Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы рөлі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы рөлі
2.2. Ата . ананың жауапкершілігі
2.3. Мектеп пен отбасының қарым.қатынасы
2.4. Қоғам, мектеп және отбасының бірлескен жұмысы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мақсаты: Мектеп, отбасы және қоғам жұмыстары туралы жалпы мағлұмат ала отырып, олардың бірлескен жұмысын және балаға әсерін меңгеру;
Міндеттері: Мектеп, қоғам және отбасының бірлескен жұмысының балаға тигізер пайдасы мен зиян жайттарын меңгеру;
Баланың мектеп пен отбасында дамуы және оған қоғамның маңыздылығын жеткізу;
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әрбір ата-ана баласын ар–намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қазақта ең үлкен тәрбиені беруші әйел- ана болған. Тәрбие әйелден, қыздан басталса керек. Егер ата-бабамыз айтып кеткен «Ыдысын көріп, асын іш, шешесін көріп, қызын ал» деген сөзге терең мән беріп қарасақ, қаншама мағына, қаншама тәрбие жатыр. Бұл жерде дана халқымыз әйелдің өзін тәрбиелеп тұр. «Ыдысын көріп, асын іш» деген не сөз? Бұл жерде әйелдің тазалығына деген талап жатыр. Яғни, ол қандай әйел? Ұстаған ыдысы таза ма?Ендеше оның үйінен ас ішуге бола ма, болмай ма? Біреудің үйінен біреу ас ішпей кетсе, біздің халық оны ар санаған. Ал, «Шешесін көріп, қызын ал» десе, мұнда да мән бар. Егер біреу «шешесі жаман екен, қызын алмаймын» деп жатса, одан артық қорлық, масқаралық жоқ қой. Сондықтан да әйел өзі үшін ғана емес, бала-шағасы, ауыл–аймағы үшін де үлгілі, өнегелі болуы қажет.
Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі салт–дәстүрдің шығу тарихын, қолдану зертттей келе, оның қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жнткіземіз. Оның тәрбие беру мазмұны мынаған саяды:
-Әдеп, отбасы, қоғамдағы қарым- қатынас ұғымдарын қалыптастыру;
-Имандылық салтын қалыптастыру, өмірді бағалау, оның жасампаздық жағдайына бейімделу;
1. Ш. Алтынбай «Отбасыата – анақарым – қатынасының бала тәрбиесінеықпалы» Түркістан 2008, 199 б
2. Қазақтыңтәлімділік ой – пікірантологиясы І том, Алматы «Рауан» 1999, 90 – 91 б
3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақтәлім – тәрбиесі» Алматы «Санат» 1995, 70 б
4. Ә. Табылды «Бала тәрбиесі» журналы № 2, 2006 19 б «Әке мен ананысыйлау»
5. Б. Омарұлы «Бала тәрбиесі» журналы № 5, 2005 29 б «Аруанабауырдүние» кітабынанүзінді
6. Ш. Алтынбай «Ертежастанбастаптәрбиелеутағылымдары» Ақтөбе:Актино 2003 95 б

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
0.1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы рөлі
0.2. Ата - ананың жауапкершілігі
0.3. Мектеп пен отбасының қарым-қатынасы
0.4. Қоғам, мектеп және отбасының бірлескен жұмысы
1. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мақсаты: Мектеп, отбасы және қоғам жұмыстары туралы жалпы мағлұмат ала отырып, олардың бірлескен жұмысын және балаға әсерін меңгеру;
Міндеттері: Мектеп, қоғам және отбасының бірлескен жұмысының балаға тигізер пайдасы мен зиян жайттарын меңгеру;
Баланың мектеп пен отбасында дамуы және оған қоғамның маңыздылығын жеткізу;
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әрбір ата-ана баласын ар - намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қазақта ең үлкен тәрбиені беруші әйел- ана болған. Тәрбие әйелден, қыздан басталса керек. Егер ата-бабамыз айтып кеткен Ыдысын көріп, асын іш, шешесін көріп, қызын ал деген сөзге терең мән беріп қарасақ, қаншама мағына, қаншама тәрбие жатыр. Бұл жерде дана халқымыз әйелдің өзін тәрбиелеп тұр. Ыдысын көріп, асын іш деген не сөз? Бұл жерде әйелдің тазалығына деген талап жатыр. Яғни, ол қандай әйел? Ұстаған ыдысы таза ма?Ендеше оның үйінен ас ішуге бола ма, болмай ма? Біреудің үйінен біреу ас ішпей кетсе, біздің халық оны ар санаған. Ал, Шешесін көріп, қызын ал десе, мұнда да мән бар. Егер біреу шешесі жаман екен, қызын алмаймын деп жатса, одан артық қорлық, масқаралық жоқ қой. Сондықтан да әйел өзі үшін ғана емес, бала-шағасы, ауыл - аймағы үшін де үлгілі, өнегелі болуы қажет.
Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі салт - дәстүрдің шығу тарихын, қолдану зертттей келе, оның қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жнткіземіз. Оның тәрбие беру мазмұны мынаған саяды:
-Әдеп, отбасы, қоғамдағы қарым- қатынас ұғымдарын қалыптастыру;
-Имандылық салтын қалыптастыру, өмірді бағалау, оның жасампаздық жағдайына бейімделу;
-Адамгершілік, еңбекқор, кішіпейілділік сияқты адами қасиеттерге баулу;
-Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсіну;
Ұлттық болмыс- ұғымдарды жете білуге баулу.
Әрбір отбасында баланы бастан... деп басталатын тәрбиенің түрі қандай тағылым десеңізші?! Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адам болу үшін Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, ал қызға қырық үйден тыю болған.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы рөлі
Жақсы ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негезі, тарихтың көзі - жайнаған осы қыздар және олардың қажырлы бағбандары - атадан қалған асыл рухани байлықтар, сондай-ақ қазіргі даму үстіндегі қоғам қажет етіп отырған ғылыми-техникалық өнер бәсекесінің маңызы. Ата-бабаларымыз қыздары есейгенде оларға он түрлі талап қойып, өмірлік тірек, мәңгілік бақыт болатын мынадай үш серік табу шарт деп қараған.
1.Сарқылмас ақыл- білім, мол үлгі тағылым табу.
2.Өшпейтін, өлмейтін өнер табу.
3.Жақсы жар табу.
Әйелді сүйіктіге айналдыратын - ар мен ұят деп білетін қазақ халқы әйелдік қадір - қасиет туралы қыз балаларына жастай тәрбие жүргізеді. Әйелдік қадір-қасиет дегеніміз: әйелдерге тән әдеп - иба, ар - ұят, бауырмалдық, мейір - шапағаттылық, кеңпейіл - кешірімділік, адалдық пен нәзіктік пен биязылық. Қиындық атаулыны алымды ақыл, тәтті тіл, жағымды күлкісімен жеңіп, ұрпақтары мен ер азаматтарына шексіз жылу сыйлау. Туыс - туған, ауыл - аймақ, ел-жұрт ортасында татулық дәнекері, береке-бірліктің ұйытқысы болу - нағыз әйелдік, аналық парыз екндігін, ал ұрпақ тәрбиесіне жаупсыздық, ерлерді қорлап тіл тигізу, арын- тәнін сату түгел әйелдік қадір - қасиетке жат қылықтар.
Ана болу-дүниедегі ең ауыр міндет. Жақсы ана үшін қыздар мектеп қабырғасынан алынатын білім арқылы өзін жастайтын толық кемелдендіруі қажет. Қыздар күнделікті өмірде тәртіпті тұрмыстан татымды нәтиже жаратуға құлшынып, өз сымбатына көңіл бөлуі керек. Жақсы денсаулық үшін - жаныңда күт. Қыздар албатты асқазан мен ішек жолдарына зиян улы дәрілерді көп ішпеуі керек. Ішсе, ана болғанда қатты зиян тартатыны дәлелденген. Арақ пен темекіден аулақ болғаны жөн. Ең бастысы, қыз бала өзінің сезімін қалыпты ұстап, психологиялық жақтан көңіл күйін ұстап үйренуі керек. Қалыпты жаста тұрмысқа шығу керек. Өйткені, өте жас тұрмысқа шығудың зияны бар. Он бес жас-отау иесі емес, қайта он бес жас - оқу иесі деп айтса жөн болар. Қалыпты жас 20 жастан 25 жасқа дейінгі аралық. Сонымен қатар жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеу салты тек қазаққа ғана тән. Яғни қаны жақын адамдар өзара некеленсе қанды, ар- ожданды былғағаны. Міне, біз болашақ қыздарымызды осындай жақсы қасиеттерге тәрбиелейміз.
Өмірде әртүрлі маман даярлайтын оқу орындары болады: біреу дәрігер даярлауда, ал біреу құрылысшы енді бірі техника маманын тәрбиелеп жатыр. Сол сияқты, әйел-ана - ұлы мектеп. Себебі, ол өмірге ең қажетті маман - Адам тәрбиелеп шығарады. Сондықтан бала тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов былай деген екен: Адам баласы бір үлгі біреуден аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне анық орнайды дейді. Бұған қарағанда біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім? Ол - анамыз. Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын қылықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз. Бала үшін туғанынан көз алдында сөзімен де, ісімен де үлгі болатын анасы екен. Анасының аузынан шыққан сөздерді қайталап өскен бала, оның жақсы-жаманын ажыратып жатпайды. Сол себепті, адам тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласының парсатты, мәдениетті, көркем мінезді болып өсуі үшін алдымен өздерін жөндеуі керек.
Шыр етіп дүниеге келген сәби жанарынан жылулық тараған анасының аялы алақанының мейіріміне бөленеді. Оның ер жеткенше жанынан табылатын, оңы мен солын көрсетіп, жол сілтейтін, оған тәрбие деген ұлы білімді сіңіретін де сол - анасы. Ана алдымен, тоғыз ай бойы жүрегінің астында көтеріп жүреді. Іште жатқан сәбидің денсаулығы мықты, ақылды, сабырлы болуы, міне, сол кезден басталады. Сол себепті, құрсағына алғаш сәби біткеннен бастап ана үлкен жауапкершілікті сезінуі керек. Әртүрлі дәруменді тағамдар қабылдап, ас ішуін дұрыс қадағалағаны жөн. Тәбетті ашатын жемістер мен сүт тағамдарын көп қолданған дұрыс болады. Сәби іште жатса да анасының әрбір әрекетін сезеді және айналадағы дыбыстарды естиді. Сондықтан, ана Құранды көп естіп, көп оқығаны абзал. Бұл баланың зейінін жақсартады және көп ашуланбау да баланың тынышты болуына әсер етеді. Туғаннан кейінгі балада болатын көп аурулар екіқабат кезінде анасының көп ауырғандығынан болады. Қан аздық, тұмау және т.б. басқа аурулардың алдын алып, дәремендер қабылдап, ет тағамдарын көп қолданған жөн.
Сәби алғаш өмірге келгенде дүниедегі ең асыл тағам - ананың ақ сүтімен қоректенеді. Қанаты қатпаған сәби жарық дүиеге келгенде оның қасынан анасының табылуы, тек қана ана сүтімен қоректенуі , оны анамен бөліп қоюуы - Аллаһ тағаланың кемшіліксіз жаратушы екенінің тағы бір дәлелі. Себебі бала ананың қамқорлығына, махаббатына мұқтаж. Ана сүтіне, махаббатына қанбаған бала мен осы нығметтерге бөленген баланың арасында айырмашылық болады. Аллаһ тағала Құранда: Адамдарға ата-анаға қарайласуды бұйырдық. Ананың мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. - дейді. Бала үшін екі жыл бойы ана сүтімен қоректенуі денсаулығының мықты, ақылды, есте сақтау қабілеті жақсы болуына әсер етеді. Жаңа босанған әйел сүті көп болуы үшін сорпалы тамақтар және тары қосылған шәй, грек жаңғағын тұтынғаны жөн.
Қыз баланың тәрбиесінде ананың алатын орны зор. Қазақ қыз балаға Қырық үйден тыйымды бекер қоймаған. Еркелеген қыз ертең бойжеткен, ару болады, кейін жар атанып, ана болады. Өмірде оны әртүрлі баспалдақтар, ирелеңдеген жолдар күтіп тұр. Сол жолда қайратты, жігерлі, парасатты болуы үшін ананың ақылының алатын орны ерекше. Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер демекші, ана тәлімі оның алғашқы мектебі болады. Жастайынан қызына дер кезінде қамқор, сырлас бола алмаса, ол сырласты көшеден, өзгеден іздейді. Қызын инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеу ананың маңызды міндеті.
Ана балаларының жағдайына көңіл бөлуі керек. Баланың ұқыпты киінуі, таза жүруі, бөлменің, үйдің тазалығы оның бойына тазалыққа деген құмарлықты тудырады. Оларда ағзаға пайдалы тағамдармен тамақтандырып, тамақты уақытымен ішуге дағдыландыруы қажет. Бұл олардың денсаулығының мықты болуына әсер етеді.
Ата-аналар арасындағы пікірталастар қызықты және танымдық болды, ата-аналар өз балаларының тәрбиесі туралы, өз тәжірибелерінде отбасылық тәрбиенің қандай тәсілдерін қолданатындықтары туралы, үйде балалардың өзара қандай міндеттемелерді бөлісетіндіктері, балаға қандай қосымша сабақты ұсынатындықтары туралы пікір бөлісті.
Тақырыпты талдағаннан кейін, ата-аналар тренингтің тәжірибелік жағына өтті. Ол үшін психолог ата-аналарды екі топқа бөлді және бірінші топқа ертегі терапиясы әдістемесін пайдаланып, Күл қыз ертегісін, керісінше жақсы жағынан, өгей ананы өз қыздары мен Күл қызды жақсы көретін, әсіресе өгей қызына айрықша қамқорлық жасайтын, мейірімді және қамқор ана ретінде сахналауды ұсынды. Қорытынды бір мағыналы болды. Қайырымдылық әрдайым зұлымдықты жеңеді!
Ата-аналардың екінші тобына Мен қандай анамын? тестінде өзін диагностикалу ұсынды. Бұл тестің диагностикасының ата-аналарға ұнағаны соншалықты, әкелер үшін өздерінің әйелдерінің қандай аналар түріне жататындықтарын білу қызықты болды, бұл аналарды да қызықтырды.
Тренинг өте нәтижелі өтті, психологтың ата-аналарды елтіп әкеткені соншалықты, олар тренингке бөлінген уақытта да ұмытып кетті, тіпті үйлеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаты
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата - ананың рөлі
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Жеке тұлғаның өзін өзі танудағы рухани адамгершілік құндылықтарының маңызы
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Ұлттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім мен тәрбие берудің рөлі
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Пәндер