Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері


Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Мектепке дейінгі педагогика пәні зерттеу міндеттері
2. 2. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Сондықтан да баланы мектепке дейінгі мекемелерде даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас жасауды көздейді. Мақсаты - баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Ол үшін мынандай жұмыс формаларын пайдалануға болады:
- сабақтарды шағын топтармен өткізу;
- әр баламен жеке жұмыс жүргізуге басым көңіл бөлу;
- ерекше қабілетті және бұрын балабақшаға қамтылған балалармен арнайы жұмыс жүргізу;
- тәрбиешінің балалармен пікір алмасуы (баланың өз көзқарасын, пікірін батыл айта білуіне, өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеуіне мүмкіндік туғызу мақсатында) ;
- балалардың іс-әрекетін қатаң шектеуден бас тарту;
- педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынастың құқылы серіктестікке құрылуы және т. б.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.
Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол - баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Мектепке дейінгі педагогика пәні зерттеу міндеттері
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармалармен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолыменжасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелену, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қатынас. Атақты педагог Сухомлинский: « Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский « Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауакершілік сезімді, жаңа технологияны толық меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек:
Бала қабілеті ашылуы үшін:
1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.
2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.
3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.
4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.
5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек [3] .
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелері
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту;
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту;
5. Танымдық үрдісін дамыту;
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту;
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Тәрбиеші жоғары арнаулы білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, қоғамдық-саяси қызметтерге белсене арласа алатын, педагогикалық ұжымда беделді, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасай алатын тұлға болуы тиіс. Оның ұйымда еңбек ұжымының береке-бірлігін сақтай алуы, бойында іскерлік және дара қасиеттері болуы, шығармашылық ізденісте болуы, тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектесуі және әріптестерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал жасай алуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz