5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. 5.6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
2.2. Мектепалды даярлық сауатты ұйымдастырылуы
2.3. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы» мен Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық мәселесі қайта жандандырылуда. Бұл игі шараның үлкен жетістігі баланы заманауи талаптар тұрғысынан дамыту ісінің мақсатты түрде, жоспарлы әрі қарқынды жүргізіле бастауында. Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны, көбінесе, оқу және жазу іскерліктерінің шамасы. Ал, баланың жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты; сынып-сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері; жазба білімдерді қабылдап, игеруге қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан шығар қорытынды - баланың мектептегі оқуға даярлық көлемінің педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығында.
Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. Ол мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік даярлық); мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен (еріктік даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан тұрады. Баланың мектепке даярлығы оқып-үйренуді құрайтын біртұтас сапалар жиынтығынан тұрады деген тұжырымды қуаттайтын психологтар А.В.Запорожец, А.Н.Леоньтев, В.С.Мухина, Л.А.Венгер мектепке даярлық ұғымына баланың оқу тапсырмасын түсінуін; орындау тәсілдерін меңгеруін; өзін-өзі бағалай және бақылай алуын; мұғалімді тыңдап, материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады
Х.Т.Шериазданованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері» зерттеуінде: "Оқытудың теориялық негіздерін жасаған Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Н.Леонтьев, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин зерттеулеріне сүйене отырып, оның, балалардың танымдық әрекетіне, сондай-ақ эмоциялық, еріктік, мотивтік салаларына ықпалын көрсетіп, біз, басты өлшемі «мектептегі оқуға даярлық болып табылатын, өтпелі кезеңге көңіл бөлдік». Баланың мектепке танымдық даярлығын аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі; естің даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі даму деңгейі қарастырылды. Олардың әрқайсысының көріну жолдары қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынды. Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы, алаңдағыштығы, шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік, қозғалыс, логикалық ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде көріну жолдары зерттелді. Х.Шериазданованың мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас рөлі тұжырымдамасы ресейлік ғалымдар Е.О.Смирнова, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцовалар зерттеулерімен үндес.
1.«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010.
2. Выготский Л.С. Исторический смысл психологического кризиса. Т. 6., М., 1982.
3. Леонтьев А.Н. Психическое развитие ребенка в дошкольном возрасте. М-Л., 1948.
4. Подготовка детей к школе в детском саду. // Под ред. Ф.А.Сохина, Т.В.Тарунтаевой. М., 1978.
5. Эльконин Д.Б. Психологические аспекты проблемы готовности к обучению в школе. М., 1971., ч. 1.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
2.2. Мектепалды даярлық сауатты ұйымдастырылуы
2.3. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық мәселесі қайта жандандырылуда. Бұл игі шараның үлкен жетістігі баланы заманауи талаптар тұрғысынан дамыту ісінің мақсатты түрде, жоспарлы әрі қарқынды жүргізіле бастауында. Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны, көбінесе, оқу және жазу іскерліктерінің шамасы. Ал, баланың жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты; сынып-сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері; жазба білімдерді қабылдап, игеруге қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан шығар қорытынды - баланың мектептегі оқуға даярлық көлемінің педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығында.
Психологиялық сөздікте "мектепке психологиялық даярлық" ұғымын былай анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар кешені. Ол мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік даярлық); мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен (еріктік даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры мен таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып ұжымы өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан тұрады. Баланың мектепке даярлығы оқып-үйренуді құрайтын біртұтас сапалар жиынтығынан тұрады деген тұжырымды қуаттайтын психологтар А.В.Запорожец, А.Н.Леоньтев, В.С.Мухина, Л.А.Венгер мектепке даярлық ұғымына баланың оқу тапсырмасын түсінуін; орындау тәсілдерін меңгеруін; өзін-өзі бағалай және бақылай алуын; мұғалімді тыңдап, материалды еске сақтау қабілеттерін жатқызады
Х.Т.Шериазданованың Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері зерттеуінде: "Оқытудың теориялық негіздерін жасаған Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Н.Леонтьев, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин зерттеулеріне сүйене отырып, оның, балалардың танымдық әрекетіне, сондай-ақ эмоциялық, еріктік, мотивтік салаларына ықпалын көрсетіп, біз, басты өлшемі мектептегі оқуға даярлық болып табылатын, өтпелі кезеңге көңіл бөлдік. Баланың мектепке танымдық даярлығын аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі; естің даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі даму деңгейі қарастырылды. Олардың әрқайсысының көріну жолдары қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынды. Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы, алаңдағыштығы, шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік, қозғалыс, логикалық ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде көріну жолдары зерттелді. Х.Шериазданованың мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас рөлі тұжырымдамасы ресейлік ғалымдар Е.О.Смирнова, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцовалар зерттеулерімен үндес.
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
Танымдық іс-әрекет - мектепке бейімделудің басты факторы деп аталатын М.Асылханованың зерттеуі балаларды мектепке даярлаудың психологиялық мәселелеріне бағыты жағынан жақын. Автор мектепке бейімдеудегі психикалық факторларға сипаттама бере отырып, басты фактор ретінде танымдық іс-әрекетке тоқталды. Әйтсе де, мектепке даярлау мен бейімдеу екі бөлек мазмұндағы тақырыптар. Даярлық ісі мектепке дейін жүргізілсе, бейімдеу ісі мектепке келгеннен соң жүзеге асырылатын шара. "Мектепке бейімделу - әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру үрдісінің тарихи белгіленуі; оқушылардың әлеуметтенуінің бір құрылымы ретінде анықталды". Сыналушының бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту барысы емес, жаңа әлеуметтік орта - мектептегі психикалық күйі сипатталды. М.А.Асылханова зерттеуінде мектепке бейімделудің басты факторы ретінде танымдық іс-әрекет қарастырылған, ал мектепке психологиялық даярлық диагностикасы мазмұнында танымдық даярлық негізгі өлшем ретінде сипатталады.
Мектепке психологиялық даярлық мәселесінің кезеңденуі осы мәселенің мазмұнын толығырақ қарастыруға негіз болады. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру - мектепке дейінгі өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің арасындағы дағдарыстың бала психикасына әсері із-түзсіз жойылып кетпейді.
Қазіргі Қазақстанның индустриалды-инновациялық жағдайында үдемелі ақпараттық даму - білім мазмұнының қолданбалылығын барынша арттыруды міндеттейді. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Ерте балалық шақтан бастап адами капиталға қаржы жұмсау қоғам мен экономикаға айтарлықтай табыс әкелетіні бүгінгі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін фактор. Адами капиталды қаржыландырудың өзгермелі әлемге жылдам бейімделе алатын, техника тіліне жетік, өнімді жұмыс күшін жасау үшін аса қажеттігі және бүгінгі таңда білім беруге жұмсалатын қаржыны әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығын ретінде қабылдамай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керектігі ҚР білім берудің 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілді. Онда білім берудің экономикалық тиімділікпен қатар, әлеуметтік табысқа да қол жеткізетіні: азаматтық қатынасы берік, қоғамдық санасы жоғары әлеуметтік капиталдың қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Заманауи өзгерістер ағымы балалар психологиясының да қарқынды дамуына оң ықпал етуде. Жаңа дәуір балалары адамзат тарихындағы бай тәжірибені бойына сіңіре отырып, өзі өмір сүріп отырған заман ерекшеліктерімен бірге даму үстінде. Бұл құбылыс барлық адамтану саласының, әсіресе педагогика, психология ғылымдарының мамандарына жаңа міндеттер жүктейді. Балаларымызды бабалар мұрасынан тыс қалмауға, әлеуметтік ортаның тыныс-тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып, олардың санасын ұлттық құндылықтарды меңгерген жаңа дәуір балалары моделіне бағыттай білу қажет. Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік заңдылықтарымен қоса, бабалар аманатынан хабардар, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген ұлтжанды, ана тілінің нәрімен барынша сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды. Туған халқының ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семинар практикумның ерекшеліктері
Баланың мектепке бейімделу жолдары
Бес-алты жастағы балалардың мекетепке психологиялық дайындық мәселелері
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Пәндер