Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімН К Крупская мен А С Макаренко баланың мінез -құлқындағы еңбекке бағыт алуМектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндетіТабиғаттағы еңбек
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек түрлері, олардың алғашқы білім-түсініктерімен қатар интеллектуалдық деңгейлерінің негізін қалауға көмектеседі.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты
Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі-жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәбиесіне баулуға тікелей байланысты. Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деге ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынты-ықыласын қалыптастырған дұрыс. . Мектепке дейін жас -негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орыны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болды.
Н К Крупская мен А С Макаренко баланың мінез -құлқындағы еңбекке бағыт алу
Н К Крупская мен А С Макаренко баланың мінез -құлқындағы еңбекке бағыт алу мектеп кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлуматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Енбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын(көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дән(дамытуға мәнді ықпал етеді. Қазігі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механимін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл- ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені қалыптастыруға, оның жұмыс мазмұны мен әдістерін талдауға А. П. Усова, Е. А. Аркин, Е. И. Тихеева т. б. үлкен үлес қосты. Осы аталған ғалымдар мектепке дейінгі тәрбие теориясының жан-жақты дамып жетілуіне, балалардың еңбек іс-әрекеттерінің қалыптасуына, еңбек дағдыларының дамуына үлкен мән беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізді [1] .
Бүгінгі таңға дейін қоғамның дамуына байланысты мектепке дейінгі балалардың еңбегінің түрлері терең зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде өзіне-өзі қызмет ету еңбегін В. П. Нечаева, П. О. Абдулвагабаева, Е. Н. Герасимова, Г. Н. Годинаның зерттеулерінде 5-6 жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет етуі өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне деген сенімі қалыптасып, ұқыпты, әдемі, өзі киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне, шашына қарай алуы керек делінген. Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі негізінде заттарына мұнтаздай қарай алуы, киімдерін жыртпай, бүлдірмей сақтап, ұқыпты бүктеп қоя алады. 6 жаска келгенде сурет, еңбек ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыс орнын даярлауы, ыдыс-аяғын жуып, жинап қоюы, төсек жаймасын жая білуі, ойыншықтары мен кітаптарын жинай білуі қажет екендігі анықталған. Балалар еңбегінің бұл түрін де ұжымдыққа тәрбиелеуге байланыстырып ұйымдастыруға болады [2] .
Мектеп жасына дейінгі балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар жасайтындығын Я. И. Базик, Э. К. Гульяц, Ф. Ждан, Е. Я. Беляеваның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы шарықтап, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, ұжымдыққа тәрбиелеп, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Е. Б. Горунович, У. А. Карамзин, А. В. Пантелееваның мектепке дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыру екі бағытта жүргізілетінін: балалар әр түрлі материалдардан сыйлықтар жасауы; екіншіден топты мерекеге карсы әшекейлеу, көрмені безендіру әрекетері екендігі анықталған [3] .
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Балалардың еңбек дағдыларын психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, еркімен ынталанып орындауға үйрету;
Ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруда балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашылады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара көмек және жауапершілік нығаяды.
Мектеп дейін балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жатқан ісінің коллетив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді . Ол кезекшілер өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақылы орыдағаны үшін алғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйретед. і Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойлатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс. Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болды, топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т . Әдетте учакедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде-күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс, емес екенін, оларды қалай бөлісу керек екенін ескертеді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді. Мына топ құрылыс материалына жуады Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатын, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады.
Табиғаттағы еңбек
Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен, жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру. Гүлдерді суару, топырақ қопсыту. Қураған жапырақтарды алып тастау. Тірі табиғат бұрышын мекендеушілері жем дайындау. Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктермен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.
Еңбек тәрбиесінің балаларды еңбекке даярлауда ерекше маңызы бар, өйткені еңбек үстінде алуан түрлі материалдармен жұмыс істеу қол іскерлігі мен дағдысын дамытады, қолдың бұлшық еттері жетіледі, орындаушылық қабілеті қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz