Мектеп алды даярлық тобындағы еңбекке баулуы



Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүру бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене алама деген сұрақ кез-келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның себебі бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа беттерінде өте сирек кездесетіндігінен де болар. Бірақ аталған тенденция тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек түрлері, олардың алғашқы білім-түсініктерімен қатар интеллектуалдық деңгейлерінің негізін қалауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Конституциясы.- Алматы: Қазақстан, 1995,486.
2. «Тіл туралы заңы» // Егемен Қазақстан,11 маусым,1999.
3. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.- Астана,2224 .
4.Қазақстан Республикасы «Білім заңы» // Егемен Қазақстан, 2007.
5.Назарбаев Н.Ә.-2050 //Дала мен Қала,2012.
6.Қазақстан Республикасы әлуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы.- Алматы,1993,32б
7.Қазақ балабақшаларындағы оқыту, тәрбиелеу мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы. // Қазақстан мұғалімі,18 қаңтар, 1991.
8.Әл-Фараби. Әлеуметтік –этикалық трактаттар.-Алматы,Ғылым,1974,343 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мектепалды даярлық тобындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріп, еңбек тәрбиесін ұйымдастыру жолдарын нақтылаңыз
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүру бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене алама деген сұрақ кез-келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның себебі бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа беттерінде өте сирек кездесетіндігінен де болар. Бірақ аталған тенденция тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек түрлері, олардың алғашқы білім-түсініктерімен қатар интеллектуалдық деңгейлерінің негізін қалауға көмектеседі.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені қалыптастыруға, оның жұмыс мазмұны мен әдістерін талдауға А.П.Усова, Е.А.Аркин, Е.И.Тихеева т.б. үлкен үлес қосты. Осы аталған ғалымдар мектепке дейінгі тәрбие теориясының жан-жақты дамып жетілуіне, балалардың еңбек іс-әрекеттерінің қалыптасуына, еңбек дағдыларының дамуына үлкен мән беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізді [1].
Бүгінгі таңға дейін қоғамның дамуына байланысты мектепке дейінгі балалардың еңбегінің түрлері терең зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде өзіне-өзі қызмет ету еңбегін В.П.Нечаева, П.О.Абдулвагабаева, Е.Н.Герасимова, Г.Н.Годинаның зерттеулерінде 5-6 жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет етуі өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне деген сенімі қалыптасып, ұқыпты, әдемі, өзі киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне, шашына қарай алуы керек делінген. Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі негізінде заттарына мұнтаздай қарай алуы, киімдерін жыртпай, бүлдірмей сақтап, ұқыпты бүктеп қоя алады. 6 жаска келгенде сурет, еңбек ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыс орнын даярлауы, ыдыс-аяғын жуып, жинап қоюы, төсек жаймасын жая білуі, ойыншықтары мен кітаптарын жинай білуі қажет екендігі анықталған. Балалар еңбегінің бұл түрін де ұжымдыққа тәрбиелеуге байланыстырып ұйымдастыруға болады [2].
Мектеп жасына дейінгі балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар жасайтындығын Я.И.Базик, Э.К.Гульяц, Ф.Ждан, Е.Я.Беляеваның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы шарықтап, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, ұжымдыққа тәрбиелеп, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Е.Б.Горунович, У.А.Карамзин, А.В.Пантелееваның мектепке дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыру екі бағытта жүргізілетінін: балалар әр түрлі материалдардан сыйлықтар жасауы; екіншіден топты мерекеге карсы әшекейлеу, көрмені безендіру әрекетері екендігі анықталған [3].
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Балалардың еңбек дағдыларын психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, еркімен ынталанып орындауға үйрету;
Ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруда балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашылады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара көмек және жауапершілік нығаяды.
Крупская Н.К.балаларды еңбекте біріктіруге ерекше мән берді, балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек - ұжымдық еңбектің бастамасы. Баланың күші осы ұжымдық еңбек үстінде әсіресе жақсы өрістейді деп атап көрсетті [4].
Макаренко А.С.балалардың ұжымдық еңбегіне айрықша мән берді, мұндай еңбек үстінде оған қатысушылардың өзара жауапкершілігі пайда болады. Бірлескен еңбек, ұжымдағы жұмыс, адамдардың еңбектегі көмегі және олардың еңбектегі ұпайы өзара тәуелділігі ғана адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра алмақ, - деп жазды ол [5].
В.И.Логинованың пікіріне тоқталсақ, ересектердің еңбегімен таныстыру мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің басты құралы болмақ. Балаларды күнделікті еңбектің әр түріне қатыстыру, еңбек туралы білімді жүйелі түрде қалыптастыру, еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері мен құралдарының өзара байланыста болуы нәтижелі еңбек тәрбиесінің бұлжымас шарты болып табылады [6].
Аралбаева Р.К.орыс және қазақ балабақшаларында сәби және естияр топтарындағы балаларды ересектің еңбегімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайтудың әдіс-тәсілдерін зерттесе, Т.А.Макеева ауыл балабақшаларындағы әртүрлі топтағы 5-6 жастағы балалардың ересектің еңбегі туралы түсінігін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтаған [7].
С.Н.Жиенбаеваның Мектепалды балаларын еңбекке баулудың ғылыми-педагогикалық негіздері атты зерттеуінде еңбек арқылы ұжымдыққа тәрбиелеудің теориялық негізін анықтап, моделін ұсынып, жаңа мазмұны мен әдістемесін нақтыланған [8].
Қазіргі кезде балабақшада еңбекке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
біріншіден, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
екіншіден, балаларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау
Еңбек тәрбиесінің балаларды еңбекке даярлауда ерекше маңызы бар, өйткені еңбек үстінде алуан түрлі материалдармен жұмыс істеу қол іскерлігі мен дағдысын дамытады, қолдың бұлшық еттері жетіледі, орындаушылық қабілеті қалыптасады.
Балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыруда іс-әрекетпен, яғни тек қол еңбегінің немесе дене еңбегініңқимыл қозғалысымен шектеу жеткіліксіз. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендердің барлық іс-әрекетіне, сөйлеген сөзіне сеніммен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа саяхат жасаудағы эстетикалық тәрбиенің рөлі
Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Педагогика және оның тарихы
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс – тәсілдері туралы ақпарат
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Пәндер