Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру

және оны өткізу әдістемесі

2. 2. Серуеннің тиімді өтуіне жағдай жасау

2. 3. Балалардың белсенді қозғалысына жағдай жасау

2. 4. Қозғалмалы ойындар

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Айналадағы қоршаған ортаны материалдық қамтамасыз ету көзі деп қана түсінбей, экологиялық мәдениет және рухани байлықтың көзі деп ұғынуға үйрету. Өсімдіктер мен жануарлардың аз кездесетін және жоғалып кеткен түрлері туралы балалардың түсініктерін кеңейту және бекіту, Қазақстанның Қызыл Кітабымен таныстыру, қорықтар жайлы білімдерін нақтылай түсу. Балалардың эстетикалық тұрғыдағы қабылдауын, бейнелеу өнерін байыту және тіл байланысуын дамыту үшін, жыл мезгілдерінің түрлерін, түстерін, барлық байлықты көріп, білуге үйрету. Өсімдіктер әлемінде және жануарлар әлемінде қандай өзгерістер болатындығы туралы білімдерін кеңейту.

Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістердің өзара байланысын түсінуге, табиғат құбылыстарының себептерін белгілеуді балалардың түсінуіне көмектесу. Табиғатқа, құстарға деген мейірімділік, жанашырлақ қасиеттеріне тәрбиелеу.

Балаларды ауырлау еңбекке тарту : егістерді отырғызу және жинау, газондарды, гүлзарларды тазарту, көшеттердің орындарын қазу, ағаштардың топырақтарын қопсыту, құрғап қалған бұталарды кесу, өсімдіктерді қазып, табиғат бұрышына қажетінше отырғызу., тұқымдар жинау, құстарды жемдеу үшін жемістердің қалдықтарын жинастыру, қол еңбегіне табиғат материалдарын іздестіру, құстардың жем салғыштарын ағаштардың басына ілу.

Табиғат туралы жұмбақтардан, мақал мен мәтелдерден альбом дайындау. Гербарийлер дайындауға, қол еңбегіне табиғи материалдар жинау. Видеофильмдер, слайдтар, көріністер, фотосуреттер көрсету. Эксперименттер, тәжірибелер жасау. Табиғатқа тақырыптық, мақсаттық саяхаттарға шығу.

Қазақстандық суретшілердің сонымен бірге әлемдік классиктердің суреттерін қарау.

Мына тақырыптарға суреттер салу : «Аяз атаның терезе шынысына салған ашулы суреттері», «Айлы аспан», «Ғажайып ағашты бояймыз», «Көңіл-күй жәрмеңкесі», «Мәдени өсімдіктер», «Жабайы өсімдіктер».

Мектепалды даярлық тобында серуенді ұйымдастыру

және оны өткізу әдістемесі

Біздің балабақшада серуендерді өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.

Мысалы :

*балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру ;

*өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру :

*еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау ;

*сабақтар, іс-тәжірибелерді өткізу.

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкендегі гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткізу қажет : «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».

Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т. б. туралы әңгімелеу.

Баланы тәрбиелеу үздіксіз жүргізілетін процесс. Балаларды тұлға ретінде жан-жақты гармониялық тәрбиелеу процесі серуен жағдайында да жүзеге асырылылады. Серуен балалардың денелерін шынықтыруын қалыптастыруға әсерін тигізеді, көңіл-күйлерін көтереді. Тәрбиеші киінген жарты топтың балаларымен серуенге шыға береді, өйткені балалар терлеп кетеді. Қалған балаларды тәрбиешінің көмекшісі киіндіріп шығарады. Қысқы уақытта серуен 2 рет өткізіледі, жалпы барлық ұзақтығы 3 сағатқа дейін. 15 градустан төмен және желдің күші 7м/с болса серуен қысқартылады. Егер температура 20 градустан төмен және желдің күші 15 м/с болса серуен жүргізілмейді. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатымен тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі жұмыстың басында топ учаскісін толық тексеріп шығу керек: сынған шыны, сым басқа да, зиянды заттар бомауына. Мектепке дейінгі мекемеде серуенді ұйымдастыру жұмысында тәрбиешінің көмекшісі участокта ойын орталығын дайындауға көмектеседі. Балалардың серуенге қызығушылықпен шығуы үшін, оларға әртүрлі қызмет жағдайын тудыру қажет.

Серуеннің тиімді өтуіне жағдай жасау

Балалардың таза ауада серуенде айналаны қоршаған орта туралы толық жүйелі білімдерін толықтыру мақсатында участокқа орнатылған құрал-жабдықтардан басқа да, керекті көрнекіліктерді алып шығу керек; балалармен серуенде байқағыш, заттарды салыстыру қасиеттерін дамыту және қарапайым қорытынды шығарып үйрету мақсатында жұмыс жасалады. Күні бойы бұнда өзгерістер болып жатады. Балалардың ішінен бұл өзгерісті кім бірінші байқайды екен? Тәрбиешінің ой-қиялына байланысты, қашанда да болсын бақылауға сылтау табады және балалармен жайылма түрінде әңгіме, тосын жағдаятты пайдаланып, желілі ойындар ойнатады, кейіпкерлерді пайдаланып сахналатып үйретеді. Әрбір топтың участогы күтілген, безендірілген тартымды болса, балалардың тұрақты көңіл-күйлері болып, серуенге шыққылары келіп тұрады. Серуенге керекті материалдың көптілігі, қанықтылығы серуенді одан да, қызықтырақ етеді.

Балалардың белсенді қозғалысына жағдай жасау

Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі олардың белсенді және әртүрлі қимыл-қозғалысқа тұтынушылықтары. Әсіресе қысқы уақыттағы серуенге көп көңіл аударылады, өйткені балалардың киімдері қалың, қимыл-қоғалысқа ыңғайсыз. Әрбір топтың ойын алаңын қардан тазартып, балалардың емін - еркін жүруіне, жүгіруіне, ойнауларына жағдай жасалуы керек. Балабақша аумағындағы қардан жасалған әртүрлі құрылыстар, әшекей ғана болмай, балаларды қозғалыс ойындарына ынталандыратын ойын алаңы болып табылады. . Мысалы, қардан жасалған адамның себетіне қар лақтырып ойнау. Балалар қардан жасалған таудан сырғанап ойнағанды өте жақсы көреді. Бұндай ойындарды ойнау үшін дұрыс киіну керек; ыңғайлы, жеңіл киім балалардың қозғалуына ықпал етеді. Тәрбиеші қыс мезгілінде серуенді жоспарлағада балалардың тоңбауларын немесе терлемеулерін ескерулері керек, өйткені бұл денсаулыққа қауіпті. Балалар әртүрлі ойын және дамыту қызметтері кезінде жақсы көңіл-күйде болады да, үлкендердің сөздеріне тез үн қатады, кей кезде керісінше серуеннің тез біткеніне налып сөз қайтарады.

Қозғалмалы ойындар

Серуенде ең кемінде үш ойын ойналу керек. Күндізгі серуенге ойын таңдағанда, серуеннің алдындағы балалардың айналысқан қызметін есепке алу қажет. Тиыш сабақтардан кейін қозғалысы молдау ойын таңдау қажет. Серуеннің басында барлық топпен ойнау керек. Дене тәрбиесі және музыкалық сабақтарынан кейін қозғалысы орталау ойын жоспарлаған жөн. Ондай ойындарды серуеннің ортасында немесе аяғында ойнату қажет. Балалардың қозғалыс дағдыларын пысықтайтындай, дамитындай жаңа ойындарды жоспарлап жазып үйрету керек. Бір жылы бойы шамамен 10- 15 жаңа ойындар өткізу керек. Ойынды таңдау жыл мезгіліне, ауа райына, серуеннің өткізілу уақытына байланысты. Әрбір топта ойындар картотекасы болу керек. Осы компоненттердің бәрі серуенді қызықты және қанықты етеді. Серуенді ауа-райына, бақылайтын обьектіге, өтілген сабақтарға байланысты әртүрлі жүйелілікте жүргізуге болады. Ең бастысы, серуеннің әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді. Қорыта келгенде, серуеннің дұрыс ұйымдастырылып, өтуі балалардың қимыл белсенділіктерін дамытып, салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырады.

Қорытынды

Серуеннің құрылым компоненттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Мектепалды даярлық топта оқиғалы - рөлді ойындарды ұйымдастыру мен өткізу
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz