Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні

Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.

Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр.

Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М. Жұмабааев та педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген «Педагогика» атты еңбегінде.

Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті. Халқымыздың рухани мәдениетіне әр заман қаламгерлері шығармашылықпен өз үлестерін қосты. Халқымыздың салт-дәстүрлеріне қалам тартқан жазуышы-ұстаз - Ы. Алтынсарин, ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, белгілі академик Ә. МАрғұлан және Х. Арғынбаев, Е. Масанов, Х. Досмұамбетов, Б. Уахатовтар өз еңбектерінде ұлттық салт-дәстүрлерді әр қырынан зерттеген. Профессор Н. Сәрсенбаев «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде» деген зерттеу еңбегінде дәстүр деген түсінікті екі мағынада пайдаланатынына тоқталған. Біріншіден, дәстүр деп халыққа кең тарап, терең сіңген әдет-ғұрыптарды және басқа тұрмыстағы тұрақты тәртіп түрлерін айтады; екіншіден дәстүр деп ғылымдағы, саясаттағы, әдебиет пен өнердегі аса көрнекті қайраткерлердің атымен байланысты, халыққа көп тараған бағытты айтады (Мысалы, Абай дәстүрлері т. б. ) .

Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы бойынша мектепке дейінгі мекеме балаларын адамгершілікке тәрбиелеуде зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдарымыз А. Меңжанова, К. Сейсембаевтарды атауға болады. Аталған тақырып бойынша әдістемелік мақала жазғандар Р. Жұмағожина, Г. Наурызбаевалар. Балаларға эстетикалық тәрбие беру ісі, жан-жақты ішкі тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру денесін жетілдіру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Мұның барлығы әрине, бесік тәрбиесіне басталады. Халқымыз бұл жөнінде: «Бесіктегі бала бес түлейді», - деген ғой.

Ғалым Б. Уахатов «Бесік жыры» - ананың «монологы», - деп, өте орынды көрсеткен. Себебі, ананың бесік жырымен, әлдиімен өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Тәрбие бастауы - бесік тәрбиесі. «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген Әуезов даналығы - осының айғағы.

Халқымыздың дарқан көңілін, кіші пейілділігін, тұрмыс-салт тіршілігін көрген саяхатшы-ғалымдардың берген деректерді де мол. Қазақ қыры мен сырын аңғарған Г. Н. Потанин: « . . . қазақтар дүниедегі әншілердің біреуі» - деген. Ата-бабамыз өнерді ерекше бағалаған, сол үшін де өшпес туындыларды мирас еткен.

Орыстың тюрколог-ғалымы Н. В. Радлов, қазақ халқының сөзге шешендігін туыстас түркі елдермен салыстырады да, халқымыздың поэзиясының дамуының аса жоғары сатыда екеніне тоқталады. Сонымен бірге, «қазақта суырып салмақ - мейлінше кең тараған өнер» - дейді.

Д. Айдаров «Дәуір және дәстүр» деген еңбегінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр қоғамдық дамудың барысында пайда болады. Сөйтіп, ол ұрпақтан-ұрпаққа тарап, мәңгі бақи өмір сүреді. әдет-ғұрып тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты қалыптасады. Мысалы: тілек білдіру, жас сәбидің дүниеге келу құрметіне шілдехана өткізу, бесік той, қонақ күту, наурыз тойы т. б. түрлі жоралғылар, салтанаттар өтетініне тоқталғаг. Дәстүрдің аса әсерлі күшін көрсететін белгілердің ішінде ерекше ретінде оның бұқаралығын, көпшілікке ортақтығын айтамыз. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың өзінің қалыптасуына байланысты. Әрине, әр халықтың өзіне тән дәстүрі, әдет-ғұрып болады. Олар сол халықтың басқа халықтан ерекше бір белгісі болып санала береді. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер қазақ ұлтының қалыптасуын IV-V ғасырдан басталады деп көрсетеді. Олай болса, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрі дамыды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге жетті.

Тұрмыс мәдениеті, халқымыздың салттары мен дәстүрлері - адамдардың рухани байлығының маңызды элементтері. Тұрмыс мәдениеті дегеніміз - бұл отбасына көзқарас, адамдардың өзара қарым-қатынас ережелері, үлкенге, аналарға деген шынайы құрмет, бұл сонымен бірге ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

Ата-бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балдырғанға тәрбие беру ісі жан-жақты - тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Бұл жөнінде С. Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі» деген еңбегінде: «Қазақ халқының тұла бойы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, істеген ісі тұнып тұрған тәрбие. Екінші сөзбен айтқанда, қазақ тәлімді, тәрбиелі халық. Ол өмірдің жаңалығынан да сабақ ала білген халық» - дейді. Ғалым Ә. Ашайұлы «Ұлттық педагогика негізінде оқу тәрбие ісін ұйымдастыру» атты зерттеу еңбегінің нәтижесінде халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа үйрететін жаңа пән бағдарламасына сай «Әдеп әліппесі» атты тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін айқындайтын ғылыми-әдістемелік оқу құралын дайындап, бүгінде Монғолияның қазақ орта мектептерінің, Ресейдің Қосағаш ауданындағы қазақ орта мектептерінің оқу-тәрбие ісіне кіргізген. Бұл игілікті істің біздің республикамыздың мектептерінен де қолдау табатын сөзсіз. Сондықтан біздің алға қойған міндетіміз - мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақтағы адамгершілік қасиеттерге баулу.

Барлық дәстүр, әдет-ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Ізгі дәстүрлер негізінде бүлдіршіндерді тәрбиелеу кешенді тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі болуға тиіс. Осыған орай баланы мектепке дейінгі мекемелерде, отбасында тәрбие беруде қазақтың ұлттық-тұрмыстық салт-дәстүрлерінің үлкен рухани күш екендігі жайлы ойымызды ортаға салмақпыз.

Соңғы жылдары мектептердің тәрбие үрдісінде халықтық педагогика идеяларын қолдануға көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де, осы салада ғылыми әдебиеттер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде тәрбие жұмыстарына талдау жасай келіп, ұлттықсалт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің теориялық та, тәжірибелік тұрғыда да өз дәрежесінде жүргізілме йотырғанын бағамдадық.

Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің жүйесін, тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, жаңа жасалған «Балбөбек» бағдарламасына «Имандылық тәрбиесі» бөлімін еңгіздік. Аталған бағдарламада мектепте тәрбиелеу мен білім беруде бай ауыз әдебиеті үлгілерін, халыөтық музыка, ұлттық ойындар, өнер, салт-дәстүрлерін тұтас қамтып, бірлікте жүргізу көзделеді. Олар тәрбиленушілердің жас ерекшеліктеріне сай мазмүндық деңгейі әркелкі болып жүзеге асырылуы тиіс. Балалардың әрбір іс-әрекетінде ұлттық ерекшелік қанық бояумен, әрленіп, дараланып тұруы көзделеді.

Сонда ғана баланы халықтық дәстүрлерде тәрбиелеу мен дамыту мүмкіндігінің жұтандығынан құтыламыз. Ол үшін алдымен тәрбиешінің теориялық білімі қажет. Балабақшалардағы тәрбиелеу - білім беру үрдісінде ұлттық салт-дәстүрлердің озық идеяларын қолданудың тәжірибелік іскерлік-дағдыларын меңгеруі тиіс.

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т. б.

Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Республикасының Заңы тілі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Модулдік тәрбиелік технологиялар
Халық педагогикасы - бала тәрбиелеу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz