол кездегі өте
күшті бірнеше ЭЕМ-дер біріктірілген. Қазігі уақытта үлкен компьютерлік
желілердің саны жүздеген мыңға дейін есептеліп отыр.
Компьютерлік желі арқылы тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі
деңгейінде де информацияларды алмастыруға болады.

Информациялардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте, тіпті
басқа да түрлері болуы мүмкін.
Желі арқылы хабарлаудың мұндай алмасу жүйесін электрондық почта деп
атайды.
Электрондық почта кәдімгі почта бөлімінің күнделікті жұмысын атқарады,
бірақ ол жүйе сервер арқылы жүзеге асырылады.
Windows 95-тің Internet mail атты программасы Internet желісіне
қосылған барлық қолданушыларға желі арқылы почта хабарларын жіберуді және
алуды ұйымдастыруға арналған.
Желі абоненті почтаның сервер тораьбында тіркеледі, бұл жағдайда
сервер оған арнайы почта жәшігін тағайындайды, яғни почта серверінде оған
арнайы жад бөлінеді. Әрбір почта жәшігіне өз аты меншіктеледі. Бұл жәшікке
жіберушінің абонентінен хат пен почта абоненттің атына келіп түседі.
Почта жәшігіне желінің кез келген абоненті хат жібере алады, бірақ
почта жәшігінің құпия сөзін (паролін) білетін адам ғана хабарды қабылдай
алады.

1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)

Электрондық почтаны іске қосу үшін төмендегі команданы орындау керек:
Пуск (Программы ( Internet mail
Бұдан соң экранда Входящие қапшығын екпінді болып тұрған Internet mail
терезесі ашылады.
Жаңа почта ал үшін маустың батырмасын басып, Доставить почту
командасын орындайды. Егер почта әлі түспеген болса, онда Internet mail
терезесінің статус жолында Жаңа хабар жоқ деген ақпарат шығады.

1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.

Internet mail программасы бірнеше стандарты қапшықтарды пайдалана
алады.
Қажетті қапшықтардың тізімін шығару үшін, оның айналдырмасында маус
батырмасын шерту керек.
Кез келген қапшықты ашу үшін, оның аты бойынша шертеді. Мынадай
қапшықтар болады:
• Входящие қапшығында барлық алынған хабарлар сақталады, оны
әдейлеп өшірмегенше немее ондағы хабарларды басқа қапшыққа
сақтамағанша, ол өшпейді;
• Удаленные қапшығында барлық жойылған (өшірілген) хабарлар
сақталады. Бұл қапшыққа хабарларды орналастырып қана қоймай,
одан алуға да болады;
• Исходящие қапшығында жіберуге даяр хабарлар сақталады;
• Отправленные қапшығында электрондық почта арқылы жіберілген
хабарлардың көшірмесі сақталады.
Бұл қапшықтарда сақталған кез келген хабарларды оқуға, басып алуға,
өшіруге немесе басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.

1.2 ХАБАР ҚҰРУ.

Жаңа хабар құру үшін құралдар тақтасындағы Создать сооьщение
батырмасын шертеді, әйтпесе Сообщение – Создать сообщение командасын
орйндайды.
Терезенің жоғарғы бөлігінде хабарды немесе оныоң көшірмесін қайда
жіберу қажет екендігін көрсететін электрондық мекен – жай (адрес) және
тақырып енгізіледі. Электрондық мекен – жай (адрес) кәдімгі почтаның мекен
– жайына (адрес) ұқсайды, яғни сіз кәдімгі почта арқылы хат жібергенде,
конверте почта бөлімінің нөмірі, қай елге, қай қалаға және кімге
жіберетініңіз көрсетілуі қажет. Мұнда да солай.
Мысалы, почта бөлімінің нөмірі 17, Қазақстан, Ахметовке дейсіз.
Электрондық почта арқылы хат жолдасаңыз, электрондық мекен – жайды
анықтауыңыз тиіссіз:
Мысалы, Ahmetov@soros.krg.kz., мұндағы
Soros – почта сервері (почта бөлімшесі);
Krg – қала аты (Қарағанды);
Kz – ел аты (Қазақстан);
Ahmetov – почта жәшігінің аты (кімге)
Нүкте және @ символы (собачка) – бөлгіш белгілер.
@-дан кейінгі нүкте арқылы ажыратылған электрондық адерстің бөлігі
Домен деп аталады. Домендер саны әр түрлі болуы мүмкін: мысалы:екі, үш және
одан да көп (қала аты кейде болмауы да мүмкін).
Интернет абонентерiнiң бiр –бiрiмен байланысы қарапайым болу үшiн,
адрестердiң бар кеңiстiгi облыстарға домендерге бөлiнедi. Негiзiнен
домендер екi әрiп қосындысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды.
Мысалы: Франция - fr, АҚШ -us, Россия -ru, Қазақстан-kz .
Домендiк адресте алдымен компьютердiң аты, содан соң ол қосылған
желiнiң аты келедi. Тақырыптың белгiлерiне қарай бөлiнетiн домендер де
болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар -com , оқу орындары -edu, халықаралық
–int.
Терезенің жұмыс бөлігіне мәтін енгізіледі. Кому (кімге) және Копия
(көшірме) алаңына кез келген сандағы мекен – жайларды (адрестерді)
көрсетуге болады. Мекен – жайларды (адерстерді) пернетақтадан енгізеді,
егер мекен – жайлар (адрестер) бірнеше болса, онда оларды бір – бірінен
үтір арқылы ажыратады.
Пернетақтадан мекен – жайды енгізіп болғаннан кейін, Файл – Отправить
командасын орындайды немесе Отправить белгісінде маустың көшірмесі
Отправленные қапшығында сақталады.
Жаңа алынған, әлі оқылмаған информациялар Входящие қапшығында қою
түспен бейнеленеді. Хабар оқылып болғаннан кейін, ол кәдімгі қаріп түріне
көшеді.
Алынған хабарды оқу үшін төмендегі амалдарды орындалуы керек:
1. Қабылданған хабарлардың тізімін көру(бейнелеу) үшін, Internet
mail программасынаң терезесінде Входящие қапшығының белгісіне
шерту керек;
2. Белгілі бір хабарды оқу үшін, сол бойынша маус батырмасын екі
рет шерту керек, сонда алынған хабар терезесі шығады.
Осы хабарға жауап беру үшін, Сообщение – Ответить отправителю
командасын орындау керек. Жауапты енгізіп, Файл – Отправить командасын
немесе Отправить батырмасын шерту керек

1.3. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТАДАН ШЫҒУ

Электрондық почтадан шығу үшін , Файл – Закрыть командасын орындау
керек, немесе терезені жабу батырмасында маусты шерту керек.
Дүние жүзінің ең алыс нүкетесінде электрондық почта арқылы жіберілген
хабар бірнеше сағат ішінде жетеді.
Абонентөз қалауы бойынша электрондық почта арқылы өз абоненттерімен
бір күнде бірнеше рет хабарласуына болады, электрондық почта сервері тәулік
бойында жұмысын атқарады.
1.4 ИНТЕРНЕТТЕГІ IЗДЕСТIРУ ЖҮЙЕЛЕРI.

Интернеттен қажеттi ақпаратты табу iздеу жүйесiн пайдалану арқылы
орындалады. Бұл жүйелер мәлiметтер базасынан тұрады, ал онда ақпарат
түйiндi сөздердi жинақтау бойынша индексацияланған. Пайдаланушы осындай
жүйемен байланыс орнатып, негiзгi сөздердi қамтыған сұраныс жасайды
да, деректер базасындағы сiлтемелер туралы ақпарат алады.

Iздестiру жүйелерiнiң екi түрiн атап өтуге болады, олар:
ресурстардың тақырыптық каталогы және машиналары.
Ресурс каталогтары бұрын пайда болды. Бұл каталогтарда ақпарат
бiрқатар катеогрияларға бөлiнген. Iздеу кезiнде пайдаланушы белгiлi
каеогрияны таңдап, соның тарауларын қарайды. Пайдаланушы өзiн
қызықтыратын тарауды, қажет болғанда тараушаны таңдап iздеп отырған
ақпараты бар URL –файл тiзiмiн алады.
Мұндай иерархиялық тақырыптық каталогтардың бiр кемшiлiгi–оның
негiзiнен қолдан толықтырылғандығы (мамандар тобы жаңа сiлтемелердi
қарап, оларды катерегияларға бөлiп, содан соң катлогтың тиiстi тарауларына
енгiзедi.)

Iздеу машиналарында жаңа Web беттердi қарау, iрiктеу және сұрыптау
адамның қатысуынсыз автоматты атап өтуге болатындары:
▪ Yahoo! (httpwww.yahoo.com)-реурстар каталогына қоса электронды
поштаға шығуға, жаңалықтар тақтасын жасауға тегiн жол ашады.
Пайдаланушыға жақын арада ол қатысуға тиiстi iс-шараларды, басқа да
нәрселердi айтып, есiне салып отыратын қызметтерi бар.
▪ Lucos (httpwww.lucos.com)- пайдаланушыға қосымша кең мүмкiндiктер
ұсынады. Олар, айталық, пошта және жаңалықтар (жеке ақпараттық беттi
қоса), хаттар сатып алу және т.б.
▪ InfoSeek (httpwww.infoseek.com) – iздеудiң коммерциялық қызметi, ол
тегiн шығу мүмкiндiктерiн бередi.iздеу тек қана Web беттерден емес,
басқа ресурстар, мысалы, Usenet конференциялары бойынша да
жүргiзiледi. Ең танымал iздеу машиналары мыналар:
▪ Alta Vista (httpaltavista.digital.com) -әр түрлi тiлдерде, соның
iшiнде орысша да сұрату жасайды. Күрделi сұратуларды қалыптастырудың бай
мүмкiндiктерi бар. Категориялар бойынша iздеудi қолдайды.
▪ WebGrawler (httpwww.webgrawler.com) –құжаттар мәтiнi бойынша күрделi
индексi бар және iздеу тапсырмаларының жазбалары кезiнде екi ұшты
сұратулар қалыптасуына жол берiп алады.
▪ Rambler (httpwww. rambler.com)-1966 жылдан жұмыс iстеп келедi, оның
15 мыңнан аса сайттары , миллиондаған сiлтемелерi бар. Жақсы дамыған
сұрату тiлi және нәтижелердi шығарудың ыңғайлы пiшiмi iске қосылған.
Танымал сайттардың рейтингiн өткiзедi. Интернет жүйесiнде ақпарат iздеу
құралдары арасынан мыналарды атап өту керек:

▪ FTP Search (http129.241.190.13ftpsearch)-FT P-архивтер бойынша
ақпаратты iздеу.
▪ Deja News (httpwww.dejanews.com)-USENET жаңалықтар тораптарындағы
iздеу құралы. Iздеу уақытты, авторы, тақырыбы немесе тобы бойынша
орындала алады.
▪ The Electric ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Компьютерлік желілер, Негізгі ұғымдар
Кабельдік жүйенің рөлі
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Желіде файлды басқа компьютерге көшіру
Электрондық құжаттарды жасау
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру
Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік
Компьютерлік желілер түсінігі
Локальды есептеу желілері
Пәндер