Мектепке дейінгі педагогика ғылымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімМектепке дейінгі педагогика ғылымыМектепке дейінгі педагогиканың негізгі категорияларыМектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 - 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 - 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.

  1. Мектепке дейінгі педагогика ғылымы

Мектепке дейінгі педагогика - қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым окыту түрлерін зерттейтін саласы.

Жалпы педагогиканың методологиясы мен категориялық аппаратына негізделеді. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы, балалар педагогикасы және жас психологиясы салаларының шегінде болады: бұл ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен тәсілдерінің теориялық негізі болады.

Балабақша - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұндай мекеменің ең алғашқы үлгісін неміс педагогы Фребель (1702-1852) ұйымдастырған (1837) . Еліміздегі тұңғыш Балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді. 1919 - 1920 жылдары Қызылорда, Торғай, Орынбор, Орда, Қостанай қалаларында 115 Балабақша жұмыс істеді. 1997 жылы ҚР бойынша барлығы 1419 Балабақша жұмыс істеп, 162. 2 мың бала тәрбиеленді. Олардың 425-і (18, 2 мың бала) қазақ, 994-і (114, 0 мың бала) орыс тілдерінде тәрбие жұмысын жүргізді. Балабақшада тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады (қазіргі Мектеп жасына дейінгі тәрбие) . Тәрбие жұмыстарын арнайы мамандықтары бар тәрбиешілер жүргізеді. Балабақшадағы балалар 2-ден 3 жасқа дейін - бөбектер тобына, 3-тен 4 жасқа дейін -cәбилердің 1-тобына, 4-тен 5 жасқа дейін - сәбилердің 2-тобына, 5-тен 6 жасқа дейін - естиярлар, 6-дан 7 жасқа дейін - мектепке даярлық топтарына бөлінеді. Балабақшалар бюджеттік, гимназиялық, жекеменшіктік, коммерциялық, т. б. негізде жұмыс істейді.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі категориялары

Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбиелеу, оқыту, білім беру.

Тәрбиелеу дегеніміз - алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбие - балаға екі жақта әсер ететін процесс: 1) адамгершілік нормаларды меңгерту; 2) тәртіп пен мінез - құлықтың тәжірибесін жинақтау.

Оқыту дегеніміз - белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде баларарға қарапайым білім беру икемділігі мен жағымды әдет - дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру, ұнамды әдет - дағдылардың алғашқы нышандарына баулу, ақыл - ой қабілетін, білуге деген құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, қиялдау, ойлау, сөйлеу сияқты дүние - танымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді.

Білім беру дегеніміз - жас ұрпаққа жүйелі білім негіздерін, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет - дағдыларын қалыптастыру. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды (үйрету ұғымы пайдаланылады), өйткені балабақшада балалар толық білім алмайды.

3. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Мектепке дейінгі педагогика тәрбие туралы ғылым болғандықтан, қоғамдық өмірдің тәрбиеге байланысты сан түрлі жақтарын, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін әлеуметтік ғылымдар тобымен де, философиямен де, оның саласы этика, эстетикамен, этнопедагогикамен, этнопсихологиямен де байланысты.

Мектепке дейінгі педагогика психология ғылымының мәліметтерін кеңімен пайдаланады, өйткені оқыту, тәрбиелеу, жүйелі түрде баланың санасына, сезіміне, еркіне әсер етеді.

Математика ғылымымен байланысы: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.

2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.

Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі.

Қорытынды

Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.

Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т. б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Мектепке дейінгі педагогика жайлы
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогикалық әрекет нәтижесі
Педагогика ғылымының салалары
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz