Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімҚазақстанда тұңғыш мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған көрнекті педагог-ғалым қазақ әйелі Нәзипа ҚұлжановаҚазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында (1920 - 40 ж. ж. ) Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер тұңғыш ашыла бастаған еді. 1930 жылдары бала бақша, балалар яслилерін ашу, сауатсыздар мектебін ашу сияқты күрделі де қиын мәселе болды. Оның себебі: біріншіден - мектепке дейінгі мекемелерді ашу үшін орасан мол қаржы керек болды (арнаулы үй, үй, жиһаз, оқу құрал-жабдығы, ыдыс-аяқ, ойыншықтар т. б. сатып алу қажет еді) .

Екіншіден - балаларға арналған жиһаз, ойыншықтар шығаратын өндіріс орындары жоқ болатын. Сондықтан оларды шет елдерден қымбатқа сатып алуға тура келді.

Үшіншіден - мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін маман кадрлар жоқ еді. Оларды даярлайтын арнаулы оқу орындары болмады.

Төртіншіден - мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдар мүлде жоқ еді.

Міне, осы проблемаларды шешу ісімен кеңес үкіметінің басқару мекеме басшыларымен бірлесе отырып А. Оразбаева, Н. Құлжанова, Ш. Шонанова, С. Есова сияқты көрнекті педагог қайраткерлер айналысты. Олар бұл істегі батыс елдерінің педагог-қайраткерлері К. Цеткина, Н. К. Крупская, Е. Тасова т. б. іс-тәжірибелерінен үйренді. Олардың педагогикалық еңбектерін қазақ тіліне аударды. Сөйтіп, өздері де мектепке дейінгі тәрбиемен байланысты төл оқу-әдістемелік құралдар жазу, кадрлар даярлау істерімен шұғылданды. Мәселен, Ш. Шонанова 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналына екі еңбегін ұсынды. Оның бірі «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының болашақ проблемасы», екіншісі «Балалар алаңын құру мәселесі» деп аталды. Ш. Шонанова (1903-1938) 1922 жылы Қазақстан Республикасы халық ағарту комиссариаты жанындағы мектепке дейінгі тәрбие ісінің методисі, ғылыми хатшысы, инспекторы қызметтерін атқара жүріп, республиканың әр аймақтарында мектепке дейінгі мекемелерді ашу ісімен айналысты. Ол екі рет медицина институтына (Орта Азия университеті, Алматы университетінің биология факультетіне) түсіп, табына байланысты оқудан шығарылды. 1937 жылы жұбайы, тіл маманы Телжан Шонановпен бірге ұсталып, халық жауы деген жаламен 1938 жылы ату жазасына кесілді.

Қазақстанда тұңғыш мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған көрнекті педагог-ғалым қазақ әйелі Нәзипа Құлжанова

Ал екінші көрнекті педагог ғалым Назипа Құлжанова (1887-1934) Жангелді ауданында Ы. Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1914 жылы үздік бағамен бітіреді. Назипа Құлжанова Орынборда мұғалімдер семинариясында (1907-1914) оқып жүрген кезінде өзінің идеялық ұстазы А. Байтұрсынов Назипаға өлеңмен хат жолдап оқу инемен құдық қазғандай-ауыр іс. Оған асқан төзімділік, қажымас қайрат керек. Келешек ел үмітін ақтап шығар алғыр, турашыл, өр мінезді азамат бол дей келіп,

Су да болар ол жолда, тау да болар,

Жаудың оғы-жайған тор, ау да болар.

Мынау пайда, мынау зиян демек

Ол ерліктің ісі емес, сауда болар ? !

Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар,

Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.

Қайраттанып қажымай тырмыссаң да,

Шыққызбайтын жолыңда өрлер де бар

- деп сол кездегі саусақпен санарлық бірді-екілі талапты қазақ қыздарының білім жолындағы қиын кедергілерді жеңіп шығуына ағалық ақыл-кеңесін береді

Н. Құлжанова 1914-1920 ж. ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқытушы, 1920-22 ж. ж. Ақмолада оқытушы, 1923-25 ж. ж. «Қызыл Қазақстан» журналының әдеби қызметкері, 1925-29 ж. ж. «Еңбекші қазақ» газетінде, «Әйел теңдігі» журналында қызметтер атқарады. 1934 жылы Ақмолада қайтыс болады.

Н. Құлжанова 1925-29 ж. ж. М. Горкийдің, В. Г. Короленконың, А. Куприннің, В. В. Лаврененконың, Н. К. Крупскаяның еңбектерін қазақ тіліне аударды. 1919 жылы Семей қаласында Ж. Аймауытов, М. Әуезовтермен бірге Абай мұраларын насихаттаумен айналысып, Семейде Абайдың қайтыс болғанына 15 жыл толуына байланысты әдеби кеш өткізіп, Абайдың ақындық творчествосы жайында екі тілде (орысша, қазақша) баяндама жасайды. Осы кеште М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьессасынан үзінді қойылады. Артынан концерт болады. Оған өнер саңлақтары И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, Абайдың әнші шәкірті Әмбағамбет, Қ. Сәтпаев Ж. Аймауытовтар қатынасып Абай өлеңдерін оқып, Абай әндерін орындады.

Н. Құлжанова А. Байтұрсыновтың ұстаздық үлгісінен нәр алған адам. Ол өзі педагогикалық екі еңбек жазды. Оның бірі «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) деп аталса, екіншісі, «Ана мен бала» деп аталады. Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А. Байтұрсынов кіріспе сөз жазып, бұл еңбектің «Қазақстан топырағындағы жаңа тақырыпқа арналған тың туынды» деп жоғары баға береді.

Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жұмыс мазмұнын, атқаратын қызметін айта келіп, баланы тәрбиелеу, өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталады. Үш пен жеті жас аралығындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін - бала әлемін сөз етеді. Әсіресе, жас баланың айналаны білуге деген құмарлығын, сөйлеуге, сұрақтар беруге бейім болатынын, сол арқылы ойы өсіп жетілетінін айта келіп, баланың ойын дамыту үшін олардың сұрақтарын жауапсыз қалдыруға болмайды. Қазақтар баламен сөйлесуге жете мән бермейді. Сондықтан олардың сөйлеу мәдениеті жетілмейді дейді. Баланы табиғат аясында тәрбиелеудің, табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады. Н. Кұлжанова баланы жас кезінде көбінесе табиғат аясында тәрбиелеудің тиімділігін айта келіп, «Бала даланың кеңдігінде шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандай жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп өркендемек» дейді. Автор осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп; «Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету, көңіл көтеру және денесі еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік сезімді болып келеді» деп мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін сөз етеді. Н. Құлжанова баланы үйде, бала бақшада еңбекке бейімдей тәрбиелеудің маңызына тоқталады. Ол үшін әр бала бақша жанында биологиялық бұрыш, тәжірибе участогі болуы керек. Бала торғайды, қоянды, тоты құсты, кірпік шешенді, балықты өсіруді білсін, аулаға көкөніс, гүл отырғызып, оған су құюды үйренсін, саз балшықтан ойыншықтар жасап үйренсін дейді. Н. Құлжанова баланың санасын оятып, қиялын өсірудегі ойыншықтардың тәрбиелік рөліне ерекше мән береді. «Ойын баланың қиялын өсіреді. Ойнай білу дегеніміз, ойлай білуге үйрету» дейді.

Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі

Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол жеткізуіміз керек.

Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ педагогикасы рухани мәдениет дамуының қалыптасқан белгілі бір бағдары, деңгейі болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын зерттеу барысында мынадай екі талапты басшылыққа алу керек:

- тарихи-педагогикалық танымның әдіснамасы;

- тарихи-педагогикалық ілімнің құрылымы.

Осы уақытқа дейін қазақ педагогикасының әдіснамасының жасалмауы мен оның теориялық деңгейде толық зерделенбеуі қазақ этнопедагогикасы мен қазақ педагогикасын бір мағынада қабылдауға алып келгені ақиқат. Оған қазақ педагогикасы нысанының, мазмұндық құрылымы мен пәндік ерекшелігінің анықталмауы себеп болып отыр. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік ұлттық сипаты бар педагогиканың бір саласы болып табылса, қазақ педагогикасы адам тәрбиелеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қамтитын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ педагогикасын бірден ұлттық тарихтың немесе ұлттық сананың, тәжірибенің үлгісі ретінде қараушылық айқын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Қазақ педагогикасының тарихы
Қазақтың салт – дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz