Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі : Балықтар (Pisces) класы суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан - өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Балық та - омыртқалы. жануар. Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері
Балық (Pіsces) девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар -2С о -тан (арктикалық суда) 50С о (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1, 5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т. б. болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балықтар (Pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызын зиянын адам денсаулығына пайдасын біліп меңгеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Балықтар (Pisces) класы.
- Сүйекті балықтар(Osteichthyes) класс тармағы
- Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) класс тармағы.
- Балықтар (Pisces) шаруашылығында кәсіптік маңызы және миграциясы
- Балықтар (Pisces) класының адам өміріне пайдасы
- Балықтардың негізгі экологиялық топтары.
I Негізгі бөлім
1. 1 Балықтар (Pisces) класы.
Балықтардың омыртқалы жануарлардан ерекшелігі балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының, эктодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т. б. жатады. Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады.
Девон кезеңін Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметімен атаған. Девон кезеңін - балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті.
Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, тұтас жүзбеқанаттылар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбеқанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбеқанаттары желпеуіштәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбеқанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінді. Саусаққанатты балықтардың жүзбеқанаттары етті әрі қысқа, олар: 2 көкірек, 2 құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суық қорғайбастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүруге де бейімделген. Тым таязданып кеткен суларда олар атмосфералық ауамен тынысалуға бейімделе бастады. Олар қантамырларымен торланған торсылдағы арқылы тыныс алды. Жұп жүзбеқанаттары біртіндеп жүруге көбірек икемделіп 5 саусақтыаяққа, ал торсылдағы өзгеріп өкпеге айналған. Көпке дейін саусаққанатты балықтарды палеозойдың соңғы кезенінде жойылып кеткен деп келгенеді. Бірақ 1938 жылы Оңтүстік Африканың мұражайыа ұзындығы 1, 5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Ғалымдар латимерия бұдан 300 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Латимерияның дене кұрылысында қосмекенділердің, басқа да омыртқалы жануарлардың (5 саусақтыаяқтары) белгілері сақталған.
Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер - стегоцефалдар кұрлық қашыққан. Девон кезеңінде өсімдіктерден-споралы қырықбуындар, плаундар, қырық жапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлықтағы жасыл өсімдіктер ауаны оттекпен байытып әрі жануарларды қорекпен де камтамасыз етті.
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі. Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші шеміршекті балықтар; екінші сүйекті балықтар. Шеміршекті балықтар осы заманда тіршілік ететін балық-тардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Балықтардың денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсақтың шекарасында артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады. Кеуде қанаттары екі бүйірінде желбезек саңылауларының артқы жағына өте жақын жерге орналасады. Құрсақ қанаттары денесінің алдыңғы жағына жақынырақ орналасқан. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады. Балықтардың құйрық қанаттары кең, ашалы келеді. Құрылысы осындай құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды Басының тұмсық жағына сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай болады, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектескөлденең тұрған пердемен екі (алдынғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
Балықтардың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуында құйрық қанаты басты органы болып есептеледі және ол денесін басқару қызметінде атқарады. Қос қанаттарының жәрдемімен балықтар су ішінде денесін бұрып отырады. Сонымен бірге қос канаттары денесін су ішінде табиғи қалыпта ұстауға жәрдемдеседі. Егер де қос қанаттарын денесіне таяп байласақ олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді [1] .
Балықтардың басынан басқа денесің жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады. Сол, сыртқа шығып жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды ктеноидты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде - карп, сазан, тағы басқаларының қабыршақтарының сырты тегіс болады. Мұндай қабыршақтарды циклоидты қабыршақ деп атайды.
Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Өйткені, бүйір сызығы өткен жердің тұсындағы қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері қалады. Осы тесіктер арқылы бүйір сызығы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есіту органдарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органдары жақсы дамымаған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты судың терең немесе тайыз қабаттарында жүргенін осы бүйір сызығы арқылы сезеді. Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан.
Сүйекті балықтар қауырсын қанатты балықтар болып, шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер (еІаsmоЪгапсһіі) және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер (һоіосерһаіі)
1. 2 Сүйекті балықтар (Osteichthyes) класс тармағы.
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы суларда кездеседі. Түрлі тіршілік жағдайлары мен тіршілік ету тәсіліне байланысты, бұл балықтардың. сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді.
Құрылысындағы жалпы ортақ белгілері: қабыршақтары сүйекті циклоидты, немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцеркалды. Қөкірек қанаттарының скелетінде базалиялары болмайды, ол тек қана радиалия мен тері қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері қауырсындарынан құралады.
Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі. Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды [2] .
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезен аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады. Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі(алдыңғы және артқы ) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.
Бұлардың кейбір қарапайым түрлерінің болмаса, көпшілігінің ішектерінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде артерия конусы болмайды, бірақ қолқа түйіні жақсы дамыған. Көпшілігінің ішегінде тұйық, пилорикалық деп аталатын өсінділері болады. Өсінді түрінде дамыған торсылдағы бар. Бұлардың қарапайым құрылысты формаларының торсылдағының өңешпен байланысы бүкіл тіршілігі аяқталғанша сақталады да, ал көпшілігінде торсылдағының өңешпен байланысы балықтардың дамуы барысында жойылып кетеді. Бұл отряд үсті бірнеше отрядқа бөлінеді.
Сүйекті балықтардың сазанның құрылысы және тіршілік әрекеті - басқа балықтар тәрізді сазанның да денесі бөліктерге айқын бөлінбей, тұтасып кетеді. Сүйірленіп біткен бас мойынға жіктелместен тұлғаға, тұлға құйрыққа ұласады. Бұл балықтың суда еркін жүзуіне мүмкіндік жасайды. Тұлға бөлігі желбезек қақпағының соңынан басталып, аналь тесігіне дейін созылады, ал аналь тесігінен кейінгі бөлік құйрық бөлік деп есептеледі. Баста екі көз және ауыз болады, ауыздың үстіңгі жағында екі танау тесігі бар, олар ауызбен жалғаспайды, үстіңгі ерінге екі жұп мұрт өседі. Сазанның денесін тегіс тері қаптап жатады, теріге қошқыл сары түсті сүйектенген қабыршақтар бірін-бірі бастыра орнығады. Балық денесінің екі бүйірінен-желбезек қақпағынан бастап құйрық жүзбеқанатына дейін созылып жатқан бүйір сызық анық байқалады [2] .
Сазан - сүйекті балықтар класының өкілі . Сазанның қаңқасы омыртқа жотасынан, бассүйектен және жүзбеқанат сүйектерінен тұрады. Омыртқа жотасы омыртқалардан құралатындықтан, сазан омыртқалы жануар болып табылады. Омыртқа жотасы омыртқалардың құрылысына байланысты тұлға және құйрық бөліктеріне бөлінеді. Омыртқа жотасына жалғасқан бастың қаңқа сүйектері өте күрделі, онда: ми орналасатын сүйекті қауашақ-бассүйек, үстіңгі және астыңғы жақсүйектер тіласты және желбезектер орнығатын сүйекті доғалар - желбезек қаңқасы болады. Жұп жүзбеқанаттар денеге жүзбеқанаттар белдеуі түрінде таяныш болады.
Сурет 1 . Сазан.
Бұлшықеттері - балық денесінің суда жүзіп, түрлі қимылдар жасауына тері астындағы сүйекке бекінген бұлшықеттер жәрдемдеседі. Олар көбінесе дене көп қимылдайтын тұлға мен құйрық сүйектеріне орнығады. Бұлшықет сондай-ақ балықтың басында, желбезек маңында, жүзбеқанат пен жақсүйектерінің төңірегінде көп болады. Балық бұлшықет арқылы жақсүйектерін, желбезек қақпақатарын, жүзбеқанаттарын еркін қимылдата алады. қоректенуі - сазан су өсімдіктерімен, суға жел ұшырып түсірген құрлық өсімдіктерінің тұқымымен, шаянтәрізділермен, былқылдақденелілермен, әр түрлі ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенетін кәсіптік балық. Ол - Каспий, Арал айдынының ежелге мекендеушісі. қорек ең алдымен балықтың аузына түсіп, соған жалғасып жатқан жұтқыншаққа қарай жылжиды. Жұтқыншақтың қабырғасы желбезек саңылаулары арқылы желбезек қуысымен жалғасады. Одан әрі жұтқыншақтан қарынмен жалғасатын өңеш созылады. қарынның қабырғалары жұтқыншақтан түскен коректі қорытатын сөл бөледі, сөйтіп қорек қарында қорытыла бастайды. қорек қарыннан алдыңғы, ортаңғы және артқы ішекке қарай жылжиды.
Бауыр мен ұйқыбездің. өт және сөл жүретін жолы алдыңғы ішекке ашылып, қорек ішектің алдыңғы бөлігінде толық қорытылады да кенеулі заттар ішектің ортаңғы бөлігінің қабырғалары арқылы қаңға сіңеді. қан кенеулі заттарды сазанның бүкіл денесіне таратады. қоректің қорытылмай қалған қалдығы ішектің соңғы бөлігіне түсіп, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Торсылдақ - балықтың жүзгіштігін реттейтін, кейбір балықтарда дыбыс толқынын күшейткіш резонатор ретінде, ал басқа біреуінде дыбыс шағаратын мүше - торсылдақ. Сазанның торсылдағы іші ауаға толы екі бөлікті балта тәрізді болады және өңешпен жіңішке түтікше арқылы байланысып, өмір бойы солай сақталып қалады, яғни сазан ашық торсылдақты балық болып саналады.
Сурет 2. Сазанның құрылысы
Торсылдақ - асқорыту жүйесінің өскіні. Егер сазан торсылдақтағы ауа көлемін кемітсе, торсылдақтың да көлемі кішірейіп, балықтың меншікті салмағы арта түседі, сөйтіп балық су түбіне қарай батады. Ал торсылдақ ішіндегі ауа мөлшері әсіресе-торсылдақтың көлемі де артып, балық жеңіл тартады да су бетіне көтеріледі. Торсылдақ балықтың суда жүзгіштігін осылай реттейді. Тыныс алуы - желбезек. Желбезек желбезек доғаларынан құралады. әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары, екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады. Сазан суда тіршілік ететіндіктен суда еріген оттегімен тыныс алады, ол суды толассыз жұтумен болады [4] .
Тыныс алу кезінде жұтылған су желбезек саңылауы арқылы желбезек бөліктерімен ұласады да желбезек жапырақшасындағы майда қан тамырларға судағы оттегін сіңіп, ондағы көмірқышқыл газды ығыстырып шығарады. Көмірқышқылына қаныққан ауа желбезек саңылауы арқылы сумен бірге сыртқа бөлінеді: желбезек қақпағы ашылып, су сыртқа төгіледі. қан айналымы - сазанның қанайналым жүйесі екі бөлікті жүректен және қантамырлардан құралады. Жүректің жұқа қабырғалы жүрекшесі және қалың бұлшықетті қарыншасы болады. Жүрекке қан әкелетін тамыр - көктамыр, ал жүректен қан шығаратын тамыр - салатамыр д. а. Сондай-ақ оттегіне қаныққан - салатамыр қаны, ал көмірқышқыл газына қаныққан қан көктамыр болып саналады. Балық жүрегінде үнемі көктамыр қаны болады. Зәр шығаруы - заттар ыдырағанда п. б. сұйық өнімді бөліп шығаратын мүше-бүйрек. Сазанның бүйрегі ірі қантамырлардың астын ала, омыртқа жотасының астын бойлай ұзын екі таспа тәрізді болып созыла жатады. Бүйректегі қылтамырлар арқылы ыдырау өніміне қан қанығады да бүйректен бөлініп шығып, түзілген несеп аналь тесігінің сырт жағындағы тесік арқылы қуықтан сыртқа шығарылады. Көбеюі және дамуы - балықтар дара жынысты жануарлар, олардың көбею мүшесі дене қуысының соңғы бөлігіне орналасады. Алабұғадан басқа балықтардың аналығында уылдырықтар дамитын екі аналықбез болады. Балық уылдырықтайтын кезде аналықбезде уылдырық д. а. өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгі жағында созылып жататын екі қапшық тәрізді аталықбез болып табылады. Аталықбез - сүт тәрізді сұйықтық, ол шоғал д. а. Шоғалдың құрамында миллиондаған сперматозоидтар болады. Көбею кезінде балықтардың мінез-қылығы күрделене түседі [5] .
Аналық балық пісіп жетілген уылдырықтарды шашатын қолайлы жер іздестіреді. Балықтардың бірсыпырасы өзі мекендейтін жерден уылдырық шашатын орын табады, ал кейбір түрлері уылдырық шашу үшін ұзақ сапарға шығады. Уылдырық шашатын орын уылдырықтама д. а. Кейбір балықтар уылдырықтама іздестіріп теңізден өзенгі сапар шегеді. Мұндай балықтар өрістегіш балықтар д. а. Сазан пісіп жетілген уылдырықтарын су түбіндегі өсімдік сабақтарына шашады. Ол бір шашқанда 98 мыңнан 1, 8 миллионға дейін желімтіктеніп жабысатын уылдырық салады. Салынған уылдырыққа аталық балық шоғалын құяды, сөйтіп уылдырық ұрықтанды. Балықтардың осылай жыныс өнімін шашуыуылдырықтау д. а. уылдырықтау кезінде көптеген балықтардың аталықтарында күйт сәні байқалады. Сүйекті балықтар денесінен тысқары ұрықтанады. Сазанның ұрықтанған уылдықтарынан су температурасына байланысты 3-6 тәуіліктен кейін кішкене дернәсілдер жарып шығып, арнайы бездермен өсімдік сабақтарына бекінеді. Бастапқы кезде дернәсілдер бір орында тұрып қорегін аулайды да бірнеше күннен кейін шабаққа айналады. Ол тез өсе бастайды, бір жылдың ішінде шабақтың тұрқы 10 см жетеді. Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады.
Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік таралған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысндағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды.
Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда болады.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық пердесі болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz