Жергілікті басқару органдарының функционалды құрлымы мен қызметтері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жергілікті басқару органдарының функционалды

құрлымы мен қызметтері

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Мемлекеттік және жергілікті билік . . . 5

1. 1. Жергілікті басқарудың құрылымы . . . 5-13

II. Жергілікті басқару жүйесі . . . 14

2. 1. Жергілікті басқару жүйесінің артықшылықтары мен

кемшіліктері . . . 14-21

2. 2. Жергілікті басқарудың концепциясы және оны жетілдіру

жолдары . . . 22

2. 3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы- экономикалық

моделі . . . 23-27

Қорытынды . . . 28-29

Пайдаланған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Нарықтық экономика құрудың стратегиялық міндеттері мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін демократиялық құрылысын талап етеді, өйткені демократиялық тетіктерсіз және басқару органдарының жұмысын бақылаусыз әділетті нарыктық бәсекелестік жағдай туғызу мүмкін емес.

Екінші жағынан, нарықтық экономика шешім қабылдау жүйесінде шектен тыс орталықтандыруға көнбейді және экономикалық, әлеуметтік өмірдің субъектілерімен тікелей жанасатын жергілікті органдарға белгілі бір билік пен қаржы өкілеттігін бекітіп беруді талап етеді.

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасыңда нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл, биліктің белінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі.

Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дүрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жузеге асыруды талап етеді.

"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы қүжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

Тақырыптың зерттеу дәрежесі. Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.

Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.

Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден қүралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпы мемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.

Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т. б. бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда түлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:

1. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.

2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.

3. Қазметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану,

4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуыы
қамтамасыз ету.

Жұмыстың теориялық - методолологиялық және практикалық ғылыми зерттеулер негізі Белисбаев А., Көшім Д., Медведева H. П., Нүкенов А., Танкиева A., Тоқтыбеков Ә., Умбеталиева Т., Хайдар А., Черникова В. А. сияқты ғалымдардың еңбектерінде өз орнын тапқан.

І. Мемлекеттік және жергілікті билік

1. 1. Жергілікті басқарудың құрылымы

Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) -сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция, департамент, қауым, т. б. )

Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен жоғары тұратын билік деңгейімен және мемлекеттік басқару органымен ара қатынасын заңдастыру қажет.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі. Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жүзеге асырылады.

Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.

Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті әкімшілік-территориялық бөліктерде биліктің екі түрі жүзеге асуы мүмкін. Олар: жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өзін-өзі басқару.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік-территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында) .

Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады.

Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) - сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция, департамент, қауым, т. б. )

Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен жоғары тұратын билік деңгеімен және мемлекеттік басқару органымен ара қатынасын заңдастыру қажет.

Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшелінетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды кешенді пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді (1 кесте) .

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі. Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жүзеге асырылады.

Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.

Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы

1 кесте - Басқару органдарының негiзгi функциялары

Басқару деңгейі:

Басқару деңгейі

Функциялары:

Функциялары

Басқару деңгейі:

Төменгі деңгей (ауыл және шағын қалалар)

Функциялары:

Коммуналдық шаруашылық, мәдениет мекемелерi, жер мен суды пайдалану, жылумен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерi.

Басқару деңгейі:

Орташа деңгей (аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар)

Функциялары:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жалпы бағдардағы емханалар мен ауруханалар, қоғамдық тәртiптi сақтау, жергiлiктi маңызы бар жолдар, құрылысты жоспарлау, жергiлiктi тұрғын үй салу және күтiп ұстау, коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердi реттеу.

Басқару деңгейі:

Жоғарғы деңгей (облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар)

Функциялары:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған тарифтердi реттеу, құрылысты жоспарлау, муниципалдық тұрғын үй (қалалар үшiн) салу, құрылысын жүргiзу және күтiп ұстау, арнаулы орта бiлiм беру, облыстық маңызы бар жалпы бағдардағы ауруханалар, індеттерге қарсы қызметтер, атаулы әлеуметтiк көмек, халықты жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, қоғамдық тәртiптi сақтау, облыстық маңызы бар жолдарды салу, күтiп ұстау және жөндеу, облыс шегiндегi халыққа көлiктiк қызмет көрсету, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, облыстық деңгейдегi төтенше жағдайларды жою, ауыл шаруашылығы мәселелерi, қоршаған ортаны қорғау, қызметтiң белгiлi бiр түрiмен шұғылдануға лицензиялар беру, шағын және орта бизнестi қолдау, шетел инвесторларымен келiсiмшарт әзiрлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау, кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалануды басқару, аудандар мен қалаларға қаржылық көмек көрсету.

тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті әкімшілік-территориялық бөліктерде биліктің екі түрі жүзеге асуы мүмкін. Олар: жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өзін-өзі басқару.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік- территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында) .

Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз сол территорияда тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:

" . . . 1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп түсеніміз.

2. Бұл құқықты жалпыға бірдей, еркін, жасырын және тікелей дауыс беру арқылы сайланған мүшелері бар кеңестер мен жиналыстар жүзеге асырады. Кеңестер мен жиналыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей шығуына, референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда белгіленген басқа да құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.

Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет крйылады.

Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына алуы".

Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды. Қысқасы, сол шешімді жергілікті әкімшілік (губернатор, әкім, бургамистер, т. б. ) қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екі түрлі жолы бар. Біріншісі - әкімшілік орындары өзін-өзі басқару органының шешімін заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп кейін қайтарады. Демек оның "қажетсіз" не "қажетті" екенін халық емес, әкімнің білетін болғаны. Өркениетті елдердің көпшілігінде дәл осыңдай әкім тарапынан жасалатын "қамқорлық" баяғыда-ақ келмеске кеткен.

Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қадағалау.

Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады. Мемлекеттік және жергілікті билік органдарын қосымшадағы схемадан көре аламыз.

Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-өзі басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын жұмыстардың басты бағыттары анықталады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын, мемлекеттік жүйеден ерекшелігін және басқа ғылымдармен байланысын көрсету мақсатында төмендегі схемаларды ұсынамыз. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жергiлiктi атқарушы орган (әкiмият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

Сызба 1.

Жергілікті атқарушы органдардың жүйесі

Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:

- аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы органдардың және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті басшыларын қызметке тағайындау бюджетті әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті қамтамасыз ету.

- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу.

  • коммуналдық меншікті басқару.

- Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай республика заңдарымен жергілікті атқару органдарға жүктелетін өз ге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мемлекеттік биліктің жергілікті өкілдікті органдарының жүйесі - жергілікті өкілдікті орган - мәслихат.

Жергілікті өкілдікті органдар - мәслихаттар - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
«Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының» ақпараттық жүйесі
Халықаралық стратегиялық альянс
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қаланың функционалдық-экономикалық құрлымы туралы ұғым
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz