Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ұлттық тәрбие
2.2. Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі
2.3. Салт дәстүр арқылы тәрбиелеудің жайы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
1. Халық педагогикасындағы мектепке дейінгі еңбек
2. Мектепке дейінгі жастағы еңбек
3. Еңбек тәрбиесінің маңызы /Применение новых
4. Баланы еңбекке тәрбиелеуде ауыз әдебиеттің алатын
5. Тұрмыс-салт дәстүрлері негізінде баланы еңбекке
6. Салт -дәстүрі басқа, максаты бір //Қайнар вестник. //Бастауыш мектеп. 2005. № 11. - Б. 17-20.
7. Ыбырай, Абай шығармаларындағы енбек тақырыбы //Қазақстан халкының
8. Тұрмыс-салт дестүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балалар

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Ұлттық тәрбие
2.2. Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі
2.3. Салт дәстүр арқылы тәрбиелеудің жайы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан деген екен.

Ұлттық тәрбие

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.
Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М.Жұмабааев та педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген Педагогика атты еңбегінде.
Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті. Халқымыздың рухани мәдениетіне әр заман қаламгерлері шығармашылықпен өз үлестерін қосты. Халқымыздың салт-дәстүрлеріне қалам тартқан жазуышы-ұстаз - Ы.Алтынсарин, ғалымдарымыз Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, белгілі академик Ә.МАрғұлан және Х.Арғынбаев, Е.Масанов, Х.Досмұамбетов, Б.Уахатовтар өз еңбектерінде ұлттық салт-дәстүрлерді әр қырынан зерттеген. Профессор Н.Сәрсенбаев Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде деген зерттеу еңбегінде дәстүр деген түсінікті екі мағынада пайдаланатынына тоқталған. Біріншіден, дәстүр деп халыққа кең тарап, терең сіңген әдет-ғұрыптарды және басқа тұрмыстағы тұрақты тәртіп түрлерін айтады; екіншіден дәстүр деп ғылымдағы, саясаттағы, әдебиет пен өнердегі аса көрнекті қайраткерлердің атымен байланысты, халыққа көп тараған бағытты айтады (Мысалы, Абай дәстүрлері т.б.).

Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі

Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасы бойынша мектепке дейінгі мекеме балаларын адамгершілікке тәрбиелеуде зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдарымыз А.Меңжанова, К.Сейсембаевтарды атауға болады. Аталған тақырып бойынша әдістемелік мақала жазғандар Р.Жұмағожина, Г.Наурызбаевалар. Балаларға эстетикалық тәрбие беру ісі, жан-жақты ішкі тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру денесін жетілдіру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Мұның барлығы әрине, бесік тәрбиесіне басталады. Халқымыз бұл жөнінде: Бесіктегі бала бес түлейді, - деген ғой.
Ғалым Б.Уахатов Бесік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Пәндер